Шетелдiк мамандар мен жұмысшылардың жұмыс орындарын уақытша басқаны үшiн өтемақылық төлемдердi өндiрiп алудың және оны жұмсаудың, шеттен әкелiнетiн және шетке шығарылатын жұмыс күшi үшiн кепілдік және кепілдеме жарналарды шоғырландырудың және оларды пайдаланудың тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 113-П және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi 1997 жылғы 11 шiлдедегi N 17-5-18/5418. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 7 тамызда тіркелді. Тіркеу N 348. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2004 жылғы 4 қарашадағы N 256-ө бұйрығымен.

  ---------------Бұйрықтан үзінді--------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына сәйкес, бұйырамын:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 113-ө "Шетелдiк жұмыс күшін тарту және шетелге әкетуден алынатын кепілдік және кепілдемелік жарналарды шоғырландыру және пайдалану, шетелдiк мамандар мен жұмыс күшіне жұмыс орындарын алмастыру үшін өтемақы төлемдерін төлеудің және алудың тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1997 жылғы 7 тамызда N 348 тіркелген) ...

      Министр
______________________________________________      

       ЕСКЕРТУ. Нұсқаулық атауы өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120    бұйрығымен .

                            I. Жалпы ережелер 

      1. Осы Нұсқаулық "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Z952200_  Жарлығының және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 1990 жылдың 15 желтоқсаны, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан жұмыс күшiн шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң тәртiбi және шарттары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1997 жылғы 4 маусымда бекiткен N 924  P970924_  Ережесi негiзiнде жасалды.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_   бұйрығымен.  
      2. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге байланысты жұмыспен айналысатын лицензиярлар шетелдiк мамандар мен жұмысшыларды жұмыс орындарына орналастырғаны үшiн өтемақылық төлемдер төлеуге тиiс. 
      3.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_   бұйрығымен.  
      3. Шетелдік мамандар мен жұмысшыларды тұратын еліне кепілдікпен қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында лицензияттар шетелдік еңбекшінің әрқайсысы үшін банк салымдарына кепілдеме және кепілдік жарналарын салуға міндетті.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ 3-тармақ болып есептеліп, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_   бұйрығымен.  
      4. Өтемақылық төлемдер, шартты және кепілдік жарналарды Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі лицензия беру жөнінде шешім қабылдағаннан кейін лицензиат төлейтін болады. Көрсетілген төлемдерді аумақтық органның өкілетті лицензиаты жазған квитанциялар бойынша лицензиаттың өзі төлеп, банкке тапсыртады. Өтемақылық төлемдердің төленгеннің, сондай-ақ шартты және кепілдік жарналардың салымдарға енгізілгеннің растайтын құжаттарды, сонымен қатар банктегі есепшот келісімінің шартының көшірмесін лицензиат рұқсат алғанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынуға тиіс.<*>
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ 4-тармақ болып есептеліп, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_   бұйрығымен .
      5. Өтемақы төлемдерін, шартты және кепіл-жарналарды есептеудің дұрыстығына аумақтық органның өкілетті лицензиаты жауапты.<*>
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_    бұйрығымен.
      6. Жарналар мен жинақтардың дер уақытында толық төленуі жөнінде жауапкершілік лицензиатқа жүктеледі.<*>
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_    бұйрығымен.
      7. Осы нұсқаулықта белгiленген тәртiптiң шетелдiк мынадай азаматтарға қатысы жоқ:
      Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық келiсiмдерге сәйкес құрылған мекемелерде жұмыс iстейтiн ғылым және мәдениет қайраткерлерiне; 
      Қазақстан Республикасының аумағында ресми түрде тiркелген дiни ұйымдар мен қоғамдарда кәсiби қызметiн атқаратын дiн қайраткерлерiне;
      демалыс уақытында өндiрiстiк практикасын қазақстандық бiлiм беру мекемелерiнде өтiп жүрген студенттерге;
      Қазақстан Республикасында акредиттелген тiлшiлер мен журналистер;
      Қазақстан Республикасының Бiлiм беру және мәдениет министрлiгi жасасқан келiсiм шегiнде қазақстандық жоғары бiлiм беру мекемелерiнде лекциялық курс оқу және басқа жұмыстар атқару үшiн шақырылатын лекторлар мен нұсқаушыларға;
      Қазақстандық теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелеріне.<*>
      Қазақстан Республикасының шет елдермен жасасқан мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдерi арқылы еңбекке орналасудың өзге де тәртiбi белгiленген адамдарға.
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақ 7-тармақ болып есептеліп, жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_   бұйрығымен .

     II. Шетелдiк мамандар мен жұмысшылардың жұмыс орындарын
       уақытша басқаны үшiн өтемақылық төлемдердi өндiрiп 
                         алудың тәртiбi<*>

      ЕСКЕРТУ. ІІ-бөлімнің атауы өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_    бұйрығымен.

      1. Шетелдiк мамандар мен жұмысшылардың жұмыс орындарын уақытша басқаны үшiн өтемақылық төлемдердiң мөлшерiн есептеуге арналған лицензия берiлген сәттегi заң тәртiбiмен белгiленген есептiк көрсеткiштiң мөлшерi алынады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_   бұйрығымен.
      2. Шетелдiк мамандардың жұмыс орындарын уақытша басқаны үшiн төлейтiн өтемақылық төлемнiң мөлшерi әрбiр адамға лицензияның беру мерзiмiне қарай айына 3 есептi көрсеткiш есебiнен және жұмысшылар үшiн - айына 4 есептi көрсеткiш есебiнен әрбір қызметкерге лицензия берілген мерзімнің әр айы үшін өндiрiлiп алынады.
      Мәселен, егер лицензиат республикаға шетелден 40 маман мен 50 жұмысшыны 6 ай мерзiмге әкелетiн болса, онда өтемақының мөлшерi лицензия берiлген сол кездегi есептiк көрсеткiш - есептеу көрсеткішінің ықпалдық маңызы теңге бойынша мынаны құрайды:
     (40 * 3 * 540 * 6) + (50 * 540 * 6) - Өтемақы төлемдерінің сомасы.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_   бұйрығымен.
      3. Еңбекпен қамтуға ықпал етудің мемлекеттік қорының шотына аударылады және жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуге жұмсалады.<*>
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_   бұйрығымен.
      4-15. <*>
       ЕСКЕРТУ. 4-15 тармақтар алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_   бұйрығымен.

        ІІІ. Әкелінетін жұмыс күшіне салынатын кепілдеме
        және кепіл жарналарын шоғырландырудың және оны
                    пайдаланудың тәртібі
       ЕСКЕРТУ. ІІІ-бөлім қосылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.05.27. N 120   V980089_   бұйрығымен

     1. Кепілдеме және кепіл жарналарын құрау үшін лицензиаттар республика банктерінің біріндегі арнайы банкілік депозиттерге өз атына салымдар салады. Бұл ретте банк пен лицензиар арасында жасалған банкілік салып келісімінде мұндай салымды немесе оның бір бөлігін лицензиат Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жазбаша түрде беретін рұқсатынсыз пайдалана алмайтындығы міндетті түрде көзделеді. Банктің мұндай салымдар үшін төлейтін сыйақылары (мүддесі) лицензиаттың жеке меншігі болып саналады және ол теңге немесе валюта түрінде оның шотына аударылады. 
      2. Кепілдеме жарнасының мөлшері АҚШ-тың 1000 долларына бара бар сома және ол шетелдік валюта, не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сол салым салынған күнгі ресми курсы бойынша теңге түрінде салынады. 
      3. Кепілдеме жарнасы атаулы болып саналады және ол арнайы салынған шоттан сол арнап салынған мамандар немесе жұмысшылар өз еліне кеткеннен кейін кедендік тұрақтың мөрі арқылы куәландырылған және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өткізілген тізім негізінде алынады. 
      4. Мыналар кепілдеме жарнасын төлеуден босатылады: 
      шетелдік мамандар мен жұмысшыларды ТМД елдеріне әкелетін лицензиаттар; 
      шетелдік мамандар мен жұмысшыларды тегін көмек көрсету (қайырымдылық) үшін әкелетін лицензиаттар; 
      шетелдік мамандарды инвесторлар - инвестицияланатын фирмалардың жеке тұлғалары және басшылары ретінде әкелетін лицензиаттар. 
      5. Кепілдеме жарнасының мөлшері өзі тұратын елге жақын жердегі аэропортқа дейінгі экономикалық класс билетінің бағасына қажетті шығындарды жабу үшін оның 20 процентін қосқандағы құнына тең болады. Мамандарды немесе жұмысшыларды ТМД елдерінен әкелген кезде кепілдеме жарнасының мөлшері елге жақын жердегі темір жол стансасына дейінгі билет құнын қажетті шығындарды жабу үшін оның 20 процентіне өсіргендегі бағамен тең болады. 
      Мәселен, егер лицензиат республикаға шетелдік 5 маманды немесе жұмысшыны әкелетін болса, кепілдікті жарна сомасы 5000 АҚШ долларына барабар болады. Бұл ретте егер қайту жолының авиабилеті 200 доллар тұратын болса, онда кепілдікті жарна сомасы 1200 долларды [200 доллар + (200 доллар * 20%)] * 5 құрайды. Бұл жағдайда лицензиат арнайы депозит шотына 6200 АҚШ долларына бара-бар соманы салады. 
      6. Кепілдеме жарнасы мына реттерде: 
      шетелдік еңбеккердің қайту жолының билеті болса; 
      шетелдік жұмыс күшін әкелу үшін лицензиаттың өзінің жеке көлігі немесе жалға алған көлігі болған ретте; 
      лицензиат жұмыс күшін әкелу үшін көлік ұйымдарымен келісім жасасқан жағдайда салынбайды. 
      Бұл арада билеттердің, шарттардың, өз көлік құралы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері лицензиарға беріледі. 
      7. Кепілдеме жарнасы лицензиаттың арнайы шотынан қолданылу мерзімі біткеннен кейін немесе шетелдік еңбекшілермен жасасқан контрактіні мерзімінен бұрын бұзғанда, оларда өз еліне қайтуға визасы болғанда (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жазбаша түрдегі рұқсаты болғанда) алынады. 
      8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соманың бір бөлігін беруге рұқсат беретіні сияқты оның тұтас сомасынан беруге де жазбаша түрде рұқсат береді. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады