Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерінің жеке меншігіне автомотокөлік құралдарын сату тәртібі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1995 жылғы 27 қыркүйектегі N 237 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 27 қарашада тіркелді. Тіркеу N 133. Күші жойылды - ҚР Iшкi Iстер Министрлiгiнің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 713 Бұйрығымен.

----------------Бұйрықтан үзінді----------------------

     Ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң мынадай:
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1995 жылғы 27 қарашада N 133 болып тiркелген "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерiнiң жеке меншiгiне пайдалану мерзiмдерi өткен және есептен шығаруға жататын автомотокөлік құралдарын сату тәртiбі туралы ереже" туралы 1995 жылғы 27 қыркүйектегі N 237...     

     Министрдiң міндетін атқарушы
     полиция генерал-лейтенанты

__________________________________

     Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлеріне автомотокөлік құралдарын сату тәртібін реттеу мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

     1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерінің жеке меншігіне автомотокөлік құралдарын сату тәртібі туралы" Ереже бекітілсін (N 1 қосымша).

     2. Жол-көлік оқиғасына тап болған және оларды жөндеу экономикалық жағынан тиімді емес автомотокөлік құралдары Қазақстан Республикасы ІІМ 1994 ж. шілденің 27-дегі N 206 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының ІІМ Шаруашылық басқармасына тиісті құжаттар ұсынылғаннан соң және Қазақстан Республикасы ІІМ негізгі құралдарды есептен шығару жөніндегі Орталық комиссиясының тиісті шешім қабылдағаннан кейін осы бұйрықтың 1 тармағымен бекітілген Ережеде көзделген тәртіппен сатылады.

     3. Алматы қалалық ІІББ, облыстық ІІБ, көліктегі Қазақстан Республикасы ІІМ орындарының бастықтары:
     3.1. Сатылатын автомотокөлік құралдарының техникалық күйіне баға беру және оларды сату құнын белгілеу жөніндегі комиссиясының құрамын бекітсін.
     3.2. Есептен шығарылатын автомотокөлік құралдарын есепке қою және сату мәселелерінде жариялылық пен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасы ІІМ аппаратында осы бұйрықты орындауда есептен шығарылатын автомотокөлік құралдарын сатып алуға өтініш жасаған қызметкерлердің есебін жүргізу бөлігі _______ орталық тұрғын үй-тұрмыс комиссиясына автомотокөлік құралдарына баға беру бөлігі ________ негізгі құралдары есептен шығару жөніндегі Орталық комиссияға жүктелсін.

     5. Мыналардың күші жойылды деп саналсын:

     ________ 1990 жылғы желтоқсанның 25-дегі N 8/3-788 Қазақ КСР ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерінің жеке пайдалануына есептен шығарылатын автомотокөлік құралдарын сату мәселелері жөніндегі ұсыныстар;
     ________ 1991 жылғы қазанның 18-дегі N 7/2-435, 1992 жылғы наурыздың 8-дегі N 8/3-85 "Автомобильдердің құнын белгілеу жөніндегі методикалық әдебиеттер".

    Министрдің
    міндетін атқарушы
    милиция полковнигі

Қазақстан Республикасы  
1995 жылғы 27 қыркүйек  
N 237 бұйрығына     
қосымша          

Пайдалану мерзімі өткен және есептен шығарылатын
автомотокөлік құралдарын Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен зейнеткерлерінің жеке меншігіне
сату тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

     Осы ереже "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына, "Әскери қызметшілер мен олардың әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының II бабына, "Мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіліп берілген мүлікке шаруашылықты жүргізу құқығы мен иелік тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы қарашаның 19-дағы N 1163 қаулысына сәйкес дайындалады және пайдалану мерзімі өткен автомотокөлік құралдарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Алматы қалалық ІІББ мен Ленинск қалалық ІІБ, облыстық және көліктегі, қалалық, қаладағы аудандық ішкі істер басқармаларының, ішкі істер органдарының поселкелік бөлімшелерінің айрықша және режимді объектілердің, оқу орындарының, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерінің жеке меншігіне сатудың және есеп жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

2. Автомотокөлік құралын сатып алуға өтініш
жасаған адамдардың есебін жүргізу тәртібі

     2.1. Автомотокөлік құралын сатып алуға өтініш жасаған адамдар ІІМ, ІІББ, ІІБ, КІІБ, айрықша және режимді объектілердің, оқу орындарының басшылығына осы туралы рапорт (өтініш) береді. Басшы шешім қабылдамас бұрын рапортты (өтінішті) аталған ішкі істер органының тұрғын үй-тұрмыс комиссиясының төрағасына жібереді.
     2.2. Пайдалану мерзімі өткен автомотокөлік құралын сатып алуға өтініш жасаған адамдардың есебін жүргізуді ішкі істер органының тұрғын үй-тұрмыс комиссиясы белгілеген тәртіпте жүзеге асырады.

3. Автомотокөлік құралын сатып алуға өтініш
жасаған ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен зейнеткерлерінің рапорттарын (өтініштерін)
қарау тәртібі

     3.1. Пайдалану мерзімі өткен автомотокөлік құралдары күнтізбе бойынша есептеумен ішкі істер органдарында 20 және одан көп жыл қызмет атқарған немесе жұмыс істеген, оның ішінде зейнеткер, қызметкерлерге (аттестациядан өткендер мен еркін жалдамалылар құрамы) сатылады. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген адамдар, көп балалы отбасын асырап отырғандар автомотокөлікті жеңілдік жағдайында сатып алуға құқылы.
     3.2. Ішкі істер органының тұрғын үй-тұрмыстық комиссиясы өзінің мәжілісінде келіп түскен рапорттарды (өтініштерді) қарайды және кезектегілердің тізімін жасайды (жалпы тізім және жеңілдіктер берілген адамдардың тізімі), оны ішкі істер органының бастығына бекітуге ұсынады.
     3.3. Ішкі істер органының басшысына автомотокөлік құралын сату туралы шешімді жоғары тұрған органның басшысы қабылдайды. Сату туралы құжаттарды одан әрі ресімдеу осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

4. Сатылған автомотокөліктің нақты күйі
мен құнын бағалау тәртібі

     4.1. Сатылатын автомотокөлік құралының нақты күйін бағалау жылжымалы құрамның техникалық күйі актісін ресімдей отырып жүзеге асырылады. Оны ішкі істер органында осы мақсатта құрылған комиссия толтырады. Комиссияның жұмысына міндетті түрде мемавтоинспекция, шаруашылық және қаржы қызметтерінің өкілдері қатысады.
     Осы комиссия автомотокөлік құралын көзбен шолып қарау, техникалық күйін, жинақталуын тексеру және құжаттармен танысу арқылы хаттама толтырады және бағалану құнын анықтайды.
     Сатылатын автомотокөлік құралының құнын бағалау үшін негіз етіп ішкі істер органының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оны қалпына келтіру құны алынады. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы қазанның 21-дегі N 1178 қаулысымен бекітілген "Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің негізгі қорларын (қаражатын) индекстеу тәртібі туралы" Ережеге сәйкес жүргізілетін индекстеу ескеріледі.
     Сатылатын автомотокөлік құралының бастапқы құны оны қалпына келтіру құнының мөлшерін жеке құрамның амортизациялық қаржысының нормаларын, оларды пайдалану мерзімін басшылыққа ала отырып, бағаланған сәттегі бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептелген және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті ай сайын белгілеп тұратын инфляция индексімен (баға индексі) түзетілген тозу мөлшеріне келтіру арқылы есептелген қалдық құны бойынша анықталады. 90 проценттен астамы тозған немесе толығымен амортизациядан шығарылған, бірақ пайдаланып жүрген автомотокөлік құралдарының қалдық құны қалпына келтіру құнының 10 проценті мөлшерінде анықталады.
     Егер сатылатын автомотокөлік құралы бөлшектелген жағдайда, негізгі тораптары мен бөлшектерінде (агрегаттарында) ақаулық болса, онда бағалау комиссиясы автомотокөлік құралының жалпы қалдық құнына қатысты қандай ақауға түсіру коэффициентін (барлық ақауларға кемінде 0,5) қолдануға болатынын анықтайды (автомотокөлік құралын бағалау мысалы осы Ережеге N 2 қосымшада келтірілген).

5. Сату тәртібі, қажетті құжаттарды
дайындау және ресімдеу

     5.1. Кезекте тұрғандардың тізімін бекіткеннен кейін және пайдалану мерзімі өткен, есептен шығарылатын (соның ішінде одан әрі пайдалану экономикалық тиімсіз) және сатылатын автомотокөлік болған жағдайда ішкі істер органының басшысы жиналысының (аукционның) барысына бақылау жасауға және автомотокөлік құралдарын сатуға құқық беру туралы рұқсат сұрап, аумақтық Жекешелендіру комитетіне өтініш жасайды.
     Автомотокөлік құралдары аумақтық Жекешелендіру комитетінің шешімі бойынша басқа ұйымдар арқылы сату үшін де берілуі мүмкін.
     5.2. Есептен шығарылатын және сатылатын автомотокөлік құралдары, сондай-ақ аумақтық Жекешелендіру комитетінің тиісті рұқсаты болған жағдайда ішкі істер органының тұрғын үй-тұрмыс комиссиясы автомотокөлік сатып алуға рапорт (арыз) берген адамдардың жалпы жиналысын шақырады. Жалпы жиналысқа кезекте тұрғандардың жартысынан астамы қатысса, ол өкілетті болып саналады.
     5.3. Жалпы жиналыс автомотокөлікті сату тәртібі туралы төмендегі шешімнің бірін қабылдайды.
     5.3.1. Сатылатын автомотокөлік құралын жалпы немесе жеңілдік берілгендердің тізімімен кезек бойынша иелікке алу құқын беру туралы;
     5.3.2. Барлық кезекте тұрғандардың арасында аукцион өткізу туралы. Бұл жағдайда автомотокөлік құралы сауда барысында ең жоғары баға ұсынған адамға сатылады.
     Жалпы жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді және егер ол үшін қатысып отырған кезектегі адамдардың жартысынан артығы дауыс берген жағдайда құқылы болып есептеледі.
     5.4. Автомотокөлік құралын нақты адамға сату туралы ұсынған материалдарды (жалпы жиналыс немесе аукцион хаттамалары) қараған ішкі істер органының басшысы шешім қабылдайды және оны ішкі істер органы бойынша бұйрықпен ресімдейді.
     5.5. Дайындалған құжаттар қарау және келісу үшін аумақтың Жекешелендіру комитетіне ұсынылады. Аумақтың жекешелендіру комитеті оңды шешім қабылдаған жағдайда ішкі істер органы бастығының бұйрығында көрсетілген адамға автомотокөлік құралын сатуға рұқсат ететін құжат береді.
     5.6. Автомотокөлік құралы сатылатын адаммен жазбаша түрде сатып алусату шарты жасалады. Келісімге келген екі жақ: "Сатушы"-ішкі істер органының бастығы және "Сатып алушы"-автомотокөлік құралын сатып алатын адам болып табылады. Сатып алу-сату келісімінің негізгі болып кезекте тұрғандардың жалпы жиналысының (аукцион нәтижесі) шешімі мен ішкі істер органы басшысының бұйрығына сәйкес сатылатын автомотокөлік құралы болып табылады.
     5.7. Сатып алу-сату келісімінде келесі пункттер болуы керек:
     5.7.1. Автомотокөлік құралының аты, түсі және кузов нөмірі (рама), двигатель, шасси, шыққан жылы.
     5.7.2. Сатып алу-сату бұйымының бағасы.
     5.7.3. "Сатып алушының" міндеттері:
     - тиесілі соманы банкілік жеті күн ішінде толық төлеу;
     - "Сатушыдан" сатып алынған автомотокөлік құралын төлемнен кейін қабылдау және қабылдау-беру актісіне қол қою;
     - қабылдау-беру актісіне қол қойылмағаннан кейін автомотокөлік құралын ұстауға жұмсалатын шығынын өзіне алуы.
     5.7.4. "Сатушының" міндеттері:
     - қабылдау-беру актісіне қол қойғанға дейін автомотокөлік құралының бұзылмай сақталуын қамтамасыз ету;
     - автомотокөлік құралын белгіленген тәртіп бойынша Мемлекеттік автомобиль инспекциясында есептен шығару;
     - ішкі істер органының есебіне аударылған немесе ішкі істер органының кассасына сатылған автомотокөлік құралы үшін ақша түскен уақытта 3 күннен асырмай "Сатып алушыға" автомотокөлікті тапсыру;
     - мемлекеттік автомобиль инспекциясында (техникалық паспорт, N ОС-1 формалы негізгі құралдарды қабылдау-беру акті, төлем құжаты) сатып алынған автомотокөлік құралын тіркеуге қажет құжаттарды "Сатып алушыға" осы мерзім ішінде тапсыру.
     5.8. "Сатып алушыға" сатып алу-сату келісіміне сәйкес тиесілі соманы төлеп, автомотокөлік құралын жазбаша түрде қабылдау-беру актімен растағанда және бұл құжаттардың бәрі көрсетілгенде ғана автомотокөлік құралы тапсырылады. Акті екі дана болып жасалады: бірі-"Сатып алушыға" берілсе, екіншісі-ішкі істер органының іс қағаздарында қалады.
     5.9. Автомотокөлік құралын сатудан түскен сомадан ішкі істер органы заңмен белгіленген тәртіпте бюджетке қосылған құнға салынатын салықты аударады.
     5.10. Сатылған автомотокөлік құралынан ішкі істер органына түскен қаржы сомасы аумақтық Жекешелендіру комитетіне жолданып, төмендегі формуламен анықталады:

А к.с. = ҚБ + 0,01 х (П-ҚБ-ҚҚС), мұндағы

     А к.с. - аумақтың Жекешелендіру комитетіне жолданған ақшалай қаржы сомасы;
     ҚБ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша автомотокөлік құралының қалдық бағасы;
     П - сатудан түскен пайда сомасы;
     ҚҚС - қосылған құнға салынатын салықтың сомасы.
     5.11. Автомотокөлік құралын сатудан қалған ақшалай сома мақсатты бағытта жұмсалады:
     - автомотокөлік құралдарының қалдық бағасын өтеу;
     - жаңа автомотокөлік құралдарын, оларға қосалқы бөлшектер мен автодоңғалақ сатып алу арқылы өндірісті дамыту.

Ережеге    
N 1 қосымша  

Жылжымалы құралды техникалық тексеру
АКТІСІ

1. _______________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. _______________________________________________________________

4. _______________________________________________________________

5. _______________________________________________________________
                     (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

құрамындағы комиссия төмендегі автомотокөлік құралын тексеріп
шықты:

Автомобиль, мотоцикл маркасы
______________________________________________

Мемлекеттік нөмірі ________________________________________________________

Двигательдің нөмірі _______________________________________________________

Кузовтың нөмірі _________________________________________________________

Шасси нөмірі __________________________________________________________

Шығарылған жылы __________________________________________________________

Пайдалануға берілген жылы _________________________________________________

Жүрген жылы __________________________________________________________

     Тексеру барысында аталған автомотокөлік құралы техникалық жағынан ____
_______________________________________________________________
                     (ақауы жоқ, ақаулығы бар)

Сыртқы түрі __________________________________________ жүріп тұр (жүрмейді)

әрі қарай пайдалануға __________________________________________
                                 (жарамды, жарамсыз)

Двигательде және БӨП ______________________________________________________

________________________________________________________________
                     (табылды, табылған жоқ)

     Тексерудің басқа нәтижелері __________________________________________
________________________________________________________________

Комиссия төрағасы:                   ____________________
                                           қолы

Ережеге    
N 2 қосымша  

Автокөлік құралын
БАҒАЛАУ

(1995 жылғы 1 мамырдағы
күйі жөніндегі үлгісі)

__________________________________________________________________
NN |       Техникалық        |   Өлшем   |  Автомобиль  |маркасы
п/п |       мәліметтер        |  бірлігі  |   ГАЗ-2410   |ЗИЛ-130
   |                         |           |              |(жүк)
____|_________________________|___________|______________|________
1  |            2            |     3     |       4      |   5
____|_________________________|___________|______________|________

 1.|Жүк көтерімі немесе      |     т     |       -      |   6
   |сыйымдылығы              |    адам   |       5      |   -
   |                         |           |              |
 2.|Шығарылған жылы          |    жыл    |     1988     |  1988
   |                         |           |              |
 3.|1994 жылдың              |   теңге   |    18600     |  26200
   |1 қазанындағы күйі       |           |              |
   |бойынша қайта бағалауды  |           |              |
   |ескере отырып, қалпына   |           |              |
   |келтірілген бағасы       |           |              |               |                         |           |              |
 4.|Амортизациялық аударым   |   жылына  |     1860     |   3082
   |(тозу) нормасы           |   теңге   |              |               |                         |           |              |
 5.|Пайдалану сәтінен бастап |   теңге   |    13020     |  21574
   |тозу сомасы              |           | (1860 7 жыл) | (3082 7
   |                         |           |              |   жыл)
   |                         |           |              |
 6.|Қалдықты бағасы          |   теңге   |     5580     |   4626
   |(3 жол - 5 жол)          |           |              |
   |                         |           |              |
 7.|есеп үшін қабылданады    |   теңге   |     5580     |   4626
   |                         |           |              |
 8.|Бағалау сәтіндегі        |    коэф   |     4,65     |   4,65
   |инфляция коэффициенті    |           |              |
   |                         |           |              |
 9.|Инфляция коэффициенті    |   теңге   |    25947     |  21511
   |ескерілген қалдық        |           |              |
   |бағасы                   |           |              |
   |                         |           |              |
10.|Техникалық тексеру       |           |              |
   |кезінде келесі ақаулар   |           |              |
   |анықталды:               |           |              |
   |- сол жақ қанаты         |           |      -       |    1
   |  зақымдалған            |           |              |
   |- артқы көпірі істен     |           |      1       |    1
   |  шыққан                 |           |              |
   |- алдыңғы көпірі         |           |      -       |    1
   |  зақымдалған            |           |              |
   |                         |           |              |
11.|Комиссия түсірген        |           |      20      |    25
   |бағасы                   |           |              |
   |                         |           |              |
12.|Анықталған ақаулықтарды  |           |              |
   |ескере ұсынылатын сату   |           |              |
   |бағасы                   |           |              |
   |                         |           |              |
   |(9 жол - (9 жол х 11 жол)|   теңге   |    20757,6   | 16133,2
   |                         |           |              |
__________________________________________________________________

     Ескерту: Аталған қосымша сатып алу-сату келісімінің ажырамас бөлігі болып есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады