Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2010.04.05 № 54-П Бұйрығымен.
Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулыққа
ТОЛЫҚТЫРУ
Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулыққа толықтыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнулерi қайта ұйымдастырылған жағдайда жер-кадастрлық аймақтандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн әзiрлендi.
Облыстардың әкiмшiлiк шекаралары өзгерген немесе ол таратылған жағдайда қайта құрылған облыстың әкiмшiлiк аудандарының кодтары олар Қазақстан Республикасының 06.06.96 ж. N 710 қаулысымен белгiленген тәртiпте берiлетiн және бекiтiлетiн тиiстi облыстардың тiзбесiне өзгертулер енгiзiледi.
Әкiмшiлiк аудандар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда есептi кварталдарды анықтау және оларға кодтар беру мынадай тәртiпте жүргiзiледi:
1. Iрiлендiрiлетiн (базалық) әкiмшiлiк ауданда есептi кварталдардың кадастрлық нөмiрлерi өзгертiлмейдi.
Жер-кадастрлық аймақтандыру материалдарына түзетулер енгiзу тек қана таратылатын (қайта құрылған) аудан аймағының тек оған қосылатын бөлiгiнде жүргiзiледi.
2. Елдi мекендердiң, бау шаруашылығы кооперативтерiнiң, ауыл шаруашылық және таратылған (қайта құрылған) ауданның басқа да мекемелерiнiң жер учаскелерiнен бұрын құрылған есептi кварталдар мүмкiндiгiнше сақталады. Керек болғанда оларды нақтылау жүргiзiледi.
3. Темiр және автомобиль жолдары, байланыс желiлерi және басқа желiлi объектiлер алып жатқан, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының, орман қорының және т.т. жер учаскелерiнен құрылған есептегi кварталдар iрiлендiрiлген ауданның толық сай келетiн кварталдарымен бiрiгуi мүмкiн.
4. Таратылған (қайта құрылған) ауданның есептi кварталдарына олар берiлетiн әкiмшiлiк ауданның есепте бар кварталдарының нөмiрлерiнен кейiн келесi реттiк нөмiрлер берiледi.
5. Бiрiккен есептi кварталдардың оларға iрiлендiрiлген ауданда берiлген реттiк нөмiрлерi сақталады.
6. Есептi кварталдарға кадастрлық нөмiрлер берудiң ретi тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықтың 3.12 тармағына сәйкес жүргiзiледi.
7. Таратылған (қайта құрылған) ауданның аумағына есептi кварталдардың саны мен атауы белгiленгеннен кейiн есептi кварталдарға берiлетiн кодтардың қосымша тiзбесi және қосымша жер-кадастрлық карта (сызба) жасалады. Оларды жасау тәртiбi тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықтың 3.13 тармағында және 2, 3 қосымшаларында айтылған.
8. Таратылған (қайта құрылған) аудан аумағының жер-кадастрлық картасы (сызбасы) жасалғанда бұрынғы жер-кадастрлық картасына (сызбасына) түзетулерге жол берiледi. Бұл ретте есептi кварталдардың ескi кодтары сызып тасталады (бiрақ оларды оқу мүмкiншiлiгi сақталуы керек), ал жанына қара сиямен аудан қайта құрылғаннан кейiн берiлген, оған есептi кварталдардың жаңа кодтары жазылады.
9. Аудандар қайта құрылғанда аздаған өзгерiстер болғанда аудандық атқарушы орган қайта бекiтетiн есептi кварталдардың кодтарының жалпы тiзiмi мен жалпы жер-кадастрлық картасы (сызба) қайта жасалуы мүмкiн.
10. Есептi кварталдарға берiлетiн қосымша кодтар тiзiмiн және жер-кадастрлық картаны (сызбаны) аудандық атқарушы орган бекiтедi және тиiстi қаулымен ресiмдейдi.
11. Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргiзуге кеткен шығындар Қазақстан Республикасының Мемжеркомы 1996 жылғы 26-шiлдеде бекiткен "Тiркеу мақсаты үшiн есептi кварталдарды белгiлеу жөнiндегi жер-кадастрлық аймақтарға бөлудi жүргiзу жұмыстар құнына" жұмыстарының көлемiне байланысты төмендеткiш коэффициентпен анықталады.
12. Таратылатын (қайта құрылатын) ауданның есептi кварталдарының шегiнде жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер беру тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер берудiң бiрыңғай жүйесiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықтың 4-тарауына (Алматы, 1996 ж.) сәйкес жүргiзiледi.
Бұл ретте жер учаскелерiне берiлген нөмiрлер сақталады және кезектi кадастрлық нөмiрлер оларға аудан құрылғанға дейiнгi есептi кварталдағы бар жер учаскелерiнiң нөмiрлерiнен соңынан берiледi.
13. Таратылған (қайта құрылған) аудан аумағындағы, жер учаскесiне
меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығы берiлген жер учаскесiнiң
кадастрлық нөмiрiн өзгерту жерге құқын куәландыратын құжаттар қайта
ресiмделген кезде жүргiзiледi.
Қосымша
Қайта құрылатын немесе таратылатын әкiмшiлiк ауданның есептi
кварталдарына кадастрлық нөмiрлер беру тәртiбi (қайта құрылатын немесе
таратылған әкiмшiлiк аудан қосылатын әкiмшiлiк аудандағы есептi кварталдың
соңы реттiк нөмiрi 210 тең болды).
___________________________________________________________________
|Аудан қайта |Аудан қайта
Есептi кварталдардың атаулары |құрылғанға |құрылғаннан
|дейiнгi |кейiнгi
|есептi квар.|есептi квар.
|талдардың |талдардың
|кодтары |кодтары
__________________________________________|____________|___________
Самбай селосы | 001 | 211
__________________________________________|____________|___________
Орел бау шаруашылығының кооперативi | 002 | 212
__________________________________________|____________|___________
Алға акционерлiк қоғамының шекараларындағы| 003 | 213
жер учаскелерi (солтүстiк бөлiгi) | |
__________________________________________|____________|___________
Алға акционерлiк қоғамының шекараларындағы| 004 | 214
жер учаскелерi (солтүстiк бөлiгi) | |
__________________________________________|____________|___________
Ильинка с. (батыс бөлiгi) | 005 | 215
__________________________________________|____________|___________
Ильинка с. (шығыс бөлiгi) | 006 | 216
__________________________________________|____________|___________
Алға қаласының бау шаруашылықтарының елдi | 007 | 217
мекен алабы | |
__________________________________________|____________|___________
Весна, Алға, Осень бау шаруашылығы | 008 | 218
кооперативтерiнiң елдi мекендер алабы | |
__________________________________________|____________|___________
Хлебороб шаруа қожалықтарының ассоциация. | 009 | 219
сының шекараларындағы жер учаскелерi | |
__________________________________________|____________|___________
Весна ауыл шаруашылығы кооперативiнiң | 010 | 220
шекараларындағы жер учаскелерi | |
__________________________________________|____________|___________
Темiржол көлiгiнiң жерлерi | 011 | 221
__________________________________________|____________|___________
Автомобиль көлiгiнiң жерлерi (бiрлескен) | 012 | 209
__________________________________________|____________|_________