"Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлауды жүзеге асыратын оқу орталықтарының iшкi құжаттар айналысын жүргiзу тәртiбi туралы нұсқауды" бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 2 маусымдағы N 80 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 4 тамызда тіркелді. Тіркеу N 342. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 392 қаулысымен.

  --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы   
N 392 қаулысына Қосымша    

Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк
құқықтық актiлердiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлауды жүзеге асыратын оқу орталықтарының iшкi құжаттар айналысын жүргiзу тәртiбi туралы нұсқауды бекiту туралы" 1997 жылғы 2 маусымдағы N 80 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 342 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, 1997 жыл, N 7-8)...      

------------------------------------             

      Оқу орталықтарының жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру және құжаттарына iшкi есеп жүргiзудi жүйеге келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi: 
      1. "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлауды жүзеге асыратын оқу орталықтарының iшкi құжаттар айналысын жүргiзу тәртiбi туралы нұсқау" бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы нұсқауды тiркеу үшiн екi күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Рынокты реттеу басқармасына жүктелсiн.
      4. Нұсқау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзiлген сәттен бастап күшiне енедi.

       Ұлттық комиссияның
      Төрағасы

Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн
мамандар даярлауды жүзеге асыратын оқу
орталықтарының iшкi құжаттар айналысын жүргiзу
тәртiбi туралы нұсқау

      Осы нұсқау "Бағалы қағаздар рыногы туралы"  Z970077_  1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 151  V960250_  қаулысымен бекiтiлген "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандарды оқытуға оқу орталықтарына рұқсат беру тәртiбi туралы ережеге" сәйкес әзiрлендi. Нұсқау бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстейтiн мамандар даярлауды жүзеге асыратын оқу орталықтарының құжаттар айналысын жүргiзу тәртiбiн реттейдi. 
      1. Оқу орталықтарының жұмыс iстеулерiне қажеттi мынадай құжаттары болу керек: 
      а) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, құрылтай құжаттары (жарғы, құрылтай шарты, егер оқу орталығы заңды тұлға мәртебесiнсiз басқа заңды тұлғаның құрамында құрылған жағдайда - құрамында оқу орталығы құрылған заңды тұлғаның қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға құқығы бар екендiгi айтылған жарғыдан үзiндi-көшiрмемен бiрге Оқу орталығы туралы ереже); 
      б) оқытудың әрбiр мамандандыру санаты бойынша бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар оқытуды ұйымдастыру және жүргiзу құқығына Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - БҚҰК) Рұқсатының түпнұсқасы, сондай-ақ БҚҰК-ның Рұқсатты қолдану мерзiмiн ұзарту туралы шешiмi; 
      в) оқу орталықтарының қызметтерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының және БҚҰК-ның нормативтiк актiлерi; 
      г) туған жылдары, бiлiмдерi, ғылыми дәрежесi, жұмыс стажы көрсетiлген оқу орталықтары қызметкерлерiнiң штаты туралы мәлiмет, сондай-ақ оқу орталығының жетекшiсi бекiткен, мазмұнында қызметкерлердiң нақты функциялары, құқықтары мен мiндеттерi жазылған қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулары; 
      д) БҚҰК-да бекiтiлген және тыңдаушылармен сабақ жүргiзу үшiн тартылатын профессор-оқытушылар құрамының тiзiмi, оның iшiнде негiзгi жұмыс орны, қызметi, оқытушылық стажы, ғылыми дәрежесi (егер болса) көрсетiп келiсiм-шарт негiзiнде жұмыс iстейтiндер. Тiзiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туындағанда олар БҚҰК-мен келiсiлу керек; 
      е) БҚҰК -мен келiсiлiп енгiзiлген барлық өзгерiстерi мен толықтыруларын ескере отырып оқытудың әрбiр санаты бойынша БҚҰК-да әзiрленген және бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет үшiн мамандар даярлау жөнiндегi оқу-әдiстемелiк сабақ жоспарларының түпнұсқалары; 
      ж) құрамына оқу-әдiстемелiк әдебиеттер және нормативтiк-құқықтық актiлер кiретiн, қажеттi санын Аттестациялық комиссия белгiлеген, тиiстi оқу курсы бойынша тыңдаушыларға берiлетiн тарату материалдары, сондай-ақ таблицалардың және оқу процесiнде пайдаланылатын басқа да көрнекi құралдардың үлгiлерi; 
      з)<*> 
       ЕСКЕРТУ. з)-тармақ алып тасталды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.04.20. N 30   V990782_   қаулысымен.
      и) тыңдаушылармен сабақ жүргiзу үшiн тартылатын оқытушылармен жасасқан келiсiмдер, келiсiм-шарттар немесе еңбек шарттары; 
      к) жалдау жөнiндегi келiсiмнiң немесе сабақ жүргiзiлетiн үй-жайды меншiктеу құқығын растайтын құжаттың түпнұсқасы; 
      л) жеке папкада: оқытушылардың атын-жөнiн, сондай-ақ осы курстарды өткiзетiн орындарды және уақытын көрсете отырып оқу орталығының бiрiншi басшысы (оқу орталығының алқалы атқарушы органының басшысы немесе оқу орталығының атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) немесе оны ауыстыратын тұлға қол қойған және оқу орталығы мөрiнiң таңбасымен расталған бағалы қағаздар рыногындағы жұмыс үшiн мамандар даярлау курстарының сабақ кестелерi.<*>
       ЕСКЕРТУ. л)-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.04.20. N 30   V990782_   қаулысымен .

      2. Оқу орталықтары мынадай журналдарды жүргiзуге мiндеттi:
      а) мынадай мәлiметтер көрсетiлген тыңдаушылардың есеп журналы:
      - тегi, аты, әкесiнiң аты (толық);
      - өтiнiш берген күн;
      - өтiнiш берiлген курстың жүргiзiлу мерзiмдерi;
      - әдiстемелiк материалдың берiлген күнi;
      - мекен-жай туралы мәлiметтер;
      - төлқұжат мәлiметтерi;
      - бiлiмi туралы мәлiметтер: жоғары (орта арнаулы), диплом бойынша мамандық;
      - жұмыс стажы: жалпы, мамандық бойынша (заңдық-экономикалық), бағалы қағаздар рыногының жұмысына тiкелей байланысты (жұмыс орны мен қызметiн көрсетiп);
      - соңғы жұмыс орны және қызметi;
      - аттестациялау нәтижесi.
      б) әдiстемелiк материалдарды беру, бiлiктiлiк куәлiктерiн беру журналы жүргiзiледi.
      Журналда мынадай ақпараттар көрсетiледi:
      - курсты жүргiзу мерзiмi;
      - санаттар;
      - тыңдаушының тегi, аты, әкесiнiң аты;
      - тарату материалдарын беру күнi;
      - аттестациядан өткендiгi үшiн ақы төленген күн;
      - Аттестациялық комиссия отырысы хаттамасының күнi және нөмiрi;
      - бiлiктiлiк куәлiгiн берген күн;
      - бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi;
      - тыңдаушының қолы.
      Бiлiктiлiк куәлiгi сенiмхат бойынша берiлген жағдайда соңғы бағанаға аттестациядан өткен тұлғаның сенiмдi тұлғасы тегiн, инициалын, сондай-ақ сенiмхаттың нөмiрiн және берiлген күнiн көрсете отырып алғандығы туралы қол қояды, барлық сенiмхаттар жеке папкаға хронологиялық тәртiппен тiгiледi. 
      в) тыңдаушылардың сабаққа қатысуларын тiркеу журналы әрбiр сабақ бойынша еркiн үлгiде жүргiзiледi және сабақ жүргiзген оқытушының қолымен куәландырылады. Курс аяқталғаннан кейiн нақты жалпы оқылған сағаттардың және тыңдаушылардың жiберген сағаттарының жалпы саны жөнiндегi мәлiметтер журналға әрбiр пән бойынша жеке жазылады.
      г) қайтадан аттестациядан өтуге өтiнiш берген тұлғаларды тiркеу журналында мынадай ақпараттар көрсетiледi:
      - тыңдаушының тегi, аты, әкесiнiң аты;
      - қайтадан аттестациядан өтуге өтiнiш берген күн;
      - курстардағы оқу мерзiмдерi;
      - санаттар;
      - Аттестациялық комиссия отырысы хаттамасының нөмiрi және күнi;
      - қайтадан аттестациялаудан өткендiгi үшiн ақы төлегендiгi туралы белгi;
      - қайтадан аттестациялау күнi;
      - қайтадан аттестациялау нәтижесi;
      - бiлiктiлiк куәлiгi берiлген күн;
      - бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi;
      - тыңдаушының қолы.
      3. Оқу орталықтары мыналар енгiзiлген оқу курсын, әңгiмелесудi және емтихандарды ұйымдастыру жөнiндегi құжаттамаларды жинақтайды және есеп жүргiзедi: 
      - БҚҰК-мен жазысқан қатынасхаттар, ал қажет болған жағдайда - оқу процесiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша басқа оқу орталықтарымен немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен жазысқан қатынасхаттар; 
      - оқу курсын жүргiзуге БҚҰК-ға белгiленген нысан бойынша жазған өтiнiштер; 
      - тыңдаушыларды аттестациялаудан өткiзу туралы Аттестациялық комиссияға жазылған өтiнiштер және аттестациялауды жүргiзу туралы БҚҰК-ның жазбаша ескертпелерi; 
      - аттестациялау қорытындылары бойынша, оның iшiнде қайтадан аттестациялау бойынша ведомостар; 
      - аттестациялау қорытындылары бойынша Аттестациялық комиссия отырыстарының хаттамалары хронологиялық тәртiппен. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады