Қаржы министрлiгi 30.06.1995 ж. N 41 ~V950079 бекiткен "Әлеуметтiк төлемдер мен жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарын есептеу мен енгiзудiң тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 19 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 29 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 13.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.1995 ж. Заң күшi бар N 2703 U952703_ Жарлығын орындау мақсатында жоғарыда аталған нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi:
 
      1. II тарау. Әлеуметтік төлемдер мен жер қойнауын
                   пайдаланушылар салықтарының мазмұны
                   мен қолданылу аясы
 
      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "6. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық контрактылар Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе өкiлеттiгi бар мемлекеттiк органдар жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқанға дейiн Бас салық инспекциясында мiндеттi түрде алдын ала салық сараптауынан өтуi тиiс.
      Мiндеттi түрдегi алдын ала салық сараптауын өткiзу тәртiбiн Бас салық

 

инспекциясы бекiтедi.

     7. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе өкiлеттiгi бар

мемлекеттiк басқару органдары мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын

пайдаланушылар арасында 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн жасасқан жер қойнауын

пайдалану жөнiндегi контрактыларда айқындалған салық салу шарттары олардың

қолданылу мерзiмiне сақталады.".


     Министрдiң бiрiншi орынбасары

     Бас салық инспекциясының бастығы,

     салық қызметiнiң бiрiншi дәрежелi

     мемлекеттiк кеңесшiсi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады