"Инвестициялық жобаға қойылатын талаптар" нұсқаулығын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылғы 28 наурыз N 3 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 15 қазанда тіркелді. Тіркеу N 396. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығымен.

      "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12 және 15-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
      1. "Инвестициялық жобаға қойылатын талаптар" нұсқаулығы бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары,
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар жөнiндегi
      мемлекеттiк комитетiнiң
      төрағасы

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар жөнiндегi  
мемлекеттiк комитетiнiң  
1997 жылғы 28 наурыздағы  
N 3 қаулысымен бекiтiлген 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң "Инвестициялық жобаға қойылатын
талаптар" нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Нұсқаулық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12 және 15-баптарына сәйкес әзiрлендi және инвестициялық жобаға қойылатын талаптарды айқындайды.
      1.2. Инвестициялық жобаға қойылатын талаптар - Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) жеңiлдiктер мен преференциялар беру туралы шешiм қабылдау, инвестордың инвестициялық және пайдалану бағдарламалары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауына бақылау жасау үшiн инвестициялық жобаның әртүрлi фазасында оған қойылатын талаптары.
      1.3. Инвестициялық жоба - инвестициялық жобаға байланысты және инвестиция алдындағы инвестициялық және пайдалану фазаларынан тұратын шаралар циклы.

2. Инвестиция алдындағы фазаға қойылатын талаптар

      2.1. Инвестиция алдындағы фаза - инвестициялық жоба фазасы, онда мыналар айқындалады:
      - инвестициялық мүмкiншiлiктер;
      - жоба бойынша техникалық-экономикалық негiздеменi бағалау;
      - жобаның балама нұсқаларын талдау;
      - жобаны алдын ала таңдау;
      - қаржыландыру схемасы.
      2.2. Инвестор Комитетке жоба бойынша өзiнiң қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкiншiлiктерiмен техникалық - экономикалық негiздемесi туралы толық ақпар бередi, ол жалпы қабылданымды халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасында қабылданған стандарттарға сәйкес әзiрленуi тиiс.
      2.3. Инвестор барлық ақпараттың дәлдiгiне және ол үшiн Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдарына сәйкес толық жауапкершiлiкте болады.

3. Инвестициялық фазаға қойылатын талаптар

      3.1. Инвестициялық фаза - инвестициялық жоба фазасы, онда мыналар жүргiзiледi:
      - жобаны жүзеге асыру үшiн құқықтық, қаржылық және ұйымдастыру негiздерi;
      - негiзгi жобалық жұмыстарды қоса алғанда, технологияларды сатып алу және беру;
      - келiсiм-шарттарды берушiлермен және тұтынушылармен егжей-тегжей тиянақтау және жасау;
      - жердi сатып алу, құрылыс жұмыстары мен жабдықтарды орнату;
      - өндiрiс алдындағы маркетинг;
      - қызметкерлердi жинақтау және оқыту;
      - өндiрiстердi пайдалануға беру және iске қосу.
      3.2. Инвестор келiсiм-шарттағы тiкелей инвестициялардың көлемдерi мен оларды салудың мерзiмдерi, өндiрiстi пайдалануға беру мен iске қосудың мерзiмдерi, басқа да жағдайлар бойынша өзiне қабылдаған мiндеттемелерiн орындауы тиiс.

4. Пайдалану фазасына қойылатын талаптар

      4.1. Пайдалану фазасы - инвестициялық жоба фазасы, онда тауарларды немесе қызмет көрсетулердi өнеркәсiптiк өңдеу және инвестицияларға салынатын қаражатты қайтару басталады.
      4.2. Инвестор жобаны өзiне:
      - жалпы;
      - техникалық;
      - ұйымдастыру-басқару;
      - қаржы;
      - экономикалық;
      - бюджеттiк тиiмдiлiк негiзiнде жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген пайдалану фазасына қатысты өлшемдерге барынша сәйкестiкте жүргiзуге мiндеттi.

5. Қорытынды ережелер

      5.1. Инвестиция алдындағы фазаға қойылатын талаптардың орындалуын тексеру "Инвестордан түскен өтiнiмге сараптама ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртiбi туралы" ережеге сәйкес инвестордың өтiнiмiн сараптаудың негiзiнде және Комитет пен инвестордың арасында келiсiм-шарт әзiрлеу және оған "Келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру мен оны жүргiзудiң тәртiбi туралы" ережеге сәйкес сараптама жүргiзу жолымен жүргiзiледi.
      5.2. Инвестициялық және пайдалану фазаларына қойылатын талаптардың орындалуын тексеру Комитеттiң "Бекiтiлген инвесторлардың өздерiне алған мiндеттемелерiнiң атқарылуына бақылау жасауды қоса, инвестициялық жобалардың жүзеге асуына бақылау жасаудың тәртiбi туралы" нұсқаулығына сәйкес жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады