Мерзiмдiк және алдын ала декларациялау процедурасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiң кеден комитетi 1997 жылғы 23 маусым N 161-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 7 тамызда тіркелді. Тіркеу N 347. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен. ~V011442

      Тауарларды кедендiк ресiмдеу процедурасын жетiлдiру мен жеделдету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 20.07.95 ж. N 2368 Z952368_ "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 202-бабына сәйкес бұйырамын:
      1. "Тауарларды мерзiмдiк декларациялау процедурасын пайдалану кезiнде импортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi" (1-қосымша) бекiтiлсiн.
      2. "Алдын ала декларациялау кезiнде импортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi" (2-қосымша) бекiтiлсiн.
      3. Тауарларды мерзiмдiк және алдын ала декларациялау процедурасын пайдалану кезiнде мәлiмделген тауарлардың белгiленген тәртiпке сәйкес кедендiк ресiмдеу аяқталғанға дейiн өзге жерлерде кедендiк бақылаумен уақытша сақтауда болуы мүмкiн деп белгiленсiн.
      4. Кеден комитеттiң 1995 жылғы 24 мамырдағы N 16-п Бұйрығының күшi

жойылған болып табылсын.
     5. Облыстық кеден басқармаларының бастықтары қызметi кеден 
басқармалары мен кедендердiң аймақтарында жүргiзiлетiн декларанттарға және 
өзге де ынталы ұйымдар мен кәсiпорындарға осы бұйрықтың мазмұнын жеткiзсiн.
     6. Бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.
     7. Баспасөз қызметi (Мұратбаева Ә.) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат 
құралдарында жариялауын қамтамасыз етсiн.
     8. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары 
В. Кирдановқа жүктелсiн.

     Төраға

     1-қосымша

     Мерзiмдiк декларациялау процедурасын пайдалану кезiнде импортталатын 
тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi



      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 20 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының 202-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мерзiмдiк декларациялауды пайдалана отырып, кеден процедураларын осы тәртiпке сәйкес белгiлi бiр ғана адамның жүйелi түрде жеткiзетiн белгiлi бiр ғана тауарларына қатысты қолдануға болады.

      Осы ережелердегi пайдаланылатын ұғымдар:

      "Мерзiмдiк декларациялау процедурасы" кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн кеден органының жекелеген жеткiзiлiмдердiң немесе көлiк құралдарының санына қарамастан күнтiзбелiк ай iшiнде белгiлi бiр ғана импортталатын тауарларды бiрыңғай топтама деп қарастыратын тауарларын еркiн айналымға шығарудың кеден режимi қолданылатын тауарларды декларациялау процедурасын бiлдiредi.

      1. Жалпы ережелер

      1.1. Мерзiмдiк декларациялау процедурасы осы ережелердiң 2.9.-тармағында сипатталған ай сайынғы мерзiмдiк кедендiк декларацияларды одан әрi ұсына отырып, осы ережелердiң 2.6.-тармағында сипатталған оңайлатылған декларациялау жолымен тауарды еркiн айналымға шығаруды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
      1.2. Мерзiмдiк кедендiк декларациялар және осы ережелерде айтылатын жүк-тауар жолдау құжаттарындағы кеден органның оңайлатылған декларациялау туралы белгiсi кеден органының мерзiмдiк декларациялау процедурасы бойынша тауарлы еркiн айналымға шығару туралы шешiмi қабылданған күнi күшiне енетiн, бiрыңғай ажырамас құжат деп қаралады.
      1.3. Егер тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлар номенклатурасының тоғыз таңбалы коды бар болса, олар белгiлi бiр ғана тауарлар деп қарастырылады.
      1.4. Егер бiр адам айына белгiлi бiр ғана тауардың жеткiзiлiмiн екi не одан көп рет жүргiзетiн болса, тауар жүйелi түрде жеткiзiлетiн тауар деп қарастырылады.
      1.5. Тауарларды мерзiмдiк декларациялау кезiнде кеден баждарының, салықтарының, өзге де төлемдердiң ставкалары, кеден органының мерзiмдiк кедендiк декларацияны қабылдаған күнi қолданылып отырған заңдардың өзге де ережелерi қолданылады.
      1.6. Мерзiмдiк декларациялау процедурасымен орналастырылатын тауарлар осы ережелердiң 2.6.-тармағына сәйкес кедендiк ресiмдеу аяқталғанға дейiн өзге жерлерде кедендiк бақылаумен уақытша сақтауда бола алады.

      2. Кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi

      2.1. Мерзiмдiк декларациялауды пайдаланғысы келген адам мерзiмдiк декларациялауды пайдалануға жазбаша рұқсат беру жөнiнде өтiнiштi мерзiмдiк декларациялау процедурасын пайдалану жоспарланып отырған кеден органына қайырылады. Өтiнiште:
      1. Мерзiмдiк декларациялау процедурасына сәйкес импортталатын

тауарлар (СЭҚ ТН тауар коды көрсетiлiп);
     2. Айына тауарды жеткiзудiң болжалды жиiлiгi мен көлемi;
     3. Тауардың шыққан елi;
     4. Экспортшының (экспортшылардың) және шет елдiк тауар өндiрушiнiң 
(өндiрушiлердiң) атауы;
     5. Меншiк құқы немесе осы тауарды иемдену құқы анықталған
келiсiм-шарттың немесе өзге де құжаттың нөмiрi;
     6. Тауарлардың болжалды кедендiк құны;
     7. Алушының кеден төлемдерiн алдын ала төлейтiндiгi туралы кепiлi 
көрсетiлуi тиiс.
     Өтiнiшке заңды тұлғаның басшысы немесе оның орындағы адам, сондай-ақ 
бас бухгалтер қол қояды.
     2.2. Кеден органының тауарларды мерзiмдiк декларациялауға рұқсатын 
кеден органы:
     а) тауарларды сыныптауға;


      б) тауарлардың шыққан елiне, оның iшiнде импортталатын тауарға қатысты Кедендiк тариф ставкалары бойынша төлемдерiн салудан босату түрiнде преференциальдық режим, сондай-ақ, салықтар салудан босату белгiленген жағдайдағыға қатысты алдын ала шешiм қабылданатын болса, белгiленген нысанда (1 б-қосымша) бередi,
      Рұқсат кеден органының депозиттi шотына кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудiң алдын ала сомасы түскен сәттен бастап қолданылады деп есептеледi.
      Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудiң ай сайынғы алдын ала сомасын кеден органы импортталатын тауарлардың шартты бағасын, жеткiзiлiм көлемi мен жиiлiгiн ескере отырып есептейдi және оны декларант депозитке жоспарланған жеткiзiлiмдердiң күнтiзбелiк айы басталғанға дейiн салады.
      2.3. Кеден органының мерзiмдiк декларациялау процедурасын пайдалануға рұқсатты беруге қатысты шешiмi ынталы адамға жазбаша түрде 10 күн мерзiмiнде жеткiзiлуi тиiс.
      Импортшы:
      а) кеден ережелерiн елеулi дәрежеде бұзса немесе кеден ережелерiн қайталап бұзса;
      б) белгiлi бiр ғана тауарларды кедендiк декларациялауды жүйесiз жүзеге асырса;
      в) кеден төлемдерi мен салықтары бойынша борышы бар болса;
      г) осы тәртiптiң өзге де ережелерiн бұзса, рұқсатты беруден бас тартылуы мүмкiн.
      2.4. Мерзiмдiк декларациялау процедурасын пайдалануға рұқсат декларантқа әкелуге тыйым салынған тауарларға қатысты талаптарға немесе заңдарда көрсетiлген өзге де шектеулерге сәйкес тиiмдi бақылауды қамтамасыз ету мүмкiндiгi бар болса, жазбаша түрде 1 жыл мерзiмге берiледi.
      Мерзiмдiк декларациялауға рұқсатқа көрсетiлген мерзiм (1 жылдан аса) өткен соң кеден органына келесi жеткiзiлiмге дейiнгi 1 ай iшiнде екiншi рет өтiнiш берiледi. Мерзiмдiк декларациялау процедурасын одан әрi пайдалануға рұқсат беру мәселесi осы тәртiпке сәйкес шешiледi.
      2.5. Импортшыға мерзiмдiк декларациялау процедурасын пайдалануға рұқсат берген кеден органы осы ережелердiң 2.3.-тармағында көрсетiлген жағдайларда рұқсатты керi ала алады.
      2.6. Тауардың әр тораптамасы келген сайын кеден органына жүк-тауар жолдау құжаттары ұсынылады.
      Кеден органы оларды алдын ала тексерудi және осы құжаттардағы деректердiң тауарларды қарап тексерудiң, қажет жағдайларда кеден сараптамасының нақты нәтижелерiне сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.
      Жүк-тауар жолдау құжаттарында осындай сәйкестiк анықталса, тексеру мен қарап тексерудi жүргiзген лауазымды адамның жеке қолымен, сондай-ақ жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлетiн күн қойылады және "Шығаруға рұқсат етiлiп отыр. Мерзiмдiк декларациялау" жазуы жазылады (немесе жай мөртаңба қойылады). Осы сәттен бастап тауар еркiн айналымға шығарылған болып есептеледi.
      2.7. Мерзiмдiк кедендiк декларацияны ұсыну мерзiмдiк декларациялау процедурасына сәйкес тауарды жеткiзу жүргiзiлген күнтiзбелiк ай аяқталғаннан кейiнгi 10 күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Декларант кеден органына "ТМД"-ның (тауарларды мерзiмдiк декларациялау) 1-бағанының үшiншi бөлiмшесiнде көрсете отырып, "тауарларды еркiн айналымға шығарудың" кедендiк режимi үшiн қарастырылған ережелерге сәйкес толтырылатын мерзiмдiк кедендiк декларацияны ұсынады.
      2.8. Мерзiмдiк кедендiк декларация бойынша тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден органы кеден төлемдерi мен салықтарын есептеу мақсаттары үшiн Ұлттық банк белгiлейтiн, мерзiмдiк кедендiк жүк декларациясы қабылданған күнге қолданылып отырған валюта бағамы қолданады.
      Бұл ретте кеден төлемдерiнiң шотына алушының төлеген депозиттi сомасын есепке жатқызу жүргiзiледi, қажет кезiнде алдын ала төлемнiң керектi лимитiн толтыру жүзеге асырылады. Мұндай мерзiмдiк декларациялауға рұқсатта айтылған лимит 10 күн iшiнде төленбесе, кеден органы импортшыны борышкер деп жариялайды және осы ережелердiң 2.3.-тармағына сәйкес мерзiмдiк декларациялауға рұқсатты керi алады.
      2.9. Мерзiмдiк кедендiк декларация бойынша тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде заңдармен көзделген кеден төлемдерi мен салықтарын төлей, экономика саясатының шараларын сақтай отырып, "тауарларды еркiн айналымға шығарудың" кедендiк режимiне қатысты кеден заңдарымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      Мерзiмдiк декларациялау процедурасы бойынша кедендiк ресiмдеудi жүргiзiп отырған кеден органының кедендiк бақылауының мақсаттары үшiн белгiленген нысандағы журналда тауарларды есепке алуды жүргiзу қажет (1 а-қосымшаны қараңыз).
      2.10. КЖД ұсынылмаған жағдайда кеден органы кедендiк құнды түзету,

бюджетке кеден төлемдерi мен салықтарын төлету, сондай-ақ мерзiмдiк 
декларациялау процедурасын одан әрi пайдаланудың мақсатқа сай келетiндiгiн 
анықтау үшiн жүк алушы-кәсiпорынды тексередi.
     2.11. Осы процедура бойынша кедендiк ресiмдеудi бұзуға жол берген 
адамға осы ережелерде және кеден заңдарында қарастырылған шаралар 
қолданылады.

                                                         1а қосымша

               Мерзiмдiк декларациялау бойынша
                тауарларды есепке алу журналы
 ___________________________________________________________________
|Тауарды      |Мәлiмдеушi |Рұқсаттың  |ТМД бойынша      |КЖД-ның    |
|қарап        |-ұйым      |нөмiрi     |ресiмдеудi       |мерзiмдiк  |
|тексеруге    |           |           |жүргiзген        |N Шығару   |
|ұсыну күнi   |           |           |инспектордың Т.Е.|күнi       |
|_____________|___________|___________|_________________|___________|

                                                      N 1б - қосымша

                Тауарларды мерзiмдiк декларациялауға
                              РҰҚСАТ

     N 0000/000*      19__ ____ __________________
                       

     Ескерту: 
<*>
 Рұқсат нөмiрi төмендегiше қалыптастырылады:
                  0000 - рұқсатты берген кеден органының коды
                  000 - рұқсат нөмiрi

     Осы __________________________________________ "тауарларды
               /ұйымның атауы мен мекен-жайы/
еркiн айналымға шығарудың" кедендiк режимiмен орналастырылатын 
импортталатын тауарларды мерзiмдiк декларациялау процедурасын пайдалануға 
төмендегi тауарлар үшiн рұқсат етiлiп отыр:
__________________________________________________________________
         /тауарлардың СЭҚ ТН-ға сәйкес атауы мен коды/
     Рұқсат мiндеттердi жүктейдi және Мемлекеттiк кеден комитетiнiң кеден 
заңдары және нормативтi актiлерiмен көзделген құқықтарды бередi.
     Осы рұқсаттың қолдану мерзiмi
     19__ ж. "____"_________________ аяқталады.

         М.О.                        Кеден органының бастығы

                                                             2-қосымша

                   Алдына ала декларациялау кезiнде
                  импортталатын тауарларды кедендiк 
                       ресiмдеудiң тәртiбi



      Әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу барысын одан әрi жеделдету үшiн декларанттарға тауардың кеден аумағына әкелiнгенiне дейiн төмендегiдей тәртiппен кедендiк жүк декларациясын ұсынуға рұқсат етiледi:
      1. Декларанат тауарлар әкелiнгенге дейiн әкелiнетiн тауарларға кедендiк жүк декларациясын толтырады және кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге қажеттi және жеткiлiктi барлық құжаттармен бiрге кеден органына ұсынады (тауарлар келген сәтте ұсынылуға тиiстi тауар жолдау құжаттарының түпнұсқаларын қоспағанда). Бұл ретте тауарлардың келiп жетуiнiң керектiгi белгiленетiн мерзiм КЖД-ның кеден органында тiркелгеннен кейiнгi 10 күннен аспауы керек. Тауар аталған мерзiмде ұсынылмайтын болса, декларацияның күшi жойылуы тиiс.
      2. Әкелiнуге дейiнгi декларацияланатын тауарға кеден төлемдерi мен салықтарының ставкалары, сондай-ақ кедендiк жүк декларациясы қабылданған күн қолданылып отырған заңдармен белгiленген өзге де шаралар қолданылады.
      3. Кедендiк жүк декларациясы ҚР МКК белгiлеген тәртiппен толтырылады. Бұл ретте "Декларацияның үлгiсiнің" 1-бабының үшiншi бөлiмшесiнде "МД" - алдын ала декларациялау деп көрсетiлуi керек.
      4. МД процедурасы бойынша тауарды кедендiк ресiмдеу таңдалған кеден режимiне сәйкес кеден заңдарымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      5. КЖД тiркелген соң кеден органы кедендiк ресiмдеудiң барлық кезеңдерiнде барлық құжаттарды тексерудi, оның iшiнде кеден төлемдерi мен салықтарын төлетудi жүзеге асырады.
      6. Тауар Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнгеннен кейiн декларант тауарды қарап тексеруге ұсынады және КЖД-ны тiркеу кезiнде тiзбеге жазылатын жетiспеген тауар жолдау құжаттарын көрсетедi.
      7. Тауарларды қарап тексерудi жүзеге асырғаннан және теңдестiрудi жүргiзгеннен кейiн кеден органы кедендiк жүк декларациясының Д-бағанында "Шығаруға рұқсат етiлiп отыр" жай мөртаңбасын және инспектордың жеке нөмiрлiк мөрiн қою жолымен тауарларды шығару туралы шешiм қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады