Қазақстан Республикасы кеден органдарының кеден қоймаларын құруының және осындай қоймаларды пайдаланудың ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Кеден комитетi 1996 жылғы 5 маусым N 120-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 23 шілдеде N 187 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001.02.09. N 46 бұйрығымен. ~V011444

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан

 

Республикасындағы кеден iсi туралы" 


Z952368_


  Жарлығының ережелерiн жүзеге

асыру мақсатында бұйрық етемiн:

     1. "Қазақстан Республикасы кеден органдарының кеден қоймаларын

құруының және осындай қоймаларды пайдаланудың ережелерi" (қоса тiркелiп

отыр) 1996 жылдың 1 маусымынан бастап күшiне ендiрiлсiн.

     2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның Бiрiншi

орынбасары Ә.М. Мелдехановқа жүктелсiн.


     Төраға



            Қазақстан Республикасы кеден органдарының кеден

        қоймаларын құруының және осындай қоймаларды пайдаланудың

                               ережелерi


     1. Жалпы ережелер



 
       1.1. Кеден қоймасын қоймаға арналған үй-жайлары жұмыс iстейтiн аймағында орналасқан, қойма қарамағында тұратын кеден органының ұсынуы бойынша кеден басқармасы құрады.
      Орталыққа бағынатын кеденнiң ұсынуы бойынша кеден қоймасын құру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Кеден Комитетi қабылдайды.
      1.2. Кеден органының кеден қоймасын құрған кезiнде осындай қойманы құруға лицензия талап етiлмейдi.
      1.3. Кеден органдары құратын кеден қоймалары ашық үлгiдегi кеден қоймалары, яғни кез келген адамның пайдалана алатын қоймалар болып табылады.
      1.4. Кеден органы құрған кеден қоймасы осы қойма жұмыс iстейтiн аймағында орналасқан кеденнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
      1.5. Кеден қоймасының аумағы кедендiк бақылау аймағы болып саналады.
      Кеден қоймасын күзету мен өткiзу режимiн жүзеге асыруды кеден қамтамасыз етедi.
 
      2. Кеден органының құратын кеден қоймасын жайғастыру мен
         жабдықтау
 
      2.1. Кеден қоймасын жайғастыру тауарлардың түсу және қоймадан олардың кедендiк бақылаудан тыс алыну мүмкiндiгiн болдырмауды және қоймадағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуi керек.
      2.2. Осындай қойма жұмыс iстейтiн аймағында орналасқан кеден нақты кеден қоймасын жайғастыру мен жабдықтауды анықтайды.
 
      3. Кеден қоймасының кеден режимiмен тауарларды орналастыру
         мен осындай режимдi кеден органы құрған кеден қоймасында
         тауарларды сақтау кезiнде пайдалану
 
      3.1. Кеден қоймасының кеден режимiмен тауарларды орналастыру мен осындай режимдi кеден органы құрған кеден қоймасында тауарларды сақтау кезiнде пайдалану осы Ережелерге және Қазақстан Республикасы Кеден Комитетiнiң 1995 жылғы 16 қазандағы N 147-П Бұйрығымен бекiтiлген Кеден қоймалары туралы ереженiң 1.1., 6.2., 6.6., 6.7., 8.1., 8.4., 11.2., 11.3. тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3.2. Кеден органы құрған кеден қоймасына орналастыратын тауарлар Қазақстан Республикасы Кеден Комитетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 127-П Бұйрығына сәйкес толтырылған кедендiк жүк декларациясын кеден органына көрсету жолымен декларациялауға жатады.
      3.3. Кеден баждарын, қосымша құнға салықты және акциздердi төлеуге, сонымен қатар өзге де кеден төлемдерiн салуға кеден қоймасына сақтауға тауарларды орналастырған адам жауап бередi.
      Кеден қоймасына тауарларды сақтауға орналастырған адам кеден баждарын, қосымша құнға салықты және акциздердi төлеуге, сонымен қатар өзге де кеден төлемдерiн салуға жауапкершiлiктен (кеден қоймасында сақтау үшiн кеден алымдарынан басқалары) егер тауарлар жойылған, авария немесе тежеусiз күш әрекетi салдарынан мүлде жоғалып кеткен не сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу мен кему орын алған жағдайда босатылады.
 
      4. Кеден органы құрған кеден қоймасында тауарларды орналастыру
         мен сақтау
 
      4.1. Кеден органы құрған кеден қоймасына орналастырылатын тауарларды сақтау Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарына, кеден мен тауарларды осындай қоймаға орналастыратын адам арасындағы сақтау шартына, сонымен қатар осы Ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
      4.2.Сақтау жөнiндегi шарт қойма куәлiгi түрiнде ресiмделiнедi.
      4.3. Қойма куәлiгi N 2 қосымшасында келтiрiлген нысанда үш данада жасалынады.
      Қойма куәлiгiнiң бiрiншi данасы кеден қоймасында сақталады және тауарларды қоймадан беруге негiз болады, екiншiсi тауарларды кеден қоймасына сақтауға орналастырған адамға берiледi, үшiншiсi қаржы есептерiн жүргiзу үшiн пайдаланылады.
      Қойма куәлiктерiнiң бланктерi есеп берудiң қатаң қаржы құжаты болып табылады.
      Кеден органы атынан қойма куәлiгiне қойма меңгерушiсi (оның орынбасары), кеденнiң бас бухгалтерiнiң орынбасары, кеден қоймасында материалды жауапты лауазымды атқаратын лауазымды адам қол қояды. Аталған құжат кеден мөрiмен куәлендiрiледi.
      4.4. Кеден қоймасына тауарларды орналастыру кезiнде қоймаға осындай тауарларды орналастыратын адамның пiкiрiн ескере отырып, кеден органы оларды еркiн (нарықтық) бағаларға бағалайды. Бағалау құны қойма куәлiгiнде көрсетiледi.
      4.5. Қойма иесi - кеден органы жоғалту, жетiспеу немесе бүлдiру кеден органының кiнәсiнен орын алатын жағдайда кеден қоймасында сақталатын осындай тауарларды жоғалтқаны, олардың жетiспегенi немесе бүлдiргенi үшiн:
      - жоғалтқаны үшiн - қойма куәлiгiнде көрсетiлген құнның мөлшерiнде;
      - жетiспегенi үшiн - жетiспейтiн тауарлардың (тауарлардың жетiспейтiн бөлiгi) құнының мөлшерiнде;
      - бүлдiргенi үшiн - жетiспейтiн тауарлардың (тауарлардың жетiспейтiн бөлiгi) құнының мөлшерiнде жауап бередi.
      4.6. Басқа тауарларға зақым келтiре алатын немесе сақтаудың ерекше шарттарын талап ететiн тауарлар арнайы ыңғайластырылған үй-жайларға орналастыруы тиiс.
      4.7. Кеден органы құрған кеден қоймасында сақталатын тауарлар Қазақстан Республикасы Кеден Комитетiнiң 1995 жылғы 16 қазандағы N 147-П Бұйрығымен бекiтiлген Кеден қоймалары туралы ереженiң 7.1. және 7.2. тармақтарында көрсетiлген операцияларды осы Ереженiң 7.4. тармағында көрсетiлген шарт сақталған жағдайда өткiзiлуi мүмкiн.
      Аталған операцияларды кеден қоймасына тауарларды орналастыратын адам немесе кеден органы лауазымды адамының рұқсатымен әкiмшiлiк актiсi немесе сенiмхат негiзiнде әрекет ететiн оның өкiлi жүргiзедi.
      4.8. Тауарлар кеден қоймасында үш жылға дейiн сақталынуы мүмкiн. Көрсетiлген мерзiмдi жекеленген адамдар үшiн кеден органы шектей алады. Тауарларды сақтаудың шектелген мерзiмi кемiнде бiр жылдан аз болмауы керек.
      Жеңiлдiктер (кеден баждары мен салықтарынан босату мен төленген сомаларды қайтару) берiлетiн экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетуге арналған тауарлар кеден қоймасында үш айдан артық сақталынуы мүмкiн емес.
      Тауарлардың белгiленген шектерде нақты сақталу мерзiмiнiң ұзақтығын кеден органымен бiрге тауарларды кеден қоймасына орналастыратын адам анықтайды.
      4.9. Кеден органымен бiрге кеден қоймасына орналастыратын адамның белгiлеген тауарларды сақтаудың мерзiмi өткеннен кейiн тауарлар кеден заңдарының талаптары сақтала отырып, қоймадан әкетiлуi тиiс.
      Аталған мерзiм осы Ережелердiң 4.8. тармағының бiрiншi және екiншi абзацтарында белгiленген шектерде ұзартылуы мүмкiн. Ұзарту кезiнде осы Ережелердiң 4.3. тармағында көзделген тәртiпке сәйкес жаңа қойма куәлiгi жасалынады.
      4.10. Тауарларды сақтаудың шектеулi мерзiмi өткеннен кейiн тауарлар өзге кеден режимiмен орналастыруға мәлiмденiп, кеден қоймасынан әкетiлуi тиiс.
      4.11. Осы Ережелердiң 4.9., 4.10 тармақтарында көзделген талаптарды кеден қоймасына тауарларды орналастыратын адам орындамаған кезде белгiленген сақтау мерзiм өткен сәттен бастап уақытша сақтау қоймасында жатыр деп қарастырылады.
      Бұл ретте осындай сақтаудың шектеулi мерзiмi мен сақтау үшiн кеден алымдарының мөлшерiн қосқанда уақытша сақтау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Кеден Комитетiнiң уақытша сақтау қоймаларына қатысты қалыпты актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      4.12. Иесi кеден органы болып табылатын кеден қоймасында тауарларды сақтағаны үшiн тәулiгiне таза салмағымен килограмына 0,02 ЭКЮ-ге тең, ал арнайы ыңғайластырылған үй-жайларда (арнайы жабдықтарды пайдалана, ерекше температуралық режимдi жасай отырып) сақтағаны үшiн тәулiгiне таза салмағымен килограмына 0,03 ЭКЮ-ге тең сома мөлшерiнде сақтағаны үшiн кеден алымдары алынады. Бұл ретте толық емес тәулiктер толық деп саналады, салмақ жуықтау ережелерiне сәйкес толық мөлшерiне дейiн жуықталынады.
      Кеден қоймасын құрған кеден органдары кеденнiң ұсынуымен қойманың орналасқан жерiн, қойма қызметтерiне баға үйлесiмiн және осыған ұқсас экономикалық факторларды ескере отырып, жекеленген кеден қоймаларында сақтағаны үшiн кеден алымдарының мөлшерлерiн 2 еседен асырмай кемiтуi мүмкiн.
      Кеден қоймасында сақтағаны үшiн кеден алымдары қойма куәлiгiн беру кезiнде төленедi.
      Егер тауарлар кеден қоймасынан кеден қоймасына тауарларды орналастырған адам кеден органымен бiрге белгiлеген мерзiмнен ерте әкетiлетiн болса, сақтағаны үшiн кеден алымдарының төленген сомалары қайта есептелуге жатпайды және олардың қандайда бiр бөлiгiн кеден органы қайтармайды.
      4.13. Кеден қоймасында сақтауда жатқан тауарлар мiндеттi түрде есепке алынады.
      Есепке алу есепке алу кiтабын пайдалану арқылы жүргiзiледi. Сақтауға қабылданатын және кеден қоймасында сақталатын тауарларды есепке алу кiтабы N 3 қосымшаға сәйкес жүргiзiледi. Есепке алу кiтабы күнтiзбелiк жылдар бойынша жүргiзiледi. Кiтап алдын ала тiгiлiп, нөмiрленiп, түптелiп және оған кеден қоймасының меңгерушiсi не оның орынбасарының мөрi басылады. Есепке алу кiтабы үш жыл бойы сақталады.
      Есепке алу кiтабы нысанының N 3 қосымшада келтiрiлген үлгiден мұндай нысанда осы үлгiде аталған барлық мәлiметтер бар болған жағдайда ауытқуына жол берiледi.
      4.14. Кеден органы адамның осы Ережелермен белгiленген талаптарды орындамайтын жағдайында, сонымен қатар кеден қоймасын жайғастыру мен жабдықтау осындай тауарлардың сақталуын қамтамасыз ете алмаса, кеден қоймасына тауарларды қабылдамайды.
 
      5. Кеден органы құрған кеден қоймасынан тауарларды беру
 
      5.1. Қоймадан тауарларды беру кеден қоймасына тауарларды беру орналастырған адамның өзiнiң мәлiмдеген өзге кеден режимiне сәйкес кеден төлемдерiн төлей отырып, Қазақстан Республикасы кеден заңдары талаптарын сақтаған жағдайында жүргiзiледi.
      5.2. Тауарларды беру тауарлар алған адамның, қойма меңгерушiсiнiң (оның орынбасарының), кеден бас бухгалтерi орынбасарының қойған қолдарымен, сондай-ақ қоймадан тауарларды берген, кеден қоймасында жауапты материалдық лауазымды атқаратын адамның қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен қойма куәлiгiнде куәлендiрiледi.
 
      6. Қорытынды ережелер
 
      6.1. Кеден қоймасы құрылымдық бөлімшесi болып табылатын кеденнiң бастығы кеден қоймасын пайдалану ресiмiн, қоймада сақтаған алынатын тауарлардың түрлерiн, қойманың өткiзу қабiлетiн және нақты қойманың жұмыс iстеуiне қатысты ресiмдi бекiтедi.
      Ресiмде:
      - қоймадағы жұмыс режимi;
      - қоймада тауарларды сақтағаны үшiн кеден алымдарының мөлшерлерi;
      - қойманың жұмыс iстеуiне қатысты талаптар мен шарттар көрсетiледi.
      Кеден қоймасын пайдаланудың ресiмi қойма мен кеден орналасқан жерлерде жалпы танысу үшiн ұсынылады.
      6.2. Осындай қойманы құрған кеден органы кеден қоймасын жоя алады.
      6.3. Қойманы жою қойманың жұмыс iстеуiн кеден органы қамтамасыз ете алмайтын экономикалық факторлардан, үй-жайлардың күйiне және өзге де жағдаяттарға байланысты қойманы пайдалану мүмкiн болмайтын жағдайда кеден қоймасы құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын кеденнiң дәлелдi ұсынысымен жүргiзiледi.
      6.4. Кеден қоймасы құрылымдық бөлімшесi болып табылатын кеден тауарларды сақтауға орналастырған адамдарды қойманы болашақта жою туралы осындай жоюға дейiн үш айдан кешiктiрмей хабардар етуге мiндетi.
      Қойманың жойылуына байланысты тауарларды беру кезiнде тауарларды сақтауға орналастырған адамға кеден сақтаудың нақты мерзiмiнiң тауарларды сақтауға орналастырған кездегi мерзiмге қатынасына қарай сақтағаны үшiн кеден алымдарының төленген сомаларының бөлiгiн қайтарады.
      6.5. Осы Ережелердiң 6.4. тармағында көрсетiлген адамдардың талап етпеген тауарларын иелерi кеден органдары болып табылатын осы кеденнiң жұмыс iстейтiн аймағында орналасқан өзге қоймаларға орналастыруын қамтамасыз етедi.
      Объективтi себептермен аталған қоймаларға тауарлар орналастырылмайтын болса, кеден иелерi кеден органдары болып табылатын өзге аймақта орналасқан қоймаларға не иелерi өзге адамдар болып табылатын кеден қоймаларына орналастыруды қамтамасыз етедi.
      Кеден тауарлардың орналасқан жерiн көрсетiп, тауарларын басқа қоймаларға орналастыру туралы кеден қоймасына тауарларды орналастырған адамдарды хабардар етуге мiндеттi.
      Кеден иелерi өзге адамдар болып табылатын кеден қоймаларына тауарларды орналастыру кезiнде кеден органы құрған кеден қоймасының жойылған сәтiнен бастап бiр жыл iшiнде тауарларды сақтауға орналастырған адам аталған кеденге қайырылған жағдайда осы Ережелердiң 6.4. тармағының екiншi абзацында көрсетiлген тәртiппен сақтағаны үшiн кеден алымдарының төленген сомаларының бөлiгiн сол адамға қайтарады.
      6.6. Осы Ережелердiң 6.5. тармағында көзделген жағдайларда тауарларды

 

өзге қоймаларға орналастыру тауарларды талап етпеген адамның есебiнен

жүзеге асырылады.

     6.7. Егер кеден органы қойманы жоюға дейiн 3 айдан кешiктiрмей

тауарларды сақтауға орналастырған тұлғалардың қоймасының болашақта

жойылатыны туралы хабардар еткен болса, иесi кеден органы болып табылатын

кеден қоймасының жойылуына байланысты тұлғаның шеккен шығыстарын, сонымен

қатар алмаған кiрiстердi кеден органдары өтемейдi.


                                         Кеден қоймалары туралы

                                         ережеге N 1 қосымша

                                         Қазақстан Республикасы

                                         Кеден Комитетiне

                                         ______________________

                                         (тұлғаның толық атауы)


                                ӨТIНIШ


     Ашық (жабық) үлгiдегi кеден қоймасын құруға лицензия берудi өтiнемiн.

     Өзiм жөнiнде төмендегiнi хабарлаймын:

     1. ___________________________________________________________

         (толық және қысқартылған заңды атауы, КҰЖЖ коды, заңды

     ______________________________________________________________

        және нақты мекен-жайлары, тiркеу туралы куәлiктiң тiркеу

     ______________________________________________________________

                               нөмiрi)

     2. ___________________________________________________________

           (ұлттық және валюталық шоттар, осы шоттар ашылған

     ______________________________________________________________

                     банктердiң КҰЖЖ кодтары)

     3. ___________________________________________________________

             (қоймаға арналған үй-жайлардың орналасқан жерi)

     4. ___________________________________________________________

               (қоймаға арналған үй-жайлардың жалпы алаңы)

     5. ___________________________________________________________

          (қоймаға арналған үй-жайлардың материалдық-техникалық

     ______________________________________________________________

                     жарақтандырылудың сипаттамасы)

     6. ___________________________________________________________

          (күзетпен қамтамасыз ету, дабыл беретiн құрылғылар мен

     ______________________________________________________________

                  өртке қарсы құрал-жабдықтардың болуы)

     7. ___________________________________________________________

               (сақтауға жоспарланған тауарлардың тiзбесi)

     8. ___________________________________________________________

              (лицензия беру туралы шешiмдi қабылдау үшiн

     ______________________________________________________________

                пайдаланылуы мүмкiн өзге де ақпараттар)


                   Т.Е.    (кәсiпорын не ұйым-

                           мекеме атынан оның

                           басшысы)                Қолы      Мөрi


     Қосымша: _____________________________________________________

                    (Ереженiң 2.3. тармағына сәйкес өтiнiшке

              _____________________________________________________

                         тiркелетiн құжаттардың тiзбесi)




                                      ҚР-сы кеден органдарының кеден



                                      қоймаларын құруының ережелерiне

                                      N 2 қосымша




 

____________________________      Бланктiң терiс бетiнде көрсетiлген

(Кеден органының атауы)           шарттармен келiсемiн

                                  __________________________________

                                               (қолы)


     N _______________ ҚОЙМА КУӘЛIГI


_____________________________________________________________________

(кеден қоймасына тауарларды орналастыратын тұлғаның толық атауы немесе

                              аты-жөнi)

кеден қоймасына сақтауға төменде аталынған тауарлардың:

_____________________________________________________________________

| NN |Тауарларды кеден |Сақтауға қабылданған| Мөлшерi | Тауарлардың |

| р/р|қоймасына орна.  |тауарлардың атауы   |_________|     құны    |

|    |ластыру кезiндегi|мен олардың жекелей |орын|брут|  (теңгемен) |

|    |КЖД N            |белгiлерi           |саны|сал.|             |

|    |                 |                    |    |мағы|             |

|    |                 |                    |    |кг  |             |

|____|_________________|____________________|____|____|_____________|

|____|_________________|____________________|____|____|_____________|

|____|_________________|____________________|____|____|_____________|


____________________________________________________________________

Сақтау мерзiмi|Сақтау үшiн   |Сақтау үшiн кеден|Тауарларды қоймадан|

______________|кеден алымдары|алымдары сомасы  |беру кезiндегi КЖД |

алдын  |нақты |мөлшерi (экю. |(төлемнiң валюта.|не өзге кеден құжа.|

ала    |      |мен)          | сымен)          |тының N            |

анықта.|      |              |                 |                   |

лынған |      |              |                 |                   |

_______|______|______________|_________________|___________________|

_______|______|______________|_________________|___________________|

_______|______|______________|_________________|___________________|

қабылданғаны туралы 199  ж "___"______________________ берiлдi.

Жиынтығы:

____________________________________________________________________

      (төленуге жататын сақтау үшiн кеден алымдарының сомасы

____________________________________________________________________

          цифрлармен және әрiптермен жазылып көрсетiлсiн)

____________________________________________________________________

                      мөлшерi (орын саны, салмағы)

____________________________________________________________________

                      мөлшерi (орын саны, салмағы)

___________________   _____________________   ___________________

  қойма меңгерушi.     бас бухгалтер орын.     лауазымды адамның

    сiнiң қолы          басарының қолы                қолы

___________________   _____________________   ___________________

  қойма меңгерушi.     бас бухгалтер орын.     лауазымды адамның

    сiнiң қолы          басарының қолы                қолы

____________________________________________________________________

       тауарларды сақтауға берген тұлғаның лауазымы, аты-жөнi

____________________________________________________________________

       тауарларды сақтауға берген тұлғаның лауазымы, аты-жөнi


_______________________ ҚАБЫЛДАНДЫ

        (қолы)

_______________________ БЕРIЛДI

        (қолы)

____________________________________________________________________

                      мөлшерi (орын саны, салмағы)

____________________________________________________________________

                      мөлшерi (орын саны, салмағы)

___________________   _____________________   ___________________

  қойма меңгерушi.     бас бухгалтер орын.     лауазымды адамның

     сiнiң қолы          басарының қолы                қолы

___________________   _____________________   ___________________

  қойма меңгерушi.     бас бухгалтер орын.     лауазымды адамның

     сiнiң қолы          басарының қолы                қолы

____________________________________________________________________

       тауарларды сақтауға берген тұлғаның лауазымы, аты-жөнi

____________________________________________________________________

       тауарларды сақтауға берген тұлғаның лауазымы, аты-жөнi


_______________________ БЕРIЛДI

        (қолы)

_______________________ БЕРIЛДI

        (қолы)



 
       1. Осы куәлiкте көрсетiлген сақтау мерзiмi өткеннен кейiн тауарларды қоймаға орналастырған тұлға оларды қоймадан әкетуге не мерзiмiн ұзартуға мiндеттi. Сақтаудың шектелу мерзiмi 3 айдан асуы мүмкiн емес.
      Тауарларды қоймаға орналастырған тұлғаның кеден органымен бiрге анықтаған мерзiмдi не сақтаудың шектеулi мерзiмiн сақтамайтын кезiнде осындай мерзiм өткен сәттен бастап тауарлар уақытша сақтау қоймасында жатқан болып қаралады. Бұл ретте осындай сақтаудың шектеулi мерзiмi мен сақтау үшiн кеден алымдарының мөлшерiн қосқанда уақытша сақтау Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеуге тауарларды қоймаға

 

орналастырған тұлға жауап бередi.

     3. Сақтау үшiн кеден алымдарының сомасын есептеген кезде толық емес

тәулiктер толық болып есептелiнедi, салмағы жуықтау ережелерiмен толық

шамаларына дейiн жуықталады.

     4. Егер тауарлар тауарларды қоймаға орналастырған тұлғаның кеден

органымен бiрге анықтаған мерзiмiнен бұрын қоймадан әкетiлетiн болса,

сақтау үшiн кеден алымдарының төленген сомалары қайта есептеуге жатпайды

және олардың қандай да бiр бөлiгiн кеден органдары қайтармайды.


                                               Кеден қоймалары туралы

                                               ережеге N 2 қосымша


                        Қазақстан Республикасының

                             Кеден Комитетi


                          N 000/0000 ЛИЦЕНЗИЯ


     Осы лицензиямен ашық/жабық үлгiдегi кеден қоймасын құруға

     рұқсат етiледi.


          (керексiзi сызылып тасталынсын)

     ______________________________________________________________

      (үй-жайлардың орналасқан жерi мен олардың жалпы алаңы шаршы

     ______________________________________________________________

                                  метрмен)

     ______________________________________________________________


     Осы лицензияның қолданылуы күшiнiң мерзiмi 199__ жылы "______"

     __________________ бiтедi.


            М.О.                     199__ жылы "___"______________


     ________________________________


     Кеден қоймасын құруға лицензияның нөмiрi төмендегiдей жасалады:


              алғашқы үш цифр - қойманы құрушының қызметi аймағында

                                орналасқан кеден органының коды

              соңғы төрт цифр - лицензияның реттiк нөмiрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады