Зиянды еңбек жағдайында жұмыс iстеп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге сүт және соған тең бағалы басқа тағам өнiмдерiн тегiн беру тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi 1995 жылғы 22 мамыр N 4-7/16/1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 29 қарашадағы N 225 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

     Зиянды еңбек жағдайында жұмыс iстеп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге сүт және соған тең бағалы басқа тағам өнiмдерiн тегiн беру олардың денсаулығын нығайту үшiн сақтандыру мақсатында қарастырылады.
     Қазақстан Республикасының Еңбек Министрлiгi мен Денсаулық Сақтау Министрлiгiнiң алқалары қаулы етедi:
     1. Ұйымдардың меншiк түрiне қарамай, жұмысшылар мен қызметкерлерге сақтандыру мақсатында беретiн сүтi және соған тең бағалы тағам өнiмдерi жөнiндегi мәселелердi шешу Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық бас дәрiгерi 22.08.94 ж. бекiткен, химиялық заттардың N 15-94 тiзiмiнiң негiзiнде және төмендегi шарттарды есепке ала отырып белгiленсiн:
     а) қызметкерлерге жұмыс күнiнiң ұзақ-қысқалығына қарамай, химиялық заттарды өндiруi немесе қолдануына байланысты нағыз қаулының 1-тармағында көрсетiлiп, тiзбеде қарағандай 0,5 литрден сүт берiледi;
     б) сүт беру және оны қолдану буфеттерде, асханаларда немесе арнайы жабдықталған санитарлық-гигиеналық талаптарға сай бөлмелерде жүргiзiлуi қажет;
     в) сүт орнына ақша төлеуге, оны басқа тауарлармен және өнiмдермен ауыстыруға (тең бағалы - айран, қатық, мацони т.б.) сүттi бiр немесе бiрнеше ауысымдарға немесе өткен ауысымдар үшiн беруге және үйге алып кетуге жол бермеу керек;
     г) ерекше зиянды еңбек жағдайларына байланысты емдеу-сақтандыру тағамдарын тегiн алатын қызметкерлерге сүт берiлмейдi.
     2. Сүттi тегiн беруге байланысты шығындар еңбек ұжымының шешiмi бойынша өзiндiк құн есебiнен, ал бюджеттегi ұйымдарда - бюджеттен бөлiнген қаржы есебiнен жұмсалады.
     3. "Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстеп жүрген жұмыскерлер мен қызметкерлерге сүт және соған тең бағалы басқа тағам өнiмдерiн тегiн беру тәртiбi туралы" КСРО Еңбек және әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi Мемлекеттiк Комитетi мен КОБОК Алқасының 16.12.1987 жылғы N 731/П-13 қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн.

   Қазақстан Республикасының          
        Еңбек Министрi

   Қазақстан Республикасының
   Денсаулық Сақтау Министрi

"Бекiтемiн"       
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк санитарлық  
бас дәрiгерi       
22 тамыз 1994 жыл    

Жұмыс iстеу кезiнде сақтандыру мақсатында сүт
және соған тең бағалы тағам өнiмдерiн пайдалану
ұсынуға байланысты химиялық заттардың
ТIЗБЕСI

     1. Алифатикалық және алициклдi көмiрсутектер (қаныққан және қанықпаған):
     а) метанға жататын көмiрсутектер: бутан, изобутан, пентан, изопентан, гексан, октан, изооктан, нонан;
     б) этиленге жататын көмiрсутектер: бутилендер, амилендер, изобутилендер;
     в) циклдiк шексiз көмiрсутектер: циклопентадиен, дициклопентадиен, марганецтiң циклопентадиенилтрикарбонилi;
     г) бiр-көп ядролық хош иiстi көмiрсутектер: бензол, ксилол, толуол, этилбензол, кумол (диизотропиленбензол), ксилолы, стиролы, дефенил, нафталин және оның туындылары.
     2. Майға жататын галоген туынды көмiрсутектер:
     а) фтортуындылар: фторэтилен, дифторэтилен, трифторэтилен, тетрафторэтилен, трифторпропилен, дифторэтан, декафторбутан;
     б) хлортуындылар: хлорлы метил, хлорлы метилен, хлороформ, төрт дәрежелi хлорлы көмiртегi, хлорлы этил, дихлорэтан, трихлорэтан, тетрахлорэтан, трихлорпропан, титрахлорпентан, хлорлы винил, дихлорэтилен, трихлорэтилен, тетрахлорэтилен, гексахлорциклопентадиен, аллодан, хлоропрен, хлорлы аллил, хлорлы бутилен, гексахлорбутадиен және осы топтағы басқалары;
     в) бромтуындылар: бромды метилен, бромды этил, дибромэтан, тетрапромэтан, дибромпропан, бромоформ және басқалары;
     г) йодты туындылар: йодты метил, йодтыформ, йодты этил және басқалары;
     д) аралас галоген туындылар: дифторхлорметан, фтордихлорметан.
     3. Хош иiстi көмiрсутектерiне жататын галоген туындылар: хлорбензол, дихлорбензон, трихлорбензон, тетрахлорбензол, гексахлорбензол, хлорлы бензил, бензотрихлорид, хлорстирал, бромбензол, бромды бензил және басқа да осы топқа жататын галоген туындылар.
     4. Бiр циклда көп ядролық көмiрсутегiнiң хлор туындылары: хлорланған дифенилдер, дифенилдiң хлор қышқылы, хлориндан, хлорнафталиндер, гептахлор, ДДТ, гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен, хлортен, симазин, артазин.
     5. Спирттер:
     а) майлы қатарға жататын шектi және шексiз спирттер және гликолдар: метилдi спирт, аллилдi, кротонилдi және басқалары;
     б) майлы қатарға жататын галоген туынды спирттер: октафторамилдi, тетрафтор пропилдi және басқалары;
     в) алициклдi: және хош иiстi қатарындағы спирттер: бензилдi спирт, циклогексенол және басқалары.
     6. Фенолдар: фенол, хлорфенолдар, пентахлорфенол, крезолдар, гидрохинон натрийдiң пентахлорфенолы және басқалары.
     7. Алициклдi және алифатикалық қатардағы эфирлер және олардың галоген туындылары: диметилдi, диэтилдi, диизопропилдi, дибутилдi, винибутилдi, дивинилбутилдi, монохлордиметилдi, дихлордиэтилдi, тетрахлордиэтилдi, этиленгликолдың, пропиленгликолдiң глицириннiң эфирлерi, полигликолдi эфирлер.
     8. Фенолды эфирлер: гваякол, гидрохинонның монобензилдi эфирi және осы топқа жататын басқалары.
     9. Органикалық тотықтар және асқын тотықтар: этиленнiң, пропиленнiң, эпихлоргидриннiң тотықтары, изопропилбензолдың гидро асқын тотығы, бензоилдiң асқын тотығы, метилэтилкетонның, циклогексанонның асқын тотықтары және осы топтағы қалған құрамдардың өкiлдерi.
     10. Тиоспирттер, тиофенолдар және тиоэфирлер: метил және этилмеркаптандар, трихлортиофенол және пентахлортиофенол; 2,4-0 трихлорфеноксиуксус қышқылы.
     11. Қаныққан және қанықпаған альдегидтер және кетондар: ацетальдегид, формальдегид, бензальдегид, акромин, ацетон, бромацетон, хлорацетон, пентахлорацетон, гексахлорацетон, хлорацетофенон және осы қатарға жататын басқалары.
     12. Органикалық қышқылдар, олардың ангидридтерi, амидтерi және галогеноагидридтерi, малеиндi, фталдi ангидрид қышқылдары: құмырсқа, сiрке, пропион және олардың ангидридтерi, нафтендi қышқылдар, хлорлы бензоил, хлорфеноксоисiрке қышқылы, карбамин қышқылының қоспалары, тиодитиокарбаминдi қышқылдар, диметильформамид және осы топтағы басқалары, сондай-ақ диазокетоны және диазоэфирлер.
     13. Күрделi эфирлер: азотталған күкiрт, хлорсульфонды, құмырсқа, сiрке, припиондi април, метакрил қышқылдары және олардың галоген туындылары.
     14. Күрделi эфирлер және фосфор қышқылының амидтерi: трикрезилфосфат, тисфос, метафос, метилатилтиофос, меркаптофос, метилмекаптофос, карбофос, М-81, М-74 ДДВФ препараттары, фосфамид, хлорофос, табун, зоман, зарин, актаметил, диэтилхлормонофосфат, метилдихлорфиофосфат, диметилхлортисфосфат және қалғандары фосфорганикалық улы химикаттар.
     15. Нитро және амино қоспалары майлы полиметилен қатарына жататындар және олардың туындылары: нитроолефиндер, нитрометан, нитроэтан, нитропропан, нитробутан, нитрофоска, хлорпикрин, нитроциклогексан, метиламин, диметиламин, триметиламин, этиламин, диэтиламин, триэтиламин, этиленимин, полиэтиленимин, полиэтиленполиамин, гексаметилендиамин, этаноламин, циклогексиламин, дициклогексиламин және осы топқа жататын басқалары.
     16. Майлы полиметилен қатарына жататын нитро және амино қоспалары: нитробензолдар, нитротолуолы, нитроксилол, динок, диносеб, нитронафталиндер, нитрохлорбензолдар, нитрофенолдар, нитро және аминоанизоанилин, ацетонанилин, хлоранимендер, фенилендиаминдер, бензидин, парокфтидин.
     17. Бензохинондар, нафтахинондар, антрахинондар, бензатрен, парабензохинон және дихлорнафтахинон.
     18. Органикалық бояғыштар: антрахинонды, нитро және нитро бояғыштар, азобояғыштар, азиндi, 2-метилфуран (силван).
     19. Гетероциклдi қоспалар: фуран, тетрагидрофуран, фурфурол, тиофен, индол, теридин, пиразалан, пурин, пиридиндi және пуриндi негiздер, пиколиндер никонин қышқылы, диоксандар, пиперидин, морфолин, гексоген, барбитураттар, олардың жартылай өнiмдерi және осы препараттарды шығарудағы басқа заттар.
     20. Алколоидтар: атронин, кокоин, оний, морфин, кадеин, стрихнин, пилокарнин, скополамин, сальсолин, омнопок, папаверин, никотин, анатазин және осы препараттарды шығарудағы басқалары, сондай-ақ құрамында жоғарыда көрсетiлген алколоидтары бар шикiзат пен дайын өнiмдер (темекi-махорка, сигар және сигарет өндiрiсi, темекi ферментi).
     21. Бор сутектiлер.
     22. Галогендер және галоген туындылар: фтор, хлор, бром, иод, хлорлы, бромды, фторлы сутегi, плавиктi, кремний фторлы сутегi қышқылдары, фтор тотығы, хлордың тотығы және хлор тотығының екi есе тотығы, хлордың троифторидi, хлорлы йод, көмiрсутегiнiң хлорлы тотығы (фосген).
     23. Күкiрт қосындылары: күкiрт сутегi, күкiрт көмiртегi, хлорлы сульфон қышқылы, күкiрттiң хлорангидридтерi, күкiрттi және күкiрт ангидридтерi.
     24. Селен және оның қоспалары: селендi ангидрид, селендi қышқыл, олардың тұздары, селеннiң хлорлы тотығы, селеннiң органикалық қоспалары.
     25. Теллур және оның қоспалары.
     26. Азот қоспалары: гидразин және оның туындылары, азоттың тотығы, азот қышқылы, натрийдiң азидi, аммиак, натрийдiң нитритi, хлорлы азот, хлорлы нитрозил, гидроксиламин.
     27. Сары (ақ) фосфор және оның қоспалары: фосфорлы ангидрид, фосфор қышқылы және оның тұздары.
     28. Мышьяк және оның қоспалары: мышьякты және мышьяктың ангидридтерi, кальцийдiң арсенитi, натрийдiң арсенитi, осарсол иприт.
     29. Сурьма және оның қоспалары: сурьмалы және сурьманың ангидридтерi, сурьмалы сутегi, сурьманың хлоридтары.
     30. Цианидтер: цианды сутегi, натрий мен калийдiң цианидтерi, дициан, хлорциан, бромциан, кальцийдiң цианимидi, цианурхлорид, цианды бензил.
     31. Нитролдар: ацетонитрол, ацетонциангидрид, акрилонитрил, этиленциангидрин, бензонитрин т.б.
     32. Цзоциананттар, фенилизоцианат, гексаметилендиизоцианат, толуилендиизоцианат және басқалары.
     33. 10% жоғары кремнийдiң еркiн кристалды екi топтық құрамы бар аэрозол түрiндегi кремнийдiң құрамдары.
     34. Сынап және оның органикалық емес және органикалық қоспалары - металды сынап, сынаптың цианидi, сынаптың нитраты, шытырлауық сынап, диметил сынабы, этилмеркурхлорид, этилмеркурфосфат, диэтил сынабы, хлор фенол сынабы, меркурацетат, меркуран және сынаптың басқа қоспалары.
     35. Марганец және оның қосындылары: марганецтiң, сульфаттың, хлорлы марганецтiң тотықтары, оның қалған қоспаларының аэрозолдары.
     36. Бериллий және оның қоспалары: бериллий тотығы, гидрат бериллийдiң тотығы, бериллийдiң хлоридi, фтор бериллий тотығы және қалған бериллий қоспаларының қалдығы.
     37. Таллий және оның қоспалары: таллийдiң хлоридi, таллийдiң сульфаты, таллийдiң ацетаты, таллийдiң нитраты, таллийдiң карбонаты және басқалар.
     38. Титан және оның қоспалары.
     39. Ванадий және оның қоспалары: үш тотықты, бес тотықты ванадий, аммонийдiң, натрийдiң және кальцийдiң ванадаттары, ванадийдiң хлоридтерi.
     40. Хром және оның қоспалары: үш тотықты хром, хромның тотығы, натрийдiң бихроматы және басқалары.
     41. Молибден және оның қоспалары: үш тотықты молибден, аммоний
молибденi.
     42. Никель және оның қоспалары: никельдiң шала тотығы, никель тотығы, шала тотықты никельдiң гидраты.
     43. Метанол.
     44. Қалайы органикалық, бор органикалық және кремний органикалық қоспалар.
     45. Қорғасын және оның қоспалары.
     Ескерту. Неорганикалық емес қорғасынмен жұмыс iстейтiн жұмыскерлерге сүтке қосымша 2 г. өсiмдiкпен байытылып жасалынған азық-түлiк өнiмдерi түрiндегi пектин, жемiс шырындары, сусындар (пектиннiң жасалынған құрамын дайындаушы заводы көрсетедi). Бұл өнiмдердi табиғи жемiс шырындарымен және оның 250-300 мг жемiс жұмсағымен ауыстыруға болады.
     Неорганикалық емес қорғасын қоспаларымен тұрақты жұмыс iстеуде сүттiң орнына ашытылған сүт өнiмдерiн қолдану ұсынылады.
     Пектинмен байытылған азық-түлiк өнiмдерi, жемiс шырындары жемiс жұмсағымен қоса жұмыс басталардың алдында берiледi, ал ашытылған сүт өнiмдерi - жұмыс күнi бойында берiледi.
     46. Металл карбонилдерi: никельдiң, кобальттiң, марганецтiң.
     47. Литий, цезий, рубидий, қалғандары жiбекті жер элементтерi және олардың қоспалары.
     48. Жерде сирек кездесетiн элементтер (лантанидтер) және олардың қоспалары.
     49. Кадмий оксидтерi және олардың қоспалары.
     50. Антибиотиктер: бгомицин, тетрацкилин, синтомицин, левомицитин және басқалары <*>.
     Ескерту. Антибиотиктердi өндiру және өңдеу кезiнде сүт орнына ашыған сүт немесе сүттен дайындаған колибактерин берiлуге тиiстi.
     51. Микробиологиялық тектiлердiң компоненттерi: бактериялы токсиндер, микро токсиндер бiр клеткалы балдырлар және басқалары.
     52. А және Б тiзiмiнде қатты әсер ететiн улы заттарды өндiретiн аэрозолдар.
     53. Құрамның барлық түрiн өндiру.
     54. Пестицидтер.

      Ескерту .
     1. Сүтке тең тағам тектестерiне айран, қатық, мацони және тағы басқалары жатады.
     2. Сүт және соған тең тағам өнiмдерi жұмыстың бiрiншi және екiншi кластарында радиоактивтi заттарды ашық түрде қолдану кезiнде жұмыскерлерге де берiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады