Мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн оқытуға рұқсат берудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 04.05.1995 ж. N 3 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 4 маусымда тіркелді. Тіркеу N 84. Күшi жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 02.02.1996 ж. N 15

      1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" заң күшi бар Жарлығына, Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау туралы Ережеге, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi лицензиялау туралы Ережеге сәйкес жасалды.
      2. Бағалы қағаздар жөнiндегi мамандарды оқытуға рұқсат (бұдан әрi рұқсат) Ұлттық комиссияның қаулысы негiзiнде берiледi.
      3. Рұқсат - бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау туралы Ұлттық комиссия бекiтетiн Ережеге сәйкес заңды тұлғаның бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстейтiн бiлiктi мамандар даярлауды жүзеге асырудағы потенциалды мүмкiндiктерiн танытатын құжат.
      4. Рұқсат бәсекелестiк негiзде бiр жылға берiледi, одан әрi оның ұзартылуы мүмкiн.
      5. Бағалы қағаздар жөнiндегi мамандарды оқытуға рұқсат алу үшiн заңды тұлға Ұлттық комиссияға мынадай құжаттарды тапсыруы керек:
      - рұқсат алуға өтiнiш (еркiн түрде жазылып, басшысының қолы қойылады);
      - құрылтайлық құжаттардың (жарғының және құрылтай шартының) көшiрмесi немесе оқу орны туралы ереже;
      - басшылар жөнiндегi мәлiметтер (туған жылы, бiлiмi, ғылыми атағы, педагогтық қызмет стажы);
      - бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi сабақтардың оқу-әдiстемелiк жоспарлары;
      - оқу процесiн жүргiзуге тартылатын оқытушы-профессорлардың тiзiмi;
      - курс тыңдаушыларына көмекшi құрал ретiнде берiлетiн нормативтiк актiлер мен оқу-әдiстемелiк әдебиет тiзiмi;
      - сабақ өткiзу жағдайларының, оқу мерзiмiнiң және оқу процесiн қамтамасыз етудiң басқа да жағдайларының сипаттамасы;
      - өтiнiш берушiнiң мекен-жайы мен банк реквизиттерi.
      6. Рұқсат тапсырылған құжаттар Ұлттық комиссияның талаптарына сай болған жағдайда берiледi.
      Құжаттар Ұлттық комиссия оларды алған күннен бастап 30 күннен асырмай қаралады.
      Құжаттар Ұлттық комиссияға қойған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, рұқсат етiлмеудiң дәлелдi себептерi айтылып, өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.
      7. Рұқсат I-қосымшада көрсетiлген түрде ресiмделедi.
      8. Ұлттық комиссияның рұқсатын алған заңды тұлғалар оқудың толық курсынан өткен тыңдаушыларды емтиханға жiберу туралы Аттестациялық комиссияға өтiнiш бередi, оған аттестациядан өтушiлердiң тiзiмi, қажеттi барлық құжаттар қоса тiркеледi, ал бұл құжаттардың тiзбесi бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау туралы Ережеде келтiрiлген.
      9. Рұқсаттың пайдаланылуын бақылауды Ұлттық комиссияның атқарушы аппараты жүзеге асырылады. Бақылау барысында Ұлттық комиссия заңды тұлғаның мамандар даярлау жөнiндегi қызметiне байланысты, құпия болып есептелмейтiн, кез-келген мәлiметтi талап етуге, сондай-ақ жергiлiктi жерлердегi оқу процесiнiң жай-күйiн тексеруге құқықты.
      10. Бағалы қағаздар жөнiндегi мамандарды оқытуға берiлген рұқсат

 

мынадай жағдайларда тоқтатылуы немесе қайтарып алынуы мүмкiн;

     - заңды тұлға Ұлттық комиссия талап еткен тиiстi құжаттарды бермесе;

     - Ұлттық комиссияның атқарушы аппараты тапқан кемшiлiктердi жою

жөнiндегi талаптар орындалмаса;

     - Аттестациялық комиссия емтихан (әңгiмелесу) нәтижелерi бойынша курс

тыңдаушыларының бiлiмiн қанағаттанғысыз деп тапса;

     - сабақтардың алдын ала берiлген оқу-әдiстемелiк жоспарлары

орындалмаса.

     11. Рұқсатты керi қайтарып алуды немесе оның қолданылуын тоқтатуды

Ұлттық комиссия жазбаша түрде жүргiзедi және тиiстi заңды тұлғаның

басшысына хабарлайды.

     12. Заңды тұлға Ұлттық комиссияның шешiмiн даулап, сотқа шағымдануға

құқықты.


                                                             N 1 қосымша


                       РҰҚСАТ


     Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық

комиссиясы_____________________________________________

                          (заңды тұлғаның толық аты)

бекiтiлген оқу жоспарына сәйкес бағалы қағаздар рыногында

жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлауды жүзеге асыруға рұқсат

етедi.

     Мекен-жайы_______________________________________________

________________________________________банктегi есепшоты

ХҚҰ______________________


     Ұлттық комиссияның төрағасы  





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады