Энергия көздерiн тұрғызу, кеңейту және қайта жаңарту жылу және электр тораптары мен жалпы пайдаланыстағы көмекшi станцияларды салуды қаржыландыру үшiн энергия тұтынушылардың электрмен жабдықтаушы ұйымның қосымшашығыстарын өтеуiн есептеу Әдiстемесi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи қорлар Министрлiгi 1997 жылғы 26 наурыз. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 21 сәуір тіркелді. Тіркеу N 284. Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаменті директорының 2004 жылғы 22 қарашадағы N 4-0-9 хатымен.

      Энергия көздерiн тұрғызу, кеңейту және қайта жаңарту, жылу және электр тораптары мен жалпы пайдаланыстағы көмекшi станцияларды салуды қаржыландыру үшiн энергия тұтынушылардың электрмен жабдықтаушы ұйымның қосымша шығындарын өтеуiн есептеу Әдiстемесi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Электр энергетикасы туралы" Заң күшi бар Жарлығына (6 тарау, 3б) және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 қарашадағы N 1459 қаулысы бекiткен "Қосымша жүктемелердi қосқан кезде электр энергетикасы объектiлерiн кеңейту және қайта құруға қосымша шығындардың орнын толықтырудың тәртiбi мен шарттары туралы" Ережесiне сәйкес әзiрленген.

  1. Қолдану саласы

      Осы Әдiстеме энергиямен жабдықтаушы ұйымның табиғат сақтау шаралары және жылу, электр тораптары мен жалпы пайдаланыстағы көмекшi станцияларды салудың шығыстарын есепке алып, энергия көздерiн кеңейтудiң шығыстарын өтеуiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбiн белгiлейдi. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның энергия көздерiн тұрғызу жылу және электр топтары мен жалпы пайдаланыстағы көмекшi станцияларды кеңейту мен қайта жаңартуға кеткен шығыстарды жылу және электр энергиясын сатып алушыларға - тұтынушыларға қосылатын электр және жылу жүктемесiнiң төлемiне сәйкес болады.

  2. Әдiстемеде қолданылатын негiзгi ұғымдар

      2.1. Энергиямен жабдықтаушы ұйым-тұтынушыларға өндiрiлген немесе сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын сатуды жүзеге асыратын ұйым. 
      2.2. Энергияны тұтынушы-меншiктiң және қызмет түрiнiң кез-келген нысанының заңды тұлғалары. 
      2.3. Базистiк электр станциясы - Қазақстан Республикасының барлық аймағы бойынша электр қуатының тапшылығын өтеудi қамтамасыз ету үшiн арналған энергия блоктары 300 Мвт және одан жоғары жекеленген электр қуаты iрi конденсациялық электр станциясы. 
      2.4. "Шартты қазандық" - көрсеткiштерi тұтынушы орналасқан аймақтық жағдайларына сәйкестендiрiлген ұйымдар тобының (немесе бiр) жылу көзiнiң шартты альтернативтi көзi. 
      2.5. Қосылатын жүктеме үшiн төлем - қосымша электр және жылу жүктемесiн қосқан кезде энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергетикасы және объектiлерiн салу, барларын кеңейту және қайта жаңартуға байланысты шығыстарын белгiленген тәртiп бойынша энергия сатып алушылар - тұтынушылар қаржылары есебiнен өтеу. 
      2.6. Тұтынушылар жүктемелерiнiң табиғи өсiмi - энергия сатып алушылар жүктемелерiнiң энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы энергия тұтыну шартын қайта жасамайтындай мөлшердегi өсiмi.

  3. Жалпы жағдайлар

      Қосылатын электр және жылу жүктемесi үшiн төлем Қазақстан Республикасы бойынша тұтас тұтынушының географиялық орналасуына, климаттық жағдайлары мен орналасу аймағының отынмен қамтамасыз етiлуiне қарап анықталады.

  3.1. Қосылатын электр жүктемесi үшiн тұтынушылар
төлемдерiнiң мөлшерiн анықтау Әдiстемесi

      "Энергетика туралы" Заңына (6 тарау, 3 бап) сәйкес әзiрленген әдiстеме қосылатын электр жүктемесi үшiн тұтынушы төлемнiң мөлшерiн табиғат қорғау шараларының шығыстарын есепке алып электр энергиясының базистiк көзiнiң өнеркәсiптiк құрылысының үлестiк құны мен магистралдық электр тораптар құрылысының үлестiк шығыстары (220 кВ және одан жоғары) бойынша анықтауды ұсынады.

                    Негiзгi шартты белгiлер:

      N   -  энергия көзiнiң электр қуаты, мың кВт;
      Nn  -  тұтынушының қосылатын электр қуаты, мың кВт;
      Кэ  -  энергия көзiнiң құрылысына кететiн күрделi қаржылар,
             млн.теңге;
      Кпр -  энергия көзiнiң табиғат қорғау құрылысына кететiн
             сомалық күрделi қаржылар, млн,теңге;
      К  -   энергия көзiнiң құрылысына кететiн сомалық күрделi
             қаржылар, млн,теңге;
      К у э - энергия көзiнiң құрылысына кететiн үлестiк күрделi
            қаржылар, теңге/кВт;
     К у пр - табиғат қорғау шараларына кететiн үлестiк күрделi
            қаржылар, теңге/кВт;
     К у тр - энергия жүйесiнiң қорек берушi тораптары бойынша қуат
            тасымалдауға кететiн үлестiк қаржылар, теңге/кВт;
     К у смр - құрылыс-монтаж жұмыстарына кететiн үлестiк күрделi
             қаржылар, теңге/кВт;
     К у э прив - энергия көзiн салуға қаралатын ауданға келтiрiлген
                үлестiк күрделi қаржылар, теңге/кВт;
     Пэ    - энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға - тұтынушыларының
             қосылатын электр жүктемесi үшiн төлемi, млн,теңге;
     Кпер - қосылатын жүктеме үшiн төлемнiң мөлшерiн 1991 жылғы
            1 қаңтарының бағалар деңгейiне қарап өзгеруiн ескеретiн
            аударма коэффициент.

      Энергия жүйесiнiң электр тораптарына қосылатын жүктеме үшiн электр энергиясын тұтынушылар /меншiктiң кез-келген түрi/ төлемнiң мөлшерi энергия жүйесiнiң оларды электр энергиясымен жабдықтаудағы барлық шығыстарын өтеуiн есептеу арқылы анықталады. 
      Ол ауданның (облыстың) энергия көзiнiң жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша қабылданатын электр энергиясы көздерiн кеңейтуге кететiн күрделi қаржылардан тұрады. 
      Сонымен, электр станциясын кеңейтуге кететiн сомалық күрделi қаржылар: 
                   К = Кэ + Кпр (1) 
      Сонда Кэ екiге бөлiнедi. 
      - электр станцияның кеңейтiлген бөлiгiне меншiк жабдықтар алуға кететiн күрделi қаржылар (Ко) және К-ның 50-60 процентiн құрайтын құрылыс-монтаж жұмыстарына кететiн күрделi қаржылар (Ксмр - табиғат қорғау шараларының шығыстары да кiредi).
      Аталған құрамалардың белгiлi көлемiнде электр станциясын кеңейтудегi тұтынушылар қатысуы (Кп):

      К = (К /N+К  /N)хN хК    =(К у у    )хN хК         (2)
      п    э    пр     n  пер    э   пр   n  пер

      формуласымен анықталады.

      К у э=К у о+К у смр - (теңге/кВт) - электр станцияның кеңейтiлетiн бөлiгiнiң электр техникалық жабдығының үлестiк құны (К у о) және ауданның ЖЭС үшiн құрылыс монтаж жұмыстарының құны (К у смр).

      ЖЭС электр қуатын iске қосуға жатқызылатын күрделi қаржылар (тұтынушылардың қатысу мөлшерi) нақтылы ауданның К у э  жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша анықталады.

      Сонда
          К у э прив = (К у э - К у смр) + К у смр прив        (3)

      Қаралатын ауданның құрылыс-монтаж жұмыстарының үлестiк күрделi қаржылары былай есептелiнедi:

           К у смр прив = К у смр х Ктер х Ккл.

      Мұнда Ктер-тиiстi облыстар үшiн құрылыс-монтаж жұмыстарының аймақтық коэффициентi, 1-қосымша бойынша қабылданады.
      Ккл - жұмыс өндiрiсiнiң жағдайларын (климат пен сейсмикалық жағдай) есепке алатын коэффициент, 2-қосымша бойынша қабылданады.

      Егер сұраныс жасалатын электр жүктемесi нақтылы ЖЭС байланған  болса, онда К у э үлестiк құны электр қуатының жасауға ғана анықталады. Көптеген ЖЭС үшiн бұл көлем ЖЭС қосылған үлестiк құнының 50%-тен 60%-ке дейiн, орташа 55% құрайды (45% жылу қуатын жасауға пайдаланады). Сондықтан нақтылы ЖЭС қарағанда К у э осы коэффициентке көбейтiледi. К у э тец = 0,55 К у э (нақтылы ЖЭС бойынша мәлiметтердi пайдалануға жол берiледi).

      Энергия жүйесiне қосылатын жүктеме үшiн тұтынушылардың төлемi төмендегiдей анықталады.

            Пэ = (К у э + К у пр + К у тр) х Nn x Кпер  (5)

      К у тр - энергия жүйесiнiң қорек берушi тораптары бойынша қуатты тасымалдауға кететiн үлестiк күрделi қаржылар, теңге/кВт (3-қосымша). 
      К у тр - негiзгi тағайындалған қызметi электр энергиясын тұтынушылардың энергия жүйелерiнiң қорек берушi тораптарының, 220 кВ және одан жоғары кернеудегi электр таратудың жүйеаралық желiлерiнiң және 500-1150 кВ кернеудегi үкiметаралық байланыс құрылысына қатысуы. 
      Электр энергиясын тұтынушы қосылатын жүктемеге төлем бiруақытта тұтынушыларды шектеусiз, тиiстi сапалы және сенiмдiлiктiң жоғары дәрежесiмен жабдықтау мақсатын алдына қойған ел энергиясын дамытуға қатысады. 
      Энергия жүйесiнiң қорек берушi тораптары бойынша қуат тасымалдауға кететiн үлестiк күрделi қаржылар К у тр энергия жүйесi немесе облыс үшiн анықталуы мүмкiн. Бұл үшiн бiрнеше жұмыс iстеп тұрған 110-500 кВ электр тарату жүйелерi бойынша (электр таратудың қорек берушi желiлерi мен осы желiлерге қосылған көмекшi станциялар) жекелеп жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша электр тарату жүйесiнiң шығыстарын анықтау қажет:

                      Кс = Клеп + Кпс.

      Бұдан былай электр таратудың әрбiр жүйесi бойынша есептiк мерзiмде трансформаторларға жүктеме арту жүктелуi бойынша олардың экономикалық қуаттарын N эк, мың кВт анықтау қажет. 
      Үлестiк күрделi қаржылардың нақтылы мағыналары 
      К у тр = Кс : Nэк (теңге/кВт) формуласымен анықталады. 
      Электр таратудың әр жүйелерi бойынша электр тораптық объектiлердi қосудың осылайша анықталған үлестiк шығындары энергия жүйесi (облыс) бойынша орташа көлемге келтiрiлу тиiс және осы көлем тұтынушылардың қосылатын қуат күшiн төлемдi анықтау жөнiндегi формуланың анықтылы көрсеткiшi болып табылады. 
      Энергия жүйесiнiң қорек берушi тораптары арқылы қуатты 
тасымалдауға кететiн үлестiк күрделi қаржыларды анықтаудың - К у тр екiншi тәсiлi де ұсынылады. Энергия жүйесiнiң қорек берушi электр тораптары арқылы қуатты тасымалдаудың шығыстары электр энергиясын тұтынушыларды тұтас энергия жүйесi бойынша есептiк мерзiм аралығындағы (әдетте 5 жыл) жүктемелерiнiң Nп (кВт) өсуiнiң нәтижесi болып табылады. 
      Жүктемелердiң осы өсуiнiң негiзiнде техникалық және экономикалық белгiлерi бойынша қорек берушi тораптардың айқынды элементтерiн - электр тарату желiлерi мен 220 кВ және одан жоғары кернеудегi көмекшi станцияларды, ал селолық аудандар үшiн - күрделi қаржылардың қажеттi көлемi (Кс теңге) бар 110 В және одан жоғары пайдалануға беру көзделедi. Бұл жағдайда облыс энергия жүйесiнiң қорек берушi тораптары бойынша қуат тасымалдаудың үлестiк құны К у тр былай анықталады.

               К у тр = Кс : Nn, (теңге/кВт). 

      Қазақстан Республикасы үш аймағының энергия жүйесiнiң қорек берушi тораптары арқылы қуат тасымалдаудың осылай анықталған үлестiк күрделi қаржы 3-қосымшада келтiрiлген. 
      Тұтынушылардың қосылатын жүктеме үшiн төлемiн анықтағанда, тиiстi негiздемеде жасалса энергия жүйесi (облыс) бойынша қуат тасымалдаудың нақтылы үлестiк шығыстарын (К у тр) қолдануға жол берiледi. 
      Энергия жүйесiнiң (облыстық) нақтылы электр станциялары бойынша үлестiк көрсеткiштердi анықтауда қиындықтар туған жағдайда тұтынушылардың қосылатын электр жүктемесi үшiн төлем мөлшерiн анықтаудың жеңiлдетiлген әдiсiн қолдану ұсынылады. 
      Географиялық орналасуды, климаттық жағдайларды, отын энергетика қорларының және жұмыс iстеп тұрған немесе жобаланып жатқан базистiк электр станцияларының барлығын есепке алып, отынмен жабдықтаудың жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының аумағын 3 аймаққа бөлу ұсынылады. 
      1-аймақ - арзан энергетикалық қатты отын көмiр-кен орындары бар аудандар "Қара жыра (Семей облысы) Екiбастұз, Майкөбе Шұбаркөл, Торғай кен орындарының Алтайэнергия, Қарағандыэнергия. Қостанайэнергия, Павлодарэнергия, Екiбастұзэнергия, Тыңэнергия, энергия жүйелерiне жататын; 
      - Шығыс Қазақстан, Семей, Қарағанды, Павлодар, Жезқазған, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Торғай және Көкшетау облыстары жылыту кезеңiнiң ұзақтығы 4200 - 5500 сағат, жылыту жүйелерiн жобалау үшiн сыртқы ауаның есептi температурасы - 40 градус С-ден - 30 градус С дейiн болатын аудандар. 
      Аймақ үшiн электр энергиясының базистiк көзi Екiбастұздағы 2 ГРЭС болып табылады. 
      II-аймақ - әкелiнетiн отын аудандары, жылыту кезеңi 3500 - 4000 сағат жылыту жүйелерiн жобалау үшiн сыртқы ауаның есепi температурасы 30 градус С-ден 20 градус С дейiн болатын, Алматыэнергия және Оңтүстiк Қазақстанэнергия энергия жүйелерiне Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан пен Қызылорда облыстары кiредi. 
      Аймақ үшiн электр энергиясының базистiк көзi Оңтүстiк Қазақстан ГРЭС болып табылады. 
      III-аймақ - газмазуттық отын қолданылатын аудандар, жылыту кезеңi 3200 - 5000 сағат, жылыту жүйелерiн жобалау үшiн сыртқы температура - 30 градус С-ден - 20 градус С дейiн болатын, Атырауэнергия және Батыс Қазақстанэнергия энергия жүйелерiне жататын Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары.
      Аймақ үшiн электр энергиясының базистiк көзi Ақтөбе ЭС болып табылады.
      Нақтылы ЖЭС бойынша үлестiк көрсеткiштердi анықтауда қиындықтар туғанда, 4 -қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасының iлгерiшiл аймақтарының көрсеткiштерi есепке алынады, онда тұтынушылардың қосылатын электр жүктемесi үшiн төлемiнiң мөлшерiн анықтау жөнiндегi есептерi (5 формула) барынша жеңiлдетiледi, өйткенi үлестiк көрсеткiштер К у э және К у пр 4-қосымшадан алынады (есептер 2-үлгiмен түсiндiрiлген).

  3.1.1. Қосылатын электр жүктемесi үшiн тұтынушылар
төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу үлгiлерi

N 1 есептеудiң үлгiсi

      Электр энергиясын тұтынушы - Жезқазған облысының аумағында орналасқан, (1 аймақ) электр жүктемесiнiң сұранысы Nn 15066 кВт тең, темiр жолдың электрлендiрiлген учаскесi. 
      Электр энергиясының көзi N, қуаты 464 мың кВт тең, қатты отынмен жұмыс iстейтiн Жезқазғандағы 2-ТЭЦ. 
      Қолда бар мәлiметтер: 
      К = 503 млн.теңге, соның iшiнде құрылыс-монтаж жұмыстары К-нiң 53% құрайды (табиғат қорғау шараларының ҚМЖ есепке алып), Кпр = 151,2 млн,теңге, К-нiң 30%. 
      Ауданның сейсмикалық жағдайы 6 баллдан төмен. Бұл жағдайда Жезқазғандағы 2-ТЭЦ облыстағы электр энергиясының кеңейтiлген көзi ретiнде қаралады (кеңейту басқа жерде, мысалы Балқаштағы ТЭЦ-те болуы мүмкiн). Жезқазғандағы 2-ТЭЦ электр қуатын жасауға кететiн шығыстар станцияның белгiленген қуатының 56% құрайды (44% жылу қуатын жасауға жұмсалады). 
      Шығыстардың белгiлi көлемiнде, осы тұтынушының электр станциясын кеңейтудегi қатысы төмендегi (2-формуласымен) анықталады.

      Кn = (Кэ/N + Кпр/N) х Nn x Кпер х Кэ тэц

      мұнда Кэ тэц - 0,56 табиғат қорғау шараларын қосқанда, электр станциясын жасауға кететiн шығыстардың үлесi:

      1991 ж. бағалар деңгейiнiң жағдайы бойынша Кпер = 1.

      Тұтынушының энергия жүйесiнiң электр тораптарынан қосылатын жүктеме үшiн көлемi төмендегiлерге қарап анықталады (Пэ)(5)

         Пэ = (К у э+К у пр+К у тр) х Nn x Кпер,

      К у э = 0,56 x 503 : 464 = 607(теңге/кВт);

      К у пр=151,2:464=325,9(теңге/кВт);

      К у тр=260(теңге/кВт - 3 қосымша бойынша).

      Осы жағдайда кеңейтiлетiн көз ретiнде ауданның iлгерiшiл КЭС емес нақтылы Жезқазғандағы 2-ТЭЦ алынып отырғандықтан, К у э орнына нақтылы жағдайларды көздiң орналасу ауданын Ктер (1 қосымша), сондай-ақ (3) және (4) формулаларымен анықталатын аудан климаты мен сесмикалық жағдайын есепке алып, К у э орнына есмепке К у э прив алынады.

      К у э прив=(К у э тэц-К у смр)+К у смрхКтерхКкл.

      Жоғарыда көрсетiлгендей, Ксмр=0,53Кэ, сонда

      К у э прив = (Кэ/N - 0,53Кэ/N) + К у э тэц х 0,53Кэ/N х Ктер х Ккл = (0,56 х 503/464--0,56/464) + 0,56 х 0,53 х 503/464 х 1 х 1,015 = (0,56 х 1084-0,56 х 574,5) + 0,56 х 574,5 х 1,0 х 1,015 = (607 - 321,7) + 326,6 = 611,9 (теңге/кВт).

      Қосылатын электр жүктемесi үшiн төлем:

      Пэ = (К у э прив + К у пр + К у тр) x Nn x Кпер = 
      (611,9 + 325,9 + 260) х 15066 х 1,0 = 18,04 (млн.теңге).

      Осылай, электр энергиясының осы тұтынушысы облыс электростанциясын кеңейтуге, сондай-ақ энергия жүйесiнiң қорек берушi тораптарын дамытуға қатысады. 

N 2 есептеудiң үлгiсi
(жеңiлдетiлген әдiстеме бойынша)

      Электр энергиясын тұтынушы - Жезқазған облысының аумағында орналасқан (1 аймақ) электр жүктемесiнiң сұранысы Nn, 15066 кВт тең, темiр жолдың электрлендiрiлетiн учаскесi. 
      Электр станциясының көзi аймақтық iлгерiшiл КЭС - конденсациялық электр станциясы - Екiбастұздардағы 2-ГРЭС, қажеттi үлестiк көрсеткiштер 4-қосымшада көрсетiлген электр энергиясын тұтынушының аймақтық iлгерiшiл КЭС кеңейтуге және энергия жүйесiнiң қорек берушi электр тораптарын дамытуға қосатын төлемi былай анықталады: 
      Пэ = (К у э + К у пр + К у тр) х Nn х Кпер = (448 + 224 + 260) х 15066 х 1,0 = 14,0 (млн.теңге). 
      мұнда 3-қосымша бойынша К у тр=260 теңге/кВт. 
      Тұтынушының 14 млн.теңге мөлшерiнiң 72% электр станциясын кеңейтуге және 28% энергия жүйесiнiң қорек берушi электр тораптарын дамытуға пайдаланылатын болады. 
      Бiр тұтынушы үшiн есептеу қорытындылары көрсеткендей, қосылатын электр жүктемесi үшiн төлем, аймақтың iлгерiшiл КЭС нұсқасына қарағанда нақтылы ТЭЦ мәлiметтерiн есептегенде 28,8% қымбатқа түстi. 
      Бұл жағдайда ТЭЦ агрегаттарының әдетте аз қуатты болғандықтан олардың үлестiк құны КЭС агрегаттары мен салыстырғанда недәуiр қымбат екендiгiмен түсiндiрiледi. Сондықтан тұтынушылардың нақтылы (жергiлiктi) электр станцияларымен қосылатын электр энергиясы үшiн төлемiн анықтау жөнiндегi есептеу қорытындылары әдетте жеңiлдетiлген әдiстеме бойынша жасалған есептеу қорытындыларынан 25-30% көп болады.

  3.2. Қосылатын жылу энергиясы үшiн тұтынушылар
төлемдерiнiң мөлшерiн анықтау Әдiстемесi

  3.2.1. Жылу көздерi

      Қосылатын жылу энергиясы үшiн тұтынушылар төлемдерiнiң мөлшерiн энергиямен жабдықтаушы ұйымның нақтылы жылу көзiне қосудың шарттарын есепке алатын коэффициенттердi қолданып, өнеркәсiптiк ұйымның тұтынушының орналасу аймағының жағдайларына келтiрiлген "шартты қазандықтық" өнеркәсiптiк құрылысының үлестiк құны бойынша анықтау ұсынылады. 
      Бiрiншi аймақтық аудан үшiн "шартты қазандық" ретiнде жылу қуаты 400Гкал/сағ, қатты отынмен "экологиялық жағынан таза" жабдықтармен жылумен жабдықтаудың жабық жүйелi өнеркәсiптiк - жылыту қазандық алынды. 
      Қазақстан Республикасының өкiлдi - объектiлер негiзiнде есептеу жолымен анықталған "шартты қазандық" құнының базалық үлестiк құны у К ти=530 мың теңге Гкал/с. (1991 ж., бағаларымен). 
      "шартты қазандықты" салудың үлестiк шығыстарының көрсеткiштерiн тұтынушы өнеркәсiптік ұйым орналасқан аймақтың жағдайларына энергиямен жабдықтаушы ұйымның нақтылы жылу көзiне қосуды есепке алып келтiру үшiн коэффициенттердiң мына жүйесiн қолдану ұсынылады: 
      Ктер - республика облыстары бойынша сметалық құнның өзгеруiнiң аймақтық коэффициентi, 1-қосымша бойынша қабылданады. 
      Ккл - сметалық құнның өзгеруiнiң климаттық және сейсмикалық коэффициентi, 2-қосымша бойынша қабылданады. 
      К1ти - жылу энергиясының энергия көзiне қосылуын есепке алатын коэффициентi (ТЭЦ-ке 0,65, қазандыққа - 1-1,3). 
      К2ти - жылумен жабдықтау ұйымының нақтылы жылу көзi отынның түрiн есепке алатын 0,6 (газ мазуттық отында) коэффициент. 
      К3ти - энергиямен жабдықтаушы ұйымның нақтылы жылу көзi орналасқан ауданның экологиялық жағдайын есепке алатын коэффициент, 5-қосымша бойынша қабылданады. 
      К4ти - энергиямен жабдықтаушы ұйымның нақтылы жылу көзiнiң сумен жабдықтаудың жүйесiн есепке алатын 1,1 коэффициентi (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесiнде).

      ТЭЦ-ке бу жүктемесi қосылғанда, параметрлерге қарамастан (1 т/с бу = 0,6 Гкал/с аударғанды есепке алып) буға қосылатын жүктеменiң төлем мөлшерiне К5ти = 2 коэффициентi қолданылады.

      Кпер - 1991 жылдың 1 қаңтарының бағалар деңгейiмен салыстырғанда қосылатын жүктемелер үшiн төлемдер өзгеруiн есепке алатын аударма коэффициентi.

  3.2.2. Жылу тораптары

      Жылу тораптарын салудың базалық үлестiң көрсеткiшi құрылыстың мына негiзгi жағдайлары үшiн қабылданған:

      - жылу ауданы - 400 Гкал-с;
      - жылу жүктемесiнiң тығыздылығы - 0,5 Гкал/с,х ГА;
      - аралас тәсiлдермен төсеу;
      - құрғақ жер қабаттары;
      - ыстық сумен жабдықтау тұтынушыларын қосу схемасы - жабық;
      - жылуды босатуды реттеу кестесi - 150/70 градус С;
      - жылу жүйелерiн жобалаудың есептiк сыртқы температурасы - 
        25 градус С суық;
      - Қазақстан Республикасының өкiлдерi - объектiлер негiзiнде
        есептеу жолымен анықталған жылу тораптарын салу құнының
        базалық үлестiк көрсеткiшi - К у тс=72,1 мың теңге/Гкал/с
        (1991 ж. бағаларымен).

      Базалық көрсеткiштен құрылыстық жергiлiктi жағдайларына көшу тиiстi коэффициенттер енгiзу жолымен жүзеге асырылады;
      К1тс - жылу тораптарын салудың аумақтық коэффициент (5-қосымшада);
      К2тс - жылу жүктемесiнiң тығыздығына (6-қосымшада);
      К3тс - қосылған жылу жүктемесiнiң қосынды деңгейiне (7-қосымшада);
      К4тс - климаттық жағдайларға - сыртқы ауаның есептiк температурасына (8-қосымшада);
      К5тс - құрылыстың ерекше жағдайларына, сейсмикалық жағдай, сулы жер қабаттары, отыратын жер қабаттары, кен орындары және т.б. - 11 (2-ескертуде);
      К6тс - СНип сенiмдiлiк жөнiндегi мiндеттерiн орындауға кететiн шығыстарды есепке алатын коэффициентi (9-қосымшада);
      К7тс - ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесiне - 1,05.

      Жылу тораптарын салуға кететiн шығыстар К у тс үлестiк базалық көрсеткiштердi келтiрiлген коэффициенттерге көбейту жолымен анықталады.

      Ескертулер:
      1. Ұсынылатын коэффициенттер сөзсiз нақтылы болып табылмайды.
      Жергiлiктi жағдайлар, соның iшiнде жылуды алысқа тасымалдау, нақтылы жобалау кезiнде осы коэффициенттердiң көлемiне өзгерту енгiзуi мүмкiн.
      2. бiрнеше факторлар бар болғанда құрылыстың ерекше жағдайларының жалпы коэффициентi коэффициенттердi көбейту жолымен шығарылады.

  3.2.3. Қосылатын жылу энергиясы жүктемелерi үшiн
тұтынушылар төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу үлгiлерi

      Шартты белгiлер:
      Q - энергия көзiнiң жылу қуаты Гкал/с;
      Qп - тұтынушының қосылатын жылу жүктемесi Гкал/с;
      Кт - табиғат қорғау шараларын есепке алып жылу энергиясының көзi "шартты қазандықты" салуға кететiн толық шығыстар, млн,теңге;

      К у э - электр энергиясының базистiк көзiнiң салуға кететiн  үлестiк шығыстар, теңге 1кВт;

      К у т - жылу энергиясының көзi - "шартты қазандық" құрылысына  кететiн үлестiк шығыста, мың теңге, 1 Гкал/с;
      К у тс - магистралды жылу тораптарының құрылысына кететiн үлестiк шығыстар, мың теңге, 1 Гкал/с;
      Пт - қосылатын жылу жүктемесi үшiн төлем, млн.теңге;
      Пти - жылу көзiн кеңейту үшiн қосылатын жылу жүктемесi үшiн төлем, млн.теңге;
      Птс - жылу тораптарын дамыту үшiн қосылатын жылу жүктемесi үшiн төлем, млн.теңге;
      Пт гв   - ыстық сумен бiрге қосылатын жылу жүктемесi үшiн төлем, млн.теңге;
      Пт п   - бумен бiрге қосылатын жылу жүктемесi үшiн төлем, млн.теңге.
      Қосылатын жылу жүктемесiнiң төлемi төмендегi формуламен анықталады:

              Пт = Пти + Птс,

      Пти = (Qп + К5ти х 0,6 х Dп) х К у т х Ктер х Ккл х К1ти х  К2ти х К3ти х К4ти х Кпер х 10 -6 ,
      Птс = Qп х К у тс х К1тс х К2тс х К3тс х К4тс х К5тс х К6тс х К7тс х Кпер, (млн.теңге)

      1. Үлгi. Тұтынушы Павлодар қаласында орналасқан ыстық сумен бiрге қосылатын жылу жүктемесi Qп = 25 Гкал/с, буда - Дп = 10 т/с.
      Жылудың көзi - қатты отынмен жұмыс iстейтiн 3 - ТЭЦ. Жылумен жабдықтау схемасы - орталықтандырылған. Ыстық сумен жабдықтау жүйесi - жабық. Магистралды жылу тораптары жер асты - жер үстi Павлодар қаласы II-7-18 СНип сәйкес 1 ауданға жатады.

      Ауданның сейсмикалық жағдайы 6 балл. Жер қабаттары - дымқыл. Жылыту жүйесiн жобалаудың есептiк температурасы - 37 градус С. Жылу жүктемесiнiң тығыздығы - 0,71 Гкал/с гектарына.
      К у ти = 530 мың теңге/Гкал/с; К у тс = 72,1 мың теңге/Гкал/с;
      Ктер = 1,16; Ккл = 1,015; К1ти = 0,65; К2ти = 1;
      К4ти = 1; К5ти = 2; Кпер = 60 (есептеудiң сәтiне);
      К1тс = 1,07; К2тс = 0,59; К3тс = 0,79 ; К4тс = 1,12;
      К5тс = 1,1; К6тс = 1;

      Ыстық сумен бiрге қосылатын жылу жүктемесiнiң төлемi құрайды:

              Пт = Пти + Птс,

      Пти = (Qп + К5ти х 0,6 х Dп) х К у т х Ктер х Ккл х К1ти х К2ти  х К3ти х К4ти х Кпер х 10 -6 , (млн.теңге);
      Птс = Qп х К у тс х К1тс х К2тс х К3тс х К4тс х К5тс х К6тс х К7тс х Кпер, (млн.теңге);
      Пти = (25 + 2 х 0,6 х 10) х 530 х 10 х 1,16 х 1,015 х 0,65 х 1 х 1,15 х 0,65 х 1 х 1,15 х 60 х 10 = 1035,5 млн.теңге
      Птс = 25 х 72,1 х 10 х 1,07 х 0,59 х 0,79 х 1,12 х 1,1 х 1 х 1 х 60 х 60 = 66,5 млн.теңге;
      Пт = Пти + Птс = 1035,5 + 66,5 = 1102 млн.теңге.

                                                        1-қосымша

             Қазақстан Республикасының облыстары бойынша
        ҚМЖ сметалық құнының өзгеруiнiң аумақтық коэффициентi
      _____________________________________________________________
     |        Облыстардың аты        |      Мағыналары, Ктер       |
     |_______________________________|_____________________________|
     |    1. Ақмола                  |             1,19            |
     |    2. Ақтөбе                  |             1,12            |
     |    3. Алматы                  |             1,06            |
     |    4. Атырау                  |             1,19            |
     |    5. Шығыс Қазақстан         |             1,23            |
     |    6. Жамбыл                  |             1,17            |
     |    7. Жезқазған               |             1,10            |
     |    8. Батыс Қазақстан         |             1,14            |
     |    9. Қарағанды               |             1,19            |
     |   10. Көкшетау                |             1,22            |
     |   11. Қостанай                |             1,20            |
     |   12. Қызылорда               |             1,10            |
     |   13. Маңғыстау               |             1,00            |
     |   14. Павлодар                |             1,16            |
     |   15. Солтүстiк Қазақстан     |             1,13            |
     |   16. Семей                   |             1,16            |
     |   17. Талдықорған             |             1,15            |
     |   18. Торғай                  |             1,00            |
     |   19. Оңтүстiк Қазақстан      |             1,09            |
     |   20. Алматы қаласы           |             1,00            |
     |_______________________________|_____________________________|

                                                        2-қосымша

          ҚМР сметалық құнының климаттық және сейсмикалық
                          коэффициенттерi
__________________________________________________________________
| Шығыстар   | Аудандар үшiн климаттық | Аудандар үшiн сейсмикалық 
|   түрi     |      коэффициенттер     |      коэффициенттер
|____________|_________________________|___________________________
|            |  I  |  II  |  III | IV  | V сейсм| VI сейсм|VII сейсм
|            |     | базис|      |     | 7 балл | 8 балл  | 9 балл
|____________|_____|______|______|_____|________|_________|________
|Құрылыс-    |     |      |      |     |        |         |        
|монтаж      |1,015| 1,0  | 1,005|0,999|  1,020 |  1,047  |  1,060
|жұмыстары   |     |      |      |     |        |         | 
|____________|_____|______|______|_____|________|_________|_________

       Климаттық және сейсмикалық коэффициенттер жасау үшiн
                 қабылданған бастапқы мәлiметтер
___________________________________________________________________
|СНиП бойынша    |     Коэффициенттер кестесiндегi аудандардың  
|климаттық және  |            қабылданған белгiлерi 
|сейсмикалық     |_________________________________________________
|аудандар        |  |  |  II  |  III  |  IV  |  V  |  VI  |   VII 
|________________|_____|______|_______|______|_____|______|_________
|СНиП бойынша    |     |      |       |      |     |      | 
|желдi аудандар  |     |      |       |      |     |      | 
|2 - 01 - 01 - 82| III |   I  |  III  |  III |     |   I  | 
|________________|_____|______|_______|______|_____|______|_________
|СНиП бойынша    |     |      |       |      |     |      |   
|қарлы аудан     |     |      |       |      |     |      | 
|2 - 01 - 01 - 82| IV  |  III |   II  |   I  |     | III  | 
|________________|_____|______|_______|______|_____|______|_________
|Сыртқы ауданның |     |      |       |      |     |      | 
|есептiк         |   о |   о  |   о   |   о  |     |   о  | 
|температурасы   |-40 С|-30 С |-30 С  |-20 С |     |-30 С | 
|СНиП бойынша    |     |      |       |      |     |      | 
|________________|_____|______|_______|______|_____|______|_________
|ауданның        |     |                     |     |      |     
|сейсмикалық     |     |                     |     |      | 
|жағдайы         |     |    6 балға дейiн    |  7  |   8  | 9 балл
|________________|_____|_____________________|_____|______|_________

                                                         3-қосымша

Электр энергиясын тұтынушының 1 кВт жүктемесiне
электр тарату (ЭТЖ) желiлерiн және көмекшi станцияларды
(КС) салуға  - энергия жүйесiнiң қорек берушi электр
тораптарын бойынша К у тр қуатын тасымалдауға кететiн
үлестiк күрделi қаржылар

      _____________________________________________________________
     |                                  | у                        |
     |   Экономикалық аудандардың аты   |К тр мағыналары, теңге/кВт|
     |__________________________________|__________________________|
     |1. Солтүстiк Қазақстан (I аймақ)  |          260             |
     |2. Оңтүстiк Қазақстан (II аймақ)  |          220             |
     |3. Батыс Қазақстан (III аймақ)    |          240             |
     |__________________________________|__________________________|

     Ескертулер: 1. Электр тарату желiлер (ЭТЖ) көмекшi станцияларды
                    (КС) салуға кететiн үлестiк күрделi қаржылар
                    Қазақстан Республикасының үш аймақтары үшiн
                    ҚМЖ-ның аумақтық коэффициенттердi есепке алып
                    келтiрiлген.
                 2. Электр тарату желiлерi (ЭТЖ) мен көмекшi
                    станцияларды (КС) салуға кететiн үлестiк күрделi
                    қаржылардың мағыналары 1991 жылдың бағалар
                    деңгейiне сәйкес келедi.

                                                        4-қосымша

              Iлгерiшiл КЭС құрылысының көрсеткiштерi
__________________________________________________________________
|                        |      |          |     Құрылыс құны 
|         НЭС аты        | МВТ  | Отын түрi|     Кi млн.теңге 
|                        |қуаты |          |_______________________
|                        |      |          |Барлығы, К|соның iшiнде
|                        |      |          |          |   Ксмр 
|________________________|______|__________|__________|____________
|1. Екiбастұздағы 2-ГРЭС | 4000 |  көмiр   |   2688   |   1013
|       (I аймақ)        |      |          |          |     
|2. Оңтүстiк Қазақстан   | 3240 |  көмiр   |   3549   |   2040 
|      ГРЭС (II аймақ)   |      |          |          |  
|3. Ақтөбе ЭС (III аймақ)|  954 |Газ, мазут|    513   |    281
|________________________|______|__________|__________|____________

__________________________________________________________________
|   Құрылыстың үлестiк   |     Табиғат қорғау шараларға кететiн    |
|  шығындары, теңге/кВт  |    үлестiк шығыстары,                   |
|________________________|               К у пр теңге/кВт            |
|            |           |                                         |
|Барлығы, К у э|соның iшiн |                                         |
|            |ҚМЖ, КУҚМЖ |                                         |
|            |   у       |                                         |
|            |  К смр    |                                         |
|____________|___________|_________________________________________|
|1.   448    |   237     |                224                      |
|2.   914    |   630     |                181                      |
|3.   442    |   295     |                 96                      |
|____________|___________|_________________________________________|

      Ескертулер: 1. Iлгерiшiл КЭС үлестiк мағыналарының
                     Екiбастұздағы 2-ГРЭС-тiң жобалау-сметалық
                     құжаттамасын және құрылысты жобалау мен жүзеге
                     асырудың келесi сатылатында дәлдене алынатын
                     Оңтүстiк Қазақстан ГРЭС және Ақтөбе ЭС
                     құрылысының техникалық-экономикалық
                     негiздемелерiн таңдау нәтижесiнде алынған.
                  2. Құрылыс-монтаж жұмыстар (ҚМЖ) шығыстар құрамына
                     табиғат қорғау шаралардың жүзеге асырудың
                     шығыстары да кiредi.
                  3. Құрылыстың үлестiк шығыстардың мағыналары 1991
                     жылғы бағалар деңгейiне сәйкес келедi (1 теңге
                     - 1,04 АҚШ доллары).

                                                        5-қосымша

          Жылу тораптарын салудың базалық құнының аумақтық
                         коэффициенттерi (К1тс)
      _____________________________________________________________
     |        Облыстардың аты        | Жылу тораптары үшiн аумақтық|
     |                               |       коэффициенттер        |
     |_______________________________|_____________________________|
     |    1. Ақмола                  |             1,07            |
     |    2. Ақтөбе                  |             1,02            |
     |    3. Алматы                  |             1,05            |
     |    4. Атырау                  |             1,13            |
     |    5. Шығыс Қазақстан         |             1,08            |
     |    6. Жамбыл                  |             1,02            |
     |    7. Жезқазған               |             1,13            |
     |    8. Батыс Қазақстан         |             1,01            |
     |    9. Қарағанды               |             1,10            |
     |   10. Көкшетау                |             1,06            |
     |   11. Қостанай                |             1,11            |
     |   12. Қызылорда               |             1,05            |
     |   13. Маңғыстау               |             1,00            |
     |   14. Павлодар                |             1,07            |
     |   15. Солтүстiк Қазақстан     |             1,13            |
     |   16. Семей                   |             1,00            |
     |   17. Талдықорған             |             1,07            |
     |   18. Торғай                  |             1,12            |
     |   19. Оңтүстiк Қазақстан      |             1,08            |
     |_______________________________|_____________________________|

                                                        6-қосымша

             Жылу тораптарының базалық құнының (К2тс) жылу
                жүктемесi тығыздығының коэффициенттерi
__________________________________________________________________
|                |     Ауданның есептi жылу жүктемесi, Гкал/с 
|       Аты      |_________________________________________________
|                |  25  |  50  | 100  | 200 | 300 | 400 | 500 | 600
|
|________________|______|______|______|_____|_____|_____|_____|_____
|1. 0,32 Гкал/сағ| 1,36 | 1,33 | 1,32 | 1,31|     |     |     |    
|тығыздықта 2-3  |      |      |      |     |     |     |     | 
|қабаттық құрылыс|      |      |      |     |     |     |     |
|________________|______|______|______|_____|_____|_____|_____|_____
|2. 0,71 Гкал/сағ| 0,59 | 0,64 | 0,70 | 0,70| 0,70| 0,74| 0,78| 0,78
|тығыздықта 5    |      |      |      |     |     |     |     |
|қабаттық құрылыс|      |      |      |     |     |     |     |
|(квартал. жасау)|      |      |      |     |     |     |     | 
|________________|______|______|______|_____|_____|_____|_____|_____

                                                        7-қосымша

            Жылу тораптарының базалық құнының қосылған жылу
              жүктемесi деңгейiнiң коэффициенттерi (К3тс)
___________________________________________________________________
|                |     Ауданның есептi жылу жүктемесi, Гкал   
|       Аты      |_________________________________________________
|                |  25  |  50  | 100  | 200 | 300 | 400 | 500 | 600
|________________|______|______|______|_____|_____|_____|_____|_____
|1. 0,50 Гкал/СХП| 0,78 | 0,82 | 0,87 | 0,94| 0,99| 1,00| 1,01| 1,02
|тығыздықта 5    |      |      |      |     |     |     |     |  
|қабаттық құрылыс|      |      |      |     |     |     |     | 
|________________|______|______|______|_____|_____|_____|_____|_____

                                                        8-қосымша

              Климаттық жағдайлардың сыртқы ауаның есептi
          температурасының жылу тораптарының базалық құнының
                        (К4тс) коэффициенттерi
      _____________________________________________________________
     |           Аты              |    Есептi температураның       |
     |                            |        коэффициенттерi         |
     |____________________________|________________________________|
     |Жылу жүйелерiн жобалау үшiн |                                |
     |сыртқы ауаның есептi        |                                |
     |                    о       |                                |
     |температурасы, tнро  С      |                                |
     |____________________________|________________________________|
     | 1. минус 5С                |               1,00             |
     | 2. минус 10С               |               1,00             |
     | 3. минус 15С               |               1,00             |
     | 4. минус 25С               |               1,00             |
     | 5. минус 26С               |               1,01             |
     | 6. минус 27С               |               1,02             |
     | 7. минус 28С               |               1,03             |
     | 8. минус 29С               |               1,04             |
     | 9. минус 30С               |               1,05             |
     |10. минус 31С               |               1,06             |
     |11. минус 32С               |               1,07             |
     |12. минус 33С               |               1,08             |
     |13. минус 34С               |               1,09             |
     |14. минус 35С               |               1,10             |
     |15. минус 36С               |               1,11             |
     |16. минус 37С               |               1,12             |
     |17. минус 38С               |               1,13             |
     |18. минус 39С               |               1,14             |
     |19. минус 40С               |               1,15             |
     |____________________________|________________________________|

                                                        9-қосымша

            Жылу тораптарының базалық құнының сенiмдiлiк
           жөнiндегi СНиП талаптарын орындаудың шығыстарын
                  есепке алатын коэффициентi (К5тс)
      _____________________________________________________________
     |           Аты              |  Жылу жүктемесi, Q Гкал/с      |
     |                            |________________________________|
     |                            |   200   |   300    |   400     |
     |____________________________|_________|__________|___________|
     |Жылу жүйелерiн жобалау үшiн |         |          |           |
     |сыртқы ауаның есептiк       |         |          |           |
     |температурасы               |         |          |           |
     |____________________________|_________|__________|___________|
     | 1. минус 5С                |  1,00   |   1,00   |    1,00   |
     | 2. минус 10С               |  1,00   |   1,00   |    1,00   |
     | 3. минус 15С               |  1,00   |   1,00   |    1,00   |
     | 4. минус 20С               |  1,00   |   1,07   |    1,08   |
     | 5. минус 25С               |  1,00   |   1,07   |    1,08   |
     | 6. минус 26С               |  1,00   |   1,07   |    1,08   |
     | 7. минус 27С               |  1,00   |   1,07   |    1,08   |
     | 8. минус 28С               |  1,00   |   1,07   |    1,08   |
     | 9. минус 29С               |  1,00   |   1,07   |    1,08   |
     |10. минус 30С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |11. минус 31С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |12. минус 32С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |13. минус 33С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |14. минус 34С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |15. минус 35С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |16. минус 36С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |17. минус 37С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |18. минус 38С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |19. минус 39С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |20. минус 40С               |  1,07   |   1,08   |    1,09   |
     |____________________________|_________|__________|___________|

                                                       10-қосымша

             Энергиямен жабдықтаушы ұйымның нақтылы жылу
        көзiнiң орналасу ауданының экологиялық жағдайын есепке
                    алатын коэффициенттер, К5ти
      ____________________________________________________________
     |    Облыстардың, қалалардың,   |      Мағыналар, К5ти       |
     |      елдi мекендердiң аты     |                            |
     |_______________________________|____________________________|
     |               1               |             2              |
     |_______________________________|____________________________|
     |1. Ақмола облысы               |            1,10            |
     |1.1.Ақмола қаласы              |                            |
     |2. Ақтөбе облысы               |                            |
     |2.1. Ақтөбе қаласы             |            1,10            |
     |3. Алматы облысы               |                            |
     |3.1. Алматы қаласы             |            1,30            |
     |3.2. Қапшағай қаласы           |            1,03            |
     |4. Атырау облысы               |                            |
     |4.1. Атырау қаласы             |            1,13            |
     |4.2. Индер қаласы              |            1,10            |
     |5. Шығыс Қазақстан облысы      |                            |
     |5.1. Өскемен қаласы            |            1,25            |
     |5.2. Лениногор қаласы          |            1,13            |
     |5.3. Зырян қаласы              |            1,10            |
     |6. Жамбыл облысы               |                            |
     |6.1. Тараз қаласы              |            1,15            |
     |6.2. Қаратау қаласы            |            1,13            |
     |7. Жезқазған облысы            |                            |
     |7.1. Жезқазған қаласы          |            1,13            |
     |7.2. Никольск қаласы           |            1,13            |
     |7.3. Балқаш қаласы             |            1,20            |
     |8. Батыс Қазақстан облысы      |                            |
     |8.1. Орал қаласы               |            1,05            |
     |8.2. Ақсай қаласы              |            1,10            |
     |9. Қарағанды облысы            |                            |
     |9.1. Қарағанды қаласы          |            1,25            |
     |9.2. Темiртау қаласы           |            1,20            |
     |9.3. Саран қаласы              |            1,10            |
     |9.4. Топар қаласы              |            1,10            |
     |10. Көкшетау облысы            |                            |
     |10.1. Көкшетау қаласы          |            1,10            |
     |10.2. Шучье қаласы             |            1,20            |
     |10.3. Бурабай қаласы           |            1,20            |
     |11. Қостанай облысы            |                            |
     |11.1. Қостанай қаласы          |            1,10            |
     |11.2. Рудный қаласы            |            1,10            |
     |12. Қызылорда облысы           |                            |
     |12.1. Қызылорда қаласы         |            1,20            |
     |12.2. Байқоңыр қаласы          |            1,20            |
     |12.3. Арал қаласы              |            1,20            |
     |13. Маңғыстау облысы           |                            |
     |13.1. Ақтау қаласы             |            1,10            |
     |14. Павлодар облысы            |                            |
     |14.1. Павлодар қаласы          |            1,15            |
     |14.2. Екiбастұз қаласы         |            1,15            |
     |14.3. Ақсу/Ермак/қаласы        |            1,10            |
     |15. Солтүстiк Қазақстан облысы |                            |
     |15.1. Петропавл қаласы         |            1,10            |
     |16. Семей облысы               |                            |
     |16.1. Семей қаласы             |            1,25            |
     |17. Талдықорған облысы         |                            |
     |17.1. Талдықорған қаласы       |            1,07            |
     |17.2. Текелi қаласы            |            1,07            |
     |18. Торғай облысы              |                            |
     |18.1. Арқалық қаласы           |            1,05            |
     |19. Оңтүстiк Қазақстан облысы  |                            |
     |19.1. Шымкент қаласы           |            1,15            |
     |19.2. Кентау қаласы            |            1,15            |
     |19.3. Түркiстан қаласы         |            1,10            |
     |20. Республиканың басқа        |            1,00            |
     |    елдi мекендерi             |                            |
     |_______________________________|____________________________|

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады