Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Шаруашылық серiктестiктердегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн басқаруды реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 16 мамырдағы N 607 қаулысын iс жүзiне асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 23 шiлдедегі N 512 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 28 қарашада N 227 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 246 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарда мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мен қайта құрылымдау бағдарламасын орындау үшiн ("Қайта құрылымдау және мемлекеттiң меншiк иелену қызметiн жүзеге асыруы", 2-тарау, 1-тараушаның 1-тармағы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Шаруашылық серiктестiктердегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн басқаруды реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 16 мамырдағы N 607 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
     1. Мына құрамда Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерде байқау кеңестерiн құру және олардың қызметiн бақылау жөнiнде комиссия (бұдан әрi-Комиссия) құрылсын:
     С.С.Қалмырзаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, Комиссия төрағасы;
     Е.С.Никитинская - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары;
     О.А.Әбдiкамалов - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Аумақтық даму бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
     Ж.О.Дүйсенбеков - Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй құрылысы және аумақта құрылыс салу министрiнiң бiрiншi орынбасары;
     М.К.Кетебаев - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң орынбасары;
     О.Г.Кинасов - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары;
     С.Г.Майдыров - Қазақстан Республикасы Үкіметi Аппаратының Экономикалық саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
     Б.И.Менжулин - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары;
     Б.Н.Москаленко - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрiнiң бiрiншi орынбасары;
     Ғ.И.Оразбақов - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң орынбасары;
     А.Д.Рябцев - Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөнiндегi комитет төрағасының бiрiншi орынбасары;
     С.Н.Сансызбаев - Қазақстан Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
басқармасы төрағасының орынбасары;
     Т.С.Сарабекова - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары;
     Б.Ш.Таджияков - Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының бiрiншi орынбасары;
     С.А.Тиесов - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрiнiң бiрiншi орынбасары;
     Г.Н.Шалғынбаева - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссияның мүшесi;
     Ж.Ж.Дайыров - Қазақстан Республикасы Меммүлкiкомитетiнiң Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктер және акционерлiк қоғамдар бас басқармасы бастығының орынбасары;
     М.А.Қайназарова - Қазақстан Республикасы Меммүлкiкомитетiнiң Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктер және акционерлiк қоғамдар бас басқармасының бас маманы, Комиссия хатшысы.
     2. Комиссиялар:
     - осы тiркелiмдi акциялардың мемлекеттiк пакетi (мемлекеттiк үлесi) бар шаруашылық серiктестiктерiнiң байқау кеңестерi мүшелерiнiң және мүшелiкке үмiткерлерiнiң тiркелiмiн жасау мүмкiндiгiне қарай бекiтсiн.
     - нарық экономикасы жөнiндегi "Арман" Халықаралық орталығымен бiрлесiп байқау кеңестерiнiң мүшелiгiне үмiткерлердi оқытудың бағдарламасы мен кестесiн қарасын;
     - байқау кеңестерiне мүшелiкке үмiткерлерден сынақ алу арқылы оларды оқытуды ұйымдастырсын.
     3. Бекiтiлсiн:
     - Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерде байқау кеңестерiн құру және олардың қызметiн бақылау жөнiндегi комиссия туралы Ереже;
     - Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктердегi байқау кеңестерiнiң мүшелiгiне үмiткерлерден сынақ алу Тәртiбi;
     - мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктердегi байқау кеңестерi туралы Ереже;
     - мемлекет мүдделерiн тиiмдi түрде бiлдiру мақсаттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып сөйлейтiн, байқау кеңестерi мүшелерiнiң мiндеттерi туралы Ереже.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.С.Никитинскаяға жүктелсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Мемлекеттiк мүлiктi басқару   
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
1996 жылғы 23 шiлдедегi N 512  
қаулысымен бекiтiлген     

МЕМЛЕКЕТ ҚАТЫСАТЫН ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРIКТЕСТІКТЕРДЕ БАЙҚАУ
КЕҢЕСТЕРIН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРIН БАҚЫЛАУ
ЖӨНIНДЕГI КОМИССИЯЛАР ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мен қайта құрылымдау бағдарламасы туралы" 1996 жылғы 27 ақпандағы N 246 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мен қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Шаруашылық серiктестiктерде акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және үлестерiн басқаруды реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 16 мамырдағы N 607 Қаулысына сай әзiрлендi.
     2. Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерде байқау кеңестерiн құру және олардың қызметтерiн бақылау жөнiндегi комиссиялар (бұдан әрi - Комиссиялар) мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестіктерде акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және үлестерiн тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.

      2. КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ

     1. Комиссия - алқалы орган және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы басқарады.
     2. Комиссия құрамына кiретiндер:
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары - төраға орынбасары;
     өкiлдер: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнен, Экономика министрлiгiнен, салалық министрлiктерден, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясынан, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қызмет деңгейi министрдiң орынбасарынан төмен емес өкiлi.
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Шаруашылық серiктестiктер және акционерлiк қоғамдар бас басқармасының бас маманы - комиссия хатшысы;
     2-бөлiмнiң 2-тармағында көрсетiлген адамдар Комиссия жұмысына қатыса алмаған жағдайда, олар бұл мiндетiн өз өкiлдерiне беруi мүмкiн.

      3. КОМИССИЯНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТI

     Комиссия:
     1. Байқау кеңестерi мүшелерiнiң және мүшелiгiне үмiткерлердiң Тiркелiмiнен (бұдан әрi - тiркелiм) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (бұдан әрi - Комитеттiң) өкiлеттi өкiлдерi болып сөйлейтiн, мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктердiң байқау кеңестерiнiң мүшелiгiне үмiткерлер ұсынады;
     2. Комитеттiң тапсырмасы бойынша мемлекет мүдделерiн тиiмдi түрде бiлдiру мақсаттарында Комитеттiң өкiлеттi өкiлдерi болып сөйлейтiн, байқау кеңестерi мүшелерiнiң жұмысын қарайды және оған баға бередi;
     3. Мемлекет мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн тиiстi түрде атқармаған жағдайда байқау кеңестерi мүшелерiнiң құрамын өзгерту жөнiндегi ұсыныстар енгiзедi.
     4. Байқау кеңестерiнiң мүшелiгiне үмiткерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарды айқындайды.
     5. Мемлекет қатысуындағы шаруашылық серiктестiктердегi байқау кеңестерiнiң мүшелiгiне үмiткерлерден сынақ алады (қосымша).

      4. КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖӨНI

     1. Комиссия мәжiлiсiн үстiмiздегi жылдың әр тоқсанының соңғы айының 5-iнде тұрақты негiзiнде Комиссия төрағасы ұйымдастырады.
     2. Комиссия мәжiлiсiн төраға, ол болмаған жағдайда - төрағаның орынбасары басқарады.
     3. Мәжiлiстерде комиссияның шешiмi қатысушылар арасында кәдiмгi көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда мәжiлiс төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
     4. Мәжiлiстен кейiн хаттамалар жасалады. Оған Комиссия төрағасы (төраға орынбасары) және Комиссия хатшысы қол қояды.
     5. Комиссияның жұмысын ұйымдық жағынан Комитеттiң тиiстi бөлiмшелерi қамтамасыз етедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады