Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгерту енгiзу жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 30 желтоқсан N 470 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 70. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

       

  ---------------Қаулыдан үзінді------------------- 

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын...

      Төраға

Күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтык актiлердiң тiзбесi

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы ережеге өзгерiс енгiзу туралы" 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 470 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 70 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 3 басылымдарында 1997 жылғы 29 қаңтарда - 11 ақпанда жарияланған)...

___________________________________

      Қазақстан Республикасында Екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 Қаулы) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгерту бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Заң департаментi (А.К. Өртембаев) Банктiк қадағалау департаментiмен (Н.К. Абдуллина) бiрлесе отырып осы Қаулыны және екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгертудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн. 
      3. Банктiк қадағалау департаментi (Н.К. Абдуллина) осы Қаулыны және екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгертудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Г. Сәйденовке жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

                                   Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                       Банкi Басқармасының
                                   1997 жылғы 30 желтоқсандағы
                                        N 470 қаулысымен
                                            БЕКIТIЛГЕН

             Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
         Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292
        қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктердiң
         халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы
                      ережеге өзгерту

      11-тармақтың 5-тармақшасындағы "кәсiби қызмет" деген сөздер "кастодиандық және клирингтiк қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады