Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң табиғи монополистердiң iс жүзiндегi шығындарын реттеу мен бақылаудың тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитеті 1996 жылғы 27 ақпан N 2/53 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 20 маусымда N 176 тіркелді. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 465-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң  Тіркеу қызметі комитетінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 465-НҚ бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес Монополияға қарсы органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      ...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Төраға

"Монополияға қарсы органның кейбір 
шешімдерінің күші жойылды деп   
тану туралы" Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу   
агенттігінің 2004 жылғы      
2 желтоқсандағы N 465-НҚ бұйрығына 
қосымша              

Монополияға қарсы органның кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы

      ...
      2. "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің табиғи монополистердің іс жүзіндегі шығындарын реттеу мен бақылаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1996 жылғы 20 маусымда N 176 нөмірмен тіркелген) Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 27 ақпандағы N 2/53 қаулысы...
__________________________________

                         I. Жалпы ережелер 
      1.1. Бұл Ереже "Реформаларды тереңдету жөнiнде Үкiметтiң 1996-1998 жылдарға арналған iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi iс-шараларының кеңейтiлген Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 қаулысына сәйкес, сондай-ақ баға белгiлеу жөнiнде қолданымдағы нормативтiк құжаттар негiзiнде әзiрлендi. 
 

        1.2. Бұл Ереженi әзiрлеудiң мақсаты: 
      - шаруашылық жүргiзушi әрбiр субъект үшiн бағалар мен тарифтердi жеке жеке реттеу iсiне көшуге байланысты шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң табиғи монополистердiң бағаларды сақтау және iс жүзiндегi шығындарды реттеу мен бақылау әдiстерiн анықтау; 
      - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi монополиясыздандыру жөнiндегi экономикалық тұрғыдан негiзделген ұсыныстар әзiрлеу. 
 

                II. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң 
         табиғи монополистердiң қызметiн реттеудiң тәртiбi 
 

        2.1. "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 қыркүйектегi 999 қаулысымен бекiтiлген ережесiне сәйкес баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi органдар табиғи монополияның нақты бiр субъектiсiнiң жұмысына талдау жасау негiзiнде оның қызметiн реттеу туралы шешiмдер қабылдауда. Бұл орайда шығын баптары құрамының негiздiлiгi бағаланады және өндiрiс (өткiзу) шығындары, соның iшiнде жалақы, шикiзат пен материалдардың құны, үстеме шығындар; салықтар мен басқа төлемдер; негiзгi өндiрiстiк қорлардың құны, олардың ұдайы өндiрiсi үшiн қажеттi инвестициялардың мөлшерi, амортизациялық төлемдер; тауарларды (қызметтi) әртүрлi бағалар (тарифтер) бойынша ықтималды сату кезiндегi пайда; алуан қилы тұтынушылар топтарының тауарлар өндiрiлетiн жерден қашықтығы; өндiрiлетiн (сатылатын) тауарлар сапасының тұтынушылардың сұранысына сәйкестiгi; мемлекеттiк дотациялар мен басқа да мемлекеттiк қолдау шаралары назарға алынады. 
 

        2.2. Шаруашылық жүргiзушi нақты субъектiнiң - табиғи монополистiң қасиетiн реттеуде белгiлi бiр әдiстер қолдану туралы шешiм қабылдаған кезде баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi органдар барлық мүдделi тұлғалар табыс еткен ақпаратты қарауға мiндеттi. 
 

        2.3. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi органдардың шешiмдерiнде бағалар (тарифтер), шектi бағалар, өзiндiк құнға немесе негiзгi қорларға (негiзгi қорлар нарықтық баға бойынша бағаланған жағдайда) ректабельдiлiктiң шектi деңгейiн қою жолымен реттеудiң әдiстерi көзделуi мүмкiн. 
 

        2.4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң қызмет салаларында тиiмдi мемлекеттiк саясат жүргiзу мақсатында оларды реттеу туралы шешiмдер қабылдағанда монополияға қарсы органдар тағиби монополия субъектiлерi қатысатын немесе олардың өздерiне байланысты iс-әрекеттерге бақылау жасауы тиiс, сөйтiп тауар тұтынушылардың мүдделерiне, нұсқан келмеуiн, не белгiлi бiр тауар нарығының табиғи монополия жағдайынан бәсекелеушi нарық жағдайына өтуiнiң экономикалық тұрғыдан тиiмдi болуын ойластыруы керек. 
 

               III. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - 
           табиғи монополистердiң iс жүзiндегi шығындарын 
                 және пайдалануын бақылаудың тәртiбi 
 

        3.1. Монополияға қарсы органдар: 
      - баға белгiлеудi реттеу, нарықта мiнез-құлық ережелерiн орнықтыру туралы шешiмдерде көзделген шарттардың сақталуына; 
      - өнiмдердiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнынан кiргiзiлетiн шығындардың құрамы туралы салалық ережелердiң сақталуына; 
      - бағаларға (тарифтерге) қосылатын пайда деңгейiнiң негiздiлiгiне және оның пайдалануына; 
      - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң негiзгi қызметiне қосарлама түрде шаруашылық құрылымдардың құрылуына жол берiлмеуiне бақылау жасайды. 
      3.2. Бақылау жасау кезiнде тексерiлетiн кәсiпорынның қызметiн реттеу жөнiнде монополияға қарсы органдар қабылдаған шешiмдермен танысу және оларға сәйкес реттеу шарттарының дұрыс қолданылуын талдау қажет. 
      3.3. Бiрiншi кезеңде белгiлi бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметiн реттеу жөнiнде шешiм қабылдау барысында табыс етiлген материалдардың негiздiлiгi тексерiледi. 
      3.4. Жобалық өзiндiк құн негiзiнде қойылатын бағалар мен тарифтердi талдауға өнiмнiң iс жүзiндегi өзiндiк құны мен жобалық құнды салғастыру, сотты шығын баптары бойынша ауытқулардың себептерiн айқындау арқылы қол жеткiзiледi. Бұл орайда есептеу калькуляцияларының дұрыстығына назар аударылуы тиiс. 
      3.5. Шығын құрамын талдау кезiнде шығын құрамы туралы белгiленген тәртiппен бекiтiлген салалық ережелердi басшылыққа алу қажет. 
      Бұл ретте: 
      баға түзу кезiнде есепке алынған шикiзат пен материалдар нормаларының iс жүзiнде қолданылғандармен сәйкестiгiн тексеру және материалдық шығындардың көп немесе аз жұмсалғанын анықтау; 
      өнiм берушiлер құрамының өзгеруiне және олардың өзгеру себептерiне байланысты негiзгi шикiзат түрлерi мен материалдар құнының өзiндiк құнның өзгеруiне ықпалын айқындау; 
      жалақы мен үстеме шығындар бойынша iс жүзiндегi шығындардың баға мен тарифтер түзу кезiнде есепке алғандардан ауытқуының орын алуын және оның себептерiн анықтау; 
      өндiрiс көлемiнiң өсу қарқыны мен өнiмнiң өзiндiк құнының деңгейiн салыстыру қажет. 
      3.6. Тексеру кезiнде бағалар мен тарифтер белгiлеу кезiнде есепке алынғандағыдан пайданың не себептi ауытқығанына және пайданың монополияға қарсы органдардың шешiмдерiнде көзделген бағыттарға жұмсалуына айрықша көңiл бөлген жөн. 
      3.7. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң нарықтағы мiнез-құлқына тексеру жүргiзген кезде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң iс-әрекеттерiнде: 
      - нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi меншiктену құқығын немесе реттеу қолданылатын тауарлар өндiрiсiне (сатуға) арналмаған негiзгi қорларды пайдалану құқығын иеленетiн мәмiлелерге; 
      - табиғи монополия субъектiсiнiң қаржысын (соның iшiнде күрделi құрылыс жүргiзу, шаруашылық субъектiлерiн түзу, бiрлескен қызмет туралы басқа шаруашылық жүргiзушiлермен шарттар жасасу жолымен) реттеу қолданылмайтын тауарлар өндiрiсiне (сатуға) салуға; 
      - табиғи монополия субъектiсiнiң реттеу қолданылатын тауарлар қызмет өндiрiсiне (сатуға) арналған өзiнiң негiзгi қорының бiр бөлiгiн басқа бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiге сатуға, жалға беруге немесе өзгеше жолмен беруге рұқсат етуге болмайтыны назарға алынуы тиiс. 
 

                 IV. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге - 
           табиғи монополистерге баға тәртiбiн бұзғаны үшiн 
                   экономикалық санкциялар қолдану 
 

        4.1. Баға түзудiң белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ нарықтағы мiнез-құлық ережелерiн бұзуға жол берген табиғи монополистерге, Мемлекеттiк баға тәртiбiн бұзғаны үшiн экономикалық санкциялар қолданудың тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 наурыздағы N 245 қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес, экономикалық санкциялар қолданылады. 
      4.2. Мына төмендегiлердiң: 
      - өнiмдерге (тауарларға, қызметке) реттелетiн (белгiленген) бағаларды өсiру; 
      - реттелетiн баға бола тұрып еркiн баға қолдану; 
      - калькуляцияға шикiзат пен материалдардың, жалақының және басқа да шығыс баптарының негiзсiз өсiрiлген құнын қосу арқылы өзiндiк құнды түзудiң тәртiбiн бұзу; 
      - өнiмдердiң, (тауарлардың, қызметтiң) құнына iс жүзiнде атқарылмаған жұмыстарды немесе толық көлемде атқарылмай, оның құнында ескерiлгендердi қосу; 
      - өндiрiстi тежеу мен тоқтату, сондай-ақ жасанды түрде тапшылық туғызып, оны қолдау мақсатымен тауарларды айналыстан шығару; 
      - шарттасушы жаққа оның iсiнiң мәнiне жатпайтын шарт ережелерiн тану, (мысалы, өнiм түрлерiмен күштеп сауда-саттық жасау кезiнде немесе әлде бiр қорларға қосымша ақы төлеу); 
      - тауарларға бiрыңғай баға қою туралы өнiм өндiрушiлердiң өзара сөз байласуы (келiсiлген iс-әрекеттерi); 
      - нарықты бөлiсу туралы өнiм өндiрушiлердiң сөз байласуы; 
      - өнiмдерге қолданылып жүрген бағаның негiзсiз арзандатылуы (қымбатталуы); 
      - бағаның көтерiлуi немесе өзгермеуi жағдайында өнiм сапасының төмендеуi; 
      - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң баға белгiлеу саласында тұтынушылардың және (немесе) өнiм өндiрушiлердiң мүдделерiне нұқсан келтiретiн өзге iс-әрекеттерi нәтижесiнде кәсiпорынның заңсыз табыс алуы экономикалық санкциялар қолдану үшiн негiз болып табылады. 
      4.3. Баға белгiлеу тәртiбiнiң, сондай-ақ нарықтағы мiнез-құлық ережелерiнiң бұзылуына тiкелей кiнәлi табиғи монополист кәсiпорындардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгенiндей, әкiмшiлiк тұрғыдан жауап бередi. 
 

                   Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - 
                  табиғи монополистердiң iс жүзiндегi 
                   шығындарын реттеу мен бақылаудың 
                 тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы 
 

        Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң iс жүзiндегi шығындарын реттеу мен бақылаудың тәртiбi туралы Ереженiң жобасын қарап, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi: 
 

        1. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң iс жүзiндегi шығындарын реттеу мен бақылаудың тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса тiркелiп отыр). 
      2. Баға саясаты жөнiндегi бас басқарма (Е.Н.Попандопуло) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң iс жүзiндегi шығындарын реттеу мен бақылаудың тәртiбi туралы Ереженi аумақтық комитеттерге жеткiзсiн. 
      3. Аумақтық комитеттер шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң табиғи монополистердiң iс жүзiндегi шығындарын бақылау жөнiнде жүргiзiлген жұмыс туралы тоқсан сайын ақпар берiп отырсын. 
 

        Комитет төрағасы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады