----------------Бұйрықтан үзінді----------------------
Ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде 1996 жылғы 26 қазанда N 215 болып тiркелген "Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi мен Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының күзетілетін банк мекемелерiне жасалатын қарақшылық шабуылдарды тойтару жөнiндегi өзара iс-қимыл жасасу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1996 жылғы 2 мамырдағы N 155/83...
Министрдiң міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты
__________________________________
Қазақстан Республикасы
ІІМ және МТК
1996 жылғы 2 мамырдағы
N 155/83 бұйрығына
N 1 қосымша
1. Жалпы ережелер
1. Бұл нұсқау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi IIМ және МТК органдары) аумақтық органдарының күзетiлетiн банк мекемелерiне жасалатын қарақшылық шабуылдарға тойтарыс жасауды бiрлесе ұйымдастыру мәселелерiн ведомствоаралық реттеудi мақсат етедi.
2. IIМ және МТК органдарының өзара iс-қимыл жасауы заңдылықтарды, жоғары жауапкершiлiктi, қызмет жөнiндегi мәлiметтердiң қатаң құпиялылығын сақтау, ортақ мүддеге жұмылдырылған тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету принциптерi бойынша құрылады.
2. Объектiнi қорғау жоспарын әзiрлеу
тәртiбi және оның құрамдас бөлiмдерi
3. Қызмет ету территориясында орналасқан күзетiлетiн банк мекемелерiне қарақшылық шабуыл жасалыну жағдайына IIМ және МТК органдары сол объектiлердi қорғау бойынша жоспарлар жасайды. Аталған жоспарлар iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiнде және МТК-нiң территориялық органдарында, ал олардың көшiрмелерi күзет бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң) орталықтандырылған күзет пункттерiнiң ұстаушылар тобының iс-қимыл тәртiбi жөнiндегi жоспары күзет бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң) кезекшi бөлiмдерiнде, күзет постыларының банк мекемелерi мен осы мекемелер қызметкерлерiн қорғау бойынша iс-әрекеттер жасау тәртiбi - пост күзетшiсiнде немесе банк мекемелерi басшыларында кiлтпен жабылатын темiр шкафтар мен сейфтерде ұсталынатын арнаулы папкелерде сақталынады. Бұдан басқа, iшкi iстер органдарының және күзет бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң) кезекшi бөлiмдерiнде банк мекемелерiн күзететiн милиция нарядтарының мiндеттi түрде, ауыстырылып тұратын поролi болуы тиiс.
3. Қорғау жоспарында мынадай мәселелер ескерiледi:
4. Бiртұтас шоғырлану жүйесiне кiретiн милиция нарядтары, милицияның учаскелiк уәкiлдерi мен МТК-нiң тергеу-iздестiру топтарының (бұдан былай ТIТ) объектiнi қорғауға қажеттi күштер мен құралдарының есебi; олардың қарулануы, көлiк және байланыс құралдарымен, жеке басты қорғау құралдары, арнаулы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етiлуi.
5. Барлық жұмылдырылған күштер мен құралдардың қорғау объектiсiне әртүрлi бағыттарда және қысқа мерзiмде жетуi ескерiлген негiзгi және резервтегi маршруттары.
6. Барлық жұмылдырылған күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру - милиция нарядтары, МТК-нiң қызметкерлерiне, банк қызметкерлерiне, сонымен бiрге операция жүргiзу аймағында кездейсоқ ұшырасқан азаматтарға қарсы қару немесе басқа да арнаулы құралдарды кездейсоқ қолданудан сақтандыруға бағытталған өзара тану белгiлерi және де басқа шаралар.
7. Қылмыскерлердiң сытылып кетуiнiң (қашып-құтылуы) ықтимал жолдары, сонымен бiрге оларды ұстаудың ең қолайлы орындары.
8. Әрбiр нарядтың алдына қойылған мiндеттерiн және жергiлiктi жер бедерiн нақты есепке ала отырып, оқиға болған жерге автокөлiктi тоқтату және жеке құрамды орналастыру, осы шаралардың орындалу тәртiбi.
9. Қорғау жоспарын iске қосу кезiндегi банк мекемелерiн қорғау қызметiн атқарушы пост күзетушiлерiнiң, сонымен бiрге осы мекеме қызметкерлерiнiң iс-қимылдар жасау тәртiбi.
4. Қорғау жоспарына қосымша ретiнде мыналар
тiркеледi:
10. "Дабыл" сигналы бойынша жiберiлетiн нарядтардың орналасуын және кiрме жолдары белгiленген объектiнiң орналасу үлгiсi.
11. Күзет постылары және iшкi бөлмелердiң орналасуы белгiленген объектiнiң карточка-жоспары.
12. Бағалы заттардың сақталынуына жауапты банк мекемесiнiң басшы қызметкерлерi мен лауазымды адамдарының мекен-жайы, үй және қызмет телефондары көрсетiлген тiзiмi.
13. "Дабыл" сигналы бойынша оқиға болған жерге келетiн iшкi iстер, МТК-нiң территориялық органдарының басшы және жауапты қызметкерлерiн хабарландыру үлгiсi.
14. Оқиға болған жерге iшкi iстер органдарының басшылары келiп жеткенше, келген iшкi iстер органдары мен МТК-нiң барлық күштерi мен құралдарына iшкi iстер органдарының оперативтiк кезекшiлерi басшылық етедi.
15. Iшкi iстер және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң аумақтық органдарының басшылары тоқсанына кемiнде бiр рет, объектiлерге жасалатын шабуылдарға және басқа да құқыққа қарсы iс-қимылдарға тойтарыс беру жөнiндегi тәжiрибелiк әдiстердi меңгеру жұмыстарын және оқу-жаттығу сабақтарын жүргiзуге, осы жаттығу сабақтарын есепке алып отыруға мiндеттi.
Аталған мәселелер жөнiндегi оқу-жаттығу сабақтары iшкi iстер органдары мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң аумақтық органдарының бiрiншi басшылары немесе оларды алмастырушы адамдардың бiрлескен бұйрықтары негiзiнде өткiзiледi.
16. Банк мекемесi қызметкерлерiнiң қарақшылық шабуыл жасалынған жағдайда немесе басқа да төтенше оқиғалар кезiнде атқаратын iс-қимылдары туралы Нұсқау (Инструктаж) iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен МТК-нiң өкiлдерiмен бiрлесе отырып, осы мекеме басшыларының келiсiмi бойынша өткiзiледi.
5. Күзетiлетiн банк мекемесiнен дабылдық сигнал
келiп түскенде Iшкi iстер органдары және
Мемлекеттiк Тергеу комитетi бөлiмшелерiнiң
өзара iс-қимылдар жасау тәртiбi
17. Күзетiлетiн банк мекемелерiнде орнатылған дабылдық сигнализация iске қосылған жағдайда және iшкi iстер органының кезекшi бөлiмiне "дабыл" сигналы келiп түскенде, оперативтiк кезекшi, немесе оның көмекшiсi бұл жағдай туралы тез арада күзет бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң) және МТК-нiң кезекшi бөлiмдерiне хабарлайды, сонымен қатар ақпараттар есебiн жүргiзетiн журналға (кiтапқа) тиiстi мәлiметтердi жазады.
18. Хабар алынысымен күзет бөлiмiнiң аға күзет инспекторы (кезекшi күзет инспекторы), ал күзет бөлiмдерi жоқ күзет бөлiмшелерiнде орталықтандырылған күзет пункттерiнiң кезекшiлерi объектiге сол объектi орналасқан аймақта (секторда) қызмет атқарушы орталықтандырылған күзет пункттерiнiң күзет бөлiмдерiн (бөлiмшелерiн) бағыттайды.
Орталықтандырылған күзет бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң) ұстаушылар тобы оқиға болған жерге келген соң, объектiнi қорғауға алу жоспары бойынша қоршауға алып, iшкi iстер және МТК тергеу-iздестiру тобы кезекшi бөлiмiнiң милиция наряды келуiн күтедi.
19. "Дабыл" сигналы бойынша орталықтандырылған күзет бөлiмдерiнiң (ОКБ) ұстаушылар тобымен бiрге объектiге оперативтiк кезекшi басқарған iшкi iстер бөлiмiнiң милиция наряды атанады.
Iшкi iстер бөлiмi кезекшi бөлiмiнiң наряды табельдiк ережеге және банк мекемелерiн қорғауға алу жоспарына сәйкес қаруландырылып, жеке қорғаныс құралдарымен, басқа да арнаулы құралдармен жабдықталынады.
20. Iшкi iстер бөлiмiнiң оперативтiк кезекшiсi "Дабыл" сигналы бойынша шыққан мезетте ауыспалы пороль және объектiнiң жоспар карточкасын өзiмен бiрге алуға мiндеттi.
21. Iшкi iстер бөлiмiнiң оперативтiк кезекшiсi объектiге келген соң, қылмыскерлердiң сытылып кету мүмкiндiктерiне, күзетiлетiн аймаққа бөтен адамдардың және автокөлiктердiң өтiп кетуiне жол бермей, барлық күштер мен құралдарды қорғау жоспарына сәйкес, орналастыруды ұйымдастырады.
Қажет болған жағдайда оперативтiк кезекшi iшкi iстер бөлiмiнiң кезекшi бөлiмi арқылы объектiге оның қарамағындағы басқа күштердi (өрт сөндiру бөлiмi, патрульдiк, жол милициясының нарядтары ж.б.) жинақтайды, МТК-нiң тергеу iздестiру тобын (ТIТ) шақырады.
Iшкi iстер бөлiмiнiң оперативтiк кезекшiсi сақтық шараларын ескере отырып "дабыл" сигналының түсу себептерiн анықтауға шара қолданады.
22. Сигналдың iске қосылу себебiн анықтаған соң, оперативтiк кезекшi шара қолдану үшiн ол туралы iшкi iстер бөлiмiнiң бастықтарына, МТК-нiң аумақтық органының кезекшi бөлiмiне баяндайды.
23. Объектiге шабуыл жасалынғандығы, немесе оның ғимаратына бөтен адамдардың кiрiп кеткендiгi анықталынған жағдайда, сонымен бiрге банк мекемесiн күзетiп тұрған милиция нарядымен (пост күзетшiсiмен) байланыс жасау мүмкiн болмай қалған жағдайда, немесе сигнализацияның iске қосылуын анықтау мақсатымен объектiнiң iшiне кiру мүмкiн болмаса, оперативтiк кезекшi болған жағдайды МТК-нiң аумақтық органының кезекшi бөлiмi мен iшкi iстер бөлiмiнiң басшыларына хабарлайды.
24. Мұндай хабар алысымен, МТК органы бойынша кезекшiлiк етушi адам табельдiк тиiстiлiкке және банк мекемесiнiң қорғау жоспарына сәйкес қаруланған, жеке басты қорғау және арнаулы құралдармен жабдықталған МТК-нiң кемiнде 3 адамнан құралған тергеу-iздестiру тобының нарядын шұғыл түрде жiберуге мiндеттi.
МТК-нiң тергеу-iздестiру тобының басшысы МТК органының кезекшiсiнен ауыспалы порольдi және объектiнiң карточка-жоспарын алуға мiндеттi.
МТК органы бойынша кезекшi бұл жайлы бiр мезгiлде осы iс-қимылдар операциясының жүргiзiлуiне тiкелей қатысушы МТК және IIБ басшыларына хабарлауы тиiс және олардың нұсқауы бойынша арнаулы iс-қимылдар операциясын ("Найзағай", "Сирена", "Тосқауыл" және т.с.с.) жүргiзу жоспарларын iске қосады.
6. Күзетiлетiн банк мекемелерiндегi күзет сигналдары
iске қосылған мезеттегi iшкi iстер органдары мен
Мемлекеттiк тергеу комитетi бөлiмшелерiнiң өзара
iс-қимыл жасау тәртiбi
25. Орталықтандырылған күзет пунктi (ОКТ) күзет бөлiмiне (бөлiмшесiне) банк мекемелерiне күзет сигнализациясының iске қосылғандығы жайлы хабар келiп түскен жағдайда, кезекшi оператор бақылау қағазына тиiстi жазба түсiредi де, шұғыл түрде объектiге ұстаушылар тобын жiбередi, бiр мезгiлде бұл жайында күзет бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) басшысына және iшкi iстер органы мен МТК-нiң кезекшi бөлiмдерiне хабарлайды.
26. Күзет бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) кезекшi бөлiмiнен немесе орталықтандырылған күзет пунктiнiң кезекшi операторынан күзетiлетiн банк мекемесiндегi күзет сигнализациясының iске қосылғандығы туралы хабар алған iшкi iстер органы мен МТК-нiң оперативтiк кезекшiлерi, осы Нұсқаудың 3 тарауына сәйкес iс-әрекеттер жасайды.
27. Объектiде қондырылған барлық күзет, дабыл, (өртке қарсы) сигнализациялардың iске қосылу себебi анықталмаған жағдайда, объектiге өтiп кетудiң сыртқы белгiлерi жоқ болса, банк ғимаратында бөтен адамдар мен қылмыскер табылмаса, материалдық құндылықтардың сақталынуына жауапты банк мекемесiнiң лауазымды адамдары келiп жеткенше және дабылдық сигнализацияның iске қосылу себептерi мәлiм болғанша, ТIТ (тергеу-iздестiру тобы) нарядының жетекшiсi IIБ немесе күзет бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) кезекшiсi арқылы объектiнiң күзетiн күшейту шараларын қолданады.