Еңбек ұжымының /кәсіподақ ұйымның/ еңбегін қорғау бойынша уәкіл жөніндегі Үлгі ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі 1995 жылғы 3 сәуірдегі N 4-3 Коллегия қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 19 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 61. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының "Еңбекті қорғау туралы" Z933000_ заңының 24 бабына сәйкес Еңбек министрлігінің ұжымы Қаулы Етеді:
     1. Еңбек ұжымының /кәсіподақ ұйымның/ еңбегін қорғау бойынша уәкіл жөніндегі Үлгі ереже бекітілсін.
     2. Еңбекті қорғау департаменті басшылық үшін Үлгі ережені аймақтық еңбекті қорғау басқармаларына, министрліктер мен ведомстволарға, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарына жеткізсін.

     Министр

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Еңбек министрлігінің
                                       ұжым қаулысымен бекітілген
                                          N 4-3 3 көкек 1995 ж.

Еңбек ұжымының /кәсіподақ ұйымының/ еңбегін
қорғау бойынша уәкіл жөніндегі
Үлгі ереже 1. Жалпы ережелер

     1.1. Еңбекті қорғау бойынша заңдар мен басқа да нормативті актілер сақтауға еңбекті қорғау бойынша уәкілдер кейіптегі еңбек ұжымдары мен кәсіподақ ұйымдары қоғамдық бақылау жасайды.
     1.2. Еңбекті қорғау бойынша уәкілдер еңбек ұжымының жиналысы /уәкілді органмен/ 3 жыл мерзімге немесе уәкілдік мерзімге дейін кәсіподақ органы сайлайды және бекітеді.
     1.3. Осы Үлгі ереже мен қолданылып жүрген заңдар негізінде еңбек ұжымы мен кәсіподақ ұйымдарының уәкілетті органдары еңбекті қорғау бойынша уәкілеттік туралы өз Ережелерін жасай алады.
     1.4. Еңбекті қорғау бойынша, әдеттегідей, егер ол адамның жоғары немесе орта техникалық білімі, сол өндірісте кемінде 3 жыл еңбек стажы бар, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен маман жұмысшылар мен басқа да қызметкерлер және еңбекті қорғау бойынша жұмыс тәртібі мен ережелерін сақтауды қадағалау бойынша жұмыстарын орындай алатын талапты адамдар өкіл етіледі.
     1.5. Еңбек жағдайына және еңбекті қорғауға жауап беретін қызметкер еңбекті қорғау бойынша өкілдікке сайланбайды.
     1.6. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілген адамдардың саны жұмыс көлемі мен басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, бірлестіктерде, мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда /бұдан әрі - кәсіпорын/ жұмыс істейтіндердің санына байланысты /өкілетті органның/ еңбек ұжымының /кәсіподақтың/ жиналысында анықталады.
     1.7. Еңбекті қорғау бойынша уәкілдік алғандар сайланғаннан кейін бір ай ішінде еңбекті қорғау мәселесі бойынша кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясында білімдерін тексертіп және оқулары қажет.
     1.8. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендердің құқығын қорғау Қазақстан Республикасының тиісті заңымен реттеліп, сондай-ақ заңды түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
     1.9. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендерге белгіленген үлгіде /N 1 қосымша/ куәлік беріледі.

2. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендердің
жұмыс мазмұны, олардың құқықтары мен міндеттері

     Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендер:
     2.1. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Еңбекті қорғау туралы" заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау жөніндегі заңдарымен және нормативті актілерімен әрі осы Ережемен басшылық етеді.
     2.2. Жұмыс орындарында еңбек жағдайын және еңбекті қорғаудың жай-күйін қарастыру үшін бөгетсіз тексеріс жүргізуге және байқалған тәртіпсіздікті жою туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
     2.3. Еңбекшілердің өндірісте бақытсыз жағдайға ұшырап және басқа да денсаулығына келтірілген зақымдарын тексеру бойынша жүріп жатқан комиссия жұмыстарына қатысады. Зиянның орнын толтырудың мөлшерін анықтау үшін аралас жауапкершілік кезінде зақымданған адамның айыптылық дәрежесін анықтау жөнінде ұсыныс айтады.
     2.4. Жұмыс істейтіндерді еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін нұсқау және үйрету жұмыстарының сапасы мен оның ұйымдасуына бақылау жасайды.
     2.5. Техникалық жүккөтергіш, энергетикалық және басқа да жабдықтардың, көлік құралдарының және өндіріс процестерінің еңбекті қорғау бойынша ережелер мен нормаларының талабына сәйкес болуын бақылайды.
     2.6. Белгіленген заңға сәйкес залалды және қауіпті еңбек жағдайындағы, сондай-ақ қолмен істелетін ауыр жұмыстарда еңбек ететін әйелдердің және он сегіз жастан кіші адамдардың еңбегін қолдануға бақылау жасайды.
     2.7. Жұмыс істейтіндерді сапалы арнаулы жұмыс киімі, арнаулы жұмыс аяқ-киім және өзін қорғау үшін басқа да құралдармен өз уақытында қамтамасыз етуге бақылау жасайды.
     2.8. Қолданылып жүрген нормативті актілерге сәйкес сүт, сабын, емдеу-сауықтыру тағамын беруге, сондай-ақ өндірісте тамақ ішу тәртібін ұйымдастыруға бақылау жасайды.
     2.9. Санитарлық-тұрмыстық үйлермен құрылыстардың жай-күйі мен пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
     2.10. Тексерудің нәтижелері актімен толтырылады /N 2 қосымша/. Бірінші дана еңбекті қорғау тәртібін бұзған айыпты адамға немесе кәсіпорынның басшысына /жұмыс берушіге/, актінің екінші данасы орын орындалуына бақылау жасау үшін еңбек ұжымының өкілетті органына беріледі /кәсіподақком/.
     2.11. Қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне тікелей қауіп төнгені байқалған жағдайда еңбекті қорғау жөніндегі өкілет жұмыс басшысына, жұмыс берушіге қауіптің жойылғанына дейін жұмысты тоқтату туралы ұсыныс енгізеді.
     2.12. Басшыларға /жұмыс беруші/, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарына еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен тәртіпті бұзған айыпты адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізу мүмкін.
     2.13. Еңбек жағдайын сараптау және жұмыс орындарын аттестациялау жұмыстарына қатысады.
     2.14. Еңбекті қорғау жөнінде келісім және ұжымдық шарттың тиісті бөлімін жасауға қатысады, олардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша номенклатуралық шараларды жүргізуге бөлінген қаржыны дұрыс пайдаланылуын тексереді.
     2.15. Еңбекті қорғау жөнінде көпшілік шаралар дайындау және оларды жүргізу жұмыстарына қатысады /қоғамдық байқау, жарыстарда, еңбекті қорғау күндерінде, рейдтерде және т.б./, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша озат тәжірибені үйренуге, талдап қорытуға және өз жұмыстарына енгізуге ат салысады.

3. Еңбекті қорғау бойынша уәкілеттіліктің
жұмыс тәртібі

     3.1. Еңбекті қорғау бойынша уәкілеттік өз жұмысында жұмыс берушіге тәуелсіз болып, еңбек ұжымы /кәсіпком/ бекіткен жоспар бойынша жұмыс істеп, жасаған жұмыстары туралы олардың алдында есеп береді.
     3.2. Еңбекті қорғау бойынша уәкілеттік оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін арнайы жұмыс орны мен уақыт беріледі және шарттарды /келісім/ реттейтін қажетті еңбек жағдайы жасалады.
     3.3. Еңбекті қорғау бойынша уәкілеттік кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметімен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциямен және қадағалау мен бақылаудың басқа да органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
     3.4. Еңбекті қорғау бойынша уәкілеттік Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес өздерінің уәкілеттілігінің құқын асыра сілтегені үшін жауап береді.

     "Сол жағы"                                        N 1 қосымша

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                  /кәсіпорынның, кәсіподақтың атауы/     

                      N _____________куәлік
____________________________________________________________________
                   /фамилиясы, аты, әкесінің аты/
еңбек ұжымының /кәсіпкомитеті/ еңбегін қорғау жөніндегі өкілеттік
болып табылады
Куәлік кәсіпорындарда _____________________________________ жарамды
____________________________________________________________________
  199 ____ ж. ____________ жарамды     

   Еңбек ұжымы /кәсіподақ/ уәкілдік
   органының басшысы               ______________  _______________
                                      қолы             Ф.А.Ә ____________________________________________________________________
    "Оң жағы"
____________________________________________________________________                                        "___"________199__________жіберілді
                                        МО
    Сурет                          куәліктің жарамды мерзімі
    орны                    "____"_______199___ж. дейін ұзартылған

                                      Еңбек ұжымы /кәсіподақ/
                              органының басшысы   ______ _________
                              МО                   қолы   Ф.А.Ә.
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің 3 көкек 1995 ж. алқа
қаулысына сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі уәкілеттік жұмыс
орындарында еңбекті қорғау жағдайын кедергісіз тексеруге, байқалған
тәртіпсіздікті жоюға ұсыныс жасауға және тәртіп бұзған адамдарды
жауапқа тартуға құқылы.     

                                                      N 2 қосымша
                                                        N-I УТК
                                                         Үлгі

                          Тексеріс актісі     

    ____________________________________________________тексеріп
           өндірістік учаскенің, цехтың және т.б.
   ____________________________________________________ қатысуымен
     Ф.А.Ә. және әкімшілік уәкілінің лауазымы     

    Қазақстан Республикасының "Еңбекті қорғау туралы" заңының
24 бабы негізінде еңбек жағдайы және еңбекті қорғау мәселелері
бойынша ұсынамыз:
__________________________________________________________________
     N   | Ұсыныс        | Орындалу      | Ескерту
    п/п  |               | мерзімі       |
    _____|_______________|_______________|________________________
     1   |       2       |      3        |         4
    _____|_______________|_______________|________________________
    ______________________________________________________________

    Ұсыныстың орындалуы туралы еңбек ұжымының уәкілетті органына
    хабарлауды сұраймыз          ____________________
                                    мерзімі     

    Еңбекті қорғау
    жөніндегі уәкілеттік  ______________    ______________________
                            қолы               Ф.А.Ә.     

    Тексеріс актісін алған ____________    _______________________
                            қолы               Ф.А.Ә.
                                              лауазымы
    "____"_______199____жыл
        мерзімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады