Қазақстан Республикасының Ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарында iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының өтуi туралы НҰСҚАУ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 6 ақпан N 445 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012 жылғы 12 қазандағы № 691 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012.10.12 № 691 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарында iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының өтуi туралы нұсқау.
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi.___________Алматы ______ 1997. ______ 25 бет
      Нұсқау ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары үшiн көлiк құралдарының өтуiне рұқсат берудiң тәртiбiн, олардың жолдар мен көпiрлерден өту тәртiбiн, көлiк құралдарының техникалық күйiне, жабдықтарына қойылатын талаптарды, оларды өткiзу үшiн жолға келтiретiн шығындарды өтейтiн төлем шамасын, осындай тасымалдаудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы мен ұйымдардың iс-әрекеттерiн белгiлейдi.
      Жасаған және енгiзген: Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты
                             "қазжолҒЗИ" АҚ
      Келiсiлген: Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен
                  19 қараша 1997 ж.
      Бекiткен: Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
                министрлiгi
                4 желтоқсан 1997 ж. N 605
      Орнына енгiзiлгенi: Қазақстан Республикасының Көлiк құрылыстары министрлiгi 1993 ж. 2 маусымда бекiткен "Iрi габариттi және ауыр салмақты жүк автомобилi көлiктерiмен (РД 218.Р. Қаз. 64-92) тасымалдау туралы нұсқау" және "Қазақстан Республикасындағы ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарында iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының өтуiне белгiленген төлем туралы уақытша көрсеткiш".
      Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары департаментiнiң рұқсатынсыз көшiруге, көбейтуге және таратуға болмайды.

                          I. Жалпы ережелер

      1.1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының "Жол жүріcі қауiпсiздiгi туралы" 1996 ж. 15 шiлдедегi N 29-1 Заңына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын пайдалану ережелерi және оларды қорғау тәртiбi туралы" 1993 ж. 20 сәуiрдегi N 316 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 1995 ж. 26 сәуiрдегi N 557 Қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жол қоры туралы" Жарлығын жүзеге асыру туралы" 1996 ж.21 ақпандағы N 221 Қаулысына сәйкес жасалған.
      Нұсқауды жасаған кезде, сонымен қоса, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 ж. 26 сәуiрдегi N 557 Қаулысын орындау мақсатында "Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердiң ауыр салмақты және iрi габариттi көлiк құралдарының өтуi үшiн төлемi туралы" ведомствоаралық хаты ескерiлген, мұны Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитет 1995 ж. 30 мамырда (N П3-13/913) бекiткен, әрi Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен 1995 ж. 30 мамырда (N 1489) келiсiлген.
      1.2. Iрi габариттi көлiк құралдарына, олардың габариттiк өлшемдерi ортақ пайдаланатын жолдарда жүру ережесiнде рұқсат етiлген габариттiк өлшемдерден асатын жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралдары жатады. P971650
      Ауыр салмақты көлiк құралдарына, олардың жалпы массасы және (немесе) оське түсетiн салмағы жасаушы кәсiпорындар белгiлеген шамадан асып кеткен немесе осы автомобиль жолдарында және ондағы құрылыстарда рұқсат етiлген жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралдары жатады.
      1.3. Осы нұсқау:
      - ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары үшiн көлiк құралдарының шектеулi габариттерi мен жүктерiн;
      - жүгi бар немесе жүксiз iрi габариттi және/немесе ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруiне арнайы рұқсат берудiң тәртiбiн;
      Ескерту. Әрi қарай "жүгi бар немесе жүксiз iрi габариттi және/немесе ауыр салмақты көлiк құралдары..." деген сөйлем "...iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдары" деп ауыстырылады.
      - оларды жолдардан және жасанды құрылыстардан өткiзу тәртiбiн;
      - көлiк құралдарының техникалық күйi мен жабдықтарына талаптарын;
      - осындай тасымалдаудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы бөлiмшелерi мен ұйымдардың iс-әрекеттерiн белгiлейдi.
      1.4. Ауыр салмақты құралдардың шектеулi габариттерi мен жүктерi Жолда жүру ережесiнiң негiзiндегi құжатта, автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарды жобалау нормаларында және оларда көлiктi пайдалану деңгейiнде белгiленген.
      1.5. Осы нұсқау республикадағы ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарымен жүретiн Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң барлық iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарына қолданылады.
      1.6. Автомобиль көлiктерiмен iрi габариттi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау, оларды бөлшектеп тасымалдауға мүмкiндiк болмаған немесе тиiмсiз болған немесе басқа көлiк түрлерiмен тасымалдау мүмкiндiгi болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
      Көлiк түрiн iрi габариттi және ауыр салмақты жабдықтарды немесе бұйымдарды әзiрлеудiң жобалық құжаттарын жасау кезеңiнде анықтайды. Тасымалдау құнының есебiне жолдарға және жасанды құрылыстарға келтiрiлген зиян, жолдар мен құрылыстарды жақсартуға немесе конструкциялауға, жолда жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларға, сондай-ақ Жол полициясының патрульдiк автомобильдерi ерiп жүруге кететiн шығындар ескерiледi.
      1.7. Iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруi тек тиiстi ақысын төлегеннен кейiн автомобиль жолдары басқармасының органдары берген арнайы рұқсат бойынша ғана жүзеге асырылады. Ақы мөлшерi АҚШ долларымен есептеледi де, төлем жасаған күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша ұлттық валютамен теңгемен төленедi.
      Iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарынан төлем алудың негiздемесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жол қоры туралы" заң күшi бар "Жарлығын жүзеге асыру туралы" 1996 ж. 21 ақпандағы N 221 Қаулысы болып саналады.
      1.8. Төлемдi iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруi салдарынан жолдар мен құрылыстарда пайда болған бүлiнiстердi қалпына келтiруге, оларды өткiзудi ұйымдастыруға және осы кезде жолда жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге пайдаланады.
      1.9. Арнайы рұқсатсыз жүргенi, сондай-ақ келiсiлген маршруттан ауытқығаны үшiн жүк тасымалдаушыдан жүргенiне он еселiк сома төлем мөлшерiнде өтем алынады, оны арнайы рұқсат беретiн автомобиль жолдары басқармасы органының есеп шотына құяды.
      1.10. Жолда жүру ережесiн және осы нұсқаудың талаптарын сақтамағандықтан жолдарды және жол құрылыстарын зақымдағаны үшiн тасымалдауды жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ көлiк құралдарын жүргiзушi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.
      1.11. Егер iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдары келiсiлген маршрут бойынша жүрген кезде Жолда жүру ережесiн және осы нұсқаудың талаптарын сақтай отырып жолдарды, ондағы құрылыстарды және өзге де объектiлердi зақымдаса, онда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тасымалдауға келiскен ұйым жауап бередi.
      1.12. Iрi және ауыр салмақты көлiк құралдарын Жол полициясының патрульдiк автомобильдерiнiң ертiп жүруi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

                   2. Шектеулi габариттер мен жүктер

      2.1. Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердiң көлiк құралдарының ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарымен жүруi үшiн мынадай ең жоғары шектеулi габариттiк өлшемдерi белгiленген: жол бетiнен биiктiгi - 4,0 м, енi - 2,5 м (рефрижераторларға және изотермиялық кузовтарға), ұзындығы бiр тiркемелi (жартылай тiркемелi) автопойыз үшiн - 24 м.
      Егер аталған параметрлердiң кез келгенiнiң габариттi өлшемi ең жоғары шектеуден асып кетсе, сондай-ақ егер жүк көлiк құралы габаритiнiң соңғы нүктесiнен 2 метрден артық шығып тұрса, онда жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралдары iрi габариттi деп саналады.
      2.2. Көлiк құралдары оське түсетiн салмаққа байланысты екi топқа бөлiнедi: "А" тобы - оське түсетiн салмақ 6-дан 10 тонна-күшке (тк) дейiн, жол төсемi iргелi типте жетiлдiрiлген I-III категориядағы жолдарда пайдалануға арналған: "Б" тобы" - оське түсетiн салмақ 6 тк-ке дейiн, барлық категориядағы жолдарда пайдалануға арналған.
      2.3. Жол төсемi көтерiмдi автомобиль жолдарын пайдаланған кезде оське түсетiн салмақты, жол төсемiнiң берiктiгi бойынша автомобильден түсетiн салмақтың нормативтiк құжаттарының талаптарымен белгiлейдi, ал оның өзi жолдардың салынған (реконструкцияланған) жылына, жөндеу жұмыстарының мезгiлiнде жүргiзiлуiне, сондай-ақ жыл маусымына байланысты.
      Берiктiк жөнiндегi қолданылып жүрген нормативтiк құжаттардың талаптарын қанағаттандыратын жол төсемдерi үшiн бiр осьтi көлiк құралдарына түсетiн шектеулi салмақты доңғалақтардың төсемге орташа есептiк үлес қысымымен 1-кесте бойынша анықтайды.
      Ескерту. Бiр-бiрiнен 2,5 м-ден астам ара қашықтықта орналасқандарын бiр осьтi деп атайды.

                                                      I-кесте

_____________________________________________________________________
Осьтер| Бiр оське түсетiн салмақ, тк-тен |Доңғалақтардың төсемге
аралы.| аспайды                          |орташа үлес қысымы, МПа
ғының |__________________________________|___________________________
қашық.| "А" тобындағы    | "Б" тобындағы  |"А" тобындағы|"Б"тобындағы
тығы,м|көлiк құралдары   |көлiк құралдары |көлiк құрал. |көлiк құрал.
      |түсiретiн салмаққа|түсiретiн сал.  |дары түсiре. |дары түсiре.
      |есептелген, жол   |маққа есептел.  |ретiн салмақ |ретiн салмақ
      |төсемi iргелi     |ген, жол төсемi |үшiн         |үшiн
      |типтегi жетiлдi.  |жеңiл және уақыт|             |
      |рiлген I-III      |ша типтегi жетіл|             |
      |категориядағы     |дiрiлген III-V  |             |
      |жолдар үшiн       |категориядағы   |             |
      |                  |жолдар үшiн     |             |
____________________________________________________________________
2,5-  |       10         |        6       |      0,6    | 0,5
нан   |                  |                |             |
астам |                  |                |             |
____________________________________________________________________

      "А" тобындағы автобустар үшiн осы оське түсетiн салмақты II тк-ке дейiн арттыруға рұқсат етiледi, "Б" тобы бойынша 7 тк-ке дейiн, "Б" тобындағы екi осьтi автомобильдер негiзiнде шығарылатын өзi түсiретiн автомобильдер үшiн - 6,5 тк-ке дейiн.
      Қазақстан Республикасындағы ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарында шет мемлекеттерге арнайы рұқсатсыз бiр осьтiде оське түсетiн салмағы 6 тк-ке дейiнгi "Б" тобындағы көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат етiледi.
      2.4. Бiр осьтi көлiк құралдары үшiн 2.3 тармаққа сәйкес жол  төсемiне рұқсат етiлетiн салмақ, қолайсыз ауа райы жағдайында (көктем кезiнде т.б.), сондай-ақ берiктiгi бойынша қолданылып жүрген нормативтiк құжаттардың талабына сай келмейтiн жол төсемдерi, оларды толық бүлiнуден қорғау мақсатында тиiстi жол белгiлерiн орнату арқылы кемiтiлуi мүмкiн. 2.3. Тармақтағы оське түсетiн шектеулi салмақты кемiту үшiн белгiлердi қоюды тиiстi құзыреттi ұйымдардың қорытындысы бойынша шешедi.

                                                       2-кесте

___________________________________________________________________
Жол| Бiр осьтi көлiк     |Ось аралықтарының қашықтығы әртүрлi қос N
   |құралдары үшiн жол   |осьтi көлiк құралдары үшiн жол белгiлерiмен
   |белгiлерiмен         |рұқсат етiлетiн шектеулi салмақ (тк)
   |шектелетiн салмақтар |__________________________________________
   |                     | 1,0 м  | 1,2 м  | 1,4 м | 1,6 м | 2,0 м
___|_____________________|________|________|_______|_______|________
1  |        4            | 6,6    | 7,0    | 7,3   | 7,5   | 7,3
2  |        6            | 9,4    | 9,9    | 10,3  | 10,8  | 11,4
3  |        8            | 12,0   | 12,6   | 13,2  | 13,8  | 14,6
4  |        10           | 14,7   | 15,3   | 15,9  | 16,6  | 17,8
____________________________________________________________________

      2.5. Ось аралықтарының қашықтығы әртүрлi қос осьтi көлiк құралдары үшiн жол төсемiне түсетiн шектеулi салмақты 2-кесте бойынша, 2,3 және 2,4 тармақтарда бiр осьтi көлiк құралдары үшiн жол төсемiне түсетiн шектеулi салмаққа қарай анықтайды.
      2.6. Ось аралықтарының қашықтығы әртүрлi үш осьтi көлiк құралдары үшiн жол төсемiне түсетiн шектеулi салмақты 3-кесте бойынша, 2.3 және 2.4 тармақтарда бiр осьтi көлiк құралдары үшiн жол төсемiне түсетiн шектеулi салмаққа қарай анықтайды. 2.7. Шет мемлекеттердiң көлiк құралдары үшiн 2-шi және 3-кестелерде белгiленген осьтiк шектеулi салмақ шамасын N 2 жолдағы шамадан асырмай қабылдайды.

                                                         3-кесте

____________________________________________________________________
Жол| Бiр осьтi көлiк    |Ось аралықтарының қашықтығы әртүрлi қос N
   |құралдары үшiн жол  |осьтi көлiк құралдары үшiн жол белгiлерiмен
   |белгiлерiмен        |рұқсат етiлетiн шектеулi салмақ,тк
   |шектелетiн салмақтар|тк
   |                    |___________________________________________
   |                    | 1,0 м | 1,2 м | 1,4 м | 1,6 м | 2,0 м
___|____________________|_______|_______|_______|_______|___________
1  |         4          | 9,9   | 10,5  | 10,9  | 11,2  | 11,7
2  |         6          | 13,8  | 14,7  | 15,4  | 16,2  | 17,1
3  |         8          | 17,4  | 18,0  | 18,8  | 20,4  | 21,9
4  |         10         | 21,0  | 21,3  | 22,2  | 24,5  | 26,7
____________________________________________________________________

      2.8. Көп осьтi, көп доңғалақты және доңғалақ қысымы 0,4-тен кем немесе 0,65-тен (МПа) астам көлiк құралдары үшiн жол төсемiнiң шектеулi салмағы 2-шi және 3-кестелер бойынша емес, қолданылып жүрген нормативтiк құжаттар бойынша есептейдi.
      2.9. Жасанды құрылыстарды пайдаланған кезде шектеулi салмақты олардың нақты жүк көтерiмдiлiгiмен анықтайды, ал мұның өзi оның салынған (реконструкцияланған) жылына, жөндеу жұмыстарын дер кезiнде жүргiзуiне және автомобиль колонналарының салмағы мен бiр осьтi (шынжыр табанды немесе доңғалақты) көлiктiң салмағы бойынша нормативтiк құжаттардың талабына байланысты.
      Ақауы жоқ, жүк көтерiмдiлiгiн кемiтетiн жасанды құрылыстардан (көпiрлер, жол өткелдерi, су жiберетiн құбырлар) колонна құрамындағы басқа көлiк құралдарының жылдамдылығын кемiтпей өткiзгенде, көлiк құралдарының шектеулi жалпы массасы мен оське түсетiн салмақты, сол құрылыстарға жобаланған есептiк салмақ схемасы бойынша және 4-кесте бойынша құрылыс аралығының ұзындығына қарай анықтайды. Аралығы әртүрлi көпiрлерде шектеулi жалпы масса мәнiнiң ең азы алынады.
      2.10. Ақауы жоқ, жүк көтерiмдiлiгiн кемiтетiн жасанды құрылыстар үшiн шектеулi жалпы масса мен бiр оське түсетiн нормативтi жекелей салмақты 5-кесте бойынша анықтайды. 2.11. Ақауы бар, жүк көтерiмдiлiгiн кемiтетiн жасанды құрылыстардан колонна құрамында басқа көлiк құралдарының жылдамдығын кемiтпей өткiзгенде шектеулi массасы мен оське түсетiн нормативтiк салмақты жасанды құрылыстың жүк көтерiмдiлiгiн сынау арқылы белгiлейдi.

                                                       4-кесте

____________________________________________________________________
Жасанды құрылысты  |Құрылыс аралы. |Шектеулi      |Оське түсетiн
кезде жалпы        |ғының ұзындығы,|жалпы массасы |жобалаған шектеулi
масса мен салмақтың|м              |т-дан кем емес|салмақ, тк-тен
кем  есептiк схемасы    |               |              |емес
____________________________________________________________________
Н-30               |барлық аралық. |              |
                   |тар үшiн       |     30       | 12
____________________________________________________________________
Н-18               |45-ке дейiн    |     30       | 12
                   |_______________|______________|_________________
                   |45-тен астам   |     23       | 12
____________________________________________________________________
Н-13               |барлық аралық. |              |
                   |тар үшiн       |     17       | 12
____________________________________________________________________
Н-10               |барлық аралық. |              |
                   |тар үшiн       |     13       | 10
____________________________________________________________________

                                                            5-кесте

____________________________________________________________________
Жасанды құрылысты жобалаған |Шектеулi жалпы|Оське түсетiн кезде бiр
осьтiк салмақтың            |массасы, Т-дан|шектеулi салмақ, есептiк
схемасы                     |көп емес      |тк-тен көп емес
____________________________________________________________________
         НК-80              |     80       |        20
         НГ-60              |     60       |        16
         НГ-30              |     30       |        7,5
____________________________________________________________________

      2.12. Жүгi бар және жүксiз көлiк құралдары ауыр салмақты болып саналады, егер: - масса және/немесе осьтерге түсетiн салмақ, сол көлiк құралдары үшiн жасаушы кәсiпорын белгiлеген шамадан асып кетсе;
      - көлiк құралдарының нақтылы осьтiк салмағына немесе 2.11. тармақта жасанды құрылыстардан колонна құрамында басқа көлiк құралдарының жылдамдығын кемiтпей өткiзгенде, көлiк құралдары осiне шектеулi салмағына белгiленгеннен асып кетсе;
      - колонна құрамында басқа көлiк құралдарының жылдамдығын кемiтпей өткiзгенде, жасанды құрылыстар үшiн көлiк құралдарының шектеулi жалпы массасы 2.9. және 2.11 тармақтарда белгiленген көлiк құралдарының жалпы массасынан асып кетсе.
      2.13. Ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарында оське түсетiн салмақ 2.3 - 2.8 тармақтарда шектелгеннен 2 еседен астам асып кетсе немесе жалпы салмағы 5-кестеде көрсетiлген шамадан асып кетсе көлiк құралдарының жүруiне тиым салынады. Жүгi көбейiп кеткен жағдайда жүгiн азайту ұсынылады, ал көлiк құралдары осындай жүгiмен жүретiн болса, онда жүріс маршрутындағы жол төсемдерi мен жасанды құрылыстарды нығайту жөнiнде арнайы шараларды атқарады.

               3. Арнайы рұқсат беру және жүріс маршрутын
                            келiсу тәртiбi

      3.1. Қазақстан Республикасындағы ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарымен iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруi, 1-қосымшада келтiрiлген үлгi бойынша арнайы рұқсатпен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Рұқсатты автомобиль жолдары басқармасының тиiстi органдары бередi.
      Арнайы рұқсат, әдетте, бiр жолғы жүрiске берiледi. Белгiленген маршрут бойынша бiркелкi жүктердi тасымалдағанда арнайы рұқсатты жүктiң белгiлi бiр тобына немесе автомобиль жолдары басқармасының органдары белгiлеген мерзiмге (нақты объектiнiң салыну ұзақтығына, тасымалдау көлемiне т.б.) берiлуi мүмкiн.
      3.2. Арнайы рұқсатты:
      - Қазақстан Республикасында тiркелген iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарына бiрнеше облыстың аумағынан өтетiн республикалық және жергiлiктi жолдарға рұқсатнаманы, сондай-ақ шет мемлекеттердiң iрi габариттi, ауыр салмақты көлiк құралдарына ортақ пайдаланатын барлық автомобиль жолдарына рұқсатнаманы автомобиль жолдары басқармасының республикалық органы бередi;
      - Қазақстан Республикасында тiркелген iрi габариттi, ауыр салмақты көлiк құралдарына облыс шебiндегi республикалық және жергiлiктi автомобиль жолдарына рұқсатнаманы автомобиль жолдары басқармасының облыстық органдары бередi;
      - мемлекеттiк қатыстылығына қарамастан қала шебiндегi iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарына рұқсатнаманы қалалық әкiмшiлiктiң жол-көпiр шаруашылығы бередi.
      3.3. Қазақстан Республикасында тiркелген iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдары "А" тобындағы салмақтан асып кеткен жағдайда, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарында жүрiс маршрутына келiсiлген рұқсатнаманы берудi жүзеге асыратындар:
      - маршрут облыс шебiндегi республикалық жолдардан өткенде - сол облыстың iшкi iстер бөлiмiнiң Жол полициясы бөлiмшелерi;
      - маршрут бiрнеше облыстың республикалық жолдарынан және жергiлiктi жолдарынан өткенде - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментi бередi.
      Шет мемлекеттердiң iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiс маршрутына келiсiлген рұқсатнаманы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы департаментi бередi.
      Жүрiс маршрутын келiсуге тиiстi ұйымдардың қосымша тiзбесiн, осы нұсқаудың 3.4 - 3.5 тармақтарына сәйкес арнайы рұқсат беретiн қала шаруашылығының автомобиль жолдары мен автомобиль-көпiр шаруашылықтары басқармасының органдары көрсетедi.
      3.4. Жолда жүру ережесiнiң талаптарына сәйкес темiр жол жолдарының ара қашықтығына мынадай жағдайда келiсiледi:
      - егер жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралдарының габариттерi енi бойынша 5 м, өтетiн тұстың үстiнен биiктiгi - 4,5 м, ұзындығы бойынша бiр тiркемелi (жартылай тiркемелi) автопойыз үшiн - 20 м, екi және одан көп тiркемелiде - 24 м болса, онда темiр жол жолдарынан кесiп өту бiр деңгейде, немесе жүріс жылдамдығы 8 км/сағаттан аспайды;
      - егер жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралдарының енi 5 м-ден асса, ал өтетiн тұстың үстiнен биiктiгi 4,35 м-ден асса, онда темiр жолдардың астындағы көпiрлерден (жол өткелдерiнен) өту маршруты.
      3.5. Iрi габариттi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдаған кезде, олар сонымен қоса қауiптi болса, онда қауiптi жүктердi автомобиль көлiктерiмен тасымалдаудың қауiпсiздiгi жөнiндегi қосымша нұсқау талаптары орындалуы тиiс.
      3.6. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарынан өтуiне арнайы рұқсатты мынадай тәртiппен ресiмдейдi.
      Автомобил жолдары басқармасының тиiстi органдарына (нұсқаудың 3.2. тармағына сәйкес) тасымалдаудан ең кемi 20 тәулiк бұрын осы нұсқаудың 2-қосымшасында белгiленген формада жүк тасымалдау жөнiнде өтiнiш бередi. Онда жүктi тасымалдауға келiсетiн ұйымға қажеттi жүрiс маршруты туралы барлық мәлiметтер, көлiк құралдарының габариттiк өлшемi мен массасы, тасымалдаудың ұйғарылған мерзiмi, жүрiс маршруты мен басқа да мәлiметтер болуы тиiс.
      Сонымен қоса осы нұсқаудың 7-тарауына сәйкес өтiнiш берушi рұқсат беретiн ұйымның есеп шотына өтiнiшiн қарағанда тиесiлi төлемдi құяды. Осыдан кейiн рұқсат беретiн ұйым оны қарап, көлiк құралының геометриялық параметрлерi мен салмағын тексередi, жол төсемдерi мен жасанды құрылыстардың пайдалану күйiн айқындайды, көлiк құралдарының жол мен жасанды құрылыстардан өту мүмкiндiгi мен жағдайын анықтайды, айналма жол маршруттарын таңдайды, жүргенi үшiн төлем мөлшерiн есептейдi.
      Автомобиль жолдарымен көлiк құралдарын өткiзуге мүмкiн болған жағдайда жол басқармасы органдары нұсқаудың 1-6 тармақтарында көрсетiлгендей арнайы рұқсатты толтырады. Нұсқаудың 3.4 - 3.5 тармақтарында көрсетiлген жағдайлар туындаса, онда рұқсатты тиiстi ведомствоға қосымша келiсуге жiбередi. Егер жүруге мүмкiн болмаса, онда автомобиль жолдары органы өтiнiш бiлдiрушiге дәлелдi себептерiн көрсетiп бас тартады.
      Жол полициясы тасымалдауға арнайы рұқсатты келiскен кезде, жол жағдайын ескере отырып, iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарына Жол полициясының патрульдiк автомобильдерiнiң iлесiп жүруiнiң қажеттiлiгi туралы мәселенi шешедi.
      Мәселе оң шешiлген жағдайда, арнайы рұқсатты берер алдында тапсырыс берген автомобиль жолдары басқармасы органының есеп шотына жүру төлемiн құяды. Өтiнiш берушi жүрiс төлемiн құйғаны туралы хабарланғаннан кейiн ресiмделген арнайы рұқсатын алады.
      3.7. Көлiк құралдарының шектеулi салмақ параметрлерi мен габариттерiнiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы органдары және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң автомобиль жолдары басқармасының органдары жүзеге асырады.
      3.8. Параметрлерi "А" тобындағы көлiктер параметрлерiнен аспайтын және толық массасы 36 т-дан көп емес шет мемлекеттердiң көлiк құралдарында өтуiне Арнайы рұқсат болмаған жағдайда, Көлiк инспекциясының органдары, жол органдарының келiсiмiнсiз-ақ өз жауапкершiлiгiмен оны жедел түрде бере алады.

            4. Ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарында iрi
              габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарын
                           жүргiзу тәртiбi

      4.1. Ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарында iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруiне, әдетте, көлiк жүрiстерi ең аз сағаттарда, елдi мекендерден тысқары - тәулiктiң тек жарық уақытында рұқсат етiледi.
      Тәулiктiң қараңғы елдi мекеннен тысқары, сондай-ақ тәулiктiң жарық уағында көлiк жүрiсi жиiлегенде жол бастаушы автомобильдiң көмегiмен немесе Жол полициясының патрульдiк автомобильдерiнiң iлесуiмен ғана жүруге рұқсат етiледi.
      4.2. Қарбалас жүрiс кезiнде, сондай-ақ жол жағдайы қиындағанда және көлiк жүрiстерi көбейiп, көлiк құралдарының жүруiне қиындық келтiретiн әрi қауiп төндiретiн кездерде жүруге рұқсат етiлмейдi.
      4.3. Жол жағдайын ескере отырып тасымалданатын жүктiң габариттерiне, салмағында және ерекшелiгiне қарай iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының шектеулi жылдамдығын, арнайы рұқсат берер алдында, автомобиль жолдары басқармасының тиiстi органдары белгiлейдi. Көлiктiң ең көп жылдамдығы 50 км/сағаттан аспауы тиiс. Мұндайда Жолда жүру ережесiне сәйкес көлiк құралдарында жылдамдықты шектейтiн айырым белгiсi орнатылуы тиiс.
      4.4. Тасымалдауға рұқсатты келiскен кезде осы нұсқаудың 4.5 - 4.7 тармақтарына сәйкес iлесiп жүрудiң қажеттiлiгi мен түрiн Жол полициясы белгiлейдi.
      4.5. Iлесiп жүру былайша жүзеге асырылуы мүмкiн:
      - жол бастаушы автомобильмен, сондай-ақ жүктi тасымалдайтын, немесе жүктi жiберетiн ұйымдар бөлген тарататын немесе итеретiн құралдармен (тасымалданатын жүктiң түрiне және жол жағдайына қарай);
      - Жол полициясының патрульдiк автомобильдерiмен.
      Жол полициясы органдары сонымен қоса тасымалдаушыларға немесе жүк жөнелтушiлерге iлесiп жүретiн адамдардың қажеттiгiн белгiлейдi.
      4.6. Жүгi бар көлiк құралдарының енi 3,5 м-ден асқанда немесе ұзындығы 24 м-ден астам болғанда, сондай-ақ көлiк құралдары жасанды құрылыстармен жүргенде түсетiн салмақ 5-кестеде көрсетiлген жеке жүктердiң нормативтiк салмағынан асып кеткенде жол бастаушы автомобильдiң iлесуi мiндеттi болып саналады. Жол бастаушы автомобильдiң жүру тәртiбiн және басқадай жүруге қатысушыларға жүрудi жүзеге асыру туралы хабарлау әдiсiн автомобиль жолдары басқармасының тиiстi органдары 5-тармақтағы жүруге арнайы рұқсат беретiн бланкiнiң "Жүрудiң ерекше жағдайлары" бойынша көрсетедi.
      4.7. Жол полициясының патрульдiк автомобилiнiң iлесiп жүруi мынадай жағдайда мiндеттi:
      - көлiк құралының енi 4,0 м-ден асқанда;
      - автопойыздың ұзындығы 30 м-ден асқанда;
      - көлiк құралдары жүрген кезде қарсы жүрiс жолағын сәл де болса басып жүруге мәжбүр болғанда;
      - жүру барысында жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жолда жүрудi реттеудiң қосымша шараларын қамту қажет болғанда.
      4.8. Жол бастаушы автомобиль iлестiрiп жүретiн көлiк құралдарының алдында 10-20 м қашықтықта жүруi тиiс. Мұндайда жол бастаушы автомобиль iлестiрiп жүретiн көлiк құралдарының сол жағына шығыңқырап жүредi, яғни жол бастаушы автомобильдiң ендiк габаритi iлесiп жатқан жүгi бар көлiк құралының габаритiнен шығып тұруы тиiс.
      4.9. Жол полициясының патрульдiк автомобилiнiң iлесiп жүруi де, жол бастаушы автомобильдегiдей тәртiппен жүзеге асырылады. Көлiк құралдарын iлестiрiп жүргенде патрульдiк автомобиль авариялық жағдайды болдырмас үшiн көшелер мен жол қиылыстарындағы жүрiстердi дер кезiнде жабуы тиiс.
      4.10. Жол полициясының iлесiп жүретiн патрульдiк автомобилiнде жарқырауық шамы жанып тұруы тиiс. Жол бастаушы автомобильге сары түстi жарқырауық шам орнатылады, оны жағу басқа жүргiншiлерге ескертудiң қосымша құралы болып саналады, әрi жүруде басымдылық құқын бермейдi. Жол полициясының патрульдiк автомобильдерiнде, жол бастаушы автомобильдерде және жүк таситын көлiк құралдарында күндiзгi уақытта жақынға түсетiн фара қосылып тұруы тиiс.
      4.11. Белгiленген маршрут бойынша жүрер алдында тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымның арнайы тағайындалған өкiлi көлiк құралдарын қарап шығуы тиiс. Арнайы рұқсат бланкiсiне көлiк құралдарының сәйкестiгi, сондай-ақ жүктiң Жолда жүру ережесi осы нұсқау талаптарына сай бекiтiлгенi туралы мөрмен куәландырылған жазу енгiзiледi.
      Арнайы рұқсат бланкiсi жүргiзушiде немесе көлiк құралдарына iлесiп жүретiн адамда болады. Жүру маршруты жол парақшасында және арнайы рұқсатта көрсетiлуi тиiс.
      4.12. Iрi габариттi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды жүргiзу құқы бар әрi тиiстi категориядағы көлiк құралдарын басқару тәжiрибесi бар жүргiзушiлерге рұқсат етiледi.
      4.13. Жүру барысында iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүргiзушiлерi:
      - қарсы келе жатқанда ешқандай кедергi жасамауға, артта келе жатқан көлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк жасау үшiн ауық-ауық қолайлы тұсқа тоқтатуға мiндеттi.
      4.14. Iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүргiзушiлерiне:
      - 30 км/сағ. және одан астам жылдамдықпен жүрiп келе жатқан көлiк құралдарын басып озуға;
      - басқа көлiк құралдарын тiркеуге алуға;
      - тайғанақта немесе көру қашықтығы 100 м-ден кем болғанда жүруге;
      - жол табанынан тысқары орналасқан арнайы белгiленбеген тұраққа тоқтауға тиым салынады.
      4.15. Тасымалдау жүрiс жолының бекiтiлген маршруты мен графигiне сәйкес қатаң жүзеге асырылуы тиiс. Егер тасымалдау кезiнде бекiтiлген маршрутты өзгерту қажет болған жағдайда, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйым өзгертiлген маршрут бойынша жаңадан арнайы рұқсат алуы тиiс. Оны алғанға дейiн тұрақ пунктiнде жүру тоқталады.

             5. Көпiрлер мен жол өтпелерiнен ауыр салмақты
                 көлiк құралдарын өткiзу ерекшелiктерi

      5.1. Көпiрлер мен жол өтпелерiнен ауыр салмақты көлiк құралдарын өткiзу тәртiбiн ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары басқармасының органдары мен қалалардың жол-көпiр шаруашылықтарына қызмет ететiн ұйымдар, олардың аумағына кiрер кезде анықтайды.
      5.2. Барлық көпiрлер мен жол өтпелерiнiң алдына (бұлар 30 т-дан кем жүкке есептелген немесе өткiзе алады) қаладағы жолды пайдалануға қызмет көрсететiн органдары 3.11 "Массаға шектеу" белгiсiн орнатуға тиiс.
      5.3. Нақты көпiрден (жол өтпесiнен) көлiк құралдарын өткiзу тәртiбi өткiзiлетiн жүк түрiне қарай белгiленедi: бақыланбайтын, массасы бақыланатын, нормадан астам.
      5.4. Бақыланбайтын массалық жүкке осы нұсқаудың 4-кестесiнде және 2.11 тармағында көрсетiлген шектеулi жалпы массадан немесе осьтiк салмақтан аспайтын жүктер жатады. Оларды колонна құрамында басқа көлiк құралдарымен бiрге жылдамдығына шек қойылмай өткiзедi.
      5.5. Бақыланатын массалық жүкке осы нұсқаудың 4-кестесiнде және 2.11. тармағында көрсетiлген шектеулi жалпы массадан жалпы нақты массасы ең кемi 17% асып кеткен және ең көп осьтiк салмақтан ең кемi 1,08 есе асып кеткен жүктер жатады. Көпiрлер мен жол өтпелерiнен осы салмақтағы көлiк құралдары колонна құрамында басқа көлiк құралдарымен бiрге, көлiк құралдарының ара қашықтығын ең кемi 15 м аралықта сақтай отырып, арнайы рұқсатпен өтуi мүмкiн.
      5.6. Жекелей бақыланатын жүктерге осы нұсқаудың 4-кестесiнде және 2.11 тармағында көрсетiлген жалпы массасы және/немесе ең көп осьтiк салмағы шектеулi жалпы массадан 17%-тен аспайтын және/немесе осьтiк салмақтан 1,08 есе аспайтын, бiрақ 5-кесте бойынша жекелей жүктердiң нормативтiк мәнiнен аспайтын жүктер жатады.
      Ақауы жоқ, жүк көтерiмдiлiгiн кемiтетiн барлық көпiрлер мен жол өтпелерiнен осындай жүгi бар көлiк құралдары тиiстi келiсiмнен кейiн мынадай жағдайларды сақтағанда өткiзiлуi мүмкiн:
      - көпiр мен жол өтпесiнен жүргенде басқа көлiк құралдары болмауы тиiс;
      - көлiк құралдары жүрiс бөлiгiнiң осiн қатаң сақтай отырып, 10 км/сағ, жылдамдықтан асырмай жүруi тиiс;
      - жүктi тасымалдаушы ұйым өкiлдерiнiң, жолды пайдалану органдарының немесе Жол полициясының бақылауымен жүрiстi жүзеге асырады.
      5.7. Нормадан астам жүктерге жалпы массасы 5-кестедегi жекелей нормативтiк жүк мәнiнен асып кеткендерi жатады. Мұндай жүгi бар көлiк құралдарын өткiзу тек жасанды құрылыстардың бекемдiгiн арттыру жөнiнде арнайы шаралар қолданғаннан кейiн және де тек ерекше жағдайда (басқа маршрутпен айналып өтуге мүмкiндiк болмағанда) жүзеге асырылады. Жасанды құрылыстарды тексеру, жобасын жасау және жасанды құрылыстардың бекемдiгiн арттыру жөнiндегi жұмыс шараларының төлемiн жүк тасымалдаушылардың қаражаты есебiнен жеке смета бойынша жүзеге асырады.

         6. Көлiк құралдарының техникалық күйiне, жабдықтарына
                   талаптар және жүктердi белгiлеу

      6.1. Iрi габариттi жүктердi тасымалдауға пайдаланатын көлiк құралдарының барлық ұстататын тетiктерi мен құрылғылары қармауыштары, сүйеу, тiренiштерi жылжымалы немесе жиналмалы болуы тиiс, олар жүк болмаған кезде көлiк құралының габариттерiнен сорайып шығып тұрмауы тиiс.
      6.2. Iрi габариттi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының техникалық күйi Жолда жүру ережелерiнiң, осы нұсқаудың, автомобиль көлiгiнiң жылжымалы құрамын техникалық пайдаланудың және жасаушы зауыт нұсқауының талаптарына сай келуi тиiс.
      6.3. Тiркемелi (жартылай тiркемелi) автомобиль-тягач құрамындағы автопойыз жүрген кезде автомобиль-тягачтан тiркеменiң екi жаққа көлденең тербелiсiнiң ("шайқалуының") шамасы оның габариттiк енiнен 3%-тен астам ауытқымауы тиiс.
      6.4. Автопойыздың тежеуiш жүйесi автомобиль-тягачтың тежеуiш педалы арқылы жұмыс iстеуi әрi тежеуiш күшiнiң оның буындары аралығына тең бөлiнуiн қамтамасыз етуi, сол арқылы тежелген кезде автопойыздың "бүктелiп" қалмауын болдырмауы тиiс.
      6.5. Автомобиль-тягач арнайы құрылғымен жабдықталуы тиiс, мұның өзi автомобиль-тягач аралығындағы және оның тiркемесiндегi немесе жартылай тiркемесiндегi байланыстыру жүйесi үзiлген жағдайда автомобиль-тягачты жұмыстық немесе авариялық тежеуiшпен тоқтатуға мүмкiндiк бередi.
      6.6. Тiркемелер (жартылай тiркемелер) тұру тежеуiшiмен жабдықталуы тиiс, мұның өзi көлiк құралынан жүгi бар жартылай тiркеме немесе тiркеме ажыратылған кезде, 16% еңiстiкте, тiркеменiң (жартылай тiркеменiң) барлық доңғалағында iске қосылатын жұмыстық тежеуiшпен сенiмдi тоқтатуды қамтамасыз етедi. Тiркемелер (жартылай тiркемелер) тягачтың байланыстыру жүйесiнен үзiлген жағдайда да автоматты тоқтатуды қамтамасыз ететiн құрылғы болуы тиiс.
      6.7. Ауыр салмақты жүктердi тасымалдаған кезде автопойыздың әрбiр жағындағы әрбiр буынында ең кемi екi тежеуiш сына ("башмактар") болуы тиiс, мұның өзi еңiсте амалсыз аялдаған жағдайда доңғалақтарды қосымша тоқтатуға мүмкiндiк бередi.
      6.8. Автомобиль кабинасы арт жағын көретiн ең кемi сыртқы екi айнамен жабдықталуы тиiс, олар кабинаның сол және оң жақтарына орнатылады, әрi мұның өзi тиеп келе жатқан жүктi тұтастай габаритiмен бақылауды қамтамасыз етедi. Арт жақты көрсететiн айналардың автомобиль осiне параллель бағытта алға және артқа жылжып тұруын (жылжыту күшi 20-25 кгс) қамтамасыз ететiн құрылғысы болуы тиiс.
      6.9. Жолда жүру ережелерiнiң талабына сәйкес ұзындығы 6 м-ден астам көлiк құралында, сондай-ақ артылатын (седальный) тягачтарда бүйiрлiк бұрылысты қайталап көрсеткiштер болуы тиiс.
      6.10. Көлiк құралдарында (тягачтарда) кабинаның орта тұсында автопойыздың айырым белгiсi - қызғылт түстi үш фонарь қойылады, оларды 150-300 мм аралықта кабинаға қатарластырып орнатады.
      Автопойыздың айырым белгiлерi сары түстi, жан-жағы бiрдей (әр жағы 250 мм) үшбұрыш түрiнде белгiленiп, iштен жарық бередi.
      6.11. Тiркеме мен жартылай тiркеменiң арт жақ тұсына жарық қайтаратын қызыл түстi екi құрал орнатылады, олардың әрқайсысының жан-жағы тең бұрышты (әр жағы 150-ден 200 мм-ге дейiн), бұлардың төбесi жоғары қаратылып, сыртқы габариттiң енi бойынша 0,4 м аралықтан асырмай орнатады. Тiркеменiң немесе жартылай тiркеменiң алдыңғы кенересiне жарық қайтаратын ақ түстi екi құрал болуы тиiс, олар дөңгелек формалы, диаметрi 0,2 м-ге дейiн, бұларды сыртқы габариттен енi бойынша 0,15 м аралықтан асырмай орнатады.
      6.12. Көлiк құралы габаритiнiң алдыңғы және артқы жағынан 1 м-ден астам немесе енi бойынша - алдыңғы немесе артқы габариттiк жарықтың сыртқы жиегiнен 0,4 м-ден астам шығып тұратын жүкте, алдыңғы және артқы тұстарын: сигналдық қалқандармен немесе мөлшерi 400х400 мм жалаушалармен белгiлейдi (диагоналы бойынша қызыл және ақ түстермен алмастырған, енi 50 мм жолақтар қалқанның немесе жалаушаның екi жағына), сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уағында және жөндi көрiнбейтiн жағдайда - жарық қайтарғыш құралдармен немесе алдынан ақ түстi, бүйiрiнен қызғылт түстi, артынан қызыл түстi фонарлармен белгiлейдi. Жолда жүру ережесiнде белгiленген габарит параметрлерi ұзындығы мен енi бойынша асып кететiн барлық көлiк құралдары осындай әдiспен белгiленуi тиiс.
      6.13. Тасымалданатын жүктiң биiктiгi жүретiн бөлiктен 4,5 м асып кетсе, көлiктiң алдында жүретiн жол бастаушы автомобильге бiр не екi габариттiк штанга орнатылып, оның ұшына қараңғы не жөндi көрiнбейтiн уақытта жарық түсiретiн сары түстi сигнал шамдары қойылады. Шамдардың биiктiгi жүк габаритiнiң жоғарғы нүктесiнен 5-10 см асуы, негiзгi тягачты жүргiзушiге көрiнiп тұруы тиiс.
      6.14. Автопойыздың ұзындығы 24 м-ден асса, Жолда жүру ережесiне сәйкес, көлiктiң артқы бортына бекiтiлген арнайы қалқанға мынадай параметрлерде айырым белгiлерi орнатылады: ұзындығы 1200 мм, биiктiгi - 300 мм, белгi түсi - сары, жиегi қызыл, жарық қайтарғыш материалдың енi 40 мм.
      6.15. Көлiк құралдарының биiктiгi 4,0 м-ден асқанда тасымалдау маршрутындағы өтпе жолдардың, басқадай жасанды құрылыстар мен коммуникациялардың астынан өтерде жүк тасымалдаушы әуелi олардың биiктiгiн өлшеп алуы тиiс.

                                                   1-Қосымша

Арнайы рұқсат           Қазақстан Республикасының жолдарымен жүретiн
                        ауыр салмақты және iрi габариттi көлiк
                        құралдарының 1 (бiр) N рет өтуi үшiн

Көлiк құралдарының жүруi __________________________________________
                              (марка, модель, нөмiрлiк белгi)

_____________________________маршрут бойынша_______________________
                                              (маршрут өтетiн елдi
___________________________________________________________________
                  мекендердiң аты)

1. Параметрлерi мен салмағы:
а) габариттiк өлшемi, м: ұзындығы ______;енi______;биiктiгi____;
б) осьтер мен доңғалақтардың орналасу схемасы, олардың аралығы,
м_________________________;
в) жүгiмен бұрылуының ең аз радиусы, м_____________;
г) жалпы нақты массасы _____________т, соның iшiнде жүгi _______т;
д) оське түсетiн салмақ N, тк:
___________________________________________________________________
     1  |     2    |    3  |   4  |   5  |   6  |   7  | 8 | 9 | 10
___________________________________________________________________
________|__________|_______|______|______|______|______|___|___|___

2. Нұсқаудың 4,5 тармағына сәйкес iлесiп жүруге бөлiнген көлiк құралы:
___________________________________________________________________
                 (марка, модель, нөмiрлiк белгi)

3. Жүктi тасымалдаушы ұйымның аты, мекен-жайы, телефоны
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

4. Жүруге рұқсат етiледi __________________________________________
                          (күнi, айы, жылы)
_____________сағаттан ____________сағатқа дейiн, жылдамдығы жолдарда
___________км/сағ.; көпiрлерде ____________10 км/сағ. асырмай.
___________________________________________________________________
                          (мекен-жайы көрсетiлсiн)

5. Жүрудiң ерекше жағдайы _________________________________________
                          (Iлесушi автомобильдiң жүру тәртiбi,
___________________________________________________________________
   басқа жүргiншiге тасымалдау, жүктiң түрi, оны көпiрден өткiзу
___________________________________________________________________
                 тәртiбi т.б. туралы көрсету)
___________________________________________________________________
...................................................................
____________________________
|"АРНАЙЫ РҰҚСАТ" ТҮБIРТЕГI |
|__________________________| ______________________________________
                             ______________________________________
                             ______________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
көлiк құралының маркасы, моделi, нөмiрлiк белгiсi, параметрлерi,
маршрут нөмiрi, бастапқы және соңғы пункттер, жол ұзақтығы, км

6. Рұқсат берiлдi:____________________________________________
___________________________________________________________________
(ұйым, рұқсат берушiнiң аты-жөнi, мөрмен куәландырылған қолы, уақыты)
___________________________________________________________________

7. Рұқсатқа қосымша келiскен ұйымдар _________________________
___________________________________________________________________
(ұйым, рұқсат берушiнiң аты-жөнi, мөрмен куәландырылған қолы, уақыты)
___________________________________________________________________
(ұйым, рұқсат берушiнiң аты-жөнi, мөрмен куәландырылған қолы, уақыты)

8. IIМ Жол полициясының лауазымды адамы ______________________
___________________________________________________________________
         (аты-жөнi, мөрмен куәландырылған қолы, уақыты)

9. Төлем сомасы ___________________________________________________
                (аты-жөнi, мөрмен куәландырылған қолы, уақыты)

10. Iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарын өткiзу
жөнiндегi негiзгi ережелермен және талаптармен таныстым:
Негiзгi тягачтың жүргiзушiсi ______________________________________
                                    (аты-жөнi, қолы)
Жүкке iлесiп жүрген адам __________________________________________
                                    (аты-жөнi, қолы)

11. Тасымалдауға жауапты ұйым өкiлi көлiк құралдарын қарады және
Жолда жүру ережелерiнiң, Iрi габариттi, ауыр салмақты көлiк
құралдарын өткiзу жөнiндегi нұсқау талаптарына сәйкес келедi
___________________________________________________________________
(ұйым, қызметi, аты-жөнi, мөрмен куәландырылған қолы, уақыты)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________




      
...................................................................
___________________________
|"АРНАЙЫ РҰҚСАТ" ТҮБIРТЕГI| iрi габариттi немесе ауыр
|_________________________| салмақты көлiк құралдарының өтуi үшiн
Төлем сомасы _________________________________________________
                                (жазбаша)
Жүргiзушi ____________________________________________________
                            (аты-жөнi, қолы)
Рұқсат берген ұйым өкiлi _____________________________________
__________________________________________________________________
  (ұйым, қызметi, аты-жөнi, мөрмен куәландырылған қолы, уақыты)

                                                2-Қосымша

      Iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарына рұқсат
                           алу үшiн
                            ӨТIНIШ

Жүктi тасымалдаушы ұйымның аты, мекен-жайы, есеп шоты, телефоны ___
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жүру маршруты/маршрут өтетiн пункттердi көрсету/___________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жүретiн уақыты, күнi, айы, жылы ___________________________________
___________________________________________________________________
Көлiк құралы мен тiркеменiң маркасы, моделi, нөмiрлiк белгiсi______
___________________________________________________________________
Көлiк құралының параметрлерi мен салмағы: ұзындығы ________м, енi
________м, биiктiгi (жүрiс бөлiгiнен)_____м.
Жүгiмен ең аз айналу радиусы _____________м.
Осьтерi мен доңғалақтарының орналасу схемасы, олардың ара қашықтығы,
м:

              1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 т.б. салмақ, тк
Оське түсетiн - - - - - - - - - -

Көлiк құралының жалпы нақты массасы _______________________________
Жүктiң аты және массасы ___________________________________________
Iлесiп жүру түрi __________________________________________________
___________________________________________________________________
Негiзгi тягачты жүргiзушiнiң аты-жөнi _____________________________
Жүкке iлесiп жүретiн адамның аты-жөнi _____________________________
Тапсырыс берген жүк тасымалдаушының қызметi, аты-жөнi _____________
___________________________________________________________________
Тапсырысты берген күнi, айы, жылы _________________________________

      
                                                 М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады