Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Төрелiк алқасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1996 жылғы 23 сәуір N 36/1 Қаулы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 25 шілдеде N 189 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      1 . Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Арбитраждық алқасын құру туралы" 1996 жылғы 23 сәуiрдегi N 36/I қаулысы (Қазақстан республикасының
нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 189 тiркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, 3 том)...

___________________________________

                                       Қазақстан Республикасы Бағалы
                                қағаздар жөнiндегi ұлттық
                                комиссиясының 1996 жылғы
                                23 көкектегi N 36/1 қаулысымен
                                бекiтiлдi 
 

  Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi 
ұлттық комиссиясының Төрелiк алқасы туралы 
Ереже  I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
 

        1.1. Бұл ереже Қазақ КСР-ы Азаматтық iстер жүргiзу кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы сәуiрдiң 21-iндегi "Бағалы қағаздар мен қор биржасы" туралы Заң күшi бар 2227 нөмiрлi Жарлығына, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi 1996 жылғы наурыздың 28-iндегi 370-нөмiрлi ережесiне, 1993 жылғы мамырдың 4-iндегi Экономикалық талас-дауларды шешуге арналған аралық сот туралы 356-нөмiрлi бiрыңғай Ережеге сәйкес жасалды.
      1.2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚжҰК) төрелiк алқасы (бұдан әрi - Алқа) өз жұмысын үздiксiз жұмыс iстейтiн төрелiк сот құқығы негiзiнде жүзеге асырады және құнды қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу мен құнды қағаздар рыногы қатысушыларының арасында пайда болған экономикалық талас-дауларды қарау жолымен қатысушылар құқығын қорғау мақсатында құрылады.
      1.3. Алқа өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң нормаларын, БҚжҰК-ның нормативтiк құжаттарын және осы Ереженi басшылыққа алады. 
      1.4. Алқа эмитенттердiң, акционерлердiң және құнды қағаздар рыногы қатысушыларының құнды қағаздар рыногында өз қызметiн жүзеге асыру процесiнде пайда болған құқықтық қатынастар жөнiндегi шаруашылық және азаматтық сот алқаларына қарасты дау-таластарды қарайды.
      Алқа құнды қағаздар рыногы субъектiлерiнiң (заңды және жеке тұлғалар) арасында пайда болған дау-таластарды қарауға құқықты.
      1.5. Алқаға өтiнiш жасау тараптардың жазбаша келiсiмi болған жағдайда (дау-таласты Алқаға тапсыру жөнiнде) жүзеге асырылады, онда мыналар көрсетiлуi керек:
      1) тараптардың атауы және олардың тұрған жерi;
      2) дау-таластың мазмұны;
      3) келiсiмнiң жасалған уақыты мен орны;
      4) тараптардың Алқа шығарған шешiмдi орындайтындығы туралы мiндеттемесi.
      1.6. Алқаның ұсынылған құрамымен келiспеген жағдайда, тараптар дәлел келтiре отырып, бас тартуға тиiстi және БҚжҰК мамандарының арасынан немесе БҚжҰК ұсынған басқа адамдардан жаңа төрешi сайлауға құқықты. 
      1.7. Iс қаралып бiткенше төрешiлердi ауыстыруға рұқсат етiлмейдi. Егер төрешiлердiң бiрi iстiң нәтижесiне мүдделi екендiгiн және келiсiм жасалған кезде ол жағдайды бiлмегендiгiн дәлелдей алса, тарап одан бас тартуға құқылы. 
      1.8. Осы Ережеге сәйкес, iстiң қаралуына келiсе отырып, тараптар Алқаның шешiмiн жедел орындауға мiндеттенедi және тиiстi сотқа кез келген түрде аппеляция немесе шағым жасау құқығынан бас тартады.

II. АЛҚАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТIБI

      2.1. Алқаның төрешiлерiн олардың жазбаша түрдегi келiсiмдерi болған жағдайда БҚжҰК Төрағасы тағайындайды.
      2.2. Алқаның төрешiлерi өз отырысында Алқаның Төрағасы мен хатшысын сайлайды.
      2.3. Төраға iстi тыңдауға тағайындайды және баяндау үшiн оларды Алқа төрешiлерiнiң арасына бөлiп бередi.
      2.4. Алқаның хатшысы шешiмдердiң жобасын жасайды және iс-қағаздарын жүргiзедi.

III. АЛҚАҒА ӨТIНIШ ЖАСАУ ТӘРТIБI, ТҮРI және МАЗМҰНЫ

      3.1. Дау-таласты Алқада қарауға ұсыныс алған тарап оны алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде осы ұсынысқа өзiнiң келiсетiндiгi немесе одан бас тартатындығы туралы жазбаша жауап беруге тиiстi. Жауап келмесе, ұсыныстан бас тартты деп саналады.
      3.2. Дау-таласты Алқада қарау туралы келiсiмге қол жеткен жағдайда, iстiң төрелiк жолмен қаралуы туралы мәселе көтерген тарап Алқаға өтiнiш жiберiп, онда:
      - талап қою өтiнiшiнiң күнi мен нөмiрi;
      - тараптардың атауы, олардың пошталық мекен-жайы мен банктiк реквизиттерi;
      - талаптың бағасы, егер талап бағалануға жататын болса;
      - талап өтiнiшiне қойылатын талап;
      - талап қоюға негiз болған жағдайлар және оларды растайын дәлелдер, талаптың дәлелденген есебi, құқық бұзылғандығын растайтын құқықтық нормалар;
      - талап қою өтiнiшiне қосып берiлген құжаттардың тiзiмi көрсетiледi.
      3.3. Талап қою өтiнiшiне төмендегiлердi растайтын құжаттар тiркеледi:
      - дау-таласты Алқаға өткiзу туралы тараптар келiсiмдерi;
      - талап қою өтiнiшi;
      - талап қою өтiнiшi көшiрмесiнiң төрелiк қарау қатысушыларына жiберiлгендiгiнiң айғағы;
      - тиiстi үлгiде ресiмделiп, өкiлдерге берiлген сенiмхат берiледi.
      3.4. Талап қою өтiнiшiн Алқаның алған күнi төрелiк қараудың басталған күнi деп саналады.
      3.5. Талаптың белгiленген тәртiппен Алқаға тапсырылуы оның қаралу мерзiмi ағымын тоқтатады.

IV. АЛҚАНЫҢ ДАУ-ТАЛАСТАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТIБI

      4.1. Дау-талас Алқаның тұрған жерiнде немесе Алқаның iс мүддесiне қарай даудың қаралуы қолайлы деп тапқан басқа жерiнде бiр ай мерзiмде қаралады. 
      Қажет болған жағдайда Алқа iстiң қаралу мерзiмiн ұзартуға құқықты, бiрақ ол бiр айдан аспауы керек. 
      4.2. Талап қою өтiнiшiн қабылдай отырып, Алқа iс бойынша жұмыстың жүргiзiлетiндiгi туралы, оның қаралатын күнi, сағаты және орны туралы тараптарға хабарлайды. 
      4.3. Дау-талас қаралған уақытта тараптардың әр қайсы тең құқықтарды пайдаланады. Дау-талас бойынша шешiм қабылданғанға дейiн өтiнiш иесi өз өтiнiшiн кері қайтарып алуға, талаптардың сомасын өзгертуге, тиiстi татуласу келiсiмiмен бiтiруге құқықты. 
      4.4. Отырыс тараптардың бiреуiнiң қалауы бойынша жабылуы мүмкiн. 
      4.5. Төрелiк қарау тараптар белгiлеген тiлде жүргiзiледi. 
      4.6. Қажет болған жағдайда Алқа сарапшы жеке кеңесшiлер шақыруға, сондай-ақ дау-таласты толық және жан-жақты қарау үшiн қажеттi қосымша материалдар талап етуге құқылы.
      4.7. Iс бойынша шешiм көпшiлiк дауыспен қабылданады.
      4.8. Алқа отырысы iстi қарауға кем дегенде үш адам қатысқанда заңды болады.
      4.9. Алқаның шешiмi жазбаша түрде баяндалып, онда:
      - шешiм қабылданған күн;
      - Алқаның құрамы;
      - дау-таластың қаралған орны мен уақыты;
      - дау-таластың қатысушыларының құрамы, олардың өкiлдерiнiң фамилиясы мен лауазымы;
      - дау-таластың мәнi, iстi қарауға қатысатын адамдардың өтiнiшi мен түсiнiктемесi;
      - Алқа белгiлеген iстiң жағдайлары, шешiмнiң қандай негiзде қабылданғанының дәлелдерi, шешiм қабылдаған кезде Алқа басшылыққа алған заңдар;
      - қабылданған шешiмнiң мазмұны, iстiң қаралуына байланысты шыққан шығындарды бөлу;
      - қабылданған шешiмнiң орындалу мерзiмi мен тәртiбi көрсетiлуi
тиiс.
     4.10. Шешiмге барлық төрешi қол қояды, төрешiнiң бiреуi шығарылған шешiммен келiспеген жағдайда, оның ерекше пiкiрi шешiмге қоса тiркеледi. 
      4.11. Шешiм Алқаның отырысына жарияланады және шешiмнiң көшiрмесi бес күн мерзiмде тараптарға жiберiледi. 
      4.12. Тараптардың бiреуi алқа отырысында дәлелсiз себептермен келмей қалған жағдайда, дау-талас iстiң мәнi бойынша қаралады, алқашешiмi оған хабарланған болып саналады.
      4.13. Алқа қараған iстер архивте сақталады.
      4.14. Алқа өз қалауы бойынша талап қоюшыларға дау-таласты шешiм беруден бас тартуға құқықты, егер оны қарауға кедергi келтiретiн жағдайлар болса немесе дау-таластар тағы да сол тараптардың арасында, тағы да сол негiздер бойынша Алқада немесе сотта бұрын қаралуына себеп болған болса.

V. АЛҚА ШЕШIМIНIҢ ОРЫНДАЛУЫ

      5.1. Алқа шешiмi онда белгiленген тәртiппен және мерзiмде ерiктi түрде орындалады. Егер шешiмде орындалу мерзiмi белгiленбеген болса, ол тез арада орындалуы керек. 
      5.2. Жауапкер шешiмдi Алқа белгiлеген мерзiмде орындамаған жағдайда, талапкер шешiмдi ерiктен тыс орындатуға бұйрық беру туралы тиiстi соттың шаруашылық алқасына немесе шешiмдi орындату жайлы сот орындаушысына өтiнiшпен шағымдауға құқықты.
      5.3. Өтiнiш Алқа шешiмiн орындау мерзiмi бiткен күннен бастап бiр ай iшiнде берiледi.
      5.4. Егер Алқа шешiмiн ерiктен тыс орындатуға бұйрық беру туралы өтiнiштi қарау кезiнде шешiмнiң қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еместiгi анықталса, сот iстi шешiм қабылдаған Алқаға жаңадан қарауға қайтарады.
      5.5. Iстi сол Алқада қарауға мүмкiн болмаған жағдайда, сотта қарауға жатады деп белгiленуiне байланысты талап өтiнiшi сотқа тапсырылады.

IV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     6.1. Төрелiк талқылауға қатысқан және осы Ереже талаптарының бұзылғандығына жедел түрде қарсылық бiлдiрмеген тарап, өзiнiң қарсылық бiлдiру құқығынан бас тартты деп саналады. 
      6.2. Алқа ешкiмге тәуелдi емес және тек заңға бағынады. Алқа шешiмi жайлы шағым беруге жатпайды. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады