Көлдер мен су қоймаларында рейске шығуға рұқсат беру тәртібі туралы Нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің бұйрығымен бекітілген 1995 жылғы 2 мамыр N 94 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 3 тамыздағы N 565 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 151-I Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Көлік және Коммуникациялар министрінің 2005.04.18 N 151-I Бұйрығымен.

      Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі туралы
      Қазақстан Республикасының су көлігінде теңіз және өзен флотын қауіпсіз пайдалану жүйесі іс-әрекет етеді.
      Қолданылып жүрген жүйе уақыт тексеруінен өтіп, тиімді қолданылуда және апат жағдайларының төмендеуін қамтамасыз етті.
      Дегенмен, су көлігінде болып жатырған құрылымдық өзгерістерге қатысты, өзен көлігі кәсіпорындарының акционерленуіне және жекелеген кеме иелерінің пайда болуына байланысты су көлігінде құрылған флотты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне қауіп төніп тұр.
      Кәсіпорындардың нарықтық қарым-қатынасқа көшуіне байланысты бірқатар ұйымдардың кеме иелері кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігіне зиян келтіре отырып, коммерциялық мүдделерге көбірек көңіл бөлуде.
      "Оралөзенфлоты" АҚ кеме қатынасы қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілмеген жағдайда, Теңіз және Өзен Регистрі инспекторларының әлсіз талап қоюының нәтижесінде мұнай құю кемелерінде өрт қаупі, өз бетімен жүзбейтін кемелердің техникалық хал-ахуалының төмендігі, жүк учаскесінде кранның құлауы орын алып отыр.
      "Атырауөзенпорты" АҚ жеті өзен кемелерінде доктау және жылма-жылғы куәландырудың, ал төртеуінде - кезекті куәландырылулардың уақыты өтіп кеткен.
      Ақтау портының қадағалау инспекциясы Су көлігі департаментінің басшылық іс-әрекетінсіз жұмыс атқаруда. Соның нәтижесінде Порт капитаны туралы ереже әлі күнге бекітілмеген. Ақтау портының бұрау-буксирлерін куәландыру мерзімі өтіп кеткен.
      Іле Балхаш бассейнінің инспекциялары тарапынан кеме қатынасы қауіпсіздігін бақылау тиімді жүргізілмей тұр.
      Жоғарғы Ертісте Теңіз және Өзен Регистрінің Кеме қатынасы қауіпсіздігі инспекцияларының талап қоюы төмендеген. Соның нәтижесінде Жоғарғы Ертіс бассейнінің жол басқармасы мемлекеттік мүлікті таратуға құқығы жоқ болғанына қарамай 1987 жылы жасап шығарылған, қуаты 450 ат күші бар МРТ-01 итергіш-буксирді жалға берген, аяғында ол жеке қолға түсті.
      Есілдегі аудандық басқарманың кран жолдарының төмен жағдайына байланысты порттағы тиеу-түсіру апаттық жағдайлар туындап отыр.
      Барлық акционерлік қоғамдарда көліктік және қосалқы флот жөндеп ұсталмай отыр, ол флоттың техникалық күйінің төмендеуіне әкеліп соғады, ал сонан соң теңіз және өзен кемелерінің апаттық жағдайларына әкеледі.
      Келеңсіз экономикалық жағдайлар су көлігінің кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігіне әсер ететін маңызды элементтерін қаржыландыруды қиындатып отыр, соған қарамай су көлігінің департаменті флотты пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде көптеген жұмыстар жүргізуде.
      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 шілдедегі N 804 қаулысына сәйкес кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың сапалылығын қамтамасыз ету, құрылымын жетілдіру мақсатында Аймақ аралық кеме қатынасы инспекциясын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1994 жылғы 22.10. N 172 бұйрығымен Су көлігі департаментінің бөлімшесі болып табылатын Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы етіп қайта атады.
      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2.2.-бабының, "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 шілдедегі N 804 қаулысының негізінде кемелерді пайдаланудың қауіпсіздігін және ластанудан сақтауды басқару әдісі бойынша ИМО басшылығы және Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында және теңіз жүзулерінде кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылаушы органдардың құрылымын жетілдіру мақсатында 1994 жылғы 28 қарашадағы N 192 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Теңіз және Өзен Регистрі Су көлігі департаментінің қарамағына тапсырылған.
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ішкі су жолдары туралы ереже" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы N 1429 P941429_ қаулысына сәйкес Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы шағын кемелер жөніндегі Мемлекеттік инспекцияның, Қазақстан Республикасының Теңіз және Өзен Регистрінің қызметін үйлестіреді және кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазмембалықфлотыинспекциясымен іс-әрекет жасайды.
      Флот жұмысын мемлекеттік реттеу, кеме қатынасы, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апатты болдырмау мәселелерін шешуге бірыңғай келу бойынша қажеттігін қамтамасыз ету мақсатында, -
 
                             БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Кеме иелері ведомостволық қатыстылығы мен меншік нысанына қарамастан:
      1.1. Өз қызметтерінде адам өмірін қорғау, теңізшілер мен өзеншілерді әзірлеу, дипломдау, вахтада тұру жөніндегі халықаралық конвенциялардың ережелері мен талаптарын, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің қолданылып жүрген нормативтік және жетекшілік құжаттарын басшылыққа алсын.
      1.2. Кемелердің командалық құрамдарына кемелердің жүзу, жүк және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі халықаралық және ұлттық ережелерін, апат жағдайларының тікелей төнуін болдырмау және алдын алуды қамтамасыз ету, осы кезге сай навигация және байланыстың техникалық құралдарын пайдалануды басқарудың қауіпсіз әдістерін үйрету мен оқытуға басым назар аударылсын.
      1.3. Экипаждардағы теңізшілер мен өзеншілердің практикалық тәжірибесін мыналар бойынша жетілдіруге жіберілсін: - кеменің өміршеңдігі үшін күрес, адамдар мен жүкті қорғау; - тасымалданатын жүктердің қасиеті ескеріле отырып, сумен және отпен күресудің жедел жоспарларын әзірлеу; - кемеде еңбек тәртібін сақтауға жәрдем болатын салауатты сана-сезім орнату жұмыстарын тиімді жүргізуді ұйымдастыру. 1.4. Экипаж бен кемені алдағы рейске дайындауға баса назар аудару, онда жасы, кеменің техникалық күйі, экипаждың кәсіптік даярлығы, кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны материалдық техникалық толық жабдықтауда мыналар ескерілсін: - техникалық күйі; - тұрғылықтығы; - батпаушылығы; - мықтылығы; - жүктерді тиеу, түсіру және тасымалдауда қауіпсіз әдістер;
      - экипаждың тиісті біліктілігі бар мамандармен және штат кестесіне сай, бірақ кеме экипажының ең аз құрамы туралы ережеде көрсетілгеннен кем етпей жинақталуы.
      1.5. Кеме капитандарына қажет болған жағдайда демалыс жасау үшін қауіпсіз жерде аялдама жасауға рұқсат етілсін.
      1.6. Апат жағдайын болдырмау үшін профилактикалық жұмыстарға баса назар аудару, апат болған жағдайларды мұқият және терең тексеру оларды болдырмаудың нақты шараларын әзірлеу және жүзеге асыру үшін мыналарға көңіл аудару:
      - кемені қазіргі кезеңге сай құтқару, өрт сөндіру құралдарымен, апатқа қарсы мүліктермен қамтамасыз ету;
      - кемелерді флот пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттармен дер кезінде қамтамасыз ету;
      - кеме жүргізушілердің дайындығы мен біліктілігін көтеруде жаттығу оқуларын басым пайдалану.
      1.7. Кеме капитандарынан мыналар талап етіледі:
      - апат жағдайлары және су алаңдарының ластану жағдайлары болған кезде қажетті көмек алу және апат зардабын жою үшін дер кезінде хабарлау;
      - кеменің өміршеңдігі мен адамдардың су бетінде аман қалуы үшін қажетті жаттығу оқуларын жүргізу;
      - келешекте апат жағдайлары болмауы үшін экипажға апаттарды зерттеу нәтижелерімен таныстырып отыру.
      1.8. Теңіз және Өзен Регистрінде, белгіленген тәртіппен кемелерді тіркеу және кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі жөніндегі қажетті құжаттардың кемеде болуын қамтамасыз ету.
      1.9. Кемелерді дер кезінде Теңіз және Өзен Регистрінің кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі инспекцияларының қарауына көрсетсін.
      1.10. Теңіз және Өзен Регистрінің кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі инспекцияларының кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігіне бағытталған талаптарын орындасын.
      1.11. Жүзу құрамының жоспарлы медициналық қараудан өтуін, ал қажет болған жағдайда рейс алдындағы медқараудан өтуін қамтамасыз етсін.
      2. Су көлігінің департаменті:
      2.1. Теңіз және Өзен Регистрі мен Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы арқылы Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын басқарсын.
      2.2. Теңіз және өзен флотын пайдалану қауіпсіздігінің қазіргі жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылдасын.
      2.3. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясын білікті мамандармен қамтамасыз етіп, оларды үй-жай, көлікпен, байланыс құралдарымен, ұйымтехникасымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын және осы қызметкерлерге ынталандыру шаралары қолданылсын.
      2.4. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық конвенциялардың, келісімдер мен шарттардың ережелерін орындау мақсатында порттарда мемлекеттік бақылауды, кемелердің теңізге шығуының әзірлігін, олардың экипажбен жинақталуын тексеру іске асырылсын.
      2.5. Қазақстан Республикасының жалауымен жүзу құқығына куәлік беру кезінде кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі мәселелеріне, кемелердің техникалық күйіне ерекше назар аударылсын.
      2.6. 1995 жылғы 01 мамырға дейін "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарындағы көлік оқиғаларын есептеу мен зерттеуді жіктеу туралы ережені" әзірлесін және бекітсін.
      2.7. Жоғарғы оқу орындарымен байланысты кеңейту, капитандармен, механиктермен, яғни Теңіз және Өзен Регистрінің кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының өкілдерімен оқушылардың кездесуін ұйымдастыру.
      2.8. Оқушылардың, болашақ командирлердің практикалық тәжірибесін, кәсіби сапасын даярлау үшін жүзу практикасын ұйымдастыруға көп көңіл бөлінсін.
      2.9. Байқаушы инспекторлық органдардың қызметін жетілдіруді тұрақты ұйымдастыру, бақылау мен басшылыққа алу үшін, ұлттық заң және өзге нормативтік актілерді, халықаралық конвенциялардан туындайтын халықаралық тәжірибені, сондай-ақ кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нұсқаулықтар мен тәлімдемелерді ескере отырып шараларды жүзеге асырсын.
      2.10. Су көлігі кәсіпорындарына байқаушы инспекторлық органдардың қызметкерлеріне ақшалай төлем жасауға тыйым салынсын.
      2.11. Теңіз және Өзен Регистрін, Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясын, Қазбалықфлотыинспекциясын, Шағын кемелер жөніндегі мемлекеттік инспекциясын біріктіру тиімділігі мен мүмкіншілігі мәселелерін даярласын.
      2.12. "Оралөзенфлоты" АҚ және "Атырауөзенпорты" АҚ кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің күйіне баса көңіл аударылсын.
      2.13. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясын жоспарда көрсетілген мөлшерде дер кезінде қаржыландырылуын тұрақты бақылау жасалсын.
      2.14. Ғылыми-техникалық жұмыстарды, кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу жұмыстарын бюджет есебінен және басқа қаржы көздерінен қаржыландыру мәселелері қаралсын.
      2.15. "Кемелерді жүргізу қауіпсіздігі және ластануды болдырмау туралы халықаралық кодексті енгізу жөніндегі кепілдемелер" әзірленсін және күшіне енгізілсін.
      2.16. Ресей Федерациясының ішкі су жолдары бойынша жүзу ережелеріне (қолданылып жүрген), Ресей Федерациясының ішкі су жолдары бойынша жүзу ережелерінің жаңа редакциясының жобасын дайындауға қатысты, оларды Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарына тарату мақсатымен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі Өзен көлігі департаментімен іскерлік келісім-шартқа отыру.
      3. Сыртқы байланыстар басқармасы теңізде жүзу қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықаралық конвенцияларға, шарттар мен келісімдерге байланысты тұрақты жүйелеп отырсын.
      4. Теңіз және Өзен Регистрі, Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы:
      4.1. Кеме иелері Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін флоттың техникалық күйін ұстау мақсатымен кемелерді жыл сайын жөндеуден өткізсін.
      4.2. 1995 жылы барлық кемелерді қайта тіркесін және оларға Қазақстан Республикасының жалауы астында жүзу үшін жаңа куәлік берсін.
      Қайта тіркелмеген кемелер 1996 жылы пайдалануға жіберілмесін.
      4.3. "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары туралы ереже", "Кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарын пайдалану ережелері", "Өзен көлігін техникалық пайдалану ережелері" бірде бір бұзылмауын қадағалай отырып, кеме қатынасы жағдайы мен ішкі су жолдарының сапасына назар аударсын.
      5. Мыналар бекітілсін және күшіне енгізілсін:
      - "Теңіз және өзен сауда портының капитаны туралы ереже" (1 қосымша);
      - "Теңіз және өзен (салалық) сауда портының капитандарымен кемелерді теңізге шығару туралы нұсқаулық" (2 қосымша); - "Көлдер мен су қоймаларына шығуға рұқсат беру тәртібі туралы нұсқаулық" (3 қосымша). 6. Атырау өзен портына салалық порт мәртебесі берілсін. 7. Су көлігінің департаменті, Теңіз және Өзен Регистрі, Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы барлық кеме иелеріне және Қазақстан Республикасының ішкі кеме қатынасы жолдарында және Қазақстан Республикасының жалауының астында теңіз жүзулерінде флотты пайдаланатын мүдделі тұлғаларға осы бұйрықты жеткізсін. 8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Су көлігі департаментінің директорына жүктелсін. Министр
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1995 жылғы 02.05. N 94 бұйрығымен N 3 Қосымша
 
 
                  Көлдер мен су қоймаларында рейске шығуға
                         рұқсат беру тәртібі туралы
                                 НҰСҚАУЛЫҚ
 
      1. Осы нұсқаулықтың күші барлық кемелерге, олардың ведомостволық қатыстылығына қарай жарамды болады, тек әскери-теңіз жалауы астындағы кемелерге жарамайды.
      2. Көлдер мен су қоймаларында кемелердің рейске шығуына міндетті түрде рұқсат алыну тәртібі жүзеге асырылатын порттар мен айлақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі департаментімен бекітіледі.
      3. Кемелер мен құрамдарға рейске шығу рұқсатын Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының органдары береді.
      4. Шығуға рұқсат алу әрбір рейске жүзеге асырылады.
      5. Көлдерде және су қоймаларында жұмыс жасайтын және порттарға кірмейтін қолданым және басқа кемелер шығуға рұқсатты навигация басында алады және одан әрі айына бір рет Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының қарауына жатады, ол үшін кеме иелері өздерінің кемелерін жақын арадағы порттардағы кеме қатынасы инспекциясының органдарына көрсетуге міндетті. Кемені бақылау арасындағы уақыт кезеңдерінде кеме экипажының құрамында, жабдығында, кеменің техникалық күйінде және механизмдерде өзгерістер болғанда кеме иесі міндетті түрде бұл туралы Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының органдарына хабарлайды.
      6. Кемені немесе керуенді рұқсат алусыз рейске шығуға өкім берген тұлғалар және кеме иелері Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының органдарымен жауапқа тартылады. 7. Кеме иесі көлге (су қоймасына) шығар алдында Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының органдарына мынадай кеме құжаттарын ұсынады: 1. Вахта журналы. 2. Кеме ролі (N 1 қосымша). 3. Кеменің Жүзу құқығы туралы куәлік. 4. Жүзуге жарамдылығы туралы куәлік. 5. Кемелерді бақылаудың бірыңғай кітабы. 6. Өрт бақылау формуляры мен тазалық журналы. 7. Кемедегі жолаушылар мен жүктер туралы мәліметтер.
      8. Кеме иелері, рейд капитандары, порттардың, айлақтардың бастықтары және қозғалыс диспетчерлері көлдер мен су қоймалары бойынша жүзу қауіпсіздігінің талаптарына, өзен флотын техникалық пайдалану ережелеріне, жергілікті жүзу ережелеріне кемелердің сәйкестігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға міндетті және осы аталмыш ережелер талаптарына кемелердің сәйкес келмегені жағдайында Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының органдарымен шығуға рұқсат берілмеген кезде кемелердің шықпай кідіргені үшін жауапқа тартылады.
      9. Кеме иелерінің диспетчерлері дер кезінде кемені немесе керуеннің рейске шығуына дейін үш сағат бұрын Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының органдарына болжамдағы жөнелтулер туралы хабарлауға міндетті.
      Порттар мен айлақтардың бастықтары, рейд капитандары мен диспетчерлер барлық жағдайларда Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының органдарының талап етуі бойынша тарау құралдарын мүмкіндігінше дер кезінде ұсынады.
      10. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының органдары ұсынылған құжаттарды тексеріп, кемелердің ережелер талаптарына сәйкестігін толығынан жеке тексергеннен кейін, жол журналына белгі соғып, шығуға рұқсат береді және Кеме қатынасы инспекциясына тапсырылған кеме құжаттарын кеме иесіне қайтарады.
      11. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының органдары кемені қарау жолымен және ұсынылған құжаттарды тексеру негізінде кемелердің Ережелер талаптарына сәйкес келмейтіндігін белгілеген жағдайда кеменің шығуына рұқсат бермейді және Ережелерде көзделген барлық талаптарды орындағанға дейін кеме құжаттарын қайтармайды.
      12. Кемелердің Ережелер талаптарына сәйкес болмауы және осы себептермен Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясы органдарының рұқсатын алмауы туралы капитан диспетчерге немесе жоғарғы басшылар ішіндегі басқа тұлғаларға, кеме иелеріне хабарлайды, олар кемені Ереже талаптарына сәйкес келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдайды.
      13. Осы нұсқаулықтың жергілікті орындарда сақталуын бақылауын бақылау Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі бас инспекциясының органдарына жүктеледі.
Нұсқаулықтың
N 1 қосымшасы
 
 
                                КЕМЕ РОЛІ
Штат кестесі бойынша экипаж құрамы
 
Кеменің аты немесе N Кеменің түрі 1. Комқұрамы Қуаты мен жүк көтерімі а) кеме жүргізу Жүзу ауданы б) машиналық Регистрмен белгіленген 2. Радистер жел күші бойынша шектеулер 3. Матростар Кеме иесі 4. Рулшілер 5. Отжағушылар 6. Май жағушылар 7. ... 8. ... -------------------- Барлығы ... адам _________________________________________________________________________ |рет| Ф.А.Ә. | Қызметі | Жүргізу құқығы | Туған | Кемеге | Кемеден |Ескер.| |NN | | |дипломы, диплом | жылы | келу | кету | ту | | | | |N, кемелер тобы | | уақыты | | |___|________|_________|________________|_______|__________________|______| Капитан (шкипер) ... Оқығандар: Умбетова А.М. Касымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады