"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiк инспекциясы органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi өндiрiстiк iстерi бойынша Нұсқаулықты бекiту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар Министрлiгi 1995 жылғы 20 шілдедегі N 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 7 қыркүйек тіркелді. Тіркеу N 89. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 490-І бұйрығымен

      Ескерту. ҚазКСР Кодексiнiң 169, 169-1 баптарындағы ҚР Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiк инспекциясы органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi өндiрiстiк iстерi бойынша Нұсқаулықтың күші тоқтатылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1996 жылғы 24 сәуір N 94   бұйрығымен .

     Қазақстан Республикасының 1993. 28.10 N 2492-ХII әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi Қазақ КСР Кодексiнде қарастырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде және айыппұл мөлшерiн қайта есептеу тәртiбi туралы Қазақ КСР Кодексiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы"  заң күшi бар Жарлығының негiзiнде және Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясы органдарындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде өндiрiстiк iстер кезiндегi бiртұтас тәртiптi және заңдылықты сақтау мақсатында бұйырамын: 
     1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiк инспекциясы органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер өндiрiсi бойынша қоса берiлген Нұсқаулық бекiтiлсiн. 
     2. Заң актiлерiн дайындау, Жоғарғы Кеңеспен байланыс және заң жұмыстары басқармасы (Қ.С. Кәрiбжанов) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген Нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн.  

      Министрдiң
     бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы   
Көлiк және коммуникациялар 
министрлiгiнiң       
1995 жылғы 20 шiлдедегi N 146
бұйрығымен         
Бекiтiлген         

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi Көлiк инспекциясы органдарымен әкiмшiлiк
құқық бұзушылықтары жөнiнде iстер жүргiзу бойынша
Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

       1.1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiк инспекциясы (бұдан былай - Көлiк инспекциясы) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 ж. 5.04 N 257  қаулысымен құрылған және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң құрамына заңды тұлға құқығымен кiредi. 

     1.2. Көлiк инспекциясының қызметi Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21.09. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы"  Заңымен , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 ж. 17.04. "Лицензиялау туралы"  заң күшi бар Жарлығымен, 1994 ж. 17.11. N 1302 Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы Ережемен және басқа заңдармен және көлiк туралы заң күшi бар актiлерiмен реттеледi. 

     1.3. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының лицензиялық қалыптарына қатысты анықталған көлiк заңдарын бұзу бойынша iстердi қараудың, оларды қарау мерзiмiнiң орындалуын, қайта шағымдануын, сондай-ақ iс жүргiзудi ұйымдастыру мен қабылданған шешiмнiң негiздiлiгiн бақылаудың бар тәртiбiне сәйкес Көлiк инспекциясы органдарында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде iстердi ұйымдастыру әдiстерi мен нысандарын регламенттейдi. 

     1.4. Көлiк инспекциясының органдары Қазақ КСР әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi Кодексiнiң (бұдан әрi КоАП) жолаушылар мен жүктердi көлiкпен тасу қызметiндегi кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялауға қатысты 169, 169-1 баптарда қарастырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықты айқындайды. 
      Ескерту. 1.4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен

     1.5. Осы Нұсқаулық жолаушылар мен жүктердi тасымалдау бойынша кәсiпкерлiк қызметтi және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 25 қазандағы N 2480-ХII "Көлiкте лицензиялауға жататын жеке кәсiпкерлiк қызметтiң тәртiбi мен түрi туралы қаулысымен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 251 "Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы Ереженi бекiту жөнiндегi"  қаулысымен реттелетiн басқа қызметтердi орындау кезiнде Қазақстан Республикасында қабылданған ережелер мен лицензиялық қалыптардың, көлiк заңдарының талаптарын бұзған жеке тұлғалар (шаруашылық субъектiлер) мен жеке меншiктi және ведомстволық қатыстылығына қарамастан заңды тұлғаларға жарамды. 

     1.6. Көлiк инспекциясының әкiмшiлiк құқық бұзушылығы жөнiндегi iстерi бойынша ең басты мiндеттерi мыналар болып табылады - жоғарыда көрсетiлген iстердi дер кезiнде, толық және объективтi қарау, орындалуын, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тыйым салу мен алдын алуды, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауды қамтамасыз ету. 

  2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде iстер жасау

       2.1. Көлiктегi лицензиялық қызметтiң әкiмшiлiк құқық бұзушылығына мыналар жатқызылады - Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы"  Заңды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 ж. 17.04. "Лицензиялау туралы"  заң күшi бар Жарлығын мына себептермен бұзу: 
     - лицензияланатын қызметке лицензияның (патенттiң) немесе лицензиялық карточканың жоқ болуы; 
     - лицензия (патент) және лицензиялық карточканың әсер ететiн аймақтарының үйлесiмсiз болуы; 
     - лицензияланатын қызметтегi лицензияның (патенттiң) үйлесiмсiз болуы; 
     - лицензияның "Г", "П" түрлерi бойынша тасымалдау ережелерiнiң бұзылуы немесе тасымалдау ережелерiмен тыйым салынған олардың құрастырылып пайдаланылуы; 
     - лицензияның (патенттiң) немесе лицензиялық карточканың әсер ету мерзiмiнiң бiтуi; 
     - Көлiк инспекциясы органдарымен тыйым салынғаннан кейiн лицензиялауға жататын көлiкпен жолаушылар мен жүктердiң тасымалдануы; 
     - лицензияның (патенттiң) басқа адамға берiлуi; 
     - патенттiң немесе лицензиялық карточканың басқа көлiк құралына берiлуi; 
     - Көлiк инспекциясының органдарында мәлiметтерi тiркелген лицензиялық карточка мен лицензияда (патентте) нөмiрi мен сериясының жоқ болуы немесе үйлесiмсiз болуы; 
     Лицензия (патент) мен лицензиялық карточканың немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi хаттама түбiршегiнiң қолдан iстелуi немесе лицензиялық қызметтiң бiрнеше рет (жылына екi реттен артық) тұрпайы бұзылуы болған жағдайда тексеру материалдары олар бойынша тиесiлi шараларды қабылдау үшiн құқық қорғау органдарына тапсырылады. 

     2.2. Көлiк инспекциясының органдары көлiктi дербес ретiнде және құзырлы органдардың келiсiмi бойынша бiрлесiп пайдалану кезiнде көлiк заңдарының, экологиялық талаптар мен қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуын анықтайды және тексеру жүргiзедi. 

     2.3. Көлiкте арнайы рұқсатсыз (патентсiз) лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асырған немесе Қазақ КСР Кодексiнiң 248, 248-1 негiзiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi лицензиялық қалыптар мен ережелердi бұзған фактiлер анықталған кезде өкiлеттенген лауазымды тұлғалармен құқықтық құжатәкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама (1 Қосымша) құрастырылады. 
     Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1993 ж. 22.12. N 148 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 1993 ж. 28.12. N 468 "Көлiк инспекциясы органдары мен Мемлекеттiк автомобиль инспекциясының iс-әрекеттесуi туралы" бiрлескен бұйрықтарының негiзiнде МАИ қызметкерлерiмен бiрлесiп лицензиялау жағдайларының бұзылғандығы туралы рапорт құрастырылады. 

     2.4. Хаттамада мыналар көрсетiлуi тиiс: Көлiк инспекциясы органдарының аты, оны құрастырушының фамилиясы мен аты-жөнi, құқық жасалған күнi, уақытысы, орны, құқық бұзушының жеке басы, сондай-ақ көлiк құралының мемлекеттiк нөмiрi мен қатыстылығы, маркасы, түрi, лицензия мен лицензиялық карточканың сериясы мен нөмiрi, қашан және кiммен берiлгендiгi, әкiмшiлiк құқық бұзудың салдары мен мәнi, бұл құқық бұзудың КоАП баптарының қайсысы бойынша жiберiлгендiгiн көрсету туралы мәлiметтер болуы тиiс. Хаттамада iс бойынша мәнi болуы мүмкiн қосымша мәлiметтер айтылуы мүмкiн. 

     2.5. Хаттамада мыналар көрсетiледi: кәсiпорынның немесе мекеме басшысының, сондай-ақ көлiк қызметiн лицензиялауға жауапты лауазымды тұлғаның фамилиясы мен аты-жөнi. Егер осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiкпен ертеректе салынған айыптар тiркелген немесе құқық бұзулар бiрнеше болған жағдайда олар хаттамада тiзiледi. 

     2.6. КоАП-тың 249-бабына сәйкес хаттама оны құрастырған тұлғамен және әкiмшiлiк құқық бұзушы - көлiк құралының иесi болуы мүмкiн тұлғамен немесе лицензиялық қызметке қатысы бар оның өкiлi болып табылатын тұлғалармен немесе осы кәсiпорында, мекемеде лицензиялық қызмет үшiн жауапқа тартылатын лауазымды тұлғаның өзiмен немесе жеке тұлғамен (шаруашылық субъектiмен) қол қойылады. 
     Әкiмшiлiк құқық бұзған тұлға хаттамаға қол қоюға бас тартқан кезде бұл жөнiнде куәгерлерi көрсетiле отырып хаттамаға арнайы жазба түсiрiледi. Ұсталған адамның қол қоюдан бас тарту себебiн айта отырып хаттамаға жеке түсiнiктеме жазуына, сондай-ақ өзiнiң қарсы пiкiрiн хаттамаға енгiзуге құқығы бар. 

     2.7. Құқық бұзушылық жасалу бойынша хаттама құрастырған кезде 2.5., 2.6 тармақтарда көрсетiлген тұлғалардан тiлхат ала отырып iстi қарау орны мен уақыты хабарландырылады, олардың КоАП-тың 261-бабында қарастырылған құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi. 

     2.8. Хаттама құрастырылғаннан кейiн ұсталған адамға құқық бұзу жасаған үшiн Көлiк инспекциясы органында тiркелген нөмiрi мен сериясы бар елтаңба мөрiмен бекiтiлген хаттама түбiршегi берiледi, хаттамаға қоса берiлетiн лицензиялық карточкасы немесе лицензиясы (патентi) керi қайтарылады, ол туралы хаттаманың өзiнде де және оның түбiршегiнде де аталып өтедi. 

     2.9. Хаттаманың түбiршегi оның берiлген мезетiнен бастап 15 тәулiктен асырмай тасымалдау қызметiн жүзеге асыру үшiн көлiк құралын пайдалануға, осы рейстi, сапарды аяқтауға ғана құқық бередi. Хаттама түбiршегiнде күндi өзгертуге немесе ұзартуға тыйым салынады. 

     2.10. Хаттама және хаттама түбiршегiнiң сериясы мен нөмiрi бiрдей болады. Оларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстердi қарау уақыты мен орны туралы мәлiметтер көрсетiледi. 

     2.11. Хаттаманы рәсiмдегеннен кейiн лауазымды тұлға оны бiр тәулiк iшiнде және шаралар қабылдау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстердi қарауға уәкiлденген органға (лауазымдық тұлғаға) белгiленген тәртiппен бұдан әрi тапсыруға Көлiк инспекциясы органына жiбередi. 
      Ескерту. 2.11-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен

     2.12. Көлiк инспекциясының штаттан тыс және қоғамдық инспекторлары лауазымды тұлға болып табылмайды және көлiкте лицензиялық қызметке байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезде олар аумақ бойынша Бас көлiк инспекторының атына рапорт құрастырады (2 Қосымша). Қатаң есеп құжаты болып табылатын белгiленген үлгiдегi рапортта жасалған құқық бұзушылықтың мәнi мен жағдайы көрсетiледi. Штаттан тыс және қоғамдық инспекторлармен анықталған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар осы Нұсқаулықта көрсетiлген тиесiлi шараларды олар бойынша қабылдау үшiн Көлiк инспекциясының лауазымды тұлғаларына жедел түрде хабарландырылады. 

     2.13. Көлiкте лицензиялау жағдайлары мен көлiк заңдарының сақталуын тексеру Көлiк инспекциясы органдарының қызметкерлерiмен дербес түрде де басқа органдардың қатысуымен де, атап айтқанда Қазақстан Республикасының IIМ МАИ органдарымен, Экобиоресурс министрлiгiмен, Мемстандартпен, Кеден комитетiмен, Салық инспекциясымен, Меммүлiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiмен жүргiзiледi. Бiрлескен жұмыс кешендiк тексеру актiсiмен ресiмделедi. Көлiк процесiне байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалардың қызметiн тексеру үшiн мыналар негiз болып табылады: 
     - құқық бұзушылық жасалған туралы рапортының немесе актiлердiң, хабарлардың, сондай-ақ көлiк қызметiн тұтынушылардан негiздi шағымдардың түсуi; 
     - лицензия заңдары талаптарының, қозғалыс қауiпсiздiгi мен экология ережелерiнiң заңды және жеке тұлғалармен сақталуын тексеру; 
     - Қазақстан Республикасының көлiгiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру бойынша жоспарлы тексерудi жүргiзу; 
     - Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен қарастырылған басқа жағдайлардың болуы. 

     2.14. Кешендi тексеру актiсiнде мыналар болуы тиiс: 
     тексеруге көлiктiң қай түрi жатқандығы, кiммен жүргiзiлгендiгi, жүргiзу күнi, уақыты, орны, сондай-ақ осы көлiк жұмысына жауапты лауазымды тұлғаның фамилиясы мен аты-жөнi. Тексеру барысында әкiмшiлiк және басқа сипаттағы құқық бұзушылықтардың қандай түрi анықталғандығы. Актi осы заңда немесе жеке тұлғаны тексеруге қатысқан тұлғалармен қол қойылады. Актiнiң көшiрмесi осы немесе бұдан басқа құқық бұзушылық туындатқан себептердi жою бойынша шаралар қабылдау үшiн, сондай-ақ танысу үшiн лауазымды тұлғаға тапсырылады.

    2.15.-2.24.  Тармақтар алынып тасталды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен

  3. Атқарушылық iс жүргiзу

     3.1. Әкiмшiлiк айып салу туралы қаулысын мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (меншiк нысаны мен ведомстволық қатыстылығына қарамастан), лауазымдық тұлғалар, жеке тұлғалар (шаруашылық субъектiлер) мiндеттi түрде атқаруы және ол шығарылған мезеттен бастап орындауы тиiс. 
      Ескерту. 3.1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен

     3.2. Айыппұл түрiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық салынған жағдайда құқық бұзушы өзiне қаулы тапсырылғаннан кейiнгi 15 тәулiктiң iшiнде көрсетiлген соманы төлеуге мiндеттi. Айыппұл жергiлiктi бюджетке төленедi. 

     3.3. Ерiктi түрде айыппұл төленбеген жағдайда қаулының көшiрмесi құқық бұзушының еңбекақысынан лажсыз көндiру арқылы айып алу үшiн оның жұмыс орнына жiберiледi. 
     Егер қайсы-бiр себептермен айыппұл алу мүмкiн болмаса Қазақ КСР Азаматтық процессуалды кодексiмен белгiленген ережелерге сәйкес оны алу сот атқарушысымен жүргiзiледi. 

     3.4. Қазақстан Республикасының басқа аймақтарында тұратын және жұмыс iстейтiн лауазымдық тұлғаларға қатысты iс қаралған жағдайда, қаулының көшiрмесi лицензия және лицензиялық карточкамен бiрге қаулының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшiн аймақ бойынша Көлiк инспекциясының органына жiберiледi. 

     3.5. Құқық бұзушымен айыппұлды төлеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде қаулыны орындау бойынша iс жүргiзудi аяқтау үшiн негiз болып табылады. Айыппұл алу туралы қаулының орындалуына - айыппұлды төлегенi жөнiнде құқық бұзушымен түбiртектiң ұсынылуы немесе құқық бұзушының жұмыс орынындағы есеп беру бөлiмiнен тиесiлi төлеу құжатында күнi мен нөмiрi туралы белгiсi бар қаулының қайтарылуы дәлелдемелер болып табылады. 

     3.6. Құқық бұзушының айыппұлды төлеуi жүзеге асырылатын лицензияланатын қызметтегi құқық бұзуды жою мiндетiнен босатпайды.

     3.7. Лицензияны (патенттi) алу арқылы әкiмшiлiк айып салынған кезде (соның iшiнде - белгiсiз уақытқа), лицензия iс жөнiндегi шешiммен бiрге Көлiк инспекциясының органдары тапсырылады.
      Ескерту. 3.7-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен

     3.8. Айыппұл салу, лицензияны қайтып алу және басқа әкiмшiлiк айыптар заңмен белгiленген тәртiппен шағымдалатын болады.
      Ескерту. 3.8-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен .

     4-бөлiм.  Бөлімнің күшi жойылды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен .  

  4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша
iс жүргiзу

      Ескерту. 5-бөлiм 4-шi бөлiм болып есептелінді - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен .

     4.1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi рапорттардың, хаттамалар бланкiлерi қатаң есептеу құжаттары болып табылады және Көлiк инспекциясының тапсырысы бойынша полиграфиялық кәсiпорындарда әзiрленедi (1,2 Қосымша). Көлiк инспекциясы осы бланкiлердi әзiрлеу құқығын өзiнiң бөлiмдерiне бере алады. 
     Рапорттардың, хаттамалардың, қаулылардың және басқа актiлердiң әзiрленген бланкiлерi облыс (қалалық) бөлiмдерi және оның филиалдары үшiн бекiтiлген баспалық есеп сериясы мен нөмiрi болуы тиiс. 
      Ескерту. 4.1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және  коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен .

     4.2. Көлiк инспекциясы органдарының басшылары жергiлiктi орындарда бланкiлердiң алынуы мен дер кезiнде әзiрленуiн, толықтырылуын, сондай-ақ оларды сақтау мен белгiленген мақсатта пайдаланылуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi. 

     4.3. Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатын заңды және жеке тұлғаларға құрастырылатын рапорттың, хаттамалардың, актiлердiң түгендеу журналдары Көлiк инспекциясы органы басшысының бұйрығымен анықталған жауапты тұлғада сақталуы тиiс және жiппен қайымдалуы, нөмiрленуi және сол органның мөрiмен бекiтiлуi тиiс.
      Ескерту. 4.3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен .

     4.4. Рапорттардың, хаттамалардың бланкiлерi жоғалған жағдайда акт құрастырылады. Жоғалтуды жасаған айыпты тұлғалар тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады. Рапорттардың, хаттамалардың және басқа актiлердiң бланкiлерi бұзылған немесе жарамсыз болғанда ережеге сәйкес оларды есептен шығару жөнiнде акт құрастырылады.
      Ескерту. 4.4-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен .

  5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша iс
жүргiзуге бақылауды ұйымдастыру

      Ескерту. 6-бөлiм 5-шi бөлiм болып есептелінді - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен .

     5.1. Көлiк инспекциясы органдарының басшыларымен iс жүргiзiлу мен есепте тұруын бақылау қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 5.1-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен .

     5.2. Көлiк инспекциясы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша өзiнiң бөлiмшелерiнде жоспарлы тексерудi жүзеге асырады. Тексеру барысында мына мәселелер зерттеледi:
     - рапорттардың, хаттамалардың, тексеру актiлерiнiң және басқа 
құжаттардың дұрыс құрастырылуы;
     - құжат бланкілерінің сақталу күйі, берілуімен мен түгенделуін қатаң есептеуі;
     - шағымдар мен өтiнiштермен жұмыс iстеудiң халi.
      Ескерту. 5.2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен .

     5.3. Жұмыста қателiктер мен жетiспеушiлiктер анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылданады. 

Нұсқаулыққа 1 қосымша 

       Ескерту. 1-Қосымша толықтырылды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен .

К Бақылау парағы        АА N 000001  Хаттама

      АА N 000001          ___________________________
                      Көлiк инспекциясының аты   
Тексеру күнi______   Инспектордың Ф.А.Ж. қызметi____________________
Тексеру орны______   Тексеру күнi 19_ ж. "_"______
__________________   Уақытысы____сағ___мин. Тексеру орны__
Көлiктiң түрi_____   Тексеруге жататын көлiктiң түрi мен
Лицензияның          оның сипаттамасы_____________________
(патенттiң)                         (маркасын, мемлекеттiк
сериясы, нөмiрi___   ______________________________________
__________________     немесе борттық, тiркеу нөмiрiн,
Қашан және кiммен    ______________________________________
берiлдi                        сыныбын сипаттау)
Лицензиялық қызмет   Лицензияның (патенттiң) немесе лицензиялық
үшiн жауапты немесе  карточканың сериясы, нөмiрi_______________
лицензиялық қызметке Қашан және кiммен берiлдi_________________
қатысты лауазымдық   Бұзушының жеке басы туралы мәлiмет________
тұлғаның Ф.А.Ж.___   __________________________________________
___________________  Лицензиялық қызмет үшiн жауапты немесе
Белгiленген бұзушы.  лицензиялық қызметке қатысты лауазымдық
лықтар:              тұлғаның Ф.А.Ж.___________________________
01,02,03,04,05,06,   Көлiк иесiнiң мекен-жайы__________________
07,08,09             Қосымша мәлiметтер________________________

КИ Инспекторы:             Белгiленген бұзушылықтар:
____________         1. Лицензияның (патенттiң) немесе
  қолы              лицензиялық карточканың жоқ болуы.
Ф.А.Ж.               2. Лицензияның (патенттiң) немесе
Куәлiк N__________   лицензиялық карточканың пәрмендi аймақтарының
                    сәйкес болмауы.
                    3. Лицензияның "Г", "П" түрлерi бойынша
                    тасымалдау ережелерiн бұзу немесе тасымалдау
                    ережелерiмен тыйым салынған оларды қиыстырылып
                    пайдалану.
                    4. Лицензияның (патенттiң) немесе лицензиялық
                    карточканың пәрмендi мерзiмiнiң бiтуi.
                    5. Көлiк инспекциясы органдарымен тыйым
                    салынғаннан кейiн жолаушылар мен жүктердi
                    тасымалдау.
                    6. Лицензияны (патенттi) немесе лицензиялық
                    карточканы басқа адамға тапсыру.
                    7. Патенттi немесе лицензиялық карточканы
                    басқа көлiк құралына беру.
                    8. Көлiк инспекциясы органдарында тiркелген
                    мәлiметтер мен лицензияның (патенттiң) немесе
                    лицензиялық карточканың сәйкес келмеуi немесе
                    оларда серия мен нөмiрдiң болмауы.
                    9. Лицензияның (патенттiң) лицензияланатын
                    қызметке сәйкес болмауы.

                    Көлiк иесiнiң түсiнiктемесi____________________
                    Куәлардың Ф.А.Ж. және олардың мекен-жайы_______
                    _______________________________________________
                    куәлардың қолы_________________________________
                    Құқық бұзушылықты қарау орыны мен  уақтысы____
                    _______________________________________________
                    Нұсқаулықтың __тармағына сәйкес айыппұл___
                    сомадан төлендi________________________________
                                                жазбаша
                    КИ Инспекторы__________Куәлiк N_____ _________
                                   Ф.А.Ж                   қолы

Хаттаманың түбiршегi
АА N 000001
Көлiк иесiне

Тексеру күнi_______________________________________________
Тексеру орны_______________________________________________
Көлiктiң  түрi_____________________________________________
Лицензияның (патенттiң) сериясы, нөмiрi____________________
___________________________________________________________
Иесiнiң мекен-жайы_________________________________________
___________________________________________________________
Ф.А.Ж._____________________________________________________
___________________________________________________________
Белгiленген бұзушылықтар: 01, 02, 03, 04, 05, 06, 07, 08, 09
КИ Инспекторы______________________________________________
                             Ф.А.Ж, қолы
Құқық бұзушылықты қарау
орны мен уақыты____________________________________________
__________________________________________________________
жауап. тұл. жүрг. Ф.А.Ж.
__________________________________________________________
Түбiршек 19__ ж. дейiн лицензияның (патенттiң, лиц.
карточканың) орнына жарамды 
Хаттама түбiршегiн қолдан жасау ҚК 177 б. сәйкес қылмыстық
жауапкершiлiкке тартылады.

Нұсқаулықтың 2 Қосымшасы

_________________________________________
Көлiк инспекциясы органының аты
АА N 000001
Р А П О Р Т

19__ж. "__" ______________мен___________________________________
                                (Ф.А.Ж. және қызметi)
________________________________________________________________
Көлiктiң түрi___________________________________________________
________________________________________________________________
Лицензияланатын қызметке жауапты лауазымды тұлғаның Ф.А.Ж.
________________________________________________________________
Көлiк иесiнiң Ф.А.Ж.____________________________________________
Бақылау орны____________________________________________________
                     Белгiленген бұзушылықтар:
    1. Лицензияның немесе лицензиялық карточканың жоқ болуы.
    2. Лицензияда немесе лицензиялық карточкада көрсетiлген аймаққа қызметiнiң сәйкес келмеуi.
    3. Лицензияның "Г", "П" түрлерi бойынша тасымалдау ережелерiн бұзу немесе осы ережемен тыйым салынған олардың қиыстырылып пайдаланылуы.
    4. Лицензияның немесе лицензиялық карточканың пәрмендi мерзiмiнiң бiтуi.
    5. Көлiк инспекциясы органдарымен тыйым салынғаннан кейiн жолаушылар мен жүктердi тасымалдау.
    6. Лицензияны (патенттi) немесе лицензиялық карточканы басқа адамға тапсыру.
    7. Патенттi немесе лицензиялық карточканы басқа көлiк құрамына 
тапсыру.
    8. Лицензияның (патенттiң) немесе лицензиялық карточканың Көлiк инспекциясы органдарында тiркелген мәлiметтермен сәйкес болмауы немесе нөмiрi мен сериясының жоқ болуы.
    9. Лицензияның (патенттiң) лицензияланатын қызметке сәйкес болмауы.

     КИ Инспекторы_____________ _________ Куәл. N____________
                   (Ф.А.Ж.)     (қолы)
    ДСП Инспекторы____________ _________ Куәл. N____________
                    (Ф.А.Ж.)     (қолы)
    Куәлар________________________________  __________________
                    (Ф.А.Ж., мекен-жайы)          (қолы)
Көлiк инспекциясы органдарымен қабылданған шаралар_____________
_______________________________________________________________
    Көлiк инспекциясының ________________________бастығы
                                 (бөлiмi)
    _______________
         (қолы)

    Рапорт екi дана болып құрастырылады.

Нұсқаулықтың 3 Қосымшасы

      Ескерту. 3 қосымша алынып тасталды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1996.04.24. N 94   бұйрығымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады