Қазақстан Республикасы Парламент депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгiт шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 1995 жылғы 10 қазан N 17 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 8 мамыр N 303 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 110/134 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 28, 29-баптары негiзiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етедi: 
      1. Аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң өз округтерiнде депутаттыққа белгiлi бiр кандидатты жақтап кедергiсiз үгiт жүргiзу құқықтары туралы ережелерiн кеңiнен түсiндiрудi ұйымдастырсын. 
      Сайлау комиссиялары мемлекеттiк органдармен келiсе отырып депутаттыққа кандидаттар мен олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылар алдында көпшiлiкке сөз сөйлеуi үшiн отырыс залдары мен басқа да жайларды тегiн беретiн болсын. 
      Сайлау комиссиялары тиiстi облыстардың, қалалар мен аудандардың мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарымен келiсе отырып әрбiр депутаттыққа кандидаттың Орталық сайлау комиссиясы оның сайлау науқанына бөлген қаражатынан төленген жағдайда қазақ немесе орыс тiлдерiнде өз бағдарламасымен сөз сөйлеу және жарнамалық хабарландыру беру мүмкiндiгiн қамтамасыз етсiн. 
      Депутаттыққа кандидат немесе өзге адам таратқан баспа үгiт материалдары мен саяси жарнамада осы материалды шығарған ұйым, олар басылған жер мен таралымы, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлiметтер мазмұндалуға тиiс. 
      Тиiстi облыстардың, қалалар мен аудандардың мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдары депутаттыққа кандидаттар туралы сайлау комиссиялары берген деректердi жедел жариялайтын болсын. 
      2. Аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары кандидаттың бағдарламасы конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Республика тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздiгiн әлсiрету, соғыс әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, әлеуметтiк-тектiк және рулық астамшылық, сондай-ақ қатыгездiк пен зомбылыққа табыну идеяларын жариялауға тиiс еместiгiн ескерсiн. 
      Дауыс беру күнi алдындағы соңғы күнi және дауыс беру күнi үгiт жүргiзуге, сайлау учаскелерi мен сайлау комиссиялары орналасқан үйлерде көрнекi материалдар iлуге, беймәлiм үгiт материалдарын таратуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлау алдындағы үгiтке қатысуына жол берiлмесiн. 
      Сайлау науқанын өткiзу кезеңiнде бұқаралық ақпарат құралдары белгiлi бiр кандидатқа, қоғамдық бiрлестiктерге, сайлау алдындағы бағдарламаларға артықшылық бермеуге тиiс. 
      Осы аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиялары кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiмдi жоюға құқылы. 

     Комиссия төрағасы
     Комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады