"Әйелдердiң бедеу болуы үшiн хирургиялық операция жасауға рұқсат ету"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлiгi 1995 жылғы 6 маусым N 250. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 101 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.02.2014 № 101 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 ж. 10 қаңтардағы N 1108-ХII Қаулысын орындау барысында "Қазақстан Республикасы Заңына енгiзу тәртiбi туралы", "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" және әйелдердiң денсаулығын сақтау, олардың жасанды түсiк жасатуы мен өлiмiн төмендету мақсатында бұйырамын:
      1. Облыстық және қалалық әкiмшiлiк денсаулық сақтау бөлiмдерiнiң меңгерушiлерi мен басқарма бастықтарына:
      1.1. Әйелдердiң бедеу болуы үшiн хирургиялық операция жасау мәселесiн шешу мақсатында акушер-гинеколог, терапевт, хирург дәрiгерлер мен басқа да мамандардан тұратын комиссия ұйымдастырылсын.
      1.2. Әйелдердiң бедеу болуы үшiн хирургиялық операция жасауға, жедел пельвиоскоп әдiстi меңгеретiн мамандары және тиiстi жабдықтары бар емдеу алдын алу орындары анықталсын.
      2. "Медтехника" Акционерлiк қоғамы (Герасименко Г.Л.) 1995-1996 жж. iшiнде денсаулық сақтау басқармаларының сұраныстарына қарай Денсаулық сақтау министрлiгiндегi орталық қаржыдан жедел папароскоптар және хирургиялық тазалауға жабдықтар жиынтығын сатып алсын.
      3. Облыстық және қалалық денсаулық сақтау бөлiмдерi мен басқармалары хирургиялық бедеулiк әдiстi оқытуға (үйретуге) акушер-гинеколог дәрiгерлерден Республикалық ана мен баланың денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығына кандидаттар ұсынсын.
      - Республикалық ана мен баланың денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы (Қайыпова Н.Ә.) 1995 жылдан бастап олардың дайындықтарын ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 1992 ж. 23

 

шiлдедегi "Әйелдердiң бедеу болуы үшiн хирургиялық операция жасауға рұқсат

ету" бұйрығының күшi жойылды деп есептелiнсiн.

     5. Бұл бұйрық керектi мөлшерде көбейтiлсiн және барлық алдын алу

емдеу мекемелерiне осы мәлiмдеме жеткiзiлсiн.

     6. Бұл бұйрықтың орындалуын министрдiң бiрiншi орынбасары

А.Д.Дүйсекеевке тапсырамын.

             Бекiтемiн:

     1. Әйелдердiң бедеу болуы үшiн хирургиялық операция жасауға болатын

медициналық көрсеткiштер мен қайшы көрсеткiштердiң

             тiзiмi (Қосымша N 1)


     Министр


                                Қазақстан Республикасы

                                Денсаулық сақтау

                                министрлiгiнiң бұйрығына

                                "  "       ж.    N


         Әйелдердi бедеу жасайтын хирургиялық операциялардың

         көрсеткiштерi мен қайшы көрсеткiштерiнiң тiзiмi


     Әйел қалаған жағдайда хирургиялық бедеулiктi мынандай көрсеткiштер

болғанда жасауға болады:

     1. Балалары (санына қарай) болған жағдайда, қайтадан кесер отауын

жасау керек болса;

     2. Консервативтi миоэктомия жасаудан пайда болған жатыр тыртығы;

     3. Қазiргi кезде бар не бұрын қатерлi iсiктердiң қай жерде

орналасқанына қарамай;


 
       4. Эндокриндi жүйе аурулары: қалған безi ауруының ауыр және орта жағдайындағы түрлерi (жемсау болса да болмаса да); Туа және өмiр сүру барысында пайда болған гипотироздық компенсация жасай алмаған кезiнде; қант диабетiнiң ауыр түрi, қант диабетiмен жұбайлардың әрқайсысы ауырғанда; гиперпаратироз; гипопаратироз; қантсыз диабет; бүйрек үстi бездерiнiң ауруы; аурудың асқынған кезiнде не күрделi емдеуден кейiнгi әлi де аурудың халi ауыр жағдайында;
      5. Қан, қан түзейтiн ағзалардың ауруы, апластикалық қан аздығы; пурпура және қан тамырларының қабырғасының өткiзгiштiгi өзгерiсiнiң ремиссия кезiнде; көп бала тапқан әйелдiк жүктi кезiндегi созылмалы қан аздығы (өте ауыр түрi немесе кенеттен көп қан кетсе (НВ-50 г) л және бұрын төмен, эритроциттер - 2,0-10(12) және бұдан төмен болса; гематрокит - 22 процент және бұдан төмен);
      6. Психикалық өзгерiстер (психоневрологиялық мекемелерi куәландырған болашақ баланың не әкесiне не шешесiне берiлген куәлiктер): психоздар; алкогольдi психоздар; дәрi-дәрмектен болған психоздар; өтпелi психоневротикалық жағдайда; органикалық аурулардың зардабынан пайда болған басқа психоневротикалық жағдай (созылмалы) шизофрениялық психоздар; аффективтi психоздар параноидтық жағдай; басқа да органикалық емес психоздар; өзiн-өзi танымау; созылмалы алкоголизмнiң барлық түрлерi, токсикомандар (дәрiге бағыныштылығы), ақыл-ой кемшiлiгi;
      7. Жүйке жүйесiмен сезiм ағзаларының аурулары: ОЖЖ-ның қабынған аурулары-бактериалды, басқа да қоздырғыштардан пайда болған менингит, себебi белгiсiз менингит, энцефалит, меилит және энцефаломиелиттер; цистицеркоз; ОЖЖ-ның тұқым қуалайтын және дегенеративтi аурулары; ОЖЖ-ның басқа да аурулары - ұмытшақ склероз - барлық түрлерi; жүйке жүйесiне қатты әсер ететiн ОЖЖ-ның басқа аурулары; қояншық-барлық түрлерi; каталепсия мен нарколепсияның барлық түрi; қабынуын, уланудан пайда болған невропатиялардың барлық түрi, ұстамалы гиперсомния; бұлшық ет дистрофиясы мен оның басқа да түрлерi; көздiң тор қабығының қабатталуы мен кемшiлiгi; көз қарашығының ауыр түрдегi аурулары; глаукома - барлық кезеңдерде; көз аккомадациясы мен рефракциясының ауыр түрлерi; көзiлдiрiк арқылы көрудi жақсартуға болмайтын жағдайда; көру кеңiстiгi азайғанда айналаны көруi 10 проценттен аспаса; соқырлық, көрудiң төмендеуi (екi көздiң көруi 0,05 төмен болса). Кератиттiң ауыр түрлерi; көру жүйесiнiң қабынуы. Басты айналдырушы синдромдар мен тепе-теңдiк аппаратының аурулары. Есту органдарының склерозының барлық түрлерi, естiркiш жүйе ауруынан болған естудiң әрi қарай төмендеуi. Туа пайда болған естiмеу мен мылқаулық;
      8. Қан айналу жүйесiнiң аурулары; активтi фазадағы ревматизм; созылмалы ревматикалық перикардит; жүректiң жүрекше қарыншасы арасындағы екi, үш қақпақшалы түсiктерiн және қолқа қақпақшаларының толық жаппауынан пайда болған жүрек ақауы қан айналу жетiспеушiлiгiне әкеп соқтырса; қолқа қақпақшасы мен екi құлақты қақпақшаның жетiспеушiлiгiнен пайда болған жүрек ақауы; II-А стадиясындағы гипертония ауруы, қан қысымы ай сайын көп деңгейге көтерiлiп отырса, II-В, III стадиялары; қан қысымы қауiптi деңгейге дейiн жоғарлатып, қайтiп төмендемейтiн болса; жүрек қан тамырларының аурулары; өкпедегi қан айналымының бұзылуы салдарынан болатын жүрек қызметiндегi жетiспеушiлiк; жедел, созылмалы перикардиттер. Инфекциялы аллергендi миокардиттер; жүрек соғуының өзгеруi; (жүрекше мен қарыншаның тартылып жиырылуы). Қан тамырларының ауа, тромб арқылы бiтелуi, қолқа тамыры қабырғасының созылып кеңеюi. Түйiндi периартериттер мен осыған жақын жағдайлар; туа болған жүрек ақаулары, қан айналу жүйесiндегi басқадай да туа пайда болған ақаулар. Митральдi комиссуротемин арқылы тарылған тесiктi кеңейтуден қан қысымы жоғарыласа, ревматизм ауруы қозса, қақпақшаларға протез салынған болса;
      9. Тыныс жолдарының ауруы: көмекей стенозы, бронх демiкпесi ауыр түрi, Бронхэктаз ауруы-ауыр түрi, өкпе жетiспеушiлiгi бар өкпеплевра аурулары, тыныс ағзаларының амилоидозы; кеңiрдекпен бронхтардың тарылуы;
      10. Асқазан ағзаларының ауруы: кеңейтуге болмайтын өңештiң тарылуы мен стенозы; жасанды өңеш; қан кететiн және стенозға әкеп соқтыратын асқазан мен ұлтабар жарасы; Қарын боршаларын ыдыратқан iс қуысынан пайда болған үлкен жарық; қан кететiн жұқпалы ауруы және тоқ iшек аурулары; оталға қарын синдромы; iшектегi сiңiрудiң бұзылуы; бауырдың созылмалы аурулары мен циррозы; өттiң тас ауруының созылмалы-қозғыш түрлерi; өт жолдарының басқада аурулары; ұйқы безi аурулары;
      11. Жыныс ағзалары мен зәр шығару жүйесiнiң аурулары: Жедел және созылмалы (қозғыш) гломерулонефрит; жедел және созылмалы бүйрек жетiспеушiлiгiне соқтырған бүйрек инфекциясы; қан қысымын тұрақты жоғарылататын бүйрек инфекциясы; жалғыз бүйректiң инфекциялық ауруы; екi жақтылы гидронефроз, жалғыз бүйректiң гидронефрозы; бүйрек жетiспеушiлiгiне соқтыратын туа болған екi бүйректiң поликистозы; әйелдердiң жыныс ағзаларының жыланкөзi және осыларға жасалған операциядан кейiнгi жағдай;
      12. Сүйек-борша жүйесiнiң және жалғастырғыш ткань аурулары; ревматоидтық артриттер мен басқада қабыну артропатиялары; омыртқа жүйесiнiң қозғалмауы; остеоондропатиялар; қол мен саусақтардың кесiлуi (бәрi немесе 4 саусақ; аяқ пен табанның толық кесiлуi);
      13. Туа болған ауытқулар: жаңа туған балалардағы бiр типтi ауытқулардың қайталануы; хромосом ауытқуымен туған бала; ата-анасының бiрiнде болған ауытқушылықтың тұқым қуалау арқылы берiлуi;
      14. Тұқым қуатын аурулар: жұбайларда кездескен гетерезиготты нәсiл қуушылықпен көптеген гендер арқылы берiлетiн аурулар (амин қышқылды, көмiрсутектi гликопротеиндi зат алмасуының бұзылуы) егер осы аурулар бар балалардың бiреуiнде анық табылса; еркек нәсiлi арқылы берiлетiн аурулар (гемофилия, Дюшен типтес миопатия) егер туар баланың еркек нәсiлдi екенi тумай тұрып анықталған жағдайда;
      15. Өмiрге маңызды ағзалардың алып тасталуына байланысты, операция жасағаннан кейiнгi жағдай (өкпе толық немесе бiр бөлiгi, бүйрек т.б.).
      Хирургиялық бедеулiктi жасауға қайшы көрсеткiштер: жедел өрбитiн жұқпалы аурулар, жедел қабынатын аурулар, өмiрге маңызды органдарының созылмалы ауруларының шегiне жеткен түрi.
      Хирургиялық бедеулiктi бала туғаннан және жасанды түсiктен кейiн жасауға болмайды.
      Хирургиялық бедеулiктi медициналық көрсеткiштерге сай, арнайы парақты толтырудан кейiн жұбайлардың келiсуiмен жасалады.
      Хирургиялық бедеулiктiң жасалуын және көрсеткiштердiң дұрыстығын анықтауды құрамында акушер-гинекологтар, терапевтер және басқада мамандар бар алқа шешедi.
      Хирургиялық бедеулiктi тек қана арнайы хирургиялық бедеулiк әдiстi меңгерген акушер-гинекологтар жасайды.
      Хирургиялық операция жасау арқылы бедеу болған әрбiр әйелге

 

"Аурулардың амбулаторлық медициналық картасы" толықтырылады: (үлгiсi N 026

у) қорытынды (анықталған) диагноздарын тiркейтiн мәлімет талоны

толтырылады (үлгiсi N 025-2 у), гинекологиялық стационарда операция

журналын Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлiгi бекiткен үлгi

бойынша мәлiметтер толтырылады, стационарлы ауру адамның медициналық

картасы (үлгi N 003-У), сонымен қатар әйелдер консультациясына және

поликлиникаға шығар кездегi жағдайы көрсетiлген анықтама берiледi.


      Қазақстан Республикасы Денсаулық

      Сақтау Министрлiгiндегi ана мен

      баланың денсаулығын сақтау

      басқармасының бастығы







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады