"Интернат үйiндегi қабылдау кезiндегi медициналық көрсеткiштер мен қайшы көрсеткiштер туралы" НҰСҚАМА

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1997 жылғы 2 қыркүйек N 383. ҚР Әділет министрлігінде 1997 жылғы 7 қазанда тіркелді. Тіркеу N 383. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

1. "Интернат үйi", "Еңбек ардагерлерiнiң
пансионаты"

     "Интернат үйiне", "Еңбек ардагерлерiнiң пансионатына" денсаулық сақтау мекемелерiнде тұрақты емделуге жатпайтын, денсаулығына байланысты тұрмыстық қызмет көрсетуге, күтiмге және медициналық көмекке мұқтаж қарттар мен мүгедектер қабылданады.
     Осы типтi мекемелерге жүйке аурулары мен жүйке ауруларына ұқсайтын соматикалық аурулар, есуастықтың жеңiл түрлерi, талма ауруларының сирек түрлерi (2-3 айда бiр реттен аспайтын), ақыл-есi кем емес психикалық жүйке ауруларымен ауыратын адамдар жiберiледi.

2. "Психикалық-жүйке ауруларының интернаты"

     "Психикалық-жүйке аурулары интернатына" есуастық деңгейiн көрсететiн ақыл-есi кем және нақұрыс, сондай-ақ психикасындағы кемiстiктiң тұрпайы байқалуы немесе ақылы кем психикалық белгiлерiнде шиелiнiскендiк жағдайлары байқалмайтын психикалық аурулардың созылмалы түрлерiмен зардап шегетiн адамдар қабылданады:
     а) психотикалық белгiлерiнiң кемiстiктерi шиелiнiспеген шизофрения;
     б) эквиваленттер мен дiрiлдеген сирек (айына бес реттен аспайтын) талма аурулар және ақыл кемiстiгi байқалатын қояншық ауруларының әр түрлерi;
     в) ақылының кемiстiгiне әкеп соқтыратын бас сүйегi мен ми жарақатының зардаптары;
     г) ақыл кемiстiгiне әкелiп соқтыратын жұқпалы және басқа да бас миының органикалық (энцефалиттер, туберкулез менингиттерi, менингоэнцефалиттер, ми сифилисi және т.т.) ауруларының зардаптары;
     д) ақыл кемiстiгiне әкелiп соқтыратын созылмалы маскүнемдiктiң зардаптары;
     е) психомоторлық мазасыздық пен созылмалы немесе сана өзгерiстерiнiң қайталануынан кемiстiгiне әкелiп соқтыратын тамыр және сенил аурулары.
     "Психикалық-жүйке аурулары интернатына" жiберуге қайшы көрсеткiштер психикалық аурулардың шиеленiскен және шиеленiске жақын сатылары және аурулардың өзi мен айналасындағларға қауiптi (жыныс бұрмалаушылығы, гиперсексуалдығы, бiреудi азаптауға (садистiк) бейiмдiлiгi, агрессияға, өртеуге, дромаманияға жақындағы, тамақтан бас тартуы, суициалдық тенденциясы және т.т.) тәртiбiнiң бұзылуы мен бұзылған дөрекi әуестенушiлiгi, психикалық белгiлерiнiң бұзылғандығын сипаттайтын созылмалы психикалық аурулардың шиеленiскен мынадай түрлерi болып табылады:
     а) тұрақты емделудi қажет ететiн жиi декомпенсациямен аурудың қайтаналануы немесе кез-келген жиi ұстайтын шиеленiске жақын прогридиенттi психикалық аурулары;
     б) қояншық ұстауы және сериялық талма ауруына, қояншықтық статұсқа, ақыл-есiнiң шығасылы-кiресiлi жағдайына, дисфорияға бейiм, талма ауруының жиi (айына бес реттен артық) ұстайтын басқа этиология дiрiлдек синдромы;
     в) созылмалы маскүнемдiк, нашақорлық, сондай-ақ созылмалы маскүнемдiктiң немесе нашақорлықтың кез-келген асқынған психикалық ауруларының түрлерi;
     г) түрлi генездiң ашық көрсетiлген депрессивтiк және маникалды жағдайы, ұзаққа созылған реактивтi түрi;
     д) анық көрiнетiн психикалық ауру сияқты, сондай-ақ тиiмдi, эксплозивтi, параноидты, параноялды қояншықтық.

3. Балалар интернат үйi

     Дене дамуында ауытқулары бар балаларға арналған балалар интернат үйiне зерделi және қозғалу мүшелерi бұзылған, бiреудiң көмегiнсiз қозғалмайтын, қозғалу мүшелерiнiң қатты бұзылуынан өздерiне қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн мына аурулармен ауыратын балалар қабылданады:
     мидың сал ауруының әртүрлi этиологиясы;
     полиомиелит зардабынан қалпына келтiру және резидулалдық кезеңiндегi;
     қозғалып жүру мүшелерiнiң туа бұзылуы және кейiннен бұзылуы;
     артрогриппозбен, хондродистрофиямен, тұқым қуалайтын дене мүшелерiнiң бұзылуы және бұлшық еттердiң жүйке аурулары.
     Дене дамуында ауытқулары бар балаларға арналған балалар интернат үйiне психикалық аурулармен, олигофренияның барлық дәрежесiмен, талма ауруының қояншық түрлерiмен, орны толмайтын гидроцефалиямен ауыратын балалар қабылданбайды.
     Ақыл-есiнде ауытқулар бар балаларға арналған балалар интернат үйiне мына жағдайдағы және мынадай аурулармен ауыратын балалар қабылданады:
     есуастық, имбецилдық дәрежедегi олигофрения;
     ақыл-есi кем болғанда сирек (айында 5 реттен жиi емес) талатын қояншық (оның iшiнде бiлiнiп тұратын) ауруы;
     өнiмсiз симптомды ақауы бiлiнген шизофрения;
     бастағы миға органикалық зақым келудiң салдарынан болған ақыл-естiң кемдiгi;
     қосалқы сыныптарға сәйкес арнаулы мектеп интернатта (басқа бiреудiң көмегiнсiз қозғала алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн, қозғалу мүшелерiнiң ауыр бұзылуынан өздерiне қызмет ете алмайтын) оқуына ауырлық тудыратын қозғалу функцияларының дөрекi бұзылған, есалаңдықты қоса отырып, ақыл-есi кем ауруларының барлық дәрежесi;
     арнаулы мектеп-интернатта оқуына ауырлық туғызатын қозғалу функцияларының дөрекi бұзылуы, есалаңдықты қоса отырып, ақыл-есiнiң кемдiгiнiң барлық дәрежесi және соқырлығы (нашар көруi) немесе кереңдiгi (нашар естуi)
     Ақыл-есiнде ауытқулары бар балаларға арналған балалар интернат-үйiне мынадай аурулармен ауыратын балалар қабылданбайды:
     өнiмдi симптомы бар, адамның кемшiлiктерi байқалмайтын шизофрения;
     жиi талатын (айына 5 реттен артық), сериялық талмаға, қояншықтық статусқа бейiм, сана-сезiмi кiресiлi-шығасылы, дисфориялы қояншық ауруы;
     нозиологиялық тәндiлiктiң кез-келген шеңберiндегi психикаға жақын симптоматика;
     ауырудың өзiне және айналасындағыларға қауiптi тәртiбiнiң дөрекi бұзылуына апарып соғатын психикалық ауыру;
     баланы жалпы бiлiм беретiн немесе арнаулы ағарту мекемелерiнде оқытуға мүмкiндiгi бар психикалық аурудың кез-келген түрлерi;
     Интернат үйiне қабылдауға жатпайтын жалпы қайшы көрсеткiштер болып табылатын:
     туберкулез процесiнiң активтi сатысы;
     терi мен шаштың жұқпалы аурулары;
     шиеленiскен жұқпалы аурулар
     қатерлi өтетiн iсiк аурулары және қатерлi процестердiң қайталануы;
     талануы;
     жыныстық аурулары;
     интернат үйiне қабылданар кезде жоғары температурасы немесе денесiнде бөртпенiң белгiсiз этиологиясы бар адамдар денсаулық сақтау мекемелерiне жiберiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады