Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк шекараны күзету
/шекара наряды/ туралы
Тәлiмдеменi бекiту жөнiнде
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекараны күзету /шекара наряды/ туралы Тәлiмдеменi бекiту және оны күшiне енгiзу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитет штабы, шекара әскери құрамалары мен бөлiмшелерi командирлерi, шекара застава бастықтары мемлекеттiк шекара күзетi учаскелерiнде, осы Тәлiмдеменiң қағидаларына сәйкес қажеттi шаралардың ұйымдастырылуын қатал талап етедi.
3. Әскерлер даярлау, тәрбие және әлеуметтiк-құқық жұмыс басқармалары, 1996 жылға арналған тәрбиелiк және жауынгерлердi әскери даярлау жоспар-бағдарламаларына өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзiп, осы Тәлiмдеме талаптарын насихаттау жұмыстарын меңгеру жоспарлы өткiзiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының шекара әскерлерiнiң бүкiл дербес құрамаларына осы Тәлiмдеменi оқып үйрену, нақты бiлу және оны шекара заставасы учаскесiнде мемлекеттiк шекараны күзету мен ұйымдастыру кезiнде қатаң басшылыққа алынсын.
5. Қазақстан Республикасының Әскери Институтының әскери
қызметшiлерi мен Шекара әскерлерiнiң дербес құрамалары осы бұйрықпен
таныстырылсын.
6. ҚР ҰҚК 30 желтоқсан 1994 жылғы N 92 Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк шекарасын күзету туралы шекара әскерлерiнiң Тәлiмдемесiн
бекiту жөнiнде" бұйрығының Қазақстан Республикасының территориясында
күшi жойылсын.
Мемлекеттiк Комитет Төрағасы
генерал-лейтенант
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауiпсiздiк
комитетi Төрағасының
бұйрығына N 1 қосымша
1996 жылғы 25 қаңтар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын
күзету туралы тәлiмдеме
Шекара наряды
Бiрiншi тарау
Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы дегенiмiз Қазақстан Республикасы территориясының шегiн - құрлығының, суының, жер қойнауының және әуе кеңiстiгiнiң шегiн айқындайтын сызық және осы сызық арқылы өтетiн беткi қабаты.
Мемлекеттiк шекара Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң шешiмдерiмен белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын және мемлекеттiк шекараның қол сұғылмайтындығын халықаралық принциптерiн басшылыққа ала отырып:
мемлекеттiк шекараны Қазақстан Республикасы егемендi құқықтарының бүкiл билiгiне ие болатын территорияның /құрлықтың, судың, жер қойнауының, әуе кеңiстiгiнiң/ заң жүзiнде баянды етiлген кеңiстiк шегi ретiнде қарастырады, бұрынғы КСРО жөнiнде жарияланған құқықтық мирасқорлықты басшылыққа ала отырып, қазiргi халықаралық шарттарды соның iшiнде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" және КСР Одағының бұрынғы республикалары болған басқа да мемлекеттердiң әкiмшiлiк-территориялық жiгiн айыру туралы актiлерде белгiленген осы Заң кiрген күнi өз мемлекеттiк шекарасының өтуiн қуаттайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын белгiлеген және оның өтуi өзгерген кезде, Қазақстан Республикасының шекарадағы шектес мемлекеттермен құқықтық қатынастарды орнатқан және қолдап отырған кезде, Қазақстанның шекаралық аудандарында /акваторияларында/ және Қазақстан территориясындағы халықаралық қатынас жолдарында құқықтық қатынастарды реттеген кезде Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi және халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсаттарын, шекаралас мемлекеттермен өзара тиiмдi ынтымақтастық мүдделерiн, шекара мәселелерiн бейбiт, күш қолданбай шешу принциптерiн басшылыққа алады.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен мемлекеттiк шекара тәртiбiн белгiлеп және оны қорғау жөнiндегi қызметтi үйлестiрiп отырады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi. Ол Заңдар мемлекеттiк шекараны белгiлеу және оның өтуiн, оның айқындар көрсетiлу тәртiбiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын белгiлеу ретiн және оны ұстау тәртiбiн, шекара тәртiбi мен өткiзу пункттерiндегi тәртiптi белгiлейдi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қорғау саласындағы қатынастарды реттейдi. Ол Заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының осы Заңға сәйкес шығарылатын басқа да заң және нормативтiк актiлерден құралады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара туралы Заңдары Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар, келiсiмдер мен басқа да актiлер негiзiнде құрылады. Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелерi мен Қазақстан жасаған халықаралық шарттардың ережелерi сәйкес келмеген жағдайларда халықаралық шарттар қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қорғау Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпы мемлекеттiк жүйесiнiң ажырағысыз құрамдас бөлiгi болып табылады және ол мыналарды көздейтiн саяси, әскери, құқықтық, ұйымдық, экономикалық, экологиялық, техникалық, оперативтiк және басқа шаралар жүйесiн iске асыруды бiлдiредi.
Қазақстан Республикасының белгiленген мемлекеттiк шекарасының өтуiн құқыққа қарсы, күш қолдану арқылы өзгертуге, шекаралас мемлекеттердiң немесе олардың азаматтарының Қазақстан Республикасы территориясының шекарадағы учаскелерiн Заңсыз пайдалануына /игеруiне/ жол бермеу;
халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы құқықтық қатынастарды, осы құқықтық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар мен әкiмшiлiк қылықтарға қарсы күресте заң адамдарының және нақты адамдардың сақтауын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн сыртқы және iшкi қол сұғушылықтардан қорғау.
Қазақстан Республикасының құрлықтағы, теңiздегi, өзендердегi және басқа су қоймаларындағы мемлекеттiк шекарасын қорғау шекара әскерлерiне, ал әуе кеңiстiгiнде - әуе шабуылынан қорғану әскерлерiне жүктеледi.
Мемлекеттiк шекараны қорғауға Қазақстан Республикасының Заңдары белгiлеген құқықтары шеңберiнде басқа да министрлiктер мен ведомстволар қатысады.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында басқа жағдай көзделмеген болса, былайша белгiленедi:
Құрлықта жер бедерiнiң сипаты нүктелерi мен сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша;
теңiзде - Қазақстан Республикасының территориялық теңiзiнiң сыртқы шегi бойынша;
өзендерде /бұлақтарда/ - олардың орта тұсы бойынша немесе өзеннiң негiзгi сағасының орта тұсы бойынша; басқа да су қоймаларында - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының су қоймасының жағасына шығатын бiрiктiретiн тура сызық бойынша.
Қазақстан Республикасының өзен /бұлақ/, басқа су қоймасы бойынша өтетiн мемлекеттiк шекарасы олардың жағаларының сипаты немесе су деңгейi өзгергенде де, сондай-ақ өзен /бұлақ/ ағысы белгiлi бiр жаққа ауытқыған жағдайда да өзгермейдi;
Су топтарының су қоймаларында және басқа жасанды су қоймаларында олар толтырылғанға дейiн жер бедерiне қарап өтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына сәйкес;
темiр жол және автомобиль жолдары көпiрлерiне, өзендердiң /бұлақтардың/ шекаралық учаскелерi арқылы өтетiн тоғандарда және басқа құрылыстарда Қазақстан Республикасының су бойынша мемлекеттiк шекарасының өтуiне қарамастан, әлгi құрылыстардың орта тұсы бойынша немесе олардың технологиялық дiңгегi бойынша белгiленедi.
Қазақстан Республикасының территориялық теңiзiне жағалаудағы теңiз сулары жатады, олардың енiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiметiнiң жоғары органдарының шешiмдерi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының iшкi суларына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының теңiз жаққа қарай неғұрлым қашықта өтетiн порттардың гидротехникалық және басқа құрылыстары арқылы өтетiн сызықпен шектелген порттардың сулары;
жағалауы Қазақстан Республикасының иелiгiндегi өзендермен басқа да су қоймаларының сулары.
Каспий теңiзiнде iшкi суларға жататын акваториясын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiметiнiң жоғары органдары және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының жерге /су бетiнде/ қарап Қазақстан халықаралық шарттары негiзiнде жүргiзiлген мемлекеттiк шекарасының өтуiн дәлдей түсу туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң бекiтуiне жатады.
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының жерiне қарап белгiлеу айқын көрiнетiн шекара белгiлерi бойынша көрсетiледi.
Шекара белгiлерiнiң түрлерiн, көлемдерiн, олардың сипаттамасын және белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары айқындайды.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы қасиеттi және оған қол сұғылмайды. Мемлекеттiк шекараны күзету - Отанды қорғаудың ажырағысыз бөлiгi болып табылады. Оның саяси, әскери және экономикалық маңызы зор, сондықтан да мемлекеттiк шекараны күзету - ең жоғары дәрежелi және әрбiр шекарашыға үлкен жауапкершiлiк мiндеттелiнедi.
8. Шекарашы - Отанды шексiз берiле сүйiп және халыққа ынтасымен берiлiп қызмет етiп, әскери антына берiк тәртiптi, адал, батыл және Қазақстан Республикасының жауларына мейiрiмсiз болуы қажет.
Шекара әскерлерiнiң әскери қызметшiлерiнiң
атқаратын жалпы мiндеттерi
9. Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiнiң әскери қызметшiлерi /шекарашылары/ өз отанының мүддесiн - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қорғайды.
Шекара әскерлерiнiң мiндеттерi мыналар болып табылады:
"Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" Заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жалпы әскери Қарулы Күштерiнiң, Шекара әскерлерiнiң Жарғыларының және осы Тәлiмдеменiң талаптарын қатаң сақтап, оны шебер iске асырып, адал орындау;
жер жағдайының сипатын жетiк бiлу, шекара өтетiн сызықтарды, шекара белгiлерiнiң нөмiрлерiн, олардың застава шебiнде қалай орналасқанын нақты бiлу;
өзiне берiлген қаруды, техниканы жетiк игерiп, жөндеп, құнттап және олардың түзiгiн әр мезетте оқ атуға дайын ұстау;
мемлекеттiк шекара режимiн жете игерiп және шекара сызығының бұзылмауын қатаң сақтау;
мемлекеттiк шекараны бұзушылардың iзiн кесу және басқа да нышандары арқылы бұзушының өткен жерлерiне iздеу жүргiзiп, барлық күш-ынта-зейiн салып, бұзушыны асқан шеберлiкпен табу;
застава учаскесiнде орналасқан тұрақты iстейтiн радиобайланыс тораптарының немесе байланыс ұялары өтетiн және байланыс арналары орналасқан, сондай-ақ оның көрiнетiн /естiлетiн/ бағдарлы байланыс зонасын бiлу;
алға қойылған мiндеттi тапсырманы орындау жолында жау күшiнiң сан жағынан басымдылығына қарамастан, ұрысқа батыл кiрiсу;
мемлекеттiк шекараны бұзушыларды iздеу және оларды ұстап алу кезiнде өзара жәрдемдесудi, соғыста да жауынгерлiк серiктестiктi қадiрлеу;
шекара аймағына кiруге және шекара алқабында болуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтары және бөгде адамдардың рұқсат етiлген нақты құжаттарын, жалған құжаттардан ажырата бiлу;
мемлекеттiк шекараны күзету жөнiнде өзiнiң айлакерлiгiн, шеберлiгiн, табандылығын, тапқырлығын, жауынгерлiк дәстүрлердi жалғастырушы, оны жоғары дәрежеде сақтаушы ретiнде және оны өз бөлiмшесiне жалғастыру жөнiнде ынтасын бiлдiру.
- Заңдылықты қатаң сақтау.
10. Мемлекеттiк шекара аймағында және шекара алқабында болған жағдайларында шекарашының атқаратын мiндеттерi:
мемлекеттiк шекараны бұзып өтуге немесе өткiзуге рұқсат беру пункттерiнен тыс жерден өтуге тырысқан шекара аймағына және шекара алқабына заңсыз өтуге және өздерiн куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды ұстап, оларды жақын жерде орналасқан шекара әскери пункттерiне немесе ҰҚК, iшкi iстер бөлiмшелерiне жеткiзу шараларын қолдануы қажет.
11. Шекарашы жоғары қырағылықты көрсету қажет. Ол дұшпанның қулық-сұмдығын анықтау, өзiнiң шекарашылық шеберлiк әдiстерiн дұшпанға қарсы қолдана бiлу, мемлекеттiк және қызметтiк құпияны қатаң сақтау. Мемлекеттiк және қызметтiк құпияны сақтау мақсатында шекарашыға мына төмендегi мәселелер мiндеттеледi: мемлекеттiк және қызмет бабындағы құпиялылық жөнiнде, осы мәселеге қатысты адаммен тiлдесу, бөгде адамның қатысуында сөйлесуге болмайды, ереже қағидаларын қатаң сақтау, байланыс арналары арқылы сөйлесу, қызмет бабына байланысты ережелер мен қажеттi құжаттардың тәртiбiн сақтау, жеке басының хат жазысып алысуы жағдайында мемлекет және қызметi жөнiндегi құпиялықты ешкiмге айтпауға тиiс.
12. Мемлекеттiк шекараны күзету - шекарашының Отан алдындағы мiндеттi борышын өтеу. Өзiнiң өмiрiне қандай қауiп төнсе де, мемлекеттiк және қызмет бабындағы құпияны дұшпан қолына берiлуiне мәжбүр ете алмайды. Жаралы және қаза болған жауынгерлердi, олардың қару-жарақтары мен төл құжаттарының, киiм-кешектерiнiң дұшпан қолына түспеуiне әрекет жасауы қажет.
13. Шекарашы сұрапыл апатқа ұшырасуымен, шекара ережесiн мәжбүрлiкпен бұзып шектес мемлекеттiң территориясында қалуы жағдайында немесе басқалай жағдай кездесуiне қарамастан, ол мiндеттi түрде Қазақстан Республикасына қайтуы қажет, ал шұғыл түрде ретi келмейтiн болса, онда ол мемлекеттiк шекара күзету өкiлетiн мәжбүр болған жағдайын өз Республикасына дереу хабарлауға тиiстi, сондай-ақ дипломаттық өкiлеттердiң өзара кездесу-келiсiмдерiмен шешiлуге тиiстi.
14. Шекарашы мемлекеттiк шекараны күзету режимiн және ережелерiн қасақаналықпен бұзса, мемлекеттiк шекараны бұзушыларға қарсы шара қолданбаса, шекара күзетi жөнiндегi ережелердi әдейi бұзған жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қатаң жауапқа тартылады.
15. Мемлекеттiк шекараны күзетуде шекарашының ең жақын және ең белсендi көмекшiлерi халық жасақтары және шекара аймағында тұратын азаматтар, сондай-ақ шекара алқабында мекен тепкен жай адамдар. Шекарашы шекара шебiн мекендеген халықтардың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерiн құрметтеп, сенiмдiлiк артуы қажет.
16. Шекарашылар, мемлекеттiк шекараны күзетудегi Қазақстан Республикасының Қарулы Күшi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, алға қойылған мақсатты жұмыстарды өзара iс-әрекеттерiн орындауға мiндеттi.
17. Мемлекеттiк шекараны күзетудi үлгiлi атқарғаны үшiн,
шекарашыларды Қарулы Күштердiң тәртiп жарғысына сәйкес сыйлықтар
берiлiп, "Шекара әскерлерiнiң үздiгi" кеудеге тағатын белгiсiмен
наградталады.
Шекарашылар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын
күзетуде көрсеткен батылдығы, батырлығы, ерлiгi үшiн мемлекеттiк
ордендер мен медальдарға ұсынылуы мүмкiн.
Екiншi тарау
Шекаралық нарядтар мемлекеттiк
шекараны күзетудiң негiздерi
1. Шекаралық нарядтар, олардың түрлерi және
атқаратын мiндеттерi
18. Мемлекеттiк шекараны күзетудiң негiзi болып саналатын әскери бөлiмше, шекараның нақты бiр учаскесiнде үзiлiссiз тұрақты күзет қызметiн атқаратын - шекаралық әскери застава /бекет/. Шекара әскери заставасының әр уақытта күзету қызметiн атқаратын негiзгi құрамы - шекара әскери наряды болып есептеледi.
19. Шекаралық наряд дегенiмiз - бiр немесе бiрнеше шекарашылардан тұратын қару-жарақпен жабдықталған, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi бұйрықты орындайтын әскери жасақ.
20. Мемлекеттiк шекараны күзету үшiн заставаның /бекеттiң/ мына төмендегiдей түрлерi тағайындалады: "Шолғыншы /барлаушы/", "сақшы", "Байқау орны /бақылау күзетi, байқау күзетi, қадағалау күзетi/", "Техникалық бақылау күзетi /орын байқау, қадағалау күзетi/", "Шекаралық орын /шекара күзетi/", "Жылжымалы /қозғалмалы/ шекаралық орын", "Бақылау /тексеру/ орны", "Барлау-iздеу тобы", "Дабыл қағу тобы", "Iздеу /қарау/ тобы", "Тосқауыл", "Торуыл", "Шекаралық айдауыл", "Шекаралық пошта", "Шекарадағы жұмысшылар тобы", "Байланыс және сигнал кезекшiсi", "Застава кезекшiсi". Жеке нарядтар түрлерi басқа да отрядтар бөлiмшелерiнен, сондай-ақ шекара күзетiндегi әскери кемелер құрамасының радиотехникалық күзетiнен тағайындалады. Нарядтың шектi құрамы осы тәлiмдемеге сәйкес және шекара жағдайларына қарай анықталады. Шекарашылардағы жағдайдың шиеленiсуiне қарай қару-жарақпен iрiлендiрiлген наряд жiберiлуi мүмкiн, қажет болса бронетранспортерлер немесе соғыс машинасымен жабдықталған жаяу әскер жөнелтiледi.
21. Шекаралық наряд застава бастығына /бөлiмше командирiне/, шекара комендатурасының комендантына, шекара отрядының бастығына, олардың орынбасарларына, сондай-ақ нарядты жiберушiге бағынады.
Наряд - әскери қызмет атқарушыларды тексерушiнiң де нұсқауларын орындайды, наряд қызметiн тексерушiлердiң нарядты орнынан алуға немесе бастапқы орнынан басқа учаскеге ауыстыруға құзыры жоқ.
Күзеттегi нарядты орнынан алу және оны басқа учаскеге ауыстыру тек қана застава бастығының /бөлiмше командирiнiң/ олардың орынбасарларының және негiзгi бастықтарының жарлығымен жүзеге асырылады.
22. Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi бұйрықты
орындай отырып, шекара нарядының атқаратын
мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының аумағына қарумен басып кiрудi, әскери топтар мен бандылардың шабуыл жасауын тойтару, елдi мекендi, мемлекеттiк меншiктi және азаматтардың жеке меншiктерiн қылмысты озбырлықтан қорғау;
мемлекеттiк шекараны бұзушыларды тыным таппастан белсендi iздеу салу, немесе олардың күдiктi жерлерде болуын табу және оларды шұғыл қуғындау, тұтқындау және пайда болған жерiнде құрту;
көршiлес нарядтарға мемлекеттiк шекараны бұзушыларды ұстауда көмек беру және шұғыл қолдау жасау, басып кiру шабуылын тойтару;
заставадан учаскеге берiлген немесе учаскеден заставаға берiлген сигналдарды байқау, қарау және ол сигналды iс-әрекетiне шебер пайдалану;
жер бетiнiң жыл уақытының, ауа райының, немесе адам әрекетiнiң әсерiнен болған өзгерiстерiн байқау;
әуеден шабуыл жасауын үздiксiз бақылау жүргiзу және әуеде пайда болған ұшақтарды және ұшатын аппараттар туралы заставаға шұғыл баяндау;
күзет учаскесiнде пайда болған өрттi сөндiруге шара қолдану;
әскери қызмет атқару орынының қауiпсiздiгiн және бүркемелiгiн қатаң орындау, наряд қозғалысының бiр iздiлiк режимiн сақтау.
23. Шекаралық наряд бұйрықта белгiленген уақыт бойынша шекара күзетi учаскесiн өз бетiмен қалдырып, наряд қозғалысы бағытын мына төменгi жағдайларға қарай өзгертедi:
мемлекеттiк шекараны бұзушының iзiне түскенде;
көршiлес нарядқа жәрдемдесiп және оған қолдау жасағанда;
су тасқыны, көшкiн, жер опырылып құлау және тағы басқа да табиғи апаттардан зардап шеккенде, әскери қызмет атқару учаскесiн шекара нарядшылар өмiрiне қауiп қатер төнгендей болса;
шекарашылар науқастанса /жарақаттанса/ осы себеппен наряд әскери қызметiн бұдан әрi жалғастыра алмауына байланысты және бұл жағдайды застава бастығына баяндай алмайтын болса;
шекара күзетi учаскесiн қалдырып кеткенiн, наряд әскери қызмет атқару бағытын өзгерткенi туралы, мүмкiндiгiнше застава бастығына бiрiншi баяндайды.
24. Шекара нарядтарына рұқсат етiлмейдi:
күзетте тұрған учаскесiн /әскери қызмет атқарған орнын/ кезектегi күзетшi алмасқанға дейiн қалдырып кетуге немесе қозғалу бағытын өзгертуге болмайды, 23 бапта көрсетiлген жағдайлар кездессе ғана;
күзет орнын қараусыз қалдыруға, немесе басқа адамға тапсыруға, сондай-ақ қарудың оғын алуға, жабдықтарды алып тастауға, қаруды және техниканы бөлшектеуге рұқсат етiлмейдi;
сигнал жинақтарын /жүйелерiн/, сезбектердi, су жүргiзу құбырларының торлы маталар, кейбiр учаскелердегi жеке кедергi жiптерiн өз бетiмен ажыратуға болмайды;
застава бастығының рұқсатынсыз радиолокациондық станциясы /жинақты/ сөндiруге және олардың экрандарының, сондай-ақ сигналдық жүйенiң хабарлау таблосында бақылаусыз қалдыруға болмайды;
көршiлес мемлекеттiң аумағына прожектор жарығы арқылы сәуле түсiрiп, шекара күзетiндегi кемелердiң /катердiң/, тiкұшақтардың, поезд және басқа да көлiк құралдарының жүргiзушiлерiне көздi шағылыстыратындай сәуле түсiруге;
шекара наряды әскери қызмет бабымен тәуелдi емес адаммен кез келген елдi мекеннiң адамдарымен сөйлесуге, олардан заттар алуға тыйым салынады;
қызмет бабына қажеттi емес орындарға - сауықжайға, дүкендерге, ел тұратын және адам тұрмайтын үйлерге кiруге;
түнгi уақытта күзет орнында темекi тартып, дауыстап сөйлеп, алау жағып өзiн көрсетуге;
аттарды байлап, ауыздығын алуға және оларды жемдеуге, қос айылды босатуға /алыс учаскелерде әскери қызметiн 7 сағаттан ұзақ атқаратындар мен бақылау күзетiнен басқалары/;
әскери қызметiне ден қоймауға және қырағылықты нашарлатуға.
25. Шекара нарядына үзiлдi-кесiлдi рұқсат етiлмейдi:
шектес мемлекеттiң аумағына кiруге, басқа мемлекеттiң шекара күзетi өкiлiмен және көршiлес мемлекеттiң тұрғындарымен сөйлесуге, олармен нәрсе-заттар берiп-алып алмасуға, мемлекеттiк шекара арқылы асыра лақтырып тасталған немесе застава аумағында табылған кез келген күмәндi заттарды ұстауға;
26. Шекара нарядына рұқсат етiледi:
мемлекеттiк шекара және шекара режимiн бұзушы туралы толық мағлұмат алу мақсатында жергiлiктi тұрғындардан сұрастыру;
қажет болса, iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк комитетi қызметкерлерiнен Қазақстан Республикасы Қарулы Күшiнен әскерлер, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк органдарынан, кәсiпорындарынан, мекемелер мен ұйымдардан лауазымды бастықтарынан тағы басқа да азаматтардан жәрдемдесулерiне шақыруға;
алға қойылған мақсатты мiндеттi түрде тоқтатпай орындап отыру, өздерi күзететiн учаскедегi апат зардабына ұшыраған адамдарға көмек бередi, учаскеде болған жағдайды застава бастығына баяндайды;
шекара бақылау күзетiн үздiксiз, асқан қырағылықпен жүргiзе отырып, кезекпен су iшедi, күндiзгi уақытта темекi тартады, егер қызмет атқару 7 сағаттан асатын болса, онда өздерi тамақ iшедi, қызмет малдарына жем-шөп жегiзiледi;
наряд құрамы үш және одан да көп шекарашылардан асатын болса, онда атқару уақыты 12 сағаттан асса наряд тұрып демалу ретiн, застава бастығы анықтайды /демалушылар саны үште бiр мен есептелiнедi/;
көршiлес мемлекеттiң шекара күзетiнiң өкiлдерiн /келiсiм-шарт бойынша/, егер шекара шебiнде iз табу және шекара бұзылды деген басқалай белгiлер табылса әскери қызмет тәртiбi бойынша тыңдап, белгiленген жарлыққа сәйкес застава бастығына, немесе оның орнына қалған адамға мәлiмдейдi;
шектес мемлекеттiң шекара күзетi өкiлдерiне әскери құрмет бередi.
27. Шектес мемлекеттiк шекара өкiлiнiң Қазақстан Республикасының өкiлiн шақыру сигналын естiген бойда, наряд тiлдеспей-ақ бұл туралы шұғыл застава бастығын хабарландырады. Шектес мемлекеттiң шекара өкiлетiнiң хабарлауынша, Қазақстан Республикасы шекарасына қарай бағытталған iз тобы және тағы басқа да шекара бұзылған белгiлер тобы барлығын застава бастығына хабарлайды және оның жарлығына сәйкес iс-әрекет iстейдi.
2. Мемлекеттiк шекараны күзетудегi шекаралық
нарядтың әдiстерi /тәсiлдерi/
28. Шекаралық нарядтар мемлекеттiк шекараны күзетудегi алған тапсырмаларын төмендегiдей әдiстермен /тәсiлмен/ орындайды: байқау, тыңдау, қарау, дистанциялық бақылау, құжаттарды тексеру, жергiлiктi тұрғындардан сұрау, қарау-тексеру, торуыл, iздеу, iзiне түсу және шекара бұзушыларды ұстап алу, тоқтату, құрту, қыру, жою.
29. Мемлекеттiк шекара күзетiнiң негiзгi тәсiлi "байқау" және осы тәсiл барлық шекара нарядтарында үздiксiз күндiз-түнi жүргiзiледi.
Байқау пункттерiн жер бетiнiң ең қолайлы, ыңғайлы, көзбен шолуға да болатын, сондай-ақ радиотехниканы да шолуға жарамды жерлерге орналастырылады. Бақылау пункттерiнiң жасырын және ашық түрлерi жүзеге асырылады.
30. Шекара бұзушыларды табуға ең кең тараған әдiс ол дыбысты тыңдау /есту қабiлетi/ бұл да тәулiк бойының кез келген уақытында дыбысты тыңдау арқылы, дыбыс белгiлерiмен ұстауға болады.
Шекаралық нарядтар күзет учаскесiнде күндiзгiге қарағанда, түнде жүргенде жиi-жиi тоқтап дыбыс тыңдаулары қажет.
31. Шекаралық нарядтар қарау жүргiзудегi негiзгi мақсаты, шекара бұзушылардың iз тобын, тағы басқа да бұзушының белгiлерiн тексередi, жер бетiндегi заттарды, сигналдық және бақылаушы құралдарды шекара бұзушыны табу үшiн пайдаланады. Бұл қарау тәсiлi барлық шекара нарядтарында қолданылады, сондай-ақ бұзушыны iздеу, қудалау, және ұстап алған соң тексеру кең қолданылады.
32. Күзеттегi объектiнi, шекара шебiн арақашықтық аспап арқылы бақылау, сигналдық жүйелердi қабылдайтын және жасырын орналасқан шептердi анықтайтын құрал. Арақашықтық бақылау аспабын шекара заставасынан байланыс және сигнал бойынша кезекші (застава бойынша кезекші), сондай-ақ застава күзетiндегi шекаралық нарядтар пайдалана алады.
33. Шекаралық нарядтар, шекара аймағында және шекара алқабында жүрген азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк шекара белгiлерi белгiленбеген жерлерге де тексередi, шекара бұзушыны және шекара режимiн бұзушыларды табу және ұстау мақсатында жүргiзедi.
34. Сұрау - мемлекеттiк шекараны бұзушы жөнiнде толық мәлiмет алу мақсатында жергiлiктi шекара тұрғындарынан сұрау жүргiзедi. Әдетте, шекара тұрғындарымен сұрау-әңгiмелеудi - офицер және прапорщик атқарады. Шекаралық нарядты басқарып жүрген сержанттар мен солдаттар шекара тұрғындарынан шекара бұзушыны iздеп-табуда және оның iзiне түсiп қудалағанда сұрау жүргізеді немесе шекара аға нарядшысы да егер бұл шекара күзетi бұйрығында аталған болса.
Сұрау жүргiзу кезiнде әдептiлiк сақтап, азаматтардың ар-намысына, адамгершiлiгiне нұсқан келтiрмей, шекаралық нарядқа тиiстi мәселеге көңiл аударылуы қажет.
35. Қару-тексеру мемлекеттiк шекара арқылы алып кетуге немесе өткiзуге тыйым салынған заттарды көлiк құралдарын пайдаланып шекара бұзушыларды жасырын күйде алып кетуге тырысқанды табу, iздеу, тексеру-қарау, шекара режимiн бұзушыларды ұстап қалу.
36. Торуыл - мемлекеттiк шекара бұзушының өтедi-ау деген жерлерiне алдын ала жасырын қойылатын шекаралық наряд, бұл нарядтың мақсаты шекара бұзушыларға тұтқиылдан шабуыл жасап бұзушыны ұстап алу немесе құртып жiберу.
Торуыл - жасырын, әрекеттi тұтқиылдылықты, алдын ала келiсiлген және батылдық талап етедi.
37. Iздеу, мемлекеттiк шекараны бұзушыларды iздеу - шекара аумағының ауданын мұқият тексеру. Шекара бұзушыны iздеу бiр аудан аумағын бұзушының iзiн немесе басқалай шекара режимiн бұзбау деген күмәндi белгiлерi пайда болған жағдайда ғана басталады.
38. Қудалау - iзiне түсу, шекаралық наряд - шекара режимiн бұзғаны туралы күмәндi болса немесе бұзушының iз тобы табылса онда мүдiрместен шекараны бұзушының соңынан түсiп, оны тез уақытта тауып құртуға тиiстi.
39. Мемлекеттiк шекара бұзушыны тоқтату, ұстап алу табандылықпен өте тез қарқынмен iркiлместен, бұзушының өздiгiнен тоқтатуына қару-жарағын өзi беруiне және өзiнiң қолға түсуiне мәжбүр ету үшiн тұтқиылдан шабуыл жасау қажет.
40. Мемлекеттiк шекараны бұзушы бандалар, оларды ұстау, басып алуда қарулы қарсылық көрсетсе және бұған басқа әдiспен қарсылық көрсетудiң мүмкiндiктерi қалмағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара күзетiнде шекаралық наряд бұларға қарсы қарулы шабуыл жасап басып кiруiн тойтарады және оларды соғыс күшiмен құртады.
3. Мемлекеттiк шекараны күзету құралдары,
қаруландыру мен техника
41. Мемлекеттiк шекара күзетiнде тұрған шекаралық нарядтардың әскери қызметiне пайдаланылатын қару-жарақтар мен техникалар мыналар: қару, сигналдық құралдар, байқау және тұрған жердi /орынды/ жарықтандыратын құралдар, автокөлiктер мен бронетанк техникасы /машинасы/, шекара күзетiндегi шағын катер /шлюпка/ және байланыс құралдар. Дербес тапсырмаларды орындағанда шекара нарядтарына тiкұшақ берiлуi мүмкiн.
42. Шекарашы нарядтың қарулары: тапанша, автомат, пулемет, гранаталақтырғыш, қол гранатасы тағы басқа да осыған қажеттi оқ-дәрiлер.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына төнген арандатушылықты құрлықта, суда және әуе кеңiстiгiнде болған басып кiрушiлiкке тойтарыс беру, қарсы шабуылға шығу үшiн, мемлекеттiк шекара қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында шекара нарядтары қару қолданады;
қызмет мiндеттерiн немесе мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiнде қоғамдық борышын орындап жүрген әскери қызметшiлерге, басқа да адамдарға жасалған шабуылға, олардың өмiрiне тiкелей қатер төнген кезде оған тойтарыс беру;
азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан оларды қорғау, сондай-ақ кепiлдегi адамдарды босату.
43. Сигналдық құралдар - сигналды аспаптар жиынтығы немесе жүйесi. Шекара шебiндегi инженерлiк құрылыстар сигналдық жүйелермен бүркеленедi және нормаланады. Шекаралық наряды күзетiндегi кейбiр /объектiлер/ учаскелер сигналдық аспаптармен бүркемеленедi.
44. Байқау құралдарына радиолокациялық станция және байқау құралдары қосылады.
Радиолокациялық станциясы арқылы және дұшпанның жай көзiне көрiнбейтiн объектiлерiмен, түн қараңғысында барлау жүргiзуге болады.
Байқау аспаптары және бiрнеше оптикалық аспаптары құрамы түнгi уақытта бақылау жүргiзуге пайдаланылады. Түнгi бақылау аспаптары шектелген қашықтықта орналасқан объектiлердi, нысаналарды бақылауға қолданылады.
Түнгi көру аспаптары түнгi соғыс жағдайына, автокөлiктер мен бронетранспортердi түнгi жағдайда жүруiне де пайдаланылады.
45. Жарықтандыру немесе жарық сәуле түсiру құралдары дегенiмiз - жылжымалы прожектор қондырғысы, таралымды жарық түсiретiн және дара жарық сәуле түсiретiн болып пайдаланылады. Әдетте, прожекторлық жарық сәулесi су бетiндегi объектiлердi, кейбiр инженерлiк құрылыстар мен кедергiлердi көруге, iздеуге және нысаналарды тануға, сондай-ақ шекара нарядтары шекара күзетiндегi кемелердiң /катерлердiң/, тiкұшақ экипаждарының мемлекеттiк шекара бұзушыларды iздегенде және ұстау кезiндегi iс-әрекетiн қамтамасыз ету үшiн қолданылады.
Прожектордың таралу жарық сәулесiмен жер учаскесiн және объектiлердi көруге болады.
Дербес шам жарықтарын түсiру арқылы /iздердi/ теңiз, өзен, су жағасындағы саяз жерлердi, автокөлiктердi тексергенде, сондай-ақ басқа бiреулерге сигнал беруге пайдаланылады.
46. Автокөлiк техникасына жататындар: жеңiл автокөлiк, жүк таситын, арнаулы автокөлiк, шынжыр табанды көлiк және қарда жүргiш. Шекаралық нарядшыларды қызмет атқаратын орындарына апарып және қайтып алып келетiн көлiк құралдары, сондай-ақ мемлекеттiк шекара бұзушыларды iздегенге немесе басқа да жұмыстарды қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына қарулы басып кiруге ұмтылғандарға шекара бұзушы бандаларға, арандатушыларға қарсы және оларға тойтарыс беруге бронетанка /бронетранспортерлер, басқа да соғыс машиналары, жаяу әскер/ қатысады.
47. Теңiзде, өзендерде, көлдерде және басқа да су тоғандарында күзетте тұрған шекаралық нарядтар - шекаралық шағын катерлердi /шлюпкаларды/ қызмет бабында пайдаланады. Бұл катерлермен /шлюпкалармен/ шекара бұзушыларды iздеу, қудалау және шекаралық нарядтарды алыстағы учаскелерге, аралдарға апару және қайта алып келу үшiн пайдалана алады, сондай-ақ шекара қызметiне қажеттi жұмыстарды атқарады.
48. Байланыс құралдары - өткiзгiш, радиосигналдары және басқа да таратушы құралдардың жылжымалы қосындылары. Шекаралық нарядтар заставамен хабарласуына, нарядтар бiр-бiрiмен сөйлесуiне, шекара күзетiндегi теңiз катерлерiмен, тiкұшақ /ұшақтар/ экипаждарымен хабарласуы үшiн әртүрлi байланыс құралдары қолданылады.
Шекара қызметiнде өткiзгiштi байланысты пайдаланады, ал нарядтар тұратын учаскелерде жол бойы байланыс ұялары қондырылады, ал барлық шекара нарядшыларына мөлтек телефон берiледi.
Нарядтармен байланысты үзбеу үшiн радиостанциялармен қамтамасыз етiледi, әрбiр шекарашы радиостанцияны пайдалана бiлуi мiндеттi.
Көрермендiк сигнал және дыбыстау, сәуле түсiру сигналдары арқылы берiлетiн белгiлер ретi болған жағдайларда онда нарядтар арасындағы байланыстар тапанша ату, қол шамын немесе симафорлық жалау көтеру қолданылады радио, тартылмалы байланыс құралдары iстен шыққан жағдайда жылжымалы /қозғалмалы/ байланыс құралдары шекаралық поштаны жеткiзу үшiн, басқа да застава бастығының бұйрығын және хабарламасын жеткiзу үшiн пайдаланылады.
49. Шекара күзетi тiкұшақ арқылы атқарылатын болса, онда шекарашылар тiкұшақтың қонатын-ұшатын жағдайына баса көңiл аударуға мiндеттi. Тiкұшақ экипаж командирiнiң бұйрығын шекара күзетшiлерi бұлжытпай орындауға мiндеттi.
50. Мемлекеттiк шекара күзетiнде қолданылатын қару-жарақтардың, техниканың тактикалық сипаттамаларын әрбiр шекарашы жақсы бiлуге мiндеттi және оларды тасымалдау және соғыста пайдалану кезiнде ұқыптылықпен қарап-сақтау ережелерiн бiлу керек.
Бұдан басқа да, застава мамандары, өздерiне бекiтiлген техниканың, қарудың құрылысын жақсы игерiп, сынған, бұзылған бүлiнген жерлерiн жөндеп, iстен шыққан қару-жарақ, техника туралы застава бастығына баяндап және техниканың жөндеу-пайдалану кезiнде өз қауiпсiздiгiн сақтауға мiндеттi.
Инженерлiк құрылыстар және бөгеттер
51. Инженерлiк құрылымына мына қосылымдардан: шекара белгiлерi, iз табын бақылау алқабы, бақылау пункттерi, радиолокациялық және прожекторлық станциясы тұрғысынан, шекара жолдар және сүрлеу жол /соқпақ/, бақылау және қыздырыну /жылыну/ пункттерiнен, қорғаныс құрылыстарынан тұрады.
52. Мемлекеттiк шекара шегiн таңбалау үшiн белгiлер қойылады. Шекара белгiсi ретiнде: бағана /дiңгек/, үйiндi /қазу/, көпжақ /төбе, оба/, жақтау жарма, қалқыма белгi, қарақшы, қада белгi.
53. Мемлекеттiк шекараны бұзушыларды анық табуда ең басты белгi iз табын бақылау алқабы. Бұл алқаптардағы iздерге баса назар аударылуы қажет. Iз табын бақылау алқабы екi түрге бөлiнедi - негiзгi және қосымша iз табын бақылау алқабы болып.
54. Бақылау пункттерi - күзеттегi учаскенi шектес мемлекеттiң жеке объектiлерiн бақылау /байқау/ жүргiзу үшiн қажет.
Бақылау /байқау/ пунктi жасырын және ашық байқау пункттерi екi түрде құрылады.
55. Радиолокациялық және прожектор стансасы тұрақтары шекара техникалық бақылауға арналып қойылған. Олардың тұрақтары негiзгi және көшпелi /жылжымалы, тасымалды/ тұрақтардан құралады.
56. Шекаралық жолдар шекара нарядтарының алдына қойылған мақсатты орындау қозғалуын және шекара шебiнде автокөлiктердi, бронетранспортерлердi пайдаланып, орын алмастыруға арналған. Қағида бойынша егер бүркемелi және негiзгi шекара инженерлiк құрылыстар шебiнде жабдықталады.
Шекара соқпақтары шекара нарядтарының атпен және жаяу жүруге арналған. Әдетте, застава учаскесiнде тексеру сүрлеу жолы, шолушы сүрлеу жолы, iздеушi ит бапкерiнiң сүрлеу жолы, сигналшы мамандарының соқпақ жолы болады. Қыста қар түсуiне байланысты iз табын бақылау және шолушы үшiн шаңғы жолы салынады.
57. Мемлекеттiк шекара аймағында және шекара алқабы жолдарында шекара режимiн бақылау-тексеру үшiн, шекара күзетiндегi нарядшыларға арналған бақылау-тексеру пункттерi салынады, бұл салынған пункттер тұрақты немесе уақытша салынуы мүмкiн.
58. Шекара нарядшыларының жүретiн жолында, әскери қызметтiң ұзақ уақыт атқарылуына байланысты нарядшылар демалатын немесе ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғаланатын паналау пунктi салынады. Ауа райының қолайлы жағдайына бұл паналау пунктiне нарядшылардың кiруiне рұқсат жоқ.
59. Шекара қорғаныс құрылыстар шекара нарядын және олардың қару-жарақтарын дұшпан снарядын талқандауынан сақтау үшiн құрады. Бұндай оқпаналар жеке адамдар үшiн және топ қарулар үшiн ұзақ уақыттың бекiнiс, бронетранспортер, жаяу әскерлер соғыс машинасын, тағы басқа да техникалар, қорғанатын құрылыстар.
60. Шекара шебiндегi сигналды инженерлiк қоршау басқа да бөгеттер мемлекеттiк шекара бұзушылардың өтiп кетуiне қиындықтар туғызу үшiн жасалған. Соның салдарынан шекара нарядшылары шекара бұзушыларды шұғыл ұстап алуына мүмкiндiктер туғызады.
61. Мемлекеттiк шекара күзетiнде заставада тұрған: шекаралық нарядшылар, инженерлiк қоршаудың және басқа да бөгеттердiң нақты тұрған жерлерiн, оларға бару жолдарын, дайындық жағдайларын, егер бұзылған немесе iстен шыққандары болса, ол туралы застава бастығына шұғыл хабарлауға мiндеттi.
Қызметтiк жануарлар
62. Шекара қызметiнде иттер төрт түрлi бағытқа дайындалады: iздеушi-iзшiл ит, күзетшi ит, қарауылшы ит, арнайы бағытқа қажеттi иттер болып. Бұл аталған иттер шекара күзетiндегi шекара нарядшыларына тигiзетiн асып-жетерлiк, шекара бұзушыларды табуда, iз табына түсуге, олардың соңынан түсiп қудалағанда, шекараның шебiнен жасырын заттарды алып кетушiлердi ұстауға көмектеседi.
Ит баулаушы маманның мiндеттерi: өзiне бекiтiлген иттi ұдайы жаттықтырып отырады, өз уақытында күтiп-баптау, шекара қызметiне бiр сағат шығар алдында тамағын iшкiзу қажет, одан соң шекара алқабына байланысты иттiң мiнез-құлқын, қимылының өзгеруiне қарай, шекарадағы көлiк құралдары және тасымалдан жүктерден түскен заттарды табуына қарап, болған өзгерiстердi және иттiң денсаулығы немесе соғыс кезiнде алған жарақаты болса, оны шұғыл түрде застава бастығына баяндау қажет.
63. Шекара нарядшылары шекара күзетiнде автокөлiк жете алмайтын учаскелерге жылқы күшiн пайдаланады. Жылқы шекара нарядтарының жүрiп-тұруына ең қолайлы көлiк.
Шекарашы нарядтары шекара жылқыларын күтiп-баптауды және оларды шекара шебiне қалай пайдалануды бiлуге мiндеттi.
4. Шекаралық нарядты басқару
64. Екi немесе одан да көп санды шекара нарядын басқару, аға шекара нарядшысына жүктеледi.
Оған застава учаскесiн жақсы игерген, бiлiктi, жiгерлi, тәртiптi, нарядты шебер басқара бiлетiн, қабiлеттi, сержанттар мен солдаттардан iрiктеледi, оны застава бастығы тағайындайды. Белгiленген тәртiп бойынша куәлiк және кеудеге тағатын "Аға шекара нарядшысы" белгi берiледi.
"Аға шекара нарядшысы" болу әрбiр шекарашыға жауапты мiндет әрi үлкен құрметтi атақ.
65. Шекара заставасының кезекшiсi аға шекара нарядшысы тағайындалғаны туралы хабарлаған сәттен бастап, шекаралық наряд алдына қойылған мiндеттердi атқарады және қару-жарақты, оқ-дәрiнi өткiзгенге дейiн, аға шекара нарядшысы осы наряд құрамының дербес бастығы болып есептелiнедi.
Аға шекара нарядшысы мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi бұйрықты орындау, бекiтiлген учаскедегi iс-әрекеттерiне және наряд құрамасының тәртiптiлiгiне жауапты. Осы Тәлiмдемеде белгiленген талаптарды орындауға мiндеттi, өзi қарамағындағы әскерлерге үлгi застава учаскесiн жақсы бiлу, компас, карта /схема/ және жер бедерiн мейлiнше меңгерген, шекара бұзушылардың iздерiн жақсы ажырата бiлетiн, шекара күзетiнде қолданылатын қару-жарақ пен техниканы жақсы бiлуге мiндеттi.
66. Аға шекара нарядшысының мiндетi:
Бұйрықта көрсетiлген уақыт бойынша нарядты мемлекеттiк шекара күзетiне шығаруға дайындау және әскери қызметiн атқаруды ұйымдастыру;
наряд қызметiн атқару кезiнде әскерлердiң жауынгерлiк әзiрлiгiн және шекара күзетiнде қырағылықты, өзара жарғылық қарым-қатынасты, тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету;
шекара нарядының бүркемелiгiн, қауiпсiз қызмет атқаруын және iз режимiн бұзбауды сақтауды қамтамасыз ету;
өз қарамағындағы шекара нарядының iс-әрекетiн үздiксiз қадағалап және оларды қатаң басқару;
шекара нарядының қару-жарақты, техниканы ұқыпты ұстап, қызметтегi жануарларды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
өз қарамағындағы шекарашылардың өмiрiне және денсаулығына тұрақты қамқорлық жасау;
шекара заставасымен, көршiлес шекара нарядымен, сондай-ақ шекара күзетiндегi кемелермен /катер/, тiкұшақ экипаждарымен байланысты үзбеу.
67. Аға шекара нарядшының құқтылығы:
өз қарауындағы шекарашыларға шекара мәселелерi жөнiнде тапсырмалар берiп, осы берiлген тапсырмаларының орындалуын сұрауға;
күзетуге тиiстi учаскеде және қалыптасқан жағдайға байланысты, застава бастығының тапсырмасының шеңберiнде, шекара бұзушылардың iзiне түскенде, оларды ұстауға, сондай-ақ арандатушылықтың жолын кескенде, қарулы басып кiруге тойтарыс iс-әрекетiн жасауда, өз бетiнше шешiм қабылдауға;
нарядты басқару үшiн қосымша сигналдар мен бағдарламалар тағайындап және шекара нарядтарын өзара байланысты үзбеуге;
шекара заставасымен байланыс үзiлген кезiнде, осы Тәлiмдеменiң 23-бабына сәйкес, шекара күзет орнын өз бетiнше қалдырып, шекара наряд қозғалысының бағытын өзгертуге.
68. Аға шекара нарядшысы мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi бұйрықты алысымен, мына төмендегi қызметтi орындауға тиiстi: шекара күзетiнiң мақсаты, күзетiлуге жататын учаске наряд түрлерiн, нарядты шығару тәртiбi және бағыты, мерзiмi, әскери қызмет өткеру әдiсi, қару-жарақты, техниканы және қызметтiк жануарларды пайдалану реттерi, көршiлес шекара нарядтарының орналасқан жерлерi, және олармен қарым-қатынас тәртiбi, шекара заставасымен, көршiлес нарядтармен, шекара күзетiнде кемелермен /катерлермен/, тiкұшақ экипажымен үзiлiссiз байланыс ұстау, қай жақтан, қашан көмек күтуге болатыны, олардың өткiзу, шақыру және айыру белгiлерiн анықтау;
Шекара бұзушы /дұшпанның/ қылығын, жиналған мағлұматтарды, оның шекара шебiндегi қорғаныстарын, бүркемелерiн, жасырын келетiн жолдарын, маңайға жолауға мүмкiндiгi бар шекара бұзушы тығылатын жерлерiн бақылау, сондай-ақ маңайланатын инженерлiк қоршау, басқа да табиғи кедергiлер, тыңдау арқылы бақылау жүргiзуге болатын жерлердi, тәулiк бойындағы ауа райының, жыл мезгiлiнiң өзгерiстерiн есепке алу ескеру;
өз қарауындағы шекарашыларға мiндет қою, нарядтардың өзара iс-әрекеттерiн ұйымдастыру, шешiм қабылдау.
69. Аға шекара нарядшысы, қағида бойынша, жауынгерлiк шешiмдi заставада қабылдайды, жеке нарядшыларға өз алдына мiндеттер жүктеледi, өзара iс-әрекеттер тәртiбi белгiленедi, ал шекара күзет орнына келген бетте, учаске жағдайына байланысты өзгерiстер енгiзiледi, анықтайды.
70. Аға шекара нарядшысы, шекара нарядын шекара күзетiне шығарар алдында: күзет нарядының жүру бағдарын, жер бетiн бақылау-тексеру, нарядты бүркемелеу шараларын, наряд қауiпсiздiгiн шекара бұзушыны тапқанда немесе шекара шебiнiң бұзылған белгiлерiн байқағанда қалай iс-қимыл жасау қажеттiгiн, дұшпанмен кенеттен кездескенде өзара қалай әрекеттесудi және нарядты басқару сигналдарымен таныстырады.
Негiзгi шекара күзетiн атқаратын учаскеге келгенде, күзетте тұратын учаскенi қалай қабылдау ретiн шекара нарядшыларына түсiндiредi. Шекараны бұзушыны тапқанда, қару-жарақты, техниканың және қызметтiк жануарларды қалай пайдалану, ал сигналдық құралдардан дабыл түскенде, шекара бұзушыны тапқанда жасайтын iс-әрекеттердi;
Аға шекара нарядшысы өзiнiң тұратын жерiн жағдайға байланысты анықтайды. Аға шекара нарядшысы барлық жағдайды көрiп тұратын жерге орналасуы қажет. Қызметшi иттi баулушы маман, қағида бойынша, наряд құрамының алдында жүруге тиiстi.
71. Аға шекара нарядшысы шекара күзетiндегi iс-қимылдардың ынтымақтастығын, бiрлестiгiн, ортақ мақсаттың орындалу тәсiлдерiн, бiрыңғай жетiстiкке жететiндей етiп ұйымдастыруы қажет.
72. Мемлекеттiк шекара күзетiндегi шекаралық наряд, застава бастығының тапсырмасына сәйкес, көршiлес нарядтармен бiрлесе, шекара резервiмен және тiкұшақ /ұшақ/ экипажымен, сондай-ақ әскери бөлiмшелерiмен және Соғыс-Теңiз Флоты iс-әрекетiмен қимыл жасайды. Бұдан басқа да, теңiз жағасындағы /шекара өзендерiнде, көлдерiнде немесе былайғы тоғандарда/ техникалық бақылау күзетi және басқалай шекаралық нарядтар, шекаралық шағын катерлер /шлюпкалар/, шекара күзетiндегi кемелер /катерлер/ және Әскери-Теңiз Флоты радиотехникалық бөлiмшелерiмен бiрлесiп iс-қимыл атқарады.
Шекара күзетiндегi нарядтардың бiрлескен iс-қимылы мына төмендегi: шекара шебiндегi хал-ахуалды жақсы бiлу, көршiлес нарядтардың алдағы мақсаттарын шебер орындауы, қару-жарақты, техниканы тиiмдi пайдалануы, шекара күзетi жөнiнде өзара хабарласуы, бiр-бiрiмен үздiксiз байланыста болу және заставамен үнемi байланысты үзбеу.
73. Барлық шекара нарядтары қай минутта болса да көршiлес нарядқа көмек көрсетуге дайын болуы қажет.
Мемлекеттiк шекараны бұзушының iзiне түскенде және оны тоқтатуда екi немесе одан да көп нарядтың бiрлескен күш қимылын әскери шенi жоғары басқарады, ал шендiк дәрежелерi теңдес болғанда, онда бұл iс-қимылды басқаруды соғыс әскерiне бiрiншi болып кiрiскен аға шекара нарядшысы басқарады.
Егер нарядқа көмекке застава резервi келген болса, онда нарядтың, резервтiң iс-қимылын басқаруды шендiк дәрежесi жоғары офицер, прапорщик немесе сержант басқарады.
Бiрлескен iс-әрекет аяқталған соң, басқалай жаңадан бұйрық болмаса, нарядты қолдауға келген резерв өз орнына қайтып барады да, бұрынғы жүктелген мiндеттерiн жалғастыра бередi.
Бұрынғы күзет орнына қайтып келiп әскери қызметтi жалғастырып жатқаны туралы аға шекара нарядшысы застава кезекшiсiне баяндайды.
74. Тiкұшақ /ұшақ/ экипаждарымен өзара қарым-қатынасты үзбеу мақсатында шекаралық нарядтар мына мәселелердi орындауға мiндеттi:
өзара iс-қимылға қажеттi белгiленген сигналды және байланыс тәртiбiн үзбеу;
экипаждың талабы бойынша наряд тұрған жердi белгiлеу және шекара бұзушының кетiп бара жатқан бағытын сiлтеу, экипажға қай объектiнi /бағытты/ әуеден қарау керектiгiн радиобайланыс арқылы хабарлау, экипаждан берiлетiн сигналдарға көңiл аударып және шекара бұзушы тұрған жерi анықталғанда, оны ұстауға шара қолдану.
75. Теңiз жағалауында әскери қызметiн атқарып жүрген шекара нарядшылар /шекара өзендерi, көлдерi немесе тоғандары/ теңiз бетiне /Қазақстан бөлiгiндегi өзен, көл тағы басқа да тоғандарда мемлекеттiк шекараны бұзушы кемелердiң және олардың байқалған белгiлерiн шекара күзетiндегi байқаушы кемелерге /катерлерге/ кезiнде хабарлауға тиiстi.
Теңiз /өзен, көл, су қоймаларына/ жағалуына шекара бұзушыларды түсiргенi және оларды iздеу, ұстап алу жөнiндегi шаралар қолдану қажет.
Қарулы қақтығыста - наряд және кеме /катер/ арнайы сигналды күтпей-ақ бiрiн-бiрi оқ атыспен қолдауы керек.
Наряд пен кеме /катер/ арасында байланыс радиомен және белгiленген сигналдармен жүзеге асырылады. Өзаралық байланыс кемедегi радио арқылы болса, онда барлық басқару кеме жүйесi берiледi. Айырым белгiлерi танымалысыз нысаналарды кемедегi нарядтар қолына алады.
76. Шекара нарядтары өзара байланыстары үзiлген радио, сымды арнайы байланыс қалпына келтiруге болмаған жағдайда, онда мынадай байланыс сигналдары қолданылады: "Бiздiң тылды бұзып өттi", "Шекараны бұзып өттi", "Жедел көмектесiңiздер", "Дұшпан қарумен басып кiрдi", "Дабыл топтары келсiн", "Сәуле берiлсiн".
Шекара нарядына жаңа тапсырма және оларды заставаға жинау үшiн мынадай: "Заставамен байланыс орнатылсын" және "Заставаға келсiн" деген сигналдар белгiленедi.
Табиғат апатының қауiптi жағдайында /жер сiлкiнiсi, қар көшкiнi, опырылып құлау, су тасу, тасқын, дауыл/ "Апат" сигналы белгiленедi.
Нарядтардың заставамен қатынасуы үшiн "Бағдардан адастым" атты сигналы белгiленедi.
Заставаның шекара нарядынан сигналды алғанын растау үшiн "Сигнал қабылданды" деп застава кезекшiсiне немесе оның бұйрығы бойынша застава сақшысы белгi бередi.
Кейде, шекара нарядының заставадан қашықта орналасуына немесе ауа райы құбылыстарының жағдайсыздығына қарай /боран, жел, жаңбыр әсерiнен/ берiлген сигналдар заставаға жетпей қалуы мүмкiн, онда заставаға жақын орналасқан наряд бұлардың сигналдарын қайталап қолдағы хабарлайтын құрамдары заставаға жеткiзуге тиiстi.
77. Шекарашы наряд мемлекеттiк шекараның бұзылған белгiсiн дұшпанның шекара алқабында қалдырылған iз табына қарап бiледi, бұндай жағдайда "Бiздiң тылды бұзып өттi" деген сигнал берiледi. Бұл сигнал арқылы, мемлекеттiк шекара тылында жасырынып жүрген, шекара бұзушыны iздеу, шекаралық бақылауды күшейту, сигналдың және бақылау құралдары жиi тексерiлiп шекара бұзушының басқа бiр жолдармен қайта өтуiне тосқауыл жасауды күшейтедi. Шекара застава бастығы шекара нарядына барлық күмәндi жерлердi нық жабуға қатаң бұйрық бередi.
78. Шекараны бұзып өтуге бағытталған сигнал, мемлекеттiк шекараны бұзып өтуге бағытталған немесе соған тырысып бұзып өтуге әрекет жасаған шекара бұзушылардың iзiн, басқа да белгiлерiн шекара шебiнде тапқан уақытта, онда "Шекараны бұзып өтуге бағытталған" деген сигнал қолданылады. Осы шекара застава бастығының сигнал бойынша шекара нарядшылары, шекара бұзушы осы тұстан өтуi мүмкiн деген жерлерде тосқауылды күшейтiп және барлық өтпелдi-өтпелсiз жерлердi жабады.
79. "Жедел көмектесiңдер" деген сигнал мемлекеттiк шекара күзетiндегi шекара нарядына шекара бұзушы дұшпан қарулы шабуыл жасаса, жаралы, зақымданған шекарашылар саны көбейiп, шекара наряды бұдан әрi дұшпанға қарсы тұрарлық шамасы келмегенде, соғысты жалғастыра алмайтын жағдайда берiлетiн сигнал. "Дұшпан қарумен басып кiрдi" деген сигнал, Қазақстан Республикасының шекара аумағына дұшпанның әскери топтары мен бандалары қарумен басып кiрген қауiптi уақытта берiледi.
"Жедел көмектесiңдер" және "Дұшпан қарумен басып кiрдi" деп берiлген сигналдар бойынша, осы шекара нарядына таяу орналасқан нарядтар, сигнал берген нарядқа қарай дереу жылжиды, таяудағы наряд өзiнiң жедел көмекке бара жатқаны жөнiнде шекара заставасы кезекшiсiне баяндайды.
Қолдаушы нарядтың келгенi туралы сигнал бередi де, арпалысқан жағдайға байланысты бiрден соғысқа кiрiседi.
80. Мемлекеттiк шекараны бұзушыны ұстаған кезде, сондай-ақ басқалай оқиғаға байланысты, шешiм қабылдауға немесе застава офицерiнiң қатысуы қажеттi дейтiн болса, онда шекара наряды "Дабыл топтары келсiн" сигналды бередi.
Шекара заставасы осы дабыл сигналын қабыл алысымен "Дабыл тобын" "Қару ұста" командасымен көтерiп, дабыл қаққан учаскеге, ауданға шұғыл бағыт алады. Ендi дабыл тобын застава офицерi басқарады.
81. "Сәуле түсiр" сигналы, шекара күзетiндегi күзеттегi кемелер /катерлер/ жағалауда мемлекеттiк шекара күзетi белгiсiз болуымен бұзылған белгiлердi байқағанда немесе танымалсыз нысаналар пайда болғанда ғана берiледi. Осы сигналды естiсiмен прожекторлық күзет орын көрсетiлген бағытта және наряд командасының "Оңға", "Солға", "Жоғары", "Төмен", "Нысанаға" "Сәуле түсiрудi", "Тоқтат" және кеменiң /катердiң/ iс-әрекетiне қолайлы жағдайда ұстап тұрады.
82. "Заставамен байланыс орнатылсын" сигналы бойынша мемлекеттiк шекара учаскесiндегi барлық нарядтар, сымхабар өткiзгiштер немесе радиобайланыс жүйесi арқылы заставаға шығады.
Ерекше мiндет жүктелген шекара нарядынан басқалары, "Заставаға келсiн" сигналы бойынша, барлық шекара нарядтары заставаға шұғыл түрде жиналады, бұл сигнал хабар өткiзгiшi арқылы жасалады.
"Апат" сигналы бойынша, белгiленген тәртiп ретiнде iс-қимыл атқарады, қару-жарақтың, техниканың және қызметтегi жануарлардың сақтау-қорғау шараларын жүргiзедi және жауынгерлiк дайындықты әлсiретпейдi.
"Бағдарды жоғалттым" деп сигнал берушi наряд заставадан "Сигнал қабылданды" деген жауап және көмек келгенше орнында бола тұрады.
83. Түнгi мезгiлiнде және көзбен көрерлiк болмайтын жағдайларда, шекара нарядтары тану үшiн рұқсат қағазын басқа да бiрыңғай рұқсат қағаз көрсету, шақыру белгiлерi арқылы әскери бөлiмшелердiң және Әскери-Теңiз Флоты шекара нарядтарын өткiзедi.
Белгiсiз адамның келе жатқанын байқап шекара наряды оны тоқтатуға дайындалады, мүмкiн болғанша жақын жiберiп "Рұқсат көрсет, Тоқта" командасымен оны бөгейдi. Кездескен адам "рұқсатын хабарлайды" және "шақыруды" сұрайды. Егер "Рұқсат" және "шақыру" хабарланбаса, наряд белгiсiз адамды ұстауға шара қолданады. Нарядтар рұқсат пен "Шақырушы" пайдалануда мейлiнше сақ болуы қажет және оны дұшпан жасырын тыңдай алмайтындай болса, күндiз кездескен адам сұрау дауыс жететiн қашықтықта болуы. "Сiз кiм?" және "я өзiңдiкi" деген белгiлермен дидарласады.
Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi бұйрықта шекара шебiнде кiру белгiлерi "Рұқсат" және "Шақыру" тану белгiлерi әскери бөлiмшелерге және Әскери-Теңiз Флотына хабарланады.
84. Аға шекара нарядшысы шекара әскери қызметiн өткеретiн шекара нарядшыларының жауынгерлiк дайындығына баса көңiл аударады. Жоғары жауынгерлiк дайындығы дегенiмiз - шекара нарядшысы қай уақытта болса да шекара бұзушыны оны бөгеуге және шұғыл ұстауға, құртуға немесе соғысуға қабiлеттiлiгi.
Шекаралық наряд саны үш және көп болса, онда аға шекара нарядшы дұшпанның кенеттен шабуылынан сақтану мақсатында шекарашылардың қозғалу бағытында және олар орналасатын жерлерге шекарашы күзетiн ұйымдастырады. Тiзбек басынан, бас күзет, жанама қажет болған жағдайда - тылға шолушылар қояды. Негiзгi наряд тiзбегiнен шолушылар қашықтығы 200 м дейiн, ал түнгi шолушылар дыбыс жетер аралықта. Шекара нарядтары орналасқан жерге: күндiз - бақылау, түнде және басқа жағдайда - сақшы.
85. Аға шекара нарядшысы шекара нарядын сигналмен радиомен және дыбыс беру командасымен басқарады, ал жаяу әскерлердiң соғыс машинасымен - сөйлесу құралдары арқылы. Радио арқылы сөйлескенде сигнал команда және құпия хабар беру тәртiбi /N 1 қосымша бойынша/.
86. Аға шекара нарядшысы шұғыл түрде застава бастығына /застава кезекшiсiне/ мыналарды хабарлайды:
- Қазақстан Республикасының аумағына қарумен басып кiру және мемлекеттiк шекара шебiнде қарулы және басқалай арандатушылық жөнiнде;
- мемлекеттiк шекараны бұзуға дайындық және бұзушыларды, бұзылған белгiлерi табылса;
- бiздiң тылдан мемлекеттiк шекара маңына белгiсiз адамның жақындағанын немесе шектес мемлекеттiң шебiнен жеке адамның, қарулы топтардың, әскери бөлiмшелердiң және көлiк құралдарының шекарада пайда болуы;
- мемлекеттiк шекара таяу жерде соғыс қақтығысы, атыс, әскерлер орналасуы жөнiнде;
- шекара шебiндегi шекара белгiлерiн бұзу, ұрлау және тасымалдау белгiсi, басқалай шекара режимiн бұзушылығы;
- құпия белгi сөз "Ауа" әуе кеңiстiгiнiң нысаналарды бақылау /N 2 қосымша бойынша/;
- табиғи апат болатынын немесе болғаны туралы;
- шекараға таяу жердегi өндiрiстiк жұмыстар және топырлаған көпшiлiк, түсiнiксiз дыбыстар мен шулар тағы да басқа шектес мемлекетi және бiздiң тылда болып жатқан ерекше құбылыстар туралы;
- наряд қызметкерлерiнiң тәртiп бұзушылығы және басқа болған оқиғалар жөнiнде;
- теңiз /өзен, көл, тоған/ жағалауларында әскери қызмет атқаруды бұдан басқа да теңiз аумағында пайда болған нысаналар /N 2 қосымша бойынша/, сондай-ақ теңiз жағасына шығып қалған мүрделер, құтқарушы дөңгелек, кеудеше және контейнер, мина тағы басқа да қызмет мүддесiне асатын заттар туралы аға шекара наряды баяндама жасағанда құпия картаны /схеманы/ картаға белгiленген бағдарламаларды және шартты атаулары, бар жергiлiктi заттарды пайдаланады.
87. Нарядтар мемлекеттiк шекара күзетiнде қызметiнiң қалай атқарылып жатқаны застава бастығы немесе басқалай тексерушi адам кездескенде, аға нарядшысы бүркемелiктi сақтай отырып, дауысты қатты шығармайды, шекара күзетi туралы баяндайды. Мысалы: "Жолдас капитан, шекаралық наряд құрамында ефрейтор Ильин, қатардағы жауынгер Васинмен Қазақстан Республикасының мемлекеттiң күзету жөнiндегi бұйрықты атқарып жүр. Мемлекеттiк шекара күзетiнде шекара бұзушылық байқалған жоқ /немесе шекара бұзу белгiлерi байқалмайды деп баяндайды/. Аға шекара нарядшысы ефрейтор Ильин". Қалған наряд құрамы күзет жұмысын жалғастырады және команда бойынша аға тексерушiге жақындайды.
88. Белгiленген уақытта байланысты аға нарядшы күзет учаскесiнен нарядты алу туралы застава бастығына баяндайды да және нарядты шекара заставасына жылжытады. Аға нарядшы шекара күзетiнiң қорытындысын застава бастығына /немесе оның орынбасарына/ баяндайды. Мысалы: "Жолдас капитан, шекара наряды құрамында қатардағы жауынгерлер Смолин, Петров Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара күзетiнен келдi. Әскери қызмет өткерген кезде мемлекеттiк шекараны бұзу белгiлерi болған жоқ /болса болды деу керек/. Аға шекара нарядшысы қатардағы жауынгер Смолин".
89. Шекара күзетiндегi нарядтың атқарған жұмысын баяндап болған соң, аға шекарашы ендi шекара нарядының қару-жарағын және оқ-дәрiлерiн, басқа қару-жабдықтарын өткiзедi, ұйымдастырады.
Ең алдымен оқ-дәрiмен, жабдық заттар өткiзiледi, ал қару-жарақ басқа қарулар тазаланғаннан кейiн тапсырады. Оқ-дәрiлердi өткiзгеннен соң қару-жарақ ұңғысынан оқтарды шығарып, мұқият тазалайды, әрбiр патронды жаңғай ұяларына отырғызады және застава кезекшiсiне өткiзедi.
Қаруды тазалау оқ-дәрiнi өткiзгеннен кейiн басталады, арнайы бөлiнген жерлерде қаруды тазалайды.
Радиолокациялық және прожекторлық станциясына пайдаланған шекарашылар, машинамен немесе шағын катерлердi /шлюпканы/ тазалап және қаруды тазалаған соң, қарумен, техниканы қарап шығады, олардың хал-жайы жөнiнде застава бастығына немесе застава кезекшiсiне баяндайды және оларды келесi мемлекеттiк шекара күзетiне дайындайды. Машина жүргiзушiлер машиналарын, катерлерiн /шлюпкаларын/ жинақтылығын, түзiктiгiн, жанар-жағар маймен қамтамасыз етiлгендiгiн тексередi. Тасымалды радиолокаторлық станциясын және аккумуляторларды ұйықтандырып /заряд/ дайындайды.
Шекара күзетiндегi шекаралық наряд әскери қызметiн атқару үшiн жылқыны және арнайы мамандандырылған қызмет иттерiн, бұл шекарашылар наряды заставаға қайтып келгесiн, алдымен қаруды, оқ-дәрiнi өткiзiп, содан соң қызмет жануарларын күтiп-баптайды. Жануарларды орналастырғаннан кейiн, қару-жарақты тазалауға кiрiседi.
90. Шекарашы шекара күзетiн өткеру жөнiндегi ереженi бұзса немесе жеке тәртiпсiздiк iстесе, онда ол аға шекара нарядшысы деген мiндетiнен босатылады.
Үшiншi тарау
Шекара нарядының қару қолдануы
91. Мемлекеттiк шекара күзетiне тағайындалған сержантқа және солдаттарға жеке қару бекiтiледi. Әр автоматқа 50 патронды оқшантай, сигналдық тапаншаларға - 8 патрон. Шекара нарядын басқарып жүрген офицерге және прапорщиктерге дербес тапанша бекiтiледi 16 патронды қос оқшантаймен жабдықталады.
Қажеттi жағдайда шекара отряды бастығының жарлығы бойынша пулеметпен, гранотометпен, қолгранатасымен және басқа да оқ-дәрiлермен жабдықталуы мүмкiн.
92. Бүкiл құрлықтағы және теңiз жағаларындағы шекара нарядтары күзетке шығар алдында қаруды оқтамайды, ал шекараны барлап шыққаннан кейiн, белгiленген тәртiпке сәйкес застава бастығының немесе застава кезекшiсiнiң бақылауы бойынша қаруды оқтайды және оқты оқшантайларға дайын күйiнде ұстайды. Қарудың атуға дайындығын қарау, нарядқа шығар алдында әдейi жабдықталған орында белгiленген командаға сәйкес және шекара заставасының кезекшiсiнiң бақылауымен немесе нарядты басқаратын офицердiң /прапорщиктiң/ басқаруымен өткiзiледi.
Нарядқа шығатын әскердi сапқа тұрғызып, қаруды оқтайтын жерге апарады, аға шекара нарядшысы сап басында, ал застава кезекшiсi - саптың оң немесе сол қанатында, екi-үш қадам сап соңында жүредi. Шекара күзетiне наряд машинамен /тiкұшақпен, катермен/ жеткiзiлген болса, онда қаруды оқтау аға шекара нарядшысының командасы бойынша, шекара күзетiне жеткен жерде оқаталады.
Застава кезекшiсiнiң /аға нарядшысының/ командасы сәйкес "Қаруды тексеруге дайында" деген командасына сәйкес шекарашылар мына мәселелердi орындауға тиiстi:
түрегелiп тұрып атуға дайын тұру;
қаруды оқ ату сақтандырғыштан шығарып, оқ ысырмасын шегiне жеткенше қайырып, застава кезекшiсiнiң "Тексерiлдi" деген командасына сәйкес оқ ысырмасын ұңғысына қайта жiберу;
қару шаппасын бақылау ату жасап, оқ ату сақтандырғышын қайта орнына қою;
"Қару белге" жағдайында сапқа тұру.
Наряд сапқа тұрғанда қаруды оқтау және патронды оқ ұңғысына сұққылауға рұқсат етiлмейдi.
Осы Тәлiмдеменiң 98, 99, 100-бабына және аға нарядтың командасына сәйкес қаруды оқтау және патронды оқ ұңғысына сұққылауға рұқсат етiледi.
Жеке наряд құрамасы қаруды оқсыздандыру және тексеруге дайындауды аға нарядшының командасына сай жүргiзедi.
Қол гранаттарын пайдалану, аға нарядшының нұсқауы бойынша және оны тек қолданар алдында ғана ұйықтандырады.
Пайдаланбаған гранаттардан шұғыл оғы алынып тасталады.
93. "Қару белге", "Қару кеудеге", "Мылтық арқаға" немесе "Атысқа дайын тұр" деген командалар шекара нарядтарына әртүрлi жағдайда және орындалатын мақсатты iстерге сәйкес қойылады.
Шекара наряды күзеттегi учаскенi жаяу өтетiн болса "Автомат кеудеге" ұсталады. Шекара наряды қия жар және тiк өр, көпiрлерден, су өткелдерiнен, бақылау мұнарасына көтерiлгенде және түскенде, тағы басқалай жұмыс iстеген жағдайда "Автомат арқаға". Сондай-ақ "Автомат арқаға" шекарашы атқа мiнгенде, шаңғы тепкенде, қарда жүргiштердi пайдаланғанда, құжаттарды тексергенде және қызметтегi иттермен жүргенде қолданылады.
Техникалық бақылау пункттерiнiң жүргiзушiлерi /механик-жүргiзушi, мотористерi/, жылжымалы шекара күзеттерi, күзеттiк пункттердiң қаруларын өздерiмен бiрге орналасқан жерлерде ұстайды, бұның қаруды тез қолданудың тиiмдiлiгiн тездетедi.
Мемлекеттiк шекараны бұзушыны ұстап алып, жаяу айдағанда қағида бойынша, мылтықты /автоматты/ атуға дайын ұстау қажет.
94. Наряд, шипажай, демалыс үйi және басқа да көпшiлiк жиналатын жерлерде, күзет қызметiн атқаратын болса, сондай-ақ поездарды алып жүретiн болса, тағы басқа автобустарда, темiржол, автобус станциясында, порттарда күзет атқаратындарды - найза-пышақпен қаруландырады. Нарядты басқарып жүрген офицер мен прапорщиктерге қос оқшантайлы 16 патронды тапаншамен қаруландырады.
95. Мемлекеттiк шекараға тiкелей жақын жүретiн поездарды алып жүретiн нарядтарды дәрiмен атылатын қарумен жабдықтауды Қазақстан Республикасы шекара әскерлерi Қолбасшысы шешедi.
96. Шекара нарядшыларына ұстап алған шекара бұзушыларды байлауға, қол кiсенi, матау жiп берiледi, ал шекарашылардың әрқайсысына тану пакеттерiн бередi.
97. "Ұрысқа аттан", "Аттан", "Ауа" командасы бойынша застава құрамы өздерiне тиiстi қарулармен қаруланады /пулеметшiлер - пулеметпен, граната атушылар - гранотометпен, қалғандары - автоматпен және алып жүретiн оқ-дәрiмен жабдықталады.
Автоматшы тобы және станоктi гранатометшiлер тобы автоматпен қамтамасыз етiледi.
98. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қорғауды жүзеге асырушы шекара әскерлерi наряды қару мен ұрыс техникасын мыналар үшiн қолданады:
- ескерту оғын атпай және ұрыс техникасын қолдану;
- әскери топтар мен бандалардың Қазақстан Республикасының аумағына қарулы шабуыл жасап басып кiруiн тойтару;
- шекара нарядына тұтқиылдан қарулы шабуыл жасаған кезде;
- мемлекеттiк шекараны бұзушылар қарулы қарсылық көрсеткен кезде;
- ұрыс техникасын пайдаланып, қарулы басып кiруге тойтарыс беру үшiн;
- ұсталған адамдардың тартып алынған қарумен қашып кетуi кезiнде қару ескертусiз-ақ қолданылуы мүмкiн.
99. "Тоқта!" деп дауыстап жоғары қарай ескерту оғын атқаннан кейiн, шекара нарядының талабы орындалмайтын болса, қару-жарақ және жауынгерлiк техникасы қолданылады;
- Қазақстан Республикасының аумағына қарумен басып кiрудi және мемлекеттiк шекарадағы қарулы арандатудың жолын кесу үшiн;
- шекара әскерлерi нарядына қарулы шабуылды тойтару үшiн;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өткен және қарулы қарсылық көрсеткен адамдарға, теңiз /өзен/ кемелерiне ұшатын құралдарына қарсы;
- әуе және теңiз /өзен/ кемелерiн айдап әкетуге жол бермеу;
- қызмет мiндеттерiн немесе мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi қоғамдық борышын орындап жүрген әскери қызметшiлерге, басқа да адамдарға жасалған шабуылға, олардың өмiрiне тiкелей қатер төнген кезде оған тойтарыс беру;
- азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан оларды қорғау, сондай-ақ кепiлдегi адамдарды босату.
100. Шекара әскерлерiн наряды қызметшiлерiнiң дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшiн қару қолдануға хұқы бар.
101. Шекара әскерлерi нарядына мына мәселелер бойынша қару қолдануға тыйым салынады:
- егер олар қарулы қарсылық көрсетпесе мемлекеттiк шекарасын бұзған адамдарға қатысты, соның iшiнде оларды ұстаған кезде керi оралуға әрекет жасаған адамдарға қатысты;
- егер шекараны бұзу анық кездейсоқ немесе мемлекеттiк шекараға жақын жерде ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарды атқаруға байланысты /аң аулау, мал жаю, саңырауқұлақ, жидек, отын жинау және басқа/, сондай-ақ өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерде шомылу мен жүзу кезiнде орын алса Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын шекарашылардың көзiнше бұзған адамдарға қатысты;
- шекарадағы режим мен Қазақстан мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi бұзғаны үшiн ұсталған адамдар қашуға әрекеттенген кезiнде;
- егер олар қарулы қарсылық көрсетпесе Қазақстан аумағындағы суларда /теңiзде/ және шекарадағы өзендердiң, көлдердiң және басқа да су тоғандарының Қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiкпен шұғылданып жүрген шетелдiң балық аулайтын және басқа кәсiпкер кемелерiне қатысты;
- егер мемлекеттiк шекараны бұзудың нақты қауiпi болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына жақын орналасқан шекара аймағындағы аудандардың, қалалардың, поселкелердiң, селолар мен ауылдардың аумағындағы жолдармен немесе шекара әскерлерi күзететiн теңiз жағалауымен жүрiп бара жатқан және шекара әскерлерiнiң аялдау туралы талаптарын орындамаған кезде автокөлiк құралдарына қатысты;
- Қазақстан мемлекеттiк шекарасынан өтiп бара жатқан хайуанаттарға;
- мемлекеттiк шекара режимiн бұзушыларға қару қолдануға тыйым салынады.
102. Қару қолданған кезде, әдетте, Қазақстан аумағына қарулы шабуыл жасап басып кiрудi тойтару, қарулы арандатушылар топтары, бандылардың жолын кесу мен Қазақстан мемлекеттiк шекарасын қарулы бұзушылармен бетпе-бет жүздесуден басқа жағдайларда, шектес мемлекеттердiң аумағына оқ пен снарядтың ұшуына жол берiлмейдi.
103. Қару-жарақ пен жауынгерлiк техниканы шекара әскерлерiнiң нарядының қолдануы шекарашыларға асқан жауапкершiлiктi жүктейдi, техниканы қолданудың әдiстерiн, тәртiбiн, ережелерiн, шекара шебiндегi шиеленiскен жағдайда ғана қолданылатын жетiк бiлулерi қажет.
Қаруды заңсыз қолданған адам Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәртiпке шақыратын қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.
104. Шекарашылар қару-жарақты не үшiн қолданылғанын застава бастығына баяндайды да, қару-жарақты оқ-дәрiден ажыратып, оқ ату сақтандырғышына қойып, мемлекеттiк шекараны бұзуда ұсталғандарды және жаралы болған шекара әскери жауынгерлерiне алғашқы әскери дәрiгерлiк көмек жасалады.
105. Шекара әскерлерi наряды мемлекеттiк шекара күзетiнен заставаға оралғаннан соң, заставадағы қару-жарақты тексеруге жабдықталған жерде застава кезекшiсiнiң бақылауымен немесе шекара нарядын басқаратын офицердiң /прапорщиктiң/ тексеруiмен қару-жарақтың, техниканың сынағын қарап шығады. Қару-жарақты оқ-дәрiден босатады, оқталмаған қаруды көрiп, шекарашыларын бос күйiнде атып көредi де,
сақтауға қойғызады.
106. Шекарашыларға мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi
мiндеттерiн орындаған кезде шекара нарядтарына арнаулы құралдарды
/қол кiсен, резеңке таяқ, көзден жас ағызатын қолдануға рұқсат етiлген
және басқа да заттар, газдар/, ықпалды басқа жаққа аударып жiберетiн
жарық-дыбыс қондырғысы, көлiктi күшпен тоқтатуға арналған қондырғы,
күрестiң жауынгерлiк әдiстерi мен қызметтiк иттер қолдану хұқы
берiледi.
Төртiншi тарау
Шекаралық нарядтар қызметтерi
107. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету - әрбiр шекара әскерлерiнiң нарядының асқан табандылықты, қырағылықты, қабiлеттiлiктi, қажымастылықты, мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi бұйрықты қатаң сақтап, нақты орындалуын және осы Тәлiмдемеде көрсетiлген қағидалардың орындалуын талап етедi. Әрбiр шекарашы нарядшы шекара күзетiндегi қызмет учаскесiнде дара жауапты.
I. Нарядшыны шекара қызметiн атқаруға дайындау
108. Шекарашыларды мемлекеттiк шекара күзетiн атқаруға дайындау күнi бұрын және тiкелей шекара күзетiне шығарда /кiрiсерде/ жүргiзiлуi мүмкiн.
Шекара әскерiн мемлекеттiк шекара күзетiне дайындық жоспарлары түрде: жауынгерлiк дайындықта, әскери-патриоттық, тәрбиелiк жұмыстарда, сондай-ақ шекара құжаттарымен танысқанда және оқулық құралдар танысу арқылы жүргiзiледi.
Шекара күзетiнде қолданылатын қару-жарақ, техникамен және қызметтегi хайуанаттармен таныстырып үйрету, белгiленген тәртiп бойынша, күнделiктегi бекiтiлген сағаттарға сай жүргiзiледi.
Шекара күзетiне шығатын уақытта дайындық, қағида бойынша, шекара күзетiне кiрiсерге 30 минут уақыт бұрын жүргiзiледi. Шекара заставасының кезекшiсi, шекара күзетiне кiрiсетiн наряд құрамын, аға нарядшы кiм екенiн, қару-жарақты, киетiн киiм түрiн, қажеттi жабдықтарды және жылжу құралдарын хабарлайды.
Қару-жарақ, киiм-кешек және жабдық заттарын /компас және су толтырылған қол флягасы, масахана, көзәйнек, шаңғы және басқа мүлiктер/ әрбiр нарядшыға атқаратын қызметiне қарай застава бастығының нұсқауымен анықталады, осыған қоса жыл мезгiлi, тәулiк бойынша ауа райының құбылысы ескерiледi. Әрбiр нарядшыға, мемлекеттiк шекара бұзушыларды ұстағанда оларды айдап жүру үшiн қолдарын байлайтын матау жiп, қол кiсенiн бередi және дара нарядшыларға беретiн орайтын пакеттер берiледi.
109. Шекарашы мемлекеттiк шекара күзетiне шығар алдында киетiн киiм түрi белгiленген тәртiп бойынша, әскери қызметкерге қажеттi қаруды, оқ-дәрiнi, байланыс құралын, бақылау аспабын, қол шам және қажеттi әскери жабдықтарды, флягiге су құйып алу және басқа да жолға қажеттi жабдықтарды жинақтау.
Шекара күзетiне шығатын машиналарды, шағын катерлердi /шлюпкаларды/ түзу және оларды жанар-жағар маймен толық қамтамасыз ету механик-жүргiзушiлердiң, мотористтердiң мiндетiне жауапкершiлiгiне жүктеледi.
Шекарашылар өздерiне бекiтiлген хайуанаттарды - аттарды ерттеп, қызметтегi иттердi жабдықтап, белгiленген шекара күзетi орнына шығарады.
Шекара күзетiнiң аға нарядшысы өзiне бағынышты шекарашылардың хал-ахуалын, киiмiн, қару-жарақ пен техниканың түзулiгiн, саймандарын, басқа жабдық заттарының түгелдiгiн, ал күзет қызметiн атпен атқаратын болса, аттың жағдайымен дұрыс ертұман салынғанын тексерiп шығады. Содан соң, аға нарядшы мемлекеттiк шекара күзетiне шығатын нарядтың дайын екенiн застава кезекшiсiне баяндайды, ол өзi тексерiп шыққасын мемлекеттiк шекара күзетiне кiрiсуге рұқсат бередi.
110. Аға шекара наряды мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi бұйрық алуға келгенi туралы баяндайды. Мысалы: "Жолдас капитан, шекара наряды құрамында ефрейтор Ильясов, қатардағы жауынгерлер Иванов және Төлегенов бар. Қазақстан мемлекеттiк Республикасының шекарасын күзету жөнiндегi бұйрықты алу үшiн келiп тұр". Аға машина жүргiзушi /механик, жүргiзушi, моторист/ шекара нарядын шекара күзетiне жеткiзуi туралы бұйрық алады.
Аға нарядшы шекара күзетi жөнiндегi бұйрықты түсiнiксiз мәселелер болса, оны сұрақ берiп анықтайды, бұйрықты орындауға рұқсат алғасын, аға нарядшы команда бередi: наряд оң-ға /сол-ға/, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге "Алға бас", "Алға бетте".
2. Шекара нарядының қызметi
111. Мемлекеттiк шекара күзетi учаскесінде шығар алдында, аға нарядшы шекарашыларға мынадай мiндеттердi анықтайды: нарядтың жүру тәртiбi және жан-жақты бақылау жүргiзудi, нарядты басқару сигналы, шекара бұзушыны тапқан кезде iс-әрекеттiң бiрлестiгiн және нарядқа қосымша берiлген техниканың қозғалу кезегiн анықтайды.
Шекарашылардың шекара күзетiн өткiзетiн жерiне қозғалу жүрiсiнiң ара қашықтығы, бiр-бiрiне жақын болуы және берiлген сигналдарды жеңiл еститiндерi, шартты белгiлердi тез ұғынатындай және нарядтың бiрлескен iс-қимылын қамтамасыз етуi қажет.
Барлық жағдайда ескере отырып, нарядты басқаруға ыңғайы жерде аға нарядшы орналасады. Наряд құрамының алдында қызметшi иттi жаттықтырушы жүредi.
112. Аға нарядшы оған тапсырылған күзет учаскесiне келгесiн, мына жағдайларды орындауға шешiм қабылдайды: күзет орнын қабылдап алу тәртiбi, учаскеде қозғалу ретi, техникалық құралдар мен қызметтегi хайуанаттарды қалай пайдалануды, бақылау жүргiзуге тиiмдi тактикалық учаскелердi таңдау, тұтқиыл қақтығыста және шекара бұзушыны кездестiргенде шекарашылар қолданатын iс-әрекетi, нарядты басқару сигналы және өзара iс-қимыл тәртiбi, сондай-ақ басқа да қалыптасқан жағдайдан және застава бастығының бұйрықтарынан туындайтын мәселелердi шешу, өзiнiң тапсырылған күзет учаскесiнде әскери қызметке кiрiскенi туралы, аға нарядшы застава бастығына баяндайды.
113. Аға нарядшы застава бастығымен немесе наряд атқару қызметiн тексерушiмен кездесiп қалса, бүркемелiктi сақтай тұрып, күзет атқарудағы барлық көрген-бiлгенiн, наряд құрамы жөнiнде ақырын баяндайды. Баяндағанда: "Жолдас капитан, шекара наряды-шолушы /құпия т.б./ құрамында /аты-жөнi, шенi/ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi бұйрықты орындауда. Шекараны бұзушылық байқалған жоқ /байқалса, не болғанын баяндайды/. Аға шекара нарядшысы ефрейтор Павлов".
1. Шолғыншы
114. Шолғыншы - мемлекеттiк шекараны күзетуге тағайындалған екi немесе одан да көп шекарашылардан құралған, белгiлi бiр бағытты немесе учаскенi күзететiн шекарашы. Шолғыншы болып бақылау мiндетiне мыналар кiредi: шекара күзетiндегi сигналдық және бақылаушылық құралдарды, сондай-ақ шекара режимiн дұрыс бақылап-шолу сақталуын, автокөлiк құралдар алып жүрудi және шекара нарядтарына қалай қызмет атқаруын тексерiп-шолу.
Шолғыншылар өзiнiң мiндеттерiн жаяу жүрiп немесе ат көлiгi /шаңғы/ тағы басқа да машина, шекара шағын катерiн /шлюпкасын/, тiкұшақ және басқалай көлiк құралдарын пайдалануы мүмкiн.
115. Белгiленген бағыттағы жер жағдайын бақылауға қарсы шығуға жұмсалған шолғыншы, бiрiншi бақылау бекетiнен келесi бекетке /пунктке/ бүркемелiктi сақтай отырып берiлген сигналмен шартты белгiлердi түсiнетiндей арақашықтықта отырып, аға шекара нарядшысының командасы бойынша жылжиды. Жаяу жүретiн немесе ат көлiгiн пайдаланып жүрсе де арақашықтары сигналды ұғатындай және қажеттi жағдайда нарядтардың бiрлесiп iс-қимыл жасайтындай болуы қажет.
Алдыңғы шолғыншы кезектi пунктте жеткенi бұл аумақта шекара бұзушының жоқ екенiне көзi жеткенде ғана, келесi бағытта қозғалысты жалғастыруға болатынын шолғыншы меңзейдi.
Табиғи таңбаланатын жерлердi /жыра, сай, қалың жынысты, талшiлiк басып кеткен, қалың қамысты/ және салынған құрылыстарды шолғыншы барлап шығады, наряд құрамасының қалғандары төңiректi және шолғыншылардың iс-әрекетiне бақылау жүргiзедi.
Шекара наряды елдi мекендi жерден өткенде, бұл жерде барлық жағдайға көңiл аударады. Егер күдiктi жағдай болса, ол туралы застава бастығына баяндайды.
Мемлекеттiк шекара күзетiне жақын орналасқан /өзендердiң, көлдердiң өзге де су тоғандарының/ жағалауларын, су бетiндегi иiрiмдердi өте ұқыпты және өзен сағаларын, аяқ өткелдердi /кешiп өту және басқа да өткелдi/ баса көңiл аударып қарау қажет.
116. Шекарадағы өзендермен өзге де су тоғандарының жағалауларын қазақстандық бөлiгiн шағын катермен /шлюпкамен/ жiберiлген шолғыншылар, көлдердiң өзге де су тоғандарының жағалауларын суда жүзудегi қауiпсiздiктi сақтай отырып шекаралық бақылау қызметiн атқарады. Шолғыншылықтың түн мезгiлiнде дыбыс тыңдаумен атқарылатын жағдайда катердiң двигателiн оқтын-оқтын өшiредi. Бас су арнасы арқылы шектес мемлекеттiң шебiне кiруге немесе шекара шебiн кесе кiруге үзiлдi-кесiлдi рұқсат жоқ. Шекара өзендерiнiң, көлдерiнiң су бетiндегi жүзу құралдарын түгел тексерiп-қарап, шығады. Күдiк туғызатын жарылғыш және уландырғыш заттарға мейлiнше көңiл бөлiп, застава бастығына баяндайды да, оның тапсырмасына сәйкес iс-әрекет жасайды. Жағалаудағы кездескен кейбiр учаскелердi өте мұқият бақылау үшiн қажеттi жағдайда шолғыншы сол жерде түсiп қалуы мүмкiн.
117. Мемлекеттiк шекара күзетiн тексеруге шыққан шолғыншы, шекара бақылау соқпақ жолымен жүредi, шекара белгiлерiн, шекараға таяу жердегi орман iшiндегi жолдарды мұқият қарайды. Шекара шебiнде дұшпан торуыл құрғаны ескертiлген болса, оны шолғыншы бүркемелене отырып айналып өтедi және дайын уақытта қарулы тойтарыс беруге дайын жүредi. Жер сипатына қарай дұшпанның торуыл құруы ықтималдығын байқаса, онда ол учаскенi бас шолғыншы жiберiп, содан соң олардың сигналымен нарядтың қалған құрамын шығарады.
Шекара белгiсiн қараған кезде оның ел таңбасының бүтiндiгiн және нөмiрiн, орналасқан жерiне баса көңiл аударады және бұзып кету мүмкiндiгiн ескередi.
118. Шекара шебiндегi сигналдық және бақылау құралдарын тексеруге шыққан шолғыншы, iз-бақылау алқабын, сигналды қоршау жүйесiн және оған таяу жерлердi қарайды, күзет шебiн кесiп өтетiн жолдарға, өзендерге /бұлақты, батпақты/ жерлерге ерекше баса көңiл аударады, өзге де учаскелердi, сигналдық жүйенiң үзiлгенiне және бақылау құралдары түзiктiгiне ерекше қарайды. Әдетте, аға шекара нарядшысы, iз бақылау алқабын өзi тексередi.
Iз-бақылау алқабын тексеру кезiнде iздiң үстiңгi бетiнiң пiшiнiне баса көңiл аударады. Шекара бұзушының iзiн табу қиын жерлерде /балшықты, тастақты және су қаптаған жерлердi/ өте мұқият қарап шығады.
Сигналдық қоршау жүйесi төменнен жоғары және алдынан ең соңына дейiн тексерiледi, қоршау сымдарының тартылуын, айыру, тiреулерi, қалқалары, аң өтетiн тесiктер, есiкше мен қақпа iлмектерiн, су құбырының құрылыстарын және олардың торларының жабылуын тексередi. Шекара нарядына сигналдық қоршау жүйесi сымдарының тұйықталуын тексеру мiндетi қойылған болса ғана нарядшы тексередi, ал бұл мiндет жүктелмеген болса, оны тексеруге үзiлдi-кесiлдi рұқсат етiлмейдi.
Тексеру кезiнде байқалған бұзылғандықты өз күшiмен түзетедi, ал түзетуге шамалары келмесе - бұл туралы застава кезекшiсiне баяндайды.
Қол шамын ұстап, сигналдық және бақылаушы құралдарды тексерiп жүрген шолғыншы, бүркемелiк мақсатымен, оқта-текте аялдап, қол шамды өшiрiп, осы жерден дыбыс тыңдайды, сондай-ақ жекелеген учаскелердi қайта тексеру үшiн қайтып оралады.
119. Сигналдық және бақылау құралдарын тексеруге машинамен жiберiлген шолғыншы, тексеру жұмысын жүрiп келе жатып немесе қысқа уақыт аялдап жүргiзедi. Машинаны жүргiзу шапшаңдығы аға шекара нарядшысы шекара бұзушының iзiн анық көретiндей мөлшердегi шапшаңдықта жүруi немесе сағатына 15 ш/сағаттан аспауы қажет. Жеке учаскелердi тексеру үшiн шолғыншы жаяу түсiп қарайды.
Шекарадағы сигналдық және бақылау құралдарын түнде тексергенде, оларға 45 градустық машина бұрышымен фарының сәулесiн түсiрiп қарайды.
120. Шекара сигналдық және бақылау құралдарын шолғыншылар тiкұшақ пайдаланып тексерсе, онда ұшу жолындағы жер бетiн түгел шолып шығады. Ұшу бағытында мемлекеттiк шекара шебiнiң бұзылғаны немесе бұзушының белгiлерi байқалса, онда шекара наряды сол жерге түсiрiледi және шекара бұзушыларды iздеу және оларды ұстау мақсатын экипажбен бiрлесе iс-әрекет жасайды. Егер жермен қауiпсiз ұшуға жағдай болса, онда оларды iздеу тiкұшақпен жүргiзiлуi мүмкiн.
121. Шекара шебiндегi байланыс тiзбектерiн шолғыншы, байланыс тiркестерiн, арматуралар, байланыс желiсi ұяларын, щиттерiн, матау, динамик матамаларын, жайтартқыштардың, сымдардың тартылуының дұрыстығын, олардың түйiн қосылыстарын, мықтылығын қарап тексередi, ал iстен шыққандары болса, оларды жөндеуге көмектеседi.
122. Мемлекеттiк шекара режимiн орындалуын тексеретiн шолғыншы, шекара аймағына кiруге және шекара алқабына кiруге, шекара аймағындағы темiржол және автобус станциясында, аэропортта, кемежайда /тоқтамада/ болуға рұқсат бар азаматтарының және келушiлердiң құжаттарын тексередi. Қажет болған жағдайда шекара учаскесiндегi жүргiншiлердi де тексередi, жергiлiктi тұрғындардан сұрау арқылы бұл келген белгiсiз адамдар тоқтатып, олардың құжаттарын тексередi. Шекара режимiн бұзушыны ұстаған жөнiнде аға шекара нарядшы застава бастығына баяндайды және оның нұсқауына сәйкес iс-қимыл жасайды.
Құжат тексерушi шолғыншы, адамдарды мынадай қаратпа сөзбен тоқтатады: "Шекара наряды. Құжат көрсетуiңiздi сұраймын!".
Шолғыншы қызмет атқару мiндетiне сәйкес шекара жағалауындағы /шекара өзенi, көлдерi, өзге де су тоғандарындағы/ кемежайлардың, тоқтамалардың /пункт, базаларының/ өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелердiң /мұз үстiмен жылжитын құралдардың/ есебiн жүргiзу тәртiбiн және олардың таза ұстау, күту жұмыстарын тексеруi мүмкiн, тағы басқа да суда жылжу құралдарының Қазақстан бөлiгiндегi шекара өзендерiне, көлдерiне, өзге де су тоғандарына шығу және олардың кемежайларға қайтып келу шебiн шолғыншы наряд тексередi.
123. Шолғыншыға көлiк құралдарын алып жүру тапсырылған болса, онда шолғыншы шекара режимiн бұзушыны, көлiк құралымен шет елге қашпақшы болып тырысқандарды анықтап, шекара бұзушыны ұстауға мiндеттi. Шолғыншы мiндеттi қызметiн атқару кезiнде таяу орналасқан темiр жол /тас жол/ бригадасының автоинспекция және халық жасақтарынан көмек алып және шекара наряды бiрлескен iс-әрекет жасауы қажет. Алып жүру поезында /машинада/ бақылау жұмысын жақсарту мақсатында, шекарашылар алып жүру көлiгiнiң басында, ортасында және ең соңында орналасады.
Шолғыншы поезд алып жүретiн болса, онда ол оқтын-оқтын поезды айналып, жолаушылардың құжаттарын тексерiп, бұзушы тығылып қалуы мүмкiн жерлердi қарап шығады. Поезд қозғалысының жайлап жүретiн жерлерiнде тамбурдың есiгiн ашып, вагоннан шығып бара жатқан немесе вагонға тез мiнуге асығып келе жатқан жүргiншiлерге ерекше көңiл аударады, қажеттi жағдайда iс-әрекетке дейiн тұрады. Станцияға және торапты жолдарда поезд аялдағанда, шолғыншы жергiлiктi станциядағы шекара нарядшыларымен және халық жасақтарымен бiрлесiп бақылауды күшейтедi және жолаушыларды вагонға отырғызу бiр жақтан болуын жүзеге асырады.
Шолғыншы автотiзбектi алып жүргенде /жеке машинада/ автокабинада отырып немесе автошанақтан көлiк құралдарының жүрiсiн бақылайды және автокөлiктер бiрiнен-бiрi қалыс қалмауы үшiн шара қолданады.
Автотiзбек /дара машина/ аялдаған кезде, шолғыншы жаяу түсiп, автокөлiктiң және жер жағдайының автотiзбекке бөтен адамдар жасырын отыруына және олардың заңсыз кiруге тырысушылығын болдырмауға шара қолданады.
Жүрiп бара жатқан көлiк құралдарынан секiрiп түскен адамдарды байқаған болса, бiрiншi көрген шолғыншы белгiленген тәртiп бойынша дабыл сигналын бередi. Аға шекара нарядшысы көлiк құралдарын тоқтатады. Заңсыз түскен адамдарды iздестiруге және ұстап алуға шара жасайды.
Көлiк құралдарына белгiсiз жерден отырған адамдарды байқаған шолғыншы бiрден дабыл сигналын берiп, аға нарядшыға қай машинаға, вагонға, қандай сырт белгiсi барлығын хабарлайды. Шолғыншы шұғыл шара қолданып, көрсетiлген вагонға, машинаға кiрiп барып құжатты тексередi және көрсетiлген белгi бойынша белгiсiз адамды анықтайды және оны сол жерден тоқтатып ұстайды.
Белгiленген тәртiп бойынша жолда ұсталған адамды шолғыншы таяуда
орналасқан шекара наряд пунктiне немесе осы пункттегi iшкi iстер
органдарына тапсырады.
2. Сақшы
124. Сақшы дегенiмiз - құрамында бiр әскер немесе бiрнеше
әскерлер тұратын шекара наряды, оған мемлекет шекарасының бiр
учаскесiн маңызды объектiсiн, шекара заставасын немесе кемежай наряды
күзету мiндеттеледi.
Сақшы шекара учаскесiнде
125. Сақшы - мемлекеттiк шекара күзетiнiң бiр учаскесiне
тағайындалады.
Аға шекара нарядшысы қызмет атқару жерiне келген соң, бұрынғы алмасушы нарядтан жағдайды анықтайды да осы жердi өз күзетiне қабылдайды.
Жаңа тағайындалған наряд өз бетiнше iз-бақылау алқабын /теңiз таяз жерiн/ және жер жағдайында шолғыншы жүретiн соқпақтарда, сигналдық құралдардың және шекара заставасымен байланыс барлығын тексередi. Шекара шебiнде шекара бұзушылықты немесе бұзушы iз табының жоқтығына сенерлiктей болған соң, бұрынғы нарядпен қоса сақшылық атқаратын орынға қайтып келедi. Күзет орнын өткiзiп және қабылдап алғандары туралы аға шекара нарядшылары застава бастығына баяндайды.
Егер сақшы күзет учаскесiне келгенде, күзет наряды орнында жоқ болса, онда ол бұл учаскенi өз бетiнше қабылдап алады.
Сақшы күзет учаскесiн мезгiл-мезгiл жүрiп, бақылап, тыңдап, жердiң жағдайын қарап, сигналдық және бақылау құралдарын тексерiп аралайды және шекара бұзушының қай жерден өтуi ықтималдығына баса көңiл аударады.
126. Сақшы сигналды аспаптарды қызметте пайдаланып, дабыл қағу сигналы түсiсiмен, iз-бақылау алқабын және шекара шебiнде сигналдық аспап арналарын тексередi. Егер iз байқалмаған болса, дабыл сигналының қайдан қағылған себебiн анықтап шекара заставасына баяндайды және бұдан әрi сақшылық қызметiн жалғастыра бередi.
127. Сақшылық қызметiн мемлекеттiк шекараға таяу орналасқан сигналдық жүйеде атқаратын сақшы, дабыл сигналы түсiсiмен өзiне берiлген тапсырмаға сәйкес немесе заставадан берiлген нұсқауға байланысты, бүркемелiк сақтай отырып, шекара бұзды деген бағытқа бұзушының жолын кесу мақсатында шұғыл жылжиды.
128. Мемлекеттiк шекараға жуық өтетiн темiр жол немесе тас жол күзетудегi сақшы, осы жерлерден өтетiн көлiк құралдарының жүрiсiн бақылауды және осы көлiк құралдарына мiнуге тырысқан немесе көлiк құралдарынан секiрiп шыға қашқан бұзушыларды байқайды және оларды ұстайды.
Көлiк құралдары жүретiн жолдарда поездың, машинаның жүрiсiн баяулататын жерлерiне /өр-кезен, тiк бұрылыстарға/ сақшылар шекара бұзушыларды ұстау мақсатында алға жылжиды.
Поездар мен машиналар белгiленбеген жерде жүрiстерiн баяулататын болса, сақшы бұл жөнiнде заставаға хабарлайды да, өздерi осы бағытқа шекара бұзушыларды ұстау үшiн жылжиды.
Көлiк құралдарына жүрiп бара жатқанда мiнген адамдар болса, онда аға нарядшы болған оқиға жөнiнде застава кезекшiсiне баяндайды.
129. Шекараға орналасқан теңiз жағалауына /шекара өзендерi, көлдерi, өзге де су тоғандары/ учаскесiне қойылған сақшылар, жағалау алқабын және қайраңын тексередi, бақылау және тыңдау жүргiзедi, өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерге /мұз үстiнен жылжитын құралдарға/, сондай-ақ балық аулайтын, су пайдаланатын жерлерге ерекше көңiл аударады. Белгiленген немесе белгiленбеген жерде кемелерге адамдарды отырғызу, шығару, жүктердi түсiру-тиеу, бұған сәйкес құзырлы органдардың рұқсаты болмаса, сақшы бұндай кемелердi ұстап қалады.
Жағалау алқабында белгiсiз қайық, сал, ескек, құтқару дөңгелегi /белбеу, кеудеше/, су жағасында басқа заттар, мемлекеттiк шекара бұзушылардың қолданатын құралдары табылса, сондай-ақ түн кезiнде жылтылдаған әртүрлi оттар, тыңдаған уақытта мотор шуылы байқалған болса, онда осы жағалауды және су беттерiн шекара бұзушыны табу мақсатында мұқият тексередi.
Жағаға шығып қалған немесе суға батырылған өткiзiп жiберу құралдары және жағаға келiп тiрелiп қалған заттар жөнiнде, сақшы застава бастығына баяндайды және оның нұсқау бойынша оларды күзетуге шара қолданады.
130. Апатқа ұшыраған кемелер /жүзу, мұз үстiнде жылжитын құралдар/, поездар, басқа көлiк құралдары туралы, сақшы застава бастығына баяндайды, апатқа ұшыраған ауданда толассыз бақылау жүргiзедi, мүмкiндiгiне қарай апатқа ұшыраған адам және мүлiктердi
құтқаруға көмек көрсетедi.
Апат болған жерден өз бетiнше шыққан барлық адам және
құтқарылғандарды сақшы қауiпсiз жерге шоғырландырады және оларға
үздiксiз бақылау жүргiзедi.
Застава сақшысы
131. Застава сақшысы - заставаны күзету үшiн тағайындалады. Ол
застава бастығына, оның орынбасарларына және застава кезекшiсiне
бағынады.
Застава сақшысы мыналарды орындауға мiндеттi:
- заставаны тұтқиыл шабуылдан сақтайды;
- застава аумағына бөтен адамның кiруiне және одан қайта шығуы тек застава бастығының, оның орынбасарларының немесе застава кезекшiсiнiң рұқсатымен;
- жер жағдайымен ауа кеңiстiгiнiң тұрақты бақылау жүргiзу;
- застава учаскесiндегi шекара нарядшыларының сигналын қабылдап, оны застава кезекшiсiне шұғыл баяндау;
- күзетшiлiк қарамағына құлыпталған, желiмделген қоймалар мен қамбаларды қабылдау және матамалар тексеру, заставаға жасырын кiретiн және шығатын жолдарды, қорғаныс құрылыстарын тексеру;
- застава кезекшiсiне қайтып келген шекара нарядшыларымен көлiк құралдары туралы баяндау.
132. Застава сақшысы күзеттегi аумақты аралар шығып, аумағына жасырын кiрген жерлерге көңiл аударады.
Күндiзгi кезде сақшы застава аумағында бақылау мұнарасына шығып күзетедi әрi бақылаушы ретiнде қызмет атқарады.
Қараңғылық түсуiне қарай, көз көруге мүмкiндiк болмайтын жағдайда, сақшы, застава қоршауының есiгiн және қақпасын құлыптайды. Заставаға жақындап келе жатқан адамды сақшы белгiлi қашықтықта тоқтатып, қалыптасқан тәртiп бойынша застава бастығын және застава кезекшiсiн шақырады.
133. Сақшы шекара заставасының тұрған жерiнде күдiктi адамды байқаған болса, ол туралы шұғыл застава кезекшiсiне хабарлайды да және оны бөгеу жөнiнде шара қолданады.
Дұшпан шабуыл жасаса, онда сақшы ұрысқа кiрiседi және дербес құрамның қорғанысын қамтамасыз етедi.
Застава тұрған жерiнде өрт шыққан болса, "Өрт" деген сигналын бередi және өрттi сөндiруге шара жасайды. Өрт өшiруге көмекшi нарядтар келiсiмен, сақшы өз қызметiн атқаруға, бұрынғы күзет орнына қайтып барады.
Заставада тұрған сақшыға тұрғын үйлерге және шаруашылық жайларға кiруге және өзгедей жұмыспен алаңдауға рұқсат етiлмейдi, сақшы әскери қызметiн атқаруға мiндеттi.
Ерекше объектiдегi сақшы
134. Ерекше сақшы - мемлекеттiк шекарасында, шекара аймағында, шекара алқабындағы ерекше объектiлердi, көлiк құралдарының iз топтарын, өлiктердi және басқа да шекара оқиғасына байланысты басқа дәлелдердi күзету тағайындалады. Бұдан басқа, шекара арқылы өтетiн көпiрлердi және тiкұшақ /ұшақ/ әуежайларға да ерекше сақшы қойылуы мүмкiн. Ерекше сақшылардың атқаратын мiндеттерi мына төмендегiше жүргiзiледi:
- ерекше объектiнi қараусыз тастап кетуге рұқсат жоқ және ауысымды күзетшi келгенше, күзет орнында тұрақты болу;
- күзеттегi объектiге, застава бастығынан, оның орынбасарынан және көрсеткен тұлғаларынан басқасын жiберуге болмайды;
- күзеттегi жерде айнала бақылау жүргiзу және объектiге қауiп төнетiн жағдай болса, оны застава кезекшiсiне шұғыл баяндау;
- күзеттегi объектiге таяу жерлердегi шекара бұзушыларды бөгеп, тағы басқа объектiге жақындаған адамды тоқтатып, дабыл тобын шақырып, тығылып қалған бұзушыларды iздестiру және ұсталған бұзушыларды айдап әкетушiнi шақыру.
135. Ерекше күзеттегi заттарды ұстауға, бүлдiруге немесе оларды орнынан ауыстыруға сақшының құқығы жоқ. Ерекше объектiнi басып алуға қауiп төнсе, онда сақшы жағдайға байланысты, барлық iс-әрекеттi қолданады, қажет болса қару қолданады.
Күзеттегi заттарын ауа райының әсерiмен бұзылмауына сақшы барлық шараны қолданады, ал соған қарамастан бұзылатын қауiп төнсе, бұл жөнiнде застава бастығына баяндайды.
Кемежайдағы сақшы
136. Кемежайдағы белгiлi бiр учаскенi, күзету үшiн /айлақта/ - сақшы тағайындалады, оның атқаратын мiндетiн кемежайға кiретiн және одан қайта шығатын өздiгiнен қозғалатын немесе өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi /мұз үстiнде жүретiн құралдарды/ бақылау.
Кемежай сақшысының мiндеттерi:
- кемежай /айлақтар/ су бетiнде жүзетiн /мұз үстiнде жылжитын/ құралдарды және оларға iргелес орналасқан жерлерге бақылау жүргiзу, тағы басқа осы кемежайға әкiмшiлiк ететiн лауазымды тұлғаның кемелердi теңiзге, өзен, көлдерге, өзге де шығарылуын бақылау;
- осы кемежайға кiруге қолында рұқсат құжаты жоқ бөтен адамдарды жiберу;
- кемежайдағы /айлақтағы/ кемелердi /мұз үстiнде жылжитын құралдарды/ күтiп ұстаудың белгiленген тәртiптерiн қадағалау;
- кемежайдан шығатын кемелердiң /мұз үстiмен жылжитын құралдардың/ және кемежайға оралып келетiн кемелердiң белгiленген уақытта келуiн, журналға тiркеп - есеп жүргiзiп бақылау және осы жөнiнде застава кезекшiсiне баяндау;
- кемежайға /айлаққа/ жауап беретiн лауазымды адамның рұқсатынсыз кемелердiң /мұз үстiнен жылжитын құралдардың/ шығуына рұқсат етiлмейдi.
137. Аға шекара нарядшысы кемежайға /база пунктiне/ келген күзет өткiзушi нарядтар жағдайымен танысып, өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн /мұз үстiмен жылжитын құралдарды/ журналдағы есеп санын салыстырып тексередi, базадан шығарылған кемелердiң саны мен нөмiрiн және олардың базаға оралып қайту уақытын шамамен анықтайды, шекара заставасымен байланысты және сигналдық аспаптардың дұрыстығын тексерiп алады.
Қағида бойынша, базаға тұрған сақшы, кемежайды белгiленген тәртiп бойынша жиi-жиi аралап жүредi.
Күндiз база аумағындағы мұнараға шығып, сақшылық қызметiн, әрi бақылаушы ретiнде атқаруына болады.
138. Кемежай өз құзырындағы әкiмшiлiк адамы, кемелердiң келуiн қабылдайтын болса, онда сақшы, кеменiң келгендiгi жөнiнде құжаттар толық рәсiмделмейiнше, немесе команда мүшелерiнiң және олармен бiрге келген жолаушылардың кемеден түсуiне рұқсат етпейдi, ал кемежайдан, теңiзге шығушы кеменiң құжаты ресiмделмейiнше, бөтен адамдарды кемеге отыруға рұқсат етпейдi.
Кемежай сақшысы, қажет болған жағдайда кемедегi жолаушылардың iшiнде мемлекеттiк шекараны және режимiн бұзушыны анықтау және ұстау үшiн кеменiң және жолаушылар құжаттарының ресiмделуiн тексередi, кеме жүргiзушi команда мүшелерiн өздерiн куәландыратын құжаттарды тексерiп және кеме iшiндегi адамдарды тексередi.
139. Кемежайға кеме қайтып келiсiмен, кемежай сақшысы, қызмет бабына сәйкес, кеме команда құрамысының құжаттарын, кеменi қарап шығады.
Кемежайға келген кемелер өз орындарына тұруын, моторының тоқтатылуын, шағын кемелердiң ескектерiн алып және олардың құлыпталғанын кемежай сақшысы тексередi.
140. Өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелердi басып алуға немесе алып қашуға тырысқан шекара бұзушыларға, кемежай сақшысы табанды тосқауыл жасап және бұзушыны ұстап алуға iс-әрекет жасайды.
Барлық ұсталған бұзушы адамдар және кемежайға белгiленген уақытта оралмаған кемелер туралы, кемежай сақшысы застава бастығына шұғыл хабар жеткiзедi.
3. Құпия наряд /әскер/
141. Құпия наряд - екi немесе одан да көп әскерлерден құралады және мемлекеттiк шекара бұзуы мүмкiн деген учаскелерге, бағыттарға жасырын орналастырылған - құпия қойылған әскер. Ол қызметiн түн мезгiлiнде радиолокациялық, станциялы сигналдық бақылау аспаптарын және қызметшi иттi пайдаланып бiр жерде тұрып атқарады.
142. Құпия қойылған әскер ешкiмге көрiнбейдi, өзi тұрған жерден айнала бақылауды қамтамасыз ететiн және мемлекеттiк шекара бұзушыны кенеттен шабуыл жасауға, ұстап алатын жерде орналасады.
143. Құпия наряд, қызмет атқаратын ауданына келген бетте, таяу маңдағы тасадан күзетке қажеттi жердi көзбен шолып шығады.
Аға шекара нарядшы, кiмнiң қайда орналасатынын, қалай бүрмеленетiнiн, қай бағытта, алаңда бақылау жүргiзудi және сигналдық жүйесi аспаптарын, қондыру тәртiбiн, сондай-ақ нарядтар бiр-бiрiмен қандай сигналмен байланыс жасайтынын анықтайды.
144. Құпия наряд қызмет атқаратын учаскесiне атпен келген болса онда мiнiп келген аттарын жасырын жерге үзеңгiнi ер тоқым үстiнен асырады да, төс айылын босатады, қаңтарып қояды.
145. Құпия наряд таса жерге орналасады және күзеттi атқаратын орын барлық жердi көруге, әрi естуге, радиолокациялық станцияны және сигналды аспаптарды жұмыс iстеуiне қолайлы болуы қажет. Шекара нарядтары бiр-бiрiн көретiн, сигналдар естiлуiн, сондай-ақ бiрлескен iс-әрекетке ыңғайлы болуы мiндеттi.
Қызметше иттi басқаратын маман құпия наряд алдына, дұшпан келетiн бағытқа орналасады.
146. Шекара нарядын аралап жүргенде немесе олардың қызмет атқаруын тексеру кезiнде құпия наряд өздерiн бiлдiрмеуi қажет.
Егер құпия нарядтың қызмет атқаратын орны ашылып қалса, онда олар бұл орынды тастап, берiлген бағытқа сәйкес басқа жерге жылжиды, өздерiне жүктелген тапсырманы орындау мақсатында алға қарай жасырын қозғалады. Орайы келген кезде, аға шекара нарядшы, құпия нарядтың орыны ауысқаны туралы застава бастығына баяндайды.
Мемлекеттiк шекара күзетiнде тұрған, құпия наряд, алынған бұйрық бойынша қараңғылық түсiсiмен, күндiзгi тұрған орнын басқа жерге ауыстырады.
147. Радиолокациялық станция арқылы шекара бұзушыны тапса, онда аға шекара нарядшысы, оны танып айыру үшiн жедел шара жасайды.
Құпия нарядының сигналдық аспабынан дабыл сигналы түсiсiмен, бүркемелiктiгiн сақтай отырып, наряд күшiнiң бiр бөлiгi түскен сигналды анықтайды. Құпия нарядының қалған құрамы мемлекеттiк шекараны бұзушыға тосқауыл қойып, ұстаумен шұғылданады.
4. Бақылау күзетi
148. Бақылау күзетi - екi немесе бiрнеше әскерден тұратын және мемлекеттiк шекара күзетiнiң бiр учаскесiне объектiсiне тағайындалған күзет наряды.
149. Бақылау күзетi, қағидаға сәйкес, ашық бақылау немесе жасырын орналасқан күзет пункттерiнен қызметiн атқарады. Бақылау күзетi қызмет атқаруға қажеттi құжаттармен және бақылау аспаптарымен жабдықталған.
Бақылау қызметiн бiрнеше пункттермен жүйелi жүргiзетiн болса, онда бақылау күзетi машинамен немесе ат көлiктi пайдаланып атқарылады.
150. Шекара күзетiн тасада атқаратын, тасаланып баратын жолы жоқ, жерге орналасатын бақылау күзетi, бұл жерге таң атқанға дейiн жетедi және бақылау қызметiн бүркемелiктiгiн сақтай отырып қараңғылық түскенше атқарады.
151. Бақылау пунктiне жеткеннен кейiн, аға шекара нарядшы атқаратын мiндеттер: жер бетiнен нысана табу, алқап шегiн немесе бақылау объектiсiн және жағдайды өткiзбекшi нарядтан анықтап бiлу құжаттарды тексеру және байланыс құралдары мен сигналды аспаптардың түзiктiгiн тексеру, өткiзушi нарядтан бақылау аспаптарын қабылдау, бақылау күзетi тұратын жердi өзi қарап шығып, нысана көрсету әрбiр шекарашыға нысана алаңын және қай жерге ерекше көңiл аудару жөнiнде нұсқау беру.
152. Шекарашылар өздерiне бекiтiлген алаңды дәйектiлiкпен қарап шығады. Жердi мұқият қарау алдыңғы шептен оңнан солға, содан кейiн ортаңғы алаң оңнан солға және бұдан соң ең түпкi алаң оңнан солға қаралып шығады. Осылай түбегейлi қарап шығу кезiнде шекарашылар, бекiлген алаңда қандай өзгерiстер болғанын қадағалайды.
153. Шекарашы, шектес мемлекет аумағында жаңадан пайда болған объектiлерге ерекше көңiл аударуға мiндеттi: журналға объектiнiң қай уақытта байқалғанын жазып қояды, толассыз бақылау жүргiзедi, шекара алқабынан шыққан соң бақылау күзетiнде байқалған деректердi журналға жазады, бақылаудағы объектiнiң айырмашылық белгiлерiн және оның әсерiн, объектi не екенiн, адам болса кiм екенiн /әскери ме әлде қарапайым адам ба/, киген киiмi қандай және қарулы ма, не iстегенiн, қайдан келгенiн, қалай және қайда жүрiп бара жатқан, бақылау алқабынан қашан және қандай жағдайда болғанын.
Шектес мемлекет аумағынан пайда болған қарулы топтар мен бөлiмшелердiң, әскери техниканың санын /әскери тiзбектерiн, тереңдiгiн/, құрамын, қару-жарағын, әскери тәртiбiн және қай бағытқа /қайдан және қайда/ жүрiп бара жатқанын аға нарядшы жазып алады, бақылау алқабындағы объектiнiң орын ауыстыруын, байланыс құрамының қолайлы жағдайын iргелес күзетшi пункттен застава кезекшiсiне баяндайды.
154. Бақылау күзетiн теңiз жағалауында /шекара өзенi, көлдер, өзге де су тоғандары/ атқарған кезде, су бетiндегi болған уақиғаларды қарау және тексеру тәртiбi, осы Тәлiмдеменiң 151-бабында көрсетiлген қағидаға сәйкес жүргiзiледi, жағалауды тексеру /қарау/ су деңгейiнiң су жағасына түйiскен жерiнен басталып және одан әрi тыл учаскесiнiң жерiнен басталып көзге көрiнетiн тереңдiгiне дейiн жүргiзiледi.
Бақылау аумағында көрiнген кеме пеленг нысанасын, оның бағытын, теңiз жағасынан қашықтығы, шапшаңдығы және қай мемлекетке жататындығын асқан шеберлiкпен және тез анықтау керек.
Порт жағасында немесе тоқтамада тұрған шет ел кемелерiне бақылау жасағанда, оларға жақындағанда ерекше көңiл аударуға мән берiледi.
155. Бақылау күзетi машинамен немесе атпен атқарылатын болса, ол бiр бақылау пунктiнен екiншi бақылау пунктiне жиi алмасып отырады. Бақылау күзетi, олардың бақылау қызметiн атқару уақыты және күзет алмасу тәртiбi мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi бұйрықта көрсетiлген. Бақылау күзетiн атқару кезiндегi пайдаланылған машина немесе аттар панада тұруы қажет. Арнайы жабдықталған пункттер болмаған кезде, бақылау күзетi бақылау жұмысын өздерiне қолайлы учаскелерден тұрып жүргiзiледi.
5. Техникалық бақылау күзетi
156. Техникалық бақылау күзетi - шекаралық наряд құрамының негiзгi тобынан және одан да көп болуы мүмкiн, мемлекеттiк шекараны күзетуге радиолокациялық және прожекторлық станцияларды қызмет атқаруға пайдаланатын шекара наряды.
Олардың атқаратын мiндеттерi:
- бақылау алаңын нақты бiлу;
- байқалған нысаналарды тез және шебер топтастырып, олардың бағдарларын /азимутын, қашықтығын/ және қозғалыс /бағыты, жылдамдығы/ параметрiн, байқалған нысана мәлiметтерiн берудiң тәртiбiн нақты бiлу;
- көршiлес нарядтардың қай жерге орналасқанын, шекара күзетшi кемелердiң /катердiң/ қызмет атқаратын ауданын, тiкұшақ /ұшақ/ ұшуларының уақытын және бағыттарын, оларды тану әдiстерiн, олармен байланыс және олармен бiрлесiп әрекет жасау;
- байқалған нысанаға шекара күзетшi кемесiн /катерiн/ және тiкұшақ экипажын, нарядты шебер бағыттау;
- шекара бұзушы кемелердi тапқанда әрекет жасай бiлу тәртiбi;
- күзетшi журналына радиотехникалық және көз мөлшерiмен байқалған барлық мәлiметтердi есепке және өз кезiнде қызмет бабындағы және басқа техникалық құжаттарды жазу жүргiзедi.
157. Аға шекара нарядшы әскери қызмет атқаратын орнына келген соң: алмасушы нарядтан құжаттарды, қару-жарақты, техника және жағдайда анықтап тексерiп, қабылдайды; күзет орны аумағын радиолокациялық станциясы немесе прожектор сәулесiн түсiрiп қарайды; наряд орналасқан жердiң қорғауды және күзетудi ұйымдастырады және күзет журналына бақылауды қашан бастағаны жөнiнде белгiлейдi; құзырындағы нарядшыларға қай жердi бақылауға жауапты екенiн көрсетедi, радиолокациялы, прожекторлық станциялардың жұмыс iстеу режимiн, радиолокациялық оператордың алмасу кезегiн және күзет орнына /су бетiне/ прожектор сәулесiн түсiрiп жарықтандырудың уақыты және тұрақ алмастыру, байқалған нысаналар туралы мәлiметтер беру тәртiбi және бiрлесiп әрекет жасау ерекшелiгiн қолдау.
158. Техникалық бақылау күзетi әскери қызмет атқаруда басқа шекара нарядтарымен, шекара күзетi кемесiмен /катерiмен/ және тiкұшақ экипажымен бiрлесiп әрекет жасауды өзара қолдайды. Техникалық бақылау күзетi бiрлесiп әрекет жасайды, шекарада байқалған нысаналар жөнiнде ақпаратпен алмасады, олардың қозғалу параметрiн және тану қорытындыларын, тағы басқа жауапты аумақта көршi күзетшiлердiң радиолокациялық, прожекторлық станциялары iстен шығып қалғанда олардың орнын жабу жұмыстары жүргiзiледi.
Басқа шекаралық нарядтармен нысананы табу үшiн бiрлесiп әрекет жасауды өзара қолдайды және оларды күзеттегi жердi /су бетiндегi/ тануды прожектор сәулесiн түсiрiп, бiрлесiп жүргiзедi.
Техникалық бақылау күзетi шекара күзетiнде кемелермен мына әскери қызметтердi бiрлесiп жүзеге асырады: байқалған нысана туралы ақпарат алмасу және күзетшi кемеге /катерге/ нысана бағытын мәлiметiн көрсетедi, табылған кеменiң және тiкұшақтың қай мемлекетке тиiстi екенiн танып бiлуi және бiрлескен әрекет жасауды анықтайды. Техникалық бақылау күзетшiсiн күзетшi кеменiң /катердiң/ сұратуынша оны байқалған нысана бағыттайды, навигациялық қауiптiлiгiн және жүзуi кезiнде көрiнушiлiк мүмкiндiгi шектелген жағдайда, кеменiң жүзу координатын дәл анықтайды.
Тiкұшақ экипажымен бiрлесiп, белгiсiз нысананы iздестiргенде және оны танып алуда, байқалған нысанаға экипажды бағыттау және оларды тану, экипаждың талабы бойынша прожектордан сәуле түсiрумен жүзеге асырылады.
159. Техникалық бақылау күзетi - жылжымайтын және жылжымалы болуы мүмкiн. Жылжымайтын күзет - арнайы жабдықталған көшiп жүрмейтiн, өзiнде қондырылған қару-жарағы және техникасы бар тұрақ. Бұндағы әскери қызмет атқару ауыспалы түрде, застава бастығының жоспары бойынша жүзеге асырылады.
Жылжымалы күзет - застава бастығының бұйрығымен бекiтiлген график бойынша iске асырылады және бiр немесе бiрнеше әскери тұраққа дайындалады.
Әдетте, тұраққа, жер бетiнiң қыратты жерi таңдалынады, радиолокациялық және прожекторлық станциялардың тактико-техникалық қуатының мүмкiндiгiн барынша пайдалануды және олардың бүркемелегiн қамтамасыз ету үшiн.
Әр тұраққа жеке бақылау схемасы дайындалады.
Техникалық бақылау күзетiнiң қолданылатын бақылау жүргiзетiн құралдарына қарай - радиолокациялық-прожекторлық, радиолокациялық және прожекторлық деп бөлiнедi.
Радиолокациялық-прожекторлық күзет
160. Радиолокациялық-прожекторлық күзет - мемлекеттiк шекара күзетiн радиотехникалық аспаптарды пайдаланып және жер бетiн /су, мұз бетiндегi/ көзбен шолу аспаптарының көмегiмен жүргiзедi.
Прожектор станциясы /қондырғы/ график бойынша немесе нысананы көру үшiн радиолокациялық станциясы /түнгi көру аспаптары көмегiмен табылған/ нысананы немесе шекара нарядының шақыртуы /сұрастыруы/ бойынша, шекара қарауылындағы кеменiң /катердiң, тiкұшақ, ұшақ/ сұраулары бойынша қосылады.
161. Радиотехникалық көзбен байқалған мәлiметтер және табылған нысаналар планшетке түсiрiлiп, белгiленген тәртiп бойынша шекара отрядының жауынгерлiк ақпарат күзетшiсiне және заставаға хабар берiледi.
Жылжымайтын күзетшi тапқан және танылған нысаналарды нөмiрлеу жауынгерлiк ақпарат күзетшiсi бергенi бойынша, ал жылжымалы радиолокациялық-прожекторлық күзетi тапқан нысаналарды нөмiрлеудi нарядты өз жүйесiмен, нысаналарды табылу ретiне қарай - жақыннан алысқа және оңнан солға қарай жүргiзiледi.
Ағымдағы ақпаратты шекара отрядының жауынгерлiк ақпарат күзетшiсiне және заставаға хабар беру, байланыс құрамының сым өткiзгiштерiмен iске асырылады.
162. Құрлықта байқалған нысаналар, радиолокациялық-прожекторлық күзетшi таниды, шекара бұзушыларды өз бетiмен ұстайды немесе бұзушыларды тапқан ауданға /таяудағы шекара наряды/ дабыл тобын шақырады.
Теңiз бетiнде көп /шағын/ нысаналары табылған болса, аға шекара нарядшы, нысана тану үшiн өз құрамымен немесе шекара отрядының жауынгерлiк ақпарат күзетшiсiмен жедел алып жүрудi ұйымдастырады.
Нысананың қозғалыс параметрiн және бiрлескен күш пен құралдар әрекеттерi мәлiметтерiн белгiленген уақыт аралығымен анықталады.
Теңiз бетiнде шағын /шағыннан артығырақ/ нысаналар байқалған болса, аға нарядшы, табылған нысана туралы шекара қарауыл кемесiне шұғыл хабарлайды, прожекторлық станцияны /қондырғыны/ қосуға бұйырады және қажеттi жағдайда нысананы тану үшiн немесе бөгеу үшiн жарық түсiредi.
Планшетке анықталған жағдайға қарай өзгерту енгiзiледi.
Күзет орнына таяу жерде белгiсiз адам тобына, аға нарядшы нарядтың шағын бөлiгiмен ол адамды ұстауға шара қолданады, осы жерге дабыл тобын шақырады және олар келгенше бұзушыны күзетпен қамтамасыз етедi.
163. Белгiленген жерде күзеттiк қызмет бiткен соң, жылжымалы радиолокациялық-прожекторлық күзетi радиолокациялық станцияны жинақтайды, прожектор станциясын жорыққа шығу қалпына келтiрiп және графикка сәйкес басқа тұрғыға жылжиды.
Жылжымайтын радиолокациялық-прожекторлық күзетшi әскери қызметiн атқарып болғаннан кейiн, радиолокациялық станциясын, жабдықтау агрегатын және прожекторлық станциясы ажыратады, оларды таса жерге қояды.
Радиолокациялық күзет
164. Радиолокациялық күзет - мемлекеттiк шекара күзетiн жер бедерiн немесе су бетiн /мұз айдынын/ радиолокацияны пайдаланып, әскери қызметiн атқарады. Шекара шебiнде байқалған нысаналарды топтастырып, белгiлi уақыт аралығы арқылы олардың координаттарын анықтап, шкала станциясымен есептеп және планшетке түсiредi. Күзетшi көрiнген нысананың бағытын, қозғалыс шапшаңдығын анықтайды және оған шекара нарядын, шекара қарауыл кемесiн /катерiн/, тiкұшақ экипажын жiберуге қажеттi мәлiметтер дайындайды. Нысананы анықтағанша /ұсталғанша/ дейiн бақылау жүргiзедi.
165. Радиолокациялық күзетшi шектес мемлекеттiң аумағында байқалған нысаналарды топтастырып, олардың сипатын бiлу мақсатында толассыз бақылау жүргiзiледi. Бақылау алаңындағы нысаналардың орын ауыстырғаны немесе бақылау аймағынан шыққаны жөнiнде аға шекара нарядшысы застава кезекшiсiне баяндайды.
166. Күзетке таяу жерде байқалған шекара бұзушыларды, шекара наряды өз бетiмен ұстайды немесе дабыл тобын /жақын жердегi нарядты/ шақырады және осы нарядқа қалыптасқан сигнал бойынша шекара бұзушыға бағыттап тұрады.
167. Радиолокациялық күзетi әскери қызметiн атқарғаннан кейiн, күзет учаскесiн алмастырушы нарядына радиолокациялық станцияны және басқа нарядтарда қалыптасқан тәртiп бойынша өткiзедi, жағдайда және бақылау мәлiметтерiн хабарлайды.
168. Радиолокациялық комплекстi пайдаланып әскери қызмет атқаратын радиолокациялық күзетшi, шекара заставасында /күзетiнде/ тұрақты орнатылған басқару тұғырығы арқылы толассыз бақылау жүргiзiп, қызмет атқарады. Радиолокациялық комплекстiң кезекшi операторы, шекара бұзушыны экран арқылы тапқан болса, ол жөнiнде шұғыл застава кезекшiсiне баяндайды, нысананы топтастырады, қозғалыс шапшаңдығын және оның қозғалу бағытын басқа да мәлiметтердi есепке алып күзет қызмет журналына жазып нысананың соңына iлеседi.
Аға нарядшы шекара нарядын, шекара қарауыл кемесiн /катердi/, тiкұшақ экипажын нысана бағытына бұрады және бұлардың iс-қимылдарын экран арқылы нысана ұсталғанша бақылайды.
Прожекторлық күзет
169. Прожекторлық күзет - мемлекеттiк шекара күзету қызметiн аумақ бедерiн, су бетiн /мұз айдынын/ прожекторы сәулесiн түсiрiп, көзбен шолып байқаумен атқарылады. Шекара нарядының, шекара қарауылы кемесiнiң /катердiң/, тiкұшақ экипажының сұрауына қарай график бойынша нысана беттерiне жарық түсiрiледi. Сәуле жарығын беру үзiлiстерiнде, күзетшi күзет учаскесiн түнде көру аспаптарын пайдаланып бақылауды жүргiзедi. Күзет алдына қойылған мiндетке және жағдайға байланысты жеке анықталған шеткi сәуле жарығын бүркеу, кейбiр учаскелердегi қимыл-әрекеттердi көру үшiн тылдық жарық түсiрiледi.
Прожекторлық күзет - жарық түсiруге қай уақытта болса да дайын тұруы қажет.
170. Прожекторлық күзет - сигналдық комплекс /жүйесi/ немесе iз бақылау алқабына таяу жерде әскери қызметi болса, прожекторлық күзет учаскесiнiң толық сәуле түсiру жарығымен қамтамасыз етуге тиiстi.
171. Мемлекеттiк шекара учаскесiне жақын жүретiн темiр жол бойына түсiрiп жарықтандырып локомотив жүргiзушi машинистерiнiң көзiн шағылыстыруға болмайды.
Поездар өтiп кеткен соң, темiр жол бойының екi жағына бiрдей жарық түсiрiп, поездан секiрiп түсiп қалған бұзушыларды мұқият iздеп табу және оны ұстау мақсатында.
172. Мемлекеттiк шекара күзетiне таяу жерде шекара бұзушы байқалған болса, онда шекара наряды шағын қолмен бұзушыны ұстайды. Егер шекара бұзушы, күзет орнынан едәуiр қашықта байқалған болса немесе теңiз жағасынан қашуға тырысса, бұл туралы шекара наряды шұғыл түрде застава кезекшiсiне баяндайды. Осы бағытта күзет қызметiн атқарып жүрген шекара қарауылы наряд белгiлеген сигнал бередi және бұзушының тұрған жерiне прожектор сәулесiн түсiрiп жарықтандырады.
173. Көрсетiлген тұрғыда, прожекторлық күзет мiндеттi әскери қызметiн атқарған соң күзет жорық қалпына келтiрiлiп, қалыптасқан тәртiп бойынша заставаға қайтып оралады немесе басқа тұрғыға ауыстырылады. Бiр тұрғыдан екiншi тұрғыға орын алмастыру алынған графикке байланысты болады.
Шекаралық күзет
174. Шекаралық күзет мемлекеттiк шекара учаскесiнде және заставадан аулақтау жердi күзетуге тағайындалады, жеке құрам бiр әскери бөлiмшеден кем болмайды. Шекаралық күзет құрамына радиолокациялық және прожекторлық станция топтары, қызметтегi иттер маманы, байланыс және сигналдық топтар берiледi. Шекаралық күзеттi офицер, прапорщиктер немесе сержант басқарады.
Шекаралық күзет көбiнесе арнайы жабдықталған пункттерге орналасады, әскери шекаралық күзет қызметiн осы пункттер шекара нарядын жiберу жолымен, застава бастығының жасаған графигi бойынша орындайды.
175. Аға шекара нарядшысы, мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi бұйрықты алысымен, күзет қызметiн қалай атқару тәртiбiн, күзетке шығу және күзет орнына жету, заставадан дабыл сигналы түскенде iстейтiн әрекет, шекара бұзуы белгiлерiн тапқанда және застава резервiмен бiрлесiп қызмет атқаруды қолдауды анықтайды. Шекаралық күзетшi, шекара заставасымен байланыс құралдарын пайдаланып, радио арқылы және кезекшi қабылдау радиостанциясы қолдауымен хабарлайды.
176. Шекаралық күзет - әскери қызмет атқару кезiнде сигналдық аспаптарды орнатады, радиолокациялық және прожекторлық станция арналарын жайып-жаздырады. Аға наряд учаскенi күзету үшiн алға наряд жібередi /шекара нарядының санына қарай/ және резерв қалдырады.
Қызметтегi иттi басқарушы бапкер-маман шекара бұзушы осы жерден өтедi-ау деген жерге иттердi орналастырады. Радиолокациялық және прожекторлық станция күзетке жақын орналасып және алдына қойылған әскери қызметтi графикке сәйкес атқаруға кiрiседi.
Алға жiберген және резервте қалған наряд шекара учаскесiндегi күзеттi нақты қамтамасыз етiлуiн, оның бүркемелiгiн, шекара бұзушыны тез ұстауға және күзет құрамын жинап алуға қамтамасыз етуi қажет.
177. Шекара заставасын дабыл сигналы немесе шекара бұзушының майда болуы жағдайында шекара нарядшылары бұзылған учаскеге төте шығып, тасаланып орналасады, бұдан соң застава бастығының бұйрығына сәйкес iске кiрiседi немесе жағдайға қарай байланыс әрекет жасайды.
178. Аға шекара нарядшысы күзет учаскесiндегi әскери қызмет атқарылған соң нарядшылардың қару-жарақты, оқ-дәрiнi және басқа жабдық заттарын түгелдейiн тексередi және тексерiс қорытындыларын застава бастығына немесе застава кезекшiсiне баяндайды.
7. Жылжымалы шекаралық күзет
179. Жылжымалы шекаралық күзет - құрамы 5 шекара нарядын және одан да көп шекаралық наряд, шекара заставасынан аулақ учаскелердi күзетуге тағайындалған, мемлекеттiк шекараны бұзушыларды ұстап алуға қиындыққа кездесетiн учаскелерге қойылған наряд.
Жылжымалы шекара күзетi құрамына - радиолокациялық және прожекторлық станция топтары, қызметтегi ит бапкер-маманы, байланыс және сигналды топтар кiредi. Жылжымалы шекара күзетiн офицер, прапорщик немесе сержант басқарады.
Әдетте, бұл топ шекара күзетiн машинамен атқарады. Застава бастығының бұйрығына және ол жасаған графикке сәйкес, олар мемлекеттiк шекара күзетiнiң жеке учаскесiн күзетедi.
180. Аға шекара нарядшы, мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi бұйрықты алғасын, шекара нарядының қозғалысын және күзет атқаратын жерiн, заставаға сигналдық комплексiнен дабыл сигналы түскенде қалай әрекет жасауды застава резервiнiң қалай қолдау тәртiбiн белгiлейдi.
181. Қызмет атқару ретiне байланысты шекара жылжымалы күзетi бiр учаскеден келесi учаскеге белгiленген жылдамдықпен қозғалып жүредi. Күзетшi жеке құрамы машина үстiнде отырып айнала бақылайды, қарайды, сигналдық және бақылау құрамдарының жұмысын тексередi. Шекара бұзушы тасаланып /жасырынып/ қалатын учаскелердi, iз-бақылау алқабын тексерiп, мұқият қарау үшiн, аға нарядшы жаяу шолғыншыларды алға жiбередi.
Күзетшi жердi таңдау және учаске жерiн қарап шығу үшiн оқтын-оқтын аялдап, машина двигателiн өшiредi. Застава күзетшiсiмен радио арқылы байланысады.
182. Күзет қызметi машинамен атқарылса, онда машинаны тасаға қойып, шекара наряды жаяу жүредi, сигналдық аспаптарын iске қосады, радиолокациялық және прожекторлық станцияларын жаяды.
Аға нарядшы көзге көрiну түнде тыңдауға қашықтығына бiр-екi нарядты алға жiбередi және резерв тағайындайды. Резерв машина тұрған тасада немесе осыған жақын орналасады, бүркемеленiп шекарашыларда көрсетiлген жерге орналастырады және белгiленген алаңға бақылау жүргiзедi, тыңдау жасайды, сигналдық аспаптардың жұмыс iстеуiн қадағалайды.
Әдетте, мемлекеттiк шекара бұзушы өтулерi ынталанған жерге, қызмет иттерiмен итбапкер маманы орналасады.
Радиолокациялық станция тобы станцияны машина немесе оған жақын жерге жайып орналастырады және белгiленген графикке сәйкес әскери қызметтерiн атқарады.
Мемлекеттiк шекара бұзылуын мүмкiн болатын учаскеге бүркемелiктi сақтап, күзетшi құрамын және олардың қауiптi жедел баруын қамтамасыз ететiн жерге алға жiберiлген наряд және резерв орналастырылады.
183. Графикке сәйкес әскери қызметтi атқару уақыты өткен соң, аға шекара нарядшысы, нарядтың шұғыл жиналуына және күзеттiң басқа жерге көшiп орналасуына сигнал бередi. Алдымен алдамшы күзет орнын көрсетiп, содан соң бүркемелiкпен негiзгi орнына барып бақылау жүргiзедi және застава бастығы бұйырған жерге орналасады.
184. Заставаға сигналдық комплекстен /жүйеден/ дабыл сигналын алысымен немесе күзет учаскесiнде шекара бұзушының байқалғаны жөнiндегi сигнал берген учаскеге бүркемеленiп, наряд ең төте жолмен тосқауыл жерге жетiп және бұдан әрi застава бастығының бұйрығымен әрекет жасайды немесе жағдайға байланысты әскери қызмет атқарады.
185. Күзет қызметiн атқарғаннан кейiн, аға шекара нарядшы, сигналдық және бақылау құралдарын тексерудi ұйымдастырады, нарядшылар қару-жарақты, оқ-дәрiнi және жабдық заттарын түгел тексередi және тексеру қорытындысын застава кезекшiсiне баяндайды.
8. Бақылау күзетi
186. Бақылау күзетi - құрамында екi немесе одан да көп, шекара аумағында және алқабында шекара режимiн сақтауды бақылауға тағайындалған шекара наряды.
Бақылау күзетi, әдетте, күзет қызметiн арнаулы жабдықталған тұрақты орында немесе уақытша шлагбауммен /керме бөрене/ жабдықталады, пункт арқылы өтетiн құралдарды тексеруге арнайы құрылыс салынады, автокөлiктердi тоқтатып және олардың құжаттарын тексеру үшiн қызыл жалаумен және қызыл шаммен жабдықталады.
187. Қызмет атқаратын орынға келген соң, аға шекара нарядшы ауыстырушы нарядтан күзет орнын жағдайын қабылдап алады және мыналарды анықтайды: көлiк құралдарының тасымалдау жүктерiн және олардың құжаттарын қарап-тексеру тәртiбiн; шекара режимiн бұзушыларды және iздестiруде жүрген адамды тоқтату, көлiк құралын және бақылау пунктiне жақын жерлердi бақылау, белгiсiз адамның бақылау пунктiн айналып өтуге тырысқандығын, көлiк құралын тоқтатуда және оны тексеру кезiнде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету.
188. Шекара аумағын және шекара алқабына кiруге-шығуға қажеттi құжаттарды және Қазақстан азаматы екенi тексеру көлiк құралдарын және ондағы тасымалдағы жүктердi тексерiп-қарау, сондай-ақ жақын аумақты тексерiп бақылау.
Көлiк құралдарымен құжаттарды әдетте, аға шекара нарядшысы тексередi.
Бақылау күзетiнде қалған наряд құрамы, осы бақылау пунктiнiң тексеруiне бұлтарып, айналып кетпекшi болған шекара режимiн бұзғандарды тоқтатады және қашуға тырысқандарды ұстайды.
189. Шекарашы құжат тексеру кезiнде мыналарға көңiл аударуға мiндеттi:
- құжат берушiнiң түрiн, құжаттағы фотосуретiмен салыстыруға байқау;
- құжатты қарап шығуға;
- өткiзу құжатының дұрыс ресiмделуiн тексеру /мәтiннiң дұрыстығы, қолы, мөрi, жарамды мерзiмi/;
- құжатты көрсетiп тұрған адамға сенiмдi болу, бұл адамды ұстау жөнiнде бұйрық жоқтығын, оның алып бара жатқан жүгiн және басқа мүлiгiн мұқият қарап шығу;
- құжатты иесiне қайтарып беру.
Көрсетiлген құжаттарды тексеру кезiнде тазартуын өшiру, қосымша жазу, қойылған мөрдi жалған жасау, фотосуреттi ауыстыруға баса көңiл бөлу қажет. Көрсетiлген құжаттардың мерзiмi дұрыс, жалғандығы жоқ, фотосуреттерi өзiндiк, түзетулер мен басқалай түсiнiктер жазылмаған болса, онда бұл құжат сенiмдi әрi жарамды деп есептеледi.
190. Шекара шебiнде құжат тексеру қызметiн шекара наряды осы Тәлiмдеменiң 121 бабына сәйкес жүргiзедi, құжат тексеру кезiнде азаматтарға әдептiлiк және құрметпен қарау керек.
Құжат тексеру кезiнде iздестiруде жүрген адам табылса, немесе құжаттары жоқ адамдар болса, шекара наряды бұндай адамдарды ұстап қалып, өзi бағынатын шекара заставасына немесе бөлiмше командирiне баяндайды.
191. Көлiк құралдарын қарап шығу, олардың келiп тоқтау кезегiне қарай, ал автобусты - бiрiншi кезекпен тексерiп өткiзедi. Автокөлiктiң шонағындағы мүлiктердi және басқа жүктердi тексеру эстакада арқылы тексерiледi. Жеңiл машинаның багажнигiн ашып қарау, қашып жүрген нақты адамды табу-ұстау үшiн жүргiзедi. Багажниктi автокөлiк жүргiзушiсi ашады.
192. Әскери автокөлiк тiзбегiнiң құжаттарын аға автокөлiк сұрап-тексерiп қарайды, бұған дейiн лауазымды бастықтан бұйрық түспеген болса, бақылау күзетi автотiзбектi тоқтатып, аға автокөлiк тiзбегiнен, автотiзбекте бөтен адам жоқ па деп мiндеттi түрде сұрайды.
193. Шекара нарядына құжатты көрсетуден бас тартып немесе көлiк құрамының құжаттарын және тасымалды жүктердi қарап шығуға бөгет жасаған адамдары ұстап қалады және дабыл тобы келгенше күзетке қояды.
194. Бақылау күзетiн айналып өтуге тырысқан бұзушы табылса, немесе сигналдық аспаптан дабыл сигналы түскен болса, онда шекара нарядының бiр бөлiгi сигнал түскен жаққа шекара бұзушыны ұстауға жылжиды немесе сигналдың түсу себебiн тексередi, ал нарядтың қалған құрамы тапсырылған әскери мiндетiн бұдан әрi жалғастырады.
195. Мемлекеттiк шекара мен инженерлiк қоршау арасындағы бақылау күзетi осы күзет орнына арнайы жабдықталып салынған жерге орналасады. Бұл жерден азаматтар шекара аймағына және жер алқабына өтудi бақылау күзетi жүзеге асырады. Бұл аталған алқапқа, бұл жерде тұрақты тұрмайтын азаматтарды өткiзу. Застава бастығының, шекара комендатура комендантының, шекара отрядының және оның орынбасарларының қол қойған рұқсат қағазымен жүзеге асырылады.
Шекара аймағын және осы жер алқабында, мемлекеттiк шекара аймағы мен шекара инженерлiк қоршауы арасында, тұрақты тұратын азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi әкiмшiлiк органдардың және басқармалар бастықтарын шекара өткiзу өздерiн куәландыратын құжаттарын көрсету арқылы өткiзiледi.
Инженерлiк қоршау iшiне өткiзiлген барлық адам саны, белгiленген тәртiп бойынша есепке алынады. Әдетте, аға шекара нарядшысы, олардың құжаттарын тексерiп және шекара журналына жазып қояды, ал қалған шекара наряд құрамы жергiлiктi жердi және аудан аймағын бақылайды және жағдайда байланысты шұғыл әскери қызмет атқаруға дайын тұрады.
Аға нарядшы, егер шекара шебiнде мал жаюға рұқсат беретiн болса, ең алдымен мал бақташысын /шопанды/ шекара аймағында мемлекеттiк шекара күзету режимiн хайуанаттардың шекара шебiне жақындамауын, шекаралық iз-бақылау алқабының тапталмауын, инженерлiк құрылыстың және қоршаудың бұзылып зақым келтiрмеуiн ескертедi.
Аға нарядшы шекара аймағына және алқабына адамдарды өткiзу аяқталғанын және өткiзiлген адамның есебi жөнiнде застава бастығына баяндайды.
Бақылау күзетi өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк шекара аймағында және жергiлiктi алқапта орналасқан шаруақожалық кәсiпорнына, мекемелер мен ұйымдардың жұмыс iстеулерiне қиындық келтiрмеулерi тиiс.
196. Бақылау күзетi пунктiнен адамды, көлiк құралдарын, жүктердi мемлекеттiк шекара арқылы оңайлатып өткiзу тәртiбi арнайы бекiтiлген нұсқауларға сәйкес жүргiзiледi.
9. Барлаушы-iздестiрушi топ
197. Барлаушы-iздестiрушi топ - құрамы әскери бөлiмдерден және шекара күзетiнiң осалдау жерiн бақылауға тағайындалған шекара заставасынан алыстау орналасқан шекара наряды.
Қағида бойынша, барлаушы-iздестiрушi топ құрамы және атқыштар бөлiмшесiнен, қызметшi ит маманынан, байланыс және сигналдық мамандардан құрылады, әскери қызметке қажет болғанда халық жасақтары, сондай-ақ жер жағдайын жақсы бiлетiн, мекендi ел тұрғындары да қосылады. Барлаушы-iздестiрушi топты офицер, прапорщик немесе сержант басқарады.
Барлаушы-iздестiрушi топ қолына карта /схема/ берiледi, бұнда топтың жүру бағдары, қозғалыс азимуты, бiр нүктеден екiншi нүктеге жүру нысанасы, орны, жүру жолында кездесетiн қауiптi жерлер, оларды айналып өту, мемлекеттiк шекара бұзушының келедi-ау деген жерiне тосқауыл қою және дұшпан жасырыну мүмкiндiгi бар жерлер және басқа да мәлiметтер көрсетiлген.
Барлаушы-iздестiрушi топ жаяу /шаңғымен/, атқа мiнiп немесе машинаға мiнiп қозғалулары мүмкiн. Олар әскери қызметтi жаяу /шаңғымен/ атқаратын болса, оларға күзет жерiне тiкұшақпен /ұшақпен/ жеткiзiледi.
198. Барлаушы-iздестiрушi топтың атқаратын әскери мiндеттерi мына төмендегiдей:
- мемлекеттiк шекара бұзушыларды iздеу немесе шекара бұзылған белгiнi iздестiру;
- мемлекеттiк шекара бұзушының кiретiн бағытын анықтау;
- мемлекеттiк шекара шебiне төте шығатын асуларды, сай-саланы, орман алқабын, терең жыраларын қарап шығу және iздеу салып жүрген дұшпанның, диверсанттардың топтары тығылатын, жасырынатын мұқият қарауды жүзеге асыру;
- шекара рәсiмiнiң сақталуын бақылау;
- шығуы қиын тау асуларын, өзен өткелдерiн, батпақты және көлдi жерлердiң тар өткелдерiн, өтуге болатын жерлерiн барлап шығу.
199. Шекара күзетiне тағайындалған барлаушы-iздестiру тобы мына мәселелерге анықтауы және нақты бiлулер қажет: бағытты қозғалуы бойынша нысанаға шығу уақытын; iздестiру жол сапарының баратын ауданын мұқият қарап шығу; мақсатты әскери қызметтi атқарып-орындау әдеттерiн; жеке құрамының негiзгi /түнгi/ демалыс ауданын және оларды қорғау; шекара заставасымен қалай байланысты қолдануды; бiрлесiп әрекет жасау сигналын; ауа райының қолайсыз жағдайын паналайтын жердi; апатқа ұшырағандағы әрекеттi және әскери күзет қызмет атқару кезiнде қауiпсiздiк шараларын жасауды.
200. Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi бұйрық алған соң, аға шекара нарядшысы күзет сапары жөнiндегi кезiндегi жер жағдайын қарау, шекара бұзушының тапқанда немесе шекара бұзылған белгiлерi байқалғанда резервтегi нарядпен өзара қалай бiрлесiп әрекет жасауды анықтайды.
201. Шекара шебiнiң бiрiнен келесiсiне бүркемелi түрде барлаушы-iздестiрушi тобы тiкелей күзеттiң қорғауымен, өзiнен бас шолғыншы, қажеттi жағдайда жанама және тылдағы шолғыншыны, қажеттi жағдайда жiбередi. Мемлекеттiк шекара бұзушының iздестiруi алдымен алғы шолғыншы жiберiп жүзеге асырады, содан соң сигнал бойынша нарядтың қалған құрамымен алдыңғы шолғыншыға қолдау жасауға дайын тұрады.
Шолғыншы жүру бағытында жол бойын тексерiп, шолып шығады. Жол бойында күмәндi оқиға байқалмаса, алдынан шолғыншы шығарады.
202. Аға шекара нарядшы, шекара бұзушы тығылатын, дұшпан барлаушы десант түсiредi-ау деген жерлерге бақылау жүргiзедi, жер бетiндегi заттарды мұқият қарап шығады.
Шекара бұзушы жасырынуы мүмкiн болатын сай-сайларды, ойпаттарды, жеке үйлердi және құрылыстарды тағы басқа жерлердi түгелдей қарап шығады.
Шекара барлаушы-iздестiрушi тобы, шекара бұзушы өтуi мүмкiн болатын жерлерге құпия нарядты, бақылау күзетiн және торуыл, тосқауыл қояды.
203. Барлаушы-iздестiрушi топ демалатын жерлерге өздерiн қорғайтын наряд қояды. Ең маңызды бағыттарды қорғау үшiн арнайы нарядтар тағайындалады. Бүркемелiк қалпында және тұтқиылдан шабуыл жасауды болдырмау мақсатында, барлаушы-iздестiрушi топ түнгi демалысына, бұдан қашықтау аудан таңдау қарастырылады.
Әскери қызметтiң қорытындысына және жағдайдың өзгеруiне қарай, барлаушы-iздестiрушi топ құрамына мiндеттемелер түрi анықталуы мүмкiн.
204. Мемлекеттiк шекара бұзылғаны немесе шекара бұзу белгiлерi байқалған болса, аға шекара нарядшы, бұл жөнiнде шекара застава бастығына баяндайды, жаңадан алынған нұсқау бойынша және жағдайға сәйкес, шекара бұзушының iзiне түсiп, оны ұстауға әрекет жасайды.
10. Дабыл тобы
205. Дабыл тобы - құрамында бес шекарашы және одан да көп әскерден тұратын, сигнал комплексiнiң дабыл сигналы бойынша әрекет жасайтын, шекара бұзушыларды және белгiсiз адамдарды ұстауға тағайындалған, шекара күзетшi нарядына көмектесетiн, тағы басқа кенеттен пайда болатын мiндеттердi орындайды.
Дабыл тобының құрамына кiретiндер, қағида бойынша, iздестiрушi иттердiң ит бапкерi, кейбiр жеке жағдайларда - қызметшi иттердiң аға ит бапкерi, байланыс және сигнал бөлiмдерiнiң мамандары. Дабыл тобын офицер немесе прапорщик басқарады және бақылау алқабымен, байланыс және жарық беру құралдарымен жабдықталады. Дабыл қаққан жерге оларды машинамен жеткiзедi.
206. Аға шекара нарядшысы қажеттi жағдайда дабыл тобы құрамына бақылау жүргiзу аспабын, байланыс құралдарын, жабдық заттарын, басқа мүлiктердi бөлiп бередi және олардың шығу уақытын, дайындық тәртiбiн анықтайды.
Дабыл тобы әр уақытта дабыл қаққан учаскеге шығуға дайын болуға тиiстi. Дабыл тобына ұйықтауға застава бастығы бекiткен уақытта рұқсат етiледi.
207. Дабыл тобын көтеру "Ұрысқа аттан!", "Қарулан" командасы бойынша жүзеге асырылады. Жеке құрам қаруланып, жабдықталып, көлiк құрамымен дабыл қаққан учаскеге аттанады. Аға шекара нарядшысы дабыл тобының алдына қойылған мiндеттерiн жүрiп бара жатып түсiндiредi және дабыл тобының жауынгерлiк тәртiбiн, сигналдық және бақылау құралдарын тексеру тәртiбiн, сондай-ақ мекен-жайды қараудың және бақылау жүргiзу ретiн анықтайды.
208. Сигналдық құралдардан дабыл сигналын сигналдық комплекстiң мемлекеттiк шекара шебiнен қашықтығына қарай түрiне байланысты, дабыл тобының iс-әрекеттерi әр түрлi болуы мүмкiн.
Сигналдық комплекстен /жүйеден/ дабыл қабылданып, дабыл тобы шекара шебiнен сигнал түскен учаскеге шығады, қағида бойынша, жауынгерлiк тәртiппен жазылыңқы сапқа тұрып, соқпақ жолдарды және iз-кесу бақылау алқабын қызметтегi ит бапкер мамандарымен бiрлесе дабыл қаққан учаскенi мұқият тексеру жүргiзедi.
Аға шекара нарядшысы бақылау-iз кесу алқабын жеке өзi тексередi. Дабыл сигналы түскен жердi тексеру кезiнде шекара бұзушылық немесе оның бұзу белгiлерi табылмаса, онда дабыл тобы шектес учаскенi тексередi.
Дабыл түскен учаскеден, шекара бұзушы iзi немесе басқа белгiлерi табылса онда аға шекара нарядшысы қызметтегi ит бапкерiмен бiрлесе, iз-табын зерттеп бiледi, жағдайды застава бастығына баяндайды, шекара бұзушының iзiне түсiп, оны ұстап алуды ұйымдастырады.
209. Дабыл сигналы түскен учаскенi тексергенде мемлекеттiк шекараны бұзушының iзiн басқалай бұзу белгiлерi табылмаған болса, онда дабыл сигналдық комплекстiң /жүйенiң/ қоршауынан жабайы хайуанаттардың сүйкенуiнен немесе комплекстiң бұзықтығын дабыл сигналы түсуi мүмкiн болған, бұл қорытындыны застава бастығына баяндап, дабыл тобы заставаға қайтып оралады.
Аға шекара нарядшысы заставаға қайтып оралып, шекара кiтабiнiң 4-тарауына дабыл сигналының түсу жөнiндегi себептерiн жазады және өз қолын қояды.
210. Мемлекеттiк шекара бұзушының немесе белгiсiз адамды ұстау үшiн келген дабыл тобы, келген ауданның жергiлiктi тұрғындарынан, шекара бұзушыны көргендерден, оның түр-түсiн, қай бағытқа кеткенiн, қай жерге жасырынғанын сұрастырып бiледi. Аға шекара нарядшысы, шекара бұзушы немесе белгiсiз адам тығылу мүмкiн деген жерлердi мұқият қарап және тексерiп шығады. Бұл ауданды қарап-тексеру кезiнде, барлық адамдардың құжаттары тексерiледi, ал күмәндi деген адамдар ұсталады және олар заставаға жеткiзiледi.
211. Шекара нарядына сигнал бойынша көмекке келген дабыл тобы, әскери қызметiн атқаратын учаскесiне келген соң, жағдайда анықтайды, тексеру барысын застава бастығына баяндайды және алынған жарлыққа сәйкес iс-әрекеттi жалғастырады.
Дабыл тобы шекара бұзушыны немесе белгiсiз адамды табуға кiрiскен соң, бұл дабыл тобы iздеп табушы ретiнде әскери қызметiн атқарады.
11. Iздеу тобы
212. Iздеу тобы - құрамында бес әскерi және одан да көп әскерлерi, мемлекеттiк шекара бұзушыны iздеп табуға және оны ұстау үшiн тағайындалған шекара наряды. Iздеушi топ құрамына қызметтегi ит бапкерi жақсы жаттықтырылған iздеушi иттер бар ит жетекшiсi кiруi мүмкiн, қажеттi жағдайда жергiлiктi халық жасақтары, сондай-ақ мекендi жердiң жағдайын жақсы бiлетiн жол сiлтеушiсi қосылады. Iздеушi топты офицер, прапорщик немесе сержант басқарады. Iздеушi топқа қойылған әскери қызметтi орындау үшiн, оларға сол учаскенiң картасын /схемасын/ табыс етедi, олар iздеу қызметiн жаяу /шаңғымен/ жүрiп, ат көлiкпен, машинаға, катерге мiнiп атқаруы мүмкiн, ал кейбiр жағдайларда тiкұшақты пайдаланып та атқарады.
213. Iздеу тобы - мемлекеттiк шекараны бұзушыны iздестiрудi iз табылған жерден немесе бұйрықта көрсетiлген негiзгi пункттен бастауы мүмкiн. Аға шекара нарядшысы, негiзгi пунктке келген соң, iздестiрудiң негiзгi бағытын, оған шығудың жауынгерлiк тәртiбiн, учаскенi бақылау және қарау, наряд қауiпсiздiгiн сақтауды және шектес орналасқан шекара нарядымен, тiкұшақпен қалай байланысты қолдану қажеттiгiн анықтайды.
214. Iздеу тобының жауынгерлiк тәртiбi қағида бойынша, бас шолушы /жанама, тылдағы шолушы/ және iздеу тобының негiзгi құрамынан құралады. Барлық шолушылардың ара қашықтары, олардың үздiксiз әрекетiн және оқ атумен қолдайтындай болуы тиiстi.
Қызметтегi ит бапкерi бас шолушымен бiрге болады.
215. Iздеушi топ мемлекеттiк шекара бұзушыны өз бетiнше iздестiруi мүмкiн немесе шектес нарядпен бiрлесiп учаскедегi заттарды және жердi бақылай-қарайды.
Мекендi жердiң тұрғындарынан бұзушы туралы толық сұрастырады. Қажет болса, шекара бұзушыны тану үшiн жергiлiктi адам iздестiрушi топқа көмекке шақырылуы мүмкiн.
216. Батпақты-тоғайлы жерлерде мемлекеттiк шекара бұзушыны iздестiру, орман жолдарын, соқпақтарды, орман шетi араларында жүргiзiледi, бұлардың өзi iздестiрушi топқа жақсы нысана болады.
Тоғай арасында iздестiру жүргiзгенде ағаш басына, қираған шөптерге, үйiлген бұтақтарға, қопаларға, тұрғын үйлерге және адам тұрмайтын құрылыстарға және басқа жерлерге баса көңiл бөлiнуi қажет.
Таулы жерлерде iздестiру қызметiн ең зәулiм бөлiгiнен бастап, тау жолдарын, алқаптарын, қыраттарын, шатқалдарын, өзендерiн, тау соқпақтарын, бұзушы жасырынатын жерлердi қарау қажет. Негiзгi iздеу бағытынан таралатын жолдарды шатқалдар, соқпақ жолдарды тексеру қызметiн шолушылар немесе бақылау пункттерi нарядтар жүргiзедi.
Шөлейттi-далалық жерлердiң бұзушыны iздестiру, негiзгi бағыттан таралатын керуен жүретiн жолдарды, соқпақ және елдi мекенге, ылғалды алқапқа және құдықтарға апаратын жолдарды тексередi. Жергiлiктi жердi қарау биiктен басталады да құмға барып тiреледi. Аға шекара нарядшысы, iздестiру қызметi барысында сусындау режимiне және негiзгi қозғалыс бағытын дұрыс сақтайды.
Қыс уақытында, iздестiру тобы жол бойын, соқпақтың, дұшпанның жасырынып қалу, демалу, жылынуына мүмкiн жерлердi тексерiп қарайды.
Iздестiру тобы қатқан шығанақтар арқылы, шекара бұзушының жүруi мүмкiн болатын мұз бетiн, мұз шоғырларын бақылап тексередi. Нысана болмаса, аға нарядшы, наряд жүру бағытын оқтын-оқтын, азимутқа қарап бағдарлайды. Бұл жағдайда жеке құрамның және қызметшi иттердiң үсiмеуiне қатты көңiл аударып шара қолданылады.
217. Мемлекеттiк шекара бұзушының iзiн тапса, немесе ол бiр елдi мекенде тығылып отыр деген мәлiмет түссе, онда аға нарядшы iздеу тобының бiр бөлiгiн белгiлi елдi мекенге жiбередi, ал нарядтың қалғанымен елдi мекеннiң шегiне жасырынып тұрып, кiрген-шыққандарға бақылау жүргiзедi. Iздестiруге жергiлiктi халық жасағы және елдi мекен адамдары қатыстырылады. Қажеттi жағдайда елдi мекен учаскеге бөлiнедi, әр учаскеге халық жасақтарының қажеттi саны тағайындалады, оларға шекара наряды басшылық етедi.
Шекара бұзушы жасырынатын объектiлер /тұрғын үйлер және салынып жатқан құрылыстар/ бау-бақшалар түгелдей қаралып бақыланады, бұзушыны iздестiредi.
Үйлердi тексеру олардың иелерiнiң көзiнше немесе жергiлiктi мемлекеттiк органның қатысуымен жүзеге асырылады.
Қыста жер бетi қар жамылған кезде, елдi мекендi айнала тұйықталған шаңғы жол салынуы мүмкiн.
Елдi мекенге кiретiн /келген/ және одан шығатындардан бұзушының немесе белгiсiз адамның қайда тығылғанын сұрастырып, осы жердегi тұратын барлық адамдардың құжаттары тексерiледi, күмәндi адам ұсталып заставаға жеткiзiледi.
218. Iздестiру тобы әскер қызметiн машина жүретiн жолмен қозғалып атқарады, егер жер жағдайының жүруге мүмкiндiгi жараса, онда мемлекеттiк шекараны бұзушының бағытына тура шығады. Жүру сапарында жол бойы бақылау жүргiзiледi және оқта-текте аялдама жасайды. Шекара бұзушы жасырынады-ау деген жерлерге шолғыншы жiберiлiп тексерiледi. Қалған наряд құрамы айнала бақылау және шолғыншы соңынан бақылауды және әрдайым iс-әрекетке көмектесуге дайын тұрады.
219. Мемлекеттiк шекара бұзушыны iздестiруге тiкұшақ пайдаланылса, тiкұшақ бiрден бұзушы жүретiн бағытқа ұшып шығып, бұзушы тығылатын жерлердi бақылайды /орман iшiндегi жаққан алаудың түтiнi, егiн және қопа алқабындағы iздердi, суға батырып қойылған судан өту құралдарын/ түгел қарап шығады. Әуеден қарауға мүмкiндiгi жоқ немесе бұзушының жеке түрiн анықтау үшiн шолғыншы түсiрiледi.
220. Қараңғылық түсiсiмен, iздеушi топ, қызметшi иттi және түнгi көрсету аспаптарын белсендi пайдаланып, мемлекеттiк шекара бұзушы жүруi мүмкiн болған бағытқа қозғалады. Iздеу тобы бiр-бiрiн өзара қолдау жасау үшiн шағын қашықтық және аралық қозғалады. Елдi мекендi басып өткенде, орман шегiне, шекара бұзушы тығылатын қыратты, ойпаңды жерлерге көңiл аударып - тексерiп бақылайды. Iздестiру бағытының дыбыс тыңдау және жүру нысанасының дұрыстығын бiлу мақсатында, iздеушi топ қысқа аялдама жасайды. Iздеу құрылысы әрбiр шекарашы жарықтандыру және дыбыс бүркемелiгiн қатаң сақтауға тиiстi.
12. Тосқауыл
221. Тосқауыл - бес әскерден немесе одан да көп әскерден құралған, мемлекеттiк шекара учаскесiн күзетуге және шекара тылына шекара бұзушыларды және бөтен қылмысты адамдарды кiргiзбеуге тағайындалған шекара наряды.
Тосқауыл құрамына радиолокациялық және прожекторлық станциялар, қызмет иттерiн басқаратын - жетекшi ит бапкер, байланыс және сигналдық мамандар тағайындалады. Қажет болғанда, тосқауыл құрамына Қазақстан Республикасының Армия әскери бөлiмдерi мен Соғыс-теңiз күшi және халық жасақтары қосылады. Тосқауылды, қағида бойынша, прапорщик немесе сержант басқарады.
Тосқауылдың жауынгерлiк құрамы дербес әрекеттесушi бөлiмнен және резервтен тұрады.
222. Қызмет атқару орнына келген соң аға шекара нарядшысы: тосқауылдың жауынгерлiк тәртiбiн, наряд саны мен құрамын, алға жiберiлетiнiн, олардың қозғалу бағытын және орналасуын, резерв, оның құрамын және орналасатын жерiн, орындайтын мiндеттерiн, сигналдық аспаптардың қондыру жерiн, радиолокациялық және прожекторлық станция тұрғыларын анықтайды.
Тосқауылды көрсетiлген жерге кешiктiрмей шұғыл орналастыру керек.
223. Аға шекара нарядшысы тосқауыл құрамынан шолғыншы, құпия наряд, бақылау күзетiн және басқа нарядтар жiбередi. Тосқауыл құрамының үштен бiр бөлiгiн, үштен екiсiнен кем емес бөлiгiн, резервке бөледi, шекара бұзушылардың iзiне түсiп және оларды ұстап алу үшiн, күзетке қойылған нарядтарды алмастыруға немесе қосымша наряд жiберуге, тағы басқа да кенеттен пайда болған мәселелердi шешуге.
224. Шекара наряды мен резервiн орналастыру: алынған мiндеттiң түрiне, шекара бұзушы әрекетiнiң сипатына қарай жер жағдайына, тәулiк уақытына және ауа райына байланысты анықталады.
Мемлекеттiк шекара бұзушының қозғалу бағытына шекара нарядшылары барынша жиi орналастырылады /шекараны қолайлы жабатын жерге, елдi мекенге, орман алқабына және өзен арасындағы тар өткелдерге/ шыға алатын жерлерге. Осы бағытты жарықтандыру үшiн прожектор станциясы, жарықтандыратын патрондар пайдаланады, тосқауыл құрамында машина және жарық беретiн құралдар болса ғана.
Тосқауыл наряды алдыңғы жақсы көрiнетiн /дыбыс тыңдалатын/ және шекара нарядтарының қимыл бiрлiгi қамтамасыз етiлетiндей жерге орналасуы керек. Қыста, қар жамылысымен, тосқауыл учаскесiне бақылау шаңғы жолы жасалынады. Дұшпанға тұтқиылдан соққы беру үшiн, тосқауыл тұрған жер мейлiнше бүркемелеу және қамтамасыз жарықтандыруды бөлмейдi.
225. Тосқауыл әскери қызмет учаскесiнде бақылау /дыбыс тыңдап/ жүргiзедi және қоршау учаскесiнен өтетiндердiң құжаттарын тескередi. Жабық учаскенiң алды және екi жақ қана тосқауылдан наряд жiберiлiп бақылау жүргiзiледi.
Түнде және қараңғылық түсуiне байланысты бақылау қызметiн жүргiзу шектелген жағдайында, жан-жақты бақылау қызметiне радиолокациялық және түнде көру аспаптары қолданылады. Қарауылшы, ит жетекшiсi, қағида бойынша, шекара бұзушы келетiн бағытта, резерв наряды құрамында болады, олар тосқауыл тұрған қоршау учаскесiнiң алдын таң сәрiде байқау жүргiзiп шығады.
226. Тосқауыл сигналдық аспаптан түскен дабыл сигналының себептерiн анықтайды. Тосқауыл қоршау учаскесiнде мемлекеттiк шекараны бұзушы табылғанын ескерiп, шекара бұзушының iзiне түсуге және оны ұстап алуға, тосқауыл нарядының аз бөлiгiн жiбередi. Тосқауыл радиолокациялық станция көмегiмен, түнгi көру аспабын пайдаланып шекара бұзушыларды таниды және сол жерде орналасқан шекара нарядына хабар бередi. Аға шекара нарядшысы қолындағы күш және құралмен тосқауыл қоршауы учаскесiн бұзушыны ұстауға тиiмдi айла жүргiзедi.
Тосқауыл қоршау учаскесiн тастап кетуiне құқығы жоқ, оны тастауға немесе заставаға қайтып оралуына, застава бастығының жаңа жарлығы қажет.
13. Торуыл
227. Торуыл - құрамы шекара әскери бөлiмiнен тұратын және одан да көп болуы, мемлекеттiк шекара бұзушыларды /агенттердi/ контрабанданы, диверсия-барлаушы топтарды бұрын алынған мәлiметтер бойынша ұстап алуға тағайындалған шекара күзетiндегi наряд.
Торуыл құрамын, қағида бойынша, атқыштар бөлiмiнен немесе арнайы iрiктелген солдаттармен сержанттардан тұрады және бұларға қару-жарақтық топтарын, қосымша оқ-дәрiмен жабдықтайды, қажеттi жағдайда бронетранспортер берiледi. Торуыл құрамына бұдан басқа да әскери құрамдар тағайындалады: радиолокациялық станция тобы, қызметтегi иттер бапкер маманы, байланыс және сигналдық құрамдар. Торуыл нарядын офицер немесе прапорщик басқарады.
228. Торуыл наряды, мемлекеттiк шекара учаскесiнiң шекара бұзушы жүруi мүмкiн болатын бағытқа және дұшпанды тұтқиылдан шабуыл басып алуға /құртуға/ болатын жерге орналастырылады.
Торуыл орналасқан жерге оқпана қазылып және оқпана мұқият бүркемеленуге тиiстi.
Торуыл маңайдың жасырын кiре берiстерiнде сигналды қоршаулар қондырылады.
Торуылдағы әскери қызметкерлер төзiмдiлiктi, асқан қырағылықты және тұрған жердi бүркемелеуге шараларын қатаң сақтауға қажеттi.
229. Торуылдың жауынгерлiк құрамы шабуыл жасау тобы және бақылаушы тобымен қамтамасыз етiледi. Торуыл құрамы - берiлген әскери қызметке және мемлекеттiк шекараны бұзушының санына байланысты.
Шабуыл жасау тобы - жақсы дайындалған, денсаулығы күштi солдаттардан құралады, бұл топты аға шекара нарядшысы басқарады. Бұл топ шекара бұзушының қозғалыс бағытына және тұтқиылдан шабуыл жасап, шұғыл басып /қыруға/ алуға болатын жерге орналасады.
Атыс тобы қарумен жабдықталып, торуыл нарядын оқ атумен қамтамасыз етедi. Бiр шекарашыны атыс тобын басқарушы етiп тағайындайды. Бұл топ шекара бұзушыларды құртып бөгеуге және торуыл нарядын, оқ атумен қолдау жасайды.
Бақылау аспабымен және байланыс құралдарымен жабдықталған екi-үш шекарашы бақылау қызметiн атқаруға тағайындалады. Бұлар торуыл нарядының алдыңғы шебiне, сигнал құралдарымен және барлаушыларды қоршауы оқ атумен қамтамасыз жасайтындай қашықтыққа орналастырады.
230. Торуыл наряд атқаратын орнына келген соң аға шекара нарядшы: нысананы және торудың жауынгерлiк тәртiбiн, торуылдағы әрбiр шекарашының атқаратын мiндеттерiн және орналасуын шекара бұзушыны ұстау /құрту/ үшiн оқ жаудыру, ұстау кезiндегi қимылдардың тәртiбiн, наряд iшiндегi сигналмен бiрлесiп әрекет жасауды анықтайды.
231. Торуыл нарядына қызмет атқару тұрғысына келгенiн ешкiмге бiлдiрмеуi қажет.
Барлық шекарашылар бақылауға тұрады және жер жағдайындағы дыбысты тыңдайды, сигналдық құралдарды жұмыс iстейтiн бақылау жүргiзедi.
Түнгi және түн қараңғысында радиолокациялық станцияны және түнгi көретiн аспаптарды пайдаланады. Бақылаушыларды қорғау және торуыл нарядының қанаттарын бақылау-қорғау мақсатында кезекшi атыс құралдарын тағайындайды.
Аға шекара нарядшысы бақылаушылардың сигналдарын және наряд құрамының бүркемелену шараларын қадағалайды.
232. Мемлекеттiк шекараны бұзушылардың торуыл наряды орналасқан жерге жақын келгенi жөнiнде бақылаушылар белгiленедi, тәртiп бойынша, аға шекара нарядшысына олардың саны, қару-жарағын, қозғалыс бағытын баяндайды, шекара бұзушыларды өткiзiп жiбередi де, бұзушылардың кейiн қайтатын бағытына жасырын түрде орын ауыстырады. Шабуыл тобы шекара бұзушыларды мейлiнше жақын жiберiп және оларды тұтқиылдан шабуыл жасап, ұстап алады. Атыс тобы, шабуыл тобының әрекетiн оқпен қолдауға дайын қалпына келтiрiлiп, торуыл тұғырына бұзушы өтуге тыйым салуға дайын.
233. Мемлекеттiк шекара бұзушыларды ұстап алу кезiнде, кейбiр бұзушылардың жасырынып қалатыны болады, аға нарядшы ұсталғандарды күзетуге қарауыл қояды, нарядтың қалған құрамымен жасырынып қалған бұзушыларды iздеуге кiрiседi.
Шекара бұзушылар қарулы қарсылық көрсететiн болса, онда оларға қарсы аға нарядшысы командасы бойынша атыс тобы оқ жаудырады. Шабуыл жасау тобы тiрi қалған шекара бұзушылардың қашып кетуiне жол берместен, оларды ұстап алады. Дұшпанның диверсия-барлаушы тобын, торуыл наряды тұтқиылдан және батыл қимылдап ұстап алады, ал бас салуға шама келмесе, оларды атып құртады. Оларға қарсы оқ ату аға нарядшы команда сигналы бойынша орындалады.
234. Торуыл наряды бұйрықты орындаған соң, тұрған жерiн застава бастығының жарлығы болмайынша тастап кетуге құқықсыз.
Торуыл наряды тұрған жерi ашылып қалған болмаса, аға шекара нарядшысы, застава бастығына баяндайды және бұдан әрi заставадан алынған жарлыққа сәйкес әрекет жасайды.
14. Шекаралық айдауыл
235. Шекаралық айдауыл - құрамы екi әскер және одан да көп болуы ықтимал мемлекеттiк шекара бұзушыларды ұсталған және бұрын iздестiруде жүрген қылмысты адамды ұстағандары айдап-алып жүретiн шекара наряды. Ол бұл қызметтi жаяу жүрiп, ат көлiктi, машинамен, катермен, ұшақпен немесе тiкұшақты пайдаланып атқаруы мүмкiн. Қажеттi жағдайда бұл қызметке иттер маманы қосылуы ықтимал.
Айдауыл құрамына кiргiзiлген шекарашылар атқаратын мiндеттер:
- әр уақытта есте сақтау қажет, ұсталған адамдар, айдаушы нарядтың қателiгiн немесе қырағылықты босаңсытатынын пайдаланып шабуыл жасауы және қашып кетуi;
- ұсталған адамды бiр бағытпен жүргiздiрiп және ол жететiн пунктке көрсетiлген мезгiлiнде жеткiзу;
- тұтқындардың өзара және бөтен адамдармен қатынас жасауына рұқсат етiлмеуiн;
- жер жағдайының қолайсыздығына қарай және басқа тыл жағдайына байланысты тұтқындалған адамдарды жақын аралықпен амалсыз алып жүредi.
236. Тұтқындалған шекара бұзушыларды, мемлекеттiк шекара бұзған жерiнен заставаға алып бару үшiн, тұтқындар тұрған жерге аға шекара нарядшысы мынадай тапсырма беруге мiндеттi:
- бұзушыларды алып жүру кезiнде, нарядшыға қандай тапсырма берiлгені тұтқындағыларға естiлмесiн;
- күзет нарядынан тұтқындарды қабылдау және олардың құжаттары, заттарды алу;
- тұтқындардың қолында нарядқа шабуыл жасайтын және өз өмiрiне қастандық жасайтын қару-жарақтың, улы заттардың қалып қоюын тексеруден өткiзу;
- тұтқындардың барлық заттарын алып оларды шекарашылар iс-қимылына ыңғайлы етiп үйлестiредi, тұтқындардың қолдарын мықтылап байланған /қол кiсенi тағылған/ сенiм тартып, тұтқындарды қысқа тiзбекке тұрғызып, ал түрiне қарап денсаулығы мықты тұтқындар тiзбектiң ең соңына тұрғызылады;
- тұтқындарды өзара әңгiмелесуге, бөтен адамдар және айдауыл наряд құрамымен сөйлесуге тыйым салынады, шекарашылар талабын орындамағандарға немесе қалуға тырысқандарға қару жазасы қолданылатынын ескертедi.
237. Айдаушы нарядтар жаяу немесе атпен тұтқындарды алып жүргенде айдаушы нарядтың қозғалыс және аялдамада жүру тәртiбi мынадай:
- егер айдауыл екеу болса - екеуi де тұтқыншылардың екi жақтағы соңында;
- егер айдауыл үшеу болса, онда екi жақта екi айдауыл, үшiншiсi ең соңында;
- егер айдауыл төртеу болса, онда бiреуi тiзбектiң алдында, екеуi екi жағында, төртiншiсi тұтқындардың ең соңында.
238. Қызмет иттерiнiң маманы /итбапкер/ тұтқындардың қашуы мүмкiн жағын қадағалап, тiзбектiң соңында жүредi.
Аға шекара нарядшысы, тұтқындардың жүрiсiн бақылауға және нарядты басқаруға қолайлы жерде тiзбек соңында жүредi.
Шекара нарядшысы мен тұтқындалғандарды алып жүру қашықтығы, тұтқындағылар шекара нарядына кенеттен шабуыл жасай алмайтындай және шекара наряды қару жұмсайтындай қашықтық сақталуға тиiстi, бекiтiлген ара қашықтығы - 1,5 - 2 м жаяу алып жүргенде, ал атпен алып жүргенде - 5 метрге дейiн.
239. Тұтқындардың қолын бұғаулап машинамен алып жүргенде, ұсталғандар машина iшiнде, шекарашылар ортасына отырғызылады. Айдауыл құрамы үш шекарашы болса жеңiл машинаны жүргiзушi жанына бiр шекарашы отырады. Тұтқындарды жүк машинасымен алып жүргенде, түрiне қарағанда денсаулығы күштi тұтқын топ ортасына отырғызылады.
240. Шекара бұзған аз көлемдi кеменi алып жүруге шағын катер тапсырылады. Мұндай бұзушы кеменi, шағын катерге тiркеме жасауға рұқсат етiлмейдi. Шағын катер мемлекеттiк шекара жағына шығып, аз ғана аралық сақтап, тұтқындалған кеменi алып жүредi. Тұтқындалған кемеден су бетiне тасталған заттарды және кеме әскери мүлiктерiнiң кемеден қашып кетпеуiн болдырмау мақсатында үздiксiз бақыланады.
Өздiгiнен жүрмейтiн кемелер шекара шебiнде ұсталған болса, онда кемедегi бұзушыларды катерге отырғызады да, кеменi тiркеуге алады.
241. Тұтқындарды ұшақпен /тiкұшақпен/ алып жүргенде бұзушылардың қолына бұғау салып, шекара наряды арасына отырғызылады. Ұшаққа ең алдымен шекара нарядшысы көтерiледi, содан кейiн бұзушы тұтқындар кiргiзiледi. Аға шекара нарядшысы ұшаққа ең соңынан көтерiледi, есiктiң шыға бересiнде орналасады. Тұтқындарды ұшақтан бұған қарсы жүргiзiледi.
242. Айдауыл құрамына тағайындалған шекарашыларға мыналар рұқсат етiлмейдi:
- аса қажетсiз тоқтай беруге;
- тұтқындарды көпшiлiк жиналған жермен алып жүруге;
- наряд құрамына бiр мезгiлде темекi тартуға, тамақ iшiп, сусындауға;
- қызметке ден қоймауға, қырағылықты босатуға және әрекетке дайындықты нашарлатуға;
- жолай кездескен көлiк құралдарын тоқтатып және пайдалануға.
243. Тұтқындарды алып жүрген қысқа уақытқа тоқтап және тұтқындарды ретке келтiру, табиғи қажеттiлiктi өтеуге шекарашыларды орын ауыстыру, тамақ iшу үшiн дамылдауға болады.
Тоқтау және дамылдау үшiн, елдi мекеннен аулақ жазық жер таңдап алынады және тұтқындарды күзету қамтамасыз етiледi.
244. Тұтқындарға шабуыл жасаған кезде, аға шекара нарядшысы тұтқындардың қашпауын қамтамасыз етедi, оларға жерге етпетiнен жатыңдар деп әмiр бередi және шабуылға тойтарыс беру шарасын қолданады.
Тұтқыншылар қашуға әрекет жасаған кезде, аға нарядшы, бiр шама күштi күзетке қалдырып, нарядтың құрамымен қашқынды қуалауға кiрiсiп және оларды ұстайды.
Ұсталғандарды айдап келе жатып, басқа да шекара бұзушыларды кездестiретiн болса, онда аға нарядшы ұсталғандарда күзет қойып, жаңа бұзушыларды ұстауға шара қолданады. Жаңадан табылған шекара бұзушыны заставаға хабарлау мүмкiндiгi болмаған шақта заставаға сигнал бередi "Шекараны бұзып өттi!", "Бiздiң тылды бұзып өттi!", содан соң дабыл тобы нарядының келуiн күтедi.
245. Тұтқындарды заставаға немесе белгiленген пунктке жеткiзгенi және күзетпен қамтамасыз еткенi жөнiнде және тұтқындарды сипаттап, одан басқа да жол бойында кездескен оқиғаларды застава бастығына баяндайды. Баяндалған соң, ұсталғандардан алынған заттарды және олардың құжаттарын ретiмен заставаға өткiзедi. Аға нарядшы барлық өткiзiлген заттарға, бұзушыларға қабылданғаны туралы қолхат алады және бұдан былай айдауыл жұмсаған бастықтың жарлығы бойынша iс-әрекетiн жалғастырады.
15. Шекара поштасы
246. Шекара поштасы - құрамы екi және одан да көбiрек әскерден тұратын бөлiмшелердi және әскери құрамды пошта байланысымен қамтамасыз етуге тағайындалған шекара наряды. Бұл нарядқа келген хат-хабарларды қабылдау және қызмет бабындағы қатынас қағаздарын жеткiзу және пошталық жеделхаттарды қажеттi жерлерге жiберу мiндеттеледi.
Пошта нарядына - жер жағдайын және қозғалыс бағытын жақсы бiлетiн шекарашы тағайындалады.
Қағида бойынша, осы нарядты прапорщик немесе сержант басқарады және олар қызмет бабына ат көлiгiн, машинаны /катердi/ немесе тiкұшақты пайдалануы және жаяу жүруi де мүмкiн.
247. Аға шекара нарядшысы мемлекеттiк шекараны күзету бұйрығын алғанға дейiн, поштаны қабылдауға мiндеттi және бұлардың түзулiгiн тексередi және өткiзуге дайындалған қатынас қағаздарын бүлiнбестей етiп сөмкеге салады және пакеттердi /құжаттарды/ тапсыруға белгiлейтiн журналды алады.
Нарядқа тағайындалған шекарашылар мыналарды анық және нақты бiлулерi қажет:
- тағайындалған жерге баратын бағытты және жету уақытын;
- демалуға тоқтайтын жердi және қозғалу тәртiбiн;
- поштаны кiмге тапсыратынын және тағайындалған жерге жеткен соң демалу уақытын;
- заставаға /бөлiмшеге/ қайтатын бағытты, қайтып алу мерзiмiн және аралау тәртiбiн.
248. Шекаралық пошта нарядының атқаратын мiндеттерi: поштаны тартып алудан сақтану; пошталық қағаздарын жаңбыр суынан, қар, бұршақ тиюден қорғау, поштаны бұйрықта көрсетiлген уақытында жеткiзудi қамтамасыз ету.
Пошта алып келе жатқан нарядқа елдi мекенге және тұрғын үйге кiруге, жүретiн бағытын өзгертуге, бұйрықта аталмаған межелерге тоқтауға және жолай көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
249. Шекаралық наряд жүрген бағытына үздiксiз бақылау жүргiзедi. Тап болған шекара бұзушыларды ұстап алып, кездескен күзетшi нарядына немесе шекара әскери бөлiмшесiне тапсырады.
Пошта нарядына шабуыл жасалған болса, таяудағы күзетшi наряд қолдау жасап, поштаны тартып алуға жол бермейдi, нарядқа шабуыл жасаушыларды ұстайды немесе бiржола құртады.
250. Өте қашық межелерге пошта хабар қағаздарын жеткiзу басқа аралық нарядтардың көмегiмен жүзеге асырылады. Хат-хабарды беру үшiн бұлар өзi аға нарядтың куәландыратын құжаттардан көрсету арқылы алыс-берiс жасайды. Аға наряд, пошта қабылдау /өткiзушi/, ораулы қағаздардың бүтiндiгiн, мөрiнiң, мекен-жайының дұрыстығын, алыс-берiс журналына жазып-тiркеп, күнi, айы, жылы, куәлiктерiнiң нөмiрiн, сериясын жазып, алдым-бердiм деп қол қойылады.
Ораулары немесе мөрiне зақым келгенiн байқаса онда бұндай орамды бiрлесе отырып, ашып көредi және хат-қағаз тiркелген тiзiммен салыстырып көредi. Екi нарядта алдым-бердiм журналына орамның бүлiнгенi және алынғаны жөнiнде ескертiлiп жазылады. Қызмет қағаздарының жетпейтiнi болған жағдайда, поштаны қабылдаушы екi дана акт жазады, жазылған актiнiң бiр данасын пошта өткiзушiге бередi, ал екiншi данасын өзiне қалдырады. Қызмет хат-қағазды өткiзгенде жетпеген хаттар болғанын, ретiн тауып, пошта нарядын жiберушi адамға баяндайды.
251. Белгiленген пунктiне жеткен соң, аға шекара нарядшысы пошта қабылдаушы адамға, поштаны әкелгенi туралы баяндайды және поштаны қолхат жазу арқылы оған табыстайды. Нарядшы қайтадан оралғанда берiлген бұйрыққа сәйкес қимыл жасайды.
16. Шекарадағы жұмысшылар тобы
252. Шекарадағы жұмысшылар тобы - құрамы екi әскерден және одан да көп болуы мүмкiн, застава учаскесiндегi техниканы күтуге және сигналдық комплекс пен байланыс құралдарын, оларды қондырғыларды жөндеу, сондай-ақ инженерлiк құрылыстарды, қоршауларды күту-жөндеуге тағайындалған шекара наряды. Олар өндiрiс учаскесi күзетiне жауап бередi.
253. Қызмет атқаратын пунктiне жеткен соң шекара жұмыскер тобы, жер жағдайын қарап танысады, күзет учаскесiндегi сигналдық және бақылаушы құралдарды тексередi. Аға нарядшы осы учаскеге күзет ұйымдастырады.
Учаскенi күзетуге және жеке бастарын күзетуге жұмысшы тобы бақылаушы тағайындайды.
Күзетшi жасырын түрде, мемлекеттiк шекара жағынан қойылады және айнала төңiректi бақылау жүргiзедi. Аға нарядшының нұсқауы бойынша, қарауылшы мезгiл-мезгiлде ауыстырылып тұрады.
Апат әсерiнен iстен шығып қалған сигналдық жүйенi жөндеу /қалпына келтiру/ кезiнде жұмыскер топтары олардың орнына сигналдық аспаптар қояды.
254. Шекарадағы техниканы күтуге және сигналдық желiлердi жөндеуге тағайындалған жұмыскерлер тобы, осы құрамдардың түзiктiгiн тексередi, сигналдық қоршаудың қондырылуын, қазуды бақылайтын қондырғыны, матама желiлерiн, таратушы тетiктi, дыбыстық сигналды, сарқыраманы қорғау тетiгiн әуе кабелдiк жалғаулық желiлерiнiң түзiктiгiн тексередi.
Қажеттi болса, сигналдық комплекстiң /жүйенiң/ электр және механикалық параметрiн жөндеп, байқалған ақауларын түзеп, сигналдық қоршауға тiрелген заттар мен шөптерден тазартылады.
Застава аумағында сигналды аспаптар және электр сепкiштер тұрақты орнатылған болса, онда бұл құрамдардың түзiктiгiн жұмыскер тобы тексерiп шығады, түзiк еместерiн жөндеп қалпына келтiредi.
Сигналдық комплекстiң /жүйенiң/ түзiктiгiн техникалық нұсқау құжаттарын сүйенiп тексерiлiп шығады. Шекара заставасына қайтып оралған соң, аға шекара нарядшысы сигналдық комплекстiң /жүйенiң/ түзетiлген жерлерiн жазып шекара журналына тiркейдi және өз қолын қояды.
255. Шекарадағы инженерлiк құрылыс техникасын және қоршауды жөндеуге тағайындалған жұмыскер тобы, техниканың байқалған ақаулық, бұзылған жерлерiн жөндеп, қайтадан жаңа құрылыс және қоршау тұрғызуы мүмкiн. Шекарадағы құрылыс көлемiн және тұрғызу ретiн застава бастығының бұйрығымен анықталады.
256. Барлық шекарашылар қаруын және жабдықтарын өзiмен бiрге ала жүрiп, жер бедерiн бақылайды және байқалған өзгерiстерi туралы застава бастығына баяндайды, шекарашылар iз табы режимiн қатаң сақтауы қажет және шекара шебiнде шекара бұзушы пайдаланатын құрал-сайман, жабдықтар қалдырып кетуiне жол берiлмейдi.
257. Сигналдық комплекстен /жүйесiнен/ шекара бұзды деген дабыл сигналын қабылдасымен, жұмыскер тобы, шекара заставасы бұйрығына сәйкес iс-әрекетiне кiрiседi.
Мемлекеттiк шекараны бұзушыны тапса, онда жұмыскер тобы өз бетiнше оның iзiне түсiп және басқа шекара нарядтарымен бiрлесiп iске кiрiседi.
17. Байланыс және сигналдық кезекшi
258. Байланыс және сигналдық кезекшi - шекара заставасын шекара отрядтарымен /комендатурасымен/ шекара нарядтарымен, шектес заставамен, қарауынша шекара кемелерiмен /катермен/, тiкұшақ /ұшақ/ экипажымен бiрлескен органдармен және әскер бөлiмшелерiмен үздiксiз байланысты қолдап, сондай-ақ шекарадағы сигналдың құралдық қызметiн тұрақты бақылап отыруға тағайындалған шекаралық наряд.
Бұл нарядқа байланыс әскерлерi тағайындалады, олар найза-пышақпен қаруланады, сол қолында белгiлi үлгiде дайындап байлау болады, қызметiн белгiлi бiр жерде атқарады және застава бастығына, оның орынбасарларына және шекара застава кезекшiсiне бағынады.
259. Байланыс және сигналдық кезекшi мынаны бiлулерi керек:
- радио және сым байланыстарының құжатын ұйымдастыру /радио, телефон станциялары және лауазымды бастықтардың шақыру сигналын/;
- шекара заставасы және байланыс, сигналдық комплекс жүргiзiлген жерлердiң схемасын бiлу;
- шекара отрядтарымен /комендатурасымен/ көршiлес шекара заставасымен, халық ерiктiгi жасағымен, Ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарымен, Армия және соғыс-теңiз флотымен тiкелей және сигналы өтетiн байланыс арналарын белгiлейтiн тәртiпке сәйкес, сондай-ақ жақын жердегi әуе шабуылына қарсы қорғанысының радио техниканың бөлiмшелерi байланысын реттеудi;
- байланыс және сигналдық құралдардың жолын құрылысын радиохабарлағышты электр күшi байланыс қондырғысының және оларды пайдалану тәртiбiн, басқа да аккумуляторлы батареяны ұйықтандыру тәртiбiн;
- байланыс құрамаларының сөйлескенде сөйлесу ережесiмен құпиялықты қамтамасыз ету талабын;
- мемлекеттiк шекара күзетiне тiкұшақ /ұшақ/ және шекара қарауыл кемесiнiң /катердiң/ шыққаны туралы және оларды өзара байланыстыру жөнiнде;
- шекара заставасындағы лауазымды адамдарды хабарландыру;
- өрт қауiпсiздiгiнiң ережесiн және байланыс торабына және заставада өрт бола қалған жағдайда атқаратын мiндеттерiн;
- сигналдың комплекс /жүйенi/ және электр құралдары негiздерiн пайдалану кезiнде қауiпсiздiк шараларын қолдану.
260. Байланыс және сигналдық кезекшi бұрынғы кезекшiден қызметтi қабылдағанда мыналарды тексерiп алуы керек:
байланыс хал-жайын сигналдық комплекстiң /жүйенiң/ түзiктiгiн, байланыс құрамын және iзкесу фонарының түзiктiгiн және сигналдық комплекстiң есеп көрсеткiшiнiң журналдағы жазылуымен сәйкес келуiн тәулiктегi телефон шақырымы мен радио мәлiметi, сондай-ақ қызмет бабындағы құжаттарды, байланыс құралы мен берiлген хат хабарды қабылдау.
Кезекшi өткiзгенi және қабылданғаны туралы застава бастығына немесе оның орнын атқарушысына баяндайды.
261. Байланыс және сигналдық кезекшi мыналарды атқаруға мiндеттi:
- абоненттердiң шақыруына және бiр-бiрiмен уақытша сөйлестiруге жауап беру;
- сигналдық комплекстiң /жүйенiң/ жұмысын бақылау, түскен дабыл сигналдарын тiзiмге жазып, оны шұғыл түрде застава кезекшiсiне баяндау;
- шекара нарядының және көлiк құралының өтуiне сигналдық комплекстiң /жүйенiң/ қақпаларын, құлыптарын дистанциялық ашылуын застава бастығын және орынбасарларының тапсырысына байланыс жасау;
- шекара отрядымен /комендатурасымен/ радиобайланыс сеансын iстеп шығу;
- шекара отрядымен /комендатурасымен/ сым байланыс үзiлген болса, онда шұғыл түрде радиобайланыс қондырылады;
- радиоалмасу хабарын және байланыс құралдарымен сөйлесудiң ережесiн қатаң сақтауды;
- шекара застава кезекшiсiнiң жарлығы бойынша сигналдық комплекстен /жүйеден/ дабыл сигналы түскенiн шекара нарядына және шектес заставаны хабарландыруды;
- аккумулятор батареясын ұйықтандыру және оның дұрыс ұйықтандырылғанын белгiлi ережеге сәйкес бақылау;
- қызметтiк құжаттарды өз мезгiлiнде жүргiзуi;
- байланыс құрамдарының бұзылғаны жөнiнде застава бастығын және байланыс жөнiндегi отряд кезекшiге баяндау.
262. Сигналдық комплекстен /жүйеден/ дабыл сигналы түскесiн байланыс және сигналдық кезекшiнiң атқаратын мiндетi:
- дабылжарық таблосын және дыбыс дабыл сигналын қосады, егер бұл құралдар автоматты түрде қосылмаса;
- застава кезекшiсiне дабыл сигналы түскенiн баяндайды;
- сигналдың комплекс /жүйе/ журналына түскен дабылын есепке тiркейдi;
- застава бастығын немесе орнында қалған адамның рұқсаты бойынша аппаратурадағы дабыл сигналын шығарады;
- шекара заставасының шекара нарядына қай учаскеден дабыл сигналы түскенiн немесе соған жақын жерден түскенi застава кезекшiсiнiң командасына сәйкес хабарландырылады;
- шекара нарядтарынан шекара хал-ахуалы жөнiнде ақпарат алып оны шекара заставасының кезекшiсiне баяндайды.
263. "Ұрысқа аттан", "Аттан" командасы бойынша байланыс және сигналдық кезекшi наряд өздерiне бекiтiлген қару-жарақпен қаруландырылады, жеке құрамаға байланысты құрамдарын, iс-кесу фонарын, сигналдық аспаптармен қамтамасыз етедi және олар шекара заставасында болады, застава бастығын және застава кезекшiсiнiң жарлықтарын орындайды.
"Өрт!" сигналы бойынша кезекшi байланыс құрамын, құпия құжаттарды және аппараттарды аман сақтап қалу шараларын iздестiредi.
264. Байланыс және сигнал кезекшiсiне әскери қызмет атқару кезiнде мыналар рұқсат етiлмейдi:
- өзi бағынатын адамның рұқсатынсыз қысқа уақытқа болса да құжаттарды, байланыс құралдарын беруге;
- өз бетiмен сигналдық комплекстен "Аттан" сигналын шығарып тастауға және застава бастығының рұқсатынсыз сигналдық комплекстi немесе жеке учаскедегi сигналды ажыратуға;
- сигналдық комплекстiң аппаратурасындағы дыбыс сигналын ажыратуға, есеп сигналын өзгертуге немесе сигнал көрсеткiштер қосып жағуға;
- шекара застава офицерiнiң рұқсатынсыз солдаттарға және сержантқа байланыс арналарын пайдаланып қашық жерлермен сөйлесуге;
- қызмет бабына қатысы жоқ жерлермен сөйлесуге және басқа қажетсiз жұмысынан алаңдауға;
- застава кезекшiсiнiң рұқсатынсыз қызмет орнын тастап кетуге болмайды.
265. Байланыс және сигналдық кезекшiнi басқаратын адамнан сигналдық комплекстен /жүйеден/ дабыл сигналының түсу деректерiн жасырғаны үшiн, байланыс наряды Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапқа тартылады.
18. Застава кезекшiсi
266. Застава кезекшiсi - бiр әскери шекарашыдан тұратын шекара наряды, шекара заставасын ең жоғарғы жауынгерлiгiн қолдайтын, мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi застава бастығының барлық шешiмдерiн орындалуын қамтамасыз етуге, заставаның iшкi тәртiбiн қолдауға, бақылауға және күнделiктi тәртiптi сақтауға тағайындалған наряд. Бұған өте жақсы әскери дайындықтан өткен сержант тағайындалады, найза-пышақпен қаруландырылады, сол қолында белгiленген үлгiде - байлауыш тағылады.
Застава кезекшiсi iшкi мәселелер жөнiнде застава старшинасына бағынады.
267. Застава кезекшiсi мыналарды бiлуге тиiстi:
- шекара нарядтарының /орналасқан жерiнiң/ учаскесiн, қозғалу бағытын, наряд атқару уақытын және олармен байланыс жасау әдiсiн;
- ерiктi халық жасақтарының орналасқан жерiн және олардың күзеттi атқару бағыттары;
- дабыл сигналы /команда/ бойынша әрекет қимыл тәртiбi;
- әуе және теңiз нысаналарын көзбен бақылаудағы хабарларды жеткiзу және оның құрастыру ретiн;
- заставада жеке құрам санын, оның iшiнде шекара нарядында жүргендерiн, қызметтен шығарылғаны, демалыстағысын, iссапардағысын және науқастығын;
- шекара нарядына құрамына бөлiнген қару-жарақтың және оқ-дәрiнiң, машинаның шекара шағын катерiн /шлюпкасын/ және қызметтегi хайуанаттардың нарядтағы және застава қарамағындағы саны, сондай-ақ теңiздегi /өзендердегi, көлдердегi/ учаскелердегi - аудандарындағы шекара қызметiндегi және шекара қарауылында жүрген кемелер /катер/ саны, тоқтамадағы өздiгiнен және өздiгiнен жүрмейтiн кемелер (катер) саны, застава учаскесiнде олардың қаншасы бар немесе қазiргi кездегi қаншасы жоқтығын, кәсiби аудандарға саны және кемелердiң тоқтамаға оралып келгендердiң /мұз үстiмен жылжитын құрамдардың санын бiлу/;
- мемлекеттiк шекара күзетi және инженерлiк қоршау аралығына және шекара аумағын және жер алқабына өндiрiстiк жұмыс атқаруға жiберiлген, адамдар санын, олардың қайсысы жұмыс бабына осы ауданда түнеп қалатындар және оларды шекара нарядымен қоршау тәртiбi;
- застава учаскесiнде сигналдық және бақылау құралдарын қызметке жарамдылығын реттеу, сигналдық комплекстiң қоршаудың /жүйенiң/ және ажыратылған учаскелермен тас жолдардың жалғаспай тұрған жерлерiн күзету тәртiбiн, келтiру шараларын қолдануда;
- мемлекеттiк шекара жақын орналасқан темiр жол және тас жолдармен жүретiн поезбен және рейске шығатын автобустардың жүру графигiнен хабарлы болу;
- ауа райы мен теңiз жағдайын деректi хабарлы болу;
- застава бастығы мен оның орынбасарлары қай жерде екенiн бiлу.
268. Жаңа тағайындалған застава кезекшi бұрынғы застава кезекшiмен қару-жарақты, оқ-дәрiлердi және мүлiктердi тiзiм бойынша тексерiп қабылдайды және автокөлiктiң шекара застава қақпасының, кiшi есiктерiнiң құлыптарын, автомашина және шекара шағын катерлерiнiң от алдыратын кiлттерiн, құжаттарын қабылдайды, сондай-ақ күзету құралы сигналының түзiктiгiн тексерiп алады қару-жарақты номерiмен және жабдық жинақтарын, қаруға берiлген, оқ дәрiнi бiртiндеп санап қабылдайды.
Кезекшi қабылдағанын және оны өткiзгенi туралы, екi кезекшi де застава бастығына немесе оның орнындағы адамға баяндайды. Мысалы: "Жолдас капитан! Застава бойынша кезекшiнi өткiзген сержант Петров". "Жолдас капитан! Застава кезекшiлiгiн қабылдап алған сержант Степанов".
269. Застава кезекшiсiнiң атқаратын мiндеттерi:
- шекара нарядтарымен, шектес шекара заставамен, шекара отрядымен /шекара комендатурасымен/ ұдайы байланысты қолдау, байланысты бұзылған учаскелерiн застава бастығына баяндау;
- шекара нарядтарының баяндамаларын қабылдау, әуе және теңiз нысаналарын бақылаушылардың хабарларын және болған оқиғалар туралы шұғыл түрде застава бастығына жеткiзу;
- радиациялық және химиялық бақылаулар жүргiзу;
- белгiленген уақыт бойынша кезекшi шекара нарядтар ояту, кiм аға нарядшы болып тағайындалғанын киiм түрiн және жабдық заттарын, наряд құрамына қол қойдырып бекiтiлгенi қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, байланыс бақылау, сигналдық құралдарын және басқа құралдардың зауыттық нөмiрлерiн жазып бередi, нарядтың әскери қызметтi атқаруға дайын екенiн өзi тексерiп шығып, содан соң белгiленген уақыт бойынша застава бастығына немесе оның орнындағы адамға баяндайды және мемлекеттiк шекара күзетiне шығуына болатындығын хабарлайды.
Мысалы: "Жолдас капитан! Шекара наряды құрамын ефрейтор Петров, қатардағы Иванов және Зубов бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге дайын. Застава кезекшiсi кiшi сержант Серов".
- учаскеге кеткен шекара нарядының уақытында қайтып келуiн бақылау, оларды застава аумағында қарсы алу, нарядтан қару-жарақты, оқ-дәрiнi, байланыс, сигналдық құрамалар және басқа құралдарды қабылдау және олардың түзiктiгiн тексерiп алу;
- қаруды оқтауды және қаруды оқсыздандыруды өз бақылауына алу;
- застава сақшыларын ауыстыруды жүргiзу және олардың /әрбiр 30-40 минутта/ әскери қызмет атқаруын мезгiл сайын тексеру;
- Застава сақшысына застава аумағына кiретiн және одан шығатын адамдар мен көлiк құралдары жөнiнде жарлық берудi;
- застава сақшысы күндiз әскери қызметiн мұнара басында тұрып бақылау жүргiзетiн болса, нарядтарды кiшi есiктен немесе Застава қақпасынан өткiзудi қамтамасыз ету;
- Заставадағы күндiзгi және iшкi тәртiп ережелерiнiң орындалуын, киiм-кешектерi және аяқ киiмдерiн құрғатып кептiрiлуiн қадағалау;
- застава учаскесiндегi тоқтамалардан /базалық пункттерден/ өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн /мұз үстiмен жылжитын/ кемелердiң шыққаны жөнiнде шекара отрядының /шекара комендатурасының кезекшiсiне/ оперативтiк кезекшiсiне уақытында баяндап және шектес шекара заставасына хабарлап, сондай-ақ застава учаскесiнде кемелердiң /мұз үстiмен жылжитын құрамдардың/ қозғалып жүргенiн баяндайды;
- Заставадан рейске шыққан және заставаға қайтып оралған машиналардың есебiн жүргiзу, машина жүргiзушiнiң жолға шығар қағазын тексеру, машинаның тағайындалған пунктке уақытында баруын, шекара отрядының /шекара комендатура кезекшiсiне/ оперативтiк кезекшiсiне машиналардың застава шеңберiнен шығып кеткенiн және олардың бөлiмшеге қайтып оралғаны жөнiнде баяндайды, қыс жағдайында жылы автокөлiк болмаған жағдайда, машина радиаторына құятын ыстық су болуын қадағалау;
- мемлекеттiк шекара және инженерлiк қоршау арасына, шекара аумағына және елдi мекен алқабына кiрген және одан шыққан адамдардың есебiн жүргiзу, сондай-ақ тоқтамаларға /бағыттық пункттерге/ кiрген және одан шыққан өздiгiнен жүретiн /мұз үстiнде жылжитын/ және өздiгiнен жүрмейтiн кемелердiң санын есепке алу;
- шекара отрядының /шекара комендатура кезекшiсiнен/ оперативтiк кезекшiсiнен жарлық немесе бағдарлама, сигнал түскен болса бұл туралы застава бастығына хабарлап және алынған құптама алады.
270. Застава кезекшiсi қызмет атқару кезiнде солдаттар мен сержанттар қару-жарақты, оқ-дәрiлердi тұрақты орындарына қойылуын, дабыл тобы өз мезгiлiнде демалуын дабыл тобына бекiтiлген аттар ауыздықтары алынулы, мойындары босатулы, ерттеулi тұруын қадағалауы қажет. Учаскеден келгесiн, шекара наряды қаруларын тазалайды, дымқылданған аяқ киiм және киiм-кешектерiн кептiруге жаяды, шекара аттарын босатады, жүргiзушiлер /механик-жүргiзушi, моторы/ машинасын /катерiн/ тәртiпке келтiредi, қараңғылық түсiсiмен застава есiктерi жабылып, терезелер пердесi iлiнiп, атқорамен басқа қараңғы жерлерге жарық түсiрiледi. Шекарашылар тұратын бөлмелерге жарық берiледi және терезелер пердемен /қақпақпен/ жабылады.
Застава кезекшiсi арнаулы журналға барлық қызметтерi жағдайды жазып, басқа құжаттар мен бiрге жаңадан келген кезекшiге өткiзедi.
271. Заставаға келетiн офицерлердi застава кезекшiсi мiндеттi түрде қарсылап алады, өзiнiң кiм екенiн таныстырады, ал застава бойынша оларға рапорт беруге және оларды алып жүруге мiндеттi емес. Жаңадан келген застава бастығына қарсылап алуды және оған рапорт берудi офицер жүргiзедi, ал застава кезекшiсi оған қатынасады, өзiнiң кiм екенiн таныстырады.
Шекара отрядының /шекара комендатура кезекшiсiне/ оперативтiк кезекшiсiне белгiленген уақытта шекара жағдайын баяндайды, заставада сағаттың дұрыстығын тексередi, ауа райы мөлшерiн қабылдайды, оны застава бастығына баяндайды.
272. Сигналдық комплекстен /жүйеден/ дабыл сигналы түсiсiмен шекара заставасы кезекшiсiнiң атқаратын мiндеттерi:
- "Қару ал" сигналымен шекара заставасын шулы тұрғызады, застава бастығына баяндайды, шекара нарядын және көршiлес заставаны хабарландырады;
- сигналдық комплекс /жүйе/ қоршауы учаскесiне жарық түсiрiледi /егер жарық беру аппараты iстемейтiн болса/;
- наряд жеке құрамына қарау, оқ-дәрiмен және жабдық заттарын берумен қамтамасыз ету;
- застава бастығының бұйрығы бойынша шекара учаскесiнде нарядқа қосымша мiндет жүктеу, суреттеу құрамдары арқылы iздеу топтарын деректерiне сәуле түсiру;
- застава бастығының нұсқауы бойынша белгiленген сигналын берiп, ерiктi халық жасағын жинау;
- шекара отрядының /шекара комендатура кезекшiсiне/ оперативтiк кезекшiсiне жағдайды баяндау;
- заставада қалдырылған шекара резервiнiң iске кiрiсуге дайындығын тексеру;
- шекара нарядтарынан түскен жағдай мәлiметтерiне және оны жинақтау, қорытындысын шұғыл застава бастығына айту;
- мемлекеттiк шекарадан қашықтау орналасқан сигналдық комплекстен /жүйеден/ дабыл сигналы түсiсiмен, Застава резервi шекара бүзушiнi шекара қоршауында ұстауға болатыны кепiлденiп тұрғанда, кезекшi, аға бастықтың белгiленген тәртiбiне сәйкес "қару ұста" сигналымен дабыл тобы көтерiледi, олардан шекара бұзушының iзi және басқа да шекара бұзушы белгiлерi табылды десе, онда бүкiл заставаны "Қару ұстауға" көтередi.
273. "Бiздiң тылды бұзып өттi", "Шекараны бұзып өттi", "Шұғыл көмектес" аттан, шекара нарядының сигналы бойынша кезекшi "Қарулан" сигналымен заставаны сапқа тұрғызады, оларға қару және оқ-дәрi үлестiредi, застава бастығына баяндайды. "Сигнал қабылданды" деп нарядты және көршiлес заставаға шекара оқиғасы жөнiнде хабарлайды, застава бастығы нұсқауы бойынша "Заставамен байланыстырылсын" сигналын бередi және нарядтар байланысқа шығысымен оларға қосымша тапсырмалар берiледi; болған оқиғаны шекара отряды /шекара комендатура кезекшiсiне/ баяндайды, нарядпен байланыс жасалады, шекара хал-ахуалы жөнiнде жаңа мәлiметтер алынып, және оны застава бастығына айтады.
274. Қазақстан Республикасының аумағына қарумен басып кiрудi, әскери топтармен бандылардың шабуыл жасауын тойтару үшiн кез келген "Дабыл" "Аттан" сигналымен шекара заставасын көтередi; оларға жеке құрамына қару-жарақ және оқ-дәрi үлестiредi. Застава бастығына шекара отрядының /шекара комендатура кезекшiсiне/ оперативтiк кезекшiсiне баяндайды, шекара нарядтарын және көршiлес заставаға хабарлайды, өздерiне бекiтiлген қару-жарақпен қаруландырылады және застава бастығының нұсқауымен сәйкес iс-қимылға кiрiседi.
275. "Дабыл тобы келсiн" деген сигналы қабылданысымен, застава кезекшiсi "Қарулан!" сигналымен дабыл тобын көтередi және оларға қару-жарақ, оқ-дәрi жабдық заттарды үлестiредi және застава бастығына баяндайды.
276. Застава сақшысын атуына қарай заставаға жақын жерде күдiк қайда болса, онда застава кезекшiсi дабыл көтередi, застава бастығына хабарлайды, бұдан әрi застава бастығының нұсқауына сәйкес iстеледi.
Заставаға шабуыл жасау қаупi төнсе, кезекшi "Ұрысқа аттан!" сигналымен шекара нарядын көтередi, оларды қару-жарақпен, оқ-дәрiмен қаруландырады, застава бастығына, шекара отрядының /шекара комендатура кезекшiсiне/ оперативтiк кезекшiсiне баяндайды. Застава сақшысымен бiрлесiп заставаның қорғанысын жасайды және шекара нарядын және көршiлес заставаны хабарландырады, застава бастығына телефон арқылы болған оқиғаны хабарлайды, бұдан жоғары бастықтарға жеткiзу үшiн және олардан жаңа бұйрық күтедi.
277. Шекара заставасында өрт қаупi болған жағдайда,кезекшi "Өрт" сигналын /команда/ бередi және застава бастығы келгенше өрттi сөндiруге, қару-жарақты, техниканы, мүлiктердi және қызметтегi хайуанаттарды құтқару шараларын жүргiзедi.
278. Шекара аумағында радиоактивтiк әсерi пайда болғанда /0,2 рад/сағ және одан да жоғары/ кезекшi бұл жөнiнде застава бастығына шұғыл хабарлайды және оның нұсқауына сәйкес "Радиациялық қауiп" сигналын бередi.
Химиялық, бактереологиялық /биологиялық/ жұқпалы ауру мәлiметтерi алынысымен, застава кезекшiсi "Химия қаупi" жөнiнде дабыл сигналын бередi және застава бастығына хабарлайды.
279. Күтпеген апат қаупi төнгенi жөнiнде застава кезекшiсi "Апат" сигналын бередi және застава бастығына нұсқауына байланысты шекара нарядын жаңа тапсырма тағайындалады, қажетi болса жеке құрамды тұрғызады, қару-жарақты, техниканы, мүлiктердi және қызметтiк хайуанаттарды қауiпсiз жерге көшiредi, көршiлес шекара заставасына хабарлайды, хал-ахуалды шекара отрядына /шекара комендатура кезекшiсiне/ оперативтiк кезекшiсiне баяндайды және олармен байланысты үзбейдi.
280. Әскери қызметтi застава кезекшiсi талассыз жүргiзедi. Байланыс және сигналдық кезекшi болмай қалса, оның мiндетiн өзi атқарады.
Қажеттi болып бiр жаққа кететiн болса, онда застава бастығының немесе оның орынбасарының рұқсатымен, өзiнiң орнына кезекшiлiкке бос жүрген шекарашыны қойып кетедi.
Бесiншi тарау
Шекара отрядының iз табын тапқандағы және мемлекеттiк шекараны бұзудың басқа белгiлерiн байқағандағы iстейтiн iс-қимылдар.
281. Шекаралық наряд, мемлекеттiк шекара күзетi учаскесiнде шекара бұзушының iзiн байқағанда, оның кетпек бағытын және бұзушының немесе адам екенiн, iздiң көнелiгiн, табылған жерiн белгiлеп және өз бағытын белгiлеп алған соң, мыналарды анықтайды:
- егер iз табылмаса мемлекеттiк шекара жағына бағытталған болса, застава бастығына шұғыл хабарлайды, байланыс құралы iстемей қалса, онда шекарашы "Бұзып өттi" сигналын берiп және бұзушының соңынан қуалап iзiне түседi немесе осы бағытқа жүруi мүмкiн жаққа өз бетiнше шапшаң қозғалып немесе көршiлес нарядтарға бұзушыны ұстап алуға бiрлесе iс-қимыл жасайды, егер бұзушы ұстай алмағанда - онда оның кеткен бағыттағы iз табын сақтауға шара қолданып және застава бастығына баяндайды;
- iздер застава учаскесiнiң тылына апаратын болса - онда бұл оқиғаны застава бастығына байланыс құралы арқылы баяндайды, егер байланыс құралы iстен шыққан болса - "Тылға бұзып өттi" сигналын бередi, iздiң айрықша белгiлерi сипаттарын жадына жаттап, iздi сақтауға шара қолданып және бұзушының iзiне түсiп қуалайды немесе бұзушы жүруi мүмкiн бағытына шапшаң қозғалады.
Шекара бұзушыны қудалау екi әдiспен жүргiзiледi: бiрi Застава тылынан - бұзушыны ұстап алғанша, екiншi - тылдан мемлекеттiк шекараға жеткенше ұстау.
Шекара бұзушының соңына түсiп қудалау және оны ұстауға - шекарашылардың жер жағдайын жақсы бiлуi, iз табын анықтаудағы тәжiрибелiгi, жақсы дайындалған және денсаулығы мықты жаттықтырылған шекарашы табысқа жеткiзедi.
282. Шекара бұзушының соңына түсiп қудалауды ұйымдастырғасын аға шекара нарядшысы жағдайды тез анықтап, қарамағындағы нарядшыларға тапсырма бередi.
Ол мынадай нұсқаулар: бұзушыны қудалау кезiндегi әрбiр шекарашы атқаратын қызмет, жер жағдайын және тығылып қалатын қапаларды бақылау, iздi жоғалтып алғанда және бұзушыны тапқан кездегi берiлетiн сигнал және өзара бiрлесiп қимыл жасау.
283. Шекара бұзушының iзiне түсiп қудалау кезiнде, iздiң оң жағымен жүредi, жан-жақты бақылай, iз табын таптамай және жол-жөнекей бұзушыдан түсiп қалған заттар болса, оларға қол тигiзбей тасталған жерлердi /тас қойып, қарақшы қойып/ белгiлейдi. Iзден адасып қалмау үшiн, оқтын-оқтын табылған iздi алғашқы iзбен салыстырып қарайды.
Қызметтегi ит маманы /итбапкер/ алда жүредi, артта қалған шекарашылар соңында, шұғыл көмекпен қамтамасыз ететiн қашықтықта жүредi.
Қыста шекара бұзушыны шаңғы жолына түсiп iздейдi.
284. Шекара бұзушының iзiне түскен наряд кiдiрместен қудалап, шекара бұзушының жасырынатын жерлерiн және оның жүру жолының бағытын тиянақты бақылау-қарау жүргiзiледi.
Бұзушы жасырынып қонатын жерлерiне шолғыншы жiберiлiп, нарядтың негiзгi олардың соңынан бақылау жүргiзедi, қару-жарақты iс әрекетке дайын ұстайды. Бұзушы соңына түскен наряд шекара заставасымен байланыс ұстап, өздерiнiң қай жерде екенiн, қайсы бағытқа жүрiп бара жатқан жерлерiн белгiлеп және бағытын айтады.
285. Шекара бұзушының iзiн наряд жоғалтып алған болса, онда осыған таяу жерлерден iз кеседi, бұл жерде iз қайта табылуы мүмкiн. Шекара бұзушының iзiн табу керек жүрiспен iзделедi.
Қатқақты және тасты жерлерден iз кескенде бұзушы жүрген жерлердiң тастары қозғалғанын, тас бетiн шаң басқан немесе ұзақ тас шөгiндiлерi жиналған жерлерге көңiл аудару керек.
Өзеннiң немесе бұлақ бойларынан шекара бұзушының iзiн кескен су жағалауларын жоғары және төмен жүрiп iздестiру қажет.
Елдi мекен жерлерiн iз кесу, жолдарды, соқпақтарды және айдалған учаскелерден қарастырылады. Жолдардың жүретiн бөлiгiн және жол жағалауларына iз тобын iздестiредi.
Шекара бұзушы көлiк құралын пайдаланғаны анықталса, онда наряд оның iзiн және кеткен бағытын анықтайды және застава бастығына хабарлайды және оның нұсқауы бойынша iске кiрiседi. Застава бастығымен хабарласуға шама келмесе, бұзушыны iздестiрудi көлiк құрамы жүрген бағытта жалғастырады.
Жоғалтқан iздi таба алмаса, онда бұрын iздi наряд жақсылап белгiлейдi де, iздестiру жұмысын тастамай, iз кесуді бұдан әрi жалғастыра бередi.
286. Шекара нарядшысы, бұзушыны мемлекеттiк шекара шебiнен жеткенше iздестiрiп, оны таба алмаған соң, бұзушылар өтуi мүмкiн болатын учаскенi жауып тастайды, бұл жөнiнде застава бастығына хабарлайды және бүркемеленiп, қазақстан аумағында және шектес мемлекет аумағында бақылау жүргiзедi.
287. Мемлекеттiк шекарасындағы теңiз жағалауына /шекара өзенi, көлi, өзге де су тоғандары/ шекара шебiн бұзушының түсiрiлген iз табы байқалса, бұл жөнiнде шекара наряды застава кезекшiсiне хабарлайды, белгiленген тәртiп бойынша шекара қарауыл кемесiне /катерге/ баяндайды және бұзушылардың iзiне түседi. Теңiз жағасында /өзен, көл өзге де су тоған жағасында/ барлық күдiктi мәселелер жөнiнде техникалық бақылау күзетiне хабарлайды және қажет болса "Сәуле түсiрiлсiн" сигналын бередi.
Шекара бұзушылардың жағалаудан теңiзге /шекара өзенiне, көлiне, өзге де су тоғандарына/ кеткен iздерi және басқа белгiлерi байқалған болса, онда наряд бұл жөнiнде шұғыл түрде белгiленген сигналмен шекара қарауыл кемесiне /катерге/ және техникалық бақылау күзетiне хабарлайды /егер олар күзеттiң қызметiн атқарып жүрген болса/, застава кезекшiсiне баяндайды және осы учаскедегi су айдынын бақылауды жалғастырады.
288. Мемлекеттiк шекара бұзушының анық емес iздерiн немесе басқа
белгiлерiн анықтауға шекара нарядының шамасы келмесе кеткен бағытын
анықтай алмай қиналған жағдайда, онда наряд, бұл жөнiнде застава
бастығына баяндайды, ол жоқ болса - радио және сым байланыс арқылы
"Шекараны бұзып өттi" сигналын бередi, табылған iздi сақтау жөнiнде
шара қолданады, қарғып шекараға жылжиды және осы бағытты жауып
тастайды.
Алтыншы тарау
Мемлекеттiк шекараны бұзушыны ұстаудағы шекара
нарядының атқаратын iс-қимылы
289. Шекара нарядымен табылған мемлекеттiк шекараны бұзушы қалай
болса да ұстауға тиiстi.
Табылған мемлекеттiк шекара бұзушы, шекара нарядына тура қарсы шығатын болғанда, онда шекара наряды бүркелiнбей-ақ, мүмкiндiгiнше өздерiне жақындап, кенеттен соққы беруге ыңғайланып, оларды бiрден ұстап алады. Шекара бұзушы шекара наряды орналасқан жерден аулақтау жүрген жағдайда, наряд олардың қозғалысын бақылай отырып, өз орындарынан олар жүрген бағытқа жасырын және тез ауысып, олармен қатарласа жүрiп, жақын арадағы жерлерге жасырынуға шектес мемлекет аумағына өтуiне мүмкiндiк бермей және бұзушыларды ұстауға тиiстi.
Егер шекара бұзушылар шекара нарядынан аулақтайтын болса, наряд оларды көзден таса қылмай, бүркемеленiп, қысқа жолмен бұзушыларды қуып жетiп және шекара жолын бөгеп, ұстап алады.
290. Шекара наряды әскери қызметiн теңiз жағалуында /шекара өзенi, көлдер, өзге де су тоғандары жағасында/ атқарған кезде шекара бұзушының сыбдырын естiсе немесе бұзушының түсуiн байқаған болса, оның жүру бағытына алға жылжып және жаға шетiне шыға берiсiнде бас салып ұстайды.
Жағаға шыққан шекара бұзушылар қайта теңiзге шығуға тырысатын болса, олардың қашуына мүмкiндiк бермей, батыл қимылдап ұстайды. Егер шекара бұзушыны ұстай алмай қалған болса, онда бұл жағдайды белгiлеп тәртiп бойынша шекара қарауыл кемесiне /катерге/ немесе техникалық бақылау күзетiне хабарлайды және застава бастығына баяндайды.
Шекара бұзушылар шекара өзенiне /көлдерiне және өзге де/ қарай жүретiн болса, шекара наряды олардың су жағалауларына жеткiзбей ұстап алуға ұмтылады, оларды қуалайды, егер ұстай алмай қалса шұғыл түрде шекара катерiне, застава бастығына хабарлайды және оның нұсқауына сәйкес iс-әрекетiне кiрiседi.
291. Мемлекеттiк шекара бұзушы үйлерге /ғимарат/ тығылса, онда аға шекара нарядына, айнала бақылауын қойып және бұзушы үйлер арасынан iздеп-табуға кiрiседi. Егер бұл ғимараттардан /үйлерден/ шекара бұзушы табылмаса, онда наряд аяқ киiмдi, киiм-кешектi салыстырып қарап, жергiлiктi тұрғындардың қайсысы осы қылмысқа қатысты екенiн, бұлтартпайтын дәлел iздейдi.
292. Мемлекеттiк шекараны бұзушыны ұстау кезiнде, шекара наряды батыл қимылдап және қорғалақтамай, шусыз және кенеттен ұстау қажет, ретi келгенше, шектес мемлекеттiң бақылаушылары көрмейтiндей таса жерде бұзушыны ұстаған дұрыс.
Шекара бұзушы шусыз ұстауға болмайтын жағдайда, аға шекара нарядының нұсқауына сәйкес "Тоқта" деп айғайлап тоқтату қажет /Тоқта айқайы оқыс және өктемдi шығуы қажет/, оған тоқтамаса ескерту оғын атады. Нарядтың қалған құрамы, бүркеленiп, шұғыл бас салып ұстауға немесе құртып жiберуге дайын тұрады.
293. Шекара бұзушы ескерту оғын атқанға тоқтамаса және шекара нарядының талабын орындамаса, онда шекара наряд осы тәлiмдеменiң 99-бабына сәйкес, шекара бұзушыға қару қолданады.
294. Шекара бұзушы тоқтаған соң, жасырын жерде орналасқан шекарашының бiреуi оған, "Қолыңды көтер" артқа бұрыл, қаруды және басқа да заттарды жерге таста және тастаған заттардан үш-бес қадам аттап шетке шығып тұр деп бұйрық бередi.
Аға шекара нарядшысы шекарашылардың бiреуiне шекара бұзушыға жақындап және қолын байлайды да /қол кiсен/ сал деп бұйырады.
Шекара наряды құрамынан көп санды шекара бұзушылар тобын ұстаса, шекара нарядына көмекке дабыл тобын шақырады. Дабыл тобы келгенше, аға шекара нарядшысы барлық тұтқындалғандарға айналып артқа қарап тұрыңдар, қару-жарақты және қолдағы заттарды тастаңдар, бiр-бiрiңнен үш қадам аралығында жерге етпеттеп жатыңдар жеп бұйрық бередi және оларды күзетпен қамтамасыз етедi. Шекара бұзушыларға барлық команда орыс тiлiнде бұйырылады, ал қажет болса - қазақ тiлiнде немесе шектес мемлекет тiлiнде қайталанылады.
295. Мемлекеттiк шекара бұзушыларды ұстағаннан соң, күзет қызметiн нашарлатпай, жер жағдайын қарауды және дыбыс тыңдауды мұқият қадағалап, тұтқындалғандардың соңынан жаңа бұзушылар iлеспеуiне келмеуiне сенiмдi болуға мiндеттi.
Шекара шебiне пайда болған шекара бұзушыларды, аға шекара нарядшысы, жағдайға байланысты наряд тұрған жерге мейлiнше, жақын келтiрiп және оларды тұтқындайды немесе нарядтың аз бөлiгiн бұзушыларды күзетуге қалдырып, нарядтың қалған құрамымен шекара бұзушылардың соңынан қуалап және оларды ұстайды. Аға шекара нарядшысы, шекара бұзушылардың барлығы тұтқындалғанына көзi жеткен соң, застава бастығына хабарлайды, егер бұл оқиғаны хабарлау мүмкiндiгi болмаса, онда "Дабыл тобы келсiн" деген сигналды бередi.
Тұтқындарды күзетуге мүмкiндiк жоқ немесе шекара жерiне жақын болса және шектес мемлекеттерге көрiнiп тұратын жер болса, наряд бұл жерге шартты белгi қояды және тұтқындарды басқа паналы жерге айдатқызып жiбередi.
296. Мемлекеттiк шекара бұзушыларды ұстап алу кезiнде, олар қарулы қарсылық жасаса, онда наряд олармен соғысқа кiрiседi және "Шұғыл көмек керек" сигналын бередi. Бұзушылардың керi шегiнiп кетуiне бөгет жасап, жер бетiнiң табиғи қыртыстарын, қатпарларын және ойлы-қырларын пайдаланып оқ-жаудырып бөгет жасайды немесе оқ атып құртып жiбередi.
297. Шекара наряды, тұтқындалған шекара бұзушылардың қару-жарағын, уландырғыш және басқа заттарын тартып алады. Қару-жарақ және басқа заттарын алу тәртiбiн, қалыптасқан жағдайға қарай, аға шекара нарядшысы анықтайды. Шекара бұзушылар ұсталған жерде киiм-кешектерiн шешiндiруге болмайды.
Шекара бұзушылардың қару-жарақты және басқа да заттарды алуға тағайындалған нарядшы, өз қаруын оң тежеуiшке қойып иығына асады. Қалған наряд құрамы, қарусыздандырушыға көмектесер жерде және бұзушы қашқандай болса, онда шұғыл атуға дайын тұрады.
Бiр мезгiлде бiрнеше шекара бұзушы ұсталған болса, ең алдымен түрiне қарағанда ең мықты көрiнген шекара бұзушыдан қару-жарақ пен басқа заттар алынады. Қаруландырылған шекара бұзушы әлi қаруы алынбағандардың алдына етпетiнен жатуға немесе олардан шеткi жағына жатуға бұйырады.
Жарақатты болған шекара бұзушылардан қару-жарақ, уландырғыш және басқа заттарды алу әдеттегiше жүргiзiледi. Ауыр жараланғандар қару-жарақ тартып алынғасын, оларға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетiледi.
Шекара бұзушыдан алып және оларды ұстаған жерде табылған заттар бiр будаға салынып, сыртына кiмге тиiстi екенi жазылады.
Аузы жабулы қапшық, жәшiк, кiлттеулi қолсандықтар ашылмайды, сол күйiнде тартып алынған заттар застава бастығына жеткiзiледi.
Шекара бұзушы әйел ұсталса, онда оның қару-жарағы, құжаттар мен басқа заттары және сыртқы киiмiн қарап шығады.
298. Шекара бұзушылардың қару-жарағын және басқа заттардан алынған соң, аға шекара нарядшысы, қызметтегi иттер маманына, тапсырма бередi, егер ол болмай қалса, шекара нарядының бiреуiне шекара бұзушылар ұсталған аудан жерiнде олар лақтырып тастаған заттар қалғанын iздестiрiп қарауға тапсырма бередi, егер бұл тапсырма наряд ұсталғандарды күзету үшiн нашарлататын болса, онда сол жердi қарауға дабыл топтарын шақырады.
Бұзушылар ұсталған ауданын қарау шеңберi 100 м кем болмау керек, ал шақырылған дабыл тобы бұзушылардың жүрген жерiн түгел қарайды.
- бұзушылардың шекара шебiнен өтiп олар ұсталған жерiне дейiн;
- тылдан шыққан жерiнен - застава бастығы көрсеткен шекара шебiне дейiн.
Егер шекара бұзушылар түнде ұсталған болса, жарық түсiсiмен шекара бұзушылар ұсталған аудан және оларды айдалуға алынған жерлер түгелдей қайта қаралып, тексерiлiп шығады.
299. Шекара наряды күзетiнiң көз алдында бiлместiктен мемлекеттiк шекараны бұзу шектес мемлекет тұрғындарына өтуi байқалса немесе ауыл шаруашылығы жұмыстарын өткiзуiне малды жайылымға апару /аңшылық, саңырауқұлақ жинау, отын теру/ сондай-ақ суға шомылу немесе өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн кемелер келiп суда жүзуiне, шекара наряды дауыстап немесе қол сермеу арқылы шекара бұзушыларды өз аумағына қайтып оралуына түсiнiк бередi. Егер шекара нарядының талаптарын орындамаса, онда оларды шекара наряды ұстайды.
Қазақстан аумағына кiрген үй-хайуанаттарын, өздерi келген аумағына қайтарып айдап жiбередi.
Жетiншi тарау
Мемлекеттiк шекараны қарулы басып кiруге тойтарыс
беру, арандатудың жолын кесудегi шекара нарядтарының
атқаратын iс-әрекеттерi
300. Қазақстан Республикасының аумағына қарумен басып кiрудi әскери топтарымен бандылардың шабуыл жасауын тойтару үшiн, қарулы және басқалай арандатушылық болдырмау мақсатымен шекара шегiнде қақтығысты, дау-жанжалды, сондай-ақ дұшпанның өз еркiмен әрекет iстеуге мүмкiндiк бермеу үшiн мемлекеттiк шекара күзетiндегi наряд барлық шараларды қолдануы тиiстi.
Бұл шаралар шекара күзетiнде шекарашыларды жүрiс-тұрыс бет алысымен, тәртiп және қару-жарақты және жауынгерлiк техниканы қолданып бiлуiне саяси бiлiктiлiгiне және шекарашылардың табандылығымен, аға шекара нарядшысының қалыптасқан шекара жағдайын жан-жақты дұрыс бағалай бiлуiмен табысқа жетедi және алдағы оқиғаны пайымдап шешiм қабылдауымен анықталады.
301. Шекараны қарулы басып кiруге тойтарыс беру, арандатудың жолын кесудегi iс-әрекеттерiнiң негiздерi мынада: қорғалақтамай, тұтқиылдан және дұшпан күшiнiң басымдығына қарамастан батыл қимылдап олармен соғысқа кiрiсу, жер жағдайын ыңғайлап, қару-жарақты және жауынгерлiк техниканы қорғаныс құрылыстарын және қоршауларды шебер пайдалану, оқ ату дәлдiгiн айлакерлiк қозғалыстарын үйлестiру.
302. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара аумағына дұшпанның басып кiруге немесе арандатушылық дайындалып жатқанын байқаған шекара наряды күзетi; осы бағыттағы тұрғыға немесе қорғаныс құрылысына жасырын орналасады да, бақылау жүргiзедi және соғысқа дайын тұрады. Аға шекара нарядшысы шекара ахуалын және қабылдаған шешiмiн застава бастығына баяндайды.
Аға шекара нарядшысының шешiмiнде мыналар анықталады: қарулы басып кiруге /арандатушылыққа/ тойтарыс беру iс-қимылының тәртiбi; қарамағындағы әскерлерге тапсырма бередi және олардың өзара бiрлескен iс қозғалысы.
Ол тапсырма бергенде мыналарды көрсетедi: әр шекарашының оқ жаудыру кезiндегi жауынгерлiк тәртiппен орналасатын жерiн; оқ жаудыру немесе дұшпанның арандатушылық жолын кесудi нарядтың iс-қимылы; өзара бiрлесiп және iс-әрекет қимылының сигналын беру тәртiбiн.
303. Дұшпан қарулы басып кiргенде, шекара нарядшысы шұғыл түрде застава бастығына баяндайды, "Дұшпан қарулы басып кiрдi" сигналын бередi және бiрден соғысқа кiрiседi. Аға шекара нарядшысының команда сигналын барынша шекара наряды дұшпанға оқ жаудырады.
Шекара наряды оқ атуға қолайлы жерге немесе қорғаныс құрылысын пайдаланып, дұшпанмен кескiлесiп соғысады. Застава учаскесiнiң тылына өтуге немесе өз шекарасына шегiнуiне мүмкiндiк бермейтiндей оқ жаудырады.
Шекарашылар соғыс кезiнде бiр-бiрiмен оқпен қолдау жасайды. Өзара көмек жасайды және жаралы болған серiктестерiне көмек бередi.
Аға нарядшы соғыс бағытына бақылау жасап, уақыт өткен сайын шекарашыларға тапсырмаларын анықтап, атысты басқарып және оқ-дәрiнiң таусылмауын бақылайды.
304. Шекара наряды қоршауға алу немесе басып алу қауiпi төнетiн басқалай, онда аға наряд, айлакерлiк жасап және шекара нарядын басқа оқ атуға қолайлы тұрғыға ауыстырып, бұл кезде дұшпанға қарсы оқ жаудыру талассыз жүргiзiледi.
Бастапқы тұрғыдан жаңа тұрғыға жер бедерiн, ой-шұңқырларын, кедергiлерiн, қыртыстарын, түтiндi паналай жүгiрiп өту, бiр-бiрiн оқ жаудыру астынан алу арқылы жүзеге асады. Жаңа тұрғыға ауысу тәртiбiн аға шекарашы анықтайды.
Бұл соғыс кезiнде өлгендер және жаралы болған шекарашыларды қару-жарағымен қоса шығарылады.
Соғыс болып жатқан жерге көмекке келген, көршiлес шекара нарядтары, қағида бойынша, дұшпанға оқ жаудыруды екi жақ қанаттап және тылынан бастайды, жауды шекарадан кесу үшiн және дұшпанға соққы берiп құртуға ұмтылады. Соғыс жүзiндегi оқ ату өз әскерлерiңдi жараламайтын жағдай жасап және келiскен түрде жүргiзiлуi қажет.
Аға нарядшы көмекке келген резерв аға нарядшысына шекара ахуалымен таныстырады және оның нұсқауымен iс-қимылға кiрiседi.
305. Дұшпан тұтқиылдан шабуыл жасаса немесе дұшпанның торуылын тапса, онда шекара наряд шұғыл оқ атуға дайындалады және "Шұғыл көмек керек!" сигналын бередi. Аға шекара нарядшысы дұшпанды тез керек деген нарядшыларға тапсырма қояды.
Көршiлес наряд көмекке келгенше немесе застава резервi наряды келгенше жер бетiнiң ой-шұқырын, табиғи қыртыстарын пайдаланып паналайды, шекара нарядшылары дұшпанға оқ жаудырып, дұшпанның қозғалуына кедергi жасайды және шекарашыларды басып алуға мүмкiндiк бермейдi.
306. Шекара наряды, шектес мемлекеттiң әскери қызметтерi шекара бұзғанын байқаған соң, өздерi оған жақын жердегi тұрғыға орналасады. Аға нарядшы болып тағайындалған шекарашы, аңдушылық шараларын сақтай отырып, шекараны бұзғаны туралы оған дауыстап ескерту немесе қол бұлғап ескерту жасайды және қазақстан аумағынан кетуiн талап етедi. Бұл уақытта шекара нарядының қалған құрамы шұғыл iс-әрекетке дайын тұрады және дұшпанның қозғалысына және шектес мемлекет аумағында жақын жер әскери топ /бөлiмше/ жоқ па деп бақылау жүргiзедi. Аға нарядшы шекара ахуалын застава бастығына хабарлайды және оның нұсқауына сәйкес iс-қимыл жасайды.
307. Шектес мемлекет аумағынан шекара нарядшыларына оқ жаудырылса, ол ыңғайлы жерге тұрғаны ауыстыруына, дұшпанның iс-әрекетiн бақылайды, жаудың қарулы басып кiруiне тойтарыс беруге дайындалады. Оқ астында қалған шекарашылар, оқ жаудырған аумақтан жасырын түрде шығады.
Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы оларға жауап беру оғын атуға тыйым салынады.
308. Мемлекеттiк шекараны бұзудың қарусыз арандатушылық жолын қолданбай кесумен тоқтатылады.
Қазақстан аумағын қасақаналық пен кiрген қарусыз азаматтар тобының соңынан, арандатушылар тобы өткен аудан аумағын және шектес мемлекет шекарасынан iргелес жерлерге, шекара нарядына бақылау жүргiзедi, шекара заңсыз өткендерге ескерту жасап және оларды қазақстан шекара аумағынан тез кетуiн талап етедi. Арандатушы келген аудан аумағына, дербес бақылауын тағайындайды, ол шекара арандатушылардың арасында әскери қызметшi, сондай-ақ шектес мемлекет шекарасына жақын жерде әскери бөлiмшелер, топтар жоқтығын анықтайды.
Кейбiр жағдайларда застава бастығының нұсқауына сәйкес, застава резерв наряды келгенше шағын азамат топтарын шекара нарядшысы ұстап тұрады және оларды застава тылы учаскесiне жiберiлмейдi. Осы мақсатты орындау үшiн инженерлiк қоршаулармен түтiн түтетудi қолданады.
Дұшпанның қазақстан аумағына өтiп кiрген топтарымен тiкелей қақтығысудан жалтару керек.
Арандатушылардың жолын кескенде атысты болдырмауға және шекарашылар дұшпанның қолына түспеу шараларын сақтандырып және оларға соққы беруге дайын тұру керек.
309. Мемлекеттiк шекарада қарусыз арандатушылық кездессе /қазақстан шекарашыларына наразылық көрсетiп, шекара арқылы, заттарды лақтыруы мүмкiн/ мұндайда шекарашылар тасада отырып бақылау жүргiзiп, барлық шекарада болған ахуалды застава бастығына баяндайды. Шекара арқылы лақтырылған заттардың қай жерге түскенiн және нендей заттар екенiне шекарашылар бақылау жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы аумағына /заңсыз кiру немесе шекара белгiлерiн ауыстыру, қасақаналықпен малдарды айдап жiберу, көптеген халық топтарынан шекараны басып кiруi және жекелеген учаскеге өтуi/ жағдайында шекара нарядшысы шұғыл застава бастығына баяндайды және оның нұсқауы бойынша iс-қимылға кiрiседi.
310. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қарулы басып кiруге және арандатушылық жолын кесудiң тойтарыс берiлген соң, дұшпанның заңсыз шекара шебiн бұзғанын дәлелдеу үшiн, шекара күзетiнде наряд, барлық дәлелдi мәлiметтердi жинап және шекара бұзушының iзiн сол қалпында сақтауына шара қолдануы қажет.
Сегiзiншi тарау
Бүркеме /жасырыну/
311. Бүркеме - мемлекеттiк шекараны күзетудi дұрыс атқаруда табысқа жеткiзiлетiн ең маңызды әдiстiң бiрiнен саналады. Бүркемелiктiң негiзгi мақсаттары: дұшпанға шекара наряды орналасқан жерiн бiлдiрмеу; дұшпанды бағыт-бағдардан ауыстыру; қарулы басып кiрген дұшпанға және оның арандатушыларына кекеткен тойтарыс беру.
Бүркемедегi шекара нарядының негiзгi қағидасы: бүркемеленген бәрiн көредi, ал оны ешкiм көрмейдi.
312. Бүркемедегi шекара нарядының жеңiске жетуi мынада: қызмет бабында наряд құпиясын сақтау, шекара учаскесiнде орын ауыстыру мен күзет орынын жасыру, қырағылық пен басқа көзге түспейтiн жерлердi және жергiлiктегi заттарды пайдаланып бүркемелену, дыбыс және жарық бүркемелiктi құралдарын дұрыс пайдаланып, байланыс құралдарын қолданғанда бүркемелiк тәртiбiн қатар сақтау қажет.
313. Шекара наряды бүркеме жабдықтарын жасау үшiн - бүркеме киiм, табельдiк құралдарды және жергiлiктi материалдар /көл астындағы құралдардың бәрiн пайдаланады.
Шекара нарядтарының бүркемелi пiшiндi киiм-кешектерiн /жазғы және қысқы/ бүркемелi әскери бешпет шалбарын пайдаланады. Былайғы уақытта далада бешпет шалбарды киюге тыйым салынады.
Дала жайшылық киiмдер және бүркемелi тарлы маталар машиналарды, оқпана және жасырын паналарды бүркемелеу үшiн қолданылады.
Жергiлiктi жағдайға байланысты қолданылатын бүркемелi материалдар: ағаш бұтақтарымен шыбық-шөпшектер және басқа да қолды материалдар.
314. Шекара нарядшылары күзет қызметiн барарда және одан қайтып заставаға оралғанша, бүркемелiкпен жүредi. Бүркемелiктi ұйымдастырғанда, аға шекара нарядшысы мыналарға көңiл аударады: бүркемелiкке табельдiк және қолдағы құралдарын пайдалану ретiне, қарудан және техниканы қалай бүркемелеу керектiгiн, нарядтың қозғалу және ашық учаскелерден өткенде қалай бүркемеленiп жасырын өту тәртiбiн; наряд күзет орнына тұрғанда қалай бүркемелеу керектiгiн түсiндiредi.
Аға шекарашы жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, бүркемелiктi өзi ұйымдастыруға мiндеттi.
315. Шекара нарядшысы күзет учаскесiмен жүрген кезде, бүркемелеудiң ережесiн және жүрудiң мына тәсiлдерiн сақтауға тиiстi:
- күзет учаскесiндегi жер бедерiн шебер пайдаланып, дөңестi және ашық жерлерге жоламай, айлы түнi жер бетiндегi заттың көлеңке жағымен және жарық түскен жерден тездеп өту керек;
- жазық жермен өткенде жер бетiндегi шөптердiң мейлiнше бүркемеленiп қасиетiн және жер қыртысын тиiмдi қабылдау;
- орман iшiнде ағаштардың көлеңке жағына және ағаштардың тасасымен жүру;
- сыбдырлатпай, шусыз ақырын жүру, қатты жерде өкшелеп, жұмсақ жердi табанының жұмсақ жерiмен басып жүру;
- су өткелiн кешiп өткенде, алдымен аяғыңды ақырын суға батырып, содан соң алға жылжу;
- қалың жыныс немесе қамыс арасымен өткенде олардың жоғары жағының шайқалуын бiлдiртпей, бұтасын жан-жаққа ажыратып, еңкейiп ақырын өту керек.
Шекарашы наряд қызмет атқаратын орнын және қолындағы қару мен техникасын және қызмет иттерiн қолындағы бар құралдарды шебер пайдаланып бүркемеленуi қажет. Олардың жердiң бетiндегi заттардың көлеңке жағына, тоғай түбiне, төбелi /жоталы/ жердiң етегiне, табиғи қыртыстарды пайдаланып орналасуы қажет. Ашық жерге орналасуға ешуақытта болмайды.
Шекара нарядының қайта орналасқаны дұшпанға бiлдiрмеу үшiн, бүркемелендiрудiң бiр-ақ түрiн қолданып, бiр орында ұзақ тұруға болмайды, сондықтан орындыға, тұратын да айнымалы жасауы керек.
316. Шекараның наряд дыбыстық және жарық бүркеменi түнгi кезде қатаң сақтау қажет.
Дыбыс бүркемелiгiн сақтамау - ол шекара нарядына өте қауiп туғызады, сондықтан ешуақытта дыбыс шықпауы қажет. Ол үшiн: күзет учаскесiнiң жер бедерiн, ондағы кедергi болатын заттарды өте жақсы бiлу керек; қару-жарақ және жабдық заттар сылдырламауы қажет; ақпарат алмасқанда сыбырлап сөйлеу керек немесе ымдап алмасу; қозғалыстағы двигательдiң шуын азайту қажет.
Шекарашылардың әруақытта есiнде болуы қажет: байланыс құралдары арқылы хабарласқанда дұшпан тыңдауы мүмкiн. Наряд радио немесе байланыс құралы сөйлесуiне белгiлi уақытта жүргiзiлуi бұйрықта көрсетiлген уақытта. Сөйлесулер қысқаша және жергiлiктi заттардың атымен аталуы немесе шекара нарядына белгiлi шартты белгiлеп атау.
Жасырын тұрған шекара нарядының тұрған жерiн бiлдiрмеу үшiн барынша жарық бүркемесiн азайту қажет. Ол үшiн автокөлiктердiң және бронетанк, бронетехниканың iшкi және сыртқы жарық беру аспаптарына бүркемелеу орнату, прожектор сәулесiн және iз шалу жарық беру құралдарын шебер пайдалану, сигналдық және сәуле түсiретiн патронды құрамдар үлгiлерiн шебер қолдану қажет.
317. Мемлекеттiк шекара бұзушылардың iзiне түсiп қудаламағанда және оларды ұстауда, iздесу салғанда, шекара нарядшылары жер жағдайын ой-шұқырын және бетiндегi заттардың бүркемелiк қасиетiн шебер пайдаланып, дыбыс және жарықтандыру бүркемелерiн пайдаланып жылжуы қажет.
Шекара наряды шекарадағы қоршау /дұшпанды матау/ орнында бүркемелiктi дұшпан сезбейтiндей болып тұруын жасау керек. Қоршау шебiнде нарядтың қару-жарағымен және қызмет иттерiмен ашық жерге орналасуына тыйым салынады.
318. Қарулы басып кiруге және арандатушылыққа тойтарыс беру кезiнде шекара бүркеме жасау мақсатына мыналарды орындауға мiндеттi:
- қарулы басып кiруге /арандатушылыққа/ тойтарыс беру мақсатында, дұшпанға көрiнбейтiн жерге орналасу;
- жер бедерiнiң және жер бетiндегi заттар бүркемелiк қасиетiн пайдаланып, дұшпанға оқ атуға оңтайлы және шекарашылар бiр-бiрiне оқ жаудырмайтындай етiп орналастыру;
- басқа тұрғыға шекара нарядын көшiру айласы жасырын түрде жүргiзiлiп және ол жер жауға көрiнетiн нысана болмауы қажет.
319. Шекара наряды мемлекеттiк шекара күзетiн атқарғанда бүркемелiк тәртiптi сақтауға тиiстi. Бұның әрбiр шекарашының барлық қажеттi әдiстердi және бүркемелiк ережелердi нақты қолданып, нарядын темiрдей әскери тәртiптiлiктi сақтағанында және аға бүркемелiктi мейлiнше орындай бiлуiнде. Шекара нарядының бiреуi, шекара күзетiндегi, бүркемелiк тәртiбiн бұзатын болса, онда жауынгерлiк тапсырманы орындаудың бүлiнгенi.
Тоғызыншы тарау
Шекаралық iзшi және iзшiлдiк режимi
320. Шекаралық iзшi - шекара қызметкерiнiң шеберлiгiнiң негiзiн құрайтын бөлiмi болып есептелiнедi. Iзшiлдiк шеберлiк - iзге ұдайы назар аудару, зер салу, көп уақыт бойы дағдыланудың және зерделi қызмет iстеудiң нәтижесiнде iзшiлдiк шеберлiкке жетедi.
321. Шекара нарядшы мемлекеттiк шекараны бұзушыны табу және оны айырып танылатын белгiлерiне жататындар: iздер, инженерлiк қоршаудың бүлiнуi /үзiлуi, сымдардың созылуы немесе сымдардың тұйықталуы/, сымқоршауы астын қазу, астына кiретiн тесiк және басқа бөтен заттар, бұзушы адамның белгiлерi /шөптер жапырылуы, қамыс арасындағы саңылау, ағаш бұтақтарының сынуы, өшкен алаң, жаңа пайда болған немесе жоғалған заттар, хайуанаттар және құстардың әдеттен тыс өзгерiстерi және басқа да шекараның бұзылуына байланысты болған немесе оны бұзуға тырысқан өзгерiстер.
322. Iздер үш негiзгi топқа бөлiнедi: адамның iздерi, мал iздерi, көлiк құралдарының iздерi. Түсу ерекшелiктерi бойынша iздер көлемдi /басылған/ және сыртқы /қабатталу немесе қыртысталу/ болуы мүмкiн.
323. Жерде және жергiлiктi заттарда адам аяғының, қолдардың және денесiнiң басқа бөлiктерiнiң iздерiн, сондай-ақ олар қолданатын заттардың iздерiн қалдыруы мүмкiн.
Мемлекеттiк шекара бұзушылар iз-қадағалау алқабында және жергiлiктi жерде көбiнесе аяқтарының iздерiн қалдырады. Олар формасымен және табан /аяқ киiм/ iз таңбасының мөлшерiмен, iздер жолын, олардың айыру белгiлерiмен ерекшеленедi.
324. Адамның табан iзi - iздiң жалпы ұзындығымен, табан сүйектерiнiң енiмен, өкше енiмен және табанның ең енсiз жерiнiң өлшемiмен өлшенедi; аяқ киiм iзi - iздiң жалпы ұзындығының, табан бөлiгiнiң ендiгiмен, өкше ендiгiнiң өлшемдерiмен қажет болса өкшенiң ұзындығы, ұстап ұзындығын, табанның /3 қосымша/ бөлiктерi аралық ендiгi мен ұзындығы өлшенедi.
325. Бiрiнен соң бiрi басылған iздердiң жиынтығы iздер жолы деп аталады. Адам аяғының iздер жолының элементтерi /4 қосымша/ болып табылатындар:
- қозғалыс сызықшасы - сол аяқпен оң аяқтың арасында өтетiн ойдағы тiк /осьтiк/ сызықша;
- қадам ұзындығы - сол аяқпен оң аяқтың бiрiнен соң бiрi қалдырылған бiрдей екi нүкте арасындағы арақашықтық;
- табанның бұрылу бұрышы - қозғалыс сызықшасы мен табан iзiнiң осi арасындағы бұрыш;
- аяқты қоса ендiлiгi - сол және оң аяқ арасындағы ендiк арақашықтық;
- жүру сызықшасы - өкшенiң бастырылған iздерiнiң орта нүктелерiн бiрiнен соң бiрiн бiрiктiретiн сызықшасы.
Iздер жолы бойынша мемлекеттiк шекара бұзушының бағытын және қозғалу жылдамдығын, оның жынысын, дене күйiн және жүрiсiнiң ерекшелiктерiн, сондай-ақ бұзушылар санын, олардың iздерiнен әдетте кездесетiн кейде кездейсоқ кездесетiн жерлердi бiлуге тиiстi, жануарлардың және құстардың жүрiс тұрыстары бойынша күзету учаскесiнде мемлекеттiк шекара бұзушылардың пайда болуын дұрыс қорытындылау жасай бiлу, сондай-ақ жануарлардың iздерiн оларға ұқсатылып жасалған бұзушылардың iздерiнен ажыратып бiлу. Учаскедегi әрбiр жаңа құбылыстар /шошыған құстар мен аңдар, шу, кейбiр дыбыстар/ шекара нарядының көңiлiн аулауға тиiстi және олармен мұқият зерттелуге тиiстi.
326. Жануарлардың iздерi төрт топқа бөлiнедi: қостұяқты емес, қостұяқты, саусақпен және табанмен жүретiндерге.
Қостұяқты емес жануарлар iздерiн мүйiз қабырғасын төменгi жақтарын басып қалдырады. Қостұяқты жануарлардың басылған iздерi екiге бөлiнiп, қозғалу жылдамдығы кезiнде тұяқтың екiге бөлiну бұрышы жүретiндердiң жолдары түзу тiзбек болып көрiнедi, ал аяқтарының iздерi бiрiнен соң бiрi сызықпен орналасады. Табанмен жүретiндердiң алдыңғы аяқтарының iздерi артқы аяқтарының iздерiмен толық жабылады.
Шекарашылар табиғатқа көңiл аударуға, застава учаскесiнде ұдайы тұратын /ұсталатын/ жабайы және үй жануарларын, олардың iздерiн және жануарлардың соңына қатысты шекарашыларды бағыттан адастыруына iз-қадағалау алқабы арқылы өту кезiнде әртүрлi айлалар, сырғауыл, ағашаяқты, ағаштарды және басқа да заттарды қолданады. Олар iз қадағалау алқабынан өтудiң әртүрлi әдiстерiн iздерiн жояды, жануарлардың iздерiн жасайды және өзге айлаларды қолданады.
327. Көлiк құралдары жергiлiктi жерде екi iздi жол жағасының дөңгелектердiң /гусеницалардың/, тежелу және тоқтау iздерiн, сондай-ақ су батпақ, техникалық май тамшыларын қалдырады.
Көлiк құралдарының түрлерi дөңгелектерiнiң саны және орналасуы, екi iздi жолдың ендiгi және дөңгелек iздерiмен протектор суретiнен /трактердің басылған іздерiнен/ анықталады.
328. Мемлекеттiк шекара бұзушылар өздерiнiң iздерiн жасыру үшiн iздерiнiң қозғалу бағытына және шекараны бұзушылар жүкшелерi мен немесе жүксiз қозғалуларын анықтауға болады. Бұл үшiн ақырын жүрген ер адамның қадам ұзындығы 80 см, тез жүргенде - 90 см, жүгiрген кезiнде - 100 см, құрады. Әйел адамның қадамы ақырын жүрген кезде әдетте 55-60 см тең. Кәрi және ауру адамның қадамдары қысқа болады.
329. Мемлекеттiк шекара бұзушылардың iздерiн тапқаннан кейiн шекара наряды осы жерге жататын жердi қарауға және iз-қадағалау алқабын iздер табылған жерден екi жаққа қарай басуын iздердi /керi қайтатын/ анықтау мақсатында тексеруге, табылған iздердi реттеуге, сондай-ақ белгi беру жиынтығының /жүйесiнiң/ қоршауларын қарауға тиiстi.
Аға шекара нарядшысы iздердi зерттеу кезiнде:
- iздер жолын оң жағымен 40-50 см. қашықтықта шектеушi сызықшамен сызуға;
- жолдың элементтерiнiң ерекшелiктерiн және жалған iздерiн айыру белгiлерiн анықтауға;
- қозғалу бағыттарын, бұзушылар санын және iздерiн ескiлiгiн белгiлеуге мiндеттi.
Iздердi зерттеу жағдайларға сәйкес және бұзушыларды iздестiру iзiне түсу мен ұстауы бойынша iс-әрекеттерге зиян келтiрмей жүргiзуге тиiстi, барлық жағдайларда да iздердi зерттеу аз уақыт алуға тиiстi.
330. Iздердi зерттеу кезiнде шекарашылар келесi ережелердi сақтауға мiндеттi:
- iздер жолын тек қана оң жағынан қарауды, бұл кезде iздi таптауға және қалған немесе тасталған заттарға тиiсуге болмайды;
- iз қадағалау алқабында қалдырылған iздердiң барлығы қаралады, бұл кезде iздерге мүмкiншiлiк бойынша күте қарсы қарайды;
- қол шаммен пайдалану кезiнде iздердi олардың басылған ерекше белгiлерiнiң бәрi жақсы көрiнуi үшiн әртүрлi бұрыштан жарықтандыру;
- жеке iздердi зерттеп отырып ең ерекше белгiлерi бар өте анық басылған iздердi анықтау және оларға көңiл бөлудi шоғырландыру;
- мемлекеттiк шекара бұзушылардың қозғалу бағытын, олардың санын және iздердiң ескiргендiгiн дұрыс анықтау үшiн бiрнеше ұқсас белгiлердi табу керек.
331. Мемлекеттiк шекара бұзушылардың қозғалу бағыттары жолдың элементтерi және басылған iздер бойынша анықталады.
Жол элементтерi бойынша қозғалыс уақыты қозғалу сызықшасын, қадам ұзындығын, аяқ қою ендiгiн және табанды бұру бұрышын зерттеу барысында анықталады.
Басылған iздер бойынша қозғалыс бағыты келесi белгiлер бойынша анықталады:
- аяқтың басының немесе өкшесiнiң ең үлкен тереңдiгi, сүйретiлуi /өкшемен жердiң беткi қабатын жылжыту/, сүйретiп шығару /аяқтың басымен жердiң беткi қабатын жылжыту/ қозғалу жағына қарайды;
- iздiң түбiндегi жердiң қабаты қозғалыстан қарсы жағына бағытталған;
- жердегi шөптiң қисаюы, батпақ жердегi тамшыларының аяқ қозғалған жағына, ал тастардың /жердiң қаттылары/ - қозғалысқа қарсы жағына қараған;
- шаңғымен қозғалған кезде шаңғы ағаштарының iзi /қардағы сызық/ үшкiр жағымен шаңғышы қозғалу бағытына қарсы қараған; шаңғымен таяқсыз қозғалған кезде шаңғының "П" түрлi басылған iзi ашық жағымен қозғалу жағына қараған.
332. Iз-қадағалау алқабынан айлалар қолданып өткен кезiнде мемлекеттiк шекара бұзушылардың қозғалысының бағыттары келесi белгiлермен анықталады:
- iздердi ағаштың бұтақтарымен, сыпыртқымен және басқа да заттармен бiтеген кезде - сыпыру iздерi доға түрлi шеттерiмен шекара бұзушылардың қозғалыс жағына қараған, iздi бiтеу көлденең тiлiктерiнiң шұқырларының бұзушы жүрген жақтың шеттерi дүзуiрек болады;
- шекара бұзушының арқасымен алдыға жүрген кезде - тәртiп бойынша, қозғалу сызықшасы қисық, қадам әдеттегiдей қысқа, табанды бұру бұрышы бiркелкi емес, өкшенiң басылу тереңдiгi аяқ басынан үлкенiрек, iздiң түбiндегi топырақ итерген кезiнде қарсы жаққа қарай сырылуы, аяқты шығару өкшеден басталады және қозғалыс жағына бағытталады;
- қырындап аяқты аяққа немесе аяқты алып жүру кезiнде iздiң шеттерi қиғаштанады, күш салып жылжыған кезде топырақтың артқа қарай қозғалуы көрiнедi, басылған iздiң шұңқырлау жағы қозғалу жағына бағытталған;
- iз-қадағалау алқабынан секiрiп өткен кезде - күш салып жылжыған жердегi топырақ, тастар немесе жердiң қаттылары қозғалысқа қарсы жаққа сырылады;
- iз-қадағалау алқабынан қада немесе ағашаяқтың көмегiмен өткен кезде - шұңқырлар және шекара бұзушы түскен жерде басылған iздiң болуы, бұл кезде топырақ сырылады және қозғалыс жағына қарай тығыздалады;
- iз-қадағалау алқабынан маттарды, киiздi, сырғауылды, ағаштарды қолданып өткен кезде - топырақтың сырылуы және заттардың қозғалу iздерi қозғалыс жағына бағытталған.
333. Мемлекеттiк шекара бұзушылардың автомобиль /машина/ қолданған кезiнде олардың қозғалыс бағыты көлiк құралдарының қатырылған көлiк құралдарының қайырылған iздерi бойынша анықтауға болады, ол үшiн: екi iздi жол, Әдетте, жолға қатысты оң жағында орналасатынын, машинадан түскен сұйықтық машиналары жол бойынша ұзыншақ дақ болып жайылады; үшкiр бөлiгi қозғалыс жағына қарайды; шалшық судан өткен кезде дөңгелектер су мен батпақты екi жаққа және алдыға, қозғалу бағыты бойынша желкеуiш тәрiздi етiп шашылады, ал дөңгелектердiң су iздерi машина қозғалған жағына жүргiзедi; тежеу iздерi машина қозғалған жағынан күрт үзiлiп және келе жатқан жағына байсалды түседi; дөңгелектердiң тұрып қалуы кезiнде топырақтың бiр бөлiгi машинаның қозғалыс жағына қарсы лақтырылатынын бiлу керек.
Арба көлiгiнiң қозғалу бағыты жегiлген жануардың iздерi бойынша анықталады.
334. Мемлекеттiк шекара бұзушылардың санын iз жолдарының немесе жолдардың элементтерiнiң өзiндiк ерекшелiктерi бойынша және бұзушылардың iз-қадағалау алқабынан өту кезiнде айлаларды қолдануды /бiр бұзушы екiншiсiн көтерiп өткiзу кезiнде - аяқ қойылуынан, қадам әдеттегiден қысқа және iздердiң басылуы тереңiрек; iзбен iзге басып қозғалу кезiнде - iздер әдеттегiден тереңiрек басылады, iздiң түрi анық емес шеттерi саты тектес, iздiң түбiндегi топырақ бiр адамы қозғалған кезiнен тығыздау болып келедi/ көрсететiн жеке басылған iздермен анықталады.
335. Iздiң ескiргендiгiн өзiнiң жаңа iзiмен табылған басылған iзбен салыстырумен анықталады.
Жұмсақ шара басылған iз 1-1,5 сағаттан кейiн көрiнiсi анық, шеттерi үшкiр және тiк болады.
Бұлтсыз күнi iздiң түбiнде 4-5 сағаттан кейiн жарылулар пайда болады, шеттерi тегiстеледi және шамалы түседi.
Шабындықты және орманды жерде, шөп өскен жерлерде iз 3-4 сағатқа дейiн ол құрғақ күнi 30 минуттан 1 сағатқа дейiн сақталуы мүмкiн, жаңадан басылған iздi шөп толық басылады.
Ауа температурасының және желдiң әсерiнiң астында 3-4 сағаттан кейiн iздiң басылған жерiнің түсi қараяды, оның iшiнде жарылыстар, шаң және ұсақ топырақ пайда болады.
Қатты жаңбырдан кейiн жерде қалған iздерi жайылған түрлi болады, iз-қадағалау алқабында тайғанау белгiлерi көрiнедi, аяқ табанының басылған белгiлерi ұзара түседi.
Тасты жердегi - iздiң ескiлiгiн жылжытылған тас астындағы жердiң ылғалдылығымен анықталады. Ылғалдығы 1-1,5 сағаттай сақталады.
336. Мемлекеттiк шекара бұзушылардың үлкен шам iздерiне ұқсатылған iздерiн келесi белгiлермен айыруға болады: басылған iздiң басылуы олардың табиғи тереңдiгiне сәйкес келмейдi, жүрiс сызықшасы бүлiнген, қадамы қысқа, алдыңғы және артқы аяқтарының iздерi жасанды орналасады, iзi қадағалау алқабы арқылы қозғалу кезiндегi жердiң сырылуы онша көп емес.
Ұсақ жануарлардың iздерiне ұқсастырған кезде қандырылған белгiлер табиғи iздерден тереңiрек басылады, алдыңғы және артқы аяқтарының iздерiнiң басылуының өзара орналасуы сәйкес келмейдi, қадам ұзындығы және аяқтарды қою ендiгi жануарлардан үлкен.
337. Iздердiң және басқа да мемлекеттiк шекараның бұзылған белгiлерi анықталған жерлер белгiленуге тиiстi. Бұл үшiн шекара наряды қол астындағы құралдарды /бұтақтарды, тастарды, қамысты/ оларды оң жағынан табылған iздерден 1-1,5 м қашықтықта қойып қолданады. Өзiнiң қозғалу бағытын қарау табылған iздi негiзгi белгiлейтiн заттық болатын көрсеткiштен көрсетедi.
Атмосфералық құбылыстардың әсерiнен iздердi сақтап қалу үшiн қоластындағы немесе арнаулы заттарды қолдана отырып наряд екi-үш өте маңызды және анық басылған iздердi табуға мiндеттi. Iздердi қоқсытатын немесе ерекшелiктерiн жоятын заттармен жабуға болмайды.
338. Қызметiн атқару кезiнде шекара нарядтары iздiк тәртiптi қатал сақтауға мiндеттi.
Iздiк тәртiптi ұстау мақсатында нарядтар: iз-қадағалау алқабынан және басқа да қадағалаушы құралдардан өтуi /көлiкпен өту/ тәртiбiн, iздердiң жабылу әдiстерiн және жабылған iздердiң белгiлеу шартты белгiсiн бiлу және қатал сақтау, қыста тек қана шаңғы жолымен жүруге, iз тәртiбiнiң анықталған бұзушылықтары туралы застава бастығына дереу баяндау, сондай-ақ бұл туралы кездесетiн нарядтарды хабарландыруға мiндеттi.
339. Шекара нарядтары, жергiлiктi халық iз қадағалау алқабынан өтудi /көлiкпен өтудi/ тек қана белгiленген жерлерден жүзеге асырады, iз қадағалау алқабынан белгiленген жерден тыс өтуге /көлiкпен өтуге/ жағдаймен туындаған /мемлекеттiк шекараны бұзушының iзiне түскенде, көршiлес нарядтарға көмек көрсеткенде, апат кезiнде/ жағдайлардан басқасына рұқсат етiлмейдi.
340. Қадағалаушы құралдары арқылы өту iздерi /көлiкпен өтулер/ белгiленген әдiспен жабылуы қажет. Iз-қадағалау алқабынан өту үшiн арналған жерлердегi iздердiң жабылуы одан әрбiр өткен сайын, ал ықпалды қозғалыс кезiнде - ол тоқтатылғаннан кейiн жүргiзiледi. Тәулiктiң түнгi уақыты түскенше барлық iздер жабылуға тиiстi.
Жағдайдан туындайтын жағдайларды iз-қадағалау алқабынан өту кезiнде наряд өзiнiң iздерiн белгiленген белгiмен iз-қадағалау алқабынан өткен жердiң екi жағынан белгiлейдi. Бұл iздердiң жабылуы кейiн осы немесе басқа нарядты застава бастығының рұқсатымен жүргiзедi.
Iздер тұрпаты немесе застава бастығы көрсеткен сурет жасаумен
пiшiндеушiнiң көмегiмен жабылуы мүмкiн. Iздердi жабу құралдарының
сақталу органдары арнайы жабдықталуы, жасырынды және тек қана
шекарашыларға мәлiм болуға тиiстi.
Iз-қадағалау алқабындағы iздердi қоластындағы заттармен жабуға,
сондай-ақ жергiлiктi халық және басқа да тұлғалардың қатысуымен
iздердi табуды жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.
Оныншы тарау
Шекара нарядтарында қызметтiк
атқару кезiндегi қауiпсiздiк шаралары
1. Жалпы ережелер
341. Шекара нарядтарында қызметтiк атқару кезiнде қауiпсiздiк шараларын сақтау; мемлекеттiк шекара күзетiнде берiлген бұйрықты нақты орындау мен қару-жарақ пен техниканы, инженерлiк құрылыстарды және қоршауларды, қызметшi жануарларын қолдану кезiндегi қауiпсiздiк шараларын мықты бiлу және қатал сақтаумен; шекарашылардың жоғары әскери тәртiптерiнiң және арнайы дағдыларымен, олардың күндiз және түнде және ауа райының барлық жағдайларында барлық жерде iс-қимыл жасай бiлуiмен нарядшының қоластындағылардың қауiпсiздiк шараларын орындауына ұдайы қадағалау жасаумен жетiлдiрiледi.
342. Қызмет атқару кезiнде қауiпсiздiк шараларын сақтау мақсатында шекарашылар: күзетiлетiн учаскенiң ерекшелiктерiн және ауа райының әсерiне жергiлiктi жердiң мүмкiн өзгерулерiн, қозғалу үшiн және қызмет атқаруға қауiптi учаскелердi /жерлердi/ және олардың өту немесе айналып өту тәртiптерiн бiлуге; учаскеден заставаға, жылыту пункттерiне немесе басқа да баспаханаға шығудың азимутын бiлуге; ауа райының болжамын, желдiң ерекшелiктерiн және басымды бағытын және жергiлiктi белгi бойынша ауа райының мүмкiн өзгерiстерiн анықтай бiлуге; су кедергiлерiнен және батпақтанған учаскелерден өту кезiнде өту, құтқару және қоластындағы құралдармен қолдана бiлуге; апаттардың /құлаудың, опырылып құлаудың, қарлы борандарының, су тасқынының/ жерлерiн, пайда болуынша мүмкiн себептер мен белгiлерiн, олардан қорғану әдiстерiн және зақымдалғандарға көмек көрсетудi бiлуге; белгiленген киiм формасы мен жинировканы қатал сақтау, қару-жарақпен, техниканы және қызметшi жануарларымен қолданған кезiнде қауiпсiздiк шараларын бiлу және нақты орындауға мiндеттi.
2. Қару-жарақ пен техниканы қауiпсiз
қолдану негiздерi
343. Барлық шекарашылар оларға бекiтiлген қару-жарақтың құрылысын жақсы бiлуге, одан ашу әдiстерi мен ерекшеліктерiн мүлтiксiз меңгеруге, қару-жарақты қолдану кезiнде оны қарау, оқтау және оқсыздандыру тәртiбiн қатал сақтауға және кездейсоқ атылуын болдырмауға мiндеттi.
Аға нарядшы ерiксiз оқты оқшантайға жiберуге, адамдарға және малға қару-жарақты оқтауға немесе оны адамдар болуы мүмкiн жерлерге бағыттауға рұқсат етiлмейдi.
344. Радиолокациялық станцияларды қолдану кезiнде электр тоғымен зақымданбау үшiн шекара нарядының құрамына кiрмейтiн адамдарды жұмыс орнына кiргiзуге; аспаптардағы блокировкасын шешуге немесе өшiрiп тастауға және уақытша қосқыштар жасауға; станцияларда қорғаушы сырттарын, қақпақтарын және торларын шешiп, сондай-ақ қоршаулары, резеңке төсемдерiн және басқа да қорғаушы құралдарын алып тастап жұмыс iстеуге; тоққа қосылған жерiнде жөндеу алдын алу және басқа да жұмыстарды орындауға; сәйкес келмейтiн сақтандырғыштарды қолдануға және оларды арнайы шешушiлерсiз кернеу астында алмастыруға, монтаждық бұзылған жағдайында уақытша қосуларды қолдануға; қолдан құрап жасалған тасымалды электрожарықтандырғыштарды қолдануға рұқсат етiлмейдi.
Өте жоғары жиiлiктегi гетрактормен жұмыс iстеу кезiнде толқынды өткiзгiштiң ашық шеттерiн, антенналардың сәуле жiбергiштерi мен шағылғыштарын, толқын өткiзгiш трактiлердiң қосылған жерлерiн және басқа сәулелеу көздерiнiң өте жоғары жиiлiк өрiстерiн жiберушi қосылып тұрған кезiнде қарауға жiберушi аппаратураны қаптарының және электрондарының шешiлген, есiктерi ашық кезiнде қосуға, жiберушi аппаратураны және қоректендiру блоктарының шкафтың iшiне толық кiргiзбей қалдыруға болмайды.
345. Протекторлық станцияларды /қондырғыларды/ қолданған кезде: протекторлық станцияның /қондырғының/ автомобилi /тiркемесi/ астында дөңгелектерiнiң астында тiреусiз немесе қозғалтқыш жұмыс iстеп тұрғанда қандай да болсын жұмыстарды орындауға; қоректендiру қосылған кезiнде алдын алу қарауларын және жөндеу жұмыстарын өткiзуге; қозғалтқыш жұмыс iстеп тұрған кезде генераторды коллекторын тазартуға; доғаның жануына көздерi қорғаушыны кимей бақылауға; желiде тоқтың жоғын анықтаусыз аспаптардың және механизмдердiң электрконтактiлерiне қол тигiзуге; станция /қондырғы/ қақында ашық отты қолдануға рұқсат етiлмейдi.
346. Машиналарды қолдану кезiнде қозғалу қауiпсiздiгiне және адамдарды тасымалдау ерекшелерiн сақтауға бүкiл шекара наряды жүргiзушiнi қосқанда бағынатын машиналардағы ағасы жауапты болады.
Жүк автомобилiнiң кузовында "ернеушiлер" ал ашық машиналарды бақылаушылар тағайындалады. Дербес құрамның автомобильге отыруы және одан түсуi тек қана оң жақтағы немесе артқы ернеу арқылы жүргiзiледi.
Учаске бойынша қозғалу кезiнде жүргiзушiлер /жүргiзушi-механиктер/ және машинадағы ағалар: белгiленген жылдамдықты қатал сақтауға; ылдилардан тар жолдардан, көпiрлерден өрге шығулардан, көк тайғақтарда, жаяу жолаушылар /балалар/ жоғарылаған жерлерден өту кезiнде жылдамдықты машина тоқтап қалғанға дейiн төмендетуге; темiр жолдан келе жатқан поездiң жоқ екендiгiн анықтағанша өтуге болмайтынын ескеруге мiндеттi.
Қозғалу кезiнде кузовта тұруға немесе ернеуге отыруға, қозғалғыш жұмыс iстеп тұрған кезде машинаның iшiнде демалуға, машинаны басқаруға басқа адамдарға беруге, машинаның iшiнде темекi тартуға рұқсат етiлмейдi.
Шекара нарядтарының қармен жүретiн құралдарында белгiленген маршрут бойынша қозғалуға рұқсат етiледi. Шекарашылардың шаңғы, жылы киiм және аяқ киiмдерi болуға тиiстi. Қозғалу кезiнде түбектерге, ағаштарға және тастарға соғылуға болмайды. Түнде және басқа да көрiну жағдайлары шектелген кезiнде қармен жылжитын құралдың жылдамдығы 5-10 км/сағ көп болмауына тиiстi.
Бұзылған қармен жылжитын құралдың, сондай-ақ қозғалғыштың және вариатордың қоршаушы сырты алынған қармен жылжитын құралдарды пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
347. Көлiк құралдарын алып бару кезiнде шекара нарядтарына бос емес жолдан өту үшiн вагонның және машинаның астына кiруге; тұрған ажыратылған вагондардың арасымен, егер олардың ара қашықтығы 5 м аз болса өтуге; машиналардың буферлерiнде, букстерiнде, табалдырығында, вагондардың дүзiк емес тежеулi алаңдарында және табалдырықтарында тұруға; поезге бақылау жүргiзген кезде темiр жолдың үстiнде тұруға, жүрiп бара жатқан құрамға үш метр жақынырақ жақындауға аралас жолдарда тұрған вагондар мен машиналарға сүйенуге; поездың қозғалу кезiнде вагондардың төбесiмен немесе бiр платформадан екiншiсiне өтуге; вагондардың ашылатын есiктерiне жақын тұруға; локомотив кабинасын қараған кезде басқару тұтқаларынан ұстауға рұқсат етiлмейдi.
348. Машиналардың құжаттарда тексеру және қарау үшiн тоқтаған кезiнде шекара нарядтарына: олардың өтетiн бөлiгiнде тұратын машиналарды тоқтатуды жүргiзуге, көлiк құралдарына олардың толық тоқтағанына жақындауға; келе жатқан көлiк құралдарының алдынан жолды кесiп өтуге; белгiленген жерге қою үшiн автокөлiк құралын басқаруға алуға; жолаушылардың құжаттарын тексеру үшiн автомобильдiң табалдырығына, дөңгелегiне тұруға; қозғалтқыш жұмыс iстеп тұрған кезiнде көлiк құралына қарау жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.
349. Шекара шағын катерiнде /шлюпкасында/ қызмет атқару кезiнде шекара наряды үрленген түрде киiмнiң үстiне киiлетiн құтқару кеудешелерiн киюге тиiстi. Шекарашыларға қозғалу уақытында қатары бойынша жүруге, аяғымен банкалардың /отыратын орындарының/ үстiне тұруға, бiр бортта /рубканың төбесiнде/ орналасуға, орын ауыстыруға рұқсат етiлмейдi.
Ауа райының жауын шашын кезiнде ашық палубада тек қана тiкелей қызмет атқаратын шекарашылар, орнатылған қауiпсiз шараларын ақтап болуларына тиiстi.
Ауа райының жаман болған кезiнде аға нарядшы застава бастығына баяндайды және алынған жарлықтарына сәйкес iс-қимыл жасайды.
3. Инженерлiк құрылыстарда, қоршауларды және
байланыс жолдарын қауiпсiз қолдану негiздерi
350. Белгi беру құралдарын және байланыс жолдарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезiнде шекарашылар сәйкес нұсқауларда айтылған қауiпсiздiк шараларын орындауына және өздерiнiң жауапкершiлiктерiн артады.
Белгi беру жиынтықтың /жүйенiң/ сызықша бөлiгiнде және байланыс жолдарында жұмыс iстер алдында шекара наряды индикатордың көмегiмен бөтен көрiну жоқ екенiне көзi жетуге мiндеттi.
Бөтен кернеудi толығымен ашып тастаудан /өшiруден/ кейiн ғана жұмысқа кiрiсуге болады.
Әртүрлi кернеулi электр тоғын жiберетiн сызықшаларына жақындайтын және кесiп өтетiн байланыс жолдарымен жұмыс iстеген кезде, кесiп өткен /жақындаған/ жерлерде байланыс жолының желiлерiн екi жағынан жерге тигiзуге қажет.
Әуе байланысының жолдарын және антенна-дiңгектiк құрылыстарын тексерген кезде шекарашылар сегiз балл және одан да жоғары жел және қарлы-борандар кезiнде қандай да болсын жұмыстарды жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.
Нарядтарға күн күркiреген немесе оның жақындаған кезiнде белгi беру жиынтықтарының /жүйесiнiң/ сызықша бөлiктерiнде, әуе және кабельдiк байланыс сызықшаларында жұмыс жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.
Күн күркiреген кезде ерекше қызметтiк қасиеттiлiк болмаса, микротелефон құбырларын сызықша ұяларына және телефон арқылы сөйлесудi жүргiзудi, байланыс шамдарының желiстерiн және белгi беру жиынтығының /жүйесiнiң/ қоршауларына ұстауға болмайды.
351. Аккумулятормен жұмыс iстеген кезде қорғаушы көзiлдiрiктi, халатты, резеңке қолғапты және алшалғышты пайдалануға қажет. Көздердi және дененiң қорғалмаған учаскелерiн сiлтiнiң тиюiнен сақтандыруға тиiстi. Темекi тартуға және оттың ашық көздерiн пайдалануға дереу аға шекара нарядшыға, заставаға келген соң - өзiнiң командирiне баяндауға мiндеттi. Машинаға және басқа да көлiк құралдарына отырғызылған кезiнде иттерге мұрындық киiледi.
352. Бақылау мұнараларында қызмет атқару кезiнде шекара нарядтары: мұнараға жақындаған кезде iрге тасының тiркеу тақтасын бекiтiлгенiн, тартып тұрушының күйiн және олардың дүзiк екендiгiне көз жетiп тексеруге; көтерiлу және түсудi сатыға бетiмен қарап екi қолдарымен тұтқасынан ұстап жүзеге асыруға; мұнараға шыққаннан кейiн люкты жауып қоюға және оны ұдайы жабық түрде ұстауға мiндеттi. Қоршаудың қатарына сүйенуге және отыруға рұқсат етiлмейдi.
4. Қызмет жануарларын ұстаудың
қауiпсiздiк шаралары
353. Ит қызметiнiң мамандары қызметке шығар алдында, шекарашылардың қабылмау мақсатында, иттiң қасында болған кезiндегi олардың жүрiс-тұрыс тәртiптерiн оларға жеткiзуге тиiстi. Ит қапқан барлық жағдайлар туралы, соның iшiнде маңызды емесiнде, шекарашыны дереу аға шекара нарядшыға, ал заставаға келген соң - өзiнiң командирiне баяндауға мiндеттi. Машинаға және басқа да көлiк құралдарына отырғызылған кезiнде иттерге мұрындық киiледi.
354. Өткен жұмыс iстеген кезде оған ол қарап тұрған жағынан оны алдын ала шақырып жақындауға болады. Жатқан атты көтеру қажет болса, оны шақырып және оған өзiнiң тұруына мүмкiндiк беру қажет.
Отпен қозғалған кезде шекарашылар: ер тоқымға дұрыс отыруын аттың денесiнiң бiр жағына аяқтарын салбыратпауға, аттың тiзгiнiн босатпауға және атты "жиынтықта" ұстауға мiндеттi. Тiк өрге көтерiлу және түсу, тайғақ жер немесе мұздан, сондай-ақ аттың тынымсыздық бiлдiрген жағдайларында, тәртiп ретiнде оны тiк және кенет бұрылыстарға жоламай тiзгiншi ұстап жайлап жүргiзу қажет. Кедергiлерден өту кезiнде, батпақты жерлерден жүру кезiнде және машиналармен кездескен кездерде ерекше абайлықты сақтауға қажет. Аттан түскен кезде атты белбеуге байлауға болмайды.
Аттың жабдықтар дүзiк болмаған кезде атқа мiнiп қозғалуға, таулы жерлерде тағасы алынған аттармен жүруге болмайды.
5. Әртүрлi жағдайда қажеттi
атқарудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
355. Шекарашылар орманды-батпақты жерлерде қызметтерiн атқарған кезiнде, тәртiп ретiнде, жолдардың, соқпақтардың, ормандағы жолдардың бойымен, өзендер, жылғалар, байланыс жүйелерiнiң және басқа да бағдарларды жағалай қозғалады. Алдында келе жатқан оның артынан жүрiп келе жатқан шекарашыны қауiптi жерлер туралы ескертуге тиiстi. Қауiпсiз жерлердi таңдап сақтанып жүру керек.
Шөп басып кеткен құламалардың шеттерi құлама жыралардан өткен кезiнде наряд түсу және көтерiлуге ең көлбеу жерлерiн таңдап, белгiленген қозғалу маршруттарынан бұлтармай жүруге мiндеттi. Бұта арасымен қозғалу алдында қозғалыс жолын көздеп белгiлеп алуға қажет. Шатқал арасынан бұтақтарды ұстап өту қажет.
Батпақ басқан жерлер бойынша төсеулер мен өткелдерден тыс жерлерiнен тек қана жағдай мәжбүр еткен кезде қозғалуға болады. Шекарашыларға батпаққа түсiп кетен достарына көмек көрсетуге ұдайы әзiр болуға мiндеттi.
356. Тауда шекарашылар ауа райының болатын өзгерiстер белгiлерiн, опырылып құлауға мүмкiн жерлерiн, көшкiн қаупiнiң өзiндiк белгiлерiн бiлуге және көшкiн қауiптi жерлерiне жақындамауға тиiстi. Шекара нарядының көшкiнге қауiптi жерлерiне жақындамауға тиiстi. Шекара нарядының көшкiнге қауiптi жерлерiнен өтудi жағдай мәжбүр еткен жағдайларда, олардан шекарашылар, сақтандыру шараларын сақтап кезекпен өтедi. Көшкiнге қауiптi жерлерде қозғалу кезiнде шекарашылар кемесi ережелердi сақтауға; көшкiн бауларын белге орап алып және шеттерiн босатуға; тез жүруге, тек қана қауiптi учаскенiң шебiнен өткеннен кейiн тоқталыс жасауға; алдында жүрiп бара жатқанның iздерiне басып шекарашылар арасындағы белгiленген арақашықтықты қатаң сақтауға; бау айлардың күйiне бақылау жүргiзуге және тыныштықты сақтауға тиiстi.
357. Қыр шөл далада шекара нарядтары учаске бойынша қозғалудың негiзгi маршруты мен азимуттан, тоқтау пунктiн, су көздерiнiң орналасқан жерлерiн, шекара заставасымен байланысу және көршiлес нарядтармен және тiкұшақ экипаждарымен өзара әрекеттесу ерекшелiктерiн, жылу соққысы кезiнде, сондай-ақ улы жылан және жәндiктер шаққан кезде өзiне және өзара көмек көрсету ережелерiн бiлуге су iшу тәртiбiн қатаң сақтауға мiндеттi.
Ыстық күнi шекарашылар қозғалыстың әр сағаты сайын тоқтама жасауға тиiстi. Жылу соққысынан сақтану мақсатында бас киiмдерiн шешуге және ауа қозғалысы жоқ /шұқырларда, ну бұтақ арасында, жел соқпайтын қойнауларда және басқа да жерлерде/ жерлерге тоқтама /демалыс/ жасауға болмайды.
Көшкiнге қауiптi учаскелерден өту кезiнде аға шекара нарядшысы: қауiп туралы ескерту белгiсiн және шекарашылар арасындағы қажеттi учаскелерiнiң шаңғының бекiткiштерiн босатып, бүркеме костюмдерiнiң және кеудешелерiнiң капюшондарын басына киiп және түймелеп өтуiн қамтамасыз етуге; қауiптi учаскесiнен өту кезiнде қауiпсiз жерде бақылаушы қоюға мiндеттi.
Егер шекарашылар көшкiн қозғалыс аймағында қалған жағдайында олар одан шығу шараларын қабылдауға тиiстi, ол шығуға мүмкiндiк болмаған кезде - тастың шығып тұрған жерлерiнiң немесе ағаштардың астында тасалануға кедергi жасайтын жабдықтау заттардан босатылып, қаруды "арқаға" алынған күйiнде тасалануға тиiстi.
Опырылып құлауы және тастың құлауы мүмкiн учаскелерiнен бiр-бiрлеп, бiр баспанадан екiншi баспанаға қозғалып, тау баурайына ұдайы бақылау жүргiзiлiп тез өтедi.
Тауда қызмет атқарған кезде нарядтарға: топырағы сусымалы әр баурайлар бойымен, сайлардың және терең жыралардың шеттерi бойымен жүруге; опырылып құлауды және көшкiндi әдемi жасауға; тау өзендерiнен тыс жерлер арқылы өтуге, күн күркiреген кезде жоғары жоталар бойымен жүруге немесе оларға орналасуға, сондай-ақ жолдың немесе шолғыншы соқпақтарының үстiнен төнiп тұрған тастардың астына тасалануға; опырылып құлауға, көшкiн, жас құлауы, басып қалуы мүмкiн жерлерде демалу мақсатымен тоқтама жасауға рұқсат етiлмейдi.
358. Теңiз /өзен, көл/ учаскелерiнде қызмет атқаратын шекара нарядтары: теңiздегi су көтерiлуi мен қайту өзгешiлiктерiн және уақытын, өзен, көл және өзге де суаттық тәртiбiн; өзеннiң басты фарватерiнiң өтуiн және аралдардың иелiктерге жатуын; су кедергiлерi арқылы өту өткелдерiнiң бар болуын; олардың жабдықталы дәрежесiн және оларды қолдану тәртiбiн; жаға алқабының ерекшелiктерiн /қауiптi жерлерiнiң жуылып кеткен жағаның, тiк түсулердiң, опырылған жерлерiн, сайлардың бар болуын/ және олардан өтудiң немесе айналып өтудiң тәртiбiн; шекара шағын катерлерiнiң /шлюпкаларының/ қозғалуы үшiн қауiптi учаскелерiн; ауа райының болжамын және нақтылы күйiн бiлуге тиiстi.
Нарядтарға: дүзiк емес катерлермен /шлюпкалармен/ теңiзге /өзендерiн, көлге және өзге де суаттарға/ шығуға және өту мақсатына қолайланбаған өту құралдарымен және жабдықталған өткелдерден тыс су кедергiсi арқылы өтуге; құлама жағаға тiкелей жақын жерден жүруге, тасты құлама жардың бойымен түсуге және көтерiлуге, егер жағдай мәжбүр етпесе су кедергiлерi арқылы және мұзбен жабдықталған жерден тыс өтуге; балық аулауға және шомылуға рұқсат етiлмейдi.
359. Қыста шекара наряды қарлы боран және қатты жел жағдайларында iс-қимыл жасауға даяр болуға, нарядтың бүкiл құрамының өмiрiн және денсаулығын сақтап қалуға күрес жүргiзе бiлуге тиiстi. Егер наряд қарлы боранға /дауылға/ түсiп қалса, ол жергiлiктi жерде бағыт тауып ең қысқа жолмен заставаға, жылыту пунктiне немесе басқа баспанаға шығулары қажет. Бағытты жоғалтқан кезде наряд қозғалуды тоқтатады, тоқтаған жерден қоластындағы заттардан баспана жабдықтайды да қарлы боран /дауыл/ басылғанша соның iшiнде болады. Баспана анық көрiнетiн бағдарлармен белгiленедi. Қызмет жануарларын оң жағынан орналастырады, бұл кезде қызмет жануарлары тiкелей баспана iшiнде болуы мүмкiн.
Қарлы боранда нарядтарға жартастардың астында және қарлы "күн қағар" астында орналасуға, сондай-ақ белгiленген маршруттан тыс жүруге рұқсат етiлмейдi. Қарлы боранда /дауылды/ қойған шекарашы барлық жағдайда да төзiмдi, өзiн өзi ұстауға және шаршаған достарын тастамауға мiндеттi.