Кеден брокерi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 сәуiрдегі N 556 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2013 
қаулысымен .
     1. Қоса берiлiп отырған Кеден брокерi туралы ереже бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi
брокерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны кеден
заңдарының нормаларына сәйкес берсiн. <*>
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357   қаулысымен .

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң             
1997 жылғы 14 сәуiрдегi       
N 556 қаулысымен          
бекiтiлген              

  Кеден брокерi туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Мәтіндегі сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357   қаулысымен .

       1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасында тұрғылықты орны бар, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi) кеден брокерi ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын алған және өзiнiң штатында Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң бiлiктiлiк аттестатын алған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманы бар заңды тұлға кеден брокерi бола алады. 
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2013 
қаулысымен .  
      2. Кеден брокерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 
      3. Кеден брокерiнiң қызметi тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу бойынша операцияларды өз атынан жасау және өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен және тапсыруы бойынша кеден iсi саласында басқа да делдалдық қызметтердi орындау болып табылады. 
      Кеден брокерiнiң мiндетiне: 
      тауарлар мен көлiк құралдарын декларациялау; 
      Қазақстан Республикасының кеден органына кеден мақсаттарына қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтердi ұсыну; 
      декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органдарына ұсыну; 
      декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарға қатысты Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу; 
      декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiкке ие тұлға ретiнде кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау үшiн қажеттi әрекеттердi жасау кiредi. 
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2013 
қаулысымен .
      4. Алдын ала операциялар кезiнде кеден брокерi мынадай әрекеттердi: 
      Қазақстан Республикасының кеден органын Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге ниеттенiп отырғаны туралы хабардар етудi; 
      алдын ала операцияларды жүргiзген кезде кеден мақсаттарына керектi құжаттардың жобаларын жасауды; 
      тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймаларына орналастыруды жүзеге асыра алады. 
      5. Кеден брокерi өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде: 
      Қазақстан Республикасы кеден органының талабы бойынша өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен кедендiк ресiмдеуге жататын тауарларды тасымалдау, өлшеу немесе санын өзгеше анықтауды, тиеудi, түсiрудi, қайта тиеудi, бүлiнген орамасын түзеудi, орамасын ашуды, орауды немесе тауарлар мен көлiк құралдарын қайта орауды, сондай-ақ осындай тауарлар мен көлiк құралдары қойыла алынатын үй-жайларды, сыйымдылықтарды және басқа да жерлердi ашуды жүзеге асыруға; 
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының кеден брокерiнiң декларациялайтын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты жүргiзетiн мал дәрiгерлiк, фитосанитарлық және мемлекеттiк бақылауының басқа да түрлерiн жүзеге асыруды қамтамасыз етуге; 
      Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi белгiлейтiн тәртiпте тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты есеп пен есеп берудi жүргiзуге; 
      кеден брокерi пайдаланатын ақпараттары мен бағдарламалық өнiмдерiн автоматты өңдеу құралдарының Қазақстан Республикасының кеден органдары пайдаланылатын ақпараттары мен бағдарламалық өнiмдердi автоматты өңдеу құралдарымен үйлесуiн қамтамасыз етуге; 
      Қазақстан Республикасының кеден органдарына анықталынған кез келген өзгерiстер, кедендiк теңдестiру құралдарының өзгеруi, құруы, бүлiнуi немесе жойылуы, ыдыстар мен орамалардың бүлiнуi, тауарлардың көлiк, коммерциялық және құжаттардағы олар туралы мәлiметтерге сәйкес келмеуi, түрлi құжаттардағы тауарлар жөнiндегi мәлiметтердiң сәйкес келмеуi және кеден iсiне қатысты бар осыған ұқсас жағдаяттар туралы дереу хабарлауға; 
      өзi бiлдiретiн тұлғаларға Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын түсiндiруге; 
      Қазақстан Республикасының кеден органдарына кеден брокерiнiң штатында тұрған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi мамандар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ осындай мамандардың қолдарының үлгiлерiн ұсынуға мiндеттi. 
      6. Кеден брокерi өз қызметiнiң аясын Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың белгiлi бiр санаттарымен және көлiктiң түрлерiмен дербес айқындай немесе шектей алады. 
      7. Кеден брокерi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының заңында көзделген декларанттың барлық мiндеттерiн орындайды және толық көлемде жауапкершiлiкте болады. 
      8. Кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден брокерiнiң мiндеттерi тауарлар мен көлiк құралдарын белгiлi бiр кеден режимiмен орналастыруды жүргiзу рәсiмiнiң талаптарынан туындайды. Мұндай операцияларды жасау фактiсi кеден брокерiне кеден режимiнiң қолданылуын аяқтаумен байланысты операцияларды жасау бойынша мiндеттердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тек қана тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзетiн тұлғаға не өзге тұлғаға егер "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында басқаша белгіленбеген болса жүктелiнуi мүмкiн өзге де мiндеттердi жүктемейдi. 
       Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2013  қаулысымен .
      9. Өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде кеден брокерi: 
      Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген тәртiпте тауарларды кедендiк ресiмдеу мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу кезiнде қатысып отыруға; 
      кеден бақылауымен тауарлар мен көлiк құралдарын тексерiп қарауды, оларды өлшеудi және санын өзгеше анықтауды жүргiзуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуға құқылы. Егер аталған операциялар кедендiк ресiмдеу басталғанға дейiн жасалатын болса, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлетiн тауарларға қатысты мұндай рұқсат талап етiлмейдi; 
      кеден органдары жүргiзген алынған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн зерттеудiң (сараптаманың) нәтижелерiмен танысуға; 
      алынған тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн зерттеудi (сараптаманы) жүргiзуге не өз қаражаты есебiнен немесе өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай зерттеудi (сараптаманы) жүргiзудi қамтамасыз етуге; 
      Кеден органдарының рұқсатымен Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi белгiлеген тәртiпте осы органдардың құзыретiне жататын бақылау-қадағалау функцияларын қоспағанда жекелеген әрекеттердi (теңдестiру құралдарын өзгерту, жою немесе құрту және басқаларды) орындауға; 
      Қазақстан Республикасы кеден органының келiсiмiмен кедендiк бақылау аймақтарына кiруге құқықтары бар өз қызметкерлерiнiң тiзiмiн бекiтуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аталған аймақтарда кедендiк ресiмдеу операцияларын жасау үшiн қажеттi қызметтiк үй-жайларының болуына; 
      Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарынан кеден мәселелерi бойынша ақпарат пен консультациялар алуға; 
      Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы кеден органдарының ақпаратты автоматтық өңдеу, кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi деректердi электронды жолмен беру үшiн пайдаланатын ақпараттық желiлерiне енуге; 
      Қазақстан Республикасы кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетi мен әрекетсiздiгiне белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы. 
       Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2013  қаулысымен
     10. Кеден брокерiнiң өзi бiлдiретiн тұлғамен өзара қарым-қатынасы заңмен белгiленген тәртiпте жасалатын шарт негiзiнде құрылады. 
      11. Кеден брокерi мен өзi бiлетiн тұлғаның арасында "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының заңының 200-бабында аталған әрекеттер жүргiзiлгеннен кейiн жасалған шартты өзгерту немесе бұзу кеден брокерiн кеден ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен босатпайды. 
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2013  қаулысымен .
      12. Кеден брокерi мен өзi бiлдiретiн тұлғаның арасындағы даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi. 
      13. Кеден органдарының алдындағы кеден брокерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi өзi бiлдiретiн тұлғамен жасалынған шартпен шектелуi мүмкiн емес. 
      14. Кедендiк ресiмдеу кезiнде Қазақстан Республикасы кеден органдарының алатын кеден төлемдерiн және салықтарын төлемегенi үшiн, бұл олардың арасындағы шартпен көзделiнген жағдайда, кеден брокерi тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзетiн тұлғамен бiрге жауапкершiлiкте болады. 
       Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.29. N 2013  қаулысымен .
      15. Кеден брокерi ретiндегi қызметтi доғарудың тәртiбi Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен айқындалады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады