Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде ашық тендерлердi өткiзудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту жөнiнде<*> ЕСКЕРТУ. Мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 (V970386) қаулысымен.

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 11 маусым N 240 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 23 шілде N 186 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 тамыздағы N 195 бұйрығымен.

&ltATTR name="zg" value="Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде ашық тендерлердi өткiзудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту жөнiнде

; ЕСКЕРТУ. Мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 (V970386) қаулысымен. "/&gt

;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы N 2721 Заң күшi бар "Жекешелендiру туралы" Жарлығын орындау Мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:
      1. Ұсынылған "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде ашық тендерлер өткiзу тәртiбi туралы Ереже" бекiтiлсiн.
      2. Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттер:
      объектiлердi ашық тендерлерде сатуды Мемлекеттiк комитетпен келiсе отырып, жоғарыда көрсетiлген Ереже негiзiнде жүргiзсiн;
      Сатып алушының коммерциялық тендер кезiнде - тендер шартын, инвестициялық тендер кезiнде - тендер шарты мен бағдарламасын орындауына бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Әлеуметтiк инфрақұрылымдар объектiлерiн жекешелендiру басқармасы (Н.Ж.Махимовқа) мен акциялардың мемпакетiн сату басқармасы (Қ.С.Құттыбаевқа) ашық тендер арқылы сатылатын объектiлердiң жедел-аналитикалық есебiн жасасын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Төраға орынбасарлары Т.С.Сарабекова мен Ю.Е.Дуберманға жүктелсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Жекешелендiру
жөнiндегi департаментi
1996 жылдың 11 маусымындағы
N 240 қаулысымен
бекiтiлген

Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде ашық
тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы
Ереже I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы N 2721 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi ашық тендерлер өткiзудiң тәртiбiн реттейдi.
      2. Ереже ашық тендердi өткiзу мен ұйымдастырудың жалпы тәртiбiн, қатысушылардың ұсыныстарын қарауды, тендерде жеңiске жеткен тұлға туралы шешiм қабылдау мен жекешелендiру объектiсiне меншiк құқығын ресiмдеудi анықтайды.
      3. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      "Сату объектiсi" - мүлiктiк кешен есебiндегi мемлекеттiк кәсiпорын мен мекеме; одан тұйық технологиялық циклды бұзбай бөлiнiп шыққан бөлiмшелер мен құрылымдық бiрлiктер; шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорындағы үлестерi мен акциялары.
      "Сатушы" - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi мен оның аумақтық комитеттерi.
      "Қатысушы" - тендерге қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген заңды немесе жеке тұлға.
      "Тендер" -белгiлi бiр шарт бойынша жекешелендiру объектiлерi сатылатын ашық сауда.
      "Коммерциялық тендер" - жеңiмпаз болып тендер шартына келiскен, жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары баға ұсынған қатысушы саналатын, қатысушылар арасындағы сауда.
      "Инвестициялық тендер" - комиссия шешiмi бойынша жеңiмпаз болып тендер шартына сәйкес ең жақсы бағдарлама ұсынған қатысушы саналатын сауда.
      "Объектiнiң бастапқы бағасы" - объект тендерге қойылған кездегi баға.
      "Тендерде жеңiске жеткен тұлға" - коммерциялық тендерде ең жоғары бағаны ұсынған Қатысушы немесе инвестициялық тендерде ең жақсы бағдарламаны ұсынған Қатысушы.
      "Сатып алушы" - тендерде жеңiске жеткен және Сатушымен белгiленген жағдайда объектiнi сатып алу-сату шартын жасаушы Тұлға.
      4. Сату объектiсiн тендерге қою мен тендер түрiн таңдау жөнiндегi шешiмдi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қабылдайды.<*>
      5. Тендердi ұйымдастыру мен өткiзудi Сатушы қолданылып жүрген заңдарға сай және осы Ережемен анықталатын тәртiппен жүргiзедi.
      Сатушы:
      - тендер өткiзiлетiн орын мен мерзiмiн бекiтедi;
      - тендер комиссиясын құрады;
      - тендердi ұйымдастыру мен өткiзудiң барысына бақылау жасайды;
      - тендерде жеңiске жеткен Тұлғалармен сатып алу-сату шартын жасайды және оның жүзеге асырылуына бақылау жасайды;
      - Қатысушылармен, Сатып алушылармен есептеседi.
      Сату объектiсiнiң бастапқы бағасын анықтау жөнiнде есеп жүргiзу үшiн, сондай-ақ тендерлiк шартқа сай Сатушы тәуелсiз консалтинг қызметiн пайдалануға құқылы.

II. Тендер комиссиясы

      6. Тендердi өткiзу мен дайындау үшiн Сатушы құрамына Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi, Экономика министрлiгiнiң және Сатушы қарауына орай басқа да мүдделi ұйымдардың өкiлдерi кiретiн комиссия құрады. Комиссия мүшелерiнiң саны 5 адамнан аз болмауы тиiс. Комиссия төрағасы болып Сатушы өкiлi тағайындалады.
      Комиссия шешiмi комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының шешушi дауысқа құқы болады. Дауыс беру тәсiлiн (ашық, жабық) комиссия анықтайды.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы Министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен.
     7. Комиссия:
     - өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi және бекiтедi;
     - тендер шартын бекiтедi және анықтайды және сатудың тәсiлiн;<*>
     - тендер объектiсiнiң бастапқы бағасын бекiтедi;
     - кепiлдiк жарна мөлшерiн белгiлейдi;
     - ақпараттық хабарлама жариялау туралы шешiм қабылдайды;
     - тендер өткiзедi;
     - тендерде жеңiске жеткен Тұлғаны хабарлайды.
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚР Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң 1996.08.02. N 354 қаулысымен
      8. Тендер өткiзуге дайындықты ақпараттың уақтысында жариялануын қамтамасыз ететiн, қатысушыларды тендер шарттарымен таныстыратын, өтiнiмдер қабылдап, қатысушыларды тiркеуден өткiзетiн, түскен материалдарды комиссия қарауына беретiн Сатушы жұмысшылары құрамындағы жұмыс тобы жүргiзедi.

III. Тендердi өткiзу мен ұйымдастыру

      9. Тендердiң шарттары болып:
      - кәсiпорынның анықталған көлемiнiң, шығарылатын өнiм номенклатурасының немесе көрсетiлетiн қызметтiң анықталған деңгейiн қамтамасыз ету;
      - анықталған тұтынушыға өнiм жеткiзу;
      - бағаны қайта тағайындау шарты, соның iшiнде бағаны шектi деңгейiне дейiн шектеу;
      - табиғатты қорғау шараларын жүргiзу;
      - жаңа жұмыс орнын құру немесе сақтау;
      - өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдар объектiлерiн пайдаланудың қолданылып жүрген шарттары мен ретiн сақтау;
      - сату бағасы;
      - объектi инвестициялық көлемi, түрi және мөлшерi бойынша мiндетi;
      - кредиторлық қарыздың белгiленген мерзiмде өтелуi;
      - еңбек ақысы жөнiндегi қарыздарды өтеу;
      - келiсiм жасауға шек қою (қайта сату, кепiлдiк, басқаруға беру) мен уақыттың белгiлi кезеңiнде объектiмен қатынас жасауға шек қою;
      - комиссия қабылдайтын басқа да шарттар саналады.
      10. Комиссия тендер шартын, объектiнiң бастапқы бағасын, кепiлдiк жарна көлемiн, ұзартылған мерзiмге сату мүмкiндiгiн бекiтедi және тендердi ұйымдастыру бойынша басқа да әрекет түрлерiн жасайды.
      Тендерге қатысу үшiн төленетiн кепiлдiк жарна объектiнiң бастапқы бағасының 5-15 процентi мөлшерiнде белгiленедi. Саудаға голланд әдiсi бойынша қойылатын нысандар бойынша кепiлдiк жарнаның мөлшерi нысанның бастапқы бағасының 5 процентiне дейiнгi мөлшерде тағайындалуы мүмкiн.<*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен.
      11. Тендердi өткiзу жөнiндегi ақпараттық хабарлама, қатысушылардың жiберiлуi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы Заң күшi бар N 2721 Жарлығымен және сәйкес нормативтiк актiлермен реттеледi.
      12. Тендерге қатысушыларды тiркеу ақпараттық жарияланым жарық көрген күннен басталады және тендер өткiзуге үш күн қалғанда аяқталады. Тендерге қатысуға талап бiлдiрушi комиссияға қабылдау мерзiмiн ұзартуды сұрап, өтiнiм жасауға құқылы. Комиссия келiсiм берген жағдайда мерзiмнiң ұзартылуы жөнiндегi шарт барлығына бiрдей хабарланады.
      13. Тендерге қатысуға берiлген өтiнiмге заңды немесе жеке тұлғалардың тендердi өткiзу туралы ақпараттық хабарламада бекiтiлген объектiнiң сатып алу-сату шартын жасасуға жазба түрiндегi мiндеттемесi кiргiзiледi.
      Коммерциялық тендерге қатысуға берiлген өтiнiмге объектiнiң сатып алу бағасы жөнiндегi коммерциялық ұсыныс қоса тiркеледi.
      Инвестициялық тендерге қатысуға берiлген өтiнiмге тендер шартына сәйкес құрылған бағдарлама және объектiнiң бағасы жөнiндегi ұсыныс қоса ұсынылады.
      Тендерге қатысуға талап бiлдiрушiлер құжаттары арнайы журналға тiркелген соң, тендер өткiзiлетiн күнге дейiн арнайы сейфте сақталады.
      14. Тендерге қатысушылардың өтiнiмiн қабылдау мен тiркеу қажеттi құжаттар түгел болған жағдайда ғана жүргiзiледi. Тендерге қатысуға талап бiлдiрушi тұлғалардың өтiнiмдерiн қабылдаған жұмысшы топ хаттамасы комиссияға тендерге қатысушыларды тiркеу аяқталған күнi берiледi.
      15. Тендерге қатысушыларды тiркеу хаттамасы Комиссия арқылы қаралады және бекiтiледi. Хаттама төмендегi мәлiметтердi қамтуы тиiс:
      өтiнiмдi қабылдау күнi мен орны;
      тендердi өткiзу орны мен күнi;
      тендерге қойылатын объектiнiң атауы;
      тендерлiк комиссияның жұмыс тобының құрамы;
      тендерге қатысуға жiберiлмеген қатысушы туралы мәлiмет және мұндай шешiмнiң себебi;
      тендерге жiберiлген қатысушы туралы мәлiмет.
      Тiркеуден өткен тұлға тендерге Қатысушы мәртебесiн алады.
      16. Егер тендерге қатысуға тiркелушiлер саны екеуден кем болса, тендер өткiзiлмейтiндiгi хабарланады. Ал келесi үшiншi және соңғы тендерде жекешелендiру объектiсi жалғыз қатысушыға да сатыла беруi мүмкiн.
      17. Комиссия мәжiлiсiнде қатысушылардың ұсыныстары көрсетiлген өтiнiмдерi қаралады және салыстырылады. Комиссия барлық нысандылықтың сақталуын тексередi, қажеттi мәлiметтер мен құжаттардың болуын анықтайды. Комиссияның барлық мүшелерi әр қатысушының ұсынысымен танысуға тиiс.
      18. Коммерциялық тендердi жүргiзу кезiнде Комиссия тендерде жеңiске жеткен тұлға ретiнде тендер шартын қанағаттандыратын және объект үшiн ең жоғарғы бағаны көрсеткен қатысушыны жариялайды.
      Егер коммерциялық тендерде екi немесе одан да көп қатысушылар бiрдей бағаны көрсетiп және тендер шартын қанағаттандырып отырған жағдайда, Жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында объект бағасы жөнiнде сауда өткiзiледi.
      19. Инвестициялық тендердi жүргiзу кезiнде Қатысушылар бағдарламасын комиссия қарайды. Тендерде жетiскен жеткен тұлғаны Комиссия жеңiмпазды айқындайтын белгiленген өлшемдерге сай анықтайды.
      Комиссия тендерде жеңiске жеткен Тұлға ретiнде тендер шартын қанағаттандыратын және анағұрлым тиiмдi бағдарлама ұсынған қатысушыны жариялайды.
      Егер инвестициялық тендер кезiнде екi немесе одан да көп қатысушылардың ұсынған бағдарламалары инвестиция және басқа факторлары жағынан бiрдей мазмұнда құралған болса, онда Жеңiмпазды анықтау үшiн олардың арасында объект бағасы жөнiнде сауда өткiзiледi.
      20. Комиссия шешiмi комиссия мүшелерi мен төрағасы қол қойған хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшелерi жазба түрде өз пiкiрлерiн бiлдiруге және оны хаттамаға қоса ұсынуға құқылы.
      Комиссия барлық қатысушыларға тендердiң қорытындысы туралы тендер аяқталған кейiнгi күнi жарияланады.
      21. Тендердiң қорытындысы жөнiндегi хаттама тендер қорытындысын, сондай-ақ тендерге жеңiске жеткен тұлға мен келiсiлген жағдайларда сатып алу-сату шартын жасасқан Сатушының мiндеттерiн реттейтiн құжат болып табылады.
      Тендер аяқталғаннан кейiнгi 10 календарлық күннен аспайтын мерзiм ішiнде қабылдау-беру актiсi мәлiметтерi және тендер қорытындысы жөнiндегi хаттама негiзiнде Сатып алушы мен Сатушы сатып алу-сату шартына қол қояды.
      22. Объектi тендерде сатылмаған жағдайда сатушы оны сату жолдары жөнiнде шешiм қабылдайды. Егер объект алты ай мерзiм iшiнде сатылмаса Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi көрсетiлген объектiге меншiктiк құқын қайтарады. Объектiнi сатуға берiлген мерзiм Меммүлiкком қаулысымен ұзартылуы мүмкiн.<*>

IV. Сатып алушылармен есеп айырысу тәртiбi және
меншiктiк құқығын ресiмдеу

      23. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату келiсiм шарты Сатып алушы мен Сатушы арасында жазба түрде жасалады, онда келiсiм заты, екi жақтың мiндеттерi мен құқтары, объектi құны, түрi мен төлем мерзiмi көрсетiледi.
      24. Алдын ала төленетiн немесе түпкiлiктi төленетiн төлем мерзiмi асып кеткен және Бағдарламаға сәйкес мiндеткерлiктердiң орындалмаған жағдайында, Сатушы бiржақты тәртiппен келiсiмдi бұзуға құқылы.
      25. Сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша жекешелендiру объектiсi мен жер учаскесiне меншiк құқығы мәмiленiң Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiмен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 25 желтоқсанындағы Заң күшi бар "Жылжымайтын мүлiк және онымен шарт жасау құқықтарының мемлекеттiк тiркелуi туралы" Жарлығымен қаралған тәртiпке сәйкес тiркелген сәтiнен басталады.

V. Жекешелендiру объектiлерiн сатудан алынған қаржы

      26. Жекешелендiру объектiлерiн сатудан алынған қаржының тендерлердi өткiзу мен ұйымдастыру шығыстарына жұмсалғаннан басқасы, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады