"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерліктің субъектілерінің мерзімін сату жөніндегі ашық конкурсты ұйымдастыру және өткізу туралы ереже" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1997 жылғы 17 сәуірдегі № 312 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 312 болып тіркелген, 1998 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативті құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған № 4) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Сапаров |