Парламент депутаттығына кандидаттың сайлау алдындағы үгiт шараларына кепiлдiктi ақы төлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 1995 жылғы 23 қазан N 14 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 7 мамыр N 302 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 110/134 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 28-бабын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 12 қазандағы N 1326 Қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етедi: 
      1. Парламент депутаттығына кандидаттың өз бағдарламасын баяндау мақсатымен мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау алдындағы үгiт жүргiзу шараларына мемлекет кепiлдік беретiн ақы мынадай мөлшерде белгiленсiн: 
      а) мемлекеттiк теледидардан бiр рет он бес минут сөз сөйлеуге 60 мың теңге;
      б) мемлекеттiк радиодан бiр рет он минут сөз сөйлеуге - 10 мың теңге;
      в) мемлекеттiк баспасөз органдарында әрқайсысының көлемi 100 жолдық екi мақала жариялауға - 32 мың теңге;
      г) плакаттар, парақшалар, ұрандар және басқа басылған үгiт материалдарын шығару үшiн - 30 мың теңге;
      д) сайлау алдындағы көпшiлiк шараларды өткiзу үшiн - 15 мың теңге.
      2. Парламент Мәжiлiсi депутаттығына кадидаттарға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Жарлығының 28-бабы 6-тармағын басшылыққа ала отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз алуына, сайлау алдындағы көпшiлiк шараларды өткiзуге, қосымша үгiт материалдар шығаруға, көлiк және iссапар шығындарын жабуға байланысты шығыстарын өзiнiң сайлау қоры қаражатынан төлеу ұсынылсын.

     Комиссия төрағасы
     Комиссия хатшысы
     "___"________ 19__ж.
     N ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады