Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу жөнiндегі НҰСҚАУ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнің Төрағасы 1996 жылғы 13 тамыздағы N 161-П Қаулы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 16 қыркүйекте N 201 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 6 бұйрығымен.

I. НЕГIЗГI ҰҒЫМДАР МЕН ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      I.1. Осы нұсқауда: "халықаралық почта жөнелтiлiмдерi" - Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, кедендiк бақылауға жататын заттары бар почта жiберiлiмдерi, ұсақ орама сауқаттары, заттары, баспалық өнiмдерiмен "М" арнайы мүшектерi, құндылығы жарияланған хаттар, "EMS" халықаралық жеделдетiлген почта жөнелтiлiмдерi, секограммалар;
      "тұлғалар" - кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, сонымен қатар жеке тұлғалар;
      "сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар болып табылатын тұлғалар" - меншiктiлiк нысанына, бағыныштылығына және тiркелген орнына қарамастан өз атауы бар, бiрақ заңды тұлға мәртебесi жоқ азаматтар немесе заңды тұлғалардың бiрлестiктерi, жеке (жанұялық) өзiндiк кәсiпорындар Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауарлар өткiзетiн, заңды тұлға құралымынсыз кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлғалар;
      "халықаралық почта айналымының орны" - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорынының түсетiн және жөнелтiлетiн халықаралық почта жөнелтiлiмдердi толық өңдеудi, сонымен қатар бұл арада Қазақстан Республикасы Орталық кеден органымен келiсiп, оларды керектi жерлерiне жөнелтудi жүзеге асыратын почтамттары, почта байланысының кәсiпорындары дегендi бiлдiредi.
      I.2. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тұлғалардың тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзуiнiң тәртiбi республиканың кеден заңдарымен, сонымен қатар осы Нұсқаумен белгiленген талаптар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      I.3. Осы Нұсқаудың I.1. тармағында көрсетiлген халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен кеден мақсаттары, кедендiк тексеру (рентген бақылауын қоса) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi тексеру жолымен және Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген басқа да нысандармен Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының жүргiзетiн кедендiк бақылауына жатады.
      I.4. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тұлғалардың мәдени құндылықтарды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзуi Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi жасаған мәдени құндылықтарды әкету және әкелу Ережелерiне сәйкес оларды әкетуге құққа рұқсаттың негiзiнде және Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген кеден төлемдерiн төлей отырып жүзеге асырылады.
      I.5. Осы Нұсқаудың N 1 қосымшасында аталған тауарларды Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзуiне тиым салынған.
      I.6. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы және тұлғалардың тауарлардың жеке түрлерiн халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзуiне өзге мемлекеттiк органдардың:
      а) өсiмдiктердi, өсiмдiктен шыққан өнiмдердi - фитосанитарлық бақылау органдарының;
      б) жануарларды, жануардан шыққан өнiмдердi - малдәрiгерлiк қадағалау органдарының;
      в) радиоэлектронды құралдарды жеке жоғары жиiлiктегi қондырғыларды - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi органдарының;
      г) Қазақстан Республикасы аумағында тiркелмеген дәрiлiк құралдарды (Қазақстан Республикасына өткiзетiн кезде) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi органдарының рұқсатымен жол берiледi.
      I.7. Тарихи, көркемдiк, ғылыми немесе өзге де мәдени құндылыққа ие заттарды өткiзу тәртiбi жеке Ережелермен анықталып отыр.
      Дыбыс жазу, бейне жазу және ЭВМ-ге ақпарат жазу заттарын шығару кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын қолдана отырып, тиiстi кедендiк бақылаудан соң жүзеге асырылады. ЭВМ және операциялық жүйе пайдаланып толтырылған ақпарат жазу заттары олар жөнiндегi жөнелтушiнiң мәлiметтерi бар жағдайында өткiзiледi. Олар болмаса және ЭВМ ақпарат жазу заттарын анықтап ажырату мүмкiндiгi жоқ болса, Кеден бастығының рұқсатымен халықаралық почта жөнелтiлiмiн жөнелтушiге қайтаруға құқылы.
      I.8. Қаза болғандардың денесiн кедендiк ресiмдеу медицина мекемелерiнiң санитарлық куәлiктерiнiң бар кезiнде жүргiзiледi. Дене Қазақстан Республикасы елшiлiгi өкiлiнiң не Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерi өкiлдерiнiң қатысып отыруымен мөртаңба немесе мөр салынған урналарда болуы тиiс.
      Жергiлiктi өкiмет органдары мен консулдық мекемелер тасымалдаушыларға кеден органдары үшiн урналарда бөгде заттардың жоқ екенi туралы анықтамалар бередi.
      I.9. Мемлекеттiк наградалар (ордендер, медальдер, белгiлер, есiмi жазылған заттар) меншiктiлiк құқығын растайтын, марапатталуы туралы құжаттар бойынша кеден төлемдерi төленбей өткiзiледi.
      Қаза болғандардың мемлекеттiк наградалары мен марапатталуы туралы құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес оларды иемденуi мүмкiн адамдардың кеден төлемдерiн төлеуiнсiз-ақ өткiзiледi.

II. КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУ

      II.1. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн барлық заттар кедендiк бақылауға жатады. Аталған заттар Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес ол басталған сәттен аяқталғанға дейiн кедендiк бақылауда болады.
      Қазақтан Республикасы аумағына заттарды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен әкелу кезiнде кедендiк бақылау халықаралық почта жөнелтiлiмiнiң Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн сәтiнен басталып, заттарды шығару сәтiмен аяқталады.
      Заттарды Қазақстан Республикасы шекарасы арқылы сыртқа әкету кезiнде кедендiк бақылау почта байланысы кәсiпорнының халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн заттарды халықаралық почта айналымы жерлерiндегi кеден органына көрсететiн сәттен басталады және Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетiн сәтте аяқталады.
      II.2. Шекаралық кеденнiң қолданған кедендiк қамсыздандыруымен iлеспе құжаттарымен бiрге почта байланысының халықаралық почта жөнелтiмдерiмен өткiзетiн заттары халықаралық почта айналымы жерлерiне жеткiзiлуi тиiс. Iлеспе құжаттарының, ф. СN-37 (жер үстiндегi көлiкпен жеткiзiлген почтаға) немесе ф7 CN-38 (әуе көлiгiмен) почталық құжаттарының барлық даналарына шекаралық кеден органының лауазымды адамы оның жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiретiн кеден жай мөртаңбасын (N 2-3) қояды.
      Аталған жөнелтiлiмдер тиелетiн орындардағы кеден органдарының қызметкерi кедендiк қамсыздандыруды атқарады, бұл туралы почталық жүк құжаттарына да инспектордың жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген белгiсi қойылады. Почталық жүк құжаттарын байланыс қызметкерлерi 5 данадан толтырады. Бiр данасы қамсыздандыру шарасын атқарған кеденнiң iс қағаздарында қалады. Халықаралық почта айналымы жерiне халықаралық почта мен көлiк келген кезiнде кеден қызметкерi байланыс қызметкерлерiнiң қатысып отыруымен қорғасын мөртаңбаны (кедендiк қамсыздандыруды) алады және почталық жүк құжаттарының барлық түскен даналарына аталған лауазымды адамның жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген жүктiң келiп түскенi туралы кедендiк жай мөртаңбаны салады. Бұдан кейiн құжаттың бiр данасы бақылаудан алып тастау үшiн шекаралық кеденге салып жiберiледi.
      Қазақстан Республикасы аумағы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен транзитпен өткiзiлетiн заттар шешiм қабылдаған кеден органы лауазымды адамының жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген кедендiк жай мөртаңбаны шекаралық кеден органы барлық даналарында қоятын ф-16, СN-37, СN-38 нысандарындағы жүк құжаттары бойынша өткiзiлуге жатады.
      II.3. Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн заттарды аталған заттардың шекарадан сыртқа шығарылуына құқық беретiн шешiмдi қабылдаған кеден органы лауазымды адамының жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген кедендiк жай мөртаңба СN-37, СN-38 нысандарындағы барлық даналарында бар болса, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзу орындарында орналасқан шекаралық кеден органдары шығарады.
      II.4. Халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн заттарды кедендiк ресiмдеу кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органы жасаған және кеден органы жұмысының режимiн ескере отырып, байланыс кәсiпорнымен келiсiлген технологиялық нобай бойынша жүзеге асырылады.
      II.5. Халықаралық почта жөнелтiлiмдерiн кедендiк ресiмдеу қызметi аймағында халықаралық почта айналымы орындары орналасқан кеден органдары жүзеге асырады.
      Кедендiк рәсiмдеу үшiн кеден органдарына:
      - шет елдермен түскен почта жөнелтiлiмдерi - оларға iлеспе мекен-жайлары (N 4 қосымша), почталық С2\СРЗ нысанындағы кеден декларациялары (N 6 қосымша) және басқа да құжаттар тiркелген тiзбелер (N 5 қосымша) бойынша. Тiзбе мен кеден декларациясының бiр-бiрден данасы шығару туралы шешiм қабылданған кеденде қалады;
      - шет елдерге жiберiлетiн почта жөнелтiлiмдерi - оларға iлеспе мекен-жайлары, почталық С2\СРЗ нысанындағы кеден декларациялары тiркелген СN-37 құжаттамалары бойынша СN-37 нысанындағы жүк құжаттамасы мен кеден декларациясының бiр-бiрден данасын шығару туралы шешiм қабылдаған кеденде қалады;
      - шет елдерден түсетiн, сондай-ақ шет елдерге жiберiлетiн iшiнде баспа материалдары бар хаттар, почта карточкалар, орама заттары мен "М" мүшектер, секограммалар - iлеспе құжаттарынсыз.
      II.6. Халықаралық почта айналымы орнына бүлiнген күйде салмағы өзгеше болып, iшiндегiсi бұзылған немесе қажеттi iлеспе құжаттарынсыз түскен почта жөнелтiлiмдерi кемшiлiктi анықтаған тұлғалардың қолдары қойылған байланыс кәсiпорны жасаған актi тiркелiп, кедендiк тексеруге ұсынылады.
      Шет елдерден түскен почта жөнелтiлiмдерiн кедендiк тексеру барысында анықталған салмаққа қатысты ауытқушылықтарға және басқа да кемшiлiктерге байланыс кәсiпорны қызметкерлерi N 5 нысанындағы актiнi (N 7 қосымша) екi данада жасайды. Актiнiң бiр данасы почта жөнелтiмiнiң iшiне салынады, екiншi данасы байланыс кәсiпорнында қалады.
      II.7. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларға Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес кеден төлемдерi салынады.
      II.7.1. Өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналмаған халықаралық почта жөнелтiлiмдерiн өткiзу кезiнде жеке тұлғалардың халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзетiн жалпы құны 200 АҚШ долларына дейiнгi тауарларды жөнелту мен алуға құқысы бар.
      II.7.2. Жеке тұлғалардың осы сомадан артатын халықаралық почта жөнелтiлiмi тауарлардың кедендiк құнының 30% көлемiнде бiрыңғай ставка бойынша кеден төлемдерiн есептей отырып ресiмделiнедi.
      II.7.3. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар болып табылатын тұлғалар халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен тауарларды салық салуды тарифтiк және тарифтiк емес реттеудiң жалпы тәртiбi мен шарттарына сәйкес кеден төлемдерiн төлеп, өткiзе алады.
      II.7.4. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен тауарларды өткiзетiн жеке тұлғалардың құндық және сандық квоталардың жоғарғы шектерiн асырып жiберетiн жағдайларында осындай асырудың бөлiгiнде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға көзделген салық салу мен кедендiк ресiмдеудi тарифтiк және тарифтiк емес реттеудiң жалпы тәртiбi мен шарттары және тұлғалардың осы санаты үшiн осы Нұсқауда көзделген кедендiк ресiмдеудiң ерекшелiктерi қолданылады.
      II.7.5. Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлардың өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналуын жалпыға бiрдей қабылданған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкес тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберудiң сипатын, соны мен жиiлiгiн ескере отырып анықтайды.
      II.8. Қазақстан Республикасы кеден аумағына халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi:
      II.8.1. Халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу "Р" аппаратурасы көмегiмен жүзеге асырылатын кедендiк тексеруден басталады, қажет жағдайда тексеру үстелiндегi орауды байланыс операторларының ашуы арқылы көзбен тексеру жолымен және кеден инспекторына салуды ұсыну жолымен жүзеге асырылады. "Р" қондырғысына орама сауқаттарын жiберудi байланыс операторлары жүргiзедi.
      Жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары бойынша өткiзiлетiн тауарларды контрабанданы өткiзуге негiзделген күмәндi жағдайларды қоспағанда кеден қызметкерлерi фирмалық сыртқы қабығын бүлдiрмей (Посылторг жүйесiмен) тексередi.
      II.8.2. Халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларға кеден төлемдерi есептелмейтiн болса, онда халықаралық почта айналымы орнында орналасқан кеден органының лауазымды адамы шығару туралы шешiм қабылдайды және С2\СРЗ нысанындағы кеден декларациясында жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген кедендiк жай мөртаңбаны қояды және iлеспе құжаттармен бiрге халықаралық почта жөнелтiлiмiн иесiне табыс ету үшiн халықаралық почта айналымы орнының қызметкерiне бередi.
      II.8.3. Халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларға кеден төлемдерi есептелетiн болса, онда халықаралық почта айналымы орнында орналасқан кеден органының лауазымды адамы осы почта жөнелтiлiмiн ұстауға заттардың атауларын, ерекше қасиеттерiн, есептелген төлемдерiнiң мөлшерiн құны мен сомасын көрсетiп, Т-15 нысанындағы тексеруге қол қойғызу қағазын (N 8 қосымша) екi данада жасайды. Сонан соң осы лауазымды адам шығару туралы шешiм қабылдайды және халықаралық почта жөнелтiлiмiнiң сыртына, Т-15 нысанындағы тексеруге қол қойғызу қағазының барлық даналарына, инспектордың жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiруге С2\СРЗ нысанындағы кеден декларациясына кедендiк жай мөртаңбаларын қояды.
      Тексеруге қол қойғызу қағазының бiрiншi данасы халықаралық почта айналымының орны орналасқан кеден органында қалады, одан кейiн 3 жыл мерзiмге шығару туралы шешiм қабылдаған бөлiмшенiң архивiне сақталуға берiледi. Халықаралық почта жөнелтiлiмiмен бiрге Тексеруге қол қойғызу қағазының екiншi данасы иесiне табыс ету үшiн почта айналымының орны орналасқан жердегi байланыс кәсiпорнына берiледi.
      Бұдан басқа байланыс кәсiпорнына халықаралық почта айналымы байланыс кәсiпорындарының бухгалтериясының дебиторлық жазуды жазуы және Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тиесiлi кеден төлемдерi мен салықтарының бюджет кiрiсiне одан әрi түсуiне бақылау жасау үшiн тексеруге қол қойғызу қағазының бiрiншi данасының жыртылмалы талоны берiледi.
      Ресiмделiнген тексеруге қол қойғызу қағазының негiзiнде байланыс кәсiпорындарының қызметкерлерi тексеруге қол қойғызу қағазының екiншi данасымен бiрге почта жөнелтiлiмiнiң сыртына немесе iлеспе мекен-жайға қоса берiк тiркелетiн есептелген төлемдердiң сомасына 113 нысанындағы кеден төлемi почталық аударылымының бланкiсiн толтырады. Одан соң халықаралық почта айналымы орындарының байланыс кәсiпорны халықаралық почта жөнелтiлiмдерiн иесiне салып жiбередi.
      II.9. Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi.
      II.9.1. Кедендiк ресiмдеу байланыс кәсiпорындары қызметкерлерi халықаралық почта жөнелтiлiмдерiн және олардың С-37 нысанындағы жүк құжаттарына қоса тiркеулердi алдын ала сұрыптауды жүргiзгеннен кейiн басталады.
      II.9.2. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес декларацияланған халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберуге тиым салынған заттар жөнелтушiге қайтарылуы мүмкiн. Iлеспе құжаты мен С2\СРЗ нысанындағы кеден декларациясында тиiстi үлгiдегi кедендiк жай мөртаңба қойылады. СN-37 нысанындағы жүк құжаттарында сондай-ақ нақты халықаралық почта жөнелтiлiмiн қайтару жөнiндегi белгi жасалынады. Жүк құжатындағы кедендiк жай мөртаңба мен жазу шешiм қабылдаған кеден органының лауазымды адамның жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiледi.
      II.9.3. Халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу II.8.1. тармағында көрсетiлген тәртiптерге сәйкес жүзеге асырылады.
      II.9.4. Аралас қызметтердiң (карантиндiк, мал дәрiгерлiк бақылау, контрабанда мен кеден ережелерiн бұзумен күрес бөлiмi) бақылауына жататын тауарларды кедендiк ресiмдеу шығару туралы шешiм үшiн аталған бақылауға ұсынылады, бұл жөнiнде iлеспе құжатында кеден органы лауазымды адамының тиiстi белгiсi жасалынады.
      II.9.5. Халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларға кеден төлемдерi есептелмейтiн болса, онда халықаралық почта айналымы орнында орналасқан кеден органының лауазымды адамы шығару туралы шешiм қабылдайды және С2\СN-37 немесе СN-38 нысанындағы және ф-16 нысанындағы жүк құжаттарының барлық даналарында жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген кедендiк жай мөртаңбаны қояды. Одан кейiн халықаралық почта жөнелтiлiмi келешекте шет елге жөнелту үшiн халықаралық почта айналымы орнындағы байланыс кәсiпорнына берiледi.
      II.9.6. Халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларға кеден төлемдерi есептелетiн болса, онда халықаралық почта айналымы орнында орналасқан кеден органының лауазымды адамы С2\СРЗ нысанындағы кеден декларациясының деректерiн қызметi аймағында халықаралық почта айналымы орны орналасқан кеден органы лауазымды адамының жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген кеден төлемдерiн төлеу туралы белгi жасалынуы тиiс кедендiк кiрiс ордерiнiң бiрiншi данасының деректерiмен салыстырып тексерудi жүргiзедi.
      Кеден төлемдерiн есептеу кезiнде қателер жiберiлсе, халықаралық почта жөнелтiлiмi қайта есептеудi жүргiзу мен кеден төлемдерi мен салықтарды төлеу үшiн халықаралық почта айналымы орнына қайтарылады.
      II.10. Қазақстан Республикасы кеден аумағы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарлардың кедендiк құнын анықтау тәртiбi:
      II.10.1. Халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауардың кедендiк құнын анықтауға жөнелтушiнiң С2\СРЗ нысанындағы кеден декларациясында көрсеткен нақты тауардың (жарияланған құндылық) құны болып табылады.
      II.10.2. С2/СРЗ нысанындағы кеден декларациясында нақты тауардың құны туралы жазба жоқ болатын, сонымен қатар мәлiмделiнген құн осындай тауарлардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын анағұрлым әйгiлi фирмалардың каталогында көрсетiлген деректерден 30 процент ерекшеленетiн жағдайда кеден органының лауазымды адамы тауар құнын өз бетiнше белгiлейдi.
      II.10.3. Белгiленген тауар құнымен келiспеген жағдайда кеден төлемдерiн төлеуге жауапты тұлға кедендiк ресiмдеудi жүргiзген және халықаралық почта айналымы орны орналасқан кеден органына нақты тауар құнын растайтын құжаттарды (келiсiм шарттар, чектер, шот-фактуралар ж.т.б.) ұсынуға құқылы.

III. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЧТА ЖӨНЕЛТIЛIМДЕРIМЕН ӨТКIЗIЛЕТIН
ТАУАРДЫ КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУ ҮШIН КЕДЕН
ТӨЛЕМДЕРIН ЕСЕПТЕУ МЕН АЛУ ТӘРТIБI

      III.1. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен коммерциялық емес мақсатта өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн алымдар тұлға Қазақстан Республикасы кеден аумағы арқылы немесе Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары жалпы сомасы 200 АҚШ доллары тұратын тауарларды өткiзетiн жағдайда есептелiнедi.
      III.2. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн алымдар тауарлардың кедендiк құнының 0,2 процентi мөлшерiнде алынады.
      III.3. Кеден бажы, қосымша құнға салық пен акциздер Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен тауарларды өткiзетiн тұлғалардан (тауарларды жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзетiн жеке тұлғаларды қоспағанда) Президенттiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Жарлығының, сондай-ақ басқа заңды актiлер мен тиiстi кедендiк қалыпты құжаттарының ережелерiне сәйкес алынады.

IҮ. КЕДЕН ТӨЛЕМДЕРIН ТӨЛЕУДIҢ ТӘРТIБI

      IҮ.1. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерiн төлеу тәртiбi осы Нұсқаудың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады, ал онымен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден төлемдерiн төлеудi реттейтiн заң актiлерiмен жүзеге асырылады.
      IҮ.1.1. Кеден төлемдерiн төлеу осы Нұсқаудың II.8.3. тармағында көрсетiлген 113 нысанындағы почта аударылымының бланкiсiнде қойылған сомада халықаралық почта жөнелтiлiмдерiн алатындар тұратын (орналасатын) байланыс кәсiпорындарында жүргiзiледi. Почта аударылымының жоғары бөлiгi төлемдердi қабылдаған байланыс кәсiпорнында қалады, аудару төлемiнiң почта аударылымының талоны тексеруге қол қойғызу қағазына қоса тiркеледi және кеден төлемдерiнiң алынуына бақылау жасайтын халықаралық почта айналымы орнына 24 сағат iшiнде салынып жiберiледi, одан соң аталған кеден органы шотына кеден төлемдерiн аудару мен түсуiне бақылау және одан кейiн сақтау үшiн кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органы бухгалтерлiк бөлiмiне берiледi. Есеп айырысу шоттары N 9 қосымшада көрсетiледi.
      IҮ.1.2. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының шотына кеден төлемдерiн аударуды байланыс кәсiпорындары екi аптада бiр рет жүргiзедi.
      IҮ.1.3. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерiн төлеу алушыға халықаралық почта жөнелтiлiмiн беретiн сәтке дейiн жүргiзiледi.
      IҮ.2. Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерiн төлеудiң тәртiбi:
      IҮ.2.1. Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерiн төлеу байланыс кәсiпорнының халықаралық почта жөнелтiлiмiн жiберуге қабылдаған сәтiне дейiн жүргiзiледi.
      IҮ.2.2. Кеден төлемдерiн төлеу қызметi аймағында халықаралық почта жөнелтiлiмiн жөнелтушi тұратын (орналасатын) кеден органында жүргiзiледi.
      Коммерциялық емес мақсатта өткiзiлетiн тауарлар С2\СРЗ нысанындағы декларация және тауарларды өткiзетiн тұлғаның осы Нұсқаудың N 10 қосымшасында келтiрiлген нысанда жасалған өтiнiшi бойынша төлеуге жатады.
      Кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау мақсатындағы мұндай өтiнiш кеден декларациясы ретiнде қаралады.
      IҮ.2.3. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзетiн тауарлары Қазақстан Республикасы орталық кеден органының арнайы қалыпты актiлерiмен белгiленген тәртiппен декларациялауға және төлеуге жатады.
      IҮ.4. Кеден төлемдерiн Президенттiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығында өзгеше қаралмаса, декларант не кез келген мүдделi тұлға төлейдi.
      IҮ.5. Кеден төлемдерi мен салықтарды төлемегенi үшiн декларант, ал оның жоқ кезiнде Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен тауарларды өткiзетiн тұлға жауапкершiлiкте болады.
      Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзетiн тұлғалардың кеден төлемдерiн төлемеуi туралы фактiлер анықталатын кезде анықтаудың уақытына байланыссыз төленбеген сома даусыз тәртiппен, сот тәртiбiмен өндiрiлiп алынады.

Ү. КЕДЕН ЕРЕЖЕЛЕРIН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК

      Кедендiк бақылаудан жасырын салып жiберiлетiн заттар контрабанда делiнiп қаралады және Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
      Кеден декларациясында көрсетiлмеген немесе өз атауымен көрсетiлмеген, халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен әкелуге және әкетуге тиым салынған заттар кеден ережелерiн бұзу туралы хаттама бойынша ұсталынады және Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәргiлеуге жатады. Кеден ережелерiн бұзу туралы хаттаманың бiр данасы алушы үшiн халықаралық почта жөнелтiлiмiне салынады. Кеден ережелерiн бұзу туралы хаттаманың көшiрмесi кедендiк тексеру
жүргiзiлген халықаралық почта айналымы орнының байланыс кәсiпорнына берiледi.

ҮI. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЧТА ЖӨНЕЛТIЛIМДЕРI БОЙЫНША КЕДЕН
БАЖЫН НЕМЕСЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ШАҒЫМДАРДЫ ЕСЕПТЕУ ЖӨНIНДЕ ӨТIНIШТЕРДI ҚАРАУ

      Почта жөнелтiлiмдерi бойынша азаматтар, мекемелер мен ұйымдардың өтiнiштерiн:
     - материалдық шағымдар бойынша байланыс кәсiпорындары;
     - есептелiнген кеден бажы және тәргiленген заттар бойынша кеден органдары қарайды.

N 1 қосымша

Жеке тұлғаларға жататын және Қазақстан Республикасы кеден
шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен
өткiзуге тиым салынған тауарлардың
ТIЗБЕСI

      1. Есiрткi, жүйке улағыш, улы заттар.
      2. Мазмұны бойынша мемлекеттiң қоғамдық тәртiбiне, iзгiлiгiне және азаматтардың мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн ақпарат жазылатын не түсiрiлетiн нәрселер (баспасөз шығармалары, бейнетыңдату материалдары, суретпен бейнелеу материалдары ж.т.б.).
      3. Қару-жарақ және әскери техника, оларды әзiрлеу үшiн жинақтаушы арнайы бұйымдар, қалыпты техникалық құжаттама және әскери мәндегi өнiмдер.
      4. Оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жару және пиротехника құралдары.
      5. Ядролық материалдар, технологиялар, құрал-жабдықтар мен қондырғылар, арнайы ядролық емес материалдар, радиоактивтi қалдықтарды қосқандағы радиоактивтi сәулелендiру көздерi.
      6. Аса бағалы металдар, қорытпалары, рудалар, концентраттар, аса бағалы металдардың қалдықтары янтарь (тек Қазақстаннан әкету кезiнде ғана).
      7. Аса бағалы тастар, қалдықтар, ұнтақтар және аса бағалы табиғи металдардың қайта пайдаланылатындары, iнжу, янтарь (тек ҚР-сынан әкету кезiнде ғана).
      8. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы нумизматиматикалық мақсатта өткiзiлетiн ақшалай белгiлердi қоспағанда кез келген шет елдiк және ұлттық валюта.
      9. Маралдар мен бөкендердiң мүйiздерi, тұяқтары мен пантылары.
      10. Бекiре мен қызыл балықтың уылдырығы (тек ҚР-сынан әкету кезiнде ғана).
      11. Қазақстан Республикасы аумағында және континентальдық жағалау, экономикалық теңiз аймағы шегiнде орналасқан отын-энергетикалық және минералдық шикiзат аудандары мен кенiштерi бойынша жер байлықтары жөнiндегi ақпарат.
      12. Анықтап ажырату құралдары (анықтап ажырату техникасын, анықтап ажырату техникасының бөлшектерiн және анықтап ажырату үшiн бағдармалар пакеттерiн қоса), анықтап ажырату құралдарына қалыпты техникалық құжаттама (конструкторлық және пайдалану).
      13. Сирек кездесетiн, жер қабатындағы сирек металдар, өндiру үшiн шикiзаттар, қорытпалар, қосындылары мен бұйымдар.
      14. Өнеркәсiп қалдықтары.
      15. Әскери билеттердiң, жеке бас куәлiктерiнiң түпнұсқалары және көшiрмелерi.

N 2 қосымша

      РҚАО-ның ескертуі: Қосымшаны қағаз мәтіннен қараңыз.

 N 3 қосымша

____________________________________________________________________
 Жыл       іОрама    іҚай     іСал.   іҚұн.   іКеден      іБелгiлер
 басынан   ісауқат   іжерге,  імағы   ідылы   ібаждары    і үшiн
 бергi     іберген   іқашан   і       іғы     іқұны       і
 реттiк    іжер мен  іжiбе.   і       і       і-----------і
 (жалпы)   іN        ірiлдi   і       і       і сом  ітиыні
 N         і         і        і       і       і      і    і
--------------------------------------------------------------------
 ----------і---------і--------і-------і-------і------і----і---------
-----------і---------і--------і-------і-------і------і----і---------
-----------і---------і--------і-------і-------і------і----і---------
-----------і---------і--------і-------і-------і------і----і---------
-----------і---------і--------і-------і-------і------і----і---------
-----------і---------і--------і-------і-------і------і----і---------
-----------і---------і--------і-------і-------і------і----і---------
-----------і---------і--------і-------і-------і------і----і---------
-----------і---------і--------і-------і-------і------і----і---------

N 4 қосымша

Қазақстан Республикасы
Көлiк және байланыс министрлiгi
199 ж "___"_____________

Кеденге тексеруге ұсынылатын орама сауықтардың
ТIЗБЕСI

              Жалпы N N
             Қарап тексергендер:
             Кеден инспекторы:

             Таразышы:
             Орап-түюшi:

             Қосып жазған:_____________
             Тексерген:________________

N 5 қосымша

     Берген IЛЕСПЕ МЕКЕН ЖАЙЫ Орама СР7 және СР6  СР7 маркасы
                              сауқат жарлық қа.  (Оң жақ бетi)
                              тардың ғаздары
                              нөмiрi нөмiрi
     -----------------------
     іЖөнелтушiнiң аты-жөнiі
     імен мекен-жайы       і-------------------------------
     і---------------------іЖолының бағыты
     іЖiберiлген елiн қоса і-------------------------------
     іалушының аты-жөнi меніАйырбас мекемесi
     ітолық мекен-жайы     і
     і-----------------------------------------------------
     іЖарияланған құндылық іЖарияланған құндылық
     іжазумен цифрлармен   іфр.дол.
     і-----------------------------------------------------
     іСалынған төлемнiң    і
     ісомасы жазумен       і
     іцифрлармен           і
     і-----------------------------------------------------
     іАғымдық почта шотыныңіКеден   іБерген мекеме
     іN  чектiк мекеме     іштемпелiіне жөнелтушi
     і                     і        іайырбас мекемесiнiң
     і                     і        іштемпелi
     і-----------------------------------------------------
     іАғымдық почта шотыныңіКедендiкі
     іиесi                 іалымдар і
     і-----------------------------------------------------
     іСаны                 і                 Брутто
     і---------------------і                 салмағы
     і     іОрама і        і
     і     ісауқаті        і
     і     ітар   і        і
     і---------------------
     і     ікуәлiкі
     і     іфакту і
     і     іра    і
     і------------і
     і     іКеден і
     і     ідекла і
     і     ірация.і
     і
     іЖәшiк, пакет, картон қорап

     Почталық әкiмшiлiк        СР2/СР3 КЕДЕН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
                               (Оң жақ бетi)     -----------------------------------------------------------------
     і(1) Жөнелтушiнiң атауы мен і(2) Қажет кезiнде жөнелтушiнiң
     імекен-жайы                 іжөнелтетiн нөмiрi көрсетiлсiн
----------------------------------------------------------------
     і(3) Жiберiлген елiн қоса   і(4) Егер әңгiме
     іалушының атауы мен толық   і---!сыйлық ---!тауар үлгiсi
     імекен-жайы                 і---!       ---!
----------------------------------------------------------------
     і                           ітуралы болса, айқастыру белгiсi
     і                           іқойылсын.
     і                           і----------------------------------
     і                           і(5) Төменде қол қойғандар осы
     і                           ідекларацияда келтiрiлген
     і                           імәлiметтердi растайды.
     і                           і----------------------------------
     і                           і(6) Орны мен күнi
     і------------------------------------------------------------
     і(7) Ескертулер             і(8) Қолы
     і                           і----------------------------------
     і                           і(9) Тауар жөнел-і(10) Жiберiлген
     і                           ітетін ел        іел
     і                           і                і-----------------
     і                           і                і(11) Жалпы брутто
     і                           і                ісалмағы кг    г       і--------------------------------------------------------------
     і(12) Жөнел-     (13) Салымныңі(14) Тарифтiк і(15)   і(16)
     ітiлiмдердiң     толық атауы  іN             іТаза   іЖариялан.
     ісаны                         і              ісалмағыіқұндылық
     і                             і              ікг   г і

N 7 Қосымша

 Т-5 нысаны

А К Т

____________ келген жалпы N ____________ почта жөнелтiмiн
тексеру кезiнде жөнелту елi

БАЙЛАНЫС   декларацияда (лицензия-фактурада) аталған заттардың почта
МИНИСТРЛIГI жөнелтiмiнде нақты бар заттармен төмендегiдей ұқсастығы
            анықталды:
--------------------------------------------------------------------
р/р і   Заттардың атаулары   і Өлшем і Құжатта і Нақ- і Жетiс-і Арты
N N і                        ібiрлiгiікөрсетi- ітысы  іпейдi  іғы
    і                        і       іледi     і      і       і
--------------------------------------------------------------------
 1  і                        і       і         і      і       і
--------------------------------------------------------------------
 2  і                        і       і         і      і        і
--------------------------------------------------------------------
 3  і                        і       і         і      і        і
--------------------------------------------------------------------                ------------------------------------------------------
_____________________________________ делiнiп шешiлдi.

                Кеден инспекторы ____________________
                                       (қолы)
                Әкiмшiлiк ___________________________
                                  (қолы)
                Оператор ____________________________
                                  (қолы)

N 8 Қосымша

     
                                            -----------------
                                            і           N 15
                                            і    КЕДЕН
             ТЕКСЕРУГЕ ҚОЛ ҚОЙҒЫЗУ N _______іДек N ________________
           Тiзбе N _______ Салмағы _________і199  ж. "   " ________
           Иесiнiң аты-жөнi ________________і----------------------
___кеденi  Жiберiлетiн жерi ________________і----------------------
199 ж. ___ Жөнелтетiн елi __________________і----------------------
--------------------------------------------іКеден бажы
р.р.іЗаттардыңіСа-іСаліТау-і Кеден бажы     і----------------------
N   іатауы,   іны іма-іар  і----------------і----------------------
    іерекше   і   іғы ішиф-і   сом і тиын   і----------------------
    ібелгiлерiі   і   іры  і       і        і----------------------
    імен баға-і   і   і    і       і        і----------------------
    ісы       і   і   і    і       і        і__________________сом.
--------------------------------------------і----------------------
    і         і   і   і    і       і        і  (сомасы жазумен)
--------------------------------------------і----------------------
    і         і   і   і    і       і        ісауқат берген
--------------------------------------------і----------------------
    і         і   і   і    і       і        ікезде өндiрiп
--------------------------------------------і----------------------
    і         і   і   і    і       і        іалынады
--------------------------------------------і----------------------
    і         і   і   і    і       і        і----------------------
--------------------------------------------і----------------------
    і         і   і   і    і       і        і----------------------
--------------------------------------------іИнспектор
    і         і   і   і    і       і        і----------------------
--------------------------------------------і
 Бажды есептеген инспектор ___________________
                         (қолы анық жазылсын)

N 9 Қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БОЙЫНША КЕДЕН БАСҚАРМАЛАРЫНЫҢ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШОТТАРЫНЫҢ ТIЗIМI

--------------------------------------------------------------------
Атауы             Банк        МФО       ағымдық  депоз.    негiзгi
--------------------------------------------------------------------
1 Ақмола         Ұлт.банк   195301113   141661   144914    70120748
2 Ақтөбе         Ұлт.банк   190301107   141783   144816    70120844
3 Алматы         Ұлт.банк   190504104   141834   144802    70121321
                 қал.
4 Атырау         Ұлт.банк   191201104   141135   144501    70120607
5 Шығ.Қаз.       Ұлт.банк   190901104   141672   144941    70120209
                 Өскемен
6 Жамбыл         Ұлт.банк   191401108   141874   144907    00120646
7 Жезқазған      Ұлт.банк   191601103   141235   144106    70120642
8 Бат.Қаз.       Ұлт.банк   194901105   141860   144003    70120073
                 Орал
9 Қарағанды      Ұлт.банк   191801107   141819   144719    70120873
10 Қызылорда     Ұлт.банк   192101108   141861   144211    70120760
11 Көкшетау      Ұлт.банк   192401103   141840   144407    70120231
12 Қостанай      Ұлт.банк   192701105   141860   144210    70120167
13 Маңғыстау     Ұлт.банк   192901104   141643   144611    70120432
                 Ақтау
14 Павлодар      Ұлт.банк   193201105   141763   144511    70120963
15 Сол.Қаз.      Ұлт.банк   193601104   141268   144608    70120733
                 Петропавловск
16 Семей         Ұлт.банк   193801107   141796   144311    70120394
17 Талдықорған   Ұлт.банк   194101112   141350   144807    00120630
18 Торғай        Ұлт.банк   194401106   141045   144107    70120261
19 Оң.Қаз.       Ұлт.банк   195801113   141263   144817    70120874
                 Шымкент
20 Астана        Ұлт.банк   190501109  1141142   144522    70121216
                 Бас ГАТУ
                 РКЦ
21 Қорғас        Ұлт.банк   194109141   141525   144302    70120806
                 есеп.орт.
                 Жәркент
22 Достық        Ұлт.банк   194112144   141827   144002    00120204
                 Үшарал
23 Бақты         Ұлт.банк   193811111   141463   144402    70120906
24 Майқапшағай   Ұлт.банк   190902117   141119   144802    70120102
                 Зайсан
25 Ленинск       Ұлт.банк   192201111   141719   144703    70120113
                 Қызылорда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады