Жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 27 маусымдағы N 34 нұсқаулығына өзгерiс және толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 1997 жылғы 21 сәуiрдегi N 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 23 мамырда тіркелді. Тіркеу N 43. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы


 
 
       "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      25. "Жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Бас салық инспекциясының N 34 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997 жылғы 21 сәуiрдегi N 80 V970043_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
 

                                            Қазақстан Республикасы Қаржы



                                             министрлiгi Салық комитетiнiң

                                              1997 жылғы 21 сәуiрдегi N 80

                                                 бұйрығына N 1 қосымша



 
 
       "Жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 27
      маусымдағы N 34 нұсқаулығына өзгерiс және толықтыру енгiзу
 
      1. 62 тармақтың XIV тарауы мынадай мазмұндағы 8 тармақшамен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен шарттасқан контрактiге сәйкес салық төлеушiлер:
      осы нұсқаулықтың 24, 27, 35 тармақтарының негiзгi ставкаларына сәйкес контракт жасасқан күннен 5 жылғы мерзiмге дейiн 100%;
      басқа мерзiмге дейiн осы нұсқаулықтың 24, 27, 35 тармақтарының негiзгi ставкаларына сәйкес контракт жасасқан күннен 5 жылғы мерзiмге дейiн 50%.
      Жер салығы бойынша жеңiлдiк берудiң нақты мерзiмi мен мөлшерi әрбiр

 

салық төлеушiге контракт бойынша басымдылығына, жағдайының уақытына және

жобаның пайдалылығына байланысты белгiленедi.

     Осыған байланысты жеңiлдiк берiлген контрактiнi бұзған кезде, жер

салығы есептеуге және салық төлеушiнiң барлық қызмет мерзiмiндегi

Қазақстан Республикасының салық заңында көзделген тиiстi айыппұл

санкциясын қолданып бюджетке төлемi жатады, яғни әрбiр ұзартылған күнге

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қосымша қаржы ставкасының

1,5 есе мөлшерiндегi өсiмi есептелiп жер салығының барлық сомасы өндiрiлiп

алынады".

     Қазақстан Республикасы

     Қаржы министрлiгi Салық

     комитетiнiң төрағасы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады