Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 183-І Бұйрығымен.
--------------Бұйрықтан үзінді-------------- -
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң норма шығармашылық жұмысын реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жоғарғы квалификациялық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1995 жылғы 1 қыркүйектегi N 181 бұйрығының (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде нөмiрi 120 болып тiркелген) күшi жойылды деп танылсын...
3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан 10 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Министр
-----------------------------------------------
Жалпы Ережелер
1. Бұл бап Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген сандылықтардың негiзiнде құрылған және ИКАО стандарттары мен ұсыныстары ескерiлген.
Бұл бап азаматтық авиациясының мамандарына, ортақ негiзiндегi авиация пилоттарына куәлiк және класс беру, сонымен қатар мамандарды, ортақ негiздегi авиация пилоттарын дайындау, қайтадан ережелерiн анықтайды.
2. Азаматтық авиация мамандарының квалификациясы квалификациялық талаптарға сай анықталады және осыған сай класпен айғақталады.
Кластар мынадай мақсатпен берiледi:
- кәсiби дайындықтың деңгейiн көтеру үшiн;
- ұшу қауiпсiздiгiн және жүйелiгiн қамтамасыз ету үшiн;
- мамандарды квалификациясына сәйкес ұтымды түрде жұмысқа алу және жұмысқа бөлу үшiн.
3. Ұшқыштар құрамына және авиациялық құрамның басқада өкiлдерiне бiрiншi, екiншi және үшiншi кластар берiледi:
пилоттарға;
штурмандарға;
бортинженерлерге;
бортмеханиктерге;
бортрадистерге;
бортпроводниктерге;
бақылаушы-ұшқыштарға;
бортоператорларға;
парашют қызметiнiң инструкторларына;
әуе қозғалысы қызметiнiң диспетчерiне;
техникалық қызмет көрсету инженерлерiне, әуе техникасына диагностика қоюшы инженерлерге - самолеттерге техникалық эксплуатация жасайтын авиатехниктерге;
Ең жоғарғы болып бiрiншi класс саналады.
4. Мамандарға белгiленген үлгiдегi куәлiктер берiледi. Куәлiктер авиациялық техникаға қызмет көрсету, диагностика қою жұмыстарын өз бетiмен атқару үшiн рұқсаты бар инженерлер мен авиатехниктерге берiледi.
Куәлiктерде көрсетiлген квалификациялық белгiлер оның иесiне белгiленген жұмыстарды орындауына хұқық бередi. Ортақ негiздегi авиация пилоттарына әуесқой - пилот куәлiктерi берiледi.
5. Азаматтық авиация маманының немесе ортақ негiзгi авиация пилотының куәлiгi бас кезiнде 18 жастан асқан адамға ғана берiлуi мүмкiн.
6. Азаматтық авиация мамандары ортақ негiздегi авиация пилоттары классификациядан өту кезiндегi денсаулығы барлық белгiленген талаптарға сай болуы керек, сонымен қатар берiлген класына және квалификациясына сәйкес теориялық бiлiмiн, практикалық тәжiрибесiн көрсете бiлуi керек.
7. Квалификация деңгейiн анықтау, класс беру, куәлiк мерзiмiн ұзартуға Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникациялар Министрлiгi әуе транспорты Департаментi жанынан құрылған жоғарғы квалификация комиссиясы (ЖКК) және жергiлiктi квалификация комиссиялары iске асырылады.
8. Басқа өзгерiстермен толықтырулар комиссия төрағасы мен оның бiрiншi орынбасарының ұсынуы арқылы, әуе транспорты Департаментi директорының нұсқаумен енгiзiледi.
Жоғарғы квалификация комиссиясы
1. Жоғарғы квалификация комиссиясы (ЖКК) өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникациялар Министрлiгi әуе транспорты Департаментiнiң бабы және осы бап бойынша iске асырады.
2. Жоғарғы квалификация комиссиясы "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы базасында, әуе транспорты департаментi жанынан ұйымдастырылады.
3. ЖКК-ны Департамент директорының ұсынуы бойынша көлiк және коммуникациялар Министрi бұйрықпен бекiткен Департамент директорының орынбасарынан тағайындалған төраға басқарады.
4. ЖКК төрағасы өз жұмысы бойынша тiкелей әуе транспорты Департаментiнiң директорына бағынады.
5. ЖКК төрағасының бiрiншi орынбасары ЖКК төрағасының ұсынуымен, Қазақстан Республикасы көлiк коммуникация Министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
6. ЖКК мүшелерiнiң құрамы ЖКК төрағасы мен оның бiрiншi орынбасары арқылы анықталады, әуе транспорты Департаментiнiң директоры бекiтедi және Қазақстан Республикасындағы авиакомпаниялар, азаматтық авиация ұйымдарының кәсiпорын мамандарынан тұрады.
7. Жұмыстарды жүргiзу мақсатымен ЖКК төрағасы комиссиясының секторын және оның көмекшiсiн тағайындайды.
ЖКК мамандарына қойылатын талаптар
1. ЖКК төрағасы:
- азаматтық авиация мамандығы бойынша жоғарғы бiлiмi болуы керек;
- басшылық қызметке жұмыс iстеу тәжiрибесi 5 жылдан кем болмауы керек.
2. ЖКК мүшелерi:
- арнайы авиациялық бiлiмi болу керек (пилоттар, штурмандар және бортинженерлерге жоғарғы бiлiм);
- мамандығы бойынша ең жоғарғы квалификациясы болу керек.
- басшылық қызметтерде iстеу тәжірибесi болу керек.
ЖКК-ның қызметi және мiндеттерi
1. Квалификация берудiң нормативтiк базасын құру, азаматтық авиация мамандарына және әуесқой-пилоттарға куәлiк беру, мамандарды класс жағынан көтеруге ұйымдастырылатын жұмыстардың белгiленген ережелер, нормалар бойынша өтуiн тексеруге алу.
2. Азаматтық авиация мамандарына және ортақ негiздегi авиацияның пилоттарына куәлiк беруде ИКАО стандарттары мен ұсыныстарын оқу және iске асыру.
3. Авиакомпаниялар, кәсiпорындар мен ұйымдардың, ведомстволардың жанынан құрылған жергiлiктi комиссиясының қызметiн тексеру.
4. Азаматтық авиация мамандарының квалификациясын көтеру негiзiнде олардың теориялық бiлiмдерiн, ұшуды меңгеру техникасын, ұшақты меңгеруiн, практикалық тәжiрибелерiн тексеру мақсатымен сынақтар ұйымдастыру және өткiзу.
5. Азаматтық авиация мамандарының классификациядан өткеннен кейiнгi теориялық, практикалық дайындықтарын тексеру, егер олардың деңгейi белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда класс бойынша төмендету немесе берiлген куәлiктердi жарамсыз деп санау.
6. Ортақ негiздегi авиация пилоттарын және азаматтық авиация мамандарын дайындау мен және қайта дайындаумен айналысатын Қазақстан Республикасындағы субъектiлердiң қызметiн сертификациялау.
7. Куәлiк мерзiмiн ұзарту және квалификация деңгейiн анықтау:
- әуе транспорты Департаментiнiң орталық аппаратының ұшқыштық командылық құрамына;
- авиакомпания президенттерiне, азаматтық авиацияның ұйымдары мен мекемелерiнiң басшыларына, инспекция басшыларына және жетекшi пилоттарға;
- азаматтық авиацияның әуе кемесi бар ұйымдар мен ведомстволардың директорларына, ОРЛ жөнiндегi орынбасарларына, жетекшi және бас мамандарға.
8. Мамандарға I-шi класты атақ беру және куәлiк тапсыру:
- пилоттарға;
- штурмандарға;
- бортинженерлерге;
- әуе қозғалысы қызметiнiң диспетчерлерiне;
9. Ұшу кезiндегi көрсеткен жоғарғы кәсiби шеберлiгi үшiн кезексiз берiлетiн мамандық класын ұсыну жөнiндегi материалдарды қарау.
10. Авиакомпаниялар ұйымдар мен ведомстволардың жергiлiктi комиссиясының мамандық класын беру, белгiленген куәлiктердi беру туралы шешiмдерiн қарау және бекiту.
11. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн бас инспекцияның мамандарымен, және авиакомпаниялар, ұйымдар мен ведомстволардың өкiлдерiмен бiрлесе отырып, куәлiктердi алынып жұмыстан босатылған адамдардың ұшу жұмысына қайта алыну жөнiндегi материалдарын қарау.
12. Азаматтық авиация мамандарын топтастыру жөнiндегi жергiлiктi комиссиялардың шешiмiне қарсы түскен арыздарды қарау, және осы баптың талаптарын түсiндiру.
13. Азаматтық авиация мамандарына берiлген куәлiктердi санау тiзiмiн жүргiзу, пилоттарға, штурмандарға, бортинженерлерге, әуе қозғалысы қызметiнiң диспетчерлерiне арналған мәлiметтер (картотекалар) жүргiзу. Iс жүргiзу жұмысын жүргiзу.
ЖКК-ның жұмысын ұйымдастыру
1. ЖКК өз жұмысын Департамент директоры бекiткен айлық және жылдық жоспарларға сай iске асырады.
2. Жұмыс тәжiрибесiн ортақтау мақсатымен жылына бiр рет Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиакомпаниялары, ұйымдары, ведомстволары жанынан құрылған жергiлiктi комиссияларының төрағалары мен секторлары бас қосқан жиын өтедi.
3. ЖКК мүшелерiнiң жұмыс уақыттары есептелiп, белгiленген тәртiп бойынша еңбекақы төленедi.
4. Квартал сайын өткiзiлетiн жиналыстарда төраға мамандарды класс бойынша көтерудiң жоспарын бекiтедi.
5. ЖКК шешiмдерi және мамандардың куәлiктерi Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиакомпаниялары, ұйымдары мен ведомстволары жанынан құрылған жергiлiктi квалификация комиссиясына жiберiледi.
6. ЖКК азаматтық авиация мамандарына арналған куәлiк бланкiлерiне сұраныс жасайды, сонымен қатар санақ қағаздары, журналдар мен тiзiмдерге де сұраныс жасалады.
ЖКК төрағасының мiндеттерi мен хұқығы
(ЖКК төрағасының бiрiншi орынбасары)
1. ЖКК төрағасы (бiрiншi орынбасар) мiндетi:
- ЖКК-ге қойылған мiндеттер мен қызметтердiң орындалуын қамтамасыз ету;
- Класс бойынша көтеруге (түсiруге) ұсынылынған кандидаттарға қойылған бiлiм бағаларының объективтiлiгiн тексеру, белгiленген талаптарға жауап бермейтiн класс бойынша көтеруге, куәлiк беруге жол бермеу.
- Классификация жасау және куәлiк беру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды жасауды ұйымдастыру.
- Iс жүргiзу жұмысын тексеру, бланкiлердi сақтауды және санауды ұйымдастыру;
2. ЖКК төрағасы (бiрiншi орынбасары) хұқықты:
- Азаматтық авиация мамандарының тиiстi басшыларының келiсiмiмен ЖКК жұмысына қажеттi адамдарды тартуға;
ЖКК және жергiлiктi квалификация комиссиясының мүшесi болып табылмайтын мамандарға кейбiр жағдайларда ұшу техникасын, ұшақты меңгерудi және практикалық тәжiрибелерiн тексерудi жүргiзуiне рұқсат етуге.
- жергiлiктi квалификация комиссияларының төрағаларынан және секретарларынан анықтамалар, есеп беру және мамандарының классификациясы жөнiндегi хабарларды талап етуде.
- Мамандарды классификациялау туралы жұмыс ережелерi мен оның барысы туралы авиакомпаниялар, ұйымдармен ведомстволардың жанына құрылған жергiлiктi квалификация комиссиясына және мамандарға түсiнiктемелер беруге.
- Мамандардың куәлiктерiнiң екiншi данасын (дубликатын) беруге.
3. ЖКК төрағасы бiрiншi орынбасары (ЖКИ) (жерг.) жұмысының ұйымдастырылуына, тексерумен қамтамасыз етiлуiне жауапты.
ЖКК мүшелерiнiң сандық құрамы, қызметiн мiндеттемелерi және хұқықтары ЖКК төрағасы (бiрiншi орынбасары) арқылы анықталады және әуе транспорты Департаментiнiң директоры бекiтедi.