Есептеу әдiсiне көшу туралы

Күшін жойған

Хат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi 1996 жылғы 11 наурыз N 13-4/1696. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 29 наурызда тіркелді. Тіркеу N 164. Күші жойылды - ҚР Қаржы Министрлігінің 1997 жылғы 10 қазандағы N 338 бұйрығымен.

      "Бухгалтерлiк есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар N 2732 Z952732_ Жарлығына сәйкес кiрiстер мен шығыстарды есептi кезеңге жатқызу есептеу принципi бойынша анықталады: кiрiстер мен шығыстарды түсу және төлеу уақытына қарамай, олар болған кездегi есептi кезеңде қабылданады.
      Егер 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеу принципi шығыстар мен басқа да көрсеткiштердi есептеуде сақталса, 1996 ж. 1 қаңтардан бастап кiрiседi есептеуде мұны пайдалану үшiн өнiм өткiзуден (жұмыстан, қызметтен) түскен түсiмдi анықтау тәсiлiн өзгерту қажет.
      Өнiм өткiзуден (жұмыстан,қызметтен) түскен түсiмдi оның мөлшерiне қарай анықтау әдiсiнен өнiм өткiзуден (жұмыстан, қызметтен) түскен түсiмдi тауарды жiберу (жұмысты, қызметтi орындау) мөлшерiне қарай анықтау әдiсiне көшкен кезде "Жiберiлген тауарлар" деген 45 деген тiркелген жiберiлген өнiмдердiң (жұмыстың, қызметтiң) 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалдығы өнiм өткiзуден (жұмыстан, қызметтен) түскен түсiмге қосылуға тиiс. Сонымен қатар "Өнiм өткiзу (жұмыс, қызмет)" деген 46-шоттың кредитi бойынша "Сатып алушылар және тапсырыс берушiлермен есеп айырысу" атты 62-шотпен хат-хабарларында жiберген өнiмдерiн (жұмыстың, қызметтiң) келiсiмдi бағасы көрсетiледi қызметтiң толық нақтылы өзiндiк кұны немесе нормативтi (жоспарлы) өзiндiк күн ("Өнiм шығару (жұмыс, қызмет)" атты

 

37-шотты қолданып өнiм шығаруды есептеу кезiнде ("Жiберiлген тауарлар"

атты 45-шоттан және "Сауда шығындары" атты 43-шоттан шығарылып, "Өнiм

(жұмыс, қызмет) көрсету" атты 46-шоттың дебетiне енгiзiледi.

     Жүргiзiлген бухгалтерлiк жазбаларға сәйкес 1996 жылғы бухгалтерлiк

баланстың тиiстi баптарындағы кiру сальдосын өзгерту қажет.

     Министрдiң бiрiншi орынбасары

     Бухгалтерлiк есеп пен есептеменiң

     методологиясы, оны ұйымдастыру

     және бақылау департаментiнiң бастығы


     Ескерту: Бұйрықтың қазақша мәтіні болмағандықтан орыс тілінде

              беріліп отыр.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады