Шетелдiк несиелер мен займдарды тiркеу жөнiндегi Нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi 1995 жылғы 1 тамыз N 194 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 13 қарашадағы N 129 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

     1. Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасына шетелдiк несиелердi тарту жөнiндегi жұмысты тәртiпке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 8 ақпандағы N 139 Қаулысын орындау мақсатында жасалды. Ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнде шетелдiк несиелер мен займдарды тiркеу тәртiбiн айқындайды және оны тiркеу сәтiнен бастап (Қаржы министрлiгi бойынша 1994 жылғы 4 мамырдағы N 112 бұйрықпен бекiтiлген шетелдiк несиелердi тiркеу туралы Нұсқаулықты алмастырып) iске қосылады.
     2. Қаржы министрлiгiнде:
     - халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдiк банктердiң және басқа да несиегерлердiң үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне;
     - Мемлекеттiк кепiлдiктер (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiктерi) ретiнде Қазақстан Республикасының банктерiне, кәсiпорындарына, ұйымдары мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне ұсынылған барлық шетелдiк несиелер мен займдар тiркелуге жатады.
     3. Несие мен займды тiркеу үшiн Заем алушы (несие немесе займ келiсiмiнде займ алушы ретiнде тiркелген ұйым) тараптар аталған келiсiмге қол қойған сәттен бастап 7 күндiк мерзiмде осы келiсiмнiң түпнұсқасын Қаржы министрлiгiне беруге мiндеттi.
     4. Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару мақсаттары үшiн тiркелетiн шетелдiк несиенi немесе займды қамтуға өкiлдiгi бар займ алушы мен банк нақ осындай мерзiмде несие (займ) келiсiмiнде сiлтеме жасалған барлық құжаттар мен қосымшаларды (өкiмдiк құжаттарды, контрактiлердi, кепiлдiктер мен қарсы кепiлдiктердi, өтем сызбаларын, төлем кестелерiн және т.б.) бередi.
     5. Тiркеу талап етiлген құжаттардың соңғысы берiлген күннен бастап 10 күн iшiнде жүргiзiледi.
     6. Қаржы министрлiгiнде несие келiсiмiнiң түпнұсқасы және соңғысына қоса тiркелетiн барлық басқа құжаттардың көшiрмелерi қалады.
     7. Займ алушыға белгiленген нысандағы Куәлiк берiледi (1-Қосымша). Бұл куәлiк шетелдiк несиенiң немесе займның Қазақстан Республикасының сыртқы қарызды басқару жүйесiнде тiркеу фактiсiн діттейдi және Займ алушының аталған несиенi немесе займды өткiзуiне (игеруiне) Қаржы министрлiгiнiң рұқсаты болып табылады.
     8. Шетелдiк несие немесе займ белгiленген мерзiмде тiркелмеген жағдайда Қаржы министрлiгi тiркелмеген несиенi (займды) тежеу немесе күшiн тоқтату жөнiнде шаралар қолданады.
     9. Тiркелген несие немесе займ келiсiмiндегi барлық өзгерiстердi Займ алушы несиенi (займды) тiркеу үшiн белгiленген мерзiм мен тәртiпте беруi тиiс.

                                   Шетелдiк несиелер мен займдарды
                                    тiркеу жөнiндегi Нұсқаулыққа
                                               1-Қосымша

                                       Қазақстан Республикасының
                                            Қаржы министрлiгi

                    Тiркеу куәлiгi N

_____________қаласы                   "___"___________199__ж.

осы арқылы төмендегi куәландырылады:
а) Займ алушы___________________________________________________
Қаржы министрлiгiне 19__жылғы "___" ____________________________
N____________несие келiсiмiн ұсынды.
Келiсiмнiң түрi  (МНК, ШНК)____________несиенiң тұрпаты_________
Несиегер___________________(несиегердiң атауы, тұрағы)__________
Займ алушы _____________ (займ алушының атауы, тұрағы)__________
Несие (займ) сомасы____________________валютаның атауы__________
Игеру кезеңi: басталатын уақыты - аяқталатын уақыты (пайдалану
мерзiмi)
Өтеу кезеңi: басталатын уақыты - аяқталатын уақыты
Өтеу көздерi: 1. - (көздiң атауы мен үлес процентi)_____________
             2. _______(көздiң атауы мен үлес процентi)________
Iлеспе шығындар көздерi:
шығындардың атауы_______________________________көзi____________
шығындардың атауы_______________________________көзi____________
б) Осы несие келiсiмiне мына құжаттардың көшiрмелерi тiркелiп отыр:
__________________________________________________________________
Рет: Құжаттың түрi                 : Құжаттың       :Рәсiмделген
N                                      N               уақыты
__________________________________________________________________
 1.      . . .                        . . .            . . .
 2.      . . .                        . . .            . . .
. . .     . . .                        . . .            . . .
__________________________________________________________________
в) Қаржы министрлiгi а) тармағында көрсетiлген несие келiсiмiн
тiркедi және оны Займ алушыға оны жүзеге асыруға кiрiсуге рұқсат етедi.

    Қазақстан Республикасы
    Қаржы министрiнiң орынбасары                 ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады