Қазақстан Республикасы кеден аумағына шетелдiк тауарларды ұқсату үшiн әкелуге кедендiк бақылаудың тәртiбi

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Кеден комитетi 1996 жылғы 3 маусым N 118-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 12 шілдеде N 181 тіркелді. Күшін жойды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2000.03.18. N 93 бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың қазақша аудармасы болмағандықтан орысша мәтінді
               беріп отырмыз.
 
      Во исполнение положений Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона Z952368_ "О таможенном деле в Республике Казахстан" от 20 июля 1995 г. N 2368 приказываю:
      1. Утвердить "Порядок таможенного контроля за ввозом иностранных товаров для переработки на таможенной территории Республики Казахстан" (Приложение 1), "Порядок таможенного контроля за вывозом казахстанских товаров на переработку вне таможенной территории Республики Казахстан " (Приложение 2), "Порядок таможенного контроля иностранных товаров, используемых для переработки под таможенным контролем на таможенной территории Республики Казахстан" (Приложение 3).
      2. Управлению организации таможенного контроля (Качкаеву Е.) организовать работу по выдаче разрешений на переработку в соответствии с таможенными режимами переработки.
      3. Начальникам таможенных управлений по областям и таможен обеспечить неукоснительное исполнение данного приказа.
      4. Управлению финансирования и материально-технического обеспечения таможенных органов (Мухамедов Р.) в месячный срок обеспечить:
      - Таможенный комитет бланками Разрешений на переработку по форме, указанной в приложении 1. Бланки должны быть выполнены на специальной бумаге с защитой от подделки.
      Разрешить таможенным органам для выдачи разрешений на ремонт использовать самостоятельно изготовленные бланки по форме, указанной в приложении 1. Такие документы считать документами строгой отчетности.
      5. Пресс-службе Таможенного комитета (Муратбаева А.) со дня подписания настоящего приказа приступить к его освещению в средствах массовой информации.
      6. Контроль за исполнением данного приказа возложить на первого Заместителя Председателя Таможенного комитета Мельдаханова А.
 
      Председатель 1 қосымша
 
      Осы Ереженiң мақсатында:
      а) "Қазақстан Республикасы кеден аумағына ұқсатуға шетелдiк тауарларды әкелу" терминi ұқсату өнiмдерiн экспорттау кезiнде қайтарылатын әкелу кеден баждары мен салықтары төленiп, экономикалық саясат шаралары қолданылмай, Қазақстан Республикасы кеден аумағына ұқсату үшiн шетелдiк тауарлардың әкелiне алатын кеден режимiн бiлдiредi;
      б) "ұқсату өнiмдерi" терминi Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнген шетелдiк тауарларды ұқсату нәтижесiнде алынған тауарларды бiлдiредi;
      в) "тауарларды ұқсату" терминi:
      - құрастыру, жиыстыру және басқа тауарларға қиюластыруды қосқанда тауар әзiрлеу;
      - тауарларды ұқсату мен өңдеу;
      - қалпына келтiрудi қосқанда тауарларды жөндеу;
      - өндiрiсте пайдаланылатын немесе осындай тауарлардың өзi ұқсату барысында толық немесе iшiнара тұтынылатын болса да, ұқсату өнiмдерiн өндiрудi жеңiлдететiн кейбiр тауарларды қолдану бойынша операцияларды бiлдiредi;
      г) "бақылаушы кеден органы" терминi Қазақстан Республикасы Кеден Комитетi берген рұқсаттың түпнұсқасы сақталатын және ұқсату режимiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асыратын кеден органын бiлдiредi.
      Қалған терминдер Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" N 2368 Жарлығының 18 бабына сәйкес қолданылады.
 
                           1. Жалпы ережелер
 
      1.1. Қазақстан Республикасы кеден заңдарына және осы тәртiпке сәйкес шетелдiк тауарларды (бұдан әрi - тауарлар) ұқсату үшiн әкелу мен ұқсату өнiмдерiн әкету Қазақстан Республикасы кеден Комитетiнiң (бұдан әрi - ҚР
КК) рұқсаты негiзiнде жүзеге асырылады.
      Жөндеу үшiн тауарларды әкелуге рұқсатты Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң қорытындысынсыз осы ережеде көзделген тәртiппен жергiлiктi кеден органдары бередi.
 
      1.2. Тауарларды ұқсатуға әкелудi жүзеге асыратын адам немесе оның өкiлi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiне уақтысында:
      - белгiленген нысандағы жазбаша өтiнiштi (N 1 қосымша);
      - белгiленген тәртiппен ҚР-сындағы тiркеу туралы куәлiктi;
      - тауарлардың тек қана ұқсату мақсатында әкелiнетiндiгiн бiржақты растайтын ұқсатуға шартты (келiсiм шартты);
      - келiсiм шарт жасасқан адам тауарларды ұқсату операцияларын жүзеге асырмайтын болса, ұқсатушы кәсiпорынмен келiсiм шартты;
      - ұқсату өнiмдерiнiң бағасы мен ұқсату тауарларының құнын ескере отырып, өнiмдердi өндiрудiң жылдық көлемi; ұқсатуға жоспарланған өнiм көлемi, қайтару шарттары көрсетiлген ұқсату режимiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн;
      - тауар немесе ұқсату өнiмi импорты немесе экспорты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатымен жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесiне жататын болса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiмiн;
      - мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лицензияландырылған қызметтiң түрлерiмен айналысуға құқығы бар екендiгi жөнiндегi лицензиясын ұсынуға мiндеттi.
 
      1.3. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң ұқсату режимiн қолданудың экономикалық мақсатта жөн екендiгi туралы қорытындысы бар болса, тауарларды ұқсату операцияларының нәтижесiнде алынған өнiмдердiң мiндеттi мөлшерiн және оларды қайта әкету мерзiмдерiн анықтау бойынша, сонымен қатар:
      - әкелiнген тауарлар ұқсату өнiмдерiн бiртектестендiрiле алатын;
      - ұқсату өнiмдерiнiң экспортына не Қазақстан Республикасының өндiрiстiк қуаттарын пайдалануға септiгiн тигiзетiн;
      - Қазақстан Республикасы кеден аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген қазақстандық тұлға өзi жасасқан ұқсатуға келiсiм шарт бойынша тауарларды әкелетiн жағдайда ҚР КК-i кеден аумағында тауарларды ұқсатуға рұқсатты (N 2 қосымша) бередi.
      Кеден аумағында тауарларды ұқсатуға рұқсат ол мәлiмдеушiнiң ұсынған толық емес немесе жалған мәлiметтерi негiзiнде берiлген болса, сонымен қатар оның иесi осы ереженiң шарттарын сақтамаса немесе рұқсат Қазақстан Республикасының экономикалық саясатына бұдан әрi сәйкес келмесе қайтарып алынуы мүмкiн.
 
      1.4. Қазақстан Республикасы экономика министрлiгi мен ҚР КК-iнiң қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына нұқсан келтiрсе немесе ұқсату өнiмдерiн бiртектестендiру мүмкiн болмаса, мүдделi адамдардың Қазақстан Республикасы кеден аумағына ұқсатуға тауарларды әкелуге рұқсатты беруден бас тартылуы мүмкiн.
 
      1.5. ҚР КК-iнiң ұқсатуға рұқсатты беруге қатысты шешiмi жазбаша түрде мүдделi адамға 30 күн мерзiмi iшiнде жеткiзiлуi тиiс.
 
      1.6. Кеден органдары ұқсатушы кәсiпорындарында әкелiнген тауарлардың бар екендiгiн тексеруге, кәсiпорындардың әкiмшiлiктерiнен осындай тауарлардың есебiн жүргiзу мен ұқсату бойынша қойма, қаржы және технологиялық құжаттарды талап етуге құқысы бар.
 
      1.7. Кеден Комитетi ұқсатуға әкелiнген тауарларды табу мерзiмi ұқсату операцияларының сипаттарын ескере отырып, әр нақты жағдайда, бiрақ Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарлардың өткiзiлген күнiнен бастап 2 жылдан асырылмай белгiлейдi. Аталған мерзiмдер ұқсату процестерi мен оның өнiмдерiн иеленудiң экономикалық жағынан ақталған ұзақтығын ескеруi тиiс.
 
      1.8. Әр нақты жағдайда Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң қорытындысы негiзiнде кеден аумағында әр ұқсату операциялары бойынша ұқсату өнiмдерiнiң шығым нормасын белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасы кеден органдары тауарларды ұқсату операциялары нәтижесiнде алынған ұқсату өнiмдерiнiң мiндеттi шығым мөлшерiн белгiлейдi.
      Бұл арада кеден лабораториялары келiспеушiлiк жағдайында ұқсату өнiмдерiнiң шығым нормасы бойынша түпкi қорытындыны жасайды.
 
      1.9. Ұқсатуға рұқсат алған адам ҚР КК-iнiң келiсiмiмен басқа адам иегердiң барлық мiндеттемелерiн өз мойнына алатын жағдайда әкелiнген тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн иелену құқығын оған бере алады, мұндайда рұқсатта тиiстi белгi жасалынады.
      Ұқсатуға келiсiм шарттың шарттарын өзгерген жағдайда ҚР КК-iнiң бұрын берiлген рұқсаттың қолданылуы туралы жазбаша растауы қажет болады. Бұл ретте тауарларды ұқсатушы кәсiпорын өзгерген жағдайда ҚР КК-iне Қазақстан Республикасы экономика министрлiгiнiң тауарларды ұқсату операциялары нәтижесiнде алынған ұқсату өнiмдерiнiң мiндеттi шығым мөлшерiн белгiлеу бойынша (N 2а қосымша) қорытындысын мiндеттi түрде ұсыну керек.
 
      1.10. "Кеден аумағында ұқсату" кеден режимiмен орналастырылған, бiрақ ұқсатудан өтпеген тауарлар иесiнiң өтiнiшiмен ҚР КК-i бақылаушы кеден органының тауардың ұқсатудан өтпегендiгi жөнiнде растауы болған жағдайда шетелдiк тауарларды Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары "керi экспорт" режимiмен әкетуге рұқсатты бередi.
 
      1.11. Кеден заңдарының 279 бабына сәйкес тауарларды ұқсату тәртiбiн бұзу, яғни Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" N 2368 Жарлығымен және ҚР КК-iнiң нормативтi актiлерiмен белгiленген ұқсатуға арналған талаптарды, шектеулер мен рұқсат беру шарттарын, оларды ұқсатудың, ұқсату өнiмдерiнiң шығымы мөлшерiн, осындай тауарларды ұқсату операцияларын жүргiзу тәртiбi мен мерзiмiн сақтамау.
      лицензияның күшiн кiдiрте отырып, ең төменгi бестен жиырмаға дейiнгi есептеу көрсеткiштерi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      1.12. Рұқсатта көрсетiлген мерзiмдердiң негiзгi түрде орындалмайтын кезiнде Кеден комитетi ұзарту қайта әкету мерзiмi өткен соң жүзеге асырылатын болса, Қазақстан Республикасы кеден аумағы арқылы тауар өткiзiлген күннен бастап екi жылдан асырмай ұқсату мерзiмiн ұзарта алады.
      Бұл арада ұқсатуға рұқсат алған адам ҚР КК-iне тауарларды ұқсатудың шектi мерзiмi өткенге дейiн бiр айдан асырмай мерзiмдi ұзарту жөнiнде ықтиярлы нысанда өтiнiш беруi тиiс. Өтiнiшпен бiрге ол адам ҚР КК-iне:
      а) кеден органының белгiленген нысандағы тауарларды ұқсату мерзiмiн одан әрi ұзартудың жөн екендiгi туралы қорытындысын (N 4 қосымша) ұсынуы қажет.
      Қажет болған жағдайда ҚР КК-i қосымша құжаттар мен мәлiметтердi сұрастыра алады. Мұндай жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмi құжаттар мен мәлiметтер ұсынылған күннен бастап есептеледi.
      Жалпы қарау мерзiмi бiр айдан аспауы керек.
 
      1.13. Қазақстан Республикасы кеден аумағы бойынша қазақстандық тауарлар мен ұқсату өнiмдерiнiң тасымалдануына бақылау Тауарларды кеден бақылауымен жеткiзу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
 
      1.14. Кедендiк жүк лицензияларын толтыру "Кедендiк жүк декларацияларын толтыру тәртiбi туралы нұсқауға" сәйкес жүргiзiледi.
 
             2. Кеден баждары мен салықтарды төлеу тәртiбi
 
      2.1. Кеден аумағында ұқсатудың кеден режимiне орналастырылатын шетелдiк тауарларды Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелген кезде кеден органының депозитiне кеден органының мәлiмделiнген кеден органының депозитiне кеден органының мәлiмделiнген кеден режимiне сәйкес ұқсатуға тауарларды әкелуге кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күнге қолданылатын ставкалар бойынша әкелу кеден баждары мен салықтары салынады. Бұл ретте кедендiк жүк декларациясының 47 бағанының "СП" сатысында "ун" коды көрсетiледi.
 
      2.2. Ұқсату өнiмдерiн экспорттау кезiнде экспортталатын ұқсату өнiмдерiн алуда пайдаланылған тауарларды өндiрiп алынған мөлшерге қатысты әкелу кеден баждары мен салықтарының сомалары осы Ереже сақталған жағдайда, сонымен қатар ұқсату өнiмдерi Қазақстан Республикасы кеден аумағы арқылы екi жылдан кешiктiрiлмей экспортталатын жағдайда төлем валютасымен төлеушiге қайтаруға жатады.
      Қайтарылатын сомалардың проценттерi есептелiнбейдi.
 
      2.3. Қазақстанның кеден аумағына еркiн айналысқа шығарылатын шетелдiк тауарлар мен ұқсату өнiмдерi "еркiн айналысқа шығару" режимiмен ресiмделiнген кеден декларациясы қабылданған күнге қолданылатын ставкалар бойынша әкелу кеден баждары мен салықтарын салуға жатады. Бұл ретте әкелу кеден баждары мен салықтары ұқсатуға әкелiнген тауарларға қатысты қолданылады және еркiн айналысқа шығару үшiн декларацияланған тауарлардың құны мен мөлшерiн анықтау күнi болып осындай тауарларды "еркiн айналысқа шығарудың" кеден режимiмен орналастырылған күнi саналады.
      Әкелу баждары мен салықтарын төлеу ұқсатуға тауарларды әкелу кезiнде кеден органының депозитке салған сомалары есебiнен жүргiзiледi. Егер тауарларды әкелу кезiнде кеден органының депозитке салған сомасы "еркiн айналысқа шығару" режимi бойынша есептелген сомадан аз болса, тауарлар кеден органының есебiне кеден баждары мен салықтарының жетпеген сомалары төленген соң ғана еркiн айналысқа шығарылуы мүмкiн.
 
      2.4. Ұқсатудан өтпеген әкелiнетiн шетелдiк тауарлар, сондай-ақ ұқсату өнiмдерi әкету кеден баждарынан босатылады. Аталған тауарлар мен өнiмдерге экономикалық саясат шаралары (лицензиялау, квоталау, келiсiм-шартты тiркеу ж.т.б.) қолданылмайды.
 
      2.5. Әкелу баждары мен салықтары ұқсатуға әкелiнген тауарлар немесе ұқсату өнiмдерi құртылған жағдайда не авария немесе тежеусiз күштiң әрекетi салдарынан тауарлық сапаларының орнына келместей жоғалуы жағдайында қайтарылады. Бұл ретте олардың құруы немесе тауарлық сапаларының жоғалуы жөнiндегi факт кеден органдарының талаптарына сәйкес тиiсiнше куәлендiрiлуi қажет.
 
      2.6. Қазақстан Республикасы кеден аумағына тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн еркiн айналысқа шығару жағдайында олар құрығаннан кейiнгi кез келген қалдықтар мен сынықтары осындай қалдықтар мен сынықтардың импорты үшiн көзделген әкелу кеден баждары мен салықтарды салуға жатады.
 
      2.7. Ұқсатуға әкелiнген, сонымен қатар Қазақстан Республикасы кеден аумағында жоғалған немесе ұрланған ұқсату өнiмдерi үшiн кеден органдарының депозитiне бұрын салынған әкелу баждары мен салықтары қайтарылмайды. Бұдан басқа тауарлар иесi кеден заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
 
      2.8. Осы Ережеде көзделген ақша қаражатын қайтары Кеден төлемдерiн алу туралы нұсқауға сәйкес және 1.3. тармақтың соңғы бөлiгiнде айтылған рұқсат шарттарына сәйкес ұқсату режимi жабылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
      Осы сомалар шотына түскен кеден органына баждардың сомаларын қайтару үшiн төмендегiдей құжаттар:
      - қайтару туралы өтiнiшi бар төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi, оның ақша қаражаты қайтарылуға тиiстi банкiсiнiң реквизиттерi;
      - ұқсатуға тауарларды әкелуге кедендiк жүк декларацияларының көшiрмелерi;
      - өкiлеттi банктiң орындалуы туралы белгiсi қойылып, тиесiлi кеден баждарының төленгенiн растайтын төлем құжаттары;
      - шекаралық кеденнiң ұқсату өнiмдерiнiң ҚР-сы кеден аумағынан тысқары әкетiлгенi туралы растауларының түсуi мiндеттi түрде ұсынылады.
      Ұқсату өнiмдерiн тауарларды ұқсатуға әкелу кезiнде кедендiк ресiмдеудi жүргiзбеген кеден органдары арқылы әкету жағдайында қайтару бақылаушы кеден органына ұқсату өнiмдерiн әкетуге ресiмделiнген кедендiк жүк декларацияларының көшiрмелерiн берген соң және тауарды әкетудi ресiмдеген кеден органынан мұны растауы алынған соң жүргiзiледi.
 
            3. Әкелiнетiн тауарлар мен әкетiлетiн ұқсату
                өнiмдерiн бiртектестендiру шаралары
 
      3.1. "Кеден аумағында ұқсату" кеден режимiмен әкелiнген тауарларды, сонымен қатар әкетiлетiн ұқсату өнiмдерiн бiртектестендiру үшiн кеден органдары осы тауарларға қорғасын мөртаңбалары, мөрлер, жай мөртаңбалар, цифрлiк және басқа да таңбалау түрiндегi кедендiк қамсыздандыруды қолдана алады. Тауарларды сипаттауды, масштабтық, бейнеленуiн, суреттердi

 

пайдалануға, сынамаларды, үлгiлердi алуға, сондай-ақ тауарлар иесiнiң

құжаттарын оқып үйренуге жол берiледi.


                  4. Ұқсатуға әкелiнетiн тауарларды

                           кедендiк ресiмдеу


     4.1. "Қазақстан Республикасы кеден аумағында ұқсату" кедендiк

режимiмен әкелiнетiн тауарларды ресiмдеу рұқсатта көрсетiлген ұқсату

жерiне жақын орналасқан кеден органында жүргiзiледi.


     4.2. Кедендiк ресiмдеу:

     - Қазақстан Республикасы кеден аумағында тауарларды ұқсатуға

рұқсатты көрсеткен;

     - мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес

лицензияландырылатын қызметтiң түрлерiмен айналысуға құқығы бар екендiгi

жөнiндегi лицензиясын ұсынған;

     - кеден органы депозитiне әкелу кеден баждары мен салықтарды салған;

     - тиiстi түрде толтырылған кедендiк жүк декларацияларын ұсынған;

     - әкелiнетiн тауарларды қарап тексеру мен бiртектестендiру үшiн

ұсынған;

     - кеден бақылауына қажеттi басқа құжаттарды ұсынған жағдайда

жүргiзiледi.


     4.3. Тауарлардың әкелiнуiн ресiмдеген кеден органы кедендiк жүк

декларациясының бiр көшiрмесiн (сыртқы жақ бетiнде инспектордың қолы

мен жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген рұқсат нөмiрi көрсетiлiп жазу

жазылады) куәлендiрiледi және декларантқа ұқсату өнiмдерiнiң экспорттың

кеден режимiмен орналастырылған кезiнде кеден органына ұсыну үшiн

тапсырады.


             5. Ұқсату өнiмдерiн әкетудi кедендiк ресiмдеу


     5.1. Ұқсату өнiмдерiн әкетудi кедендiк ресiмдеу:


 
       - "Қазақстан Республикасы кеден аумағында ұқсату" кеден режимiмен тауарларды орналастыру кезiнде кеден органының куәлендiрiлген кедендiк жүк декларациясының көшiрмесiн;
      - Қазақстан Республикасынан тысқары ұқсату өнiмдерiн әкетуге тиiстi түрде толтырылған кедендiк жүк декларациясын;
      - мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лицензияландырылатын қызметтiң түрлерiмен айналысуға құқығы бар екендiгi жөнiндегi лицензиясын;
      - ұқсату өнiмдерiн қарап тексеру мен бiртектестендiру үшiн, сонымен қатар кеден аумағында ұқсатуға рұқсатты беру шарттарының орындалуын тексеру үшiн;
      - кеден бақылауына қажеттi басқа құжаттарды ұсынған жағдайда жүргiзiледi.
 
      5.2. Ұқсату өнiмдерiнiң әкетiлуiн ресiмдеген кеден органы кедендiк жүк декларациясының бiр көшiрмесiн (сыртқы жақ бетiнде инспектордың қолы мен жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген рұқсат нөмiрi көрсетiлiп жазу жазылады) декларантқа бақылаушы кеден органына ұсыну үшiн тапсырады.
 
      5.3. Ұқсатуға тауарларды әкелудi және ұқсату өнiмдерiн әкетудi кедендiк ресiмдеудi түрлi кеден органдары жүргiзген жағдайда ұқсату режимiне толық бақылауды рұқсатта көрсетiлген бақылаушы кеден органы жүргiзедi. Бұл арада ұқсату өнiмдерiнiң әкетiлуiн ресiмдеген кеден органы рұқсат нөмiрi, КЖД нөмiрлерi, әкетiлген ұқсату өнiмдерiнiң атауы, мөлшерi, сонымен қатар олардың әкетiлу мерзiмi туралы мәлiметтер көрсетiлiп, бақылаушы кеден органына осы жөнiнде хабарлайды.
 
      5.4. Рұқсат алған адам ұқсату өнiмдерiн қайта әкету мерзiмi аяқталғанға дейiн бақылаушы кеден органына тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн әкелудi, әкетудi ресiмдеген кеден органдары куәлендiрген кедендiк жүк декларацияларының көшiрмелерi ұсынылып, ұқсату режимiн пайдалану жөнiнде толық есеп беруге мiндеттi.
 
      5.5. Тауарларды әкелу мен ұқсатуды жүзеге асырған адамның тауарларды

 

ұқсатуға рұқсаттың шарттарын, оларды ұқсатудың тәртiбi мен мерзiмдерiн,

ұқсату өнiмдерiнiң шығым мөлшерiн бұзған жағдайында кеден органы кеден

ережелерiнiң бұзылғандығы жөнiнде iс қозғайды, сонымен қатар ҚР КК-iне

хабарланады және рұқсаттың күшi кiдiртiледi немесе қайтарып алынады.

Ұқсату мерзiмдерi бойынша кеден ережелерiнiң бұзылғандығы туралы iс

тауарларды ұқсату мерзiмi өткеннен кейiнгi келесi күнi басталады.


                                                     1 қосымша


               Қазақстан Республикасы кеден аумағында

                ұқсатудың кеден режимiн пайдалануға

                               ӨТIНIШ


     1. Мәлiмдеушiнiң (ұйымның) аты-жөнi, оның мекен-жайы, есепшотының N

     2. Ұқсатуға келiсiм-шарттың (шарттың) нөмiрi мен күнi

     3. Тауардың атауы

     4. Тауардың коды, сипаттамасы, мөлшерi

     5. Тауардың келiсiм-шарттық құны

     6. Ұқсату өнiмдерiнiң атауы

     7. Ұқсату өнiмдерiнiң коды, сипаттамасы, мөлшерi

     8. Ұқсату өнiмдерiнiң келiсiм-шарттық құны

     9. Ұқсату бойынша қызметтердiң құны

     10. Ұқсату өнiмдерiнiң шығым нормасы

     11. Ұқсату сипаттары

     12. Ұқсатушы кәсiпорынның атауы, оның мекен-жайы

     13. Бiртектестендiру әдiстерi

     14. Кеден аумағында ұқсатуды бақылайтын кеденнiң атауы

     15. Қайта әкетудiң мерзiмi (күнi, айы, жылы)

     16. Осы өтiнiште көрсетiлген ұқсату өнiмдерiн немесе шетелдiк

тауарларды Қазақстан Республикасы кеден аумағынан 199__ жылдың

_____________ дейiн әкетуге мiндеттенемiз.


                             Мәлiмдеушiнiң қолы

                             (жетекшi)

                             (бас бухгалтер)


            мөрi                           күнi


                                                2 қосымша


                                           Кеден органдары үшiн


            Қазақстан Республикасы кеден аумағында ұқсатуға


                               РҰҚСАТ


                                         Берiлген күнi

                                         __________________


     1. Мәлiмдеушiнiң (ұйымның) аты-жөнi, оның мекен-жайы, есепшотының N

     2. Ұқсатуға келiсiм-шарттың (шарттың) нөмiрi мен күнi

     3. Тауардың атауы

     4. Тауардың коды, сипаттамасы, мөлшерi

     5. Тауардың келiсiм-шарттық құны

     6. Ұқсату өнiмдерiнiң атауы

     7. Ұқсату өнiмдерiнiң коды, сипаттамасы, мөлшерi

     8. Ұқсату өнiмдерiнiң келiсiм-шарттық құны

     9. Ұқсату бойынша қызметтердiң құны

     10. Ұқсату өнiмдерiнiң шығым нормасы

     11. Ұқсату сипаттары

     12. Ұқсатушы кәсiпорынның атауы, оның мекен-жайы

     13. Бiртектестендiру әдiстерi

     14. Кеден аумағында ұқсатуды бақылайтын кеденнiң атауы

     15. Қайта әкетудiң мерзiмi

     16. Ерекше белгiлер


                                      Қазақстан Республикасы

                                      Кеден Комитетi

                                      Төрағасының қолы


                 мөрi                        күнi


                                                2а қосымша


                                           Қазақстан Республикасы

                                           Кеден Комитетi үшiн


            Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң

          Қазақстан республикасы кеден аумағында/одан тысқары

             кеден бақылауымен ұқсату режимiн пайдаланудың

               экономикалық мақсатқа сәйкестiгi туралы


                           ҚОРЫТЫНДЫСЫ


     1. Мәлiмдеушiнiң (ұйымның) аты-жөнi, оның мекен-жайы, есепшотының N

     2. Ұқсатуға келiсiм-шарттың (шарттың) нөмiрi мен күнi

     3. Экономикалық мақсатқа сәйкестiгiнiң көрсеткiштерi

     4. Тауардың атауы

     5. Мөлшерi

     6. Ұқсату өнiмдерiнiң атауы

     7. Мөлшерi

     8. Ұқсату өнiмдерiнiң шығым нормасы

     9. Ұқсату сипаттары

     10. Ұқсатушы кәсiпорынның атауы, оның мекен-жайы

     11. Қайта әкетудiң мерзiмi (күнi, айы, жылы)


                                     Қазақстан Республикасының

      Қолы                           Экономика министрлiгi


      М.О.                                 күнi


                                                3 қосымша


            Кеден аумағында (одан тысқары) (кеден бақылауымен)

          тауарларды ұқсату мерзiмiн одан әрi ұзартудың мақсатқа

                  сәйкестiгi туралы кеденнiң қорытындысы


___________________________________________________________________

__________________ N ___________________________ рұқсат бойынша


     1. Тауарларды әкелу (әкету):

___________________________________________________________________

Тауардың атауы | СЭҚ ТН | Тауардың | Тауардың мөлшерi мен өлшем

                |  коды  |  құны    |         бiрлiктерi

                |        |          |______________________________

                |        |          |  рұқсат б.  | iс жүзiнде

________________|________|__________|_____________|________________

       1        |    2   |     3    |      4      |       5


     Тауарларды әкелуге (әкетуге) рұқсат _____________% орындалды.


     2. Ұқсату өнiмдерiн әкету (әкелу, өзге кеден режимiмен

орналастыру):

___________________________________________________________________

Тауардың атауы | СЭҚ ТН | Тауардың | Тауардың мөлшерi мен өлшем

                |  коды  |  құны    |         бiрлiктерi

                |        |          |______________________________

                |        |          |  рұқсат б.  | iс жүзiнде

________________|________|__________|_____________|________________

       1        |    2   |     3    |      4      |       5


     Iс жүзiнде әкелiнген (әкетiлген) тауарға қатысты ұқсату

өнiмдерiн әкету (әкелу, өзге кеден режимiмен орналастыру) _________%

орындалды.


     3. Кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша шығарылған қаулының

мазмұны: __________________________________________________________

___________________________________________________________________

                  (шығарылған жағдайда көрсетiледi)


     4. Мерзiмiн ҚР КК-i ұзартып қойған:

___________________________________________________________________

              (құжаттың күнi мен шыққан нөмiрi)


     5. Кеденнiң қорытындысы: _____________________________________

___________________________________________________________________


     Кеден басқармасының бастығы

     (кеден мөрiмен куәлендiрiлген қолы)


                                                   2 қосымша


            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН АУМАҒЫНАН ТЫСҚАРЫ

         ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ҰҚСАТУ ҮШIН ӘКЕТУГЕ КЕДЕНДIК

                         БАҚЫЛАУДЫҢ ТӘРТIБI


     Осы Ереженiң мақсатында:


 
       а) "кеден аумағынан тысқары ұқсатуға қазақстандық тауарларды әкету" терминi кеден баждарынан толық немесе iшiнара босатылып, салықтардан толық босатылып және экономикалық саясат шаралары қолданылмай, қазақстандық тауарлардың ұқсатылатын және Қазақстан Республикасы кеден аумағында ұқсату өнiмдерiнiң одан әрi еркiн айналысқа шығарылатын мақсатта Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары әкетiле және пайдаланыла алатын кеден режимiн бiлдiредi;
      б) "ұқсату өнiмдерi" терминi Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары ұқсату нәтижесiнде алынған тауарларды бiлдiредi;
      в) "тауарларды ұқсату" терминi:
      - құрастыру, жиыстыру және басқа тауарларға қиюластыруды қосқанда тауар әзiрлеу;
      - тауарларды ұқсату мен өңдеу;
      - қалпына келтiрудi қосқанда тауарларды жөндеу;
      - өндiрiсте пайдаланылатын немесе осындай тауарлардың өзi ұқсату барысында толық немесе iшiнара тұтынылатын болса да, ұқсату өнiмдерiн өндiрудi жеңiлдететiн кейбiр тауарларды қолдану бойынша операцияларды бiлдiредi;
      г) "бақылаушы кеден органы" терминi Қазақстан Республикасы Кеден Комитетi берген рұқсаттың түпнұсқасы сақталатын және ұқсату режимiнiң орындалуына толық бақылауды жүзеге асыратын кеден органын бiлдiредi.
      Қалған терминдер Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" N 2368 Жарлығының 18 бабына сәйкес қолданылады.
 
                           1. Жалпы ережелер
 
      1.1. Кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатудың кеден режимi:
      тауарларды әкету әкелу кеден баждары мен салықтарын қайтаруды, олардан босатуды не әкету кезiнде берiлетiн төлемдердi алуды талап етуге негiз болса;
      әкетiлгенге дейiн тауарлар әкелу кеден баждары мен салықтарынан толық босатылып осындай босатуды пайдалану аяқталғанға дейiн еркiн айналысқа шығарылған болса;
      ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары сату туралы келiсiм-шарттың жасалуына байланысты ұқсатуға әкетiлетiн тауарлар қайтаруға жатпайтын жағдайларда қолданылуы мүмкiн.
 
      1.2. Қазақстан Республикасы кеден заңдарына және осы Тәртiпке сәйкес қазақстандық тауарларды (бұдан әрi - тауарлар) ұқсату үшiн әкету ҚР КК-iнiң рұқсаты негiзiнде жүзеге асырылады.
      Қалпына келтiрудi қосқанда жөндеу үшiн тауарларды әкелуге рұқсатты осы ережеде көзделген тәртiппен жергiлiктi кеден органдары бередi.
 
      1.3. Тауарларды ұқсатуға әкетудi жүзеге асыратын адам немесе оның өкiлi ҚР КК-iне және Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiне уақтысында:
      - белгiленген нысандағы жазбаша өтiнiштi (N 1 қосымша);
      - белгiленген тәртiппен ҚР-сындағы тiркеу туралы куәлiктi;
      - тауарлардың тек қана ұқсату мақсатында әкелiнетiндiгiн бiржақты растайтын ұқсатуға шартты (келiсiм шартты);
      - келiсiм шарт жасасқан адам тауарларды ұқсату операцияларын жүзеге асырмайтын болса, ұқсатушы кәсiпорынмен келiсiм шартты;
      - ұқсату өнiмдерiнiң бағасы мен ұқсату тауарларының құнын ескере отырып, өнiмдердi өндiрудiң жылдық көлемi, ұқсатуға жоспарланған өнiм көлемi, қайтару шарттары көрсетiлген ұқсату режимiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн;
      - тауар немесе ұқсату өнiмi импорты немесе экспорты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатымен жүзеге асырылатын тауарлардың тiзбесiне жататын болса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiмiн;
      - мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лицензияландырылған қызметтiң түрлерiмен айналысуға құқығы бар екендiгi жөнiндегi лицензиясын ұсынуға мiндеттi.
 
      1.4. Қазақстан Республикасы Экономика Министрлiгiнiң ұқсату режимiн қолданудың (N 2а қосымша) экономикалық мақсатқа сәйкестiлiгi туралы қорытындысы бар болса, тауарларды ұқсату операцияларының нәтижесiнде алынған өнiмдердiң мiндеттi мөлшерiн және оларды қайта әкету мерзiмдерiн анықтау бойынша, сонымен қатар:
      - Қазақстан Республикасы кеден органы ұқсату өнiмдерiнiң әкетiлген тауарларды ұқсату нәтижесiнде пайда болғандығын анықтау мүмкiн деп есептейтiн;
      - тауарларды кеден аумағынан тысқары ұқсату Қазақстан экономикасының мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрмейтiн жағдайда ҚР КК-i кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатуға әкетуге рұқсатты бередi.
      Рұқсатты ҚР КК-i қайтарып ала алады немесе оның қолданылу күшiн кiдiрте алады.
      Рұқсат ол мәлiмдеушiнiң ұсынған толық емес немесе жалған мәлiметтерi негiзiнде берiлген болса, сонымен қатар ҚР КК-iнiң белгiленген негiздерi бойынша қайтарып алынады.
 
      1.5. Қазақстандық тауарларды ұқсатуға әкетуге рұқсат ұқсатуға келiсiм шарт жасаған және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы кеден аумағында тiркелген адамдарға берiледi.
 
      1.6. Қазақстан Республикасы экономика министрлiгi мен ҚР КК-iнiң қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына нұқсан келтiрсе немесе ұқсату өнiмдерiн бiртектестендiру мүмкiн болмаса, өтiнiш берген адамға Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары қазақстандық тауарларды ұқсатуға әкетуге рұқсатты беруден бас тартылуы мүмкiн.
      Әкетiлген тауарларды ұқсату нәтижесiнде пайда болған ұқсату өнiмдерiн бiртектестендiру тәуелсiз сараптаманың (ҚР Мемлекеттiк стандартта тiркелген органдардың) актiсiмен расталатын жағдайларды қоспағанда ұқсату өнiмдерiн бiртектестендiру мүмкiн болмағандықтан ұқсату нәтижесiнде:
      - алкогольдiк iшiмдiктер;
      - темекi бұйымдары секiлдi ұқсату өнiмдерi алынатын тауарларға қатысты Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары ұқсатуға рұқсатты беруге жол берiлмейдi.
      1.7. Қазақстан Республикасы Кеден Комитетiнiң қазақстандық тауарларды Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары ұқсатуға әкетуге өтiнiш бойынша шешiмi жазбаша түрде мүдделi адамға 30 күн мерзiмi iшiнде жеткiзiлуi тиiс.
      1.8. Әр нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Кеден Комитетi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң қорытындысы негiзiнде әр ұқсату операциялары бойынша әкетiлетiн тауарлардың шығын нормасын белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының кеден органдары кедендiк мақсатта тауарларды ұқсату операциялары нәтижесiнде алынған ұқсату өнiмдерiнiң мiндеттi шығын мөлшерiн белгiлей алады. Бұл арада кеден лабораториялары келiспеушiлiк жағдайында ұқсату өнiмдерiнiң шығын нормасы бойынша түпкi қорытындыны жасайды.
      1.9. Кеден Комитетi ұқсатуға әкетiлетiн тауарларды табу мерзiмiн ұқсату операцияларының сипаттарын ескере отырып, әр нақты жағдайда, бiрақ Қазақстан Республикасы кеден аумағына тауарлардың өткiзiлген күнiнен бастап 2 жылдан асырылмай белгiлейдi. Аталған мерзiмдер ұқсату процестерiнiң экономикалық жағынан ақталған ұзақтығын ескеруi тиiс.
 
     *Ескерту: 1.10.-1.14-тармақтардың қазақша аудармасы болмағандықтан
               орысша мәтінді беріп отырмыз.
      1.10. Ұқсату өнiмдерi Қазақстан Республикасы кеден аумағына қазақстандық тауарларды ұқсатуға әкетуге рұқсатта белгiленген мерзiмдерде әкетiлуi тиiс.
      Қазақстан Республикасының Кеден Комитетi қазақстандық тауарлардың иесiнiң өтiнiшiмен өтiнiштi дәлелдi деп тапса және жалпы мерзiмi екi жылдан аспаса, осы мерзiмдi ұзарта алады.
      Бұл арада ұқсатуға рұқсат алған адам ҚР КК-iне тауарларды ұқсатудың шектi мерзiмi өткенге дейiн бiр айдан асырмай мерзiмдi ұзарту жөнiнде ықтиярлы нысанда өтiнiш беруi тиiс.
      При этом лицо, получившее разрешение на переработку товаров, должно подать в ТК РК заявление в произвольной форме о продлении сроков не позднее одного месяца до истечения предельных сроков переработки товаров. Одновременно с заявлением в ТК РК лицо должно представить:
      а) заключение таможенного органа установленной формы о целесообразности дальнейшего продления срока переработки товаров (Приложение 4);
      При необходимости ТК РК может запросить дополнительные документы и сведения. В этом случае, срок рассмотрения заявления исчисляется со дня представления таких документов и сведений.
      Общий срок рассмотрения не может превышать одного месяца.
      1.11. Таможенный комитет Республики Казахстан по согласованию с Министерством экономики Республики Казахстан вправе устанавливать ограничения на отдельные операции по переработке товаров вне таможенной территории.
      1.12. Замена продуктов переработки иностранными товарами не допускается.
      1.13. Лицо, получившее разрешение на переработку товаров вне таможенной территории и не возвратившее товары либо не осуществившее ввоз продуктов переработки в установленные сроки, не несет ответственности лишь в случае, если факт уничтожения, или безвозвратной утраты товаров либо продуктов переработки вследствие аварии или действия непреодолимой силы, их недостачи в силу естественного износа или убыли при нормальных условиях транспортировки и хранения, либо выбытия из владения вследствие неправомерных по законодательству Республики Казахстан действий органов или должностных лиц иностранного государства подтвержден консульскими учреждениями Республики Казахстан за границей.
      1.14. В соответствии со ст. 279 таможенного законодательства нарушение порядка переработки товаров, то есть несоблюдение установленных Указом Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона "О таможенном деле в Республики Казахстан" N 2368 и нормативными актами Таможенного комитета Республики Казахстан требований ограничений и условий предоставления разрешения на переработку товаров, порядка и сроков их переработки, количества выхода продуктов переработки, проведения операций по переработке таких товаров, -
      влечет наложение штрафа в размере от пяти до двадцати расчетных показателей с приостановлением действия разрешения.
      Замена продуктов переработки другими товарами, -
      влечет наложение штрафа в размере двадцати расчетных показателей с приостановлением действия разрешения на переработку товаров и конфискацией товаров.
      1.15. Қазақстан Республикасы кеден аумағы бойынша қазақстандық тауарлар мен ұқсату өнiмдерiнiң тасымалдануына бақылау тауарларды кеден бақылауымен жеткiзу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      1.16. Кедендiк жүк декларацияларын толтыру "кедендiк жүк декларацияларын толтыру тәртiбi туралы нұсқауға" сәйкес жүргiзiледi.
 
           2. Кеден баждары мен салықтарды төлеу тәртiбi
 
      2.1. Кеден аумағынан тысқары ұқсатудың кеден режимiмен орналастырылатын қазақстандық тауарларды әкеткен кезде кеден органының депозитiне кеден органының мәлiмделiнген кеден режимiне сәйкес ұқсатуға тауарларды әкетуге кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күнге қолданылатын ставкалар бойынша әкету кеден баждары мен салықтары салынады.
      Ұқсату өнiмдерiн Қазақстанның кеден аумағына еркiн айналысқа шығаратын кезде еркiн айналысқа шығарылатын ұқсату өнiмдерiнен алуға пайдаланылған тауарлардан өндiрiп алынған мөлшерге қатысты әкету кеден баждары мен салықтарының сомалары осы Ереже сақталған жағдайда төлем валютасымен әкету кеден бажының төлеушiсiне қайтаруға жатады.
      Қайтарылатын сомалардың проценттерi есептелiнбейдi.
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiмен белгiленсе кеден аумағынан тысқары ұқсатуға шығарылатын тауарлар кеден баждарынан босатылуы мүмкiн.
 
      2.2. Ұқсату өнiмдерiн әкелу кеден аумағынан тысқары немесе iшiнара босату мұндай өнiмдердi кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатуға рұқсат алған адам не оның тапсыруы бойынша кеден делдалы еркiн айналысқа шығаруға мәлiмдеген жағдайда берiледi.
      Әкелу кеден баждарынан толық босату еркiн айналысқа алғаш шығарған кезде жетiспеушiлiк ескерiлгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы кеден органының заңдар немесе шарттың ережелерiмен тегiн жүзеге асырылатын әкетiлген тауарды жөндеу ұқсатудың мақсаты болғандығына көзi жететiн жағдайда берiледi.
      Әкелу кеден баждарынан iшiнара босату әкетiлетiн тегiн жөндеу кезiнде және басқа ұқсату операцияларын жүзеге асыру барысында берiледi. Кеден бажының сомасы жөндеу немесе ұқсату құнына көбейтiлген ұқсату өнiмдерiне қолданылатын ставкалар ескерiлiп анықталады.
      Әкелiнетiн ұқсату өнiмдерi бойынша салықтардан толық босату ұқсатуға рұқсат алған адам не оның тапсыруы бойынша кеден делдалы еркiн айналысқа шығаруға мәлiмдеген жағдайда берiледi.
 
      2.3. Осы Ережеде көзделген ақша қаражатын қайтару Кеден төлемдерiн алу туралы нұсқауға сәйкес жүргiзiледi.
      Осы сомалар шотына түскен кеден органына баждардың сомаларын қайтару үшiн төмендегiдей құжаттар:
      - қайтару туралы өтiнiшi бар төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi, оның ақша қаражаты қайтарылуға тиiстi банкiсiнiң реквизиттерi;
      - ұқсатуға тауарларды әкетуге кедендiк жүк декларацияларының көшiрмелерi;
      - өкiлеттi банктiң орындалуы туралы белгiсi қойылып, тиесiлi кеден баждарының төленгенiн растайтын төлем құжаттары мiндеттi түрде ұсынылады.
      Ұқсату өнiмдерiн тауарларды ұқсатуға әкету кезiнде кедендiк ресiмдеудi жүргiзбеген кеден органдары арқылы әкелу жағдайында қайтару бақылаушы кеден органына әкету мен әкелуге ресiмделiнген кедендiк жүк декларацияларының көшiрмелерiн берген соң және ұқсату өнiмдерiн әкелудi ресiмдеген кеден органынан мұны растауы алынған соң жүргiзiледi.
 
              3. Әкетiлетiн қазақстандық тауарлар мен әкелiнетiн
                  ұқсату өнiмдерiн бiртектестендiру шаралары
 
      3.1. Ұқсатуға әкетiлетiн қазақстандық тауарларды, сонымен қатар ұқсату өнiмдерiн бiртектестендiру үшiн кеден органдары осы тауарларға қорғасын мөртаңбалары, мөрлер, жай мөртаңбалар, цифрлiк және басқа да таңбалау түрiндегi кедендiк қамсыздандыруды қолдана алады. Тауарларды сипаттауды, масштабтық бейнелердi, суреттердi пайдалануға, сынамаларды,

 

үлгiлердi алуға, сондай-ақ тауарлар иесiнiң құжаттарын оқып, үйренуге жол

берiледi.

     Кеден органдары ұқсату бөлiмдерiн бiртектестендiру үшiн осы

тауарлармен кеден аумағынан тысқары жүргiзiлетiн операцияларға қатысты

тауарларының шығуы туралы сертификаттарды, сонымен қатар коммерциялық

құжаттарды пайдалана алады.


             4. Қазақстандық тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн

                     кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi


     а) қазақстандық тауарлар:



 
       4.1. Кеден аумағынан тысқары ұқсатуға әкетiлетiн қазақстандық тауарларды кедендiк ресiмдеудi Қазақстан Республикасы Кеден Комитетiнiң рұқсатында көрсетiлген кеден органы:
      - Қазақстан Республикасы Кеден Комитетiнiң ұқсатуға рұқсатын;
      - мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лицензияландырылатын қызметтiң түрлерiмен айналысуға құқығы бар екендiгi жөнiндегi лицензиясын;
      - кеден органының шотына әкету кеден баждарын аудару туралы банктiң құжатын не тауарларды әкетуге рұқсат етiлген кезеңге мәлiмдеушiнiң баждарды төлеуден және кеден алымдарын төлеуден шартты түрде босатылғаны туралы құжатты;
      - тиiстi түрде толтырылған кедендiк жүк декларацияларын ұсынған;
      - сонымен қатар кедендiк ресiмдеу мен бақылауды жүргiзуге байланысты

 

басқа да талаптарды орындаған жағдайда жүргiзедi.


     4.2. Тауарларды әкетуге құжаттарды кедендiк ресiмдеу тауарларды кеден

бақылауымен жеткiзу ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.


     4.3. Кедендiк ресiмдеу жүргiзiлгеннен кейiн кеден органы кедендiк жүк

декларациясының бiр көшiрмесiн (сыртқы жақ бетiнде рұқсат нөмiрi мен

әкелiнетiн ұқсату өнiмдерiн кедендiк ресiмдеу жүзеге асырылатын кеден

органының атауы, инспектордың қолы мен жеке мөрi көрсетiлiп жазу жазылады)

куәлендiрiледi.


     б) ұқсату өнiмдерi



 
       4.4. Әкелiнетiн ұқсату өнiмдерiн шекаралық кеден органы ұқсату өнiмдерiн еркiн айналысқа шығару туралы мәселенi шешу үшiн iшкi кеден органына тауарларды кеден бақылауымен жеткiзу ережелерiне сәйкес ресiмдейдi.
 
      4.5. Ұқсату өнiмдерi еркiн айналысқа:
      - қазақстандық тауарларды әкетудi ресiмдеген кеден куәлендiрiлген әкетуге кедендiк жүк декларациясының көшiрмесiн ұсынған;
      - тиiстi түрде толтырылған кедендiк жүк декларацияларын ұсынған;
      - мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лицензияландырылатын қызметтiң түрлерiмен айналысуға құқығы бар екендiгi жөнiндегi лицензиясын көрсеткен;
      - ұқсату өнiмдерiн қарап тексеру мен бiртектестендiру үшiн және қазақстандық тауарларды ұқсатуға әкетуге рұқсаттың шарттарының орындалуын тексеруге көрсеткен;
      - кеден заңдары мен осы Ережеде көзделген болса, кеден алымдарын, баждары мен салықтарын төлейдi;
      сонымен қатар, кедендiк ресiмдеу мен бақылауды жүргiзуге байланысты басқа да талаптарды орындаған жағдайда шығарылады.
 
      4.6. Ұқсату өнiмдерiн ресiмдеген кеден органы кедендiк жүк декларациясының бiр көшiрмесiн (сыртқы жақ бетiнде рұқсат нөмiрi мен әкелiнетiн ұқсату өнiмдерiн кедендiк ресiмдеу жүзеге асырылатын кеден органының атауы, инспектордың қолы мен жеке мөрi көрсетiлiп жазу жазылады) куәлендiрiледi және осы рұқсат бойынша ұқсату режимiнiң толық орындауды бақылайтын кеден органына ұсыну үшiн декларантқа тапсырады.
 
            5. Кеден бақылауын жүзеге асырудың тәртiбi
 
      5.1. Ұқсату режимiмен әкетiлетiн қазақстандық тауар бiр кеден органы арқылы өткiзiлетiн болса, рұқсаттың түпнұсқасы тiкелей осы кеден органына берiледi.
 
      5.2. Бiр рұқсат бойынша қазақстандық тауарды ұқсатуға әкету түрлi кеден органдары арқылы жүргiзiлген жағдайда рұқсаттың түпнұсқасы аумағы арқылы тауардың неғұрлым көбiрек мөлшерi әкетiлетiн кеден органына жөнелтiледi. Барлық басқа кеден органдарына рұқсаттың бiр бiр көшiрмесi ұсынылуы тиiс.
      Рұқсаттың әр көшiрмесiн рұқсаттың түпнұсқасы жатқан кеден мекемесiнiң бастығы мөрiмен және қолымен куәлендiрiлуi қажет.
 
      5.3. Рұқсат алған адам ұқсату өнiмдерiн қайта әкелу мерзiмi аяқталғанға дейiн рұқсатта көрсетiлген (бiрнеше кеден мекемелерi арқылы әкетiлетiн жағдайда рұқсаттың түпнұсқасы жатқан кеден органына) тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн әкелудi, әкетудi ресiмдеген кеден органдары куәлендiрген кедендiк жүк декларацияларының көшiрмелерi ұсынылып, ұқсату режимiн пайдалану жөнiнде толық есеп беруге мiндеттi.
 
      5.4. Рұқсаттың түпнұсқасы жатқан кеден органы ұқсату шарттарына, кеден заңдарына және осы Ережеге сәйкес тауарлар мен ұқсату өнiмдерiнiң әкетiлуiне және әкелiнуiне толық кедендiк бақылау жасайды.
 
      5.5. Тауарлардың әкетiлуiн және ұқсату өнiмдерiнiң әкелiнуiн ресiмдеген кеден органы рұқсат нөмiрi, әкетiлген ұқсату өнiмдерiнiң атауы, мөлшерi, сонымен қатар олардың әкетiлу мерзiмi туралы мәлiметтер көрсетiлiп, бақылаушы кеден органына осы жөнiнде хабарлайды.
 
      5.6. Тауарларды ұқсату тәртiбiн бұзу анықталған жағдайда, яғни кеден заңдарына және осы Ережеге сәйкес белгiленген тауарларды ұқсатудың талаптарын, шектеулерiн және рұқсат берудiң, осындай тауарларды ұқсату операцияларын жүргiзудiң және ұқсату өнiмдерiн ауыстырудың шарттарын сақтамаған жағдайда кеден органдары кеден ережелерiнiң бұзылғандығы жөнiнде iс қозғайды. Осы рұқсат бойынша толық кеден бақылауын жүргiзетiн кеден органы мен ҚР КК рұқсаттың күшi тез арада кiдiртiлетiнi туралы хабарланады және одан кейiн қайтарып алынады. Ұқсату мерзiмдерi бойынша кеден ережелерiнiң бұзылғандығы туралы iс тауарларды ұқсату мерзiмi өткеннен кейiнгi келесi күнi басталады.
 
      6. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары
         тауарларды ұқсатудың ерекшеліктері туралы
 
      6.1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, құрамында бағалы металдар бар шикізат тазартылған бағалы алумен одан әрі тазарту үшін оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына кіргізбей Қазақстан Республикасының уәкілді банкінде металл шоттарда міндетті тіркеуден өткізсін және кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатудың кеден режимін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономикалық саясат шараларын қолданып тауарлар - экспортының режиміне өзгертіп шығарыла алады.
      6.2. Кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатудың кедендік режим тауарлар экспортының режиміне өзгерген кезде кедендік ресімдеуді ұқсату үшін берілетін рұқсатқа сәйкес кеден органдары жүзеге асырады.
      Режимді өзгерту үшін мыналар негіз болып табылады:
      - бастапқы саудалаудан өтуі туралы куәлік мына қосымшалармен;
      - Қазақстан Республикасы уәкілді банктері есеп-шоттарынан үзінділер;
      - Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес экономикалық саясат

 

шараларын қолдану.



     6.3. Тауарлардың кедендік ресімделуі "Тауарларды ұқсату жөніндегі

ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден

комитетінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 118-б бұйрығына және Қазақстан

Республикасының заңдарына сәйкес басқа да нормативтік актілерге сәйкес

жүзеге асырылады деп белгіленсін.



     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша 6 баппен толықтырылды - ҚР Кеден комитетінің

              1998.06.16. N 83 


V980540_


  бұйрығымен.



                                                  3 қосымша


               ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КЕДЕН АУМАҒЫНДА КЕДЕН

             БАҚЫЛАУЫМЕН ҰҚСАТУ ҮШIН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ШЕТЕЛДIК

               ТАУАРЛАРҒА КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ ЖАСАУДЫҢ ТӘРТIБI


     Осы Ереженiң мақсатында:


 
       а) "Қазақстан Республикасы кеден аумағына ұқсатуға шетелдiк тауарларды әкелу" терминi еркiн айналысқа келесi жолы шығарылғанға дейiн немесе ұқсату өнiмдерiн өзге де кеден режимiмен орналастырғанға дейiн олардың кеден бақылауымен ұқсатылуы үшiн кеден баждары мен салықтары

 

төлеттiрiлмей, экономикалық саясат шаралары қолданылмай, Қазақстан

Республикасы кеден аумағында шетелдiк тауарлардың қолданылатын кеден

режимiн бiлдiредi;

     б) "ұқсату өнiмдерi" терминi Қазақстан Республикасы кеден аумағына

әкелiнген шетелдiк тауарларды ұқсату нәтижесiнде алынған тауарларды

бiлдiредi;

     в) "тауарларды ұқсату" терминi:

     - құрастыру, жиыстыру және басқа тауарларға қиюластыруды қосқанда

тауар әзiрлеу;

     - тауарларды ұқсату мен өңдеу;

     - қалпына келтiрудi қосқанда тауарларды жөндеу;

     - өндiрiсте пайдаланылатын немесе осындай тауарлардың өзi ұқсату

барысында толық немесе iшiнара тұтынылатын болса да, ұқсату өнiмдерiн

өндiрудi жеңiлдететiн кейбiр тауарларды қолдану бойынша операцияларды

бiлдiредi.

     Қалған терминдер Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан

Республикасындағы кеден iсi туралы" N 2368 Жарлығының 18 бабына сәйкес

қолданылады.


                          1. Жалпы ережелер



 
       1.1. Қазақстан Республикасы кеден аумағында тауарларды кеден бақылауымен ұқсату осы Тәртiпте көзделген ерекшелiктер ескерiлiп, "Қазақстан Республикасы кеден аумағында ұқсатуға шетелдiк тауарларды әкелуге кеден бақылауын жасаудың тәртiбiне" сәйкес жүзеге асырылады.
 
      1.2. Тауарларды кеден бақылауымен ұқсатуға рұқсат:
      а) ұқсатуға әкелiнетiн тауарлар акцизделетiн тауарлар болып табылмайтын;
      б) Қазақстан Республикасында ұқсату операцияларын тiкелей жүргiзетiн кәсiпорын тауарларды ұқсатуға әкелетiн;
      в) тауарларды ұқсатуға әкелетiн кәсiпорын заңдық тұлға мәртебесiне ие болатын;
      г) ұқсату операциялары кәсiпорынның кәдiмгi технологиялық процестерiне сәйкес жүргiзiлетiн;
      д) кәсiпорынның тауарларды әкелу, әкетудiң тиiсiнше күндерiн, мөлшерi мен құнын көрсетiп, тауарларды ұқсатуға әкелу мен ұқсату өнiмдерiн әкетудiң уақыт кестесiн кеден органына ұсынатын;
      е) кәсiпорын кеден бақылауымен ұқсатудың кеден режимiмен орналастырылған тауарлардың есебiн жүргiзетiн және ұқсатуға рұқсатты бақылау жасайтын кеден органы белгiлейтiн нысанда және мерзiмде осы тауарлар туралы осындай кеден органына жүйелi түрде, бiрақ айына кемiнде бiр рет берiп тұрады. Есебiн алу құжаттарында және есеп беру кезiнде кеден бақылауымен ұқсатудың кеден режимiмен орналастырылған тауарлардың атауы, мөлшерi, есеп берiлетiн күнге тауарларды ұқсатудың кезеңдерi, өнiмдердiң атауы мен мөлшерi туралы мәлiметтер және кеден органына бақылау жасауға қажеттi басқа да мәлiметтер болуы тиiс;
      ж) кеден органы лауазымды адамдарының кеден бақылауымен ұқсатудың кеден режимiмен орналастырылған тауарларды және ұқсату өнiмдерiн ұқсату мен сақтау процесiне нақты (көру арқылы және құжаттармен) бақылауды жүзеге асырудың шынайы мүмкiндiгi бар болатын;
      з) кәсiпорынның ұқсатудың кеден режимiмен орналастырылған тауарларға және ұқсату өнiмдерiне кеден бақылауынан басқа алыну мүмкiндiгiн болдырмауды шынайы қамтамасыз ететiн;
      и) ұқсатуға әкелiнетiн тауарларға кедендiк салық салу деңгейi олардың құнының 100 процентiнен аспаса;
      к) ұқсату мерзiмi алты айдан аспайтын жағдайда берiлуi мүмкiн.
 
      1.3. Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату экономикалық саясат шараларын қолданудан бас тарту мен тауарлардың шыққан елiн анықтау ережелерiн бұрмалау үшiн пайдаланыла алынбайды.
 
      1.4. Ұқсатуға рұқсатты бақылау жасайтын кеден органы ұқсату өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасы кеден аумағынан нақты әкетiлгенге дейiн ұқсату өнiмдерiн еркiн айналысқа шығарғанға дейiн бақылауды жүзеге асыруы тиiс. Мұндай әкету тауарларды кеден бақылауымен жеткiзу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
 
                  2. Кеден төлемдерiн төлеу тәртiбi
 
      2.1. Тауарларды кеден бақылауымен ұқсатудың кеден режимiмен орналастыратын кезде кеден баждары мен салықтары алынбайды.
 
      2.2. Ұқсату өнiмдерiн әкету кезiнде экспорттың кеден режимiне сәйкес кеден баждары алынбайды, мұндай тауарларға осы Ереженiң 1.3. тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда экономикалық саясат шаралары қолданылмайды.
 
      2.3. Ұқсату өнiмдерiн еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiмен орналастырған кезде әкелу кеден баждары мен салықтары ұқсатуға әкелiнген тауарларға және еркiн айналысқа шығарылатын ұқсату өнiмдерiн өндiруде пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.
      Аталған сомаларды есептеу кезiнде "еркiн айналысқа шығарудың" режимiмен ресiмделiнген кеден декларациясы қабылданған күнге қолданылатын ставкалар мен Қазақстан Республикасы ұлттық банкiсiнiң бағамы қолданылады, ал еркiн айналысқа декларацияланатын тауарлардың құны мен мөлшерiн анықтау күнi болып мұндай тауарлардың мәлiмделiнген кеден режимiмен орналастыратын күн саналады.
 
      2.4. Кеден бақылауымен ұқсатудың кеден режимiмен орналастырылатын, бiрақ өздерiне қатысты қандайда бiр себептер мен ұқсату операциялары жүргiзiлмеген тауарлар әкелу кеден баждары мен салықтарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң беретiн несиелерi бойынша ставкалармен кеден төлемдерiн төлеудi кейiнге қалдыруды iс жүзiнде пайдаланғаны үшiн олардан проценттердi төлеттiре отырып, еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiмен орналастырылуы мүмкiн.
      Аталған сомаларды есептеу мақсатында мәлiмделiнген еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiмен кедендiк жүк декларациясы қабылданған күнге қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң ставкалары мен бағамы қолданылады, ал еркiн айналысқа декларацияланатын тауарлардың құны мен мөлшерiн анықтау күнi болып мынадай тауарлардың мәлiмделiнген кеден режимiмен орналастыратын күн саналады.
 
                      3. Қорытынды ереже
 
      Тауарларды ұқсатудың тәртiбiн бұзған жағдайда кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасы Кеден заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. Кеден баждары мен салықтарының төленбеген сомалары тәртiп бұзылған күнге қолданылатын ставкалар мен бағам бойынша өндiрiп алуға жатады. Сонымен бiрге бұл ретте осы сомалардан төлеу күнiн қосқанда тәртiп бұзылған күннен бастап есептелетiн өсiмақы өндiрiп алынады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады