------------ Бұйрықтан үзінді ------------------
"Заңға тәуелдi кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн, мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдердi Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр нормативтiк құқықтық кесiмдердiң күшi жойылды деп танылсын...
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетінің
2005 жылғы 5 сәуірдегі
N 111 бұйрығына қосымша
Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру мәселелерi
жөнiндегi күшi жойылған кейбiр нормативтiк
құқықтық кесiмдердiң тiзбесi
21. "Жекешелендiру объектілерiн сату жөнiнде аукциондар ұйымдастыру мен өткiзу туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi" Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 28 қарашадағы N 599 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 27 нөмiрiмен тiркелген)...
------------------------------
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай мен 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру, соның iшiнде мемлекеттiк меншiктi сатуды жеделдету мен жекешелендiру объектiлерiн аукциондарда сату тәртiбiн мейлiнше жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:
ЕСКЕРТУ. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 V970051_ қаулысымен .
1. 1996 жылдың 22 ақпанындағы N 60 Қаулысымен бекiтiлген "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондар өткiзу мен ұйымдастыру жөнiндегi Ережеге" келесi толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
а) 1.2.4 бап алынып тасталсын, соған сәйкес 1.2.5 бап 1.2.4 бап ретiнде есептелсiн;
б) 1.3.2 баптағы үшiншi абзацтан соң:
" - аукцион өткiзудiң тәртiбiн анықтау", - деп жазылсын;
в) 2.2.3 баптағы "б" тармағына мынадай өңдеу жасалсын:
"б) сауда-саттықтың голландық тәсiлi кезiнде баға белгiленбеуi
мүмкiн. Аз деңгейдегi баға белгiленген кезде, оның көлемi сауда-саттық өткiзу жөнiндегi хабарламада көрсетiледi";
г) 2.5 бөлiмшесi мына мағынадағы баппен толықтырылсын:
"2.5.5 Егер үшiншi және келесi саудада жекешелендiру объектiсi жалғыз қатысушыға сатыла беретiн жағдайды қоспағанда, аукционға қатысушылар саны екеуден кем болса, аукцион болмаған деп жарияланады";
д) екiншi абзацтағы 3.3.1 бабы алынып тасталсын;
е) төртiншi абзацтағы 3.3.2 бабы алынып тасталсын.
Төраға