Өндiрiспен айналысатын шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiнiң мерзiмiн сату жөнiндегi ашық конкурсты ұйымдастыру және өткiзу туралы ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi 1997 жылғы 17 сәуiр Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 6 маусымда тіркелді. Тіркеу N 312. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 475 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.12.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1.1. "Өндiрiспен айналысатын шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiнiң мерзiмiн ұзарту арқылы жер учаскелерiнiң пайдалану құқығын сату жөнiндегi ашық конкурс ұйымдастыру және өткiзу туралы ереже"* Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы"* 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығына U973398_ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 25 наурыздағы N 77-р өкiмiне сәйкес әзiрлендi.

      Ескерту: Бұдан әрi - Ереже


      1.2. Осы ереже өндiрiспен айналысатын шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне 5 жылға дейiнгi мерзiмге жер учаскелерiн сату жөнiнде конкурсты әзiрлеу, жариялау және өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.

      1.3. Конкурстың мақсаты осы аумақтағы жер учаскесiн алудың ең пайдалы шартын ұсынатын заңды және жеке тұлғаларды таңдау болып табылады.

      1.4. Конкурсқа ұсынылған жер учаскелерi Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес конкурс жеңiмпазына жер пайдалануға немесе жеке меншiкке берiледi.


      II. Конкурсты ұйымдастырушылар


      2.1. Жергiлiктi атқарушы органның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң** аумақтық органы конкурсты ұйымдастырады және өткiзедi.

      Ескерту: бұдан әрi - Комитет


      2.2. Конкурс әзiрлеу мен өткiзу үшiн құрамына жеткiлiктi атқарушы органның, құрылыс және сәулет, қала құрылысының бақылау аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы экономика және сауда министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiмен басқа да мүдделi ведомстволардың өкiлдерi кiретiн конкурс комиссиясы*** құрылады. Комиссия құрамын жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.

      Ескерту: Комиссия


      Комиссия мүшелерiнiң саны 5 адамнан кем болмауы керек. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органының өкiлдерiнен комиссия төрағасы бекiтiледi.


      III. Конкурсты әзiрлеу тәртiбi


      3.1. Комитеттiң ұсынысы бойынша жергiлiктi атқарушы орган конкурсқа қойылған жер учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.

      3.2. Комиссия жер учаскесiнiң бастапқы төлем бағасын тәртiбiн, оның түрiн және төлеу мерзiмiн, конкурс қорытындысын шығару күнiн белгiлейдi, Ақпараттың хабарлама жариялау туралы шешiм қабылдайды. Конкурсты өткiзедi және конкурс жеңiмпазын жариялайды.

      3.3. Конкурсқа қойылған жер учаскесiне құжаттардың пакетi:

      - жер учаскесiн беру шартын, оның нысаналы арналуы мен бастапқы бағасын;

      - жер учаскесiн тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату мерзiмiн ұзарту шартының жобасы;

      - жобалау-сметалық құжаттарын әзiрлеу үшiн етiлген қажеттi барлық келiсiмдермен сәулет-жобалау тапсырмасы;

      - инженерлiк коммуникацияларға қосуға пайдаланушы ұйымдармен келiсiлген техникалық шарттар;

      - осы Ереженi қамтиды.

      3.4. Комиссия бекiткен конкурс шарттары мен ақпараттық хабарландыру


      мәтiнi Комитетке жарнамалық компания өткiзу, конкурс құжаттары пакеттерiн

      тарату үшiн берiледi.

      3.5. Ақпараттық хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс

      қорытындысы шығарылып жарияланғанға дейiнгi, 30 күнтiзбелiк күнге

      кешiктiрмей жарияланады. Ақпараттық хабарлама мынадай мәлiметтердi қамтуы

      керек:

      - жер учаскесiнiң орналасқан жерiн, оның көлемiн, нысаналы

      пайдалануын;

      - бастапқы бағасын;

      - конкурс қорытындысын шығару жөнiндегi комиссия мәжiлiсiн өткiзетiн

      күнiн, уақытын және орнын;

      - конкурста қатысуға тапсырыс берудiң соңғы мерзiмiн;

      - Комитеттiң мекен-жайы мен телефондарының номерлерiн;

      - комиссияның қарауы бойынша басқа мәлiметтердi.

      IҮ. Конкурсқа қатысу шарттары

      4.1. Конкурста қатысуға ақпараттық хабарламада белгiленген мерзiмнен кешiкпей конкурсқа қатысу тапсырыстарын ресiмдеген, өндiрiспен айналысатын, шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде мемлекеттiк тiркеу жөнiнде тиiстi құжаттарын ұсынған заңды және жеке тұлғалар жiберiледi. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiргендер өзiнiң өкiлдерi (сенiмдi адамдары) арқылы да iс-әрекет жасауы мүмкiн. Конкурс қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және конкурс өткiзуден 3 күн бұрын аяқталады.

      4.2. Конкурста қатысуға белгiленген мерзiмде тапсырыстар бергеннен соң Комитет белгiлеген мерзiмге жер учаскесiнiң бағасы және пайдалану жөнiндегi жеке конвертте мөрленген ұсыныстар ұсынады.

      4.3. Комитет құжаттарды алғаннан соң тапсырыс берушiге оның конкурсқа қатысуы туралы жазбаша хабарлама бередi. Жазбаша хабарлама алған сәттен бастап тапсырыс берушi конкурста қатысушы мәртебесiн алады.

      4.4. Конкурста қатысуға тапсырыс берушi адамдар туралы мәлiметтер жариялауға жатпайды.

      4.5. Конкурсқа қатысушы конкурста қатысу туралы өзiнiң арызын конкурс өткiзудiң белгiлеген мерзiмiне дейiн үш күн бұрын бұл туралы комитетке жазбаша мәлiмдеп қайтарып алу құқығына ие.

      4.6. Тапсырыс берушiнi конкурсқа қатысуға қабылдамауы мүмкiн, егер:

      - тапсырыс берген адам қолданып жүрген заңдарға сәйкес сатып алушы ретiнде танылмаса;

      - тапсырыс берген адам осы ережеде көзделген мiндеттi құжаттарды мерзiмiнде ұсынбаса.

      4.7. Конкурс қатысушылары Комитеттен қатысушыға қол қойылып берiлетiн конкурс құжаттарының пакетiн алады.

      4.8. Конкурс қатысушысына Комитет конверттi ашатын, уақытта ұсыныстар мен конкурс қорытындыларын жариялауға қатысу үшiн 2 адамға шақыру билетi берiледi.

      4.9. Комитет Комиссияның тапсырысы бойынша екi апталық мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс қорытындысы туралы мәлiмдеме бередi.


      Ү. Қатысушылардың ұсыныстарын қарау тәртiбi


      5.1. Қатысушылардың ұсыныстарын комиссия конкурс шарттарын осы Ережеде белгiленген және конкурс жеңiмпазын анықтау өлшемiн белгiлеу арқылы қарайды. Жеңiмпаз анықталып белгiленуi, ережеге сай, жер учаскесiне ұсынған баға болып есептеледi.

      5.2. Белгiленген күн мен сағатта Комиссия мәжiлiсiнде келiп түскен ұсыныстар бар конверт ашылады, белгiленген барлық талаптардың сақталуы тексерiледi, қажеттi мәлiметтер мен құжаттардың саны анықталады және дауыс беру негiзiнде конкурс жеңiмпазы анықталады. Конкурстың жеңiмпазы комиссия мүшелерiнiң дауыстарының көптiгiмен анықталады. Төрағаның даусы шешушi болып табылады.

      5.3. Конкурста қатысуға тапсырыстарды жасыру, қорытынды шығару барысында оларды есепке алмау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартылады. Бұл жағдайда конкурс қорытындылары дұрыс емес деп танылады.

      5.4. Екi немесе одан көп қатысушылардың ұсыныстары конкурс шарттарын қанағаттандыратын және бiрдей өте жоғары бағаны құрайтын жағдайда Комиссия жеңiмпазын анықтау үшiн қосымша өлшем белгiлейдi.

      5.5. Комиссия мәжiлiсiнiң қорытындысы бойынша мәжiлiсте қатысушы барлық мүшелерi қол қоятын хаттама жасалады. Конкурс қатысушылар мәжiлiс хаттамасымен танысуға құқығы бар. Қорытынды хаттамада мынадай ақпараттар қамтылады:

      - мәжiлiсте қатысып Комиссия мүшелерiнiң тiзiмi;

      - учаскенiң атауы;

      - конкурс қатысушылар мен олардың ұсыныстары жөнiндегi мәлiметтер;

      - конкурс жеңiмпазының атауы (аты);

      - жер учаскесiнiң алу бағасы төлем түрi, жеңiмпазды анықтауға негiз болған қосымша шарттар.

      5.6. Конкурс қорытындысын шығарған күнi Комитет конкурс жеңiмпазына оның жеңiмпаз болып танылуы туралы және сатып алу-сату шартына қол қоюы үшiн 2 күн мерзiмде келуге шақырып жазба түрiнде хат бередi.


      ҮI. Есептесу тәртiбi


      6.1. Конкурс қорытындысы шығарылғаннан соң 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, оны өткiзу қорытындылары туралы хаттама негiзiнде, жергiлiктi атқарушы орган мен конкурс жеңiмпазы, шарттың мәнi, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, учаскенiң құны, мерзiмiн ұзарту арқылы төлем түрi мен мерзiмi көрсетiлген, жер учаскесiн тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату шартына қол қояды.

      6.2. Төлем мерзiмiн ұзарту арқылы алынған жер учаскесiнiң құнының бөлiгiн төлеу жыл сайын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.

      6.3. Аталған ақырғы бағаның соңғы бөлiгiнiң сомасын төлегеннен кейiн 10 күн мерзiмдi жеңiмпазға меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн мемлекеттiк акт төлемсiз берiледi.

      6.4. Егер конкурс жеңiмпазы белгiленген мерзiмде төлемiн жүргiзбесе, онда төлемнiң кешiктiрiлу себебiн түсiндiретiн кепiлдiк хат негiзiнде өтем мерзiмi созылуы мүмкiн, Белгiленген төлем мерзiмi қайта бұзылған кезде Комитет сатып алу сату шартын бұзу туралы конкурс жеңiмпазына хабарлайды. Бұл жағдайда бұрын төленген сомасы қайтарылмайды және Комиссияның шешiмi бойынша жеңiмпаз болып жоғарыдан кейiнгi бағаны ұсынған қатысушылар жарияланады немесе осы учаске келесi конкурсқа шығарылады немесе одан алынып тасталады.

      6.5. Осы Ережеде көзделген құжаттарды ресiмдеу үшiн белгiленген мерзiмде конкурс жеңiмпазының келмеуi, сондай-ақ оларды ресiмдеу жеңiмпаздың кiнәсi бойынша кешiктiру конкурста жеңуден және жер учаскесiне құқық алудан тиiстi бас тарту ретiнде қаралуы мүмкiн. Бұл жағдайда, жоғарғыдан кейiнгi бағаны ұсынған қатысушы, сондай-ақ жеңiмпаз аталады, немесе осы учаске келесi конкурсқа шығарылады немесе одан алынып тасталады.

      6.6. Объектiнi сатудан түскен қаржылар, конкурсқа ұйымдастыру мен өткiзуге кеткен шығындардың басқа, мемлекеттiк бюджет пайдасына жiберiледi.


      ҮII. Тараптардың жауапкершiлiгi


      7.1. Осы Ереже белгiленген конкурс өткiзу тәртiбi бұзылған жағдайда оның қорытындылары дұрыс емес деп танылуы мүмкiн.

      7.2. Конкурс нәтижесiнде туындаған даулар заң негiзiнде қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады