Спирттiң барлық түрлерiнiң ауысуына бақылау жасаудың тәртiбi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi 1997 жылғы 30 қаңтар N 29. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 266. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 643 бұйрығымен.

  

  ------------------Бұйрықтан үзінді---------------------      

      Салық салу саласындағы ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Конституциямен, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күшi жойылған деп танылсын:
      3) "Спирттің барлық түрлерiн өткiзудi бақылау тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетi Төрағасының 1997-жылғы 6-ақпандағы N 29 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 1997-жылы 28-ақпанда N 266 тiркелген)...

      Төраға

_______________________________    

     Қазақстан             Қазақстан           Қазақстан
     Республикасының       Республикасының     Республикасының
     Мемлекеттiк           Мемлекеттiк         Көлiк және
     салық комитетi        кеден комитетi      коммуникациялар
                                               министрлiгi
     30.01.1997 ж.         30.01. 1997ж.       30.01.1997 ж.
     N 12-2-4/685           N034-4/665         N 01-дж/223

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 68  P970068_  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында спирттiң барлық түрлерiн тасымалдау кезiнде шығынға және ұрлыққа жол бермеу сонымен бiрге, акциздеуге жататын өнiмдердi шығару мен сатудан бюджетке түсетiн қаржыларға бақылауды күшейту мақсатында, Мемлекеттiк салық комитетi, Мемлекеттiк кеден комитетi және Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының аумағында спирттiң барлық түрлерiнiң өндiрiлуi мен бақылауынан мынадай тәртiбiн бекiтедi.
      1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында спирттi өндiрудiң және оның айналымының жарияланған мiндеттемелерi енгiзiледi. Жарияламада өндiрiлген спирт және оның айналымы жайында мыналар көрсетiледi.
      спирттi өндiрушiлер:
      - лицензияның сериясы мен реттiк саны, оны алған уақыты;
      - өндiрiлген спирттiң көлемi;
      - жiберiлген спирттiң көлемi (оның iшiнде кеден жарияламасы және Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өткен уақыты көрсетiлiп экспортқа жiберiлгенi);
      - алушының реквизиттерi (лицензияның сериясы мен реттiк саны, алынған уақыты);
      - спирт шығының көлемi мен жiберiлген бағыты;
      - Есептi уақыттың басы мен соңындағы спирттiң қалдығы.
      спирттi алушылар:
      - лицензияның сериясы мен реттiк саны, оны алған уақыты;
      - алынған спирттiң көлемi;
      - спирттi алатын көздер-берушiлердiң реквизиттерi (лицензиялардың сериясы мен реттiк саны, алынған уақыты, тауар-көлiк құжаттарының реттiк саны, импорттан келген спирт үшiн кеден жарияламасы); 
      - спирттi алатын көздер-берушiлердiң реквизиттерi (лицензиялардың сериясы мен реттiк саны, алынған уақыты, тауар-көлiк құжаттарының реттiк саны, импорттан келген спирт үшiн кеден жарияламасы); 
      - шығыс етiлген спирттiң көлемi және қайда жiберiлгендiгi; 
      - есептi уақыттың басы мен соңындағы спирттiң қалдығы. 
     спирттi тапсырушылар - 
      - лицензияның сериясы мен реттiк саны, оны алған уақыты; 
      - алынған спирттiң көлемi; 
      - спирттiң келетiн көздерi, тапсырушылардың реквизиттерi (лицензиялардың сериясы мен реттiк саны, алынған уақыты, тауар-көлiк құжаттарының реттiк саны, импорт бойынша-кеден жарияламасы); 
      - шығыс етiлген спирттiң көлемi (оның iшiнде кеден жарияламасы және Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өткен уақыты көрсетiлiп экспортқа жiберiлгенi); 
      - алушылардың реквизиттерi (лицензиялардың сериясы мен реттiк саны, алынған уақыты, тауар-көлiк құжаттарының реттiк саны); 
      - есептi уақыттың басы мен соңындағы спирттiң қалдығы. 
      спирттiң көлемi нақты көрсеткiштерiмен акциздердiң сомасы көрсетiлiп (декалитр есебiмен) және бағамдалуымен (көтерме сауда бағасымен) жарияланады. 
      Спирттi шығарушылар мен алушылардың барлығы салық төлеушi тiркелген жер бойынша салық органдарына, ұсынылған форма үлгiсiмен (1, 2 және 3 қосымшалар) өсiм қорытындысы және тұтас жыл бойынша жариялама (декларация) ай аяқталған соң 10 күн мерзiмнiң iшiнде берiледi. 
      Кәсiпорындар жариялама тапсырған кезде салық органдары акциздерде көрсетiлген посттардың мәлiметтерiне сәйкес алынған және алкоголь өнiмдерiн өндiруге еткен спирттiң көлемi немесе басқа ұйымдарға сатылған көрсетiлген жарияламадағы мәлiметтердi сыртқа сатылған спирттiң акцизiнiң төленгендiгiне көңiл аудара отырып анықтауға тиiс. 
      Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгiне темiржол көлiгi бойынша тасымалданатын спирттiң барлық түрлерiнiң тәулiк сайын темiржол басқармасына берiлуiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен келiсе отырып қамтамасыз етуге тапсырылсын. 
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасының тапсырылатын кеден органдарына дейiнгi спирттiң тапсырылуын бақылау Қазақстан Республикасы кеден комитетiнiң қолданымдағы нормативтiк құжаттарына сәйкес жүргiзiледi. Кеден органдары (белгiлеу, жiберу) тиiстi салық органдарына импортердiң (экспортердiң) спирттiң барлық түрлерiне қатысты хатталған кеден-жүк жарияламасының көшiрмесiн күн сайын тапсырып отырады. 
      Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы жылжитын импортқа шығарылатын спирттiң, алкогольдiң, темекi өнiмдерi мен сыраның барлық түрлерi Мемлекеттiк кеден комитетiнiң жинақталған хабарында, әр айдың онына дейiн тұтынушыға жеткенше жылжуы үшiн белгiленген форма бойынша (қосымша 4) Мемлекеттiк салық комитетiне жинақталған хабар берiлiп отырады.
      Осы тәртiптiң талаптарын орындамай спирт өндiрiп оны айналымға шығарған заңды және жеке тұлғалар қолданымдағы заңдарға сәйкес жауапқа тартылады.

     Қазақстан             Қазақстан           Қазақстан
     Республикасының       Республикасының     Республикасының
     Мемлекеттiк           Мемлекеттiк         Көлiк және
     салық комитетiнiң     кеден комитетiнiң   коммуникациялар
     Төрағасы              Төрағасы            Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады