Қазақстан Республикасы Президентiнiң заңды күшi бар 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы N 2721 U952721_ "Жекешелендiру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы N 2680 U952680_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-1998 жылдарға арналған реформасын тереңдету жөнiндегi Бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
1. Жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сату туралы ұсынылған Тәртiп бекiтiлсiн.
2. Жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сатудың жоғарыда көрсетiлген Тәртiпке сай жүргiзiлуi белгiленсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылдың 5 наурыздағы N 82 Қаулысымен бекiтiлген
Жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сату
Тәртiбi
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң заңдық күшi бар 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы "Жекешелендiру туралы" U952721_ Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылға арналған реформасын тереңдету жөнiндегi кеңейтiлген Жоспарына сәйкес жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сату тәртiбiн, сондай-ақ сатып алу-сату үдерiсiне қатысушылар мiндеттерi мен құқықтарын белгiлейдi.
2. Жекешелендiрудiң ұзартылған мерзiмге сатылатын объектiлерi қатарына Сатып алушыға төлемiн үш жылға дейiн ұзартылған мерзiмде төлеуге берiлген мемлекеттiк мүлiктер жатады.
3. Жекешелендiрудiң ұзартылған мерзiмге сатылатын объектiлерiн Сатушы болып Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi немесе оның аумақтық органдары саналады.
4. Жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сату жөнiндегi шешiмдi Сатушы қабылдайды.
5. Жекешелендiрудiң ұзартылған мерзiмге сатылатын объектiлерi қатарына:
5.1. Төленiмi 3 (үш) жылға дейiнгi ұзартылған мерзiмге берiлетiн, ауылдық жерлер мен елдi мекендердегi әлеуметтiк тағайындау объектiлерi;
5.2. Төленiмi 1 (бiр) жылдан артық емес уақытқа берiлетiн, кредиттiк қарыздары активтерiнен асып кететiн объектiлер;
5.3. Төленiмi 3 (үш) ай ұзартылған мерзiмге берiлетiн сауда-саттық кезiндегi қорытынды бағасы бастапқы бағадан екi немесе одан да жоғары көтерiлген объектiлер жатады.
6. Жекешелендiрудiң объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сату аукцион немесе тендер өткiзу арқылы жүргiзiледi.
Сауда-саттықтар өткiзiлетiн сауда-саттық түрiне орай (аукцион немесе тендер) реттелген тәртiп бойынша төменде көрсетiлген ерекшелiктерiне сай жүргiзiледi.
6.1. 5.1. және 5.2. пункттерiне ұзартылған мерзiмге сатылатын объектiлер бойынша:
а) Ұзартылған мерзiм төленiмдерiнiң мүмкiндiгi және оның шарттары сауда-саттық қатысушыларының мәлiметтерiне негiзiнде келесi тәртiппен жүргiзiледi;
- егер аукцион немесе ашық тендер объект бойынша сауда-саттық өткiзу жөнiндегi хабарламада көрсетiлсе;
- егер жабық тендер тендерге қатысуға шақыруда көрсетiлсе.
б) төленiм келесi тәртiппен жүргiзiледi:
- сауда-саттық жөнiндегi келiсiм шарт жасалғаннан кейiнгi алғашқы ай iшiнде екi жақпен келiсiлген сома төленедi, бiрақ ол сома сатылатын бағадан 15 проценттен кем болмауы керек;
- қалған сома сауда-саттықтың келiсiлген шартына сәйкес төленедi;
- қалған төленбеген сомаларға екi жақтың келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қайта қаржыландырған ставкасының жартысынан кем емес мөлшерде процент енгiзiледi.
6.2. 5.3. пунктiне сәйкес ұзартылған мерзiмде сатылатын объектiлер бойынша:
а) ұзартылған мерзiм төленiмдерiнiң мүмкiндiгi және оның шарттары сауда-саттық қатысушыларының мәлiметтерi негiзiнде келесi тәртiппен жүргiзiледi:
- Сатушы сауда-саттық басталғанға дейiн төлем уақыты келiсiлген, бiрақ үш айдан артық емес мерзiмде төленетiн ұзартылған мерзiм объектiлерiнiң тiзiмiн анықтайды. Ұзартылған мерзiмге сатылатын объектiлердiң бастапқы бағасының өсу мөлшерi әр объектiге жеке бекiтiледi, бiрақ бұл мөлшер екi еседен кем болмауы керек;
- Сауда барысында қатысушы ұсынған баға келiсiлген мөлшерден асып кеткен жағдайда ғана аукционшы төлемнiң мүмкiн болатын ұзартылған мерзiмi жөнiнде хабарлайды.
б) төлем келесi тәртiппен жүргiзiледi:
- сауда-саттықтың келiсiм шартына ол қойылғаннан кейiнгi алғашқы айда сауда-саттық кезiндегi қорытынды бағаның 50 процентi төленедi;
- қалған сома сауда-саттықтың келiсiлген шарты тәртiбiмен төленедi;
- қалған төленбеген сомаларға екi жақтың келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қайта қаржыландырған ставкасынан кем емес мөлшерде процент енгiзiледi.
6.3. Сатып алушының сауда-саттық шартын орындамауы Сатушыға оны бiржақты түрде бұзуға мәжбүр етедi.
Жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сату Тәртiбiн бекiту туралы
Күшін жойғанҚаулы Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 5 наурыз 82 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 167. Күші жойылды - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнің 1996 жылғы 24 мамырдағы N 206 қаулысымен. ~V960203
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз