Қазақстан Республикасының зейнеткерлерiне бiржолғы материалдық көмек көрсетуге арналған қаржының бөлiну және жұмсалу тәртiбi туралы Н Ұ С Қ А М А

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Халықтық әлеуметтiк қорғау министрiнiң 1995 жылғы 2 тамыздағы N 33 бұйрығымен бекiтiлген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 8 қыркүйек тіркелді. Тіркеу N 91. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 272-ө бұйрығымен

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 272-ө бұйрығымен (2005 жылғы 13 желтоқсандағы "Заң газетінде" N 168(792) жарияланған) .

---------------Бұйрықтан үзінді-------------------

       Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің "Заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын...

      Министр

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің кейбір күші жойылған
бұйрықтарының тізімі

       ...

       2. "Қазақстан Республикасының зейнеткерлеріне бір жолғы материалдық көмек көрсетуге арналған қаржының бөліну және жұмсалу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1995 жылғы 2 тамыздағы N 33 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндегі 1995 жылғы 8 қыркүйектегі 91 тіркелу нөмірі....

----------------------------------  

                                 1. Жалпы ережелер

      Бiржолғы материалдық көмек халықты әлеуметтiк қорғау органдарында есепте тұрған және солардан зейнетақы мен жәрдемақы алатын Қазақстан Республикасының жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерiне берiледi. 
      Бiржолғы материалдық көмектi зейнеткердiң зейнетақы, жәрдемақы алатын жерiндегi аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi, ал қажет болған жағдайларда (сол жерлерде қаражат болмаған, айтысты-тартысты жағдайларда) облыстардың, Алматы қаласының Халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары төлейдi және өте сирек жағдайларда ғана Қазақстан Республикасының әлеуметтiк қорғау министрлiгi бередi. 
      Бiржолғы материалдық көмек бiр зейнеткерге жылына бiр реттен артық берiлмейдi. 

              II. Қаржыландыру көздерi мен қаржыларды 
                        бөлудiң тәртiбi

      Бiржолдық материалдық көмекке арналған қаржы республикалық бюджетте тарау бойынша "Зейнеткерлердi санаторий-курорттық емдеу және оларға материалдық көмек көрсету деген" деген &1 көзделедi. 
      Осы мақсатқа арналып бекiтiлген қаржылар облыстар мен Алматы қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары арасында бөлiнедi, оның бiр бөлiгi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қарамағында қалады. 
      Бiржолғы материалдық көмек көрсетуге арналған қаржылар облыстар мен Алматы қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының есеп-шотына республикалық бюджеттен қаржыландыру мүмкiндiгiне қарай аударылады. 

              III. Бiржолғы материалдық көмек 
                    көрсетудiң тәртiбi

      Бiржолғы материалдық көмек зейнеткердiң жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде берiледi, ол оны өзiнiң зейнетақы, жәрдемақы алатын жерiндегi аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне өткiзедi, олар оны қарап, материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеген акт негiзiнде оған материалдық көмек көрсету қажеттiгi туралы мәселенi шешедi. (Қосымшаны қараңыз). 
      Өтiнiшiнiң қаралғандығы туралы зейнеткерге бiр ай мерзiм iшiнде жазбаша түрде хабарланады. 
      Аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi өте сирек жағдайларда ғана (өрт, су тасқыны; қатаң науқас т.б.) облыстық және Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары арқылы жоғарғы мөлшердегi ақшалай материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне өтiнiш жасай алады. Бұл жағдайда зейнеткерлердiң өтiнiш зерттеу актiсiмен және облыстық, Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының өтiнiшiмен қоса Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жiберiледi. 

              IV. Бiржолғы берiлетiн материалдық 
                    көмектiң мөлшерi

      Зейнеткерлерге бiржолғы материалдық көмек мынадай мөлшерде берiледi: 
      Министрлiк коллегиясы - жасына байланысты ең төменгi төрт зейнетақы мөлшерiнде; 
      облыстық, Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының коллегиясы - жасына байланысты ең төменгi екi зейнетақы мөлшерiнде; 
      аудандық, қалалық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссиялары - жасына байланысты ең төменгi бiр зейнетақы мөлшерiнде. 

              V. Есепке алу мен есеп берудiң тәртiбi

      Бiржолғы материалдық көмек почта арқылы осы мақсатқа көзделген қаржы есебiнен почтамен салу ақысы төленiп жiберiледi немесе аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң, облыстық және Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кассасынан берiледi. 
      Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстық және Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары зейнеткерге көмек көрсету туралы тиiстi қалалық, аудандық халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне хабарлайды, соның негiзiнде N 2 форма бойынша есеп бетiнде белгi соғылады. 
      Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстар мен Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары N 294 формадағы кредиттер (қаржылар) мен шығындардың есеп кiтапшасында бiржолғы материалдық көмек көрсету бойынша шығындардың есебiн жүргiзедi.
      Бiржолғы материалдық көмекке төленетiн шығындар N 294 формадағы кредиттер (қаржылар) мен шығындардың есеп кiтапшасы бойынша аналитикалық есептердiң деректерi негiзiнде жыл басынан берi өсiп келе жатқан қортындысын көрсетiп, мезгiл сайынғы және жылдық есеп беруде көрсетiлiп отырады.

     Ардагерлер мен мүгедектер       Экономика және қаржыландыру
     iсi жөнiндегi басқарма                  басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады