Негiзгi ұғымдар
Бiлiктiлiк куәлiгi - жеке адамның құнды қағаздар рыногында кәсiби қызмет жүргiзу құқығына бiлiгi жететiндiгiн куәландыратын құжат.
Инвестициялық институт - құнды қағаздар рыногында қызмет жүргiзу құқығына лицензиясы бар және осындай қызметтiң бiр немесе бiрнеше түрiн атқаратын заңды тұлға.
Инвестициялық институттардың мамандары - шарттар, келiсiмдер, келiсiм-шарттар негiзiнде немесе басқа нысандарда инвестициялық институттар атынан құнды қағаздармен операциялар жасайтын, мәмiле жасасуға және осы мәмiлеге қатысуға, сондай-ақ құнды қағаздармен мәмiле жасасу шарттарын қалыптастыруға бiлiктiлiк куәлiгiмен расталған құқығы бар азаматтар.
Оқу орталығы - құнды қағаздар рыногына жұмыс iстейтiн мамандарды оқыту және емтихандар өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру жұмысын атқаратын, Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) рұқсаты бар заңды тұлға.
I. Жалпы ережелер
1.1. Бұл Ереже құнды қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн бiлiктiлiк куәлiгiн (бұдан әрi - куәлiк) алуға үмiткер азаматтарды аттестациялау тәртiбiн белгiлейдi.
1.2. Аттестация үмiткерлердiң құнды қағаздар рыногына қатысушылар алдында өз мiндеттерiн адал атқаруға кәсiби әзiр екендiгiн растайды.
1.3. Мамандарды аттестациялау үшiн оқу орталығының шотына
аударылатын жетi есептiк көрсеткiш мөлшерiнде ақы алынады.
Оқу орталығы оны емтихан өткiзiлетiн күнге дейiн үш күннен
кешiктiрмей Ұлттық комиссияның шотына аударуға мiндеттi.
Аттестация қорытындысы қанағаттанғысыз болған жағдайда
аттестация үшiн төленген ақы қайтарылмайды.
1.4. Аттестацияға мынадай адамдар жiберiледi:
- жоғары бiлiмi барлар;
- экономика немесе заң мамандығы бойынша кемiнде үш жыл еңбек
стажы болған жағдайда арнаулы орта (заң немесе экономикалық) бiлiмi
барлар.
II. Құжаттардың тапсырылу тәртiбi
2.1. Куәлiк алудан үмiткер оқу орталығына мынадай құжаттар
тапсырады:
- куәлiк алуға тiлек бiлдiрген жеке өтiнiшi (N 1 үлгi);
- бiлiмi туралы дипломның ксерокөшiрмесi немесе оның
нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
- заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған еңбек кiтапшасының (келiсiм-шарттың, еңбек шартының) ксерокөшiрмесi немесе жоғарыда аталған құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
Бiлiмi туралы диплом мен еңбек кiтапшасының ксерокөшiрмелерi олардың түпнұсқаларын көрсетуiмен бiрге ұсынылады.
2.2. Оқу орталығы:
- курс тыңдаушылары тапсырған құжаттарды тексередi және оларды Ұлттық комиссияның талаптарына сәйкестендiру туралы кеңес бередi;
- оқу процесi басталғаннан бастап үш күннен кешiктiрмей Ұлттық комиссияға барлық қажеттi құжаттарымен бiрге тыңдаушыларды емтиханға жiберу туралы өтiнген ұсыныс (N 2 үлгi) тапсырады.
III. Аттестациялық комиссия
3.1. Құнды қағаздар рыногының мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн анықтау жөнiндегi оқу процесiн ұйымдастыру мақсатында Ұлттық комиссияда төрағадан, төрағаның орынбасарынан, бес мүшеден және хатшыдан тұратын аттестациялық комиссия құрылады.
3.2. Аттестациялық комиссияның құрамын Ұлттық комиссияның төрағасы тағайындайды.
3.3. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертпелер болмаған жағдайда аттестациялық комиссия үмiткерлердi куәлiк алу үшiн емтихан тапсыруға жiберу туралы оқу орталығына жазбаша мәлiмдеме жолдайды. Аттестациялық комиссия құжаттары тиiстi түрде ресiмделмеген
үмiткердi емтиханға жiберуден бас тартуға құқылы.
3.4. Аттестациялық комиссияның мiндеттерiне мыналар кiредi:
- құнды қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау
жөнiндегi оқытудың үлгi бағдарламаларын жасау және бекiту;
- оқу орталықтарының қызметiн бақылау;
- емтихандар өткiзу кестесiн белгiлеу;
- емтиханның ойдағыдай тапсырылғандығын анықтайтын дұрыс
жауаптар санын (процентiн) бекiту;
- емтихан өткiзу және оның нәтижелерiн ресiмдеу;
- бiлiктiлiк куәлiктерiн беру.
3.5. Аттестациялық комиссияның мәжiлiстерi қажетiне қарай,
бiрақ кем дегенде айына бiр рет өткiзiледi.
IV. Аттестация жүргiзу және бiлiктiлiк куәлiктерiн
беру шарттары мен тәртiбi
4.1. Аттестациялық комиссия емтихан басталғанға дейiн кемiнде жетi күн бұрын емтихан өткiзу кестесi туралы хабарлайды. Оқу орталығы оқу процесi аяқталғанға дейiнгi үш күннен кешiктiрмей аттестациялық комиссияға қажеттi құжаттарымен бiрге тыңдаушыларды емтиханға жiберу туралы ұсынысын (N 3 үлгi), сондай-ақ аттестациядан өту үшiн ақы төлегендiгiн растайтын төлем қағазының көшiрмесiн тапсыруға тиiстi.
4.2. Емтиханға жiберiлген адамдардың тiзiмi емтихан басталғанға дейiн кемiнде екi күнтiзбелiк күн бұрын анықталады және оны аттестациялық комиссияның төрағасы бекiтедi.
4.3. Аттестациялық комиссия белгiлеген уақытта үмiткер емтихан өткiзiлетiн жерге келедi.
4.4. Куәлiк алу емтиханы компьютерлiк тест нысанында жүргiзiледi. Емтихандық тестiлер мен жауаптардың нұсқаларын үлгiлiк бағдарлама негiзiнде аттестациялық комиссия жасайды және оларды Ұлттық комиссияның Төрағасы бекiтедi.
Емтихан әдетте Ұлттық комиссия жанындағы компьютерлiк емтихан орталығында өткiзiледi.
Емтиханға орынды себептермен келе алмаған үмiткер аттестация үшiн қайтадан ақы төлемей-ақ келесi емтиханның тiзiмiне енгiзiледi.
4.5. Емтихан үстiнде үмiткерлердiң анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиеттердi, сондай-ақ жазбаларды қолдануына тыйым салынады. Емтихан тапсырудың аталған талаптары мен басқа да ережелерi бұзылған жағдайда үмiткер аудиториядан шығарылуы мүмкiн.
4.6. Аттестациядан өте алмаған жағдайда үмiткер аттестация үшiн қайтадан ақы төлей отырып, алдыңғы аттестация өткiзiлген күннен бастап бiр ай өткен соң тестiден өтуге құқылы.
Екiншi қайтара аттестациядан өтпеген жағдайда үмiткер кезектi аттестацияға тек толық оқыту курсынан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.
4.7. Аттестациядан ойдағыдай өткен үмiткер куәлiк (N 4 үлгi) алады. Куәлiктi ресiмдеу және оны үмiткерге беру үш күндiк мерзiмде жүзеге асырылады.
4.8. Куәлiктiң қолданылу мерзiмi - тiркелген сәттен бастап үш жыл.
4.9. Емтиханға қатысушылар жазбаша түрде наразылықтар ұсына отырып, апелляция беруге құқылы. Апелляция туралы материалдарды нәтижелерiн хаттамамен ресiмдейтiн аттестациялық комиссия қарайды және олар орындау үшiн аттестациялық комиссияға тапсырылады. Екiншi қайтара апелляция жүргiзiлмейдi. Апелляциялық комиссияның құрамын Ұлттық комиссияның төрағасы тағайындайды.
4.10. Берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң тiзбесiне тиiстi жазу енгiзiлген сәттен бастап үш айдан астам уақыт бiлiктiлiк куәлiгi талап етiлмеген жағдайда бiлiктiлiк куәлiгi тек Ұлттық комиссия төрағасының рұқсатымен ғана берiледi.
Осы тармақтың күшi сондай-ақ осы Ереже қабылданғанға дейiн берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiне де жүредi.
4.11. Куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi бiткен үмiткер оны қайыра аттестациядан өту арқылы ұзартуға құқылы. Бұл үшiн ол Ұлттық комиссияға өтiнiшiн, төлем қағазының көшiрмесiн тапсырады.
V. Бiлiктiлiк куәлiктерiн есепке алу және
олардың пайдаланылуын бақылау
5.1. Ұлттық комиссияда бiлiктiлiк куәлiктерiнiң тiзiлiмi жүргiзiледi.
5.2. Бiлiктiлiк куәлiктерiн есепке алуды және олардың пайдаланылуын бақылауды Ұлттық комиссияның атқару аппаратының Құнды қағаздар рыногын реттеу бас басқармасы жүзеге асырады.
5.3. Ұлттық комиссия аттестациялық комиссияның ұсынуымен мынадай жағдайларда куәлiгi бар мамандарды мерзiмiнен бұрын қайыра аттестациялауға мiндеттеуге құқылы:
- инвестициялық институттар, клиенттер тарапынан маманға орынды кiнә қойылса;
- құнды қағаздар рыногын реттейтiн заңдар айтарлықтай өзгертiлсе.
VI. Бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылуын кiдiрте
тұру және оны қайтарып алу
6.1. Ұлттық комиссия аттестациялық комиссияның ұсынуымен мынадай жағдайларда бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылуын кiдiрте тұруға құқылы, егер маман:
а) Қазақстан Республикасының құнды қағаздар рыногы туралы заңдарын бұзған болса;
б) мерзiмiнен бұрын қайыра аттестациядан өтуден бас тартса.
Ұлттық комиссияның шешiмiмен бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылуы оның кiдiртiлуiне әкелiп соқтырған себептерi жойылған жағдайда қайта жалғастырылады.
6.2. Ұлттық комиссия аттестациялық комиссияның ұсынуы бойынша мынадай жағдайларда бiлiктiлiк куәлiгiн қайтарып алуға құқылы, егер маман:
а) Қазақстан Республикасының құнды қағаздар рыногы туралы заңдарын үнемi бұзатын болса;
б) бiлiктiлiк куәлiгi берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде құнды қағаздар рыногында практикалық қызметтi жүзеге асырмаған болса;
в) экономикалық қылмыстары үшiн сотталған болса.
6.3. Куәлiгi алынып қойылған маман қолданыстағы заңдарда көзделген тәртiппен Ұлттық комиссияның шешiмiне шағымдануға құқылы.
Құнды қағаздар рыногында жұмыс
iстеу үшiн мамандар даярлау
жөнiндегi курс тыңдаушыларын
аттестациялау туралы ережеге
N 1 үлгi
Қазақстан Республикасының
Құнды қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясы
Аттестациялық комиссияның
Төрағасы
_________________________
ӨТIНIШ
Мен_____________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
_______санаттағы бiлiктiлiк куәлiгiн алу үшiн маған емтихан
тапсыруға рұқсат беруiңiздi өтiнемiн.
Туған жылы_________________________________
Жынысы_____________________________________
Мамандығы__________________________________
оқу орнының аты
Жұмыс стажы, сонымен бiрге мамандығы бойынша (экономикалық
немесе заң)____________________________________________________
Паспорт сериясы:__________________________________________
(куәлiк)
Үй мекен-жайы___________________________________________________
(почта индексi, елдi мекеннiң, көшенiң аты,
________________________________________________________________
үйдiң, пәтердiң нөмiрi)
Телефон нөмiрi: үй______________________
жұмыс______________________
Өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi:
- бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
- еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
Қолы
күнi
Құнды қағаздар рыногында жұмыс
iстеу үшiн мамандар даярлау
жөнiндегi курс тыңдаушыларын
аттестациялау туралы ережеге
N 2 үлгi
Қазақстан Республикасының
Құнды қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясы
Аттестациялық комиссияның
Төрағасы
_________________________
ӨТIНIШ
_____________________________________________________________
(оқу орталығының толық аты)
Сiзге құнды қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар
даярлау жөнiндегi курстардың 199____ж.______бастап_____дейiн
өткiзiлетiнi туралы хабарлайды.
Сiздiң 199_ж. "___" ______________аттестациядан өткiзу күнiн
бекiтуiңiздi сұрайды.
Тыңдаушылардың саны_____адам.
Оқу орталығының басшысы ___________________
199_ж. "__"________
Құнды қағаздар рыногында жұмыс
iстеу үшiн мамандар даярлау
жөнiндегi курс тыңдаушыларын
аттестациялау туралы ережеге
N 3 үлгi
Қазақстан Республикасының
Құнды қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясы
Аттестациялық комиссияның
Төрағасы
_________________________
ӨТIНIШ
_____________________________________________________________
(оқу орталығының толық аты)
______санаттағы бiлiктiлiк куәлiктерiн алу үшiн 199__ж.
_____________________бастап_________________________дейiн
оқытудан өткен тыңдаушылардың аттестациясын 199__ж. "__"_______
өткiзудi сұрайды.
ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ТIЗIМI:
______________________________________________________________
N Аты-жөнi жұмыс орны қызметi
р/н
______________________________________________________________
Тыңдаушылардың құжаттары қоса берiледi.
Оқу орталығының басшысы ______________
199__ "__"______
Құнды қағаздар рыногында жұмыс iстеу
үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс
тыңдаушыларын аттестациялау
туралы ережеге
N 4 үлгi
Бiлiктiлiк куәлiгi
____________________санаттағы
N______
Осы куәлiк ___________________________________________________
________________________________________, Қазақстан Республикасының
Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бекiткен оқу
бағдарламасына сәйкес құнды қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн
мамандарды даярлау курстарында оқығаны туралы берiледi.
199__жылғы " "__________________аттестациялық комиссияның
шешiмiмен__________________________________________________________
рыноктағы маман бiлiктiлiгi берiледi және құнды қағаздар рыногында
__________________________________________________________қызметтi
(қызметтiң түрi)
жүзеге асыру үшiн лицензия алу құқығы берiледi.
Ұлттық комиссияның
Төрағасы _______________
Аттестациялық комиссияның
Төрағасы _______________
Хатшысы _______________
М.О. Алматы қаласы