Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi лицензиялау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 04.05.1995 ж. N 3 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 31 тамызда тіркелді. Тіркеу N 83. Күшi жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 02.02.1996 ж. N 15

                                ЕРЕЖЕ
      1. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi лицензиялау бағалы қағаздар нарығын реттеуде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы заң талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылаудың тәсiлi болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 сәуiрдегi "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" N 2227 U952227_ заң күшi бар Жарлығында көзделген бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң барлық түрi лицензиялауға жатады.
      3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi лицензиялауды Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) жүзеге асырады.
      4. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына ие болу лицензиясының (бұдан әрi - лицензия) мынадай санаттары белгiленедi:
      - бiрiншi санаттағы лицензия брокерлiк, диллерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн берiледi;
      - екiншi санаттағы лицензия депозитарлық және тiркеушiлiк қызмет атқару үшiн берiледi.
      5. Лицензияның қолданылу шегi үш жылдан аспайтын мерзiмге белгiленедi.
      6. Лицензия жеке тұлғаға берiлген тиiстi санаттағы бiлiктiлiк куәлiгi негiзiнде табыс етiледi.
      7. Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртiбi қолданылып жүрген заңға сәйкес белгiленедi.
      8. Лицензия алғысы келетiн заңды тұлғалар Ұлттық комиссияға мынадай құжаттар тапсыруы тиiс:
      - лицензия алуға ниет еткен бiр үлгiдегi өтiнiш (1-қосымша);
      - мемлекеттiк тiркеуден өткенi жөнiндегi куәлiктiң көшiрмесi;
      - барлық өзгертулерi мен толықтырулары белгiленген тәртiпте ресiмделген Жарғының көшiрмесi (2 дана);
      - Лицензия алу үшiн құжаттарды тапсырар алдында өткен кезеңге жасалған бiрiншi басшы бас бухгалтерлер қол қойған бухгалтерлiк баланс;
      - меншiктегi капиталдың есебi;
      - мамандардың бiлiктiлiк куәлiгiнiң көшiрмесi;
      - бiлiктiлiк куәлiгi бар мамандардың соңғы жұмыс орны туралы жазылған еңбек кiтапшаларының көшiрмесi;
      - лицензия берiлгенi үшiн алым алғаны жөнiндегi төлем қағазының көшiрмесi.
      Лицензия бiлiктiлiк куәлiгi бар заңды тұлғаның маманына оның аталған лицензияны алуға ұсынған сенiм хаты негiзiнде берiледi.
      Бiлiктiлiк талаптары бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау туралы Ережеде белгiленедi.
      9. Лицензия алғысы келетiн заңды тұлғаның мына қатарлы мамандары мiндеттi түрде аттестациялауға жатады:
      - осы заңды тұлғаның атынан бағалы қағаздармен мәмiле жасауға қатысатын, сондай-ақ клиенттермен тiкелей жұмыс iстейтiн мамандар;
      - атқарушы директорлар (басқарушылар, менеджерлер) мен олардың орынбасарлары (өз капиталының 40 процентiнен асатын инвестицияны бағалы қағаздарға айналдыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн).
      10. Лицензия алғысы келетiн заңды тұлғаның Жарғысында бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң бiр немесе бiрнеше түрiн жүзеге асыруды көздейтiн ереже мiндеттi түрде болуы тиiс.
      11. Құжаттар, Ұлттық комиссия қабылдап алғаннан кейiн 30 күннен аспайтын мерзiмде қаралады.
      12. Тапсырылған құжаттар Ұлттық комиссияның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда лицензия алғысы келетiн заңды тұлғаның басшысына лицензия беруден бас тартудың дәлелi жазбаша түрде хабарланады.
      13. Лицензияны 2-қосымшада көрсетiлген үлгiде рәсiмделедi.
      Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң бiрнеше түрiн қатар атқарған жағдайда кәсiби қызмет әр түрлi лицензияда бөлек-бөлек көрсетiледi.
      14. Ұлттық комиссияға берiлген Жарғының (оған енгiзiлген барлық өзгертулер мен толықтыруларын қоса алғанда) бiр данасына Ұлттық комиссия атқару аппаратының мөрi қойылады. Аталған құжаттар заңды тұлғаға қайтарылады.
      Ұлттық комиссия атқару аппаратының мөрi қойылған осындай құжаттар болмаған жағдайда лицензия жарамсыз деп табылады.
      15. Жарғыға бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң сипатына байланысты өзгертулер енгiзсе, ол Ұлттық комиссияда тiркелуi тиiс.
      Бұл жағдайда лицензия берiлгенi үшiн қосымша алым алынбайды.
      16. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметпен шұғылдану үшiн қажеттi меншiк капиталдың ең төменгi мөлшерi жөнiнен мынадай талаптар белгiленедi:
      делдалдық және дилерлiк қызмет үшiн аз дегенде 2000 жалақы мөлшерiнде;
      депозитарлық және тiркеушiлiк қызмет үшiн - аз дегенде 1000 жалақы мөлшерiнде.
      17. Меншiк капитал бухгалтерлiк баланстың (құжаттар тапсырылар алдындағы кезеңге жасалған) мәлiметтерi бойынша қолданылып жүрген заң тәртiбiмен есептеледi.
      18. Лицензияның пайдаланылуын бұдан былай бақылауды Ұлттық комиссияның атқарушы аппараты жүзеге асырады.
      19. Лицензияның пайдаланылуын бақылау барысында Ұлттық комиссия бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметке байланысты, коммерциялық құпия болып табылмайтын кез-келген құжатты талап етуге, сондай-ақ мұндай қызметтi өз орнында кем дегенде екi жылда бiр тексерiп отыруға құқықты.
      20. Лицензия мынадай жағдайларда кiдiртiлуi немесе керi қайтарып алынуы мүмкiн:
      - Лицензия алу үшiн тапсырылған құжаттарда күмәндi мәлiметтер табылғанда;
      - осы аталған заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот аталғанда;
      - заңды тұлғаның лауазымды адамдары акционерлерге немесе клиенттерге зиян келтiргенi үшiн сот арқылы кiнәлi деп табылса;
      - бағалы қағаздармен мәмiле жасаған кезде бiлiктiлiгi туралы куәлiгi жоқ немесе ондай куәлiгiнен айрылған маманның қызметiн пайдаланса;
      - Қазақстан Республикасының заңдары тыйым салған мәмiлелер жасаса, сондай-ақ клиенттiң коммерциялық құпия немесе басқа да бiр жасырын сыры бар мәлiметтердi пайдалана отырып мәмiлелер жасаса;
      - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарын бұзса;
      - лицензия бiр жыл бойына iс жүзiнде қолданылмаған болса.
      21. Лицензияны керi қайтарып алуды немесе кiдiртудi Ұлттық комиссия жүргiзедi және бұл туралы оның иесiне жазбаша түрде хабарланады.
      22. Лицензияның иесi Ұлттық комиссияның лауазымды адамдарының шешiмдерiне сот арқылы шағым жасауға құқықты.
 

                                             1-қосымша



                                      Қазақстан Республикасының   

                                      Бағалы қағаздар жөнiндегi

                                          Ұлттық комиссиясы



 
 
                       Өтiнiш
 

 

Өтiнiш жасаушы__________________________________________________

                       заңды тұлғаның толық атауы

Мекен-жайы______________________________________________________

________________________банктегi есепшоты_______________________

ХҚҰ___________________________________

Бағалы қағаздар рыногында ______________________________________

                                    (қызметтiң түрi)

қызметiн жүзеге асыруға_________________________________санаттағы

лицензия беруiңiздi өтiнедi.

Тапсырылған құжаттардың тiзiмi:

     - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi

     - Жарғының көшiрмесi (екi дана);

     - Қызметкерлерге берiлген (бiлiктiлiк куәлiктерiнiң

көшiрмесi) - дана);

     - меншiк капиталдың есебi;

     - төлем қағазының көшiрмесi;

     - сенiмхат.


     199__жылғы _________________            ___________________

                                              (басшының қолы)



                                                     2-қосымша


                 _______________санатты


                         Лицензия


     Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi

ұлттық комиссиясының 199__жылғы "  " ________________шешiмiмен

_____________________________________бағалы қағаздар рыногында

   (заңды тұлғаның толық атауы)

_____________________________________ қызметiн атқару құқығы

        (қызметтiң түрi)

берiлдi.

     Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________

__________________________________________

___________________________банктегi есеп-шоты _________

ХҚҰ____________________________________________________


     Ұлттық комиссияның мүшесi


                      Алматы қаласы 199__жылғы "__" ___________

                      тiркеу нөмiрi ___________________________





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады