-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
22. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi әкiмшiлiк ережелер туралы" Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997 жылғы 7 ақпандағы N 37 V970037_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 31.12.96 ж., N 60-1 Z960060_ Заңын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi жоғарыда аталған нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi:
1. Осы нұсқаулықтың барлық тармақтарында, бөлiмдерiнде қосымшаларында "Бас салық инспекциясы" деген сөздер - "Мемлекеттiк салық комитетi" деген сөздермен, "салық инспекциясының бастығы" деген сөздер "салық органының басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. II бөлiмде:
"салықтың барлық түрлерiне қолданылады" деген сөздерден соң үтiр қойылсын және "егер жарлықтың басқа бөлiмдерiнде өзгеше белгiленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;
1 және 2 тармақтар алып тасталсын.
3. IV бөлiмде:
1 тармақ мынадай нұсқауда берiлсiн:
"1. Көбiнесе қолма-қол ақшалай қаржымен жұмыс iстейтiн немесе тауарларды, жұмыстарды (қызметтердi) өткiзу жөнiнде айналымы шектеулi шаруа және фермерлiк қожалықтарды қоса, ондағы жұмыс iстейтiн қызметкерлерiнiң саны шектеулi жеке және заңды тұлғалар бойынша, салықтық қызмет, тиiстi қаржылық органдармен келiсе отырып, патенттiң, бекiтiлген салықтар сомасының немесе салықтық базаны анықтаудың және салықтық есеп жүргiзудiң оңайлатылған жүйесi негiзiнде салықтарды төлеудiң тәртiбiн айқындайды.
Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi - заңды тұлғаларға арналған салықтық базаны анықтаудың және салықтық есеп жүргiзудiң оңайлатылған жүйесi туралы осы нұсқаулықтың төртiншi қосымшасында келтiрiлген.
Қазақстан Республикасы салық қызмет органдарының кәсiпкерлiк қызметiмен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беруiнiң тәртiбi туралы ереже осы нұсқаулықтың 5 қосымшасында келтiрiлген.
Заңда жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын шаруа және фермерлiк қожалықтары үшiн патенттiң құнына жер бонитетiнiң балы, маусымдылық, ауа-райының жағдайлары және өткеру базаларының қашықтығы ескерiле отырып бекiтiлген жиынтықты жер салығы ғана енетiндiгi белгiленген.
Шаруа және фермерлiк қожалықтардан алынатын, бекiтiлген жиынтықты жер салығын анықтаудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi";
2 тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"жанама тәсiлдердiң әдiстерiнiң бiрiн қолданудың негiзiнде салық салынатын объектiнi анықтаудың тәртiбi осы нұсқаулықтың 6 қосымшасында келтiрiлген.";
6 тармақта:
егер тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының резидентi емес немесе салықтық жеңiлдiктердi пайдаланатын ұйым болып табылса деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "егер байланысқан ұйымдар арасындағы бағаларды тәуелсiз ұйымдар арасындағы бағалармен салыстыру келтiрiлсе, онда "байланысты ұйымдар" деген терминдi бiрлескен қатыстылықпен өзара байланысқан ұйым, яғни өзара құрылтайшылық, немесе бiрыңғай құрылтайшылар, сабақтас кәсiпорындар, холдингтiк ұйымдардың
iшiндегi заңды тұлғалардың арасындағы қатынастар, бiрлескен қызметтiң
мәнiсi мен байланыс жоқ шаруашылық шарттарына қатысты, бiрлескен қызмет
туралы келiсiммен өзара бiрiккен заңды тұлғалар, тағы с.с. деп түсiну
қажет."
4. V бөлiм:
3 тармақта "салықтық декларация" деген сөзден соң "есеп айырылысатын"
деген сөзбен толықтырылсын.
5. VI бөлiмде:
1 тармақ мынадай нұсқада баяндалсын:
"салықтық қызмет жiберетiн кез келген хабарлама немесе басқа құжаттар:
- жазбаша түрде құрылған;
- басшы немесе өкiлеттiгi бар лауазымды тұлға олардың фамилиялары мен
аты-жөнiн көрсете отырып қол қойған;
- салық төлеушiге жiберiлген немесе табыс етiлген;
- елтаңбалы мөрмен расталған болуы тиiс.".
6. Х бөлiмде:
1 тармақта:
4 абзацта "жылына бiр мәрте тапсырылады" деген сөздерден соң мынадай
мәтiнмен толықтырылсын: "есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн.
Егер орташа тоқсандық төлемдер бiр жылда 20 айлық есеп айырысу
көрсеткiштерiнен асып кетсе декларация тоқсан сайын бiр рет тапсырылады;".
7. ХIII бөлiмде:
1 тармақшаның 2 абзацында:
- "(жасырындарынан басқа)" деген сөздер алып тасталсын;
- "көрсетiлген есеп-шоттар" деген сөздерден соң "он банкi күнi
iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
- 7, 9 абзацтарда "(жарысындарынан басқа)" деген сөздер алып
тасталсын.
8. ХVI бөлiмде:
үшiншi абзац мынадай редакцияда берiлсiн:
"- төлемнiң кезiнде жеке тұлғалардан табыс салығын ұстайтын жеке және заңды тұлғалар банктерде және басқа, банкi операцияларының жекелеген түрлерiн орындайтын ұйымдарда жалақы төлеу үшiн қаражат алған кезде - осы қаржыларды алған сәтте, басқаша жағдайда төлем жүргiзiлген ай бiткен соң бес банкi күнiнiң iшiнде бюджетке салықты аударуға тиiс;";
а, б, и тармақшаларында "ағымдағы", "ағымдағылар" деген сөздерден соң тиiсiнше "аванстық", "аванстар" деген сөздермен толықтырылсын.
9. ХVIII бөлiмде:
бөлiмнiң атауынан "қолдану" деген сөз алып тасталсын;
1-тармақ мынадай нұсқада берiлсiн:
"1. Салық қызметi органының басшысы тиiстi қаржылық органның басшысымен келiсе отырып салық төлеушiнiң дәлелденген жазбаша мәлiмдемесi негiзiнде салықтарды және (немесе) айыптық шараларды төлеудiң мерзiмiн бiр салық жылынан аспайтын мерзiмге ұзартады.
Мысалы:
Салық төлеушi жазбаша түрде табыс салығын төлеудiң мерзiмiн 1997 ж 31 наурызынан 1997 ж. 30 қыркүйекке дейiн ұзарту туралы өтiнiш бередi. Өтiнiште көрсетiлген себептi салықтық және тиiстi қаржылық орган төлемдi өтеудiң мерзiмiн ұзарту үшiн негiздi деп есептейдi.
Бұл орайда төлемдi ұзартудың кезеңi 1998 ж. 31 наурыздан кеш
белгiленбеуi тиiс.";
2 тармақта:
"мерзiмнiң ұзартылуы" деген сөздерден соң "салықтарды төлеу" деген
сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"салықты және айыптық шараларды төлеудi ұзартудың тәртiбiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
мынадай мазмұндағы 3 тармақпен толықтырылсын:
"1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде берiлген салық төлемiнiң
мерзiмiн ұзарту бюджетке төленетiн салықтың дер кезiнде төленбегенi үшiн
айыпақы есептелместен жүзеге асырылады."
4 тармақтың мысалында "облыстық салық инспекциясының" деген сөздер
"облыстық, (аудандық) салық органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. ХIХ бөлiм мынадай мазмұндағы 2 тармақпен толықтырылсын.
"1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн мемлекеттiк бюджет алдындағы берешектi
жабудың мынадай кезегi белгiленген:
1) салықтың сомасы;
2) есептелген айыпақылар;
3) есептелген айыппұлдар.".
11. ХХ бөлiмде:
2 тармақта:
"салықтар" деген сөздерден соң "немесе ағымдағы, аванстық төлемдер"
деген сөздермен толықтырылсын.
12. ХХIII бөлiмде:
1 тармақта: "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен анықталған" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. ХХIV бөлiмде:
1 абзацта "тiкелей салық қызметi" деген сөздер "тиiстi бюджетке" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. ХХVI бөлiм мынадай нұсқада берiлсiн:
"табысты төлеудiң көзiнен ұсталмаған табыс салығының сомасы табысты төлеген заңды және жеке тұлғалардан алынады. Төлем көзiнен табыс салығын дер кезiнде ұстамағаны үшiн, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса) осы сома төленген күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген қайтадан қаржыландырудың 1,5 есе ставкасының мөлшерiнде айыпақы есептеледi.".
15. ХХVII бөлiмде:
1 және 2 тармақтарда:
"ағымдағылар", "ағымдағылардың", "ағымдағыларды", "ағымдағыларға" деген сөздерден соң тиiсiнше "және аванстар", "және авнстардың", "аванстарды", "аванстарға" деген сөздермен толықтырылсын.
16. ХХVIII бөлiмде:
4 абзац мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
"Егер құжаттық тексеру кезiнде салық төлеушi салықтық декларацияларды тапсырмағаны анықталса, салықтық берешек есептелген салық сомасы туралы хабарламаны хаттау арқылы есептелуге тиiс. Бұл орайда декларацияны дер кезiнде тапсырмағаны үшiн - төленуге тиiстi, бiрақ декларация бойынша төленбеген, соманың 5 процентi мөлшерiнде, ағымдағы және аванстық төлемдер сомасының мөлшерiн кемiткенi үшiн 100 процент мөлшерiнде, есебiн көрсетпестен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткеру жөнiнде операциялар жүргiзгенi үшiн - аталған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құнының 100 процентi мөлшерiнде және дер кезiнде төленбеген салықтардың сомасы үшiн айыпақылар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген 1,5 есе қайтадан қаржыландыру ставкасы мөлшерiнде ағымдағы және аванстық төлемдер талап етiлуi тиiс. Бұл жағдайда жарлықтың 163 бабының 1 тармағы қолданылмайды, өйткенi декларациядан қосымша аударылған салықтың сомасын салыстыру мүмкiн емес деп саналады.".
17. ХХIХ бөлiмде:
бөлiмнiң атауында "ағымдағы" деген сөзден соң "және ағымдағылар" деген сөздермен толықтырылсын;
1 тармақ "салықтың кемiтiлген сомасынан" деген сөздерден соң мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер салықтың кемiтiлуi декларация тапсырылған сәтте салықтың жеткiлiктi төленбеуiне әкелiп соқтырмаса, айыптық шаралар салық төлеушiге қолданылмайды.";
2 тармақта "ағымдағы", "ағымдағылар" деген сөздерден соң тиiсiнше "және ағымдағы", "ағымдағылар" деген сөздермен толықтырылсын.
Мынадай мазмұндағы 4,5 тармақтармен толықтырылсын:
"4. Жыл бойында iс жүзiнде аударылған табыс салығының сомасы жол бойындағы аванстық төлемдер сомасының 10 проценттен артық көлемiнде асып кеткен жағдайда, салық төлеушiге - салық салынатын табыстың 2 процентi мөлшерiнде, 25 процентi асып кетсе - салық салынатын табыстың 5 процентi мөлшерiнде айып салынады.
5. Қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмаған тұлғаға қосылған құн салығын ескере отырып салықтық есепшот - фактурасын жазып алғаны үшiн салықтық есепшот-фактурасында көрсетiлген және бюджетке аударуға тиiстi, бiрақ аударылмаған, қосылған құн салығы сомасының 100 процентi мөлшерiнде айып салынады.
3 тармақта "есептелген салықтардың сомасы" деген сөздерден соң
мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Тауарларды (жұмысты, қызметтi) өткеру жөнiндегi есепте көрсетiлмеген
операциялар басқа шаруагер субъектiлерге тауарларды (жұмысты, қызметтi)
өткеруден алынатын кiрiстiң кемуiне ықпал еткен операциялар болып
табылады.".
18. N 1 және 2 үлгiлерде "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
салық инспекциясына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
салық комитетiнiң_________________________ облысы___________________ауданы
бойынша салық бөлiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
Төраға
Келiсiлдi:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк салық комитетiнiң
01.07.95ж. N 43 нұсқаулығына
N 4 Қосымша
Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi - заңды тұлғалар
үшiн салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi
жүргiзудiң оңайлатылған жүйесi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы ереже шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi (әрi қарай-ұйымдар) - заңды тұлғалар үшiн салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн енгiзудiң және қолданудың құқықтық негiздерiн айқындайды.
1 бап. Жалпы ережелер
1. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесi "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Жарлығының 138 бабының 1 тармағына сәйкес қолданылады.
Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң жүйесiн таңдап алу құқығы, оңайлатылған жүйеге көшудi немесе бұрын қабылданған жүйеге қайтып оралуды қоса, ұйымдарға осы Ережедегi көзделген тәртiппен салықтық органға тапсырылған өтiнiштердiң негiзiнде берiледi.
2. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн осы ереженiң әрекетiне жатқызылатын ұйымдардың қолдануы табыс салығын, мүлiк және жер салығын төлеуiн ұйымдардың есептiк кезеңдегi шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi бойынша есептелетiн бiрыңғай салық төлеумен алмастыруды көздейдi.
Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн қолданатын ұйымдар үшiн қалған жалпы мемлекеттiк салықтар мен жергiлiктi салықтарды және алымдарды, кедендiк төлемдердi, мемлекеттiк баждарды, лицензиялық алымдарды, мемлекеттiк бюджеттiк емес қорларға бөлiнетiн аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төлеудiң қолданыстағы тәртiбi сақталады.
3. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн қолданатын ұйымдарға бухгалтерлiк есеп берудiң және оңайлатылған үлгi бойынша кiрiстер мен шығыстарды есептеу кiтабын жүргiзудiң, оның iшiнде екi рет жазу әдiсiн, есепшоттардың жоспарын қолданбастан және бухгалтерлiк есептеудiң стандарттарында көзделген өзге талаптарды сақтамастан, бастапқы құжаттарды хаттау құқығы берiледi.
4. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн қолданған ұйымдар үшiн кассалық операцияларды жүргiзудiң және қажеттi санат есептемелерiн тапсырудың қолданыстағы тәртiбi сақталады.
2 бап. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық
есептiң оңайлатылған жүйесiнiң субъектiлерi
1. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiнiң әрекетi ұйымдарға мынадай шарттарды орындаған кезде таратылады:
1) жұмыскерлердiң (мердiгерлiк шарттары және азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге шарттар бойынша жұмыс iстейтiндердi қоса) саны, олар жүзеге асырған қызметтiң түрiне қарамастан, он бес адамға дейiн болса.
Ұйымдар үшiн жұмыскерлердiң шектеулi саны филиалдарда және бөлiмшелерде жұмыс iстейтiндердiң санын қамтиды.
2) егер жылдық жиынтық ұтыспұлдың жалпы мөлшерi айлық есеп айырысу көрсеткiшiнiң 10000 есе сомасынан аспаса.
2. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiнiң әрекетiне акцизделетiн өнiмдердi шығарумен айналысатын ұйымдар, несиелiк ұйымдар, сақтық компаниялары, инвестициялық қорлар, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары, ойын-сауық бизнесiнiң кәсiпорындары жатқызылмайды.
3. Егер алдыңғы салық жылында осы салық төлеушiнiң жылдық жиынтық ұтыспұлының жалпы мөлшерi айлық есеп айырысу көрсеткiшiнiң 10000 есе сомасынан аспаса, ұйымдар осы ережеде көзделген тәртiппен салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiне көшуге құқықты.
Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiнiң құқығын қолдануға өтiнiш берген, жаңадан құрылған ұйым шаруашылық қызметiн бастаған сәттен салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн қолдана алады.
3 бап. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi
жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiндегi ұйымдардың
салық салынатын объектiлерi
1. Ұйымдардың бiрыңғай салық салынатын объектi есептi кезеңде алынған жалпы түсiмпұл болып табылады.
2. Жиынтық түсiмпұл тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткеруден, есептi кезеңде өткерiлген мүлiктiң сатылған бағасынан және өткеруден тыс табыстардан алынған түсiмпұлдың сомасы ретiнде есептеледi.
4 бап. Бiрыңғай салықтық ставкалары
1. Бiрыңғай салықтың ставкасын ұйымдардың жүзеге асыратын қызметiнiң түрiне қарай облыстардың, республикалық дәрежедегi қалалардың өкiлеттi органдары арқылы жалпы түсiмпұлдардың проценттiк есебi бойынша белгiленедi және салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн қолданатын, осы аймақтағы барлық шаруашылық субъектiлерi үшiн бiрдей болып табылады.
2. Бұл орайда ұйымдардың есептi кезең үшiн төлеуiне жататын бiрыңғай салықтың сомасы есеп айырысу жолымен анықталғаннан төмен болмауға тиiс.
5 бап. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi
жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн қолданудың тәртiбi
1. Ұйымдардың салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн қолдану құқығын растайтын ресми құжат салықтық органдардың салықтық есепке қойылған орын бойынша бiр салықтық жылға дейiнгi мерзiмге беретiн патентi болып табылады.
Потенттiң түрiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi белгiлейдi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында бiрден-бiр болып табылады.
2. Осы Ереженiң әрекетiне жатқызылатын ұйымдар үшiн патенттiң құны қызметтiң түрiне қарай ұйымды салықтық есепке қойған орын бойынша салықтық шешiмiмен бiрыңғай салық ставкасын ескере отырып белгiленедi.
Патенттiң құнын төлеудi ұйымдар салықтық орган белгiлеген төлемдердi бөле отырып тоқсан сайын жүзеге асырады. Патенттiң құнын төлеу бiрыңғай салықты төлеу жөнiндегi мiндеттемелердiң есебiне қосылады.
3. Патенттi ұйымдарға салықтық органдар салық жылы басталғанға дейiн берiлген жазбаша өтiнiштiң негiзiнде оларды салықтық есепке қою орны бойынша, мынадай шарттарды орындаған жағдайда бередi:
- егер шағын кәсiпорында iстейтiн қызметкерлердiң жалпы саны осы Ережеге сәйкес бекiтiлген шектеулi санын аспаса;
- егер ұйымның алдыңғы есептi кезең үшiн салықтар мен өзге мiндеттi төлемдердi өтеу жөнiнде мезгiлi өткен берешегi болмаса;
- егер ұйым алдыңғы есептi кезең үшiн салықтар және бухгалтерлiк есеп беру жөнiнен қажеттi есептемелердi дер кезiнде тапсырса.
Салық төлеушiлер болып табылатын филиалдар мен бөлiмшелер салықтық есепке қойылған орны бойынша салықтық органға кезектi тоқсанның басталуына кемiнде 15 күн қалғанға дейiн патенттердiң нотариалдық тұрғыдан расталған көшiрмелерiн тапсырады.
4. Ұйымның салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiне көшу туралы шешiмi немесе одан дәлелдi бас тартуы өтiнiш берiлген күннен бастап 15 күндiк мерзiмде салықтық органға ұсынылады.
5. Ұйым салықтық органнан патент алған кезде тiркелу үшiн кiрiстер мен шығыстарды есептеу кiтабын көрсетедi, онда ұйымның атауы, тұрған орны, банктер мекемелерiнде ашылған есепшоттық, тағы басқа есептесу нөмiрлерi көрсетiледi. Салықтық орган кiрiстер мен шығыстарды есептеу кiтабының бiрiншi бетiнде патенттiң тiркеу нөмiрiн және оның берiлген уақытын белгiлейдi. Патенттi берген кезде оның көшiрмесi де толтырылып, ол салықтық органда сақталады.
Патенттiң әрекет мерзiмi бiткеннен кейiн салықтық орган ұйымның өтiнiшi бойынша кiрiстер мен шығыстарды есептеудiң жаңа кiтабын тiркеп, қызметтiң кезектi (жылдық) мерзiмiне патент бередi.
Патентке және кiрiстер мен шығыстарды есептеу кiтабына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң қолданыстағы межелiк актiлерiнде белгiленген есеп беру тәртiбi қолданылады.
Патент жоғалған кезде салықтық орган осы бапта көрсетiлген шарттарды сақтай отырып және патент құнының 5 процентi мөлшерiнде ұйымға айыпақы салып, оны қайтадан беруге тиiс.
Табыстар мен шығыстарды есептеу кiтабiнiң түрiн және салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн қолданатын ұйымдардың шаруашылық операцияларын көрсетудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi белгiлейдi.
6. Тоқсандағы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi бойынша ұйым салық органына есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20 жұлдызына дейiнгi мерзiмде патенттiң төленген құнын есепке ала отырып төлеуге жатқызылған бiрыңғай салықтың есебiн, сондай-ақ есептi кезеңде алынған жиынтық ұтыспұлды көрсете отырып кiрiстер мен шығыстарды есептеу кiтабынан алынған көшiрменi (есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiндегi жағдай бойынша) тапсырады.
Осы Ережеде белгiленген жұмыскерлердiң шектеулi санынан асып кеткен кезде немесе осы салық төлеушiнiң жиынтық ұтыспұлының жалпы мөлшерi айлық есеп айырысу көрсеткiшiнiң 10000 есе сомасынан артып кетсе, онда салық төлеушi осы баптың 6 тармағына сәйкес есеп берiлуге тиiстi тоқсаннан бастап, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Жарлығында белгiленген салық салу, есептеу және есеп беру жүйесiне ауысады.
7. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн қолданудан бас тартуды және бұрын қабылданған салық салу, есептеу және есеп беру жүйесiне қайтадан көшудi салық жылы аяқталғанға дейiнгi кемiнде 15 күн бұрын мерзiмде салық органына тиiстi өтiнiш берiлген жағдайда, ұйымдар кезектi салық жылының басынан бастап жүзеге асыра алады.
6 бап. Салықтық базаны анықтаудың және салықтық
есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн
қолданатын ұйымдардың жауапкершiлiгi
Салықтық базаны анықтаудың және салықтық есептi жүргiзудiң оңайлатылған жүйесiн қолданған ұйымдар салықтық заңдарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 24.04.95 ж. N 2235 заң күшi бар Жарлығының ережелерiне сәйкес жауапкершiлiк көтередi.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк салық комитетiнiң
01.07.95ж. N 43 нұсқаулығына
N 5 Қосымша
Қазақстан Республикасының салық қызметi органдарының
кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға
патенттер берудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Азаматтарға кәсiпкерлiк қызметпен айналысу үшiн патенттердi салықтық органдар облыстық салық басқармасының бастығы берген шешiмге (бұйрыққа) дәлме-дәл сәйкес жүзеге асырады.
Бұл орайда кәсiпкерлiк қызметпен айналысу үшiн патенттi салықтық органдар жеке тұлғаның мекендеп тұратын орны бойынша тапсырған жазбаша өтiнiшi негiзiнде беретiнiн ескеру қажет.
2. Азаматтардың патент алуы олардың бiр мезгiлде кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелуi болып табылады.
3. Облыстар және Алматы қаласы бойынша салық басқармалары патенттiң негiзiнде жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметтiң түрлерiн анықтайды. Көшу немесе өзге ауысу қажеттiгiне байланысты (жеке меншiктi көлiкпен жолаушыларды және жүктердi тасу, суретке түсiру кәсiбi, үйлердi жөндеу және салу, тағы с.с.) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, кiрiстердiң есебiн анықтауды қиындататын қызметтiң басқа да түрлерiне патенттер берудi белгiлеу қажет. Азаматтар өздерi тұратын ауданнан немесе қаладан тыс жерлерде өз тауарларын сатуға ықылас бiлдiрген жағдайларда да патенттер берiлуi тиiс.
Азаматтар патент алу үшiн салық қызметiне төлқұжатын, 3 х 4 см. көлемiнде фотосуретiн, патент үшiн ақы төлегенi туралы квитанцияны тапсырады.
4. Патенттi сатып алған жеке тұлға кәсiпкерлiк қызметтi тұрған жерiнде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа қалалары мен аудандарында жүзеге асыра алады. Бұл туралы кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға берiлген рұқсатта арнайы көрсетiледi.
Осыны басшылыққа ала отырып салық органдарына осы салық органдарына қарайтын елдi мекендерде тұратын азаматтардың ғана емес, жоғарыда дайындалған тәртiппен берiлген рұқсат бойынша осындай қызметпен айналысатын басқа азаматтардың да кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына бақылау жасау мiндетi жүктеледi.
Мұндай жағдайларда тексерудiң материалдары азаматтардың тұрақты мекендеген орнындағы салық органдарына хабарланады.
5. Патент үшiн ақыларды алған кезде мынадай ережелердi башылыққа алу қажет:
а) ақы азаматтың кәсiпкерлiк қызметпен айналысуына рұқсат етiлген айлардың саны бойынша есептелiп алынады. Бұл орайда 15 күннен асқан қызмет толық күнпарақты ай бойындағы жұмыс ретiнде қаралады.
б) кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығы берiлген патентi бар азаматтар қызметтiң осы түрiнен алынған кiрiстен табыс салығын төлеуден және декларация тапсырудан босатылады.
6. Салық органдары берiлген патенттердi есепке алуға мiндеттi, ол үшiн арнаулы есеп кiтабiн ашу қажет. Бұл кiтаптарда мынадай негiзгi мәлiметтер: азаматтың ныспысы, аты мен әкесiнiң аты, оның тұрақты мекендеген орны, патент берiлуiнiң негiздемесi, берiлген уақыты және нөмiрi, салық комитетiне тапсыру уақыты және басқалар көрсетiлуi тиiс.
7. Патент үшiн төленетiн ақының сомасы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу үшiн белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне есептеледi. Осыған байланысты салық органдары Қазақстанның акционерлiк халықтық сақтық банкiсi бөлiмшелерiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсi мекемелерiнiң аталған ақының сомасын дұрыс қабылдаудан және бұл сомалардың бюджетке есептелуiн қамтамасыз ететiн шараларды белгiлеуге мiндеттi.
8. Патент тәркiлеуге жатпайды, оны басқа тұлғаға беруге тиым салынады. Кәсiпкер патенттi жоғалтып алған жағдайда, себебi дәлелдi болса, салық органы оған патенттiң көшiрмесiн бередi.
Патенттiң кез-келген көшiрмесi (оның iшiнде ксерокөшiрмесi және фотокөшiрмесi) кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiз болатын құжатқа саналмайды, сондықтан оны азаматтардан дереу қайтарып алу керек.
9. Патент бiр салық жылы бойында күшiнде деп есептеледi. Лицензияда жылдан кем мерзiм көрсетiлген жағдайда, патент осы лицензия күшiнiң мерзiмiне берiледi.
10. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды тоқтатқан кезде және басқа ауданға немесе қалаға тұрақты мекендеу үшiн көшкен кезде патент осы құжатты берген салық органына тапсырылуы керек.
Күнпарақтық жыл бойында кәсiпкерлiк қызметпен айналысу қайта басталған кезде, сондай-ақ осындай қызметпен айналысудың түрi өзгерген кезде, патент тағы да жалпы белгiленген тәртiппен таңдап алынуы тиiс.
11. Патент үшiн төленетiн ақының жобалары кәсiпкерлiк қызмет ретiнде белгiлi бiр жұмысты куәлiк бойынша орындайтын тұлғалардың жылдық табысының сомасы туралы облыс бойынша орташа деректердiң және өндiрiстiк кооперативтерде, басқа да қоғамдық ұйымдарда осындай қызметпен айналысатын тұлғалардың орташа жылдық жалақысының негiзiнде әзiрленуi тиiс.
12. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын тұлғалардың жылдық табысы деп қазiр салық органдары анықтаған және табыс салығы салынатын кiрiстердiң сомасы деп түсiну керек. Мұндай жағдайда жалпы табыстың есептелген сомасынан (бұйымдарды сатудың немесе қызметтер көрсетудiң ұтыспұлдарынан) азаматтардың өндiрiстiк қызмет үшiн шикiзаттар мен материалдарды сатып алуға, арнаулы өндiрiстiк жайларды жалдап алуға және ұстауға және құрал-саймандарды жұмыс барысында жөндеуге жұмсалған шығындардың сомасы шығарылып тастайды.
Өндiрiстiк коперативтерде және қоғамдық ұйымдарда, кәсiпкерлiк қызметтiң белгiлi бiр түрi сияқты, мамандық және бiлiктiлiк бойынша жұмыс iстейтiн тұлғалардың жылдық табысы осы қызметкерлердiң жылдық жалақысының орташа сомасы ретiнде анықтайды.
Көрсетiлген мәлiметтердiң негiзiнде қызметтiң белгiлi бiр түрi бойынша орташа жылдық табыс айқындалады. Осы табыстың сомасынан жеке тұлғаларға арналған, төлем көзiнен ұсталатын табыс салығының ставкасы бойынша салықтың сомасы анықталады.
Салықтың осындай әдiспен есептелген сомасы патент үшiн ақы төлеудiң мөлшерiн көрсетуге тиiс. Мұндай ақының мөлшерi толық теңгеге дейiн дөңгелетiлiп белгiленедi.
13. Кәсiпкерлiк қызметiнiң кейбiр түрлерiнiң өзгешелiгiн ескере отырып патент үшiн төленетiн ақыны есептеудiң өзге тәсiлi қолданылуы мүмкiн.
14. Патент үшiн төленетiн ақы мөлшерiнiң жобасы жөнiндегi шешiмдердi құрған кезде мыналарды ескерген жөн:
- облыстың жекелеген аудандарында кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын тұлғалар табысының мөлшерi облыс бойынша орташа деректерден айтарлықтай алшақ болған жағдайда мұндай аудандар үшiн арттырылған немесе кемiтiлген мөлшердегi патенттер үшiн төленетiн ақыны белгiлеудiң мүмкiндiгi қаралуы тиiс;
- қызметтiң белгiлi бiр түрлерi бойынша азаматтардың iс жүзiндегi табыстарының сомасы кейiннен өзгеруi ықтимал болғандықтан, келешекте патентке төленетiн ақыны қайта қараудың мүмкiндiгi алдын ала көзделуге тиiс.
15. Куәлiктiң негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар салықтық жылдың әрбiр айының 20 жұлдызынан кешiкпей, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтар және республикалық бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар жарлығының 29 бабында белгiленген және алдыңғы айдағы қаржылық нәтижеге қолданылатын салық ставкасының мөлшерiндегi соманы бюджетке енгiзуге мiндеттi.
Жалпы жылдық табыс және шыққан шығындар туралы декларацияны куәлiк негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн салықтық тiркелу орны бойынша салық қызметiнiң органдарына тапсырады.
Патент үшiн төленетiн ақыны есептеп
шығарудың үлгiлiк есебi
1. Облыс салық органдарының тексеру материалдары бойынша, кәсiпкерлiк қызметтiң осы түрiмен айналысатын тұлғалардың орташа жылдық табысы 90000 теңге
2. Өндiрiстiк кооперативтерде және шағын кәсiпорындарда осындай қызметпен айналысатын тұлғалардың орташа жылдық жалақысы
- 84000 теңге
3. 1 және 2 тармақтарда келтiрiлген деректерге байланысты орташа жылдық табыс - 87000 теңге
4. Жеке тұлғаларға салық салу үшiн белгiленген ставкалар, төлем көзiнен ұсталатын табыс салықтары бойынша, 3 тармақта белгiленген, жылына кiрiстен алынатын табыс салығының сомасы - 13920 теңге
5. Жылына патент үшiн төленуi мүмкiн ақының мөлшерi
- 14000 теңге
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк салық комитетiнiң
01.07.95ж. N 43 нұсқаулығына
N 6 Қосымша
Жанама тәсiлдердiң бiрiн қолданудың негiзiнде
салық салу объектiсiн анықтаудың тәртiбi
Заңды тұлғалардың бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруы, есеп берудi дайындауы және табыс салығын төлеуi жалпы белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң тәртiбi бұзылған есеп құжаттары жойылған немесе жоғалған жағдайда, сондай-ақ салық салу объектiсiн (активтердi, айналымды, өндiрiс шығындарын және т.б.) анықтау мүмкiн болмаған кезде салық қызметкерлерiнiң органдары салық салу объектiсiн салықтың тiкелей және жанама тәсiлдерiнiң негiзiнде анықтайды.
Өндiрiстiк кооперативтерде және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң тәртiбi бұзылған, есеп құжаттары жойылған немесе жоғалған фактiлерi, анықталған кезде, сондай-ақ салық алу объектiсiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда табыс салығын есептеп шығарудың жанама тәсiлiн қолдануға болады. Бұл орайда, сондай-ақ осы ұйымдарда өнiмдердiң (жұмыстардың және қызметтердiң), тауарлардың өткерiлу айналымы шамалы екендiгiн, мұның өзi аталған тәсiлдi пайдалануды қиындатпайтынын ескерген жөн.
Жанама тәсiлдердiң бiр әдiсiн қолдану негiзiнде салық салу объектiсiн анықтау тәртiбiн қарап көрелiк;
Салық салынатын объектiнi анықтаған кезде салық комитетiне тапсырған қаржылық есептеме, банкiнiң есеп айырысу валюталық және өзге есептер бойынша көшiрмелерi Қазақстан Республикасы Ұлттық санақ агенттiгiнiң және талдама жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң тауарлар мен қызметтерге арналған бағалары индекстерi есептерiнiң жиынтықталған кестесi пайдаланылады, сондай-ақ қарсы тексеру барысында байқалған бухгалтерлiк құжаттарды (өзара шарттарды, келiсiмдердi, т.с.с.) пайдалануға болады.
Мәселен, 1996 жылдың екiншi жартысы үшiн барлық көшiрмесiнiң деректерi бойынша "Айдос" шағын кәсiпорнының есепшотына 40187,8 мың теңге сомасында ақшалай қаржы түскен, оның iшiнде 753,8 мың теңге қолма-қол ақшамен тапсырылған, қалған сома ликер-арақ өнiмдерi үшiн сатып алушылардан түскен.
Жанама тәсiлдердiң есебi:
қолда бар құжаттарды басшылыққа алып, сатылған өнiмнiң әрбiр жеке түрiнен түскен кiрiстi анықтайсыз:
- сыраны сатудан түскен кiрiс:
"Айдос" ШК банкiдегi сыраны 0,04 ДМ немесе 1,9 теңгелiк (бағам бойынша 1 Дм = 47,44 теңге, өнiм жеткiзу шартының N 15, 28.11.96 ж.) бағамен сатып алды. Сыра 15 теңгелiк бағамен жалпы сомасы 3500000 теңге үшiн "Азимут" ЖШС фирмасына (тауардың жiберiлгенi туралы накладнойлар бар) өткiзiлдi. Қосылған баға 13,1 (15-1,9) теңгенi құрайды. Әрi қарай өткерiлген сыраның көлемiн анықтаймыз, 233333 банкi (3500000:15). Сөйтiп, өнiмдi өткеруден түскен кiрiс 3056662 теңге (233333х13,1) болды.
- спирттi өткеруден түскен кiрiс:
шағын кәсiпорын спирттi 1 литр үшiн 0,15 ДМ немесе 7 теңгелiк (тауардың жiберiлгенi туралы накладнойлар бар) бағамен өткiздi. Өткерудiң орташа бағасы 58,7 теңгенi (53,38+64,05):2 құрайды. Демек қосымша баға 51,7 теңге (58,7-7 болған. "Содружество ЖШС банкiнiң көшiрмесi бойынша шағын кәсiпорынға (27.07.96 ж.) спирт үшiн 100000 теңге аударылған. Осыған қарап өткерiлген спирттiң 17036 литр (100000:58,7) көлемiн анықтаймыз. Осылайша спирттi сатудан түскен табыс 880761 теңгенi (17036х51,7) құрайды.
- шампанды өткеруден түскен кiрiс:
шағын кәсiпорын 0,13 ДМ немесе 6 теңге бағамен шампан сатып алған. Ол 68,05 теңге 59,2, 45, 43, 46 және 52 теңге бағамен сатылған. Өткерудiң орташа бағасы 52,2 теңгенi құрайды (68,05+59,2+45+43+46+52):6. Демек, қосымша баға 46,2 теңге (52,2-6) болған.
Банкi көшiрмесiнiң деректерi бойынша "Азимут" ЖШС фирмасы шағын кәсiпорынға шампан үшiн жалпы сомасы 4214100 теңге (23.10.96 ж.100000 теңге, 20.11.96 ж. - 2864100 теңге, 20.12.96 ж. - 350000 теңге) аударған. Осыдан келiп 80730 шишадан тұратын, сатылған шампанның саны анықталады және өткеруден түскен кiрiс 3729726 теңге (80730х46,2) болады.
- сары майды өткеруден түскен кiрiс:
шағын кәсiпорын сары майды наурыз айында 1 килограмы 3 дол. бағамен сатып алған (өзара-шарттың N 41/1, 23.02.96 ж. сатып алу сәтiндегi бағамы - 65,3 теңге). Демек, 1 кг сары майды сатып алу бағасы 195,9 теңгенi құрайды (3 долх65,3). Банк көшiрмесiнiң деректерi бойынша шiлде айында шағын кәсiпорынның есеп-шотына сары майдың өткерiлгенi үшiн 18181570 теңге ақшалай қаржы түскен. Сатып алу бағасын бiлгендiктен өткерiлген сары майдың көлемiн анықтауға болады (18181570:195,9). Санақ және талдама жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң 1996 жылғы тауарлар мен қызметтер бағалары индекстерi есептемесiнiң деректерiне сәйкес шiлде айында сары майды өткерудiң орташа бағасы 228 теңге болған. Осы сомадан алғанда, қосымша баға 32,1 теңгенi құрайды (228-195,9), сөйтiп, сары майды сатуды түскен кiрiс 3163294 теңге (98545х32,1) болады.
Барлық өнiмдi өткеруден түскен кiрiс 10830443 теңге сомасында анықталды, оның iшiнде сыра - 3056662 теңге, спирт - 880761 теңге, шампан - 3729726 теңге, сары май - 3163294 теңге.
Банкi көшiрмесiнiң деректерi бойынша өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнына Өндiрiс және өнiмдi өткеру жөнiндегi шығындардың құрамы туралы ережеге сәйкес 2065603 теңгелiк жалпы соманың шығыстары енгiзiлген, оның iшiнде шiлдеде - 591596 теңге, тамызда - 308891 теңге қыркүйекте 124776 теңге, қазанда - 211141 теңге, қарашада - 287318 теңге, желтоқсанда - 541882 теңге.
Шағын кәсiпорынның шығыстары мен кiрiстерiн тауып алған соң салық салынатын кiрiстi анықтаймыз (кiрiс ҚҚС - шығындап), ол 6959766 теңгенi (10830443-1805074-2065603) құрайды. Осыдан келiп заңгер тұлғадан алынатын табыс салығы 2087929 теңге (6959766х30%) болады.
Жарлықтың 163 бабының 1 тармағына сәйкес салықты кемiтiп көрсеткенi үшiн салық төлеушiге 2087929
теңгенi құрайтын салықтың азайтылған сомасының 100%-i мөлшерiнде айыппұл салынады.
Жарлықтың 161 бабының 1 тармағына сәйкес салықтың дер кезiнде төленбеген сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi бекiткен қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасы көлемiндегi 136401 теңгенi құрайтын қайтадан қаржыландыру ставкасының 1,5 есесi мөлшерiндегi айыпақы бюджеттiң пайдасына есептеледi.
Тексерудiң нәтижелерi бойынша айыптық шаралармен бiрге 43112259 теңгелiк (2087929+2087929+136401) табыс салығы қосымша есептеледi.