Банктердiң жыл сайынғы қаржылық есебiн жасау бойынша халықаралық стандарттардың талаптарына сай және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Заң
күшi бар Жарлығының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
1. "Екiншi деңгейдегi банктердiң тоқсан сайын қаржылық (реттеушi) есебiнiң нысаны, оны жасау және беру мерзiмi мен тәртiбi туралы" ереже бекiтiлсiн және ол 1997 жылдың 1 қазанынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Осы Ереже күшiне енген күннен бастап Екiншi деңгейдегi банктердiң тоқсан сайынғы қаржылық есебi туралы нұсқаулығының және "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң тоқсан сайынғы қаржылық есебiнiң нысандары және Екiншi деңгейдегi банктердiң тоқсан сайынғы қаржылық есебi туралы нұсқаулығы жөнiндегi" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 29 тамыздағы N 205 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Банктiк қадағалау департаментi (Н.Қ. Абдуллина):
а) Заң департаментiмен (А.Қ. Өртембаев) бiрлесе отырып "Екiншi деңгейдегi банктердiң тоқсан сайынғы қаржылық (реттеушi) есебiнiң нысаны, оны жасау және беру мерзiмi мен тәртiбi туралы" ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
б) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 29 тамыздағы
N 312 Қаулысымен
Бекiтiлген
Екiншi деңгейдегi банктердiң тоқсан сайынғы қаржылық
(реттеушi) есебiнiң нысаны, оны жасау және беру мерзiмi
мен тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен қаржылық есептiң халықаралық стандарттарына сәйкес жасалады, екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) тоқсан сайынғы қаржылық (реттеушi) есебiнiң (бұдан әрi - есеп) нысанын белгiлейдi, есеп жасаудың негiзгi талаптарын және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк) ұсынудың тәртiбiн анықтайды.
І. Есептiң мазмұны және оны жасау
бойынша талаптар
1. Банктер тоқсан сайын Ұлттық Банкке осы Ережеде белгiленген нысан бойынша (N 1-35 қосымша) есеп берiп отыруға мiндеттi.
2. Есеп банктiң қаржылық жағдайы мен оның қызметiнiң нәтижелерi туралы нақты мәлiметтерден тұратын 35 кестеден тұрады:
2.1. - 2.5. тармақшаларда келтiрiлгендер есептiң негiзiн құрайтын мәлiметтер болып табылады.
2.1. "Баланстық есеп және қосалқы кестелер" деп аталатын бөлiмге осы Ережеге қоса берiлген мынадай 15 нысан (кесте) кiредi:
ФС Жиынтық баланстық есеп;
ФС/ВС Баланстан тыс статьялар;
ФС/СН Депозиттер қабылдауды жүзеге асыратын банктер
мен ұйымдардағы депозиттер. "Ностро" шоттары
ФС/ЦБ Бағалы қағаздар портфелi;
ФС/КП Кредит портфелiнiң толық мәлiметтерi;
ФС/ДА Негiзгi қаражаттар, өзге активтер мен
мiндеттемелер;
ФС/ДО(Т) Депозиттiк мiндеттемелер (теңгемен);
ФС/ДО(Д) Депозиттiк мiндеттемелер (АҚШ долларымен);
ФС/ДО(М) Депозиттiк мiндеттемелер (немiс маркасымен);
ФС/ДО(Р) Депозиттiк мiндеттемелер (Ресей рублiмен);
ФС/ВП Таза валюталық позиция;
ФС/АВ Шет ел валютасымен активтер;
ФС/ОВ Шет ел валютасымен мiндеттемелер;
ФС/АК Капиталдың бiрдейлiгi;
ФС/ИК Капитал түрiндегi инвестициялар
ФС КЕСТЕСI: ЖИЫНТЫҚ БАЛАНСТЫҚ ЕСЕП
(N 1 Қосымша)
Бұл кестеде активтер, мiндеттемелер және капитал құрылымы бойынша банк мәлiметтерi көрсетiледi. Онда бар ақпараттарда осы есептiң басқа кестелерiне енгiзiлген мәлiметтер қорытындыланады.
Жиынтық баланстық есепке 1350 және 2150-топтар шотының филиалдары арасындағы есеп айырысу сомалары кiрмейдi. Бұл шоттардың активтер бойынша және пассивтер бойынша қалдықтары тең болуы керек.
Оған шет ел валютасы бойынша позицияларды көрсететiн баланстық шоттар және олардың бақылау бағасы (1858 және 1859, 2858 және 2859 шоттар) кiрмейдi.
Кестенiң "Барлығы" деген бағаны мынадай сәйкестiкпен орындалуы тиiс:
Активтер = Мiндеттемелер + Капитал
ФС/ВС КЕСТЕСI: БАЛАНСТАН ТЫС СТАТЬЯЛАР
(N 2 Қосымша)
ФС/ВС кестесiнде шартты және болуы мүмкiн банк талаптары мен мiндеттемелерi және олардың көлемi (фьючерстiк, форвардтық және опциондық мәмiлелер бойынша кепiлдiктер, аккредитивтер, талаптар мен мiндеттемелер, тағы басқа шартты және болуы мүмкiн талаптар мен мiндеттемелер) берiледi. Бұл ақпарат зор талаптар мен мiндеттемелердi және банк баласында көрсетiлмеген, бiрақ болуы мүмкiн тәуекелдi қарастыруға мүмкiндiк бередi.
ФС/СН КЕСТЕСI: ДЕПОЗИТТЕР ҚАБЫЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
БАСҚА БАНКТЕР МЕН ҰЙЫМДАРДАҒЫ
ДЕПОЗИТТЕР. "НОСТРО" ШОТЫ (N 3 ҚОСЫМША)
ФС/СН кестесiнде банктiң Ұлттық Банктегi және басқа банктер мен ұйымдардағы, оның iшiнде шет елдердегi депозиттерi туралы ақпараттар болады. Кестеде көрсетiлген ақпараттар банк өтiмдiгiн бағалау үшiн басқа банктер мен ұйымдарға орналастырылған депозиттерге талдау жасауға мүмкiндiк бередi.
ФС/ЦБ КЕСТЕСI: БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛI
(N 4 ҚОСЫМША)
ФС/ЦБ кестесiнде банктiң бағалы қағаздар портфелi туралы ақпараттар берiледi және олардың баланстық және рыноктық бағасы көрсетiледi. Бұл ақпарат бағалы қағаздар портфелiнiң/акцияларының инвестициялық пакеттерiнiң мынадай түрлерiн тексеруге мүмкiндiк бередi:
1. Өтелгенге дейiн ұсталған бағалы қағаздар;
2. Сатуға жарамды бағалы қағаздар;
3. Сатуға арналған бағалы қағаздар.
және бағалы қағаздардың әр түрi бойынша, сондай-ақ тұтастай алғанда бағалы қағаздар портфелi бойынша бағалау, жүргiзедi. Осы таблицада "РЕПО" және "Керi РЕПО" келiсiмдерi бойынша сатып алынған (сатылған) бағалы қағаздар бойынша есеп берiледi.
ФС/КП КЕСТЕСI: КРЕДИТ ПОРТФЕЛIНIҢ ТОЛЫҚ
МӘЛIМЕТТЕРI (N 5 ҚОСЫМША)
ФС/КП кестесiнде банктiң кредит портфелi туралы ақпараттар болады. Бұл ақпараттар кредиттердiң әрбiр түрлерi бойынша кредит портфелiн бағалауға мүмкiндiк бередi. Банк банктер мен ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға берiлген кредиттердi жылжымайтын мүлiкпен қамтамасыз еткенi немесе қамтамасыз етпегенi туралы мәлiметтердi нақтылай отырып көрсетуi тиiс.
ФС/ДА КЕСТЕСI: НЕГIЗГI ҚАРЖЫЛАР, БАСҚА АКТИВТЕР
МЕН МIНДЕТТЕМЕЛЕР (N 6 ҚОСЫМША)
ФС/ДА таблицасында бұдан бұрынғы кестеде егжей-тегжейлi көрсетiлмеген негiзгi қаржылар туралы ақпарат берiледi. Бұл ақпарат негiзгi қаржылардың көлемi мен жинақталған амортизацияны қарауға, сондай-ақ басқа активтер мен мiндеттемелер туралы мәлiметтердi талдауға мүмкiндiк бередi.
ФС/ДО (Т): ДЕПОЗИТТIК МIНДЕТТЕМЕЛЕР
(N 7 ҚОСЫМША)
Бұл кестеде теңге түрiндегi банк депозиттерiнiң мiндеттемелерi бойынша ақпарат берiледi. Аталған кестеде тек теңге түрiне ғана емес, теңге баламасындағы шет ел валютасымен де көрсету керек.
Депозиттiк мiндеттемелер: салымшылардың түрлерiне (заңды тұлғалар, мемлекеттiк емес ұйымдар, мемлекеттiк ұйымдар, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа ұйымдар және мемлекеттiк өкiмет органдары), сондай-ақ депозит шотының түрiне қарай топтарға бөлiнген (талап ету, жинақтық және мерзiмдi).
ФС/ДО (Д) КЕСТЕСI: АҚШ ДОЛЛАРЫМЕН ДЕПОЗИТТIК
МIНДЕТТЕМЕЛЕР (N 8 ҚОСЫМША)
Бұл кестеде АҚШ долларымен банктмiндеттемелерінiң депозитi бойынша ақпарат берiледi. Аталған кестеде барлық депозиттер теңге баламасын қоя отырып АҚШ долларымен көрсетiлуi тиiс.
Салымшыларды топқа бөлу ФС/ДО(Т) кестесiндегi N 7 қосымшада көрсетiлгендей түрде жүргiзiледi.
ФС/ДО (М) КЕСТЕСI: НЕМIС МАРКАСЫМЕН ДЕПОЗИТТIК
МIНДЕТТЕМЕЛЕР (N 9 ҚОСЫМША)
Бұл кестеде немiс маркасымен банк мiндеттемелерiнiң депозиттерi бойынша ақпарат берiледi. Аталған кестеде барлық депозиттер теңге баламасын қоя отырып немiс маркасымен көрсетiлуi тиiс.
Салымшыларды топқа бөлу ФС/ДО (Т) кестесiндегi N 7 қосымшада көрсетiлгендей түрде жүргiзiледi.
ФС/ДО(Р): РЕСЕЙ РУБЛIМЕН ДЕПОЗИТТIК МIНДЕТТЕМЕЛЕР
(N 10 ҚОСЫМША)
Бұл кестеде ресей рублiмен банк мiндеттемелерiнiң депозитi бойынша ақпарат берiледi. Аталған кестеде барлық депозиттер теңге баламасын қоя отырып ресей рублiмен көрсетiлуi тиiс.
Салымшыларды топқа бөлу ФС/ДО(Т) кестесiндегi N 7 қосымшада көрсетiлгендей түрде жүргiзiледi.
ФС/ВП КЕСТЕСI: ТАЗА ВАЛЮТА ПОЗИЦИЯСЫ
(N 11 ҚОСЫМША)
ФС/ВП кестесi банктiң валюта позициясы туралы ақпараттардан тұрады. Бұл таблицада банктiң шет ел валютасы түрiндегi барлық активтер мен мiндеттемелерi арасындағы айырмашылықтар көрсетiледi. Кестеде сатып алынған (сатылған) валюта позициясы ескерiлмейдi.
ФС/АВ КЕСТЕСI: ШЕТ ЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН АКТИВТЕР
(N 12 ҚОСЫМША)
ФС/АВ кестесi шет ел валютасы түрiндегi банк активтерiнiң позициясы туралы ақпараттардан тұрады. Бұл кестеде зайымшылардың түрлерi бойынша (iшкi қаржы секторы, резиденттер - заңды тұлғалар, резиденттер - жеке тұлғалар, резидент еместер), актив түрлерi бойынша (депозит және несие активтерi, өзге де активтер), сондай-ақ баланстан тыс статьяларда ескерiлетiн шет ел валютасы түрiндегi активтер бойынша ақпараттар көрсетiледi.
ФС/ОВ КЕСТЕСI: ШЕТ ЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН МIНДЕТТЕМЕЛЕР
(N 13 ҚОСЫМША
)
ФС/ОВ кестесiнде шет ел валютасы түрiндегi банк мiндеттемелерiнiң позициясы туралы ақпараттар берiледi. Бұл ақпараттар шет ел валютасы бағамының өзгеруi салдарынан банктiң мiндеттемелер позициясының ауытқуға бейiмдiлiгiн талдауға мүмкiндiк бередi. Кесте ФС/АВ "Шет ел валютасымен активтер" кестесiне ұқсас толтырылады.
ФС/АК КЕСТЕСI: КАПИТАЛДЫҢ БIРДЕЙЛIГI
(N 14 ҚОСЫМША)
ФС/АК кестесiнде банктiң өз капиталы, баланс активтерi көрсетiледi және баланстан тыс статьялары тәуекел топтары бойынша бөлiнедi. Бұл кесте банктiң өз капиталының екi деңгейiн және тәуекелдi ескере отырып алынған активтер сомасын, активтердiң жалпы сомасындағы осы активтердiң үлесiн анықтауға, сондай-ақ капиталдың бiрдейлiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi.
Бұл кесте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 23.05.97 ж. N 219 қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтер туралы ережесiне сәйкес жасалды. Сондай-ақ барлық статьялар бойынша есеп айырысулар осы ереженi сақтай отырып жүргiзiледi.
ФС/ИК КЕСТЕСI: КАПИТАЛ ТҮРIНДЕГI ИНВЕСТИЦИЯЛАР
(N 15 ҚОСЫМША)
Бұл кестеде банктiң еншiлес, тәуелдi және өзге де аффилиирленген компаниясына инвестициясының мөлшерi көрсетiледi. Осы кестедегi бөлiкке бөлу сондай-ақ компания қызметiнiң сипатына қарай өткiзiледi, оның капиталына банк те қатысуы мүмкiн.
2.2. "Пайда мен шығын және шығынға құрылған резервтер" бөлiмiне осы Ережеге қоса берiлiп отырған мынадай 3 нысан (кесте) кiредi:
ПУ Шығын мен пайда туралы есеп
ФС/С Қаражаттарды шығынға жазу және аудару кестесi
ФС/ИР Резервтердегi өзгерiстер таблицасы.
ПУ КЕСТЕСI: ШЫҒЫН МЕН ПАЙДА ТУРАЛЫ ЕСЕП
(N 16 ҚОСЫМША)
Бұл кестеде кiрiс пен шығыстардың (сыйақы (мүдде) төлеуге және алуға байланысты немесе байланысты емес) барлық статьялары көрсетiледi. Бұл ақпарат банк басшылығына және Ұлттық Банкке пайданы қалыптастырудың сан алуан көздерiне талдау жасау көмегiмен банктiң тиiмдiлiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
ФС/С КЕСТЕСI: ҚАРАЖАТТАРДЫ ШЫҒЫНҒА ЖАЗУ ЖӘНЕ
АУДАРУ (N 17 ҚОСЫМША)
ФС/С кестесiнде банктiң белгiленген мерзiмде өтелмеген және "Шығынға жазылған қарыздар" N 7130 баланстан тыс шотына шығынға жазылған жiктелген активтердiң шығындары туралы ақпараттар болады. Бұл кестеге сондай-ақ жалпы резервтен арнайы резервке және керiсiнше тәртiппен аударылған қалыптастырылған провизиялар көлемi туралы мәлiметтер кiредi. Бұл ақпараттар банкке банк пен клиент арасындағы келiсiмде айтылған мерзiмде өтелмеген активтер көлемiн талдауға мүмкiндiк бередi.
ФС/ИР КЕСТЕСI: РЕЗЕРВТЕГI ӨЗГЕРIСТЕР ТАБЛИЦАСЫ
(N 18 ҚОСЫМША)
ФС/ИР кестесiнде банктiң жалпы және арнайы резервтерiнiң өзгерiстерi туралы ақпараттар болады. Бұған ағымдағы есептi кезең iшiндегi барлық түсiмдер және резерв шоттарынан ақша аудару, оған қоса арнайы резерв санатына жататын резервтерден жалпы резервке және керiсiнше - жалпы резервтен арнайы резервке аударымдар кiредi. Бұдан басқа, кестеде "Шығынға жазылған қарыздар" N 7130 баланстан тыс шотының жай-күйi туралы, атап айтқанда осы шоттағы қаражатты шығынға жазу және орнын толтыру бойынша ақпараттар берiледi.
2.3. "Сыйақы (мүдде) ставкасын белгiлеу және қайта белгiлеу" бөлiмiне осы Ережеге қоса берiлiп отырған мынадай 5 нысан (кесте) кiредi:
ФС/ПП Төлем мерзiмi және сыйақы (мүдде) ставкасын қайта
белгiлеу;
ФС/КЦ(Т) Кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын
белгiлеу;
ФС/КЦ(И) Кредит беру және шет ел валютасымен сыйақы (мүдде)
ставкасын белгiлеу;
ФС/ДЦ(Т) Депозиттер көлемi және сыйақы (мүдде) ставкасын
белгiлеу;
ФС/ДЦ(И) Шет ел валютасымен депозиттер көлемi және шет ел
валютасымен сыйақы (мүдде) ставкасын белгiлеу.
ФС/ПП КЕСТЕСI: ТӨЛЕМ МЕРЗIМI ЖӘНЕ СЫЙАҚЫ (МҮДДЕ)
СТАВКАСЫН ҚАЙТА БЕЛГIЛЕУ
(N 19 ҚОСЫМША)
ФС/ПП кестесiнде банктiң әр түрлi мерзiмде өтейтiн қаржы активтерi мен мiндеттемелерiнiң ақпараты болады. Бұл мәлiметтер банктiң өтiмдiлiк жағдайын белгiлi бiр кезең iшiнде өтеу мерзiмi басталатын міндеттемелер сомасын дәл сол уақытта өтеу мерзiмi басталатын активтер сомасымен салыстыру арқылы талдауға мүмкiндiк бередi. Бұл ақпарат сондай-ақ сыйақы (мүдде) ставкасына қатысты тәуекелдiң бар-жоғын анықтауға мүмкiндiк бередi. Осы кестеде барлық активтер мен мiндеттемелер оларды өтеуге дейiнгi мерзiмге сәйкес көрсетiлуi керек.
ФС/КЦ(Т) КЕСТЕСI: КРЕДИТТЕР БЕРУ ЖӘНЕ СЫЙАҚЫ (МҮДДЕ)
СТАВКАСЫН ҚАЙТА БЕЛГIЛЕУ
(N 20 ҚОСЫМША)
Бұл кестеде есептi жыл iшiнде берiлген кредиттер көлемi көрсетiлуi және сыйақы (мүдде) ставкасын белгiлеу туралы мәлiметтер жазылуы тиiс. Кестеде валюта түрiне қарамастан банктiң барлық кредит портфелi көрсетiледi. Бұл таблица жоспарланатын кредиттердiң түрiне және санаттары мен өтеу мерзiмi бойынша кредиттердiң көлемiне талдау жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
ФС/КЦ(И) КЕСТЕСI: КРЕДИТТЕР БЕРУ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН
СЫЙАҚЫ (МҮДДЕ) СТАВКАСЫН БЕЛГIЛЕУ
(N 21 ҚОСЫМША)
Кестеде есептi жыл iшiнде берiлген кредиттер көлемi көрсетiлуi және сыйақы (мүдде) ставкасын белгiлеу туралы мәлiметтер жазылуы тиiс. Аталған кестеде шет ел валютасымен берiлген банктiң барлық кредиттерiнiң теңгедегi баламасы көрсетiледi.
ФС/ДЦ(Т) КЕСТЕСI: ДЕПОЗИТТЕР КӨЛЕМI ЖӘНЕ СЫЙАҚЫ (МҮДДЕ)
СТАВКАСЫН БЕЛГIЛЕУ
(N 22 ҚОСЫМША)
ФС/ДЦ(Т) кестесi қабылданған депозиттер көлемi туралы ақпараттардан тұрады. Бұл кестеде валюта түрiне қарамастан, есептi жыл iшiнде қабылданған барлық депозиттер көрсетiледi. Бұл мәлiметтер банк депозиттерiнiң түрлерi мен көлемiне талдау жасауға мүмкiндiк бередi.
ФС/ДЦ(И) КЕСТЕСI: ДЕПОЗИТТЕР КӨЛЕМI ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН
СЫЙАҚЫ (МҮДДЕ) СТАВКАСЫН БЕЛГIЛЕУ
(N 23 ҚОСЫМША)
ФС/ДЦ(И) кестесi шет ел валютасымен қабылданған депозиттер көлемi туралы ақпараттан тұрады. Бұл таблицада есептi жыл iшiнде қабылданған барлық шет ел валютасымен депозиттердiң теңгедегi баламасы көрсетiледi. Бұл мәлiметтер банк депозиттерiнiң түрлерi мен көлемiне талдау жасауға мүмкiндiк бередi.
2.4. "Проблемалы активтер" бөлiмiне осы Ережеге қоса берiлген мынадай 6 нысан (кесте) кiредi:
ФС/ПА(Т) Мерзiмi өткен активтер;
ФС/ПА(И) Шет ел валютасымен мерзiмi өткен активтер;
ФС/БА(Т) Оқшауланған активтер;
ФС/БА(И) Шет ел валютасымен оқшауланған активтер;
ФС/КА(Т) Жiктелген активтер;
ФС/КА(И) Шет ел валютасымен жiктелген автивтер.
ФС/ПА(Т) КЕСТЕСI: МЕРЗIМI ӨТКЕН АКТИВТЕР
(N 24 ҚОСЫМША)
Бұл кестеде сыйақы (мүдде) есептеу жүргiзiлiп жатқан мерзiмi өткен активтер туралы ақпарат болуы керек.
Кестеде баланстың есебiнде бар мерзiмi өткен активтердiң барлық көлемi көрсетiлуi тиiс.
ФС/ПА(И) КЕСТЕСI: ШЕТ ЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН МЕРЗIМI ӨТКЕН
АКТИВТЕР
(N 25 ҚОСЫМША)
Бұл кестеде сыйақы (мүдде) есептеу жүргiзiлiп жатқан шет ел
валютасымен мерзiмi өткен активтер туралы ақпарат болады.
ФС/БА(Т) КЕСТЕСI: ОҚШАУЛАНҒАН АКТИВТЕР
(N 26 ҚОСЫМША)
кестеде валюта түрiне қарамастан банктiң оқшауланған активтерiнiң (сыйақы(мүдде) есептеу тоқтатылған активтер) барлық көлемi көрсетiлуi тиiс.
Кесте N 24 Қосымшада келтiрiлген ФС/ПА(Т) кестесiне ұқсас түрде толтырылады.
ФС/БА(И) КЕСТЕСI: ШЕТ ЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН ОҚШАУЛАНҒАН
АКТИВТЕР
(N 27 ҚОСЫМША)
Бұл кестеде шет ел валютасымен банктiң оқшауланған активтерiнiң (сыйақы (мүдде) есептеу тоқтатылған активтер) барлық көлемi көрсетiлуi тиiс.
Кесте N 25 Қосымшада келтiрiлген ФС/ПА(И) кестесiне ұқсас түрде толтырылады.
ФС/КА(Т) КЕСТЕСI: ЖIКТЕЛГЕН АКТИВТЕР
(N 28 ҚОСЫМША)
ФС/КА(Т) кестесiнде банктiң жiктелген активтерi туралы ақпарат болады. Бұл ақпарат кредит портфелiнiң, депозиттердiң жай-күйiн, сондай-ақ осы активтердiң қайтарылу тәуекелiн бағалау үшiн дебиторлық қарызды талдауға мүмкiндiк бередi. Мұндай бағалау көп жағдайда банк өтiмдiлiгiн қамтамасыз етуге және оның акционерлерi мен клиенттерiнiң мүддесiн қорғауға ықпал етедi. Бұл кестеде банктiң жiктелген активтерiнiң жай-күйiнiң сапасы туралы ақпарат болуы тиiс.
ФС/КА(И) КЕСТЕСI: ШЕТ ЕЛ ВАЛЮТАСЫМЕН ЖIКТЕЛГЕН
АКТИВТЕР
(N 29 ҚОСЫМША)
ФС/КА(И) кестесiнде банктiң шет ел валютасымен жiктелген активтерi туралы ақпарат болады. Бұл ақпарат кредит портфелiнiң, депозиттердiң жай-күйiн, сондай-ақ осы активтердiң қайтарылу тәуекелiн бағалау үшiн дебиторлық қарызды талдауға мүмкiндiк бередi.
2.5. "Қосымша ақпарат" бөлiмiне осы Ережеге қоса берiлген мынадай 6 нысан (кесте) кiредi:
ФС/ОП Қаражаттың негiзгi тұтынушылары;
ФС/ОИ Тартылған қаражаттардың негiзгi көздерi;
ФС/КК Аффилиирленген топтарға немесе компанияларға
кредиттер мен инвестициялар беру;
ФС/КО Негiзгi акционерлерге кредиттер беру және негiзгi
акционерлер капиталына инвестициялар беру;
ФС/КУ Банк саясатына ықпал ететiн басшылық құрамына
кредиттер мен инвестициялар беру;
ФС/КС Салалар бойынша шоғырландыру.
ФС/ОП КЕСТЕСI: ҚАРАЖАТТЫҢ НЕГIЗГI ТҰТЫНУШЫЛАРЫ
(N 30 ҚОСЫМША)
ФС/ОП кестесiнде банктiң зайым қаражатының iрi пайдаланушылары (баланстық және баланстан тыс мiндеттемелер бойынша) туралы ақпарат келтiрiледi. Мұндай ауқымдағы мәлiметтер осы банктiң iрi клиенттерiмен байланысты шығын көлемiн және тәуекелдi талдауға мүмкiндiк бередi.
ФС/ОИ КЕСТЕСI: ТАРАТЫЛҒАН ҚАРАЖАТТЫҢ НЕГIЗГI КӨЗДЕРI
(N 31 ҚОСЫМША)
ФС/ОИ кестесiнде банктiң таратылған қаражатының (мiндеттемелерiнiң) негiзгi көздерi туралы ақпарат болады. Бұл мәлiметтер осы банктiң iрi депозиторлары мен кредиторларына байланысты депозиттердiң көлемiн және тәуекелдi талдауға мүмкiндiк бередi.
ФС/КК КЕСТЕСI: АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТОПТАРҒА НЕМЕСЕ КОМПАНИЯЛАРҒА
КРЕДИТТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР БЕРУ
(N 32 ҚОСЫМША)
ФС/КК кестесiнде банктiң аффилиирленген топтарына немесе
компанияларына кредиттер мен инвестициялар туралы ақпарат болады.
Бұл аффилиирленген зайымшыларға кредит берумен байланысты шығын көлемiне және тәуекелiне талдау жасауға мүмкiндiк бередi.
ФС/КО КЕСТЕСI: НЕГIЗГI АКЦИОНЕРЛЕРГЕ КРЕДИТ БЕРУ ЖӘНЕ
НЕГIЗГI АКЦИОНЕРЛЕРДIҢ КАПИТАЛЫНА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ
(N 33 ҚОСЫМША)
ФС/КО кестесi iрi акционерлерге кредит беру және олардың капиталына инвестиция салу туралы ақпарат болады. Осы мәлiметтердiң негiзiнде iрi акционерлерге кредит беруге байланысты шығын көлемiне және тәуекелiне талдау жасалады.
ФС/КУ КЕСТЕСI: БАНК САЯСАТЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТIН БАСШЫЛЫҚ
ҚҰРАМЫНА КРЕДИТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ БЕРУ
(N 34 ҚОСЫМША)
ФС/КУ кестесiнде банктiң басшы қызметкерлерiне кредит және инвестиция беру туралы ақпарат болады. Бұл кесте банктiң басшы қызметкерлерiне кредит беруге байланысты кредит көлемi мен тәуекелiне талдау жасауға мүмкiндiк бередi.
ФС/КС КЕСТЕСI: САЛАЛАР БОЙЫНША ШОҒЫРЛАНДЫРУ
(N 35 ҚОСЫМША)
ФС/КС кестесiнде кредиттер мен ақша қаражаттарын шоғырландыру туралы ақпарат болады. Бұл кестеде банк қаражатының негiзгi көздерi және оның халық шаруашылығының салалары бойынша орналасуы көрсетiлуi тиiс. Кестеде актив пен мiндеттемелер түрлерiне қарай, сондай-ақ ұлттық және шет ел валютасы бойынша бөлiнедi. Бұл ақпарат қаражат көздерiнiң көлемiне және олардың халық шаруашылығында пайдаланылуына талдау жасауға мүмкiндiк бередi.
3. Есеп мәлiметтердi жинау және пайдалану арқылы ақпарларды шоғырландыру ережесi бойынша, мұнымен қоса банк филиалдары берген осы мәлiметтердi бұдан әрiде банктiң баланстық есебiнде және оның пайдасы мен шығыны туралы есебiнде көрсетiле отырып жасалады.
4. Есепте филиалы жоқ банктер бойынша мәлiметтердi шоғырландыру есептегi тиiстi бөлiмге сәйкес жол-жол бойынша жүргiзiледi.
5. Есепке өзге мәлiметтерден басқа, банктiң қоғамдастырылған қаржы ұйымдарының жарғы капиталына қатысуы туралы ақпарлар енгiзiлуi тиiс.
6. Есеп және оған қоса берiлетiн құжаттар қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жасалуы және қол қойылуы керек.
7. Есептi барлық мәлiметтер мың теңге деп көрсетiледi. Есептегi 500-ден аз сан нөлге, 500 және одан көп сан - мыңға теңестiрiледi.
8. Есептегi арнайы ескертiлген позицияларды (жолдарды) қоспағанда, есепте терiс мағыналарды келтiруге жол берiлмейдi. Жиынтық баланс есебiнiң мынадай статьяларында терiс көлем болуы мүмкiн:
- "ағымдағы жылға таза табыс (шығын)";
- "сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша таза жұмсалмаған
табыс (шығын)";
- "капиталды өзге де оңалтулар"
9. Терiс мағынаны сондай-ақ "ысырап" немесе "шығын" деген ұғымдар бар пайда және шығын туралы есептiң статьяларында көрсетуге болады.
10. Есептiң кестесiн толтыру тәртiбi есеп жасау бойынша
түсiнiктемелерде (N 36 қосымша) келтiрiлген.
11. Аудитордың есептi бекiтуi қажет емес.
II. Есептi беру мерзiмi және тәртiбi
12. Банк Ұлттық Банкке айдың 15 бастап келесi әрбiр есеп берiлiп отырған тоқсан аяқталғаннан кейiнгi айдың 15-не дейiнгi кезеңде есеп бередi. Ерекше жағдайларда Ұлттық Банктiң арнайы рұқсатымен жекелеген банктердiң есеп беру мерзiмi тағы да 15 күнтiзбелiк күнге ұзартылуы мүмкiн.
13. Есепке тиiстi уәкiлеттi адамдар - Басқарма төрағасы, бас бухгалтер (банктiң есептi дайындауға жауапты қызметкерiнiң аты-жөнiн және лауазымын көрсете отырып) қол қояды. Есепке қол қойған басшылар оның дұрыстығы мен толықтығына заңда белгiленгендей жауапкершiлiкте болады.
14. Есеп компьютер техникасы арқылы басылуы тиiс. Басқа түрде берiлген не түзетiлген есеп тексерiлмей-ақ қайтарылуы тиiс және Ұлттық Банк қабылдаған жоқ деп есептеледi.
15. Алматы қаласынан тыс жерлерде орналасқан банктер есептi Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi (бұдан әрi - Банктiк қадағалау департаментi) белгiлеген қосымша ақпаратты ескере отырып жасаған электронды құжат түрiнде, Ұлттық Банктiң тиiстi облыстық басқармалары арқылы Х-400 "alm statistika" шақыру белгiсiмен электронды почта бойынша бередi.
Банк сонымен бiр уақытта Ұлттық Банкке (Банктiк қадағалау департаментiне) оның тиiстi облыстық басқармасы арқылы фельдъегерлiк почта арқылы қағазға түсiрiлген есептi жiбередi.
Ұлттық Банктiң облыстық басқармасы есептiң (қағазға және электронды жазбаға түсiрiлген) дер кезiнде жiберiлуiне бақылау жасап отыруы тиiс. Есеп беруге байланысты қосымша ақпараттарды Ұлттық Банк банктерге уақытылы хабарлап отырады.
16. Алматы қаласында орналасқан банктер электронды құжат түрiнде есеп берген кезде қағазға түсiрiлген осы құжатты Банктiк қадағалау департаментiне қолма-қол тапсырады.
17. Электронды құжат түрiнде берiлген есеп келiп түскен кезде Банктiк қадағалау департаментi бiр тәулiктiң iшiнде бұл ақпаратты өңдеу және алдын ала тексеру үшiн Ұлттық Банктiң Есептеу жұмыстары департаментiне жiбередi. Сондай-ақ Есептеу жұмыстары департаментi бiр тәулiктiң iшiнде есептемелердi алдын ала тексеру кезiнде анықталған қателiктер туралы құжатты (қажет болған жағдайда) Банктiк қадағалау департаментiне (банктiк жетекшiсiне) жiбередi.
18. Банктiк қадағалау департаментi (банктiк жетекшiсi) Есептеу жұмыстары департаментi анықталған қателiктер туралы қағаз жазба түрiнде келiп түскен құжаттарды қарай келе, тексеру нәтижесi бойынша есеп жөнiнде рекламация жобасын дайындайды. Банктiк қадағалау департаментi Есептеу жұмыстары департаментiнен табылған қателiктер туралы құжатты алған сәттен бастап үш күн iшiнде Банктiк қадағалау департаментi директорының қолы қойылған есеп рекламациясымен қоса техникалық тәсiлмен ашылған қателiктер туралы құжаттың көшiрмесi (бар болса) банкке жiберiледi.
19. Банк рекламацияны алған соң үш күн iшiнде есепке тиiстi түзетулер енгiзiп, оны белгiленген мерзiмде Ұлттық Банкке беруi тиiс.
III. Қорытынды ережелер
20. Банктiң қаржы жағдайын айтарлықтай бұрмалап көрсететiн және техникалық сипаттағы жетiспеушiлiк болып табылмайтын маңызды қателiктердi табу банкке белгiленген тәртiппен тиiстi ықпал ету шараларын (онымен қоса санкциялар) қолдануға әкеп соғады.
21. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Төраға
РҚАО-ның ескертуі: Қосымшалардың ресми аудармасы болмағандықтан орысша мәтінді қараңыз.