Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда N 440 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердің халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу
тiзiлiмiнде N 440 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 6 басылымдарында 1997 жылғы 10-15 ақпанда жарияланған)...

___________________________________

       ЕСКЕРТУ. Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567   қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. Қаулының мәтіні өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 407   қаулысымен .  

      Қазақстан Республикасының барлық екiншi деңгейдегi банктерiнiң халықаралық стандарттарға орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi: 
      1. Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ереженiң жаңа редакциясы бекiтiлсiн және 1996 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ереженiң жаңа редакциясы қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 17 мамырдағы N 115 Қаулысының және Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы N 340 ереженiң күшi жойылды деп танылсын. 
      3. Осы қаулы қабылданғанға дейiн қайта капиталдандыру мен қызмет жақсарту жоспары бекiтiлген банктерге осы Ереженiң 5.6 және 10-тармақтарының талаптарына сәйкес жоспарға толықтыруларды мiндеттi түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне 1997 жылғы 1 ақпанға дейiн тапсыратын болсын. 
      4. Банктiк қадағалау департаментi (Б.Қ.Жауғаштина) осы Қаулыны және Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ереженiң жаңа редакциясын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 
      5. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн. 

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасының 
1996 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 292 Қаулысымен Бекiтiлген 

  Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық
стандарттарға өту тәртiбi туралы
Ереже
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 
1997 жылғы 31 наурыздағы N 89 (тіркеу N 469) және 1997 жылғы 30 сәуірдегі N 135 (тіркеу N 492) қаулыларымен енгізілген
өзгертулермен және толықтырулармен қоса)      

       Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда және ережелердің мәтіні бойынша "осы Ереже", "осы Ереженi", "осы Ереженiң", "осы Ережеге" және "осы Ережедегi" деген сөздер тиiсiнше "осы Ережелер", "осы Ережелердi", "осы Ережелердiң", "осы Ережелерге" және "осы  Ережелердегi" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 339   қаулысымен .
       Ескерту: Барлық мәтін бойынша "жетуге", "қол жеткізу", "халықаралық стандарттарға сай болуға қол жеткізу" деген сөздер тиісінше "орындаудың", "орындау", "халықаралық стандарттарды орындау" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 407   қаулысымен .

      1. Осы Ережелерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - "Ұлттық Банк" деп аталады) Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң тұрақтылығының нығайтылуы мен өсуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi "банктер" деп аталады) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде бекiтiлген және халықаралық банк практикасында қабылданған стандарттарға (бұдан әрi - "халықаралық стандарттар" деп аталады) негiзделген стандарттарға жетуi мақсатында жасалды. 
     Осы Ережелердің мақсаты осы Ережеде анықталған мерзімдерде халықаралық стандарттарға банктердiң мынадай салаларының өтуiн қамтамасыз ету болып табылады: 
     капитал жеткiлiктiлiгi;
     активтердiң сапасы;
     менеджменттiң деңгейi;
     бухгалтерлiк есеп;
     ақпараттар енгiзу мен беру;
     тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997.12.04. N 411   қаулысымен ,   2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567   қаулысымен ;   2002 жылғы 10 қазандағы N 407   қаулысымен .

      2. Осы Ережелердің талаптары мемлекеттiк банктерге, мемлекетаралық банктерге, сондай-ақ егер резидент емес басты банктiң тiзбесiн Ұлттық Банктiң Басқармасы бекiтетiн кез-келген рейтинг агенттiгiнiң "А" категориясынан төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтингi болған жағдайда ғана еншiлес банктерге қолданылмайды. 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997.12.04. N 411   қаулысымен ; өзгертiлдi - 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567   қаулысымен .

      3. Қызметi халықаралық стандарттарға сай келмейтiн банктер Ұлттық Банкке қайта капиталдандыру мен қызметiн жақсарту жоспарларын (бұдан әрi - "iс-шаралар жоспары") берiлуi тиiс. 
      Жасалған iс-шаралар жоспарына сәйкес банк халықаралық стандарттарды орындаудың мерзiмiне қарай, бiрiншi немесе екiншi топқа жатады: 
      бiрiншi топтағы банктер (бұдан әрi - 1-топ деп аталады) 1998 жылдың соңына дейiн халықаралық стандарттарды орындауы тиiс; 
      екiншi топтағы банктер (бұдан әрi - 2-топ деп аталады) 2000 жылдың соңына дейiн халықаралық стандарттарды орындауы тиiс. 
      1-топқа iс-шаралар жоспарын беретiн сәтке дейiн Ұлттық Банктiң қолданылып жүрген заңдарын немесе құқықтық актiлерiн бұзуға жол берген және түзетпеген, сондай-ақ өздерiнiң басшы қызметкерлерiнiң кандидатураларын Ұлттық Банкпен келiспеген банктер жатпайды. 
      Осы ереженің талаптары қолданылмайтын банктерден басқа, аталған топтардың ешқайсысына кірмеген банктер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қайта құрылуға не таратылуға тиіс. 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997.12.04. N 411   қаулысымен ,   2000.11.09. N 338  қаулысымен , 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567   қаулысымен ,   2002 жылғы 10 қазандағы N 407   қаулысымен  .

      4. 2-топқа жатқызылған банк 1-топқа жатқызу үшiн қажеттi шарттарға қол жеткiзген жағдайда және өздерiнiң қабылдаған мiндеттемелерiн бекiтiлген iс-шаралар жоспарына сәйкес орындағанда Ұлттық Банкке өзiн 1-топқа жатқызу туралы 1998 жылғы 15 желтоқсанға дейін өтiнiш бере алады. Өтiнiшпен бiрге бекiтiлген жоспарға сәйкес банктiң iс-шараларды орындағаны туралы есебi, банктiң 1-топқа өту мүмкiндiгiнiң негiздемесi және барынша жетiлдiрiлген iс-шаралар жоспары берiлуi тиiс. 
      Ұлттық Банк 1-топқа жатқызылған банктi олардың өздерiне қабылдаған мiндеттемелерiн бекiтiлген iс-шаралар жоспарына сәйкес орындамаған жағдайда немесе банктiң өтiнiшi бойынша 2-топқа жатқызуы мүмкiн. 
      1 немесе 2-топқа енгiзілген банк өзiне белгiленген халықаралық стандарттарды орындау мерзiмi өтiсiмен және осы Ережелердiң талаптарын орындағаннан кейiн, сондай-ақ iс-шаралар жоспарын орындағаннан кейiн Ұлттық Банк белгiлеген тәуелсiз аудиторлық ұйымдар тiзбесiнiң iшiндегi бiреуiнiң қорытындысын алуға тиiс. 
      Мұндай қорытындыда банктiң осы Ережелердiң 8-тармағының 1)-11) тармақшаларындағы талаптарды (шарттарды) орындау бағасы (растауы) iс-шаралар жоспары болуға тиiс және банк Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде оған беретiн болады. 
      2-топқа енгiзiлген банк осы Ережелердегi талаптарды (шарттарды) және/немесе iс-шаралар жоспарын мерзiмiнен бұрын орындаған жағдайда, аудиторлық ұйымның қорытындысын алғаннан кейiн ол оны Ұлттық Банкке ұсынуға құқылы. 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертілді және толықтырылды- ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 339   қаулысымен 2001.03.31. N 77   қаулысымен 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 567   қаулысымен 2002 жылғы 10 қазандағы N 407   қаулысымен  .

      5. Iс-шаралар жоспары банк қызметiнiң барлық бағыттарын қамтуға тиiс және мiндеттi түрде пруденциалдық нормативтер және басқа сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттер бойынша белгіленген талаптарға орындау жолдарын, оқу жоспарымен қоса қызметкерлермен жұмыс жүргiзу саясатын, қаржы институты ретінде банктің даму перспективасын, жаңа банктік қызметті игеруді, активтер мен пассивтерді, филиалдарды, банк қызметінің тәуекелдерін басқарумен қоса банктiң басқару және экономикалық саясатын жетiлдiру жоспарларын, кредит және депозит саясатын, iшкi бақылаудың бiрдей жүйесiн енгiзу кезеңiн, бухгалтерлiк есептiң қазақстандық стандарттарына көшудi және ақпарат енгiзу мен беру бойынша ең төменгi стандарттарға қол жеткiзудi көрсетуге тиiс. 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997.12.04. N 411   қаулысымен жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.12.31. N 339  қаулысымен

      6. Iс-шаралар жоспарында жаңа есеп жоспарына негiзделген қаржылық есеп беруге сәйкес банктiң ағымдағы қаржылық жағдайы барынша нақты көрсетiлуi тиiс. 
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997.12.04. N 411   қаулысымен .

      7. Іс-шаралар жоспарында осы Халықаралық стандарттар ережесінде белгіленген қол жеткізудің кезеңдері мен нақты мерзімдері, оның ішінде осы ереженің 10-тармағындағы шарттарды ескере отырып Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерде белгіленген пруденциалдық нормативтер көрсетілуі тиіс. 
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997.12.04. N 411   қаулысымен

      8. Iс-шаралар жоспарында банктердiң мынадай халықаралық стандарттарды орындауы көрсетiлуi тиiс:
      1) Банктер жыл сайын бухгалтерлік есеп саясатын қайта қарауға және қазақстандық бухгалтерлiк есеп стандарттарына негiзделiп жасалған бухгалтерлiк жазбалардың жүргiзiлу тәртiбiн сипаттауға тиiс. 
      2) Капиталдың бiрдейлiгi
      Капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициенттерi мынадай ең аз мәннен төмен болмау керек: 
      - I деңгейдегi өз капиталының активтерге қатынасы - 0,06-дан кем емес;
      - өз капиталының тәуекелдi ескере отырып есептелген активтерге қатынасы - 0,12-ден кем емес. 
      Банктiң өз капиталының мөлшерi 1 миллиард теңгеден төмен болмау керек. 
      3) Өтiмдiлiк 
      Банк Ұлттық Банктiң қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өтiмдiлiк бойынша талаптарды орындауға тиiс. 
      Банктiң Ұлттық Банк пен басқа банктерге беретiн кешiктiрiлген қарыздары және клиенттерге уақытында төленбеген төлем құжаттары болмауы керек. 
      4) Активтердiң жiктелуi 
      Банктер активтердiң жiктелуi мен шартты мiндеттемелердi Ұлттық Банк белгiлеген тәртiпке сәйкес қолдануға және қажеттi провизиялар қалыптастыруға тиiс. 
      5) Активтердiң әр түрлiлiгi 
      Активтер орналастыру мен шартты талаптар берудi ақшаның және/немесе кiрiстiң ықтимал шығыны тәуекелiн төмендету мақсатында салымдардың әртүрлi объектiлерi арасында жүзеге асыру қажет. 
      Банктер банк алдындағы мiндеттемелердiң кез келген түрi бойынша бiр заемшының жиынтық қарыздарының мөлшерiн, сондай-ақ мерзiмдi депозиттерiнiң және банктiң өз капиталының 25%-нен аспайтын сомада бiр банкке берген кредиттерi мен кепiлдерiнiң мөлшерiн шектеуге тиiс. 
      6) Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалармен операциялар жүргiзу Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалардың пруденциалдық нормативтер туралы қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес белгiленген мiндеттемелерiнiң жиынтық көлемi банктiң өз капиталының 10%-нен аспауы керек, оның үстiне банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғаларға берiлген барлық жиынтық қарыздар сомасы банктiң өз капиталының мөлшерiнен аспауы тиiс. Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалардың осы банкке қатысы бар болып табылатын депозиттер мен бiр банкке берген кредиттерiнiң және кепiлдерiнiң көлемi осы банктiң өз капиталының 10%-нен аспауы керек. 
      7) Ақпараттарды енгiзу және беру бойынша стандарттар 
      Ақпараттар енгiзген кездегi қатаң бақылау, бэк және фронт-офистердi бөлу, коммуникация желiлерi бойынша мәлiметтердi берген кезде ақпараттарды қорғау, мәлiметтер базасының ақпараттарын қорғау (кем дегенде С-2 деңгейi). 
      С-2 деңгейі: "Басқаруға болатын рұқсат" дегеніміз мынадай талаптарды сақтау болып табылады: рұқсат субъектiн бiрегей идентификациялау (жүйенiң кез келген пайдаланушысының бiрегей аты болуы керек), өздiгiнен қорғау ("рұқсат берілмегеннiң бәрiне тыйым салынған" деген қағида бойынша пайдаланушыларға өкілеттiк белгiлеу) және оқиғаларды тiркеу (жүйенiң қауiпсiздiгiне байланысты оқиғалар белгiленуге тиiстi жүйелiк журнал жүргiзу: жүйеге кiру пайдаланушының аты, жүйенiң пайдаланылу уақыты; журнал жүргiзу рұқсаты жүйенiң басқарушысына ғана берiлген). 
      8) Iшкi аудит 
      Банктер қызметкерлердің банк заңдарын және кәсiптік стандарттарды сақтауына бақылау ұйымдастыру жолымен банктің, оның кредиторлары мен клиенттерiнiң заңды мүддесiн қорғауды тиiмдi қамтамасыз ететiн iшкi аудит жүйесiн енгiзуге, банк жүргізетiн операциялардың сипаты мен көлемiне сәйкес сенiмдiлiктiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге және банк қызметiнiң тәуекелдерiн барынша төмендетуге тиiс. 
      9) Менеджмент деңгейі 
      Банктердің банк қызметінің тәуекелдерін барынша төмендету мақсатында банктің ақша тарту және орналастыру тәртібін, іс-жосығын және шарттарын реттейтін бекітілген құжаттары (саясаты) болуға тиіс, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың талаптарын бұзбайтын, соған бара-бар басқару шешімдерін қабылдауға тиіс. 
      10) Банктер Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес еншілес және тәуелді ұйымдарды ескере отырып шоғырландырылған негізде бухгалтерлік есеп жүргізуді, әзірлеуді және ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс. 
      11) Тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу 
      Банктiң банк операцияларын жүргiзуге байланысты тәуекелдердi бағалау, өлшеу, бақылау және мониторингі бойынша рәсiмдерi болуы тиiс. 
      Осы рәсiмдер Ұлттық Банктiң ұсынымдарын ескере отырып, халықаралық тәжiрибеде қабылданған тәуекелдердi басқару жүйесiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиiс. 
       ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997.12.04. N 411   қаулысымен , 1998.12.31. N 339   қаулысымен , 2000.11.09. N 338   қаулысымен , 2001.12.20. N 567  қаулысымен

      9. Iс-шаралар жоспарын Ұлттық Банк осы Ережелерге сәйкестендiре отырып бекiтедi немесе бекiтуден бас тартады. Iс-шаралар жоспарын Банктiк қадағалау департаментiнiң ұсынысы бойынша Ұлттық Банк Басқармасы бекiтедi. 
      Осы Ереженің 8-тармағы 11) тармақшасының нормасы Ұлттық Банк Басқармасының Іс-шаралар жоспарын қайта бекітуін талап етпейді.
       Ескерту: 9-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы N 31 қаңтардағы N 25   қаулысымен .

      10. 1-топтағы банктер 1998 жылдың соңында, 2-топтағы банктер 2000 жылдың соңында көрсетiлген халықаралық стандарттарға толық сәйкес келуi мақсатында кезең-кезеңiмен қол жеткiзуiн қамтамасыз етуi тиiс. Белгiленген халықаралық стандарттарға банктердiң кезең-кезеңiмен қол жеткiзу кестесi және банктердiң өздерi анықтаған жеке ай сайынғы бақылау көрсеткiштерi Ұлттық Банк бекiткен iс-шаралар жоспарына қосылады. 
      Банк алдындағы міндеттемелердің барлық түрлерінің жиынтық көлемі бойынша бiр клиентке (өзара байланысты клиенттер тобына) тәуекелдiң жоғары мөлшерiне қатысты, к1 және к2 - өз капиталының ең төменгi коэффициентiнiң жеткiлiктiлiгi бойынша к3 - өз капиталына шектi кезең-кезеңдi мерзiмдерi мен жеке бақылау мәнi, және өз капиталына кредиттер мен кепiлдер бойынша, сондай-ақ банктiң өз капиталының мөлшерi бойынша (СК - мұнда шартты түрде белгiленген) банкпен ерекше қарым-қатынастағы бiр клиентке тәуекелдiң ең жоғары мөлшерiнiң қатынасы мынадай болуы тиiс: 

1 топ

      31.12.1996         31.12.1997        31.12.1998

к1        0,04                0,05             0,06
к2        0,08                0,10             0,12
к3        0,50                0,40             0,25
К ос      0,25                0,20             0,10 

2 топ

      31.12.1996   31.12.1997    31.12.1998  31.12.1999  31.12.2000

к1                    0,04          0,05        0,05        0,06
к2        0,4         0,08          0,10        0,11        0,12
к3                    0,50          0,40        0,30        0,25
К ос                  0,25          0,20        0,15        0,10 

1-топ

     СК     31.06.1998. 31.12.1998.
            500 млн.    1 млрд.
            теңге       теңге
2-топ

     СК    31.06      31.12.   31.06.  31.12.   31.06.   31.12.
           1998       1998     1999    1999      2000     2000
           100        200      350     500       750      1 млрд.
           млн.       млн.     млн.    млн.      млн.     теңге 
           теңге      теңге    теңге   теңге     теңге

      Осы Ережеде белгіленген банктің меншікті капиталының мөлшері жөніндегі талаптарды орындамаған 2-топтағы банктер қолданылып жүрген заңдардың нормаларына сәйкес қайта құрылуға не таратылуға тиіс. 
      2-топтағы банктер үшін осы тармақта белгіленген банктің меншікті капиталының мөлшері жөніндегі талаптар меншікті капиталы ең аз талаптарға сәйкес келетін аймақтық (Астана және Алматы қалаларынан тыс жерлерге орналасқан) банктерге қолданылмайды. Аймақтық банктердің меншікті капиталының ең аз мөлшері 500 млн. теңгеден кем болмауға тиіс. 
       ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997.12.04. N 411   қаулысымен , 1998.12.31. N   339   қаулысымен , 1999.10.07. N 316   қаулысымен , 2000.11.09. N 338    қаулысымен .

      10-1.  10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1999.10.07. N 316   қаулысымен Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2001.03.31. N 77   қаулысымен

      11. 1-топқа енгізілген банктер ғана, сондай-ақ мемлекетаралық банктерден басқа осы Ереженің талаптары қолданылмайтын банктер Ұлттық Банк белгілеген өкілеттіктер шегінде мынадай банк операцияларын, сондай-ақ қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы: 
      1) сенім (траст) операцияларын: сенім білдірушінің мүддесі мен тапсырмасы бойынша ақша жұмсауға; 
      2) банктің өз капиталынан аспайтын көлемде жеке тұлғалардан депозиттер қабылдауға; 
      3) төлем карточкаларын шығаруға; 
      4) банктердің сеніп тапсырған акциялар пакетін және заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесін (қатысушылардың салымын) басқаруға; 
      5) қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және клирингтiк қызметті жүзеге асыруға құқылы. 
      Егер банктің лицензиясында жоғарыда аталған банк операцияларын және қызмет түрлерін орындау құқығы көзделмеген болса, банк тиісті лицензия немесе келісім беру туралы белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке өтініш жасауға құқылы. 
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 1997.12.04. N 411   қаулысымен , өзгертілді - 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 470  қаулысымен ,  2000.11.09. N 338   қаулысымен .

         12. Осы Ереженің талаптары банктер қызметінің барлық кезеңі ішінде олардың сақтауы үшін міндетті. Банктiң осы Ережелердегi талаптарға сай келмеуi, оның iшiнде iс-шаралар жоспарын белгiленген мерзiмде бермеуi немесе осы Ережелердегi талаптарға сай келмейтiн iс-шаралардың жоспарын беруi, iс-шаралар жоспарында бекiтiлгенге сәйкес банктiң өзiне қабылдаған мiндеттемелерiн орындамауы, Ұлттық Банктiң қолданылып жүрген банк заңдарында қарастырылған шаралар қолдануына, тiптi банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны шектеуге немесе оның күшiн жоюына негiз болып табылады. Ұлттық Банктiң банктiң iс-шаралар жоспарын бекiтуi оның қолданылып жүрген банк заңдарында қарастырылған шара қолдану құқын шектемейдi.
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 10 қазандағы N 407   қаулысымен

      13. Егер банктiң iс-шаралар жоспарын Ұлттық Банк оның осы Ережелер талаптарына сай келмеуi немесе жоспардың банкке берiлмеуi себептi 15.12.1997 ж. дейiнгi мерзiмде бекiтпесе, Ұлттық Банктiң банк операцияларын жүргiзу үшiн банкке берген лицензиясының күшiн жоюға құқылы. Iс шаралар жоспарын берудiң соңғы мерзiмi не оған өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу - 15.11.97 ж. 

      14. Жаңадан құрылған банктер Ұлттық Банкке осы Ережеде көрсетiлген халықаралық стандарттардың талаптарына сай келетiн бизнес-жоспар беруi тиiс. 

       Төраға  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады