"Қосылған құн салығын есептеудiң және төлеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының 26.06.95 ж. N 37 нұсқаулығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi 1997 жылғы 14 қаңтаpдағы N 9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 18 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 32. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы


 
 
       "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      17. "Қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Салық комитетiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 9 V970032_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi Z952235_ "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 60-1 заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi жоғарыда аталған нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi:
      1. 1 бөлiмде "(төлендi)" деген сөз алынып тасталсын*.

 

     Ескерту:


1997 ж. 1 шiлдеден енгiзiледi

     2. II бөлiмде:

     2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "1-7 тармақшалармен" деген

сөздер "1-12 тармақшалармен" деген сөздермен ауыстырылсын.

     4-тармақ мынадай нұсқада берiлсiн:

     "Тауарларды, жұмыс немесе қызмет көрсетудi өткерудiң айналымы

жөнелтiлген тауардың, орындалған жұмыстың немесе көрсетiлген қызметтiң

құнына қарай анықталады*".

     Ескерту:


1997 ж. 1 шiлдеден енгiзiледi

     6 тармақта:

     бiрiншi абзацтағы "8-10 тармақшалармен" деген сөз "13-18

тармақшалармен" деген сөздермен ауыстырылсын.

     екiншi және үшiншi абзацтар алынып тасталсын.

     3. III бөлiмде:

     мынадай мазмұнды "9а" тармағымен толықтырылсын:


 
       "9а. Резидент еместер Қазақстан Республикасы аумағында тауарлар (жұмыс, қызмет) өткерiп, қазақстандық көздерден табыс тапқан және қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмаған жағдайда, аталған резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асырған, Қазақстан Республикасының резиденттерi толық көлемiнде қосылған құн салығын төлейдi.
      Бұл орайда резидент еместердiң тауарларының (жұмысының, қызметiнiң) құны белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының резидентi бюджетке төлейтiн қосылған құн салығын шығарып тастап төленедi.
      10 тармақ мынадай нұсқада баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, заңды тұлғалардың бөлiмшелерiне дербес салық төлеушiлер ретiнде қарай алады";
      11 тармақта "бұл тұлғалар кәсiпкерлiк қызметпен айналыса ма, олар қосылған құн салығы бойынша есепке тұрды ма" деген сөздер "әрекетiнiң немесе кәсiпкерлiк қызметiнiң фактiсiнен, олардың қосылған құн салығының есебiне қойылуынан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. IV бөлiмде:
      14 тармақта мынадай мазмұнды мәтiн алып тасталсын:
      "Бұл орайда .... ескерген жөн, ары қарай мәтiн бойынша*"
      Ескерту: 1997 ж. 1 шiлдеден енгiзiледi
      мынадай мазмұндағы "15а" тармағы қосылсын:
      "15а. Осы нұсқаулықтың 12-15 тармақтарында көзделген ережелер осы нұсқаулықтың 9а тармағындағы резидент еместерге таратылмайды.
      5. V бөлiм:
      16 тармақтың соңғы абзацы алып тасталып, мынадай мазмұнды мәтiнмен ауыстырылсын:
      "Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке

 

тұрмаған шаруагер субъектiлер жөнелткен (орындаған, көрсеткен) тауарлар

(жұмыс, қызмет) бойынша есеп фактураларында, төлемге белгiленген басқа да

есеп айырысу құжаттарында көрсетiлетiн қосылған құн салығының сомасы 1997

жылдың 1 қаңтарынан соң қосылған құн салығы жөнiндегi төлемдердiң

есептемесiне (кемiтуге) жатқызылмайды және осындай тауарлардың (жұмыстың,

қызметтiң) өткеру бағасы бойынша есепке алынады".

     6. VI бөлiмде:

     17 тармақта "iс жүзiнде жинақталған зияндар" деген сөздер "оларды

сатып алу бағалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

     22 тармақта "төленгендер" деген сөз алынып тасталсын*;

     Ескерту:


1997 ж. 1 шiлдеден енгiзiледi

     25 тармақта:

     үшiншi абзацта:

     "негiзгi қаржылар" деген сөздерден соң "(ғимараттардан басқа)" деген

сөздер қосылсын;

     мынадай мазмұнды мәтiнмен толықтырылсын:


 
       "Егер негiзгi құралдар қосылған құн салығынсыз бағалар бойынша 1995 жылдың 1 маусымына дейiн сатып алынған болса, оларды сататын кездегi қосылған құн салығы алынатын объект қосылған құн салығын оларға қоспастан сатылған кездегi қолданылатын бағаларға қарап анықталатын болады, бiрақ, есептi құнынан төмен (инфляцияны ескере отырып) болмауға тиiс".
      7. IХ бөлiмде:
      31 тармақта:
      1 тармақшада "немесе аренда" деген сөздер "және сату" деген сөздермен толықтырылсын;
      1 тармақша мынадай мазмұндағы мәтiнмен толықтырылсын:
      "Ғимараттар деп пайдалануға арналған, өндiрiстiк, өндiрiстiк емес және тұрғын үй мақсатындағы объектiлер ұғымы түсiндiрiледi.
      Ғимараттың бөлекжайларын пайдаланғаны (жалдағаны) үшiн ақы, оның iшiнде пәтерақы, мейманханада тұрғаны үшiн төленетiн ақыдан басқасы, қосылған құн салығынан босатуға жатады.
      Ғимаратты жалдау үшiн төленетiн ақы деп пайдалану аударымдарынан және жалдау процентiнен (кiрiстен) тұратын ақыны айтады. Ғимаратты пайдалануға байланысты жалға берушiнiң жалдаушыға көрсететiн коммуналдық, байланыс, тағы басқа қызметтерi жалдаушының ғимарат үшiн төлейтiн ақыдан бөлек санайтын қосымша шығыны болып табылады. Шығынның бұл түрлерiне белгiленген тәртiп бойынша қосылған құн салығы салынады.
      Осы нұсқаулықтың 2 тармағына сәйкес, кооперативтер тұрғындардан алатын және кооператив мүшелерi тұратын үйлердi салуға және пайдалануға арналған қаржылар қосымша құн салығынан босатылады. Меншiктi пәтерлер кооперативтерiнiң (МПК) басқа жаққа көрсетiлетiн қызметтерiне бекiтiлген жалпы тәртiп бойынша қосылған құн салығы салынады.
      2 тармақша мынадай мазмұнды екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "өндiрiсте пайдаланылатын, банктiк және банктiк емес қаржы мекемелерi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң осындай операцияларды жүргiзуге берген рұқсаты бар негiзгi қорлардың лизингi жөнiндегi операциялар";
      4 тармақша мынадай мазмұнды мәтiнмен толықтырылсын:
      "Мұндай операцияларға сондай-ақ Қорлардың купондық есептерiн жүргiзуге, купондардың саны мен қозғалысы жөнiнде тексерiстер жүргiзуге байланысты инвестициялық-жекешелендiру қорларының операциялары, мемлекеттiк меншiкте тұрған ұйымдардың экономикалық талдау және мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмыстары мен қызметтерi жатқызылады"
      Мынадай мазмұнды 9-12 тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) лоторея билеттерiн өткiзуге байланысты айналымдар;
      10) Қазақстан Республикасының ұлттық банкi және оның бөлiмшелер жүзеге асырған тауарлар, жұмыс және қызмет өткеру жөнiндегi айналымдар;
      11) Қазақстан Республикасының Ерiктi мүгедектер қоғамының, Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және толықтай олардың қаражаты есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдардың тауарларын (жұмысын, қызметiн) өткеру жөнiндегi, сауда-делдалдық қызмет тауарларын (жұмысты, қызметтi) өткеру жөнiндегi айналымнан басқа айналымдар;
      12) мектеп оқу құралдарын өткеру жөнiндегi айналымдар;"
      9-12 тармақшалар тиiсiнше 13-16 тармақшалар деп саналсын;
      14 тармақтың "а" тармақшасы алып тасталсын, "б-з" тармақшалары тиiсiнше "а-ж" тармақшалары деп белгiленсiн;
      16 тармақша мынадай мазмұнды мәтiнмен толықтырылсын:
      "бұл орайда, қосымша құн салығы жөнiнде жеңiлдiк берудiң мынадай тәртiбi орнатылады:
      а) бюджеттiк мекемелер мен ұйымдардың шетке шығаратын және шеттен алатын тауарлары бойынша мiндеттi түрде мынадай құжаттар тапсырылуы керек:
      - бюджеттiк қаражат бөлiнгенi туралы ұйымның бiрiншi басшысы қол қойған анықтама;
      - бюджеттiк есептен алынатын тауардың (өнiмнiң) ақысы туралы банктiң растамасы;
      б) мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген шетелдiк несиелiк желiлер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң шетелдiк желiлер бойынша алынатын тауарлардың импорты мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлетiнi жөнiндегi растамасын тапсыру қажет.
      Аталған жеңiлдiк сату үшiн емес, бюджеттiк ұйымдардың мұқтаждарына арналған тауарлардың импортына қолданылады. Демек, егер өзара шарттың ережелерi бойынша бюджеттiк ұйымдар импорттық тауарлар үшiн олардың өтуiне қарай есеп айырысуға мiндеттенген болса, кедендiк хаттау кезiнде қосылған құн салығы белгiленген тәртiп бойынша алынуға тиiс".

 

     Мынадай мазмұндағы 17-18 тармақшалармен толықтырылсын:

     "17) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен оның бөлiмшелерi

жүзеге асыратын тауарлардың импорты;

     18) мектеп оқу құралдарының импорты;"

     9. Мынадай мазмұндағы ХIII бөлiммен толықтырылсын:

     "ХIII бөлiм. Аффинаждалған қызмет бағалы металдарға

                  алтын мен платинаға салық салу

     Қымбат бағалы металдар - алтын мен платинаның алғашқы саудаларында

сатуға салық нөлдiк ставка бойынша салынады".

     10. ХҮ бөлiмде:

     42 тармақта "(алынған)" және "(төленген)" деген сөздер алып

тасталсын*.

     Ескерту:


1997 ж. 1 шiлдеден енгiзiледi

     11. ХҮI бөлiмде:

     43 тармақтың екiншi абзацы алып тасталсын*;

     Ескерту:


1997 ж. 1 шiлдеден енгiзiледi

     44 тармақта "1-7 тармақшалар" деген сөздер "1-12 тармақшалар"

деген сөздермен ауыстырылсын;

     екiншi абзацта "(төленген)" деген сөз алып тасталсын*;

     Ескерту:


1997 ж. 1 шiлдеден енгiзiледi

     мынадай мазмұнды "46а" тармағымен толықтырылсын;


 
       "46а. Есепке Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы жөнiнде есепте тұратын, тауарларды (жұмысты, қызметтi) берушiлерге төленген (төленуге тиiстi) қосылған құн салығының сомасы алынады.
      Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы жөнiндегi есепте тұрмайтын, тауарларды (жұмысты, қызметтi) берушiлерге төленген (төленуге тиiстi) қосылған құн салығы аталған тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) сатып алынған бағасымен салық төлеушiлердiң есебiнде болады, кейiннен белгiленген тәртiп бойынша шығын ретiнде есептен шығарылады."
      12. ХҮII бөлiмде:
      50 тармақта "1-7 тармақшалар" деген сөздер "1-12 тармақшалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұнды "50а" тармағымен толықтырылсын;
      "Қосылған құн салығы жөнiндегi есепте тұрмайтын тұлғаға, қосылған құн салығымен бiрге салықтық есеп-фактурасын жазғаны үшiн салықтық есеп-фактурада көрсетiлген және бюджетке аударылуға тиiстi, бiрақ әлi аударылмаған, қосылған құн салығы сомасының 100 проценттiк көлемiнде айып салынады.
      Салықтық есеп-фактураны орындаушының қолы берермен-кәсiпорынның мөрiмен мiндеттi түрде расталуға тиiс."
      13. ХҮIII бөлiмде:
      54 тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай нұсқада баяндалсын:
      "Шеттен әкелiнетiн тауарлар жөнiндегi қосылған құн салығы, осы Нұсқаулықтың 55а тармағында көрсетiлген жағдайларда салық төлеушiлер төлеуге тиiстi қосылған құн салығынан басқасы, Қазақстан Республикасының кедендiк заңдарында кедендiк төлемдердi төлеу үшiн белгiленген күнi төленедi";
      екiншi абзацта "қызметi" деген сөздерден кейiн "қаржы қызметi органдарының келiсiмi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      55а тармағында "және дәрi-дәрмектер" деген сөздер "ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын шикiзат, материалдар, запас бөлшектер, дәрi-дәрмектер мен тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.

 

     "Бас салық инспекциясы Қазақстан Республикасының Кеден комитетiнiң

келiсiм бойынша" деген сөздер "Мемлекеттiк салық комитетi Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгi мен Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша"

деген сөздермен ауыстырылсын"

     14. ХХ бөлiмде:

     58 тармақ мынадай мазмұнды мәтiнмен толықтырылсын:

     "салық төлеушi салық жылында ағымдағы (аванстық) төлемдердi төлеудiң

таңдап алған тәсiлi туралы салық органдарына жазбаша түрде хабарлауға

мiндеттi.

     15. ХХI бөлiмде:

     62 тармақтың үшiншi абзацында "салық инспекциясына" деген сөз "салық

органына" деген сөзбен ауыстырылсын.

     16. "Бас салық инспекциясының бастығы Қазақстан Республикасының Қаржы

министрiнiң бiрiншi орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы

Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

     Мемлекеттiк салық комитетiнiң

     төрағасы, салық қызметiнiң 1 дәрежелi

     Мемлекеттiк кеңесшiсi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады