Қазақстан Республикасы кәсiптiк-техникалық лицей туралы Уақытша Ережесiн бекiту

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң 1996 жылғы 26 тамыз N 277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 29 қаңтарда N 255 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 554 бұйрығымен.

      Жастарға және халыққа жоғары деңгейлi жұмысшы квалификациясын, күрделi және бiрегей жабдықтар қолданылған кәсiпорындарында жұмыс атқару үшiн мамандық алуға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы кәсiптiк-техникалық лицей туралы Уақытша Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Кәсiптiк-техникалық бiлiм басқармасына /Қ.Қ.Бөрiбеков/:
      2.1. Қазақстан Республикасы кәсiптiк-техникалық лицей туралы Уақытша Ережесi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн;
      2.2. Жергiлiктi бiлiм басқармалары мен кәсiптiк-техникалық лицейлерге нақты кәсiптер мамандықтардың оқу жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеуге iс жүзiнде көмек көрсетсiн.
      3. Облыстық және Алматы қалалық бiлiм басқармалары /департаменттерi/, кәсiптiк-техникалық лицей директорлары оқу орындарының жарғыларын Уақытша Ережеге сәйкестендiрсiн және белгiленген тәртiп бойынша тiркеуден өткiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының құрамына енген кәсiптiк-техникалық лицейлердiң директорларына орта буынды мамандарды дайындауды жалғастыруға рұқсат берiлсiн (жалпы оқушы санының 10%-нен жоғары болмасын).
      5. Қазақ ССР халыққа бiлiм беру министрлiгiнiң 1991 жылы 19 желтоқсанда бекiткен "Жоғарғы кәсiптiк-техникалық училище туралы Уақытша ережесi" күшiн жойды деп табылсын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды министрдiң орынбасары Беркiмбаева Ш.Қ. жүктелсiн.

      Министр

      Енгiзген:                     Келiсiлдi:

      Кәсiптiк-техникалық бiлiм     Министрдiң орынбасары
      басқармасы                    "___" _________ 1996 ж.
      18.07.1996 ж.                 Жоғары бiлiм және ғылым
                                    бас басқармасы
                                    "___"________ 1996 ж.
                                    Орта бiлiм беру бас басқармасы
                                    "___"________ 1996 ж.
                                    Экономика және қаржы бас
                                    басқармасы
                                    "___"________ 1996 ж.
                                    Орта арнаулы бiлiм басқармасы
                                    20.07.1996 ж.
                                    Заң бөлiмi
                                    25.07. 1996 ж.

Қазақстан Республикасы кәсiптiк-техникалық лицейi туралы
УАҚЫТША ЕРЕЖЕ I. Жалпы мәлiмет

      1.1. Кәсiптiк-техникалық лицей (КТЛ):
      - үздiксiз бiлiм беру принципi бойынша жоғары дәрежедегi жұмысшы мамандарды дайындау, қайта дайындау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ететiн, жалпы бiлiм беру жүйесiнiң жоғарғы сатыдағы оқу орны болып табылады.
      1.2. Кәсiптiк-техникалық лицей алдын ала аттестациядан өткен ең жақсы кәсiптiк-техникалық мектептiң базасында құралады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңы, "Кәсiптiк-техникалық мектебi туралы" Уақытша Ережесi және кәсiптiк-техникалық лицейдiң Жарғысы және осы Ереже негiзiнде жүргiзедi.
      1.3. Кәсiптiк-техникалық лицейдiң басты мiндеттерi:
      - жастар мен халықтың дәрежедегi кәсiптiк бiлiм алуына тиiмдi жағдай жасау;
      - күрделi кәсiптер бойынша жоғарғы дәрежедегi мамандарды дайындауды, ғылыми-керемет жабдықтармен байланысты жаңа өнеркәсiптердiң жұмысын қамтамасыз ету.
      1.4. Кәсiптiк-техникалық лицей заңды құқы бар мекеме болып табылады, оның өзiнiң Қазақстан Республикасының Елтаңбасы салынған мөрi, атауы, Жарғысы, ұлттық банкiнiң бөлiмшелерiнде ағымды және басқа есеп-шоттары болады.
      1.5. Кәсiптiк-техникалық лицей оқу кешенiнiң құрамындағы ерекше негiздегi әртүрлi оқу орындары, өнеркәсiптер мен ұйымдар қосылатын, өз бетiнше оқу орны болып қызмет ете алады.
      1.6. Кәсiптiк-техникалық лицей мемлекеттiк бiлiм беру орындары лицензия берген сәттен бастап, Қазақстан Республикасы беретiн бiлiмдiк әрекеттер ұйымдастыруға және жеңiлдiктер алуға құқы бар.

II. Кәсiптiк-техникалық лицейдiң құрылымы

      2.1. Дәрежелi жұмысшы мамандар дайындауды кәсiптiк-техникалық лицей екi сатыда iске асырады:
      I-саты: Күрделi мамандықтар бойынша 3-4 дәрежелi жұмысшы мамандығын және орта бiлiмдi қоса меңгерiп шығады.
      II-сатыда өте күрделi мамандықтар бойынша, ғылыми-керемет жабдықтар мен байланысты жаңа өнеркәсiптердегi жұмысты жүргiзушi 5-6 дәрежелi жұмысшы мамандар дайындалады.
      2.2. Кәсiптiк-техникалық лицейдiң әр сатысындағы оқу бiтiргендерге кәсiптiк қорытынды жасалады, әрбiр сатыны бiтiрген түлек өнеркәсiпте еңбек ете алады.

III. Оқушыларды қабылдау және оқу орнын бiтiру тәртiбi

      3.1. Кәсiптiк-техникалық лицейдiң бiрiншi сатысына кәсiптiк-техникалық мектепке түсу тәртiбiне байланысты және кәсiптiк-техникалық лицейдiң Жарғысы бойынша толық бiлiмi бар оқушылар қабылданады.
      3.2. Кәсiптiк-техникалық лицейдiң II сатысына I сатыны өте жақсы бiтiрген оқушылар, басқа кәсiптiк-техникалық мектептердiң толық курсын бiтiрген және мамандығы тура келетiн жұмысшылар қабылданады.
      3.3. Кәсiптiк-техникалық лицейдiң II сатысына түсетiн оқушыларға немесе I сатыдан II сатыға өтетiн оқушыларға қосымша талап қоюға құқтары бар.
      3.4. Өтпелi және оқу бiтiру емтиханы Қазақстан Республикасы Бiлiм беру министрлiгi бекiткен "Оқушылардың өтпелi оқу бiтiру емтиханының тәртiбi" туралы нұсқауларына сәйкес өткiзiледi.
      3.5. Кәсiптiк-техникалық лицей оқушылары уақытша "Кәсiптiк-техникалық мектеп" ережесiне сәйкес барлық жеңiлдiктер мен құқықтарды, мiндеттердi пайдалана алады.
      3.6. Кәсiптiк-техникалық лицейдi үздiк бiтiрген оқушы бiлiмiн мерзiмi қысқартылған жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарында өз мамандығына сәйкес жалғастыруға құқы бар. Оқуға қабылдау тәртiбiн кәсiптiк-техникалық лицеймен жасалған келiсiм бойынша жоғарғы оқу орны анықтайды.

IV. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру

      4.1. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру және кәсiптiк-техникалық лицейдi басқару "Кәсiптiк-техникалық мектептiң" Уақытша ережесiне сәйкес жүргiзiледi.
      4.2. Кәсiптiк-техникалық лицей Бiлiм беру министрлiгi бекiткен оқу жоспары мен бағдарламаларымен жұмыс iстейдi.
      4.3. Топтағы оқушы саны 25 адамнан аспауы керек.
      4.4. Кәсiптiк-техникалық лицейге жалпы басшылықты, құрамында жоғарғы оқу мен жұмыс беру орындарының өкiлi бар педагогикалық кеңес жүргiзедi.
      4.5. Кәсiптiк-техникалық лицейге тiкелей осы лицейдiң мудiрi жүргiзедi.
      4.6. Кәсiптiк-техникалық лицейге инженер-педагогикалық кадрлар Еңбек туралы заң кодекстерiне сәйкес конкурстық байқау арқылы келiсiм-шартпен қызметке алынады.

V. Кәсiптiк-техникалық лицейдегi құқық жағдайы және
қаржыландыру

      5.1. Кәсiптiк-техникалық лицейдi қаржыландыру Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" заңы белгiлеген тәртiппен "Кәсiптiк-техникалық мектептiң уақытша ережесiне және басқа да нормативтi құжаттарға сәйкес ұйымдастырылады.
      5.2. Кәсiптiк-техникалық лицейдiң қаржысы:
      - мемлекеттiк бюджеттен қаржы бөлу;
      - мекеме, өнеркәсiптердiң, жеке азаматтардың ерiктi жарна төлеуi;
      - бюджеттен тыс қаржылар, заңмен белгiленген ақылы қызмет көрсетуден және басқа iскерлiктен түскен қаржылар.
      5.3. Кәсiптiк-техникалық лицейдегi оқытушының апталық сағат санының мөлшерiн Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлейдi.
      5.4. Кәсiптiк-техникалық лицейдiң басшылығы бюджеттiк және бюджеттен тыс қаржыны жұмсағаны жөнiнде белгiленген орындарға мерзiмде есеп берiп отырады.

VI. Кәсiптiк-техникалық лицейдi жабу және қайта құру

      6.1. Кәсiптiк-техникалық лицейді қалыптастыру, қайта құру және жабу Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заң күшi бар "Қазақстан Республикасының бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кейбiр актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Жарлығының 7-шi тарауына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысына сәйкес жүзеге асады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады