Шетелдік мамандар мен жұмысшылардың жұмыс орындарын уақытша алғандығы үшін өтемақылық төлемдерді өндіріп алудың және оны жұмсаудың, Қазақстан Республикасына әкелінетін және әкелінетін жұмыс күші үшін кепілдеме және кепіл жарналарын шоғырландырудың және экономикалық алымдар мен кепіл жарналарды пайдаланудың тәртібі жөніндегі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылдың 7 тамызында N 348 ~V970348 Нұсқаулығына тіркелген өзгерістер

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Бұйрығы 1998 жылғы 27 мамыр N 120-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 29 маусымда тіркелді. Тіркеу N 89. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2004 жылғы 4 қарашадағы N 256-ө бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді--------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына сәйкес бұйырамын:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 1998 жылғы 27 мамырдағы N 120-ө "Шетелдiк жұмыс күшін тарту және шетелге әкетуден алынатын кепілдік жарналарды  шоғырландыру және экономикалық алымды пайдалану, шетелдiк мамандар мен жұмыс күшіне жұмыс орындарын алмастыру үшін өтемақы төлемдерін төлеудің және алудың тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа енгізілетін өзгертулерді бекіту туралы" бұйрығы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 жылғы 29 маусымда N 89 тіркелген) ...

      Министр
______________________________________________ 


       1. Нұсқаулық атындағы "пайдалану" деген сөзден кейін "экономикалық алым және кепіл" сөздері оның орнына "кепілдік және кепілдеме" сөздері алынсын, одан әрі текст бойынша оқылсын. 
      2. 1. "Жалпы ережелердің бөлімінің 1-тармағындағы "Халықты еңбекпен қамту туралы "Заң" деген сөзден кейін 1990 жылдың 15 желтоқсаны" деп жазылып, одан әрі текст бойынша оқылсын. 
      3. 1 "Жалпы ережелер" бөлімінен 3 тармақ алынып тасталсын. 
      4. 1 "Жалпы ережелер" бөлімінде 3-тармақ 4-тармақ болып өзгертіліп, мынадай редакцияда жазылсын. 
      "3. Шетелдік мамандар мен жұмысшыларды тұратын еліне кепілдікпен қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында лицензияттар шетелдік еңбекшінің әрқайсысы үшін банк салымдарына кепілдеме және кепілдік жарналарын салуға міндетті". 
      5. "Жалпы ережелердің" 1-бөлімінің 5-тармағы 4-тармақ болып өзгертіліп, ол мынадай редакцияда жазылсын. 
      "Өтемақылық төлемдер, шартты және кепілдік жарналарды Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі лицензия беру жөнінде шешім қабылдағаннан кейін лицензиат төлейтін болады. Көрсетілген төлемдерді аумақтық органның өкілетті лицензиаты жазған квитанциялар бойынша лицензиаттың өзі төлеп, банкке тапсыртады. Өтемақылық төлемдердің төленгеннің, сондай-ақ шартты және кепілдік жарналардың салымдарға енгізілгеннің растайтын құжаттарды, сонымен қатар банктегі есепшот келісімінің шартының көшірмесін лицензиат рұқсат алғанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынуға тиіс". 
      6. "Жалпы ережелердің" 1-бөліміндегі 6-тармақ 7-тармақ болып саналсын және алтыншы абзацтан кейін "Қазақстандық теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелеріне" деген жаңа абзац қосылсын. 
      7. "Жалпы ережелердің" 1-бөліміне 5-тармақ қосылып, ол мынадай редакцияда жазылсын. 
      "5. Өтемақы төлемдерін, шартты және кепіл-жарналарды есептеудің дұрыстығына аумақтық органның өкілетті лицензиаты жауапты". 
      8. "Жалпы ережелер" 1-бөліміне 6-тармақ қосылып, ол мынадай редакцияда жазылсын: 
     "6. Жарналар мен жинақтардың дер уақытында толық төленуі жөнінде жауапкершілік лицензиатқа жүктеледі". 
      9. 2-бөлімнің атынан "Экономикалық алымдар мен кепілдік жарналар" деген сөз алынсын. 
      10. 2-бөлімнің 1-тармағындағы "Базалық ұлғаю жолында" деген сөздер алынып, одан әрі текст бойынша оқылсын. 
      11. 2-бөлімнің 2-тармағындағы бірінші абзац "4 есептеу көрсеткіштерінің есебінен" деген сөзден кейін "әрбір қызметкерге лицензия берілген мерзімнің әр айы үшін" деген сөздермен толықтырылып, абзацтың қалған бөлігі алынып тасталсын. 
      12. 2-бөлімнің 2-тармағындағы үшінші абзацта "540" цифры "Есептеу көрсеткішінің ықпалдық маңызы" "1036800" цифры "Өтемақы төлемдерінің сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      13. 2-бөлімнің 3-тармағындағы "Еңбекпен қамтуға ықпал етудің Мемлекеттік Қорындағы атқарушы дирекцияның" деген сөздер "Еңбекпен қамтуға ықпал етудің мемлекеттік қорының" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      14. 2-бөлімнен 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 тармақтар алынып тасталсын. 
      15. "Әкелінетін жұмыс күшіне салынатын кепілдеме және кепіл жарналарын шоғырландырудың және оны пайдаланудың тәртібі" деген тақырыппен 3-бөлім қосылып, ол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Кепілдеме және кепіл жарналарын құрау үшін лицензиаттар республика банктерінің біріндегі арнайы банкілік депозиттерге өз атына салымдар салады. Бұл ретте банк пен лицензиар арасында жасалған банкілік салып келісімінде мұндай салымды немесе оның бір бөлігін лицензиат Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жазбаша түрде беретін рұқсатынсыз пайдалана алмайтындығы міндетті түрде көзделеді. Банктің мұндай салымдар үшін төлейтін сыйақылары (мүддесі) лицензиаттың жеке меншігі болып саналады және ол теңге немесе валюта түрінде оның шотына аударылады. 
      2. Кепілдеме жарнасының мөлшері АҚШ-тың 1000 долларына бара бар сома және ол шетелдік валюта, не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сол салым салынған күнгі ресми курсы бойынша теңге түрінде салынады. 
      3. Кепілдеме жарнасы атаулы болып саналады және ол арнайы салынған шоттан сол арнап салынған мамандар немесе жұмысшылар өз еліне кеткеннен кейін кедендік тұрақтың мөрі арқылы куәландырылған және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өткізілген тізім негізінде алынады. 
      4. Мыналар кепілдеме жарнасын төлеуден босатылады: 
      шетелдік мамандар мен жұмысшыларды ТМД елдеріне әкелетін лицензиаттар; 
      шетелдік мамандар мен жұмысшыларды тегін көмек көрсету (қайырымдылық) үшін әкелетін лицензиаттар; 
      шетелдік мамандарды инвесторлар - инвестицияланатын фирмалардың жеке тұлғалары және басшылары ретінде әкелетін лицензиаттар. 
      5. Кепілдеме жарнасының мөлшері өзі тұратын елге жақын жердегі аэропортқа дейінгі экономикалық класс билетінің бағасына қажетті шығындарды жабу үшін оның 20 процентін қосқандағы құнына тең болады. Мамандарды немесе жұмысшыларды ТМД елдерінен әкелген кезде кепілдеме жарнасының мөлшері елге жақын жердегі темір жол стансасына дейінгі билет құнын қажетті шығындарды жабу үшін оның 20 процентіне өсіргендегі бағамен тең болады. 
      Мәселен, егер лицензиат республикаға шетелдік 5 маманды немесе жұмысшыны әкелетін болса, кепілдікті жарна сомасы 5000 АҚШ долларына барабар болады. Бұл ретте егер қайту жолының авиабилеті 200 доллар тұратын болса, онда кепілдікті жарна сомасы 1200 долларды [200 доллар + (200 доллар * 20%)] * 5 құрайды. Бұл жағдайда лицензиат арнайы депозит шотына 6200 АҚШ долларына бара-бар соманы салады. 
      6. Кепілдеме жарнасы мына реттерде: 
      шетелдік еңбеккердің қайту жолының билеті болса; 
      шетелдік жұмыс күшін әкелу үшін лицензиаттың өзінің жеке көлігі немесе жалға алған көлігі болған ретте; 
      лицензиат жұмыс күшін әкелу үшін көлік ұйымдарымен келісім жасасқан жағдайда салынбайды. 
      Бұл арада билеттердің, шарттардың, өз көлік құралы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері лицензиарға беріледі. 
      7. Кепілдеме жарнасы лицензиаттың арнайы шотынан қолданылу мерзімі біткеннен кейін немесе шетелдік еңбекшілермен жасасқан контрактіні мерзімінен бұрын бұзғанда, оларда өз еліне қайтуға визасы болғанда (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жазбаша түрдегі рұқсаты болғанда) алынады. 
      8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соманың бір бөлігін беруге рұқсат беретіні сияқты оның тұтас сомасынан беруге де жазбаша түрде рұқсат береді". 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады