"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 19.08.97 ж. N 136 ~V970407 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетi 1997 жылғы 30 қыркүйектегi N 149 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 23 қазанда тіркелді. Тіркеу N 55. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитеті төрағасының 1998.08.07. N 75 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Жарлығының 138 бабына сәйкес бұйырамын:
 
      1. 3-тармақтағы бiрiншi және екiншi абзацтарда "2000" саны "4000" санымен ауыстырылсын.
      2. 7-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Салық органдары жеке тұлғаларға, жалпы көлемi 20-шаршы метрден аспайтын, белгiленген жобалы орындарда (дүкеншелерде, сөрелерде) халық тұтынатын тауарлар мен тамақ өнiмдерiн бөлшектеп сатуды жүзеге асыру үшiн ғана, сауда саласындағы жеке кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдану үшiн салық патенттерiн берсiн.
      Жеке кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiлерi ретiнде салық органдарында тiркелмеген сауда базарларында сөрелерде, машиналар мен басқа да орындарда сауда жасайтын азаматтар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 955-шi P950955_ қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды өткiзу құқығы үшiн алынатын алымдар туралы" ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды өткiзу құқығы үшiн алым төлеуге тиiстi".
      3. 9-тармақта "1 қыркүйек" деген сөздер "20 қазан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. Бұйрықтың N 1 қосымшасының II тарауының 27-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Автомобильдердi жөндеу және техникалық қызмет"
      5. Бұйрықтың N 1 қосымшасының IV тарауына мынадай мазмұндағы 55-тармақ қосымша енгiзiлсiн:
      "Жалпы көлемi 20 шаршы метрден аспайтын, белгiленген жобалы орындарда (дүкеншелерде, сөрелерде) халық тұтынатын тауарлар мен тамақ өнiмдерiн бөлшектеп сату".
      6. Бұйрықтың N 1 қосымшасының ескертпесiндегi бiрiншi тармақ "Қазақстан Республикасы шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын.
      2-тармақтың екiншi азбацы 3-тармақ деп саналсын және мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өткiзiлетiн тауарлар жөнiнде оның сапалық сертификаты мен қайдан шыққанын растайтын барлық құжаттар болуға тиiс".
      7. Мынадай редакциядағы 10-тармақ енгiзiлсiн:
      "Облыстар бойынша салық комитеттерi 1997 ж. 20 қарашаға дейiнгi мерзiмде патенттiң құнын бекiтiлген тiзбеге сәйкес реттесiн".
      8. Бұйрықтың 10-тармағы 11-тармақ болып саналсын.
 
      Төраға
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады