Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына өтiнiштердi қараудың және лицензияларды берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылғы 21 шiлдедегi N 187-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 13 қарашада тіркелді. Тіркеу N 418. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттiк кеден комитетiнің 1999 жылғы 03 қарашадағы N 529-Б бұйрығымен. ~V990969

      ҚР Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 556 P970556_ "Кеден делдалы туралы ереженi бекiту туралы" қаулысын орындау мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса тiркелiп отырған Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына өтiнiштердi қараудың және лицензияларды берудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары осы бұйрықтың мазмұнын шарттық негiздегi барлық декларанттарға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жеткiзсiн.
      3. Заң басқармасы (Әдiлбеков С.) 1997 жылдың 25 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандарды оқыту үшiн мекемелер мен ұйымдарды тендерлiк негiзде тарту мүмкiндiгiн қарасын.
      4. Кедендiк бақылау мен кiрiстер департаментi (Мүлкин С.) кедендiк

 

ресiмдеу жөнiндегi мамандарды оқыту бойынша бағдарламаларды жасасын және

1997 жылдың 1 қазанына қарата бекiтуге ұсынсын.

     5. Құжаттамалық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету жөнiндегi

департамент (Әбiлғалиев Ж.) бекiтiлген үлгiге сәйкес лицензиялардың

бланкiлерiне қажеттiлiктi қамтамасыз етсiн.

     6. Баспасөз қызметi (Мұратбаева Ә.) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат

құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.


     Төраға


                                                     ҚР МКК-нiң

                                                  21.01.97 N 187-П

                                                     бұйрығымен

                                                     бекiтiлген


             Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру

          құқығына өтiнiштердi қараудың және лицензияларды

                    берудiң тәртiбi туралы ереже


                          1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



 
       1.1. Осы Ереже кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына өтiнiштердi қараудың және лицензияларды берудiң, қайтарып алудың, қолданылу мерзiмiн кейiнге қалдыру тәртiбiн анықтайды.
      1.2. Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыруға лицензия (бұдан

 

әрi - лицензия) оның иесiнiң кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру

құқығын растайтын ресми құжат болып табылады.

     1.3. Лицензияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi

(бұдан әрi - ҚР МКК) бередi.

     1.4. Аумақтық қолданылу аясына қарай лицензиялардың екi түрiнiң болуы

мүмкiн:

     а) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен

шектелiп отырған;

     б) қолданылуы Қазақстан Республикасының күллi аумағына таратылатын.

     1.5. Кеден делдалы қызметiндегi шектеулер лицензияда көрсетiледi.

Қызметтi аталған шектеулерден тысқары жүзеге асыруға жаңа лицензияны алмай

жол берiлмейдi.

     1.6. Лицензияның берiлгенi үшiн 5000 ЭКЮ мөлшерiнде алым алынады.

     1.7. Лицензияның қолданылу мерзiмi 3 жыл.

     1.8. Лицензияның бланкiсi қатаң есептiлiк құжаты болып табылады, оның

есепке алу сериясы мен нөмiрi (2-қосымша) болады. Кеден делдалының

лицензияны басқа адамға беруiне жол берiлмейдi.

     1.9. Лицензия лицензиялау туралы заңдармен көзделген жағдайларда

өзiнiң қызметiн доғарады.


                    2. ЛИЦЕНЗИЯНЫ БЕРУДIҢ ТӘРТIБI


     2.1. Лицензияны алу үшiн заңды тұлға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) ҚР

МКК-на өтiнiшпен қайырылады (1-қосымша).

     2.2. Өтiнiште:

     - өтiнiш берушiнiң толық және қысқартылған атауын;

     - өтiнiш берушiнiң салық төлеушiсiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН), ҚҰЖЖ

кодын;

     - заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны туралы мәлiметтердi;

     - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң тiркеу нөмiрiн;

     - өтiнiш берушiнiң заңды және нақты мекен-жайын;


 
       - лицензияны алу сәтiнде кеден делдалы ретiнде қызметiн жүзеге асыруды өтiнiш берушiнiң жоспарлап отырған жерлерiнiң мекендерi көрсетiле отырып, барлық филиалдардың тiзбесiн;
      - өтiнiш берушiнiң және оның филиалдарының, өкiлдiктерiнiң, банк шоттарының нөмiрiн, аталған банктердiң атауын, мекен-жайы мен КҰЖЖ кодын;
      - Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлар номенклатурасына сәйкес өтiнiш берушiнiң кеден делдалы ретiнде өзiнiң қызметi аясын шектеудi ойластырып отырған тауарлар топтары мен көлiк құралдарының түрлерiн;
      - өтiнiш берушiнiң басшы лауазымды адамдарының тегiн, аты-жөнiн, туған жылы мен жерiн;
      - лицензия беру туралы шешiм қабылдау үшiн маңызы бар бола алатын өзге де ақпараттарды көрсету керек.
      2.3. Өтiнiшке:
      - өтiнiш берушiнiң қызметтi жүргiзу құжаттарының, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң нотариалды жолмен куәлендiрiлген көшiрмелерi;
      - банктердiң өтiнiште көрсетiлген есепшоттардың бар екендiгiн растауы;
      - өтiнiш берушiнiң штатында кедендiк ресiмдеу жөнiнде мамандардың бар екендiгiн растайтын мәлiметтер мен құжаттар, сондай-ақ осындай мамандардың ҚР МКК берген бiлiктiлiк аттестаттарының нотариалды жолмен куәлендiрiлген көшiрмелерi;
      - өтiнiш берушiнiң ұсынылатын адамдармен шарттарды бұзғаны заңдармен белгiленген есеп айырысу көрсеткiштерiнiң кемiнде 10000 есе мөлшерiндегi сомаға жауаптылық тәуекелдiгiн сақтандыру туралы шарттың көшiрмесi;
      - осы ережеге сәйкес өтiнiш берушiнiң материалдық-техникалық жарақтандыру талаптарын сақтауын растайтын құжаттар;
      - өтiнiш берушiнiң кеден делдалының кедендiк бақылауға және ол туралы есептiлiкке жататын тауарлар мен көлiк құралдарымен операцияларының есебiн жүргiзуге талаптарды сақтауын растайтын құжаттар;
      - лицензиялық алымды төлегенi туралы түбiртек;
      - өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын өзге де құжаттар қоса тiркеледi.
      2.4. Лицензия беру туралы өтiнiшке және жоғарыда аталған құжаттарға басшы мен бас бухгалтер қол қояды, ол өтiнiш берушiнiң мөрiмен куәлендiрiледi және брошюра түрiнде жасалады. Барлық құжаттар екi данада жасалған тiзбе бойынша тiркеледi, олардың бiреуi өтiнiш берушiге берiледi.
      2.5. Лицензия беру туралы өтiнiш ол берiлгеннен кейiнгi 30 күн iшiнде қаралады.
      2.6. Өтiнiштi қарау барысында өтiнiш берушiнiң ұсынған құжаттары мен мәлiметтерiнiң шынайылығы, олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сай келуi тексерiледi.
      2.7. ҚР МКК мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан өтiнiш берушiнiң ұсынған құжаттары мен мәлiметтерiнiң шынайылығын анықтауға қажеттi қосымша құжаттары мен мәлiметтерге қатысты сұрау салуға құқылы. Бұл ретте қажет кезiнде өтiнiштi қараудың мерзiмi өтiнiш берушiнiң мiндеттi жазбаша хабары арқылы ұзартылуы мүмкiн.
      2.8. Өтiнiштi беруден бас тартуға:
      - өтiнiш берушiнiң кеден делдалына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
      - өтiнiш берушiнiң ұсынған құжаттарында шынайы емес құжаттардың бар болуы;
      - өтiнiш берушiнiң қызметтiң осы түрiмен айналысуына тыйым салатын соттың шешiмiнiң бар болуы, өтiнiш берушiнiң кеден ережелерiн бiрнеше рет бұзуы;
      - бас тартуға жеткiлiктi негiздер бар болатын басқа жағдайларда негiз болып табылады.
      2.9. Өтiнiш берушi лицензияның берiлгенi үшiн алым салмаса, онда лицензия берiлмейдi.
      2.10. Лицензияны беруден бас тарту кезiнде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады.
      Лицензияны беруден бас тарту жағдайында лицензияны беру туралы екiншi өтiнiш берушiден бас тарту негiз болған себептердi жойған соң қабылданады және жалпы негiздермен қаралады.
      2.11. Егер кеден делдалы лицензияда көрсетiлмеген филиалы арқылы өзiнiң қызметiн жүзеге асыруды жоспарлап отырған болса, ол ҚР МКК-не оның көшiрмесiн беру туралы ықтиярлы нысандағы өтiнiшпен қайырылуға мiндеттi.
      2.12. Аталған өтiнiштi қараудың мерзiмi ол берiлген күннен бастап 30 күннен аспауы тиiс.
      2.13. ҚР МКК қызметi аймағында филиалы орналасқан кеден органына осы бөлiмшенiң кеден делдалының қызметiн орындауға дайын екендiгi-еместiгi туралы сұрау салады.
      2.14. Лицензияның көшiрмесiн беруден бас тарту кезiнде МКК қызметi аймағында филиалы орналасқан кеден органының терiс қорытындысы не өтiнiштiң көшiрмесiн беру туралы оны беру немесе қарау сәтiнде лицензияның қолданылу мерзiмiнiң кiдiртiлуi бас тартудың негiзi болған себептер баяндалып, осы жөнiнде өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.
      2.15 Лицензия көшiрмесiнiң оң бетiндегi жоғарғы оң бұрышында кеден делдалының филиалының орналасқан жерi көрсетiледi.
      2.16. Лицензия көшiрмесiнiң берiлгенi үшiн қосымша ақы алынбайды.
 
              3. ЛИЦЕНЗИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН КIДIРТУ МЕН ОНЫ
                             ҚАЙТАРЫП АЛУ
 
      Лицензиялау туралы заңдық актiлермен көзделген негiздер бойынша лицензияның қолданылуын кiдiртуге және оны қайтарып алуға болады.
      3.1. Лицензияны:
      - егер оны өтiнiш берушi ұсынған толық емес немесе жалған мәлiметтер мен құжаттардың негiзiнде берсе;
      - кеден делдалы мiндеттемелерiн орындамаса;
      - кеден заңдарымен көзделген құқықтар бұзылса;
      - ұсынылатын адамға, оның iшiнде сотпен белгiленген коммерциялық құпияны немесе жасырын ақпараттарды қамтитын мәлiметтердi заңсыз пайдалану жолымен заңға қайшы нұқсан келтiрiлсе;
      - кеден делдалы банкрот болып танылса;
      - бiлiктiлiк аттестаты қайтарып алынған маманның немесе бiлiктiлiк аттестатының қолданылуы кiдiртiлген маманның көрсететiн қызметi пайдаланылса;
      - Қазақстан Республикасының салық заңдары бұзылса;
      - лицензиялау туралы заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда қайтарып алуға болады.
      3.2. Лицензияны беру туралы шешiм үшiн айтарлықтай маңызы бар мәлiметтердiң жалғандығы жөнiндегi фактiнi анықтаған кеден органы бұл туралы ҚР МКК-не дереу хабарлайды.
      3.3. Лицензияны қайтарып алу туралы шешiм ҚР МКК-нiң бұйрығы түрiнде ресiмделедi.
      Қайтарып алу лицензия берiлген күннен бастап күшiнде болады.
      3.4. Қайтарып алынған лицензия лицензияны қайтарып алу туралы шешiм алынған күннен бастап 15 күннен кешiктiрiлмей қайтаруға жатады.
      3.5. Лицензияны қайтарып алу кезiнде кеден делдалы шешiм алынған күннен бастап 15 күн iшiнде қызметi аймағында кеден делдалы өзiнiң қызметiн жүзеге асырған кеден органына лицензияның қолданылуының барлық мерзiмiнде кедендiк бақылауға жататын тауарлар және көлiк құралдарымен операциялар туралы күллi есептiлiктi ұсынуға мiндеттi.
      3.6. Лицензияны қайтарып алу кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу бойынша ұсынылатын адамдармен кеден делдалының жасаған барлық шарттары кедендiк бақылау мақсатында:
      - жасалған шарттар бойынша кеден делдалы өзiнiң мiндеттемелерiн толық орындаса;
      - тауарлар мен көлiк құралдарының орналастырылатын кеден режимдерiнiң күшi аяқталып отырылса, не кеден делдалының кеден режимдерiнiң күшiнiң аяқталуына байланысты ешқандай мiндеттемелерi жоқ болса;
      - есеп-қисап құжаттары тексерiлген кезде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы мәмiлелердiң жасалған сәтiнде жауаптылыққа әкеп соқтыратын қандай да бiр бұзушылық анықталмаса жарамды деп танылады.
      Қызметi аймағында кеден делдалы өзiнiң қызметiн жүзеге асырған кеден органдары аталған мәмiлелер бойынша тауарлар мен көлiк құралдары шығарылған соң кедендiк бақылауды iрiктей отырып жүзеге асырады.
      3.7. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу бойынша ұсынылатын адамдармен кеден делдалының жасаған мәмiлелерi кедендiк бақылау мақсатында шамалы деп танылады, ал осындай мәмiлелер бойынша ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдары жасалған мәмiлелер бойынша кеден делдалы өзiнiң мiндеттемелерiн орындаған болса, бiрақ тауарлар мен көлiк құралдарының орналастырылатын кеден режимдерiнiң күшi осы мәмiлелердiң нәтижесiнде аяқталмаса, екiншi кедендiк ресiмдеуге жатады.
      3.8. Лицензияны қайтарып алу кезiнде кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдары екiншi кедендiк ресiмдеуге жататын адамдарға оларға хабарлаған сәттен бастап 30 күн iшiнде аталған тауарлар мен көлiк құралдарын қайтадан кедендiк ресiмдеудiң қажеттiлiгi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      3.9. Лицензияны қайтарып алу туралы шешiм қабылданған және "Кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлықпен көзделген, осы тауарлар мен көлiк құралдары туралы мәлiметтер келтiрiлген кедендiк декларацияларды алып қоюға құқық доғарылған соң кедендiк ресiмдеу барысындағы тауарлар мен көлiк құралдары екiншi кедендiк ресiмдеуге жатады.
      3.10. Лицензияны қайтарып алуға байланысты кеден делдалына және ұсынылатын адамға келтiрiлген нұқсанды кеден органдары өтемейдi.
      3.11. Лицензияны екiншi рет беру туралы өтiнiштi оны қайтарып алуға негiз болған себептер жойылатын жағдайда қайтарып алу туралы шешiм шығарылған күннен бастап екi жыл өткенде қарауға болады.
      3.12. Кеден делдалы мен ұсынылатын адам арасындағы қатынастар лицензия қайтарып алынатын болса, азаматтық заңдармен реттеледi.
      3.13. Лицензияны қайтарып алу туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағымдануға болады.
      3.14. Кеден делдалы өзiнiң құқықтарын терiс пайдаланды деуге жеткiлiктi негiздер бар болса, лицензияның қолданылу мерзiмiн 3 жылға кiдiртуге болады.
      Лицензияның қолданылу мерзiмiн кiдiрту тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
      3.15. Кеден делдалының өзiнiң құқықтарын терiс пайдаланғаны жөнiндегi фактiлердi анықтаған кеден органы бұл туралы ҚР МКК-не және қызметi аймағында кеден делдалы iстейтiн кеден органдарына дереу хабарлайды.
      3.16. Лицензияның қолданылу мерзiмi:
      а) терiс пайдаланғаны жөнiндегi фактiнi анықтаған кеден органының ұсынысы бойынша қабылданған кеден басқармасы бастығының шешiмiнiң негiзiнде - лицензиясының қолданылу күшi республиканың тек белгiлi бiр аумағында ғана таратылатын кеден делдалдары үшiн;
      б) кеден органының ұсынысы бойынша қабылданған ҚР МКК-нiң шешiмiнiң негiзiнде - лицензиясының қолданылу күшi республиканың күллi аумағына таратылатын кеден делдалдары үшiн кiдiртуге болады.
      3.17. Лицензияның қолданылу күшiн кiдiрту туралы шешiм тиiстi кеден органының жазбаша түрiнде ресiмделедi. Жазбаша түрiндегi шешiм ҚР МКК мен кеден делдалына хабарланады.
      Лицензияның қолданылу күшiн кiдiртуге себептер жойылған соң лицензияның күшi қалпына келтiрiледi.
 
                4. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚАЙТА РЕСIМДЕУДIҢ ТӘРТIБI
 
      4.1. Лицензияны алуға өтiнiште көрсетiлген, лицензияға жазылмайтын кеден делдалы туралы мәлiметтер өзгертiлген кезде өзгертiлген сәттен бастап бұл жөнiнде МКК-не жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      4.2. Кеден делдалы туралы өзгертiлуi мүмкiн мәлiметтердiң делдалдық қызметтi жүзеге асыруды доғаруға әкеп соғады деуге негiз бар болса, кеден делдалы бұл жөнiнде МКК-не дер кезiнде хабарлауға тиiс.
      4.3. Лицензияға жазылуы тиiстi кеден делдалы туралы мәлiметтер өзгертiлген (кеден делдалы мәртебесiнiң немесе Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлар номенклатурасына сәйкес тауарлар топтары немесе көлiк құралдарының түрлерi бойынша лицензияның қолданылу күшiне шектеудiң өзгертiлгенiн қоспағанда) жағдайда, сондай-ақ лицензияны немесе оның куәлендiрiлген көшiрмесiн жоғалтқан жағдайда кеден делдалы өзгертiлген немесе жоғалған сәттен бастап 15 күн iшiнде лицензияның көшiрмесiн беру туралы жазбаша өтiнiш беруге мiндеттi.
      4.4. Заңның өзгеруiне байланысты, лицензияға жазылуы тиiстi, бiрақ делдалдық қызметтi жүзеге асыруға кедергi жасамайтын кеден делдалы туралы мәлiметтер өзгертiлген кезде лицензия лицензиялық алымды төлеусiз-ақ берiледi. Бұрын берiлген лицензия кеден органдарына мiндеттi түрде қайтаруға жатады.
      4.5. Егер кеден делдалы өз қызметiнiң аясын Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кейбiр топтарымен және көлiк құралдарының түрлерiмен шектегiсi, сондай-ақ, өз қызметiнiң аймағын өзгерткiсi келсе, онда ол осы ережеге сәйкес лицензияны беруге жазбаша өтiнiш жасауы керек.
      4.6. Бұрын берiлген лицензияның қолданылу күшi лицензия берiлген

 

сәттен бастап доғарылады.

     Бұрын берiлген лицензия үшiн алым қайтаруға немесе есепке алуға

жатпайды.

     4.7. Лицензияны жаңа мерзiмге беру осы ережеге сәйкес жүзеге

асырылады.

     Лицензияны жаңа мерзiмге беру үшiн кеден делдалы бұрын берiлген

лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталатын күнге дейiн 1 айдан кешiктiрiлмей

кеден делдалы туралы талап етiлiп отырған мәлiметтер атала отырып, өтiнiш

бередi.


                                                1-қосымша


                                  ҚР Мемлекеттiк кеден комитетi

                                  _____________________________

                                      (заңды тұлғаның атауы)


                               ӨТIНIШ


     Кеден делдалы ретiнде қызметтi ________________________________

                                    (болжалды аумақтық қызмет аясы)

____________________________________________________________________

аумағында жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.

     Ұйым туралы төмендегiлердi хабарлаймын:

     1. ____________________________________________________________

          (ұйымның толық және қысқа атауы, заңды және нақты

       мекен-жайлары, мемлекеттiк тiркеу куәлiгiнiң тiркеу нөмiрi)

     2. ____________________________________________________________

          (өтiнiш берушiнiң мекемесi туралы мәлiметтер)

     3. ____________________________________________________________

          (басшы лауазымды адамдардың ТЕ, туылған жылы мен жерi)

     4. ____________________________________________________________

          (осы шоттар ашылған банктердiң шоттарының нөмiрлерi,

              заңды мекен-жайлары мен ҚҰЖЖ кодтары)

     5. ____________________________________________________________

          (өтiнiш берушiнiң жарғылық қызметiнiң түрлерi)

     6. ____________________________________________________________

          (өтiнiш берушiнiң кеден делдалы ретiнде қызметiн шектеудi

          ойластырған СЭҚ ТН бойынша тауарларының топтары мен көлiк

                            құралдарының түрлерi)

     7. ____________________________________________________________

        (кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандардың ТЕ, бiлiктiлiк

        аттестаттарын нөмiрлерi)

     8. ____________________________________________________________

          (қажеттi жайлардың болуы)

     9. ____________________________________________________________

          (оқшауланған құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi)

     10. ___________________________________________________________

          (лицензияны беру туралы шешiм қабылдау үшiн пайдалануға

                  болатын өзге де ақпараттар)


     Өтiнiшке төмендегiдей құжаттарды қоса тiркеп отырмыз:

     1. ____________________________________________________________

     2. ____________________________________________________________

     3. ____________________________________________________________


     Басшы               (қолы)              ТЕ

     Бас бухгалтер       (қолы)              ТЕ





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады