Екiншi деңгейдегi банктердi халықаралық стандартқа көшiру тәртiбi туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 411 Қаулы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 66. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы" ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 411 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде N 66
тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 3 басылымдарында 1997 жылғы 3-16 желтоқсанда жарияланған)...

___________________________________  

      Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтi-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасының Қаулысымен бекiтiлген (1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 Қаулы) екiншi деңгейдегi банктердi халықаралық стандартқа көшiру тәртiбi туралы ережеге өзгертулер мен толықтыруларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1997 жылғы 31 наурыздағы N 89 Қаулы), (1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 135 Қаулы), (1997 жылғы 15 қазандағы N 375 Қаулы) өзгертулер мен толықтырулар қоса бекiтiлсiн және олар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Заң департаментi (А.К. Өртембаев) банктiк қадағалау департаментiмен (Н.К. Абдуллина) бiрлесе отырып осы Қаулыны және екiншi деңгейдегi банктердi халықаралық стандартқа көшiру тәртiбi туралы ережеге өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн. 
      3. Банктiк қадағалау департаментi (Н.К.Абдуллина) осы Қаулыны және екiншi деңгейдегi банктердi халықаралық стандартқа көшiру тәртiбi туралы ережеге өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 
      4. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Г.Сәйденовке жүктелсiн. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 4 желтоқсандағы
N 411 Қаулысымен    
Бекiтiлген        

 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292  Қаулысымен  бекiтiлген
Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға
көшу тәртiбi туралы Ережесiне өзгертулер мен толықтырулар 

      1. 1-тармақтың: 
      - бiрiншi азатжолындағы "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiн" деген сөздер "(бұдан әрi - "банктер" деп аталады)" деген сөздермен толықтырылсын, "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын; 
      - екiншi азатжолындағы "депозиттiк" деген сөз алынып тасталсын. 
      2. 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Осы Ереженiң талаптары мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттiк банктерге, мемлекетаралық банктерге, сондай-ақ егер резидент емес басты банктiң тiзбесiн Ұлттық Банктiң Басқармасы бекiтетiн кез-келген рейтинг агенттiгiнiң "А" категориясынан төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтингi болған жағдайда ғана еншiлес банктерге қолданылмайды.". 
      3. 3-тармақтың: 
      - бiрiншi азатжолындағы "Қазақстан Республикасының барлық депозиттiк банктерi (бұдан әрi "банктер" деп аталады)" деген сөздер "Банктер" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - бесiншi азатжолындағы "талаптарын" деген сөздер "құқықтық актiлерiн" деген сөзбен ауыстырылсын. 
      4. 5-тармақтағы "несие бойынша" деген сөз "сарапталған активтер мен шартты мiндеттемелер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      5. 6-тармақтағы екiншi сөйлем алынып тасталсын. 
      6. 7-тармақтағы "Ұлттық Банктiң Басқармасында 29.02.96 бекiтiлген N 337 Пруденциалды нормативтер туралы ережеде" деген сөздер "Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттерде" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      7. 8.1. және 8.2. тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: 
      "8.1. Бухгалтерлiк есептiң стандарттары 
      Банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 237 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң Бухгалтерлiк есебiнің жаңа есепшот жоспарына негiзделген бухгалтерлік есеп саясатын жыл сайын қайта қарап отыруға және жасалынған бухгалтерлік жазбалардың барысын жазып отыруға тиіс. 
      8.2. Капиталдың бiрдейлiгi 
      Капиталдың жеткіліктiлiк коэффициенттерi мынадай ең аз мәннен төмен болмау керек:
      - I деңгейдегi өз капиталының активтерге қатынасы - 0,06-дан кем емес;
      - өз капиталының тәуекелдi ескере отырып есептелген активтерге қатынасы - 0,12-ден кем емес.
      Банктiң өз капиталының мөлшерi 1 миллиард теңгеден төмен болмау керек."
      8. 8.4-тармақтың "баланстан тыс"деген сөздер "шартты" деген сөзбен ауыстырылсын.
      9. 8.5-тармақтағы "баланстан тыс" деген сөздер "шартты" деген сөзбен ауыстырылсын.
      10. 10-тармақтың:
      - бірінші азатжолы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші жаңа сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Банктер 31.12.1998 жылғы мерзімге дейін бухгалтерлік есепті қазақстандық стандарттар бойынша жүргізуге көшуге, жүргізілетін барлық операциялар бойынша қосымша есеп айырысуға және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің бухгалтерлік есебінің жаңа есепшот жоспарына негізделген бас бухгалтерлік кітап жасауға тиіс, сондай-ақ бухгалтерлік есепті автоматтандыру бағдарламалық жағынан қамсыздандыруға тиіс. Бағдарламалық қамсыздандыруға операциялардың түрлері бойынша бас кітаптың және қосымша журналдардың модулін қоса алғанда, шоғырландырылған банк жүйесінің модулі енгізілуге тиіс."
      - екiншi азатжолындағы "(кос- мұнда шартты түрде белгiленген)" деген сөздер "сондай-ақ банктiң өз капиталының мөлшерi бойынша (СК-мұнда шартты түрде белгiленген )" деген сөздермен толықтырылсын";
      - мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "1 - топ
      СК     31.06.1998. 31.12.1998.
             500 млн.    1 млрд.
             теңге       теңге
      2 - топ
      СК    31.06      31.12.   31.06.  31.12.   31.06.   31.12.
            1998       1998     1999    1999      2000     2000
            100        200      350     500       750      1 млрд.
            млн.       млн.     млн.    млн.      млн.     теңге
            теңге      теңге    теңге   теңге     теңге

      11. 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-топқа енгізілген банктер ғана Ұлттық Банктің лицензиясында белгіленген өкілеттіктер шегінде олар осы топқа енгізілген күннен бастап мынадай банк операцияларын, сондай-ақ қызмет түрлерін: 
      1) сенім (траст) операцияларын: сенім білдірушінің мүддесі мен тапсырмасы бойынша ақша жұмсауға;
      2) банктің өз капиталынан аспайтын көлемде жеке тұлғалардан депозиттер қабылдауға;
      3) төлем карточкаларын шығаруға;
      4) банктердің сеніп тапсырған акциялар пакетін және заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесін (қатысушылардың салымын) басқаруға;
      5) қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқылы.
      Егер банктің лицензиясында жоғарыда аталған банк операцияларын және қызмет түрлерін орындау құқығы көзделмеген болса, банк тиісті лицензия немесе келісім беру туралы белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке өтініш жасауға құқылы."

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады